«АСМЕЛ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұйымдастыру - экономикалық сипаттамасы


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БIЛIМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛIГI

Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетi

Экономика мектебі

«Қаржы» кафедрасы

диплом алдындағы өндiрiстiк тәжiрибенiң бағдарламаларын орындау туралы ЕСЕБІ

Тәжiрибе өту орны

кәсiпорынның (ұйым) аты

Кәсiпорын мекен-жайы

Студент

ф. и. о.

Курс, топ

ҚазЭҚХСУ «Қаржы» кафедрасынан тәжiрибе жетекшiсi

қызметі, аты - жөні.

Шаруашылық субъектіден тәжiрибе жетекшiсi

қызметі, аты-жөні

Астана, 2015

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .
3
: 1
КІРІСПЕ . . .: «АСМЕЛ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұйымдастыру - экономикалық сипаттамасы . . .
3: 5
: 1. 1
КІРІСПЕ . . .: Кәсіпорынның шаруашылық қызметімен танысу . . .
3: 5
: 1. 2
КІРІСПЕ . . .: Кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымы . . .
3: 10
: 1. 3
КІРІСПЕ . . .: Кәсіпорын қызметін сипаттаушы негізгі экономикалық көрсеткіштер . . .
3: 15
: 2
КІРІСПЕ . . .: «АСМЕЛ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржылық жағдайын талдау және бағалау . . .
3: 18
:
КІРІСПЕ . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
3: 38
:
КІРІСПЕ . . .: ҚОСЫМШАЛАР . . .
3:

КІРІСПЕ

Мен өндірістік дипломалды тәжірибені Астана қаласы, Панфилов көшесі, 29 үйде орналасқан ″АСМЕЛ″ жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде өттім.

Есепте өндірістік тәжірибе процесіндегі жасалған нақты жұмыстар және жеткен нәтижелерім мен оны орындағанда пайдаланған әдістер көрсетілді.

Есепте қаржылық жұмыстарын тереңдету бойынша ұсыныстарым көрсетілді.

Есепке тігілді:

  • Менің жұмысым туралы тәжірибе жетекшісінің пікірі.
  • Календарлы - тематикалық жоспар.
  • Күнделік, мекемедегі жетекші қолы және мекеме мөрі бар.
  • Орындалған жұмыстар материалдары, есеп бойынша жиналған материалдар.

Жұмысты ұйымдастыру мен танысу

Тәжірибе барысында мына міндеттерді орындадым:

- жұмыс орындарында қызмет ететін жұмыс тәртібін ұстандым, тапсырылған жұмыстарды өз бетімен орындадым, оның нәтижелеріне жауапты болдым;

- кәсіпорынның ішкі тәртібін және еңбек ету тәртібін қатаң сақтадым. Іс - тәжірибе уақытына студенттерге 5 күндік 8 сағаттық жұмыс күні бекітіледі. Сенбі күндері есеп бойынша жұмыс істеу және өз бетінше жұмыс істедім;

- бекітілген форма бойынша күнделік жүргізу, оны тексеру мен қол қою үшін күн сайын тәжірибе жетекшісіне ұсындым;

- университет талаптарына сәйкес қосымша мен тәжірибенің нәтижелері туралы жазбаша есептілігін ұсындым.

Қойылған мақсатқа сәйкес өндірістік іс-тәжірибе есебін жасау барысында келесі міндеттер қойылып, өз шешімін тапты:

  • тәжірибе өтетін кәсіпорында уақытында болу;
  • кәсіпорында қалыптасқан тәртіпке бағыну және өндірістен тәжірибе басқарушысының тапсырмаларын мүлтіксіз уақытында орындау;
  • Кәсіпорын жарғысымен, ұйымдастырушылық құжаттармен, оның құрылымымен, қызмет сипатымен және бөлімдерінің атқаратын қызмет-терімен танысу;
  • Кәсіпорындағы жетекшімен бірлесіп іс-тәжірибені өтудің күнтізбелік жоспарын құру, күнделікке осы жоспар бойынша күнделікті жазбалар жүргізу;
  • Кәсіпорын қызметіне талдау жүргізу, ішкі шаруашылық қызметінің анықтамасын жасау.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдаланумен, сондай - ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым - қатынаста болу, төлему қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады.

Есепте экономикалық талдаудың кең тараған әдістері тізбектік, абсолютті айырмашылық, коэффициенттер, индекстер әдістері пайдаланылды.

Есептің теориялық - әдістемелік негізі ретінде отандық және шетелдік ғалым - экономистердің кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастыру ерекшеліктері жөніндегі еңбектері және кәсіпорын жарғысы алынды.

Есепті талдау барысында аналитикалық әдісті қолдандым.

Жұмыс барысында ҚР-ның заң актілері және «АСМЕЛ» серіктестігінің қаржылық есебі пайдаланылды.

1 ″АСМЕЛ″ жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұйымдастыру- экономикалық сипаттамасы

1. 1 Кәсіпорынның құрылу тарихы

«АСМЕЛ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өз қызметін 27. 12. 1994ж. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (жалпы бөлімі), 22. 06. 1998ж. «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының заңымен және өзінің құрылтай құжаттары бойынша жүзеге асырады.

Серіктестік коммерциялық, шаруашылық ұйым болып табылады және жыл бойғы активтерінің жалпы құны алпыс мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын шағын кәсіпкерлік субъектісі ретінде қызмет жасайды.

Серіктестіктің толық фирмалық атауы:

- мемлекеттік тілде: «АСМЕЛ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

- орыс тілінде: товарищество с ограниченной ответственностью «АСМЕЛ».

Серіктестіктің заңды мәртебесі

Серіктестік мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап заңды тұлғаның құқығын алады.

Серіктестіктің өзінің жеке балансы, банк мекемелерінде басқа да несие қаржы мекемелерінде есеп шоттары, дөңгелек мөрі, таңбасы, фирмалық бланкісі, эмблемасы болады.

Серіктестік өзіне қойылған мақсатқа жету үшін Қазақстан Республикасы аумағында және басқа елдерде өз атынан мәмілелер жасауға құқықты. Заңдарға қайшы келмейтін келісімдер, шарттар жасау басқа да заң актілері, жеке мүліктер иелену құқығына ие.

Серіктестестіктің қатысушысы оның міндеттері бойынша серіктестіктің жарғы капиталына енгізген жарнасы мөлшерінде жауап береді. Серіктестік қатысушысы міндеттері бойынша жауап бермейді.

Қазақстан Республикасының органдары және ұйымдар серіктестіктің міндеттері бойынша жауап бермейді.

Қызмет түрлері мен мақсаттары

Серіктестіктің қызмет мақсаты Қазақстан Республикасының серіктестікке қатысушысының мүдделері үшін коммерциялық, шаруашылық, кәсіпкерлік қызметтерін біріктіре отырып жүзеге асыру болып табылады.

Серіктестіктің өз мақсаттарына сәйкес қызмет түрлері мынадай бағыттарда жүзеге асырылады:

  • риэлторлық жұмыстар;
  • заңды және жеке тұлғаға консалтингтік қызмет көрсету;
  • жеке меншік жылжымайтын мүліктерді жалға беру;
  • қызметкерлерді таңдау және жұмыс күштерін жалдау;
  • жұмысшы кадрлар мен мамандарды аттестациялау;
  • лицензия алуға ниет білдіруші заңды және жеке тұлғалардың өндірістік - техникалық базасын және біліктілік талаптарға сәйкестігін тексере отырып, техникалық аудит пен лицензиаттар (лицензия алуға талапкерлер) ұсынатын материалдардың сараптамасы;
  • жобалау құжаттарын дайындау;
  • кадрларды дайындау және қайта даярлау, осы мақсатта курстар мен оқу орындарын ашу, жылжитын және жылжымайтын мүлікті сату, сатып алу;
  • делдалдық көмек көрсету; ;
  • жылжымайтын мүлікпен коммерциялық операциялар;
  • құрылыс материалдарын өндіру, сатып алу және өткізу;
  • қоғамдық тамақтану жөнінде қызмет көрсету; ;
  • тұрмыстық қызмет көрсету;
  • сыртқы экономикалық қызметтер;
  • Қазақстан Республикасның заңдармен тыйым салынбаған басқа да қызметтер.

Серіктестіктің негізгі бәсекелестері «Медет - Холдинг» ЖШС, «Сұлтан» ЖШС, «Азия777» ЖШС, «Мақсат» ЖШСжәне «Қайсар» ЖШС болып табылады. Осындай арыстандай айбатты нарықтағы құрылыс ұйымдарынан қалыспай жұмыс атқаруда. Төмендегі суреттен компаниялардың Астана қаласы бойынша құрылыс нарығында қызмет көрсетуді өткізуден үлестік салмағын көресіздер.

Сурет 1. Астана қаласы бойынша риэлторлық қызмет, мүліктерді жалға беру нарығындағы құрылымы (2013 жылғы жағдай бойынша )

Бұл қарастырып отырған суретте Астана қаласы риэлторлық қызмет, мүліктерді жалға беру қызметі бойынша үлестік салмағының көрсеткіштері пайызбен көрсетілген.

Серіктестіктің таза табысы мен шығындары

Серіктестіктің табысы бір жыл ішіндегі өз қызметінің нәтижелері бойынша қаржы есебі негізінде анықталады.

Серіктестіктің табысы еңбек ақысын төлеуге шыққан шығынның орнын толтыру және шаруашылық іс - әрекеттің нәтижесінде түскен заттық түсімнен тұрады. Серіктестіктің негізгі бағытының нәтижесі табыс түсіру болып табылады.

Серіктестіктің салық төлегеннен кейін, еңбекақы және бюджетке басқа да төлем (таза пайда) төленгеннен қалған пайда серіктестіктің меншігі болып саналады және оларға одан соңғы жұмыстары мен нығайтылуына бөлінеді. Серіктестік өндірісінің дамуы және жалпы мүдделері үшін бөлінгеннен кейін қалған таза табыстың бөлігі серіктестіктің қатысушысының шешімі бойынша шектеледі. Таза табысты бөлу шешімі серіктестіктің тиісті жылдық қызметінің нәтижелерін бекітуге арналған серіктестіктің қатысушысымен қабылданады. Серіктестікті жарғылық капиталы толық төленгенге дейін табысты серіктестік бөлуге құқығы жоқ.

1. 2 Кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымы

Кәсіпорын құрылымы келесі негізгі факторлармен анықталады:

- кәсіпорын өлшемімен (көлемімен) ;

- қызмет көрсету саласымен және кәсіпорынның техникасы мен мамандану деңгейімен.

Жұмыс орны - кәсіпорынның бүкіл құрылымы құрылатын құрамынан оның масштабтары анықталатын бастапқы буын. Ол техникалық және экономикалық нормативтер негізінде анықталады және жұмыскермен нақты тапсырманың орындалуы үшін қажет техникалық және басқа (өзге) құралдармен жабдықталады.

Басқару - бұл басқару шешімдерін дайындайтын әдістер мен құралдар синтезі және оның орындалуын ұйымдастыру болып табылады.

Кәсіпорын қызметі табысты арттыруға бағытталғандықтан басқару орындары келесі міндеттерді орындауы тиіс.

- Кәсіпорын ұзақ мерзімдік болашағына бағытталған қызметінің мақсаттарын, бағыттарын, тиімді стратегиялық курсын өңдеу және негіздеу;

- Стратегиялық курстық кезең бойынша іріленуі және оның ағымдық, оперативтік басқару деңгейіне дейін жетілдіруі.

- Кәсіпорынның жалпы стратегиялық және ағымдық міндеттерінің нақтылы, күнделікті функциялар деңгейіне дейін жетілдіріліп, кәсіпорын персоналына жеткізілуі.

- Кадрларды жинақтау, орналастыру, профессионалдық құрамын реттеу, міндеттерін бөлу.

- Кәсіпорынның әрбір жұмыскерінің міндеттері мен тапсырмасын уақтылы, сапалы орындалу барысын әрдайым бақылауды ұйымдастыру.

- Кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін оперативті және күнделікті реттеп отыру, кәсіпорын жұмысының тұрақты режимін бұзатын себептерді жою.

Басқару мен есеп беру органы

Құрылтайшы серіктестіктің жоғарғы органы болып табылады.

Қатысушының ерекше құзыретіне жататын мәселелер:

  • серіктестіктің жарғылық капиталы мөлшерін, орналасқан жері мен фирмалық атауын өзгертуді қоса алғанда, оның жарғысын өзгерту немесе серіктестіктің жаңа редакциядағы жарғысын бекіту. ;
  • серіктестіктің атқарушы органын құру және оның өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ серіктестікті немесе оның мүлкін сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдау және осылай берудің шарттарын айқындау.
  • Серіктестіктің жылдық қаржылық есебін бекіту және таза пайда мен шығынды бөлу;
  • Серіктестіктің бақылаушы кеңесінің немесе тексеру комиссиясын немесе тексерушіні сайлау және олардың өкілеттерін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ серіктестіктің тексеру комиссиясының немесе тексерушісінің есептері мен қорытындыларын бекіту;
  • Серіктестіктің ішкі қызметін реттейтін ішкі ережелерді, оларды қабылдау рәсімін және басқа да құжаттарды бекіту;
  • Серіктестіктің ішкі өзге шаруашылық серіктестіктерге, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдарға қатысуы туралы шешім шығару;
  • Серіктестікті қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім шығару;
  • Тарату комиссиясын тағайындау және тарату баланстарын бекіту;
  • Серіктестіктің бүкіл мүлкін кепілге беру туралы бір ауыздан қабылданатын шешім шығару;
  • Қолданылатын заңдарға сәйкес серіктестік мүлкіне қосымша жарналарын енгізу туралы шешім шығару.

Серіктестіктің атқарушы органы - Директор болып табылады, ол қатысушының шешімімен тағайындалады. Бас Директор серіктестіктің қатысушысының шешімінің айырықша құзыретіне жатпайтын құрақтардан басқа серіктестік қызметіне байланысты әртүрлі сұрақтарды шешуге құқылы.

Бас директор жалғыз қатысушысына есеп береді және оның шешімдерін орындалуын ұйымдастырады. Бас директорөзіне берілген серіктестік қызметтері үшін міндеттемелерге ие болады.

1. 3 Кәсіпорын қызметін сипаттаушы негізгі экономикалық көрсеткіштер

Нарықтық экономика жағдайына кәсіпорын қызметін бағалау үшін қолданылатын негізгі көрсеткіштерге келесілер жатады:

  • еңбек ресурстары;
  • өндірістік шығындар;
  • тауарлы(қызмет көрсету) өнім көлемі;
  • табыс;
  • негізгі өндірістік қорлар және айналым қорлары.

Кәсіпорынның барлық ресурстары ішінде ең маңызды орынды еңбек ресурстары алады. Кәсіпорынның еңбек ресурстары дегеніміз - еңбекке жарамды 16 жас - 63 жас аралығындағы адамдар.

Кәсіпорындағы еңбек ресурстары - бұл кәсіпорын басшылығы тарапынан тұрақты қамқорлық объектісі болып табылады.

Тауарлы өнім дегеніміз - барлық өндірілген өнімнің (қызметтің) сатуға түскен бөлігі.

Кәсіпорын шығыны дегеніміз - өнім өндірісіне қажетті барлық факторлардың ақшалай бейнеленуі. Өнімнің өзіндік құнын құраушы шығын элементтеріне келесі көрсеткіштер жатады:

  • материалдық шығындар;
  • еңбекке ақы төлеу шығындары;
  • амортизациялық төлем шығындары;
  • әлеуметтік төлем шығындары және басқа да шығындар.

Кәсіпорынның келесі көрсеткіші - бұл негізгі қорлары. Кәсіпорынның негізгі қорлары дегеніміз: өнім өндірісі процесінде ұзақ уақыт бойы пайдаланылатын және өзінің құнын тозуына қарай дайын өнімге бірте-бірте енгізетін өндіріс құрал жабдығы.

Айналым құралдары дегеніміз - жылдам қозғалыста болатын өзінің құнын толығымен дайын өнімге ауыстыратын кәсіпорын активі.

Кәсіпорын табысы - бұл өнімді сатудан түскен табыстан өзіндік құнды алып тастағанға тең.

Кәсіпорынның тиімділік көрсеткіштеріне қор қайтарымдылығы, қор сыйымдылығы, қор жарақтандыру, табыстылық коэффициенттері жатады.

Қор қайтарымдылығы коэффициенті - өндірілген өнім көлемінің негізгі қорлар құнына қатынасы. Қор сыйымдылығы осы көрсеткішке кері көрсеткіш.

Кәсіпорынның экономикалық жағдайын объективті бағалау үшін негізгі техника - экономикалық көрсеткіштеріне талдау жүргізіледі. Кәсіпорынның негізгі экономикалық көрсеткіштерін талдау - бұл кәсіпорын жұмысын талдаудың негізгі бағыты.

Кәсіпорынның шаруашылық қызметінде оның қызметінің сапалық нәтижесін ғана емес, сонымен бірге өнім көлемін шығаруға байланысты материалдық, еңбек және ақшалай ресурстар шығындарын анықтауға мүмкіндік беретін сандық көрсеткіштер де қолданылады.

Нарықтық қатынастар жағдайында тек кәсіпорын деңгейінде ғана қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қажетті қызметтер көрсетіледі. Кәсіпорындарда анағұрлым білікті мамандар шоғырланған. Осы кәсіпорында жөғары өнімді техника мен технологияны пайдалану, ресурстарды үнемді жұмсау мәселелері шешіледі. Тек кәсіпорындарда өндіріс шығындарын ең аз деңгейге жеткізу мен өнімді өткізу жүзеге асырылады; бизнес-жоспар өңделіп, маркетинг қолданылады, тиімді пайдалану - менеджмент жүзеге асырылады.

«АСМЕЛ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің шаруашылықтағы қаржылық жұмысының соңғы 2012-2014 жылдар бойынша техникалық-экономикалық көрсеткіштерін қарастырайық.

Кесте - 1 «АСМЕЛ» ЖШС-нің экономикалық көрсеткіші (мың тг)

№:
Атауы: Атауы
Жылдар: Жылдар
өзгеру динамикасы: өзгеру динамикасы
№: 2012
Атауы: 2013
Жылдар: 2014
өзгеру динамикасы: 12/13
13/14
№: 1
Атауы: Құрылыс саласында қызмет көрсетуден түскен түсім
Жылдар: 2577931
өзгеру динамикасы: 3452513
5 126 375
874582
167382
№: 2
Атауы: Сатылатын қызметтің өзіндік құны
Жылдар: 1697686
өзгеру динамикасы: 2324566
3 025 649
626880
701 083
№: 3
Атауы: Жалпы табыс
Жылдар: 880 245
өзгеру динамикасы: 1127947
2 100 726
247702
972 779
№: 4
Атауы: Кезеңдік шығындар
Жылдар: 209 197
өзгеру динамикасы: 402 520
725 364
193323
322 844
№: 5
Атауы: Негізгі қызметтен түскен табыс
Жылдар: 671 048
өзгеру динамикасы: 725 427
1 375 362
54 379
649 935
№: 6
Атауы: Негізгі емес қызметтен түскен табыс
Жылдар: 92 503
өзгеру динамикасы: 112 456
386 253
19 953
273 797
№: 7
Атауы: Салық салынғанға дейінгі қалыпты қызметтен түскен табыс
Жылдар: 763 551
өзгеру динамикасы: 837 883
1 761 615
74 332
923 732
№: 8
Атауы: Заңды тұлғалардың табыс салығы бойынша шығыстар
Жылдар: 229 065
өзгеру динамикасы: 251 365
528 485
22 300
277 120
№: 9
Атауы: Салық салынғаннан кейінгі қалыпты қызметтен түскен табыс
Жылдар: 534 486
өзгеру динамикасы: 586 518
1 233 131
52 032
646 612
№: 1
Атауы: таза табыс
Жылдар: 534 486
өзгеру динамикасы: 586 518
1 233 131
52 032
646 613

Талдау нәтижесінен кәсіпорынның таза табысы 2013 жылы 2012 жылмен салыстырғанда оң мәнде, ал 2014 жылы оның үлесі күрт жоғарылайды, яғни 646 613мың теңгеге көтеріледі. Сондай-ақ құрылыста қызмет көрсетуден түскен түсім мен сатылатын құрылыстық қызмет көрсетудің өзіндік құны ғана өскенін көреміз, яғни бұл кірістердің шығыстардан асқанын байқаймыз. 2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіштердің өскені байқалады, бұл есепті жылдың неғұрлым тұрақты қаржылық жағдайын сипаттайды. Серіктестіктің негізгі қызметіндегі құрылыс материалдарының құралдары болғандықтан, 2-кестеде 2012-2014 жылдар бойынша негізгі құралдардың құнының динамикасы келтірілген.

Кесте 2 - 2012-2014 жылдардағы негізгі құралдардың құнының динамикасы (мың теңге)

№:
Атауы: Атауы
Жылдар: Жылдар
Динамикасы +/-: Динамикасы +/-
№: 2012
Атауы: 2013
Жылдар: 2014
Динамикасы +/-: 12-13
13-14
№: 1
Атауы: Жер
Жылдар: 1 253 49123
Динамикасы +/-: 12534912
1 253 49162
-1
+40
№: 2
Атауы: Ғимарат пен қосалқылар
Жылдар: 172 081 240
Динамикасы +/-: 72118765
172123921
+37525
+5156
№: 3
Атауы: Машиналар мен құралдар
Жылдар: 17 795 317
Динамикасы +/-: 17529622
16265696
-265695
-1263926
№: 4
Атауы: Транспорттық құралдар
Жылдар: 62 277 041
Динамикасы +/-: 60678943
55598098
-1598098
-5080845
№: 5
Атауы: Басқа да құралдар
Жылдар: 5 441 195
Динамикасы +/-: 6 628 596
4812599
+1187401
-1815997
№: 6
Атауы: Барлығы
Жылдар: 15 6308609
Динамикасы +/-: 16 7944078
154629576
+1163549
-13314502
№: Дерек көзі: «АСМЕЛ» ЖШС-нің 2012-2014 жылдардағы қаржылық есептілігі.

Кестеде келтірілгендей, соңғы үш жылдың көрсеткіштерінде көрсетілгендей 2012 жылдың басында негізгі құралдардың құны 419 747 361 теңгені құрады. 2013 жылға қарай ол алынған есептелген тозу бойынша 16 794 478 теңгені құрады және негізгі құралдардың құны 2014 жылы 1 546 291 576 теңге болды. Жердің құны 2013 жылы төмендеп, 2014 жылы +40 артты. Ал ғимарат пен қосалқылар құны екі жылда да салыстырмалы динамика көрсеткіштері бойынша ұлғайған, машиналар мен құралдардың құны төмендеген. Басқа да құралдар 2013 жылы +1187401 теңгеге ұлғайып, келесі жылы -1815997 теңгеге төмендеген. Жалпы негізгі құралдар бойынша 2013 жылы +11635469 теңгеге артып, 2014 жылғы көрсеткіште -13314502 теңгеге төмендегеін көреміз. Бұл кәсіпорынның материалды-техникалық базасын құрайтын және негізгі қорлары болып саналатын, оның өндірістік потенциалының маңызды элементінің жағдайы. Бұл көрсеткіш кәсіпорын мүліктерінің жалпы құнындағы негізгі құралдардың нақты құнының (қалдық) өзгеруі, ерекше назар аудартады. Өйткені бұл көрсеткіштер кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің көлемін анықтаудағы басты бағыт болып табылады. Кәсіпорын мүліктерінің жалпы жиынындағы негізгі құралдардың нақты құнының коэффициентінің мөлшері баланс активтерінің барлық сомасының 50 пайызынан кем болмауы тиіс.

Әрі қарай, серіктестіктің 2012-2014 жылдардағы мүліктік жай - күйінде қандай сапалық өзгерістер болғанын төмендегі суреттегі «АСМЕЛ» ЖШС негізгі техникалық - экономикалық көрсеткіштерінің динамикасынан көреміз.

Сурет 2. 2012-2014 жылдардағы «АСМЕЛ» ЖШС - нің негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің динамикасы

«АСМЕЛ» ЖШС-нің құрылыс ұйымының шаруашылықтағы қаржылық көрсеткішін есептеуден, яғни 2014 жыл соның алдындағы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда пайданың ұлғайғандығын көреміз, яғни алдындағы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда айтарлықтай пайдалы болғанын көреміз, пайда құрылыста қызмет көрсету мен сату жөніндегі негізгі қызметтен алынды, ЖШС қаражатының шағын бөлігі негізгі құралдарды және өзге де мүлікті сатудан түсті.

2 «АСМЕЛ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржылық - экономикалық жағдайын талдау және бағалау.

Серіктестіктің құнын арттыруға қаржылық-экономикалық көрсеткіштерді жақсарту, қызмет көрсету көлемін өсіру, қызмет көрсетудің жаңа түрлерін дамыту, қызмет көрсетудің жоғары сапасын қамтамасыз ету, тиімді технологиялар енгізу арқылы қол жеткізілетін болады.

Басқарудың тиімділігін арттыру қаржылық басқарудың құралдары мен механизмдерін енгізуге, жедел басқарудың құралдары мен механизмдерін тұрақты түрде жетілдіруге, нәтижелерге бағдарланған дәлел жүйесін әзірлеуге және енгізуге бағытталатын болады.

Осы айтылғандардың негізінде «АСМЕЛ» ЖШС - нің қаржылық жағдайына талдау жүргізу барысында 2012-2014 жылдардағы мәліметтер қарастырылады. Серіктестіктің қаржылық жағдайын көрсететін негізгі көрсеткіштер баланста ұсынылған. Қаржылық жоспарлау осы көрсеткішті зерделеуден басталады.

Осы көрсеткіштердің кейбіреуі тікелей баланста, сондай - ақ түсіндіру жазбасында қамтылған. Алайда бірқатар көрсеткіштер қосымша есептеудің баланс деректерін қайта топтаудың немесе бухгалтерлік есеп деректерін тартудың көмегімен алынуы тиіс. Серіктестіктің активтері компанияның қызмет кезеңінде қабылдаған инвестициялық шешімдерді көрсетеді. Өтімділік - серіктестіктің қаражатын қолма - қол ақшаға айналдыра білу қабілеттілігі. Ұзақ мерзімді активтер бір есептіліктен көп кезең ішінде пайдаланылатын қаражат, оны жыл ішінде сатуға болмайды. Олар баланстың «Негізгі қаражат және айналымнан тыс активтер» деген бірінші бөлімінде көрсетілген.

Баланс пассивінде серіктестіктің қаржыландыруды таңдау жөніндегі шешімі көрініс табады. (Пассивтің бабы: Қысқа мерзімді міндеттеме; Ұзақ мерзімді міндеттеме; Меншікті капитал (ұзақ мерзімді міндеттеменің бір бөлігі) .

Ұзақ мерзімді міндеттеме - бұл бір жылдан асатын мерзімде өтелуге тиіс міндеттеме (қарыздар, кредиттер, облигациялар, төлем вексельдері, зейнетақы төлеу жөніндегі міндеттеме. )

Қысқа мерзімді міндеттемеге салынған капитал - бұл айналым активтерімен жабылатын немесе қысқа мерзімді жаңа міндеттемелердің пайда болуы нәтижесінде өтелетін міндеттеме (шоттар және төлем векселдері, компанияның қысқа мерзімді қарыз алғаны туралы борыштық куәлік, салықтар бойынша берешек және мерзімі ұзартылған салықтар, жалақы бойынша берешек, алынған аванстар - бұл меншік иелері инвестицияланған капитал.

Жинақталған пайда - бұл салықтар мен дивидендтерді шегергеннен кейінгі пайда, оған қоғам өзі өмір сүрген барлық жылдар ішінде ие болады (өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы, резервтік капитал, жинақтау қоры және есепті жылдардағы таза пайда) . Капитал меншікті не қарызға алынған болуы мүмкін. Дәстүрлі негізде қаржылық тұрақтылықты бағалау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1. Мүліктік жағдайды және капиталдың құрылымын бағалау;

2. Капиталды пайдаланудың тиімділігі мен интенсивтілігін бағалау;

3. Серіктестіктің қызмет етуінің нәтижелерін бағалау.

Сонымен, «АСМЕЛ» ЖШС - нің шаруашылық - қаржылық қызметіне жалпылама талдау:

«АСМЕЛ» ЖШС - нің мүліктік аналитикалық сипаттамасы баланс активінің мәліметтері бойынша жүзеге асырылады. Мүліктің жалпы құны баланс қорытындысына тең. Ол «АСМЕЛ» ЖШС 2012 жылы 11 252 707 мың теңгені құрады, 2013 жылы 17 858 457 мың теңгеге, 2014 жылы 22 651 327 мың теңгеге ұлғайды. Бірақ талданып отырған уақыт мерзімінде компания мүлкінің жеке түрлерінің құны бірқалыпты деңгейде өзгерген жоқ, сондықтан оның құрамында құрылымдық өзгерістер пайда болды. Корпорация мүлкінің құрамы мен құрлымын талдау үшін 3-кестені пайдаланамыз.

Кесте 3 - 2012 - 2014 жылдардағы «АСМЕЛ» ЖШС -нің баланс активтерінің құрамы мен құрылуы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шаруашылық серіктестігінің құрылтай құжаттары
Ұзақ мерзімді дебиторлық қарыз
Шығыс нан комбинаты ЖШС нан өнімдерін, макарон өнімдерін өндіру бойынша маманданған кәсіпорын
ЭНЕРГО ТЕХСТРОЙСЕРВИС ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ СЕРІКТЕСТІКТІҢ ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛЫ ЖӘНЕ МҮЛКІ
Тауар қозғалысының аудиті
Еңбек ақы төлеудің есебі
Өндірістің қaржылық тұрaқтылығын тaлдaу жәнe жeтілдіру жoлдaры
Шаруашылық серіктестік түрлері
Материалдық емес активтердің есебі
Кәсіпорынға инвестиция тартуды басқару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz