Қазіргі қолданыстағы тахеометрлердің түрлері. Тахеометрлік түсіріс


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. Тахеометр . . . 4
2. Қазіргі қолданыстағы тахеометрлердің түрлері . . . 5
2. 1. Электронды тахеометр . . . 5
2. 2. Авторедукциялық қос бейнелі қашықтық өлшегішпен жабдықталған тахеометр . . . 6
2. 3. Ішкі базалы тахеометр . . . 6
2. 4. Номограммды тахеометр . . . 6
3. Тахеометрлік түсіріс . . . 8
3. 1. Тахеометриялық түсірісті жүргізу . . . 8
3. 2. Тахеометриялық түсіріс нәтижелерін өңдеу . . . 9
4. Тахеометрлердің шаруашылықта қолданылуы . . . 10
Қорытынды . . . 13
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 14
Кіріспе
Қазіргі таңда геодезиялық өлшеу жұмыстар кезінде бңрнеше аспап түрлері қоданылады. Геодезиялық өлшеулер негізінен үш түрге бөлуге болады:
- сызық - жер бетіндегі нүктелердің арақашықтықтарын анықтау;
- бұрыштық - горизанталь және вертикаль бұрыштардың мәндерін анықтау;
- биіктік - жекелеген нүктелер арасындағы биіктік айырымдарын анықтау.
Ал осы өлшеу түрлері жеке-жеке аспап түрлері керек, мысалы, горизанталь және вертикаль бұрыштарды өлшеу үшін теодолит қолданылса, жекелеген нүктелер арасындағы биіктік айырымдарын анықтау үшін нивелир аспабы пайданылады. Бірақ геодезиялық аспатың тағы бір түрі - тахеометр, осы жұмыстардың барлығын тез, әрі шапшаң орындай алады. Міне, мен осы жұмыста тахеометр және оның қазіргі заманауи түрлері, сонымен қатар тахеометрлік түсіріс жұмыстарына тоқталатын боламын.
Негізгі әдебиет ретінде Нұрпейісова М. Б. «Геодезия» оқу құралын және тағы басқа бірнеше оқу құралдарын пайдаландым.
Тахеометр
Тахеометр (грек. tachyc, tacheos - шапшаң және …метр) - тахеометрлік түсіру кезінде қолданылатын геодезиялық аспап. Тахеометр арқылы белгілі бір нүктенің (пикеттің) бақылаушы тұрған (прибор орналасқан) нүктемен салыстырғандағы горизонталь және вертикаль бұрыштары, қашықтығы және өсімшесі (h) анықталады. Тахеометрлер дөңгелектік, номограммалық, авторедукциялық және ішкі базалық болып ажыратылады.
Қазіргі қолданыстағы тахеометрлердің түрлері
Қазіргі кезде шығарылып жүрген тахеометрлер төрт түрге бөлінеді:
1. Электронды тахеометр - жер бетінде горизонталь бұрышты, горизонталь арақашықтықты және өзара биіктікті өлшеуге арналған топографиялық электрондық - оптикалық аспап. Электрондық тахеометрлерге Та5 (Ресейлік), геодиметр 710 (Щвеция), ЭОТ-2000 (Германия), т. б. жатады. Электронды тахеометр құрылымында кодтық теодолит пен шағын жарық қашықтық өлшеуіш біріктірілген. Көздеу нысанасы ретінде шағын габаритті призмалық шағылдырғышы бар арнайы қада қолданылады. Өлшеу процесі автоматтандырылған. Арақашықтықты, горизонталь және вертикаль бағыттарды өлшеу нәтижелері электрондық цифрлы таблода көрінеді және бір мезгілде ақпаратты жинағышта тіркелуі мүмкін. Перфорациялық тіркеудің мәні - далалық өлшеу аспабының мамандандырылған элекрондық есептеу машинасымен қосылуында, ол дала өлшеулерінің мәліметтері бойынша автоматты түрде жергілікті жердің түсіру жоспарын сызады. Электронды тахеометр арқылы өзара биіктікті анықтаудың, көлбеу қашықтықты горизонталь жазықтыққа келтірудің автоматты түрде атқарылуы, сондай-ақ жарықтың ауада таралуын жылдамдығы үшін түзетудің автоматты түрде есепке алынуы мүмкін. Тахеометр жинағына шағылдырғыштар, штативтер, батарея, зарядтау құрылғысы, аспапты жөндеу және күту жабдықтары кіреді. Түнде жұмыс істеуге арналған жабдығы бар. Цифрлық таблоға берілетін жедел ақпараттың және жадыдағы жинағышқа шығарылуына мүмкіндік бар. Қазіргі таңда электронды тахеометрлердің қолдану саласына, дәлдігіне және орындалатын функциясына байланысты үш топқа бөлуге болады, оларға:
• жәй электронды тахеометр;
• орташа класты электронды тахеометрлер;
• сервожетекпен жабдықталған (роботталған) тахеометрлер.
Жәй электронды тахеометр - бұл аспап дәстүрлі геодезиялық өлшеулерді (арақашықтық, өзара биіктік) орындауға арналған аспаптар. Деректерді ішкі жадыға немесе қосымша жадыға жазады. Мұндай аспаптардың бұрыштық қателігі 5″- 6″, ал арақашықтықтікі 3-5мм құрайды. Бір призма бойынша арақашықтықты өлшеу қашықтығы 1100-1500 метрді құрайды.
Екінші типті электронды тахеометрлерге орташа класты аспаптар жатады (Leica, Nikon, Trimble, SPECTRA, SOKKIA, TОPCON, PENTAX, TRIMBLE/SPECTRA/PRECISION) . Олар барлық геодезиялық жұмыстарды (Геодезиялық тораптарды дамыту, өлшеулер және қағаздан жерге түсіру, координаталау тапсырмаларын шешу: тура және кері геодезиялық есептерді ауданды есептеуді, қиылыстыруды шешу) орындауға қатысты есептеу программасымен қамтылған. Бұл аспаптардың бұрыштық қателігі кластық дәлдіке байланысты 1″-тан 5″ құрап, ал ара қашықтықты 3000 - 7000м-ге дейін, 2мм+2ррм аралықтағы дәлдікте өлшейді. Шағылдырғышсыз 300-700м- ге дейінгі аралықты өлшейді.
Тахеометрлердің үшінші типіне севрожетекпен (сервопривод) қамтылған роботталған тахеометрлерді жатқызуға болады. Жалпы алғанда роботталған технологияларды қолдану іс жүзінде механикалық тахеометрмен салыстырғанда жұмыс нәтижесін 80%-ға арттырады, яғни бір адам ғана жұмыс істейді. Мұндай өлшеу жұмыстары жұмыс өнімділігін, яғни ол еңбек шығымын азайтып, геодезиялық далалық өлшеудегі қателіктерді жояды. Сонымен қатар, камералдық жұмыстарды оңтайлы жүргізіп, нәтижесінде жылдық геодезиялық жұмыстардың көлемін екі есе арттырады. Көптеген аспап жасап шығарушы фирмалар (Automated Tracking System) автоматтандырылған - жүйелерді шығаруда. Олар - жоғары дәлдікті күшті қашықтық өлшеуіш блогы бар, сервожетекті және барлық функциялық программалармен қамтамасыз етілген электронды тахеометрлер. Аспап әр түрлі компьютерлік есептеу программалардың басқаруымен жұмыс істейді. Автоматты көздеудің ұзақтық режімі 12 км. Бұл аспаптар арнайы шағылдырғыштарға өздігімен бағытталып, өлшеулер жүргізе алады. Сонымен қатар бұл аспап қашықтықтан басқарылатын (өлшенетін нүктеден тұрып) арнайы жүйемен қамтылған. Оған Target ID шағылдырғышы жатады, қажетті нысананы ешқандай қиындықсыз тауып, уақытты үнемдейді. Бұл шағылдырғыш тахеометрге өзінің орналасқан жерінен сигнал жіберіп аспаптың тез табуына мүмкіндік береді. Target ID - бұл қадаға орнатылған құрал, Tracker функциясы қажетті призманы тез тауып, ID кодын сәуле арқылы жібереді. Американдық Trimble SPSx10 сериясының тахеометрлері SurеPoint технологиясымен - яғни призмаға бағыттауда автоматты түрде түзету жүйесімен қамтылғын. Бұл технология аспап немесе штативтің теңселуінен болған қателерді түзетеді. Дәлірек айтқанда, аспаптың жұмыс істеу кезіндегі жағдайын бақылайды.
2. Авторедукциялық қос бейнелі қашықтық өлшегішпен жабдықталған (ТД) тахеометр. Оған Германияның “Карл Цейс Иена” фирмасы жасап шығарған Redta-002 тахеометрлі жатады. Бұл тахеометр 2 разрядты полигонометриялық түсірісті жүргізуге арналған. Авторедукциялық, яғни өлшенген көлбеу қашақтықтың автоматты түрде горизонталь проекциясы -d анықталатын Redta-002 тахеометрі қашықтықты 1/5000-ге жуық салыстырмалы қателікпен өлшеуге мүмкіндік береді. Мұнда горизонталь рейка қолданылады. Тахеометр микроскобынан горизонталь, вертикаль көлбеу бұрыш тангенсінің мәндері алынады.
3. Ішкі базалы тахеометр (ТВ) . Бұл тахеометр қос бейнелі базасы бар қашықтық өлшеуішпен жабдықталған. База каретканы жылжыту арқылы өлшеніледі. Осы аспаппен дүрбіні арнайы рейкаға немесе жергілікті затқа тікелей нысаналағанда, горизонталь: ұзындық пен салыстырмалы биіктікті анықтауға болады. Оның өзіне 60 м-ге дейінгі қашықтықтарды рейкамен өлшеуге болады.
Бұдан басқа, қазіргі кезде “Карл Цейс Иена” (ГДР) кәсіпорны жасап шығаратын номограммалы тахеометр де кең қолданылып келеді. Бұл аспап
редукцияланған ара қашықтықты, салыстырмалы биіктікті, горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеуге мүмкіндік береді.
4. Номограммды тахеометр
(ТН) .
Оның көмегімен горизонталь және вертикаль бұрыштарды, арақашықтықтың горизонталь ұзындығы мен салыстырмалы биіктікті өлшеуге болады. Вертикаль дөңгелектің көрінетін бөлігіне, дөңгелек сол жақ бөлігіне, дөңгелек сол жақ бөлігіне (КЛ) болған кезде, номограмма салынған; ол негізгі дөңгелектен қашықтың коэффицентіне
тең салыстырмалы биіктіктің қисық сызықтарынан тұрады.
Тахеометрлер болмағанда, тахеометриялық түсірісті теодолит пен рейканың көмегімен жүргізеді. Мұндай жағдайда әрбір пикеттік нүктеге дейінгі көлбеу арақашықтық - Д қыл жіпті өлшеуіш коэффицентінен
, ұзындықты қисық сызығы мен қашықтық өлшеуішпен, ал биіктік өсімшесін тригонометриялық нивелирлеумен анықтайды.
3. Тахеометрлік түсіріс
Тахеометрлік түсіріс - топографиялық түсірістің бір түрі. Бұл түсірістің нәтижесінде ситуация мен рельеф бейнеленген план алынады. «Тахеометрия» грек тілінен аударғанда тез өлшеймін деген мағынаны білдіреді. Тахеометриялық түcipicтe түсiрiлетiн нүктеде тұpғaн рейканы аспаптың дүрбiсiмен бiр рет нысаналау арқылы осы нүктенің координаталарын, яғни бағытын, ара қашықтығын және салыстырмалы биiктiгiн анықтайды. Демек, тахеометриялық түсірістің мәні аспаптың нысаналау осінің бiр жағдайында вертикаль бұрышты ν, горизонталь бұрышты β және рейкадан қашықтық өлшеуiш жiптерiнiң аралығындағы бөлiктер санын есептеуден тұрады; осы мәлiметтер арқылы нүктенің кеңiстiктегi координаталарын есептеп шығарады. Тахеометриялық түcipicтe жергiлiктi жердiң топографиялық планы түсiрiлетiн нүктелердiң барлық үш координаталарын есептеп шығаруға мүмкiндiк беретiн мәлiметтердi жинайтын далалық жұмыстар мен планды сызу және есептеп шығарулардан тұратын ғылыми өңдеу жұмыстары натижесiнде жасалынады. Тахеометриялық түcipicтi тахеометрлермен немесе теодолиттермен атқарады.
3. 1Тахеометриялық түсірісті жүргізу
Тахеометриялық түсіріс пункттеріне 1, 2, 3, 4 кластық пландық және биіктік торларының пункттері жатады. Әдетте, түсіруге биіктіктері геометриялық не тригонометриялық нивелирлеу тәсілімен анықталған теодолитті жүрістердің пункттері негіз болады.
Жердің рельефі мен заттардың контурларына байланысты негізгі түсіру пункттері арасына тахеометриялық жүріс нүктелері бекітіледі. Тахеометриялық жүрістер түсіру торларын жиілету үшін қажет. Бұл жүрістерде бұрыштар толық есеп алу тәсілімен, ал ара қашықтықтар салыстырмалы қатесі 1:400-ден аспайтын дәлдікте қашықтықтар өлшеішпен тура және кері бағытта немесе қатесі 1:1000-нан аспайтын дәлдікке лентамен өлшенеді. Ал биіктік өсімшелері тригонометриялық нивелирлеу әдісімен анықталады. Түсіру пункттерінің жиілігі планның масштабы мен рельефтің күрделілігіне байланысты 1 км аймақты 1:1000 масштабында түсіру үшін пункттер саны 16, 1:2000-12, 1:5000-4 пункттер саны рельеф ерекшеліктеріне қарай алынады.
Тахеометриялық жүрістегі өлшеу аяқталған соң жердің бедері мен ситуациясы түсіріледі. Теодолит-тахеометр орнатылған станция айналындағы ерекше көзге түсетін рельефтің, контурлардың нүктелері белгіленеді. Түсірілетін бұл нүктелердің барлығына рейка қойылатындықтан, оларды рейкалық нүктелер деп атайды.
Техникалық теодолиттер арқылы тахеометриялық түсіріс белгілі бір тәртіппен жүргізіледі.
1) теодолит нүктеге орнатылып жұмыс бабына келтіріледі. Аспап биіктігі (і) өлшейді, оны рейкаға белгілейді.
2) Теодолиттің вертикаль діңгегі сол жақта КЛ (немесе оң жақты -КП) тұрғанда, лимбтағы есепті нөлге келтіріп, дүрбіні артқы пунктке (1) көздейді, яғни теодолит лимбасын нөл бөлігімен бастапқы бағытқа қаратып бекітеді.
3) Алидаданы босатып, дүрбіні рейкалық нүктелерге көздейді (мысалы 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 т. б. нүктелерге) .
4) Рейканың нүктелерге дейінгі қашықтықтарды, қашықтық өлшеуіш қыл жіптері арқылы станцияларда анықталады.
5) Дүрбінің жетекші бұрандасы арқылы ортадағы қыл жіпті белгіленген аспап биіктігіне көздеп, микроскоппен горизонталь және вертикаль бұрыштың мәндері алынады.
Алынған есептер тахеометриялық түсіру журналына жазылады. Журналдың ескерту графасына түсірілген нүктелердің қай жерде орналасқаны, т. б. мәліметтер жазылады да, және вертикаль бұрыштың мәндері алынады.
6) бұдан кейін лимбты қозғамай, алидада арқылы келесі рейкалық нүктеге қарап, түсіру жұмысын жоғарыдағы тәртіппен қайталай береді. Түсіру кезінде жердің абрисы сызылып отырады. Абриста нүктелердің қай жерде орналасқаны, рельефтің ерекше сызықтары, аспап тұрған және оған көршілес станциялар көрсетіледі.
Нүктелер арасындағы көлбеуліктер стрелка бағытымен белгіленеді, кейін бұл абрис горизонтальдар жүргізіліп, план сызылған кезде пайдаланылады. Станциядағы барлық пикеттік нүктелер түсіріліп болғаннан кейін қайтадан 1- пунктке көздеп, бастапқы нөлдік есепті тексереді. Бастапқы және соңғы есептердің айырмашылығы 2′-тан аспауы керек.
3. 2Тахеометриялық түсіріс нәтижелерін өңдеу
Тахеометриялық түсіріс нәтижелерін өңдеу жұмысы мыналарды қамтиды:
1) далалық журналдарды тексеру;
2) тахеометриялық жүріс нүктелерінің координаталарын (Х, У, Н) есептеу;
3) әр станциядағы рейкалық нүктелерінің биіктіктерін есептеу;
4) жергілікті жердің топографиялық планын салу.
Тахеометриялық жүріс пландық координаталарын анықтау теодолиттік жүрістердегі тәртіппен жүргізіледі. Жүрістің бұрыштық қатесі мына формула арқылы есептеледі:
мұндағы n- жүрістегі өлшенген горизонталь бұрыштар саны. Жүрістің салыстырмалы қатесі мынадан аспауы керек:
мұндағы Р- жүріс периметрі; N- қабырғалар саны.
Биіктік өсімшелерінің қиылыспаушылығы былайша анықталады:
Станциялардың биіктіктері анықталып болғаннан кейін, пикеттік нүктелердің биіктіктерін есептеуге кіріседі (13-кесте) . Пикеттер биіктіктері мына формуламен анықталады:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz