Францияда территориалды басқаруды ұйымдастыру



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН.ӨЗІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЫ
1.1 Жергілікті өзін.өзі басқарудың мәні мен маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Жергілікті өзін.өзі басқарудың қызметтері және оны ұйымдастырудың принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10

2 ФРАНЦИЯНЫҢ ТЕРРИТОРИАЛДЫ БАСҚАРУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 Франция мемлекетінің аймақтық құрамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.2 Фрацияның аймақтарындағы жергілікті басқару жүйесі ... ... ... ... ... ... ...19

3 ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУДЫҢ ӘКІМШІЛІК.ТЕРРИТОРИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
ҚОДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазіргі таңда еліміздің мемлекеттік құрылымын жетілдіру, оның ішінде билік құзырларының әр деңгейі арасында нақты бөлінуі мен халық билігінің маңызды элементі болып табылатын жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін енгізу өте өзекті мәселелердің қатарында. Бұл биліктің бөлінуі шеңберінде қарастырылатын мәселе отандық басқару жүйесін анықтайтын демократиялық нышандардың бірден бірі. Бірақ бұл бағытты көзсіз қабылдап бүкіл қоғам проблемаларын шешеді деп қараудан сақтанған дұрыс. Сонымен қатар күшті ортақтандырылған мемлекет белгілі кезеңде өзінің ішкі тұрақтылығын қамтамасыз ете алады. Бірақ оның ұзақ уақытқа созылуы мүмкін. Ал, ішкі саясатта тұрақтылықты қамтамасыз ету саяси режимді ортақсыздандыру, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту сияқты басқа да шараларды жүзеге асыруды талап етеді.
Біз қарастыратын мемлекет – Франция. Францияда жергілікті басқарма мен орталықтар арасындағы байланыстар әр кезде де маңызды болды. Қазіргі кезде жергілікті қаржының дербестігі мен әсер етушілік жүйесі қалыптасты. Жергілікті қаржыны құрудың бес қағидасын бөліп қарастыруға болады:
Тәуелсіз және оқшаулы жергілікті қаржының негізінде қажетті қаржылық ресурстардың өкілеттіліктерін қалыптастыру.
Ерекшеленген өкілеттіліктерді заңмен қамтамасыз ету.
Бухгалтерлер мен басқарушылар арасында бөлу
Аймақтық деңгейде тәуелсіз бақылау
Басқарушы – қоғамдық тұлға. Оның өкілетіне кірістер мен шығыстарды үлестіру кіреді. Оған: коммуналар үшін шаралар, департаментке арналған бас совет президенті жатады. Бірақ ол ақша қаражаттарымен тікелей жұмыс атқармайды. Тек ақша қаражаттарының кірістелуі мен шығысталуына нұсқау береді.
Бухгалтер – қоғамдық тұлға. Қоғамдық ұйымның қорлары мен құндылықтарының операцияларын жүзеге асырады. Оған: қаржылық әкімшілік қызметкерлері, мемлекеттік қазынаның бухгалтері, салық және кеден салымдарын жинаушылар жатады. Олар басқарушылардың шешімдері бойынша шығындарды өтейді. Кәсіпорынның бухгалтерлік есебін жүргізеді.
Коммуна – қалалық инфрақұрылым, бастауыш мектеп.
Департамент – әлеуметтік көмек, мектептердің көліктері, коммуналар арасындағы инфрақұрылым, аэрордромдар, колледждер, қалааралық көліктер.
Мемлекет – ұлттық басқарма жүйесіне шекараларды қосу, мемлекеттегі қоғамдық тауарлар мен қызметті өндіретін аймақтағы тура немесе жанама басқару. (жолдар, көпірлер, почта, телеграф, өндіріс, ғылыми зерттеу жұмыстары)
Бұл жағдайда аймақтық басқару проблемасы жергілікті өкімет органдарының ғылыми - негізделген Концепциясының жұмыс жасауын қарастыратын жан-жақты терең теориялық ұғынуын талап етеді.
Курстық жұмыстың мақсаты. Зерттеу объектісі - аймақтық басқару жүйесі. Ал курстық жұмыстың негізгі мақсаты - Франция мемлекетінің аймақтық басқаруын ұйымдастыруын қарастыру.
Қойылған мақсатққа жету үшін келесі міндеттерді алға қою қажет:
- аймақтық басқарудың теориясын және халықаралық тәжірибесін талдау;
- аймақтық басқаруға жүйелі түрде жақын келу, зерттеу;
- Францияның жергілікті мемлекеттік басқаруының халықаралық стандарттарын зерттеу;
- Франциядағы жергілікті өкімет органдарының нәтижелілігін бағалау жолдарын анықтау;
Курстық жұмыстың құрылымы. Берілген курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды және қолданылған әдебиеттерден тұрады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Айтаханов Е. Қазақстан Республикасының аймақтық дамуының жоспарлау процесстерін басқару проблемалары /Е. Айтаханов //Вестник, Әль-Фараби ат.КазГУ. Сер. экон. - 2002. - №2(30). - б. 12-15.
2. Алдияров С. Қазақстан аймақтарының негізгі әлеуметтік-экономикалық индикаторлары және дамуды жалпы бағалау әдісі /С.Алдияров, К. Кабдуалиева, Л. Елеусиз // Транзиттік экономика. - 2006. - №1. - б. 81-86.
3. Воронин А. Г. Муниципалды шаруашылықты басқару негіздері : оқу құралы/ А. Г Воронин, В. А.Лапин, А. Н. Широков. - М. : Дело, 1998. - 128 б.
4. Гаврилов А. И. Аймақтық экономика және басқару: жоғарғы оқу орынд.оқу құралы / А. И. Гаврилов. - М. : ЮНИТИ - ДАНА, 2002. - 239 б.
5. Дюрон Э.В. «Местные органы власти во Франции». М., 1996г.
6. Новожёнова И. С. «Культура местной власти во Франции». М., 1994г.
7. Новый энциклопедический словарь. Научное издательство «Большая Российская энциклопедия». М., 2000г.
8. Павлова М. А. «Региональная политика Франции». М., 1996г.
9. «Структура и функции местных коллективов во Франции» (II издание).

Электрондық материалдар:
10. www.ibmn.msk.su/vivovoco/ Конституция Франции. Раздел XII. «Административно- территориальные образования».
11. www.bninsk.com Библиотека приложений к журналу «городское управление». Основы местного самоуправления в 3-х частях. Учебное пособие для муниципальных служащих под ред. Вобленко С. В.
Глава II. Часть I. Понятие самоуправления.
Глава IX. Часть II. Муниципальные институты Франции.
14. Краткий очерк истории муниципального права. Хрестоматия. Составитель Киррилов Ю.
15. www.continent.kz // «Институты самоуправления Франции». № 11(24) 31
мая- 13 июня 2000г.

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЫ
1. Жергілікті өзін-өзі басқарудың мәні мен
маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Жергілікті өзін-өзі басқарудың қызметтері және оны ұйымдастырудың
принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10

2 ФРАНЦИЯНЫҢ ТЕРРИТОРИАЛДЫ БАСҚАРУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 Франция мемлекетінің аймақтық
құрамы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..15
2.2 Фрацияның аймақтарындағы жергілікті басқару
жүйесі ... ... ... ... ... ... ...19

3 ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУДЫҢ ӘКІМШІЛІК-ТЕРРИТОРИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ
ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 26
ҚОДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..28
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазіргі таңда еліміздің мемлекеттік
құрылымын жетілдіру, оның ішінде билік құзырларының әр деңгейі арасында
нақты бөлінуі мен халық билігінің маңызды элементі болып табылатын
жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін енгізу өте өзекті мәселелердің
қатарында. Бұл биліктің бөлінуі шеңберінде қарастырылатын мәселе отандық
басқару жүйесін анықтайтын демократиялық нышандардың бірден бірі. Бірақ бұл
бағытты көзсіз қабылдап бүкіл қоғам проблемаларын шешеді деп қараудан
сақтанған дұрыс. Сонымен қатар күшті ортақтандырылған мемлекет белгілі
кезеңде өзінің ішкі тұрақтылығын қамтамасыз ете алады. Бірақ оның ұзақ
уақытқа созылуы мүмкін. Ал, ішкі саясатта тұрақтылықты қамтамасыз ету саяси
режимді ортақсыздандыру, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту сияқты басқа
да шараларды жүзеге асыруды талап етеді.
Біз қарастыратын мемлекет – Франция. Францияда жергілікті басқарма мен
орталықтар арасындағы байланыстар әр кезде де маңызды болды. Қазіргі кезде
жергілікті қаржының дербестігі мен әсер етушілік жүйесі қалыптасты.
Жергілікті қаржыны құрудың бес қағидасын бөліп қарастыруға болады:
Тәуелсіз және оқшаулы жергілікті қаржының негізінде қажетті қаржылық
ресурстардың өкілеттіліктерін қалыптастыру.
Ерекшеленген өкілеттіліктерді заңмен қамтамасыз ету.
Бухгалтерлер мен басқарушылар арасында бөлу
Аймақтық деңгейде тәуелсіз бақылау
Басқарушы – қоғамдық тұлға. Оның өкілетіне кірістер мен шығыстарды
үлестіру кіреді. Оған: коммуналар үшін шаралар, департаментке арналған бас
совет президенті жатады. Бірақ ол ақша қаражаттарымен тікелей жұмыс
атқармайды. Тек ақша қаражаттарының кірістелуі мен шығысталуына нұсқау
береді.
Бухгалтер – қоғамдық тұлға. Қоғамдық ұйымның қорлары мен
құндылықтарының операцияларын жүзеге асырады. Оған: қаржылық әкімшілік
қызметкерлері, мемлекеттік қазынаның бухгалтері, салық және кеден
салымдарын жинаушылар жатады. Олар басқарушылардың шешімдері бойынша
шығындарды өтейді. Кәсіпорынның бухгалтерлік есебін жүргізеді.
Коммуна – қалалық инфрақұрылым, бастауыш мектеп.
Департамент – әлеуметтік көмек, мектептердің көліктері, коммуналар
арасындағы инфрақұрылым, аэрордромдар, колледждер, қалааралық көліктер.
Мемлекет – ұлттық басқарма жүйесіне шекараларды қосу, мемлекеттегі
қоғамдық тауарлар мен қызметті өндіретін аймақтағы тура немесе жанама
басқару. (жолдар, көпірлер, почта, телеграф, өндіріс, ғылыми зерттеу
жұмыстары)
Бұл жағдайда аймақтық басқару проблемасы жергілікті өкімет органдарының
ғылыми - негізделген Концепциясының жұмыс жасауын қарастыратын жан-жақты
терең теориялық ұғынуын талап етеді.
Курстық жұмыстың мақсаты. Зерттеу объектісі - аймақтық басқару жүйесі.
Ал курстық жұмыстың негізгі мақсаты - Франция мемлекетінің аймақтық
басқаруын ұйымдастыруын қарастыру.
Қойылған мақсатққа жету үшін келесі міндеттерді алға қою қажет:
- аймақтық басқарудың теориясын және халықаралық тәжірибесін талдау;
- аймақтық басқаруға жүйелі түрде жақын келу, зерттеу;
- Францияның жергілікті мемлекеттік басқаруының халықаралық
стандарттарын зерттеу;
- Франциядағы жергілікті өкімет органдарының нәтижелілігін бағалау
жолдарын анықтау;
Курстық жұмыстың құрылымы. Берілген курстық жұмыс кіріспеден, үш
бөлімнен, қорытынды және қолданылған әдебиеттерден тұрады.

1 ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЫ

1. Жергілікті өзін-өзі басқарудың мәні мен маңыздылығы
Қазіргі жергілікті өзін-өзі басқару ежелгі тарихты қалыптастырып келе
жатқан болып көрінеді. Жергілікті өзін-өзі басқарудың теориялық негізі
алғаш рет ХІХ-ғасырда Бельгия мен Францияда жасалған болатын. Ол ерікті
қауымдастықтың қызметі ретінде сипатталды. Мемлекет қауымдастықты құрайды,
ол тек заң шығарушы, атқарушы және сот билігі ретінде таныған
(муниципалдық, коммуналдық, қауымдық). Жергілікті өзін-өзі басқарудың пайда
болуы тұрғылықты халықтың өздерінің экономикалық және саяси ортақ
мүдделерінің сезінулерінің нәтижесі. Оны біз халықтың, яғни жергілікті
ұжымдардың қалыптасуынан байқай аламыз. Мысалы, Ресейде жергілікті өзін-өзі
басқару шаруашылық ұжымға байыпталған. Қазіргі жергілікті өзін-өзі
басқару өркендеген демократиялық мемлекеттерде муниципалдық реформалар
арқылы ХІХ-ғ-да орналасқан. Оның қалыптасуына түрткі болған жағдай,
феодализмнен шығып индустриализмге бағытталуы.
Ел өзінің күшті жергілікті өзін-өзі басқаруына түрткі болған ұлы
француздың революциясы болды. XVIII-ғ-да жергілікті өзін-өзі басқару
жүйесіне ең алғаш рет 1790 жылы қадам басты. Француз саясаткері Турэмэн.
Ол өзінің баяндамасында екі мәселеге көңіл аударды:
1. Өзінің тұрғын тіршілігін білу, ол яғни муниципалдық басқаруға
бағыттайды.
2. Мемлекеттік тапсырысын қадағалау, сондай көзқарастар.
Еркіндік теория қатынасы деп аталып кетті. Еуропада ХІХ ғасырда
кеңінен тараған. Бұл теорияның негізіне жүктелсек, ол өзінің табиғаты
бойынша тәуелсіз, олар мемлекеттік тармағына қалыптаспаған. Одан бұрын
қалыптасқан және өзінің жұмыстары мен еркінше мәселесін қабылдай алады.
Кейінірек 1835 жылы Белинскийдің Конституциясына еркіндік теория қатынасын
қалыптастырған. Сонымен қатар, муниципалдық билікті мойындаған және де оған
арналған жеке тармақтары болған.
Еркіндік теория қатынасынан кейін жергілікті өзін-өзі басқару
теориясы келді. Осы теорияға көп еңбек сіңірген ғалым Гирке және Шеффнер.
Сонан соң өз бағытын мемлекеттік басқару теориясы орын алды. Оған еңбек
сіңірген ХІХ-ғ-да неміс ғалымы Штейнам және Гнелстон болды. Бұл орталық
басқармадан айырмашылығы бұл жерде шенеуніктер басқармайды, яғни, өз
жерлерін жергілікті тұрғындары сайлайды. Мемлекеттік теория басқармасына
ешқандай өзгерістер енген жоқ. ХІХ-ХХ ғ-да мемлекеттік теория жергілікті
жердің басқармасы мынадай: Ресейлік ғалымдар арқылы кең қанат жайды:
В.П.Безобразов, А.Д.Градовский, Н.И.Лазеровский т.б. Сонымен жергілікті
жердің басқаруы мынадай сұрақтарды қарастырады:
а) жергілікті жердің басқарудың құрылуы;
б) олардың орталықпен қарым-қатынасы;
в) көлемі және істің мазмұны.
Бір ғалымдар жергілікті өзін-өзі басқаруды орталықтан және мемлекеттік
механизм элементі ұйымдастыру болып қалыптасқан [3].
Соңғы кезде ғылыми әдебиеттерде кең таралған дуалистикалық теория
муниципалдық басқарумен болып табылады. Дуалистикалық теорияға бағынсақ,
жергілікті өзін-өзі басқарудың өзіне мыналарды алады: мемлекеттікті де
және әлеуметтікті де дәл дуалистикалық муниципалдық концепциясы, сондай-ақ
түсініктеме бойынша феномаға жергілікті өзін-өзі басқару жақын практикада
байқауымыз бойынша бұл механизмге мыналар оын алады: халық жағынан
жергілікті өзін-өзі басқару өзінің функцияларын орныдауға бұйрық береді
және мемлекеттік орган жергілікті өзін-өзі басқару көптеген тапсырыстар
жүктейді. Сонымен қатар, жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік органдарға
қаржы жағынан тәуелді болып келеді [6].
Шынайы демократия – бұл халық билігі, орындалуы халықтың
қызығушылығымен атқарылады. Сондықтан барлық демократиялық мемлекеттерде
конституцияның негізгі элементтері жергілікті өзін-өзі басқару болып
табылады. Бұл басқарудың түсінігі жергілікті халықтың тұрған жерінде
шешімді өзі қабылдап, жауапкершілігін алады. Жергілікті өзін-өзі басқару
билік пен халықтың жақындауы және тусінуіне жақындатады. Өйткені, бұл
демократияның алғышарты, басқарудың осы шарты жергілікті басқарудың
ерекшелігін көрсетеді. Адамзаттың демократиялық жолда тез бейімделіп,
демократияның орнығуына әкеледі.
Жергілікті өзін-өзі басқару феноменіне түсіну өте қиын. Ғылымда
жергілікті өзін-өзі басқару осы күнге дейін реттелген жоқ. Қазіргі авторлар
осы мәселені зерттеуде, бірнеше түсінік қалыптасты. Ғылымда көп таралған
бір түсінік бойынша жергілікті өзін-өзі басқару азаматтың құқығы болып
саналады. Сол халық жергілікті мәселелерді өздері шешу керек. Үкімет
жергілікті өзін-өзі басқаруды мойындай отырып, осымен жергілікті биліктің
жұмысын қадағалай отырып, өзінің қызығушылықтарын реттеп отырады. Өте
жиірек басқару формасын ұсынады, сол жүйеге сүйене отырып, тұрғындар
өздерінің құқығын, сонымен қатар әдет-ғұрпын, тарихын қорғай алады. Олар
сол жергілікті жердің салт-дәстүрлері, тарихы бойынша жергілікті өзін-өзі
басқару қалыптасады. Жергілікті өзін-өзі басқару ұйымы мемлекеттің ажырамас
территориялық құрылымы. Сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару өздеріне
мынадай жауапкершілікті алады:
1. Муниципалды жұмыстар
2. Мемлекеттік құрылым жергілікті өмірдегі сұрақтардың шешілуін
белгілі дәрежеде қысқарта отырып қатысады.
Жергілікті өзін-өзі басқарудың жергілікті халықы өз биліктерін өздері
іске асырады, демократиялық мемлекет және азаматтық қоғамның жоғары
дәрежелі дамуы адамдардың күнделікті өміріне қатысады. Сондай-ақ,
адамдардың демократиялық бойынша өсуін, халықтың өркендеуін, өзін-өзі
қалыптасуын, тануын, өзіндік қызмет жасауын қадағалайды.
Жергілікті өзін-өзі басқару – бұл мақсат емес, тек халықтың өмірлік
жағдайын көрсету, жергілікті бірлестіктерді біріктіру. Жергілікті өзін-өзі
басқару ең бастысы жергілікті сұрақтардың шешілу бағыттарына мән береді.
Әдетте бұл бағытқа мән берілмейді, муниципалдық орган тапсырмаларға
қарсылық білдіре алады, жалпы аймақтың немесе республикалық мәнін
иемденеді. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйелік принцип бойынша бағытталады.
Жергілікті өзін-өзі басқару сонымен қатар әр түрлі форманы тікелей
пайдалануға, азаматтар құқығына, муниципалдық сайлауларды жүзеге асыруға
ұсыныс жасайды. Ең маңызды жергілікті өзін-өзі басқару элементі – сайлау
жүйесін орнату және муниципалдық бірлестігін қалыптастыру [5].
Қысқаша айтсақ, жергілікті өзін-өзі басқару – бұл жергілікті жердің
билігін орнату және халықтың өзіндік, яғни өз еркімен шешім қабылдауы.
Басқа мемлекеттерде жергілікті ұжымдар мемлекеттің тікелей араласуына
байыпталады. Жергілікті өзін-өзі басқару деген жүйе бұл жақта мүлдем
қарастырылмаған немесе тағы да солармен қатар параллельдік мемлекетке
бағынатын ұжымдар болуы мүмкін. Жоғарыда қарастырылған деректерде
жергілікті деңгей мемлекеттік басқару немесе жергілікті мемлекеттік
басқаруын айтады. Мемлекеттік басқарумен салыстырғанда жергілікті жерде,
жергілікті өзін-өзі басқару халықтың қалауы бойынша жүзеге асырылады, яғни
жергілікті сайланған ұжымдар мен (жергілікті өзін-өзі басқару ) немесе
мемлекеттік басқару жергілікті жерде деген термин бір сөзбен муниципалдық
басқару деп аталынады. Ғалымдар муниципалды басқаруға әр түрлі көзқараспен
қарайды. Мысалы, Ресейде негізгі жаңаша муниципалды басқаруды муниципалдық
басқару деп белгіледі. Ал өз бағытымен жергілікті өзін-өзі басқарумен
салыстырғанда кең тараған және де өзіне мынадай жүйелерді қосады:
а) Мемлекеттік басқару жергілікті жерде, яғни республикалық және
аймақтық мемлекеттік басқару жергілікті жерде қаражат, салық, жер
мәселесін, сонымен қатар халықтың тұрмыс-тіршілігін қадағалайды.
ә) Жергілікті өзін-өзі басқару халық билігіне бағытталады.
б) Муниципалды менеджмент арадағы қарым-қатынасты, экономикалық өсуін
қадағалайды. Бұл деректерге сүйене отырып, әрбір мемлекеттің өзіндік
муниципалдық басқару органдарының бар екендігін айта аламыз.
Жергілікті өзін-өзі басқару әлемдік тануы мыналардан белгілі:
а) Территориялық ұжым экономикалық, қоғамдық, саяси сұрақтарды шешкенде
жалпы өзінің бостандығын алады. Осы жағдайда ұжымдар және оларды
қалыптастырған жергілікті өзін-өзі басқару халықтың жан-жақты мәселелерін
қарастырады. Соның ішінде жергілікті бюджетті пайдалану, экономикалық және
әлеуметтік жағынан өсуін, мал шаруашылығын өсіруді, жол құрылысын және
көліктік қатынасын өркендетуге байыпталады. Оның ішіне кіретіндер: үй салу,
балабақша, мектеп, аурухана, кітапхана және т.б. құрылыстардың салуын
қалыптастыру. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары айналаны қорғауға
жауапкершілік жүктейді [7,9].
ә) Муниципалды басқару кезінде қалалық және аймақтық бюджетті өсіруге
талпынады. Жергілікті өзін-өзі басқару жергілікті бюджетті пайдалану
құқығын алады.
б) Муниципалдық сайлау арқылы жергілікті органдар және сайлаушылардың
пікіріне қарай қалыптасады. Жергілікті тұрғындардың қатысуы арқылы
жергілікті мәселелерді шешу кезінде оларды саясаттың мемлекеттік деңгейне
көтерілуін байқаймыз. Сонымен қатар, жергілікті өзін-өзі басқаруды айтқанда
әрбір мемлекетте олар орталық экономикада өркендейді.
Бұл муниципалдық жүйе жоқ дегенде бір-біріне қарама-қарсы екі бағытқа
бөлінуіне әкеледі. Бұл елімізде жаңадан құрылып келе жатқан жергілікті өзін-
өзі басқарудың қажеттілігінен туған.
Жергілікті өзін-өзі басқару мәні, халықтың өз жұмыстарын
басқаруына негізделген. Бірақ бұл мақсатты өмірге енгізу оңайға түспейді.
Себебі жалпы әлеуметтік, ұжымдық, индивидуалдық мәселелерге байланысты
сұрақтар тығыз шатасқан.
Бұның шындығы, түрлі деңгейдегі басқару субъектісінің қызыметімен
анықталады.
Яғни жергілікті өзін-өзі басқарудың жалпы схемасын қайта өзгертпесе,
жоғарыдағы айтылған мәселенің барлығы тек айтылған ой болып қана қалмақ.
Қандай бағыт болса да қайта құру мүмкіншілігі болу керек. Бұл бағыттағы
ойлар әртүрлі ойлайды. С.И. Көлееваның айтуы бойынша жергілікті өзін-өзі
басқару ұғымында, өзін-өзі басқару ұйымының ерекше түріне жатқызуға болады.
Өзін-өзі басқаруда жеке ұйым бет алысында тәртіптің жоғары болуы қолдау
көрсетуге қатысты [1].
Бейімделген жүйені С.И. Көлеева сыртқы ортаның шартты әдісімен
салыстыра анықтайды. Бұдан қорытынды ретінде жергілікті өзін-өзі басқару
жүйесіне басқарылатын факторлардың қабылданбайтындығы байқалады.
В.В.Шекаренко жергілікті өзін-өзі басқару және басқару қатынасындағы
мәселені қорытындылай келе, басқарудың алғашқы жеке жағдайы, басқарылатын
объект бір уақытта басқаратын субъектімен шыққан кезде, оның басқару
қызметтілігі өзіне бағытталғандығын көрсетеді.
Ол басқарудың негізінде өзін-өзі басқару қызметі жатқандығын айтады.
Барлық басқару процессі, өзін-өзі басқару және жеке ұйымнан басталады. Ал,
С.Сивова керісінше, басқарылатын ұйым құрылымы басқаратын ұйымға тәуелді
екеніне сенімді [2].
Шынында да, толық объективті және субъективті қатардағы жағдайдың
күшімен қоғам таза басқарудың уәкілеттік арақатынасын, қызметтілігін,
соның ішінде маманданған – басқарылуға мамандар қарсы шыға алмай отыр.
Сондықтан, жергілікті өзін-өзі басқару – маманданған – элиталық
басқару, қоғамдық институт уәкілеттілігінің кемшіліктерін ғана емес,
сонымен қатар белсенді функционалуында ұйғарып отыр. Негізінен жергілікті
өзін-өзі басқару жоғарыда айтылған осы үш принцип бойынша құрылып отырған
басқа басқару процессі.
И.В. Выдрин жергілікті өзін-өзі басқаруды, тура демократиялық емес
институтпен уәкілеттік институттардың үйлесімді пайымдау принципінде
деректелген, жергілікті өзін-өзі басқаруда тұрғындардың нақты сауалы саяси
құқықтық байланыста болатын тұрғындардың төмендегі территориялардың
қоғамдастығы деп қарастырады.
Сондықтан да жергілікті өзін-өзі басқарудың ұзақ қалыптасуын айта келе,
біз оның астарындағы төмендегідей ерекше модельді түсінуміз керек:
1. Маманданған – уәкілетті басқару және жергілікті халық өзіндік
шынайы мұқтаждығындағы жоғарғы арақатынас анықталды.
2. Жергілікті өзін-өзі басқару басқару қызметімен таныстырады. Берілген
бағыт өзін-өзі басқарумен байланысты және саясаттану, құқық, басқару
теориясының мәселелері бойынша отандық әдебиет орнықты жағдайын басқарумен
алмастырады. Оның көзі болып К. Маркстың мынадай жорамалы көрсетіледі:
Өзін-өзі басқаруда халық арқылы халықтық басқару процесі бар.
3. Жоғарыда келтірілген анықтаулар демократиямен жергілікті өзін-өзі
басқарудың бірігу қажеттілігін анықтайды. Олардың маңызды айырмашылығына
тоқталсақ жергілікті өзін-өзі басқару мықтылықтың қасиеті ретінде - өзінің
жұмыстарының басқара алу мүмкіндігінде ал демократия – осы мүмкіндіктің шын
жүзеге асуын һқамтамасыз ететін ұйымдастырылған механизм. Өйткені
демократия атты категориясының жиынтығын көрсетеді.
4. Жергілікті өзін-өзі басқарудың маңыздылығын анықтауда, оның биліктік
факторлармен бөлінбейтін байланысын айтуға болады. Жергілікті өзін-өзі
басқару ұғымында бұаралық билік және қоғамдық басқаруды біріктіреді.
5. Жоғарыда айтылған жергілікті өзін-өзі басқаруды териториялық деп
қарастырады анықтаудағы тағы бір қорытынды, оның формальды- заңды
институтпен сәйкес келуінде.
Конституциялық жағдайды анықтау және жоғарыда аталған тұжырымдар
Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың негізгі сызықтарын жобалауға
мүмкіндік береді:
a) Жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыру құқығы азаматтарға
беріледі. Бірақ азаматтар болғанда – бірінші тұрғылықты
халық, содан кейін заң және саясатқа қатысты тұлғалар
араласуы қажет. Сондықтан да – қала, акыл және басқа да
аймақтың халықты тарихи, жерлілікті дәстүрлеріне сай,
географиялық жағдайына байланысты ұйымдастырушылық шекарасын
есепке ала отырып, ерекше субъективке бөледі. Яғни халық деп
белгілі бір територияда адамдардың тұрақты немесе уақытша
қоныстануының жиналуын айтамыз. Жергілікті өзін-өзі басқаруды
жүзеге асыратын кез-келген қалалық, ауылдық халықтың
муниципалды жеке меншігі бар. Жергілікті бюжетпен жергілікті
өзін-өзі басқарудың таңдалып алынған органдары мунципалды
білім берудің - жергілікті өзін-өзі басқарудың негізгі
бірлігін заң шығарушы ретінде мойындайды.
b) Жергілікті өзін-өзі басқарудың сферасында айрықша жергілікті
мағыналы сұрақтары бар. Алдымен бұл сұрақтардың барлығы
халықтың өмір сүру қызметтілігін тікелей қамтамасыз етуге
арналады. Жергілікті өзін-өзі басқару ұйымының жалпы принцип
туралы заңы таусылмайтын тақырып емес. Мунципалды
құрамдастыру жергілікті аймақтағы субъектінің заңдарына
қатысты сұрақтарды өзінің қарауына алуына құқылы, сонымен
қатар жеке мемлекеттік өкілеттіктің орындалуы және жергілікті
өзін-өзі басқару органдарына заңды түрде жүктелуі мүмкін.
c) Жергілікті өзін-өзі басқарудың- жергілікті немесе жеке
мемлекеттік өкілеттік орындайтын, арнайы басқару қызметімен
шешілмейтін сұрақтар – мунципалды қызметтің аясында
шыңдалады. Бұл қызметтілік құқықтың және құқықтың емес
формаларды қалбылдауы мүмкін. Себебі, бұқаралық- құқықтық
озық мінездемесі бар, бірақ жеке құқықтық әдістің қолдану
мүмкіндігі оған кірмейді. Мунципалды қызметтіліктің сипаты
ретінде, оның атқарылатын және күн тәртібінің бастамасына
жақын анықталуын жатқызады.
d) Мунципалды біліктіліктің жауаптылықтарға бөлінеді. Жергілікті
өзін-өзі басқару органдары мен қызметтегі тұлғалары, яғни
компетециялық сұрақтарға қатысты мунципалдық біліктілік,
мемлекеттік құқықтық тұлғаларға халықтың алдында жауаптылықты
мойындарына алады. Қазіргі жағдайда, жауаптылықтың тәртібі
мен шарты мунципалды біліктіліктің жарғысымен анықталады.
Жеке мемлекеттік үкімет органдары мен жергілікті өзін-өзі
басқару қызметінің тұлғалары, жауваптылықты іске асыруда
қандай да бір үкіметтік қаржылық және материалдық құралы бар
мемлекеттің органдары мен сәйкес қамтамасыз етіледі. Қоғамның
құқылы мүшесі мен тұлғаларының алдындағы жауапты тәртіптілік
республиканың заңды субъектісі республикалық заң мунципалды
біліктіліктің жарғысымен орындалады.
e) Табиғи екі өкілеттіліктің болуы мунципалды билікте бір
уақытта екі бастауы болады: қоғамдық және мемлекеттік [5] .
Муниципалды қызметтілік, жергілікті өзін-өзі басқару мүшелері мен
мемлекеттің биліктің мүшелері арақатынасындағы жергілікті және мем лекеттік
сәйкестігіне байланысты құрылады. Жергілікті өзін-өзі басқару басқару
мүшелері, біріккен мемлекеттік саясатқа сәйкес әрекет етіп, жергілікті
басқаруға қатысты сұрақтарды шешу барысында, заңды жеке мемлекеттік
өкілеттікке бөлініп, мемлекеттік – биліктік сипаттағы толық комплексті
өкілеттілікті бола алады. Осының барлығы жергілікті өзін-өзі басқару
құрылымы бір уақытта мемлекеттік және қоғамдық институттардың элементтерін
құрай алатындығын анықтайды. Екі құрылымды сипаттағы жергілікті өзін-өзі
басқарудың теориялық негізі, қазіргі уақыттағы мунципалды басқарудың
концепциялық дуализм теориясына бағытталған.

1.2 Жергілікті өзін-өзі басқарудың қызметтері және оны ұйымдастырудың
принциптері

Өмірдің барлық саласына бақылау қойып, лақандарында ұстаған үкімет
жергілікті жердің билігін де ешкімге бергісі келмейді. Жергілікті өкілді
орган – мәслихат халық билігінің белгісі ретінде қалғанымен шын мәніндегі
билік – ауылдарда және аудандарда жоғарыдан сайланған билік органдарының
атқарушысы отырады. Демократиялық қоғамға қадам бастық деп жариялаағн
Қазақстан үшін нағыз тоталитарлық жүйенің белгісі болып табылатын
жоғарыдағы құрылымның келмеске кетуі заңды құбылыс еді. Бірақ жергілікті
өзін-өзі басқару жүйесінің қоғамдық өмірге енуі де өте күрделі мәселе болып
отыр. 1995 жылғы Конституцияға енген 89-баптың әр жолының мағынасын ашып
көрсететін, оны жүзеге асыратын тетіктерді анықтап беретін заң әлі
қабылданған жоқ.
Біз енді жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің қазіргі проблемаларын
айқындай отырып, осы құрылымның басты принциптерін ашып көрсетейік:
1. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіні құрылысы нақты да анық:
а) Жергілікті бір әкімшілік-территориялық жердің тұрғындары
заңды сайлау (тікелей, жасырын, тең) арқылы сол территорияның барлық ішкі
мәселелерін шешуге құқықты өкілдік орган сайлайды. Шартты түрде ол органды
Кеңес деп аталық.
ә) Кеңес өздерінің арасынан бір адамды Атқару органының
(кейде муниципалитет деп те аталады) басшысы етіп сайлайды не
тағайындайды. Кей жерлерде Атқару органының басшысы да Кеңес мүшелері
сияқты сайлау арқылы анықталады. Шартты түрде бұл орында отырған адамды
Жетекші деп аталық. Ол азамат Атқару органды басқарып, солардың жұмысына
жетекшілік етеді.
б) Жетекші сол жердегі түрлі әлеуметтік, экономикалық,
коммуналдық мәселелерді ұйымдастырып жүзеге асыратын Атқару органды өзі
жасақтайды. Сол жердің қажеттіліктеріне қарай әр түрлі бөлімдер ашады.
Соның басшыларын тағайындайды, құрамын анықтайды. Міндеттерін нақтылап,
жалпы басшылық қызметін атқарады.
г) Кеңес не оның мүшелері Жетекшінің атқару жұмысына тікелей
араласа алмайды, бірақ түрлі саладағы комиссия құру арқылы олардың жұмысын
бақылап отырады. Сонымен қатар сол территорияның даму жоспары,
экономикалық, әлеуметтік бағытын да Кеңес анықтайды. Кеңес мүшелері көп
жерлерде жалақы алмайды.
2. Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың алдындағы жағдайы өте
күрделі.
Конституцияға сай нақты жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі қоғамдық
өмірімізге енсе, жергілікті деңйде қос үкіметтің орнауы ғажп емес. Оның
бірі жергілікті басқару (өкілдік органы – жергілікті мәслихат, атқарушы
органы - әкімшлік) да, екіншісі жергілікті өзін-өзі басқару болмақ (өкілдік
органы – Кеңес, ал атқарушы органы - муниципалитет). Бүгінгі жергілікті
халық өкілдері болып табылатын мәслихат – мемлекеттік басқарудың өкілдік
түрі болып саналады да, оның шешімін жүзеге асыратын бағынышты орган –
президенттік өкіл болып табылатын әкім басқаруда.
Құрылымдық жағынан да, мазмұны тұрғысынан да жергілікті өзін-өзі
басқаруға ең жақыны өкілдік орган (мәслихат) болып табылады. Халықаралық
тәжірибеде өкілдік органды жергілікті өзін-өзі басқаруға айналдыру жиі
кездеседі. Екі өкілдік органнан гөрі жергілікті мәслихатты Кеңеске
айналдыру тиімді секілді.
Дегенмен ең күрделі мәселенің бірі сол өкілдік органға бағынышты атқару
органы болып отыр. Егер әкімшілік органы қаз-қалпында қалса, жергілікті
өзін-өзі басқару органы болмайды. Әр нәрсенің өз атауы бар, мүмкін әкімдер
жүйесі әлі де өз қажеттіліктерін жоймаған шығар, бірақ оны жергілікті өзін-
өзі басқарумен будндастырып, халық билігінің алғашқы сатысының басты
белгісі етідің ешқандай қажеті жоқ. Шыны айту керек, Қазақтан Парламенті
екі оттың ортасында қалған секілді: конституцияда айқын жазылған баптарды
жүзеге асыра отырып, муниципалитеттік басқару жүйесіне көшейін десе
жергілікті жердің басшыларының жоғарыдағыларға деген бағыныштылығы келмеске
кетеді. Ал жергілікті өзін-өзі басқару орандарын әкімшілкке бағынышты
ететін заң шығарса, конституцияның 89-тармағындағы мәселелері далада
қалады. Демек Қазақстан дағы жергілікті өзін-өзі басқару тек бір ғана
заңның аясында жүзеге аса қояды деу қиын. Бұл жерде жергілікті әкімдерді
сайлау да, өкілдік органдардың статусына өзгерістер енгізу де қатар жүру
керек секілді. Бір сөзбен айтқанда жергілікті өзін-өзі басқаруға толық
реформа қажет.
3. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіндегі халықтың тікелей билігінінң
көрінісі.
Биліктің ең тиімді түрі – халыққа ең жақын билік деген тамаша сөз
бар. Қазіргі билік жүйелерінің ішіндегі халыққа жақыны да, өзінің
тиімділігін барлық елдерде дәлелдеген де жергілікті құрылым болып отыр.
Дегенмен жергілікті өзін-өзі басқару да жергілікті тұрғындардың өкілдік
басқаруы болып табылады. Кеңес – тұрғындардың сайлауы арқылы дүниеге келеді
де, солардың берген өкілдіктерінің негізінде жұмыс істейді. Сонымен қатар
жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінде біршама халықтың тікелей басқару
жолдары да берілген. Бұл араға – жиналыстар, Кеңес өкілдерін қайта шақырып
алу, заң шығаруға араласу құқығы және жергілікті референдум жатады [2].
1. Қазақстан парламентінен бір оқылымнан өткен Жергілікті өзін-өзі
басқару туралы заңда тұрғындардың жалпы саны мыңнан кем болатын
елдімекендерге жергілікті мәселелерді шешу – сол жерде тұратын адамдардың
жиналысына берілген. Мүмкін, бұл да қажеттіліктен туған болар. 10-15 үйден
тұратын кішкене елдімекендерде арнайы сайлау өткізіп, лауазым иелерін
таңдау тиімді бола қояр ма екен. Екіншіден, шағын топты жиналысқа
жинау да оңай (өкілдік жүйенің пайда болуының ең басты себебі де халықты
бір парламентке жинаудың жүзеге аспауы емес пе?) және арнайы құрылым
жасайтындай аса күрделі мәселелердің бола қоймайтындығы да анық.
2. Халықтың тікелей басқару түріне өз міндеттерін ойдағыдай атқара
алмаған Кеңес мүшелерін қайта шақырып алу да жатады.
Бұл жүйе - өте қарапайым жолдармен жүзеге асады. (Сан-Антонио қаласының
жарғысы бойынша). Кеңес мүшесін кері шақырып алудың нақты себептері
көрсетіоген Петицияға кезінде сайлауға қатысқан азаматтардың 10 пайызы қол
қойса болғаны. Айта кету керек, дәл осындай тәртіппен қаланың мэрін де
орнынан түсіруге болады. Петиция (хат) Кеңестің хатшысына табыс етіледі.
Хатшы 20 күннің ішінде петицияның заңдылық жағын - 10 пайызға толуын,
қодардың дұрыс қойылуын т. б. – тексеріп шығып, Қала Кеңесіне нәтижесін
хабарлайды. Егер петицияда көрсетілген себептер толық дәлелденсе, қала
хатшысы осы мәліметтерді Кеңеске тапсырады. Кеңес мүшелері дауысқа салып,
шешім қабылдайды.
3. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіндегі халық басқаруының тікелей
түрі – референдум болып табылады.
Жергілікті мәселелердің ішіндегі аса маңыздыларын шешу үстінде не
Кеңестің өзі немесе халықтың бір бөлігінің талабымен жергілікті референдум
өткізіледі. Референдум жөнінде бастама көтеретін адамдардың саны жарғыда
көрсетілуі шарт. Көптеген жерлерде Жарғының өзі де референдум арқылы
қабылданады.
Біздің бүгінгі өмірімізге қарағанда, жергілікті өзін-өзі басқарудың ең
басты ерекшелігі – жоғарыдн төменге дейінгі бағыныштылықтың, тәуелділіктің
болмауы. Мысалы, Ауыл Кеңесі мен оның Атқару органы ауданның Кеңесі мен
Атқару органына бағынбайды, оларға есеп бермейді к [6].
Жергілікті өзін-өзі басқарудың басты қызметі өзін-өзі басқарушы
территориядағы тұрғындардың қызығушылықтарын қорғаужәне олардың
қажеттіліктерін қамтамасыз ету, яғни тұрғындарға әлеуметтік қызметтерді
көрсету болып табылады. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жергілікті
тұрғындарға қатысты күш жұмсауға, бұйрықтар беруге нормативті түрде тыйым
салу қажет.
Осы жағдай жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекеттік басақару
органдарынан басты және маңыызды айырмашылығы болады.Сондықтан оны
мемлекеттегі мемлекет деп санау дұрыс емес.
Жергілікті өзін-өзі басқарудың өзіне жеке өмірлік қамтуды өзі
ұйымдастыру және өз қызығушылықтарын қорғау құқықтары беріледі.Ал күштеу
және бақылау қызметтері мемлекетке қойылады.Жергілікті қоғамдастықта осы
құқықтарды жүзеге асыру және құрудың кепілі ретінде де мемлекет болып
табылады.
• Жергілікті өзін-өзі басқарудың жалпы ерекшелігі жергілікті
сипатта болады. Ол басқару жүйесінің мазмұны мен тұрғындардың
өмірлік қамтамасыз етуін ұйымдастыруды анықтайды.Осы жалпы
ерекшеліктерден жергілікті өзін-өзі басқару, жергілікті,
муниципалдық деген категориялар шығады.Олар жергілікті өзін-өзі
басқару деңгейінде басқару үшін құқықтық актілер мен экономикалық
қатынастарда қолданылады.
• Мемлекеттік органдар құзыреттілігі мен жергілікті өзін-өзі
басқаруды территориялық белгілері мен ұйымдастырушылық қызметтері
бойынша бөліп, заңды түрде бекіту қажет.
• Жергілікті өзін-өзі басқару нашар дамыған кезде мемлекеттік
басқарудың тікелейлігі ауылға дейін жетеді.Осындай жағдайда
орталық билік барлық тұрғындардың қалауларын қарастыруға және
бейнелеуге жағдайы жоқ. Мемлекет және құқық, басқару теориялары
қөзқарасынан мемлекеттік биліктің жалғыз көзі халық болып
табылғандықтан (1995 жылғы ҚР Конституциясы, 3 бап ), биліктің
қабылдау шешімдері мүмкіндігінше орталықсызтандырылған болу
керек. Бірақ , денсаулық сақтау, жоғарғы білім сияқты кейбір
қызметтер жергілікті деңгейде тиімді қарастырылуы мүмкін
емес.Басқа қызметтердің орындалуы: қоршаған ортаны қорғау,
қауіпсіздік және т.б.- жергілікті органдармен мүлдем мүмкін
емес.Осыдан, жергілікті басқару мен жергілікті өзін-өзі
басқарудың рнационалды құрамдасудың маңыздысы басқару деңгейі
бойынша қызметтерді дұрыс бөлу.Ең алдымен: а ) мемлекеттік және
жергілікті өзін-өзі басқару; б) мемлекеттік басқару деңгейілермен
– республикалық, облыстық және аудандық. Басқарудың қызметтерін
бөлудегі негізгі критерия оның тиімді орындалуы болып табылады.
• Жергілікті өзін-өзі басқару органдар қызметінің тиімділігі
мемлекеттік басқарумен оның құзыреттілігінің бөлінуінен ғана
емес, сонымен қатар биліктің мемлекеттік органдар иерархиясы
деңгейілері арасындағы қызметтердің рационалды бөлінуі-
республикалық, облыстық және аудандық. Билікті
орталықсыздандырылу бір немесе екі деңгейіде дамымау керек. Оның
қоғам мен мемлекеттік басқару иерархиясының барлық деңгейлер
бойынша қадамдап дамуы тиімді. Басқару теориясы көзқарасынан,
биліктің орталықсыздандырылу және концентрациялану үрдістерін
айыру керек. Биліктің басқару деңгейлері бойынша нақты бөлінуі,
яғни оның орталықсыздандырылуы, олардың қызметтерін бекітуі
бойынша өзіндік шешімдерді қабылдау құқығын бөлінуінде ғана
жүзеге асырылады. Биліктің аймақтық органдарын ұйымдастыруда
осындайдың болмауы орталық биліктің концентрациялану мен
консолидациялану үрдістеріне әкеліп соғады. Барлық деңгейдегі
шешімдерді қабылдауды бағалаудың біріктіруші критериясы, сонымен
қатар жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, олар елдің
мемлекеттік саясаты мен Қазақстан Республика Заңына қарама-қайшы
болмау керек.
• Жергілікті өзін-өзі басқарудың құқықтық негіздерін қамтуға
басқарудың деңгейілері бойынша құзыреттілікті бөлу жағдайын
жүзеге асыру үшін ресурстар, құзыреттіліктер, меншік теңдігін
сәйкестендіруді қамтамасыз ету керек. Жергілікті өзін-өзі
басқарудың

2 ФРАНЦИЯНЫҢ ТЕРРИТОРИАЛДЫ БАСҚАРУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

2.1 Франция мемлекетінің аймақтық құрамы

Франция – Батыс Еуропадағы ең ірі мемлекет, жерінің ауданы жағынан ол
Ұлыбританиядан екі есе үлкен. Францияның құрамына Корсика аралы, Жерорта
теңізі мен Бискай шығанағындағы ұсақ аралдар енеді. Француз одағы деп
аталатын бірлестікке бес шалғай департамент (Кариб теңізі алабындағы
Гваделупа, Мартиника, Оңтүстік Америкадағы Гвиана, Үнді мұхитындағы
Реюньон, Атлант мұхитындағы Сен – Пьер мен Микелон) және т.б. жатады. Жалпы
ауданы 127 мың км2 болатын бұл иелікте 1,5 млн адам тұрады. Француздар өз
елін гексагон (алтыбұрыш) деп атайды. Еуропаның батысында орналасқан
елдің негізгі аумағының құрылықтағы шекаралары солтүстікте Бельгия мен
Люксембург, шығыста Германия мен Швейцария, ал оңтүстік – шығыста Италия
және Монакомен, оңтүстік – батыста Испания және Андоррамен шектеседі.
Еуропалық Одаққа енетін дамыған мемлекеттердің аралығында орналасуы
Францияның еуропалық біртұтас қарым – қатынастарының дамуына оң әсер етеді.
Францияның теңіздік шекаралары Жерорта теңізі, Бискай шығанағы және Ла-
Манш бұғазы бөліп тұр. Жағалауларында кеме тоқтайтын қолайлы қойнаулардың
болуы Францияның ежелден – ақ теңіз көлігінің дамуына және Еуропа ғана
емес, басқа дүние бөліктерінде орналасқан елдермен де сыртқы сауда
экономикалық қатынастар орнатуына алғышарт болды. Франция мемлекеттік
құрылымы жөнінен унитарлы республика болып табылады, әкімшілік – аумақтық
бөлінісі жағынан 96 департаменттен тұрады. 1958 жылы генерал Шарль де Голль
елде мемлекетті басқарудың жаңа үлгісі – Бесінші республиканы орнатты.
Франция республикада президенттің айрықша зор өкілеттілігі бар, ол елдің
сыртқы саясатына қатысты мәселерді шешеді. Президент тағайындаған премьер –
министр үкіметті басқарып, елдің ішкі жағдайына толығымен жауап береді.
Елдегі заң шығарушы орган – екі палатадан сенат және ұлттық жиналысиан
тұратын парламент [7].
Франция аймағының тарихи қалыптасуына үңілсек, Франция аумағын адамдар
ең ежелгі заманнан бастап мекендеген. Палеолит пен мезолиттің ғылымға
белгілі негізгі мәдениеттерінің бірқатары Франциядағы жер атауларына
байланысты (шелль, ашель, мустье, ориньяк, солютрей, мадлен, азиль,
тарденуаз). Оңтүстік Франциядағы палеолит кезеңіне тән үңгірлер (Фон-де-
Гом, Ласко, Монтеспан, т.б.) жартастарға салынған суреттерімен көпке
танымал. Ерте палеолит дәуірінде Франция аумағында кампиния мәдениеті
тайпалары өмір сүрген (б.з.б. 6 — 4 мыңжылдықтар). Сена, Уаза, Марна
өзендерінің алаптарынан алғашқы егіншілік құрал-саймандары (б.з.б. 3-
мыңжылдық) табылды. Б.з.б. 6 — 5 ғасырларлардан бастап б.з. 1-мыңжылдықтың
соңына дейін Франция аумағына кельт тайпалары қоныстанды. Римдіктер оларды
галлдар деп атады, сондықтан бүкіл ел Галлия атанды. Оңтүстік-батыста
негізінен иберлер тұрды, б.з.б. 6 ғасырдан бастап Жерорта теңізі
жағалауларына гректер өз иеліктерінің негізін қалады. Олардың ішінде
негізгісі — Массалия (қазіргіМарсель) болды. Б.з.б. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Францияның территориалды басқаруын ұйымдастыру
Ресей Федерациясындағы муниципалды баскарудың дамуы
Қазақстанның жергілікті басқару органдар жүйесін модернизациялаудың стратегиялық приориттері мен саяси механизмдері
МЭЭ қорытындысының талаптарын орындауға мемлекеттік экологиялық бақылау
Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару: қалыптасу жобалары
Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесі
Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің дамуы және мемлекеттік басқаруды орталықсыздандырудың ғылыми-практикалық және теориялық-методологиялық аспектілерін зерттеу
Қазақстандағы жергілікті басқару механизмі
Жергілікті басқару органдарының теориялық аспектілері
ЖЕРГІЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ МЕН СИПАТЫ
Пәндер