АҚШ территориалды басқару және АҚШ-ғы муниципалды менеджментті ұйымдастырудың негізгі типтері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
- АҚШ-та ТЕРРИТОРИАЛДЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ МУНИЦИПАЛДЫ МЕНЕДЖМЕНТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 АҚШ-та территориалды басқару қызметі мен жағдайы . . . 5
1. 2 Муниципалды менеджментті ұйымдастырылу ерекшеліктері . . . 11
2 АҚШ-тың ТЕРРИТОРИАЛДЫ БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2. 1. АҚШ-та саяси партияларға қатысты менеджмент . . . 15
- АҚШ-тың жергілікті жерлердегі муниципалдық менеджмент . . . 17
- АҚШ менеджментінің стратегиялық ерекшелігі . . . 20
Қорытынды . . . 24
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 26
Кiрiспе
Тақырыптың өзектілігі. Америка Құрама Штаттарына айналған бұрынғы колониялар алғашында «Конфедерация баптары» (1781) деп аталатын келісім шеңберінде жұмыс істеді. Көп ұзамай-ақ бұл аз міндет жүктейтін келісім штаттар арасында іс жүзінде жұмыс істемеді. Орталық (федералдық) өкімет тым дәрменсіз болды, ал оның қорғанысы, сауда және салық саласындағы өкілеттігінің тек аты ғана болды. 1787 жылы «Конфедерация баптарын» қайта қарау үшін Филадельфияға штаттардың өкілдері жиналды. Олар мүлде жаңа құжат - конституцияның негізін жасап, өздерінің алғаш алдына қойған мақсаттарына жету үшін әрі қарай алға қадам жасады. Көптеген айтыс-таластардан, ымыраға келуден кейін конституцияның тексі жазылып, 1790 жылы 13 штат ратификация жасады.
Дүние жүзінде қолданылып жүрген Қонституциялардың ішіндегi ең ежелгісі - АҚШ Конституциясы өкіметiтің Федералдық құрылысын бекітті, оның үш тармағын жасап, олардың әрқайсысына басқалар жөніндегі өкілеттік билігін («баланстар мен шектеулер» жүйесін) белгіледі. Конституция олардың құқықтары мен міндеттері белгілеп беріп, қалған құқықтарды штаттардың үкіметіне қалдырды. Конституцияға бірнеше рет түзетулер еңгізіліп, ол өзгеріп отырған қоғам өмірінің талаптарымен сәйкестенді, алайда ол бұрынғыша «елдің ең жоғарі заңы» ретінде қалып отыр. Барлық үкімет және билік құрылымдары - федералдық деңгейде, штаттар мен муниципалиттерде конституцияның негізгі қағидаларын сәйкес жұмыс істеуге тиіс.
Курстық жұмыстың мақсаты: Америка Құрама штатының басқару жүйесінің талдау және муниципалды менеджментінің негізгі типтерін анықтау.
Конституция бойынша АҚШ-та жоғары билік президентке де (атқарушы өкіметтің басшысы), конгреске де (заң шығарушы билік), Жоғарғы сотқа да (сот билігi қандай да бір саяси топтар мен партияларға да (басқа көптеген елдерден өзгешелігі) берілмейді. Бұл билiк конституцияның рухы мен мәніне сәйкес, онда айтылған «біз халықпыз» дейтіндерге берілген.
Сөйтіп, американдықтар тұңғыш рет, саяси бостандық пен барлығына тең құқықтарға ие болды, бұл артықшылықтар басқа елдерде ат төбеліндей асыл тектілердің ғана үлесіне тиді. Американдықтар өздерінің өкілдері арқылы заңдар қабылдай отырып, өз мүдделері үшін өз істерінің қамын өздері ойлады. Әрине, олар өз қателерін де өздері жасады.
«Құқықтар туралы Билль» деген атпен белгілі болған конституцияға алғаш енгізілген он түзету американдықтардың негізгі құқықтары деп саналған құқықтарды бекітті. Бұл құкықтардың ішінде - ар-ождан, сөз және баспасөз бостандығы, бейбіт жиындар өткізу және үкiметтің әрекетіне шағым жасау құқықтары бар. Басқа құқықтар азаматтарды негізсіз тінтуден, тұтқындаудан, жеке мүлікті алып қоюдан қорғауды, заң талаптарын, сақтауды қамтамасыз етеді. Америкада өкілдер соты, яғни өз азаматтарымен бірге сот ісіне араласу құқы бар.
Американдықтар өз конституциясын мақтаныш етеді. Оны дінді қандай құрмет тұтса, сондай дерлік құрмет тұтады: Мұндай құрметтің негізі аталған мұраттар, құқықтар мен бостандықтар оларға ат төбеліндей билеуші таптың тартқан сыйлары емес деген сенімде жатқан еді. Бұл құқықтар мен бостандықтарды, түптеп келгенде, табиғи, әрбір американдықтың мызғымас құқықтары, олар сол үшін күресіп, жеңіп алды. Оларды ешкім де үкімет те, сот та, заң да тартып ала алмайды.
Конституция негізінде құрылған федералдық үкімет пен штаттардың өкіметі халыққа қызмет етуді және азшылықтың емес, көпшіліктің еркін орындайтындай етіп құрылды. Американдықтар нені қаламайды, ол - біреуге «қызметші» болу. Олар, керісінше, үкімет өздеріне қызмет етуге тиіс, саяси қайраткер мен чиновниктер ха-лықтың қызметшілері ғана деп санайды. Осындай көзқарас бүгінде американдықтардың арасында берік сақталып қалған.
Соңғы екі жүз жылдықта американ конституциясының ықпалы Құрама Штаттардан тыс жерге де тарады. Кейбір елдер басқару формасын Америка мысалы бойынша тандап алды. Бір атап айтатын нәрсе, Американ революциясының батыры Лафайет Америкадан қайтып оралғаннан кейін Француздың «Құқықтар декларациясының» жобасын жасады. БҰҰ-ның хартиясы да қалайда революциялық құжат ретінде танылған АҚШ конституциясымен мазмұндас.
- АҚШ-та территориалды басқару және муниципалды менеджментті ұйымдастыруды негіздері
1. 1 АҚШ-та территориалды басқару қызметі мен жағдайы
АҚШ экономикасы әлемнің ең ірі экономикасы. Әрбір экономикалық жүйеде кәсіпкерлер мен менеджерлер қызмет пен тауарды өндіріп, тарату үшін табиғи ресурстар, жұмыс күші мен технологияны біріктіреді. Осы элементтерді ұйымдастыру мен қолдану тәсілдері ұлттық мәдениет пен саяси мұраттарды көрсетеді. Құрама Штаттары көбіне «капиталистік шаруашылық» деген терминмен сипатталады. Бұл терминді 19-шы ғасырда неміс экономисі әрі әлеуметтік теоретигі Карл Маркс қолында капиталы бар адамдардың шағын тобының аса маңызды экономикалық шешімдерді қабылдау жүйесін сипаттау үшін енгізген. Маркс капиталистік экономикаға саяси жүйеде билігі көп социалистік экономиканы қарама-қарсы қойды. Маркс пен оның шәкірттері капиталистік жүйеде өз байлығын арттыруды мақсат еткен қуатты бизнесмендердің қолында билік шоғырланған дей отырып, социалистік шаруашылықта үкіметтің негізгі мақсаты - қоғамдық ресурстардың бірдей таралуы болып табылады дегенге сенді. Бұл категориялар тым қарапайымдылығына қарамастан олар үшін шындық элементтерін сақтап отыр, ал бүгінгі таңда олардың маңыздылығы тым әлсіз. Маркс сипаттаған таза капитализм болса да, ол жоғалғаннан кейін АҚШ және басқа мемлекеттердің үкіметі биліктің шоғырлануына шектеу қойып, әрі заңсыз коммерциялық әрекеттерге байланысты әлеуметтік мәселелерді шешу үшін экономикаға араласа бастады. Мүмкін осыдан кейін Америка экономикасын үкімет пен жеке кәсіпкерліктің маңыздылығы қатар тұратын «аралас» экономика деп атау жөн болар. Американдықтар еркін кәсіпкерлікке деген сенімдері мен үкіметтік басқару арасында шекараны өткізу жөнінде пікірлері бір келкі болмаса да, олар ойлап тапқан аралас экономикасы өте табысты болып шықты.
Елдің экономикалық жүйесінің басты құрастырушың - табиғат ресурстары болып табылады. Құрама Штаттары құнарлы ауыл шаруашылық жерлерге және минералды ресустарға бай, әрі климаты қолайлы. Сонымен қатар ол Атлант және Тынық мұхиттарымен шектеседі. Ал құрылықтық ортасынан ағатын өзендер мен Канада және АҚШ арасындағы шекараны бойлай жатқан Ұлы Көлдер кемелердің келуін қамтамасыз етеді. Осы кең ауқымды су жолдары ұзақ жылдар бойына ел экономикасының есімін қамтамасыз етіп, Американың 50 штатын тұтас экономикалық қауымдастыққа біріктірді.
Табиғат ресурстарын тауарға айналдыратын жұмыс күші экономиканың екінші құраушы бөлігі. Қолда бар жұмысшылар саны, ең бастысы олардың өркендеуі, экономика сергектігін анықтауға мүмкіндік береді. Құрама Штаттар тарихында жұмыс күшінің тоқтаусыз өсуі экономиканың тұрақты күшеюін қамтамасыз етті. Бірінші Дүниежүзілік соғысқа дейін жұмысшылардың басым копшілігін Еуропаданкөшіп келушілер, олардың тікелей үрпақтары, немесе ата-бабалары, Америкаға құл ретінде көшірілген африкандық американдақтар құрады. 20-шы ғасырдың алғашқы жылдарында АҚШ-қа азиалықтар көп мөлшерде келді, ал Латын Америкасынан қоныс аударушылар кейінірек көшіп келді.
Сондай-ақ Құрама Штаттары жұмыссыздық шарықтап, енді бірде жұмыс күші жетіспеген кезеңдерді де өткерді. Қоныс аударушылар жұмыс күшіне сұраныс мол жерлерге жетуге тырысты, жергілікті жұмысшыларға қарағанда аз жалақыға жұмыс істесе де, олар Отандарына қарағанда көбірек ақша тауып, табысқа жетті. Нәтижесінде, ел экономикасы жылдам дамыды.
Жұмыс күшінің сапасы - адамдардың қаншалықты еңбек еткісі келетіні мен олардың кәсіпкерлігі - экономиканың табысты болуы үшін маңызды. Шекаралық өмір көп жұмыс істеуді талап етті, әрі протестантизмнің жұмыс істеу этикасы мұны қолдады. Өзгертуге және тәжірибе алуға деген ықылас пен техникалық және кәсіптік білім беруге көңіл бөлу - Америка экономикасының табыстылығына қосылған үлес болды. Жұмыс күшінің елгезектілігі де Америка экономикасының өзгермелі жағдайға бейімделуіне үлесін қосты. Қоныс аударушылар Шығыс жағалауын асыра толтырған кезеңде, жұмысшылар аралдан өңдеуді күтіп тұрған фермаларға кешті. 20-шы ғасырдың бірінші жартысында солтүстіктің индустриалды қалаларының экономикалық мүмкіндіктері оңтүстік фермалардағы қара-түсті американдықтарды қызықтырды.
Жұмыс күшінің сапасы әлі де маңызды мәселе болып қалуда. Бүгінде американдықтар «адам капиталын» көптеген жаңа жоғары-технологиялық өнеркәсіп салалары табысының кілті ретінде қарастырады. Нәтижесінде үкімет басшылары мен бизнесмендер компьютер мен телекоммуникаңия сияқты өнеркәсіптің жаңа салаларында бейімделе алатын, жылдам ойлайтын адамдарды дайындауда кәсіптік білім берудің маңыздылығын атап көрсетуде. Бірақ, табиғи ресурстар мен жұмыс күші экономикалық жүйенің бөлігін ғана құрайды. Бұл ресурстарды тиімді ұйымдастыра білу керек. Америка экономикасында бұл міндетті менеджерлер орындайды. Америкада басқарудың дәстүрлі құрылымы иерархияға негізделген: билік атқарушы директор- дан бастап директорлар кеңесіне, одан кәсіпорынның түрлі бөлімдерінің үйлесімділігін қамтамасыз ететін басқару деңгейлері арқылы цехта жұмыс атқаратын шеберге дейін барады. Көптеген мәселелерді шешу түрлі бөлімшелер мен жұмысшыларға жүктелген. 20-шы ғасырдың басында Америкадағы бөлініс жайында жүйелі анализге негізделген «ғылыми басқару» деген түсінік қалыптасқан еді.
Көптеген кәсіпорындар осы дәстүрлі құрылым бойынша жұмыс істеуде, бірақ кейбір басқа кәсіпорындар менеджментке кешті. Ғаламдық бәсекелестіктің артуына байланысты Америка бизнесі жоғары білімді маман жұмысшыларды қабылдайтын, аз уақытта өнімді өңдеп, өзгерте алатын ұйымдық құрылымдарды, әсіресе жоғары технологиялық өзгерістерді табуға тырысады. Иерархия мен еңбек бөлінісіне тым әуестену шығармашылыққа тұсау салады деген пікір көбейе түсуде. Нәтижесінде, көптеген компаниялар өздерінің ұйымдық қүрылымдарын ықшамдал, менеджерлер санын азайтыл, билікті қызметкерлер тобына берді. Менеджерлер мен қызметкерлер тобы қандай да өнім өндіре алуы үшін, олар бизнес кәсіпорындарына ұйымдастырылуы тиіс еді. АҚШ-та жаңа бизнес құруда немесе бар бизнесті кеңейтуде, қор жинақтауда ең тиімдісі - корпорация болу екендігі дәлелденген. Корпорация - коммерциялық кәсіпорындардың, меншік иелерінің, акция ұстаушыларының өз ережелері мен дәстүрлері бар ерікті ассоциациясы.
Корпорацияның тауар өндіріп, қызмет көрсетуі үшін қаржы қоры болуы керек. Олар банктерге, жеке адамдарға, зейнетақы қорларына және тағы да басқа инвесторларға акция (иелік үлес, активтер) немесе облигация (ұзақ мерзімді ақшалай қарыз) сату арқылы керекті капиталын арттырады. Көптеген қаржы институттары, әсіресе банктер, корпорациялар мен коммерциялық кәсіпорындардан тікелей қарыз алады. Федералдық үкімет пен штаттар үкіметі осы қаржы жүйесінің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін, әрі инвесторлардың қажетті мәлімет алуға қол жетерлік жағдай жасайтын арнайы ережелер мен тәртіптер дайындайды.
Ішкі жалпы өнім аталған жыл мерзімінде өндірілген өнім мен қызмет көрсетудің жалпы көлемін анықтайды. Құрама Штаттардың ішкі жалпы өнімі 1983 жылдағы 3. 4 триллионнан 1998 жылда 8. 5 триллионға дейін өсті. Бірақ, бұл сандар экономика саулығының өлшемі болса да, ол ұлттық тұрмыстың бар жағын қамтымайды. Ішкі жалпы өнім товар мен қызметтің нарықтық бағасын көрсеткенімен, мемлекеттегі өмір сапасын көрсетпейді. Сөйтіп, кейбір ауыспалылар - жеке бастық бақыты мен қауіпсіздігі, қоршаған орта тазалығы, жақсы денсаулық - осының шетінен шығып кетеді.
АҚШ-тың федералдық үкіметі жеке кәсіпорындарды түрлі тәсілдермен реттеп отырады. Экономикалық реттеулер тікелей немесе жанама түрде бағаларды қадағалауға бағытталған. Әдетте үкімет электр энергиясы қызметі үшін деңгейінен жоғары бағасын асырмау сияқты монополияларды болдырмауға тырысты. Сондай-ақ, кейде үкімет экономикалық бақылауын өнеркәсіптің басқа салаларына да тарататын. Ұлы Депрессиядан кейінгі жылдары үкімет ұсыныс пен сүранысқа байланысты жылдам өзгеретін ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасын тұрақтандыру жүйесін жасады. Көптеген басқа салалар - жүк тасу және кейінірек, әуе жолдары - бағалардың түсуін қысқартатын өзіндік реттеу әдістерін тапты.
Экономикалық реттеудің басқа формасы - нәсілшілдікке қарсы заң, тіке реттеудің қажет еместігін қаматамасыз ету арқылы, нарықтық қуатын күшейтуге талпыну. Үкімет пен кей кезде жеке жақтар бәсекелестікті мөлшерден тыс шектейтін әрекет немесе қосылуды рұқсат етпейтін заң ретінде нәсілшілдікке қарсы заңды пайдалайды. Сондай-ақ, үкімет жеке компанияларды бақылау арқылы қоршаған ортаның тазалығын сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәрізді әлеуметтік мақсаттарды орындайды. Дәрі-дәрмек пен азық-түлік өнімдерін қадағалайтын басқарма кейбір зиянды өнімдерге тыйым салады; Кәсіпкерлік қауіпсіздігі мен денсаулық сақтау әкімшілігі жұмысшыларды жұмыс уақытындағы қауіп-қатерден қорғайды; Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі агенттік ауа мен судың ластанбауын қадағалайды.
Үкімет көптеген тікелей қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. Мысалы, федералдық үкімет ұлттық қауіпсіздікті, космостық зерттеулерді, жаңа өнімнің пайда болуына әкелетін зерттеулерді, жүмысшылардың кәсіпкерлігін арттыратын бағдарламаларды қаржыландыра ды. Үкімет шығындары жергілікті, аймақтық экономикаларға, тіпті ел экономикасының қарқынына да әсерін тигізеді. Штаттар үкіметі жол қүрылысы мен көптеген жолдар- дың қалыпты жағдайда болуын қадағалайды. Штат, қала, графство әкімшіліктері қоғамдық мектептерді қаржыландыруда маңызды рөл атқарады. Жергілікті үкімет негізінен өрт қауіпсіздігі, полиция қызметіне жауап береді. Осы салалардың әрқайсысына жұмсалған үкімет шығыны жергілікті экономи- каға әсер еткенмен, федералдық шешімдердің экономикадағы әсері көбірек. 1997 жылы федералдық штаттық және жергілікті шығындар ішкі жалпы өнімнің 18 пайызын құрады.
Сонымен қатар үкімет бизнес пен қатар жекелей азаматтарға әртүрлі көмек көрсетеді. Ол студенттерге оқу үшін несие, кіші бизнес кәсіпорындарына техникалық көмек пен төмен пайызды несие бөледі. Үкімет демейтін кәсіпорындар кредиторлардан ипотекалық бекітпелерді сатып алып, оларды құнды қағазға айналдырады, оны инвесторлардың сатып алуға немесе сатып жіберуге мүмкіндігі бар, бүл шаралар үйлерді жалға беруді күшейтеді. Үкімет импортты шектейтін шет елдердің саудалық барьерлерін болдырмау үшін экспортта белсенді түрде алға жылжытады.
Үкімет өздерін қамтамасыз ете алмайтын жеке адамдарды қолдайды. Жұмыс берушілер мен жүмысшылар салығымен қаржыландыратын әлеуметтік қамсыздандыру американдықтардың зейнетақы кірістің көп бөлігін құрайды. «Медикэр» бағдарламасы қарттарға көрсетілетін медициналық қызмет қүнының көп бөлігін мойнына алады. «Медикэйд» бағдарламасы табысы төмен отбасыларына медициналық көмек көрсетуді қаржыландырады. Көптеген штаттарда үкімет жан-дүниесі ауыратын немесе ауыр сырқаттарға ұшыраған адамдарға арнаулы мекемелер ашқан. Федералдық үкімет кедей отбасыларына азық-түлікпен жәрдем береді және де федералдық және штат үкіметтері бірге отырып, табысы төмен бала-шағалы ата-аналарды қолдау үшін әлеуметтік төлемдермен қамтамасыз етеді.
Бұл бағдарламалардың көпшілігі, Әлеуметтік қамсыздандыру бағдарламасын қоса алғанда, өз түбірін 1933-1945 жылдар аралығында АҚШ президенті қызметін атқарған Франклин Рузвельттің «Жаңа Бағыт» бағдарламасынан тамырландырылады. Рузвельт реформаларындағы негізгі түйін-кедейшілік адамгершілік азғындаудан емес, керісінше, әлеуметтік және экономикалық себептердің нәтижесі болып табылады деген сенім. Бұл көзқарас табысқа жету - Құдайдың рахымынан, жолдың болмауы - Құдайдың қахарынан деп түсінетін Көне Англияда қалыптасқан қоғамдық ұғымдарды теріске шығарды. Бұл америкалық әлеуметтік-экономикалық ақыл-ойдың маңызды өзгерісінің көрінісі еді. Дегенмен, әлеуметтік қамтамасыз ету төңірегіндегі мәселелерге қатысты пікірталастарда ескі көзқарастардың жаңғырығы бүгін де байқалып қалады.
Медикэр мен Медикейдті қоса алғанда жеке адамдарға және отбасыларға көмек көрсетуге арналған көптеген бағдарламалар Линдон Джонсон президент болып тұрған (1963-1969) кезеңде 1960-шы жылдары «Кедейшілікпен күрестен» бастау алған болатын. Бүл бағдарламалардың кейбіреулері 1990-шы жылдары қаржылық қиыншылықтарға тап болғанына және әртүрлі реформаларға ұшырағанына қарамастан Құрама Штаттардағы екі саяси партия тарапынан да күшті қолдау тауып отырды. Әрине жұмыссыздарды әлеуметтік түрғыдан қамтамасыз ету мәселені шешпейді, олардың кіріптарлығын арттыра түседі деген сыншылар да болды. Билл Клинтонның президенттік қызметі (1993-2001) кезінде 1996-шы жылы қабылданған әлеуметтік жүйені реформалауға қатысты заңдарға сәйкес адамдардың төлемдер алу мерзіміне шек қойылды.
Американдықтар өздерінің экономикалық жүйесін мақтан түтады, сондай-ақ, ел азаматтарына жақсы өмір сүру мүмкіндігін береді деп сенеді. Алайда елдің көптеген жерлерінде кедейлік проблемасы бар. Үкіметтің кедейлікті болдырмау шаралары жүмыс істегенімен мәселені толығымен шешкен жоқ. Осылайша тұрақты экономикалық өсу кезеңдерінде жұмыс орындары көбейіп, кедейлік деңгейі төмендегенімен оны жойыл жібере алмады. Федералдық үкімет төрт адамнан тұратын отбасына өмір сүру үшін ең төменгі кіріс мөлшерін есептейді. Әрине, ол сан отбасының орналасуы мен өмірдің құнына байланысты өзгеруі мүмкін. 1998 жылы осындай төрт адамнан тұратын отбасылардың жылдық кіріс мөлшері 16 530 доллардан кем болса, олар кедейлікте өмір сүреді деп саналатын.
Кедейлікте өмір сүріп жатқан американдықтардың саны 1959 жылы 22. 4 пайыз қүраса, 1978 жылы 11. 4 пайызға төмен- деп кетті, бірақ сол уақыттан бері өзгеріс шамалы болды. Мысалы, 1998 жылы көрсеткіш 12. 7 пайыз құрады. Сонымен қатар, осы жалпы ңифрлар аясында естен тандырар деректер жасырынып тұр. Мысалы, 1998 жылы барлық афро-американдықтардың төрттен бірі (26. 1 пайызы) кедейшілікте өмір сүрді. Осы қапа көрсеткіш сонда да 1979 жылғы жағдаймен салыстырғанда, белгілі бір ілгерілеуді көрсетеді. Ол кезде елдің қара нәсілді халқының 31 пайызы ресми түрде кедей категориясына енгізілді, және бұл 1959 жылдан бастап, кедейліктің ең төменгі деңгейі болды. Әсіресе кедей категориясына жиі жалғыз басты аналар, және осы себепке орай 1997 жылы барлық балалардың бестен бірі дерлік (18. 9 пайызы) кедейлікте тұрды. Қара нәсілді балалардың арасындағы кедейліктің деңгейі 36. 7 пайыз, ал испан тілінде сөйлеушілер арасында бұл - 34. 4 пайызын құрады. Кейбір сараптаушылардың пікірінше, кедейліктің ресми мәліметі, кедейшіліктің шын, нақты деңгейінен асады, өйткені ол азық-түлік талондары, медициналық қызмет көрсету және мемлекеттік баспана беру сияқты мемлекеттік көмек көрсету бағдарламаларына назар аудармай, тек қана ақша шығындарын есепке алады. Бірақ басқалардың пікірінше, көрсетілген бағдарламалар шеңберінде отбасылардың азық-түлік және денсаулық сақтау қызметіндегі барлық қажеттіліктерін сирек орындады, ал мемлекеттік баспана барлық мұқтаж адамдарға жетпейді. Кедейліктің ресми деңгейінен жоғары табысы бар отбасылар, баспана мен денсаулық сақтау қызметі немесе киім-кешек сатып алу үшін ақшаны азық-түлік алуда үнемдеп, кейде аштықта болғаны жайлы айтылады. Сонымен қатар, кедейліктің шегінде өмір сүріп жатқан адамдар кейде табысты ақшалай формала кездейсоқ жұмыстан немесе экономиканың «жасырын» секторындағы жұмыс нәтижесінде алады, және ол ешқашан ресми мәліметтерде көрсетілмейді.
Кез-келген жағдайда, американдық экономикалық жүйеде игілік тең емес екендігі айқын. Вашингтондағы экономикалық саясат институтының мәліметтер! бойынша, 1997 жылы ең ауқатты Америка отбасыларының 20 пайыз үлесі, ұлттық табыстың 47. 2 пайызын құраған, ал тұрмысы нашар кедей жанүялардың 20 пайызы ұлттық табыстың тек 4. 2 пайызын құрады, ал кедей отбасылардың 40 пайызына табыстың 14 пайызы жеткізілді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz