Әлеуметтік институттар түсінігі. Әлеуметтік институттар негізгі ұғымдары


Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2. 1. Әлеуметтік институттар түсінігі
2. 2 . Институттың дамуы мен қалыптасуы, функциялары.
2. 3. Әлеуметтік институттар негізгі ұғымдары.
2. 4. Әлеуметтік институттардың бес негізгі түрі.
III. Қорытынды.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе
2. 1. Әлеуметтік институттар түсінігі.
Әлеуметтік институт деп көбінесе адамдардың бірлескен қызметінің тарихи қалыптасқан орнықты нысандарын айтады. Институттардың негізігі мақсаты - жеке адамдардың, топтардың және жалпы қоғамның іргелі қажеттіліктерін қанағаттандыру. Олардың сәтті қызмет атқаруы адамдар қауымдастығының өмірін сақтауға мүмкіндік береді, оларды топтар мен қоғамға біріктіреді, олардың өмірін тұрақты етеді. Дәл осы әлеуметтік институттар ұйымдардағы бірлескен корпоративтік қызметті үйлестіреді, әлеуметтік қатынастар сипатын анықтайды және оларды сақтап отырады.
Әрбір институт:
- белгілі бір қызмет аясын;
- белгіленген құқықтар мен міндеттер негізінде қоғамдық, ұйымдық немесе басқару функцияларын орындауға өкілетті адамдар тобын;
- ресми тұлғалар арасындағы қарым-қатынастың ұйымдық нормалары мен принциптерін;
- қойылған міндеттерді шешуге қажетті материалдық құралдарды (қоғамдық ғимараттар, құрал-жабдықтар және т. б. ) қамтиды.
Мысалы, әділет органдары (юстиция) әлеуметтік институт ретінде құқықтық қатынастар мен оларды реттеу саласын білдіреді. Оған жататындар белгілі бір адамдар тобы (прокурорлар, соттар, адвокаттар) ; қабылданған ресми заңдар мен басқа да заңнамалық актілер, сондай-ақ құқықтық өкілетті тұлғалардың мінез-құлықтарының бейресми стандартталған үлгілері (соттың, прокурордың, адвокаттың және т. б. рөлдері) ; мекемелер (прокуратуралар, соттар, тұтқындау орындары және т. б. ) және әділетті қаржыландыруға арналған ел бюджетінен бөлінетін қаражат.
Институт ұғымы көп мағыналы, латын тілінен аударғанда «мекеме» қалыптастыру - адамдардың біріккен қызметін ұйымдастырудың тарихи қалыптасқан тұрғылықты үлгісі.
Әлеуметтік институттар алғашқы қауымдық қоғамнан қазіргі заманға дейінгі кез-келген қоғамда болған.
Адамдардың әлеуметтік өзара байланыстары мен қарым-қатынастары болып табылады.
Әлеуметтік институт нақты тұлғалардың индивидтердің әлеуметтік топтардың әлеуметтік байланысы, өзара әрекеті мен қатынастары негізінде қуралады.
Институттар байланыстар мен тәртіп жүйелерінің жиынтығы болып табылады.
2 . 2. Институттың дамуы мен қалыптасуы, функциялары
және оның түрлері.
Көптеген инстуттардың байланысын талдау өздерінің индивиттерге берілген рольдер жүйесін бір қалыпқа келтіреді.
Сонымен қатар қоғамдық өмірдегі кейбір әлеуметтік институттың басқа институтта отбасы институтына әсер етеді.
Кәсіпорындар өздерінің қызметкерледрің әлеуметтік институттар әрдайым қоғамдағы өзгешеліктерге бейімделеді.
Институттардың функциялары.
Регулятивті
Трансляция
Коммуникативті
Латентті
2. 3. Әлеуметтік институттар негізгі ұғымдары.
Негізгі ұғымдар: әлеуметтік институттар, институционалдану, дифференция, институция, нормалар, әлеуметтендіру.
Әлеуметтік институттар алғашқы қауымдық қоғамнан қазіргі заманға дейінгі кез келген қоғамда болған. Оларсыз қоғам өзін құрайтын адамдарға қатысты өзінің негізгі функцияларын - біріктіру, қорғау, қамтамасыз ету, тұлғаны әлеуметтендіру, рухани және мәдени даму, т. б. орындай алмас еді.
Адамдардың әлеуметтік өзара байланыстары мен қарым-қатынастары мінез-құлықтың жалпы ережелері мен қоғамдық мүддеге және жеке адамдардың мүддесіне қол жеткізудің қалыптасқан, рұқсат етілген тәсілдерінің негізінде құрылады. Ең алғашқы институттардың бірі жыныстық қатынастарды, қандас туыстар мен тайпаластар арасындағы қолдау көрсету мен өзара көмектесуді реттеген, мәдени сабақтастықты, әлеуметтік тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа беру нормаларын баянды еткен отбасы және неке институты болып табылады.
Социологтар "институт” ұғымын құқықтанушылардан бай әлеуметтік мазмұнмен толықтырып алған. Ол базалық социологиялық категориялардың бірі болып табылады, теориялық тұжырымдамаларды құру мен шынайы қоғамдағы әлеуметтік қатынастарды талдауда оны айналып өту мүмкін емес.
Ағылшын социологы Герберт Спенсер әлеуметтік институт терминін алғаш ұсынған ғалым.
Институт ұғымы социологиядағы негізгі тақырыптардың бірі. Сонымен қатар, қоғамда мыңызды қажетті инстиуттар.
Социолгтардың есептеуінше мұндай инстиуттар бесеу:
Отбасы
саяси
экономикалық
білім беру
діни
Г. Спенсер "әлеуметтік институт” терминін алғаш ұсынған адам. Кез келген мекеме (әлеуметтік институт) әлеуметтік әрекеттердің орнықты құрылымы ретінде қалыптасады. Ол институттар қоғам өмірін реттеу мен жайластыру және адамдардың мінез-құлқына ықпал ету ісінде маңызды рөл атқаратынын атап өткен. Ол әлеуметтік институттардың алты түрін сипаттап, талдаған: өнеркәсіптік, кәсіподақтық, саяси, әдет-ғұрыптық, шіркеулік, үй.
Латын тілінен іnstіtutum - орнату, жайластыру деп тәржімаланады. " Институция” термині орнату, қоғамда қалыптасқан әдет-ғұрып, тәртіп дегенді білдіреді. " Институт” ұғымы әдет-ғұрыптар мен тәртіптердің заң немесе мекеме түрінде бекітілуін білдіреді. Әлеуметтік институт әлеуметтік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ететін қоғамдық байланыстар мен қатынастардың кез келген тәртіптелуі, ресмиленуі дегенді білдіреді.
Әлеуметтік құрылғы ретінде институт адам қызметінің әр түрлі салаларын реттейтін ресми және бейресми ережелердің, принциптердің, нормалардың, ұстанымдардың орнықты кешенін білдіреді. Олардың негізінде топтар мен адамдардың қарым-қатынас жасау жүйесіндегі орнын, функцияларын, мінез-құлқын анықтайтын әлеуметтік рөлдер мен мәртебелер жүйесі ұйымдастырылады.
Әлеуметтік институттың жеке адамнан гөрі жоғары сипаты, өзіндік аса қатаң құрылымы бар, жүйелілік сапасы болады. Құндылықтар, үлгілер және нормалар жүйе ретінде жеке адамдардың қандай да бір әлеуметтік қауымдастық шеңберіндегі міндетті мінез-құлықтарын реттеп отырады.
Қоғамдық байланыстар мен қарым-қатынастарды тәртіпке келтіру, ресмилендіру және стандарттау процесі институционалдандыру деп аталады. Қоғамның белгілі бір байланыстардың әлеуметтік ұйымдастыруға қажеттілігін ұғынуы барысында сол қажеттілікті қанағаттандыра алатын әлеуметтік нормалар, ережелер, мәртебелер мен рөлдер бекиді. Әлеуметтік институттың қызмет атқаруына жәрдемдесетін жалпы мақсаттар, топтар және ұйымдар қалыптасады, институттың барлық мүшелерін қамтитын нормалар мен санкцияларды қолдану ресімдері, мәртебелер мен рөлдер жүйелері құрылады.
2. 4. Әлеуметтік институттардың бес негізгі түрі.
Неғұрлым маңызды қажеттіліктерді қамтамасыз ететін әлеуметтік институттардың бес негізгі түрі бар:
- бала туу, өсуі (отбасы және неке институты) ;
- қауіпсіздік және әлеуметтік тәртіп (саяси институттар, мемлекет) ;
- тұрмыстық құрал-жабдықтар өндіру (экономикалық институттар, өндіріс) ;
- білімді беру, өскелең ұрпақты әлеуметтендіру, кадрлар даярлау (білім беру, ғылыми және мәдени институттар) ;
- рухани мәселелер, тіршілік мағынасын шешетін қажеттіліктер (дін институты) .
III. Қорытынды
Қорыта айтқанда, оқу білім ерекше әлеуметтік,
қоғамның оқу, білім құбылыстарын, працестерін жалпы қорыту.
Бұл тұғырда құқық жалпы әлеуметтік бүтіндіктің,
құықтық институтционалдық сипаты оның басқа жақтарынан корсету. Оның ішінде құқықтық нормаларды орындау үшін, әлеуметтану тұрғысынан қарағанда құқықтық әлеуметтік үдеріс. Әлеуметтану тұрғысынан қарағанда құқықтық әлеуметтік үдеріс түрлері бар.
Әлеуметтануда құқықтық алуан түрлі әлеуметтік құбылыс, оның, бұған қоса құқықтық нормалардың қоғамның әртүрлі қағидат жиынтықтары кездеседі.
Бұл қағида әлеуметтануда құқықты зеріттеуге құқықтық әлеуметтік институт болып, қоғамдағы алуан түрлі ой - пікірлер қалыптастырады.
Қоғамдық ой-пікір әлеумет зеріттеушілердің басты назарын аударады.
Отбасының бірінші міндеті-ұрпақ жалғастыру қызметі. Бұл бірақ, отбасының ең маңызды қызметінің бірі-тәрбиелеушілік міндеті болып табылады. Оның негізі баланы өмірге келтіру мен ғана шектелмейді, сонымен қатар, отбасының жақсы әдет-ғұрпы, үлгі-өнегесі, ауызбіршілігі және т. б. жатады. Ерлі-зайптылардың яғни
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz