Майлы зығыр дақылының аурулары және қорғау шаралары


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 Әдебиетке шолу
1. 1 Майлы зығыр… . . . . . . ……. …… . . . 4
1. 2 Ботаникалық және морфологиялық сипаттамасы… . . . …… . . . 4
1. 3 Биологиялық ерекшеліктері . . . …. . ……. . 5
1. 4 Өсіру технологиясы…… . . . . . . …… . . . 5
2 Майлы зығыр аурулары… . . . . . . …. … . . . 6
2. 1 Зығырдың фузариозды солуы . . . ……. . 6
2. 2 Тат ауруы . . . ……. . 7
2. 3 Антракноз ауруы . . . ……. . 8
2. 4 Пасмо . . . …. …. . 9
2. 5 Альтернариоз . . . . . . ……. . 9
3 Күресу шаралары . . . 10
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Кіріспе
Зығыр алты мың жылдан астам уақыттан бері белгілі ең көне ауылшаруашылық дақылы болып табылады. Бастапқыда оны көбінесе талшықтар алу үшін пайдаланылған. Майлы зығыр кешірек пайда болды, бірақ қазіргі уақытта оның рөлі маңыздырақ. Зығырдан жоғарғы сапалы техникалық май алынады. Оны көптеген металл өндіретін, электротехникалық және басқа да өнеркәсіпте қолданылады. Кейбір кезде тіпті табиғи түрде оны асқа пайдаланылады. Май өнімінің қалдықтары- бағалы концентрлі жем, құрамында 31-38% -қорытылатын протеин бар. Зығыр сабаны -жоғарғы сапалы қағаз, картон және басқада бұйымдар алу үшін бағалы шикізат болып табылады. Зығыр орны ерекше маңызды агротехникалық дақыл. Ол экологиялық таза болып табылады. Оны өңдеуде химиялық препараттар және тыңайтқыштар минималды түрде қолданылады. Зығыр егiндерi ауыр металлдар және радионуклидтерден босатады. Зақымданған топырақтардан алынған тұқымдарда радиацияның ешбір ізі корінбейді. Зығыр- санитарлы дақыл, олар егілгеннен кейін топырақта минималды мөлшерде инфекциялық аурулар мен зиянкестер қалады. Зығырды iс жүзiнде кез келген дақылдан кейiн егуге және де одан кейiн әр түрлі дақылдарды себуге болады. Ол егiс айналымындағы топырақтың құнарлығын жоғарлататын дақыл болып табылады. Зығыр техникалық дақыл. Қарапайым агротехникалық талаптарды орындағанда ғана жоғарғы экономикалық нәтижеге жетуге болады. Оны өңдеу үшін астық дақылдарында қолданылатын қарапайым техникалар пайдаланылады, яғни жаткалар, сеялкалар және комбайндар.
1 Әдебиетке шолу
Зығыр - бағалы майлы дақыл, оның тұқымынан сапалы кебетін май өндіріледі (35-42%) және оны техникалық, тағамдық мақсаттарға пайдаланады. Техникалық маңызы- сыр, олиф, лак, линолеум өндірісінде қолданылуында. Майлы зығырдың тұқымы мен фармацевтикада да қолданыс тапқан. Май өндірісінің қалдықтары (күнжарасы мен шроты) - бағалы құнарландырылған мал азығы, олардың құрамында 30%-ға таяу белок болады. 1кг күнжарасы 1, 15а. ө. тең. Зығыр өндірісінің қалдығы-кострадан- жиһаз плиталарын, изоляциялық жіптер, шпагат, қағаз ж. б. дайындау шикізаты болып табылады. Зығыр - азиялық және жерортатеңіздік текті біржылдық өсімдік, ертеден өсіріліп келе жатқан дақыл. Дүниежүзілік егістікте майлы зығыр (кудряш) 1, 0млн. га. астам өсіріледі. Үлкен алқаптары Аргентина, АҚШ, Канада, Үнді елдерінде шоғырланған. ТМД елдерінде оның егіс аумағы жыл сайын жер шарындағы егістіктің 10%-на таяу ( 90 мың га) . Құрғақшылыққа төзімділігі мен ерте пісетіндігіне байланысты майлы зығыр негізінен Орал, Батыс Сібір мен Солтүстік Қазақстанның орманды-дала және далалық аудандарында өсіріледі. Солтүстік Қазақстанда 1986-90 жж. Жалпы егістігі 28-29 мың га, оның ішінде барынша үлкен алқаптары (16-17 мың га) Қостанай облысының үлесінде болды. Тұқым өнімі жоғары емес - 1, 2-3, 1 ц/га аралығында.
1. 1 Ботаникалық және морфологиялық сипаттамасы
Көптеген түрлерінің ішінде барынша өндірістік маңызы бар зығыр түрі - мәдени, немесе кәдімгі зығыр (linum usitatissimum) .
Майлы зығыр- біржылдық аласа өсетін (40-50см) өсімдік. Сабағы тік өседі, бұтақты және түксіз. Жапырақтары қарапайым, ланцетті, ұштары үшкірленген, сабақта кезектесіп орналасқан. Гүл шоғыры-борпас шатыр тәрізді шоқгүл. Гүлдері қосжынысты, бестік түрде, күлтеше жапырақтары ақ және күлгін түсті, жемісі - бес ұялы домалақ келген қорапша. Тұқымдары - сопақ, жылтыр, тегіс бетті, қоңыр түсті, 1000 санының массасы 4-6г.
1. 2 Биологиялық ерекшеліктері.
Майлы зығырдың басты ерекшеліктернің бірі - оның жартылай қуаңшылықты далалық және орманды-дала аудандарының жағдайларына бейімділігі. Ол жылуға жоғары талап қояды, әсіресе пісу кезеңінде, тұқымдары ұқымдары 3-4° C- та өне бастайды, көктеуіне оңтайлы температура 12-14°С. Зығырдың егін көгі -3-4°С бозқырауды жеңіл көтереді. Орташа мерзімде пісетін сорттары үшін белсенді температура жиынтығы 1600-1800°С. Майлы зығыр көктеуден гүлденуге дейінгі кезеңде қуаңшылыққа барынша төзімді. Бұл уақытта тамыр жүйесінің өсуі мен топыраққа тереңдей бойлауы жүреді. Майлы зығыр ылғалға орташа талап қояды, транспирациялық коэффициенті 370-430. Ылғалға барынша жоғары талабы гүлдену- тұқымның толысу кезеңінде байқалады. Бұл кезеңдегі ылғал жетімсіздігі өнімді күрт төмендетеді. Майлы зығырға ең жақсысы механикалық құрамы орташа қара және күңгірт қоңыр топырақтар. Сортаң кешенді топырақтар оған жарамсыз. Майлы зығыр өздігінен тозаңданатын өсімдік, алайда төменгі температура мен ауаның төмен салыстырмалы ылғалдылығында гүлдердің бір бөлігі айқас тозаңдануы мүмкін. Зығыр таңғы сағаттарда гүлдейді, жекелеген гүлдер 3-5 сағат бойы гүлдейді, алайда танаптың гүлдеуі 30-40тәулікке дейін созылады. Майлы зығырда мынадай фенологиялық кезеңдер ажыратылады: көктеу - 6-7 тәулік (тұқым жарнақтары жапырақтарының пайда болу кезеңі), қосқұлақ-28-29 тәулік себуден бастап.
Майлы зығырдың Қазақстанда өсіруге рұқсат етілген сорттары: Кустанайский янтарь (Ақмола, Қарағанды, Қостанай, СҚО) ; Исилькульский (СҚО) ; Карабалыкский7т(Ақмола, СҚО) ; Опал (Ақтөбе обл. ) .
1. 3 Өсіру технологиясы
Майлы зығыр алғы дақылға талапты және міндетті түрде жеміс алмастыруда қажетсінеді. аймақ жағдайында ол үшін сүріден кейінгі жаздық бидай, жүгері, дәндә бұршақ дақылдары, бұршақ астық тұқымдастар қоспасы, көпжылдық шөптер қыртысы жақсы алғы дақыл болып табылады. Бұл Солтүстік Қазақстан мен Батыс Сібір ғалымдарының зерттеулерімен дәлелденген.
Топырақ өңдеу жүйесі дәнді дақылдарға ұқсас. Ол топырақты алғы дақылды жинағаннан кейінгі негізгі өңдеуді (сүдігер дайындау), қысқы екі рет қар тоқтату шараларын қарастырады. Көктемде топырақтың беткі қабатын қопсыту (ылғал жабу) және себу алдындағы топырақты тұқым сіңіру тереңдігіне (4-6см) өңдеу жүргізіледі. Қажет болған жағдайда (топырақтың тығыздалып қалуы, арамшөптермен ластануы жоғары болуы) себу алдындағы өңдеу қайталануы мүмкін, әсіресе жеңіл топырақтарда қосымша себу алдындағы тығыздау. Бұл шаралар егіннің жаппай көктеуін қамтамасыз етеді. Аймақта сүдігер дайындағанда немесе себумен қатар фосфор тыңайтқышын (P30) енгізу жақсы нәтиже береді. Себу алдында тұқым құрғақ ауада қыздырылады және дәріленеді (ТМТД, 80%, 2-3кг/т) . Майлы зығырды топырақта тұқымның сіңіру қабатында температура 12-14°C-қа жеткенде - күнтізбелі 15-20 мамыр - сепкен дұрыс. Себу тәсілі- жаппай қатардағы немесе таспалы, себу мөлшері - 6-7млн/га өнгіш тұқым (45-50 кг/га) . Қазақстанның өте қуаңшылықты жағдайларында кейде кең қатарлы тәсілмен әр гектарға 20-30 кг тұқым себуге болады. Екі бағытта пайдаланатын аралық зығырды (май және талшық өндіруде) өсіргенде тұқымның себу мөлшерін 10-15кг/га арттыру ұсынылады. Тұқымның сіңіру тереңдігі 4-6см. Қажеттігіне байланысты майлы зығыр егістігінде арамшөптерге қарсы гербицидтерді қолдануға болады: қосжарнақты арамшөптерге қарсы дақылдың «қосқұлақ» кезеңінде 2М-4Х гербицидімен (1, 0-1, 2 кг/га ә. е. з. ) бүркеді; біржылдық астық тұқымдас арамшөптерге қарсы себуге дейін немесе майлы зығыр көктегенге дейін 1, 0-1, 2 кг/га ә. е. з. мөлшерінде топыраққа триаллат гербицидін енгізеді.
Егінді бөлектеп жинайды, қораптардың 75% қоңырланғанда(толық пісуге 10-12 тәулік қалғанда) дестеге шабады да, тұқым ылғалдылығы 11-13%-ғажеткенде дестелер бастырылады.
2 Майлы зығыр аурулары
Майлы зығыр аурулармен және зиянкестермен көп залалданбайды. Ауруларының ішіндегі ең қауіптілері фузариоз, антракноз, полиспороз және пасмо. Барлық аудандастырылған зығыр сорттарыфузариоз ауруына төзімді. Антракноз, фузариоз, полиспороз ауруларына қарсы тұқымдарды Ресейде мынадай препараттармен өңдеу керек: ТМТД, с. в. к. (3-5 л/т) ; Винцид, с. к. (1, 5-2 л/т) ; Агросил, с. п. (2 кг/т) ; Витавакс 200, с. п. (1, 5-2 кг/т) . Ауруларының ішінде көптеп таралған және қауіпті аурулар фузариоз, антракноз, полиспороз, аскохитоз, тат, пасмо және бактериоз. Таралуы мен аурудың қарқыны аурудың қоздырғышына, қоршаған ортаға, яғни температураға, ылғалдылыққа, ауа-райына байланысты және ауруға төзімді зығырдың сорттарына байланысты. Майлы зығырдың қорғаныштық негізі аурулары мен зиянкестерінің биологиялық ерекшеліктеріне байланысты ескертіледі, олардың қоректенетін өсімдікпен ара қатынасына және қоршаған ортаға байланысты.
2. 1 Зығырдың фузариозды солуы
Ауру қоздырғышы Fusarium oxysporum v. orthoceros f. lini Boll (Bilai) саңырауқұлағы. Саңырауқұлақ зығыр өсімдігінің барлық вегетациялық кезеңінде білінеді, бірақ көптеп өскін шыққанда залалданады да өсімдіктің солуына және жоюлуына әкеліп соғады. Аурудың сыртқы белгісі өркеннің басының солуы, сарғаюы, тез күреңденуі және өсімдіктің солуы. Сонымен қатар өсімдіктің тамыры бұзылып, сұр күреңдеу түске ие болады. Ауру өсімдіктер топырақтан оңай жұлынады. Ауру өсімдіктің гүлдену фазасында дамыса, өсімдік ергежейленіп және жапырақтардың және сабақтардың қоңырлануы байқалады. Бұндай жағдайда өсімдік қорапшалар түзбейді, түзген уақытта да олар дамымаған немесе тұқымсыз болады. Зығыр егістігінде фузариозды солуы көбінесе ошақтар түрінде кездеседі. Жасанды қоректендіргіш орталарда саңырауқұлақтар әуе ақ, сиректеу қызғылт жіпшумақтар, көптеген макро және микроконидиялар түзеді. микроконидиялар бір екі клеткалы, көлемі 8-9 х 1, 6-2-ден 20-3мкм дейін болады. Саңырауқұлақ көптеген мөлшерде хламидоспоралар, кейде тіпті склероцийлер түзеді. Көптеген ғалымдардың зерттеулері бойынша, зығырдың фузариозды солуына экологиялық факторлар әсер етеді, әсіресе топырақтың және ауаның ылғалдылығы және температурасы. Аурумен залалдануы топырақтың ылғалдылығы 60% -дан жоғары және 14°С температура қажет. Оптималды температура 24-28°C, ал максималды температура - 37°С. Ауру өсімдікке тамыр арқылы енеді. Инфекция қоры өсімдік қалдығы және тұқым. Ауру тұқым және топырақ арқылы таралады. Тұқымда ауру дәннің бетінде сақталады. Көбінесе конидиялар дәннің бетінде сақталады. Егінді жинағаннан соң өсімдік қалдықтарында саңырауқұлақтар 6-7 жылға дейін сопрафитті тіршілік етеді.
Күресу шаралары.
Ауруға төзімді зығырдың сорттарын егу. Қатаң түрде ауыспалы егітікті қолдану зығырды, 6-7 жылдан соң егу қажет. Егістікті өсімдік қалдықтарынан тазарту. Фузариоз ошақтарын жеке жинау және жырту. Ресейде тұқымдарды мынадай химиялық препараттармен өңдейді: ТМТД, ВСК (400 г/л), ТМТД, СП (800 г/л) .
2. 2 Тат ауруы
Ауру қоздырғышы- Melampsora lini Desm саңырауқұлағы. Ауру АҚШ-та, Аргентинада, Австралияда, Жаңа Зеландияда, Японияда, Францияда, Англияда, Германияда, Ирландияда, Польшада, Чехословакиядажәне басқа да зығырды өсіретін елдерде кездеседі. Ең алғашқы рет Ресейде татты зығырда 1855 жылы А. Заболотский байқаған. Ауру алғаш жас өсімдіктерде жарнақтарында, нағыз жапырақтарында және сабақтарында сарғыш, қоңырлау дақтар спермогоний және спермациялар пайда болады. 2-3 күннен соң сол дақтардың үстінде және жан- жақтарында сары өңездер эции және эциоспорлартүзіледі. Қатты зақымданған жапырақтар уақытынан бұрын сарғаяды және түседі, ол өсімдіктің дамуына және дәннің түзілуіне әсер етеді.
Ауру қоздырғышы - Melampsora lini Desm. саңырауқұлағы, облигатты паразит, ол 5циклды толық дамиды, барлық даму кезеңдері зығырда өтеді. Оның дамуына ылғалды және жылы ауа райы әсер етеді. Спермагониялы, эциалы және уредоспориалы кезеңдерінде қоздырғыштарының жаппай байқалуы жауын- шашынның 20-40мм түсуі және орташа тәуліктік температура 16-20°С. Температура 12-13°С-қа түскен кезде споралардың түзілуі және дамуы нашарлайды, ал 10-11°С болған жағдайда ол өмірін жояды. Инфекция қоры залалданған өсімдік. Аурудың дамуына төзімсіз зығырдың сорттары, кеш егілуі және азотты тыңайтқыштардың көбеюі әсер етеді.
Күресу шаралары.
Қолайлы уақытта егу. Өсімдік қалдықтарынан егістікті тазарту, тұқымдарды тазарту және залалданған тұқымдары қолданбау.
2. 3 Антракноз ауруы
Ауру қоздырғышы -Colletotrichum lini Boll. Саңырауқұлағы.
Ауру АҚШ-та, Японияда, Батыс Еуропа, Ресейде таралған. Ең алғаш рет ауруды зығырда Ресейде 1930жылы Ячевский анықтаған. Ауру өсімдіктің барлық кезеңдерінде, яғни өскіннен пісіп- жетілуіне дейін уақытта көрінеді. Өсiмшелер және зығыр көктеулерiнде түбiрлер, сабақтар және дән жарнақтарды зақымданады. Жарнақтарында және сабақтарында сары дақтар, өңездер пайда болады. Аурудың өскінде дамуы зығырдың топырақтан шығуына дейін өліміне әкеліп соғады. Аурумен зақымданған өсімдік мүшелері тез қарайып, түсіп қалады. Зақымданған қорапшалары қараяды. Антракноз қоздырғышы аңыз ретіндеқалдырылған өсімдік қалдықтарында дамып, спора түзеді сол себептен ол жартылай паразитті тіршілік етеді деп айтға болады. Антракноз- өте зиянды ауру. Аурудың ерте байқалуы өсімдіктің өліміне, қатты зақымдануына әкеледі. Аман қалған өсімдіктер ергежейленеді, ол дақылдың түсіміне және жинауға әсерін тигізеді. Аурудың қатты дамуы егінді 27, 5%-ға төмендетеді. Ауру топырақ, тұқым және зақымданған өсімдіктер арқылы таралады.
Күресу шаралары.
Химиялық препараттармен өңделген тұқымды егу. Ресейде мынадай препараттармен өңдейді:витавакс 200 ФФ, ВСК (200+200 г/л) - 1, 5-2 л/т; фенорам экстра, ВСК (185+185 г/л) - 2-5 л/т; винцит, СК(25+25 г/л) - 1, 5-2, 0 л/т; ТМТД, СП (800 г/кг) - 2-3 л/т; ТМТД, ВСК (400 г/л) - 3-5 л/т; альбит, ТПС - 0, 05 л/т, бункер, ВСК (60 г/л) - 0, 4-0, 5 л/т; витал, КС (400+14 г/л) - 2 л/т, КРП (980 г/кг) - 20 мг/т, агат-25 К, ТПС - 0, 03-0, 04 л/т.
2. 4 Пасмо
Ауру қоздырғышы -Septoria linicola Garass. саңырауқұлағы. Ең алғашқы рет 1909жылы Аргентинада табылған. Содан соң Америкада, Канадада, Югославияда, Германияда, Польшада, Болгарияда, Китайда және Францияда байқалған. Ауру өсімдіктің барлық вегетациялық кезеңдерінде көрінуі мүмкін. Алғашқы өскін заладанған кезде жапырақтарда қоңыр дақтар пайда болады. Зақымданған жарнақтар тез өліп, ал тамырдың бойында сызықтар пайда болады. Кеш белгілер нағыз жапырақтарында білінеді. Аурудың нағыз жапырақтарда қарқынды дамуы гүлдеу фазасында жүреді. Сосын ауру сабақтарында қоңыр дақтар түрінде білінеді. Пасмо ауруы зығырдың гүлшанақтары мен қорапшаларында болады. Ауру қарқынды дамығанда гүлшанақтар солып түседі, ал қорапшалар дамымай дән түзбейді. Қолайлы температура 24-25°С. Оның конидияларының дамуына сұйық тамшы ылғал қажет. Аурудың қарқынды дамуы ылғалды және жылы ауа райында, әсіресе соңғы вегетациялық кезеңде болады. Зақымданған тұқым инфекция қоры болып табылады. Топырақта ауру қоры 5жылға дейін спора түрінде және өсімдік қалдықтарында пикнидалар түрінде сақталады. Ауру жел арқылы, жәндіктер, жаңбыр тамшылары арқылы таралады. Ауру зығырдың ерте фазаларында қатты дамыған уақытта өнімнің 20-50% жоғалтамыз.
Күресу шаралары.
Тыңайтқыштар және химиялық препараттармен өңделген тұқымды қолдану. Зығырды жинау қолайлы және тез жүргізілу қажет.
2. 5 Альтернариоз
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz