Әлеуметтік процесс



Жоспар
I.Кіріспе.
II.Негізгі бөлім.
1.Әлеуметтік процесс ұғымы.
2.Әлеуметтік процесс түрлері.
III.Қорытынды.
IV.Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе
Әлеуметтану — қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым. Әлеуметтану фактілерді, үдерістерді, қатынастарды, жеке тұлғалардың, әлеуметтану топтардың қызметін, олардың рөлін, мәртебесі мен әлеуметтану мінез-құлқын, олардың ұйымдарының институты. Әлеуметтік фактыларды ғылыми бақылау мен топтастырып жіктеудің алғашқы әрекеттері біз үшін Платонның "Республикасы" мен "Заңдарында" және Аристотельдің "Саясатында" сақталып қалды, бірақ олардың бәрі тек алғашқы талпыныстар болған еді. Алайда, осынау шығармаларда тұтас алғанда коғам азаматтық қауымға немесе мемлекетке ұйымдасу ретінде қарастырылады, ал Рим империясы заманында, орта ғасырларда және Ағартушылық ғасырларында әлеуметтік құбылыстарды барлық ғылыми зерттеулер тым үзік-үзік болды. Бұл зерттеулердің кейбіреулері экономикалық, енді біреулері - заңгерлік, үшіншілері - шіркеулік, төртіншілері - саяси сипатта болды. Ешкім де ассоциация мен әлеуметік ұйымды толық күйінде сипаттауға талпынған жоқ; ешкім де нақты өмір тұтастығын түсінуге бас қатырған жоқ. Тек ағымдағы ғасырда ғана ғылыми әдістер бұл ауқымды міндетті шешуге жүйелі қолданыла бастады, және де ол қолданылғанан кейін зерттеуде басқа салаларындағы секілді, қоғамды зерттеуде, ол әдістер өзін білімнің ортақ жиынтығына елеулі үлесімен молынан марапаттады. Қазіргі кезде біздің қолымызда әлеуметтік қатынастар жөнінде сыннан өткен және ой елегінен өткен, тез ұлғайып келе жатқан білім қоры бар. Енді біздің қолымызда тұтас күйінде қарастырылған қоғамды суреттеу және түсіндіру деп анықтама беруге болатын әлеуметтану бар деп кесіп айту тым қауіпті емес. Ол әлеуметтік құбылыстар туралы ортақ ғылым.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Әлеуметтік процесс дегеніміз - кез-келген бір әлеуметтік құбылыстың белгілі бір мерзім ішіндегі дамуы. Әлеуметтік жүйенің интеграциясы мен дезинтеграциясы, топтардың тұтасталуы мен дағдарыстарға ұшырауы, эмиграция мен иммиграция; еңбекпен қамтылуы мен жұмыссыздық, тіпті ұйымдардағы мамандардың сақталуы мен тұрақтанбауы да әлеуметтік процестердің қатарына жатады. Ал, қоғамдағы өзара тығыз байланыстағы әлеуметтік өзгерістер қоғамның жай-күйін өзгертеді, оны жаңа сатыға көтереді немесе керісінше, түсіреді. Былайша айтқанда, зерттеу нысанының белгілі бір уақыт ішіндегі кез-келген қозғалысы, өзгерісі, эволюциясы, оның сандық және сапалық, түр өзгерісі - осының бәрі әлеуметтік процесс болса, оның халықтану саласындағы нәтижелерін зерттеу тарихи демографияның еншісіне тиесілі.Бірнеше ғылымның қиылысында тұрған тарихи демография ғылымы үшін қазіргі кезеңдегі әлеуметтік құбылыстармен тығыз байланыста өрбудегі халықтың ұлттық, әлеуметтік, мамандықты-біліми, кәсіби, демографиялық көрсеткіштердегі өзгерістерін, олардың өзара байланысын, эволюциясы мен нәтижесін зерттеу теориялық және тәжірибелік тұрғыдан алғанда қажет және әлі зерттелмегеніне орай өзекті болып табылады.Әлеуметтік процестерді туындататын әлеуметтік өзгерістер қоғамның барлық саласын қамтиды. Сондықтан, олардың ішіндегі қоғамның әлеуметтік құрылымындағы өзгерістердің (әлеуметтік жіктеліс, әлеуметтік және мамандықты бейімделудің) сандық және сапалық көрсеткіштері мен қалыптасқан немесе қалыптасудағы тарихы алдағы зерттеу тақырыптарының бірі болатынына күмән жоқ. Себебі, тарихи демографияның қарастыратын мәселелерінің қатарына адамдардың әлеуметтік жағдайына, мамандықты, таптық белгілеріне қарай бөлінуі мен қоғамның әлеуметтік құрылымының қай бөлігіне жататындығына байланысты өзгешеліктерді зерттеу де жатады.

Кеңестік дәуірдегі көші-қон толқындары Қазақстан халқының ұлттық құрамына күшті әсер етіп, олардың үлестік ара салмағын күрделі түрде өзгертіп жіберсе, оның әлеуметтік құрылым динамикасындағы орны мен рөлін және олардың даму заңдылықтарын анықтау мәселесі өзектілігін жойған жоқ. Ал, Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік процестердің халықтану саласындағы барысы тіпті де қарастырылмады деп айтуға болады. Жалпы, өзекті мәселелер жеткілікті. Мен соның ішінде, арнайы зерттеу нысаны ретінде алуға болатын өзекті мәселенің бірі - тәуелсіз Қазақстан халқының әлеуметтік-демографиялық дамуы тақырыбына тоқталайын.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстандағы трансформациялық процестер қоғамдағы саяси, экономикалық, әлеуметтік және өзге де қатынастарды жаңа арнаға салды. Республикадағы әлеуметтік құрылымның қалыптасу эволюциясында екі процесті бөліп алуға болады: 1. Инновацияның қалыптасу процесі (жаңа әлеуметтік құрылымның тууы, қалыптасуы, оның жаңа сапалық қасиеттерінің бекуі); 2. Инновацияны таңдау процесі (бұл бір топтардың сақталуы мен екіншілерінің жойылуы). Мұндай сапалық өзгерістердің қазақстандық қоғамдағы түрлі таптар, топтар мен әлеуметтік қабаттардың түбегейлі мүдделерімен тоқайласатын тұстары өте көп: меншік қатынастары мен еңбекті ұйымдастырудың нарықтық жолға түсуі, әлеуметтік қабаттарға жіктелуде жаңа элементтердің туындауы және т.б. Қоғамдағы осындай түбегейлі әлеуметтік-экономикалық процестердің бірі - Қазақстан халқының экономикалық жағынан белсенді әрі анағұрлым басым бөлігі ретінде орнығатын орта таптың қалыптасуымен де тығыз байланысты.Республикадағы әлеуметтік саланың трансформациялануын, жалпы алғанда, стратификация жүйесіндегі жаңа қабаттардың (бір жағынан, ірі және орташа меншік иелері болып табылатын жаңалар, екінші жағында - әлеуметтік қамсыздандырылмаған және нарықтық сұранысқа сай келмейтін топтар) туындауы мен олардың қалыптасқан мәртебелік-рөлдік қызметтерге бейімделуі, әлеуметтік және жеке тұрғыдағы жаңаша бағдарға икемделуі ерекшелейді. Әлеуметтік құрылымда жүріп жатқан өзгерістердің тәуелсіз Қазақстанның экономикалық даму ерекшелігі болып табылатын нарықтық қатынастар тудыратын процестерге тығыз байланысты. Сондай-ақ, еліміздегі экономикалық, әлеуметтік қатынастардың бос жерде қалыптасып жатпағаны тағы да белгілі. Олай болса, қоғамдық дамудың әлеуметтік саласын қамтитын өзгерістерге Кеңес дәуіріндегі қоғамның әлеуметтік құрылымында өткен ғасырдың ортасында жүрген өзгерістердің байланысы бар ма, жоқ па ? - деген сұрақтарға да жауап іздеген жөн.Кеңес билігі жылдарында барлық Кеңес Одағы үшін екі таптан (жұмысшы және шаруа-колхозшылар) және интеллигенция қабатынан құралған біртекті әлеуметтік құрылым қалыптасты. 1989 ж. тұрғылықты халықтың әлеуметтік құрамы келесі түрде болды: жұмысшылар - 63,0 %, қызметкерлер - 32,3 %, колхозшылар - 4,6 %, жеке еңбек қызметімен айналысатын тұлғалар, табыну қызметшілері мен әлеуметтік топтарын көрсетпеген тұлғалар - 0,1 %. Қазақстан Республикасының егемендігі жағдайында қоғам дамуының негізгі салаларында елдің қазіргі кезеңін ғана емес, болашағын да ұзақ мерзімге белгілеген терең, шын мәнінде тарихи әлеуметтік-экономикалық, саяси және демографиялық өзгерістер болды.Қазақстанның әлеуметтік құрылымының нарықтық қатынасқа көшу жағдайындағы түп-тамырымен өзгеруінің негізгі себебі меншік нысандарының өндіріс құралдарына ауысуы болды - біртекті социалистік (мемлекеттік және колхоз-кооперативтік) меншіктің орнына меншіктің көп түрлілігі келді. Әртүрлі меншіктегі кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметінің негізгі құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлары мен кепілдігін анықтайтын, еркіндігін қамтамасыз ететін алғашқы заң 1990 ж. 11 желтоқсанда, тәуелсіздік жарияланғанға дейін қабылданған Қазақ КСР-ның Қазақ КСР шаруашылық әрекетінің еркіндігі және кәсіпкерлік туралы заңы* болды. Осы заңда Қазақ КСР-де кәсіпкерлік қолданыстағы заң шеңберіндегі бастамашыл, щаруашылық және өзінің жекеменшік, несиеге алған және басқа да мүлік пен қаржы есебінен кәсіпкерлік әрекетке қатысушылардың өзара тиімді нәтижеге жетуі мен табыс табуы делінген. Осы заңның 2 бабында республикадағы кәсіпкерлікпен айналысатын субьектілері (бұдан ары қарай кәсіпкерлер) бола алатындар - Қазақ КСР мен өзге одақтас республикалардың заңды тұлғалары, сондай-ақ, орнатылған заң тәртібінде құқықтық қабілеті шектелмеген шетел азаматтары деп көрсетілді . Осы заң жаңа страталардың қалыптасуының мемлекеттік саясатының негізін қалады. Келесі құқықтық акт 1992 ж. 4 шілдесінде Жеке кәсіпкерлікті қорғау мен қолдау туралы заң болды. Республикада мемлекеттік, бұрынғы социалистік, меншіктен басқа меншіктің жеке және шетелдік сияқты жаңа нысандары пайда болды. Жеке меншіктің үш түрі болды: 1) азаматтардың меншігі; 2) мемлекеттің қатысуымен (шетелдің қатысуынсыз); 3) бірлескен кәсіпорындар (шетелдің қатысуымен). 1991-2000 жж. жекешелендіру процесі жүргізілді. Нарықтық экономиканың мызғымас шарты - жеке меншіктің пайда болуы жекешелендіру жылдам қарқынмен жүрді. Мысалы, 1996 ж. 4056 нысан жекешеленсе, 1997 ж. - 6777, 1998 ж. - 3073, 1999 ж. 2318 нысан жекешелендірілді [3, 196]. Бұның нәтижесін меншік нысандарында қамтылған еңбеккерлер үлесінің арақатынасының өзгерісінен байқайық: 1996 ж. 6518,9 мың еңбекпен қамтылған адамның мемлекеттік меншік нысандарында 36,6%-ы немесе 2386,7 мыңы, жеке меншік нысандарында 47,0%-ы немесе 3066,0 мыңы, шетелдік компаниялардың қатысуынсыз бірлескен меншік нысандарында 14,7%-ы немесе 956,2 мыңы, шетелдіктермен ортақ меншік нысандарында 0,4%-ы немесе 29,0 мыңы, шетелдіктердің иелігіндегі нысандарда 1,2%-ы немесе 81,0 мың адам еңбек етті. Енді осындай көрсеткіштердің 2000 жж. мәліметтеріне келсек, 2002 ж. еңбекпен қамтылғандар 6708,9 мың адамның мемлекеттік меншік нысандарында қызмет ететіндерінің үлесі 25,0%-ға төмендеді. Жеке меншік нысандарында қызмет ететіндер үлесі 72,6%. Аймақтар бойынша бұл көрсеткіштердіің өзгешеліктері анық көрінді. Республика бойынша еңбекпен қамтылу деңгейі Астана, Алматы, қалаларымен бірге Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау және Атырау облыстарында жоғарылау болды. Осы облыстардағы мемлекеттік меншік нысандарда жұмыс істейтіндер үлесі де 32,3%-38,1% аралығында анағұрлым жоғары болды. Бұдан кейінгі жылдардағы меншік нысандарында қамтылғандар үлесінің өсу қарқындылығы жағынан 1 орында шетелдік меншіктерде, сонан соң жеке меншік нысандарында қамтылғандар тұрды .Республика бойынша 2006 ж. 1 қаңтарында мемлекеттік меншіктің үлесіне - 12,1 %, жеке меншіктің үлесіне - 83,1 % (соның ішінде мемлекеттің қатысуымен), шетел қатысуынсыз - 0,46 %, шетел қатысуымен бірлескен кәсіпорындар - 3,8 %, шетел меншігіне - 4,72 % да келді. Енді осы көрсеткіштерді өндіріс салалары бойынша қамтысақ, онда оның үлттық факторды ескере отырғандағы динамикасы тереңдей анықталары сөзсіз. Тау-кен өндірісіндегі мемлекеттік меншіктің құрамы бар болғаны барлығы - 0,27 %-ды құрады, жеке меншіктің үлесі - 92,8 % (соның ішінде мемлекеттің қатысуымен, шетел қатысуынсыз) - 0,66 %, шетел қатысуымен бірлескен кәсіпорындар - 10,26 %, шетел меншігі - 6,92 %-ды құрады. Өңдеу өнеркәсібінде меншік нысандарының басқа ара қатынасы байқалды - мұнда мемлекеттік меншіктің үлесі аздап жоғары болды және 1,84 %-ды құрады, жеке меншіктің үлесі 1 %-ға жоғары - 93,8 %-ды құрады, шетел меншігі бірқатар төмен - 4,36 %-ды құрады. Құрылыста: мемлекеттік меншіктің үлесі 0,5 %-ды құрады, жеке меншіктің үлесі 95,76 %-ды құрады, шетел меншігі 3,72 %-ды құрады, көлік пен байланыста мемлекеттік меншіктің үлесі 1,38 %-ды құрады, жеке меншіктің үлесі 94,23 %-ды құрады, шетел меншігі 4,37 %-ды құрады. Сонымен Қазақстан экономикасының индустриялық салаларында қазіргі кезеңде жеке (92 %-дан 96 %-ға дейін) және шетелдік (3%-дан 7 %-ға дейін) меншік үстем орындарды алып отыр. Мемлекеттік меншіктің үлесіне бар болғаны 0,2 %-дан 2 %-ға дейін ғана келеді.Меншік нысандарының осындай көптүрлілігі негізінде жұмыспен қамтылған тұрғылықты халықтың жаңа әлеуметтік құрылымы туындады. Ресми статистикада халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) стандарттары мен әдістемелік көзқарастары негізінде тұрғылықты халық экономикалық белсенді (жұмыс күші) және экономикалық белсенді емес (пассив) болып бөлінеді. Қазақстанның белсенді халқының (15 жастағы және одан жоғары) экономикасының құрылымыэкономикалық қызметтің барлық түрінде жұмыспен қамтылған және жұмыссыз тұлғалардан құралады. Өз кезегінде жұмыспен қамтылған халық өз мәртебесі бойынша жалдамалы және өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз еткен жұмыскерлер болып жіктеледі. Жалдамалы жұмыскерлер - жалдау шарты бойынша жұмыс істеп жүрген, жалақы, сыйақы, үстемақы, т.б. түріндегі немесе заттай нысандағы ақы алатын жұмысшылар мен қызметкерлер . Өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз еткен жұмыскерлер төрт түрге бөлінеді: тәуелсіз кәсіпкерлік қызметпен айналысатын және жалдамалы жұмыскерлері бар жұмыс беруші-кәсіпорын меншік иелері және дербес жұмыскерлер (дербес жұмыспен қамту негізінде қызметпен айналысады және тұрақты негізде жұмыскерлерді жалдамайды), ақы төленбейтін отбасылық жұмыскерлер - туысқан тұлға басқаратын кәсіпорында (шаруашылықта) ақысыз жұмыс істейтін тұлғалар, сонымен қатар өндірістік кооперативтердің мүшелері (кооператив мүшелері бола отырып, кәсіпкерлік қызметпен айналысады). ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық процесс
Саяси процесстің адам өмірінде алатын орны
Педагогикалық процестің негізгі міндеттері
Эпидемиялық процестің құрамы
Саяси процесс туралы ұғым
Білім-педагогикалық процесс
Жеке тұлғаның әлеуметтік психологиялық адаптациясы
Педагогикалық процестің принциптері
Тұтас педагогика ұғымы
Тәрбие процесі
Пәндер