Резервтік капиталдың есебі


Резервтік капиталдың есебі
Жоспар
Кіріспе
1 Жарғылық капиталының есебі
2 Резервтік капиталдың есебі
3 Басқа да резервтік капитал есебі
Кіріспе
Нарық жағдайында бухгалтерлік есептің басқару жүйесінде алатын орны ерекше. Ол өндіріс процесін, айналым, бөлу және тұтыну және кәсіпорын қаржы жағжайын айқын көрсетіп, басқарушылық шешім қабылдаудың негізі болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп, бухгалтерлік есеп стандарты, кәсіпорын қаржы - шаруашылық қызметі бухгалтерлік есеп бас шот жоспары мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің бұйрығы бойынша бекітілген. Бухгалтерлік есеп Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп жөніндегі» Заңына, сонымен қатар Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі өкілетті ұйымдары қабылдаған қаулылар мен ұсыны, талаптарға сай жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады. Кәсіпорын алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс жөне де ол сол ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы осы ұйымнын, қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.
Жалпы кәсіпорынның есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған, қызмет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрылымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.
Резервтік капитал - іс жүзінде заңнамамен құрылтайшы құжаттарға сәйкес болжанбаған шығындарды және инвесторларға осы мақсаттарға арналған табыс көлемі жетпеген жағдайда инвесторларға шығынның орнын жабу үшін құрылады.
"Капитал" ұғымы жеке тұлғаның қолындағы қорды тұтыну қарекеттерінен шығады. Капитал мәртебесін алу үшін олар мынандай тәсілдермен пайдаланулары керек: пайдалы сату немесе бір иегерден екіншісіне өтпей-ақ табыс әкелетін өндіріс құралдарын сатып алу үшін тауарлар өндіру, өндеу және сатып алу мақсатында жұмсау. Капиталдың басты қасиеті - өз иесіне табыс әкелу.
Резервтік капитал - кәсіпорынның тоқтаусыз жұмысына және үшінші тұлғалардың мүдделерін сақтауға кепіл болып шығады. Мұндай қаржылық көздің бар болуы үшінші тұлғаларға кәсіпорынның өз міндеттемелерін орындайтындығына сенім арттырады. Резервтік капиталдың пайда болуы міндетті және ерікті сипатта. Алғашқы жағдайда ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, ал екінші жағдайда - кәсіпорынның құрылтайшы құжаттарында, немесе оның есеп саясатында белгіленген тәртіпке сәйкес құрылады. Егер кәсіпорынның құрылтайшы құжаттарында резервтік капитал құру көзделмесе, кәсіпорынның оны құруға құқы жоқ.
Заңнама бойынша резервтік капитал құруға міндетті кәсіпорындар оны баланстың «Резервтік капитал» бабы бойынша көрсетеді. Осылайша ашық акционерлік қоғам резервтік капиталды қогамның шығындарын жабу үшін жарияланған жарғылық капиталдың 15%-нен кем емес мөлшерде жасауы тиіс.
Курс жұмысының мақсаты мен міндеті. Берілген тақырып - «Капитал мен резервтер» болған соң, осы тақырыптың мәнін ашу, меншікті капиталды талдай отырып, оның қай шотта қаралатынын, меншікті капиталдың түрлерін, резервтер есебін және аудитін қарастыру.
Акционерлік қоғамдар мен басқа да ұйымдар өздерінің таза пайдасы есебінен жоғарыда айтылғандай резервтік капитал құрады. Бұл резервтік капиталдың мөлшері қоғамның жарғысында белгіленеді. Резервтік капиталдағы жинақталған сома алдын ала болжанбаған (есептелмеген), төтенше жағдайларданболатын шығындарды жабу . үшін жұмсалады. Жалпы резервтік капиталдағы жинақталатын сомаларды жұмсау тәртібі акционерлік қоғамның жарғысында бекітіледі. Резервтік капиталдың жұмсалуына байланысты азаюы келесі есепті кезең ішінде қоғамның жарғысында көрсетілген мөлшерге тең етіп қайта қалыптастыруды қажет етеді.
Кәсіпорындарда резервтік капиталдың есебі «Резервтік капитал» бөлімінің:
«Заңмен белгіленгеп резервтік капитал»,
«Басқадай резервтік капитал»
деп аталатын шоттарда есептеледі Резервтік капитал ұйымның таза пайдасы есебінен қалыптасқан уақытта бухгалтерлік есепте:
Д-т: «Ағымдағы жылдың бөлінбеген табысы» шоты;
К-т: «Заңмен белгіленген резервтік капитал» немесе
«Басқадай резервтік капитал» деп аталатьш шоттар түрінде жазу жазылуы тиіс.
Ал кәсіпорынның резервтік капиталындағы жинақталған сомасы жұмсалынғанда бухгалтерлік есепте:
Д-т: «Заңмен белгіленген резервтік капитал» немесе
«Басқадай резервтік капитал» шоттарының тиістісі;
К-т: «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны) »;
«Өткен жылдардағы бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) »;
«Артықшылығы бар акциялар бойынша есеп айырысу» немесе тағы да басқа шоттардың тиістілері түрінде екі жақты жазу жазылады.
Акционерлік қоғамдар немесе басқа да ұйымдар өздерінің тапқан таза пайдасының есебінен әр түрлі бағыттарға байланысты қорлар құруына болады. Бұндай бағытта құрылған қор сомаларын керекті уақытында жұмсағаннан кейін қайта қалыптастыру кәсіпорын үшін міндетті болып саналмайды. Ол аталған қорлардың есебі «Басқадай резервтік капитал» деп аталатын шотта жүргізіледі.
Резервтік капитал - акционерлерлік қоғамның және басқа да тараптардың таза табысының есебінен қалыптасатын меншік капиталының бір бөлігі. Резервтік капитал субъектінің негізгі (оперативтік) қызметінен алынған зияндарын жабуға және ағымдағы табыс жеткіліксіз болған жағдайда, дивиденттерді төлеуге пайдаланылады. Резервтік капиталды құрау және оны пайдалану құрылтайлық құжаттармен және қолданыстағы зандармен анықталады. Резервтік капитал жарлық капиталымен және басқа да қаражаттармен бірге бухгалтерлік баланстың пассивінде көрініс табады және ол кәсіпорынның меншік капиталы болып табылады.
Резервтік капиталдың есебі 5300 «Резервтік капитал» бөлімшесінің мынадай пассивті шоттарында жүргізіледі. 5013-ші «Заңдармен белгіленген резервтік капитал» және 5340-шы «Басқа да резервтік капитал».
Заңдармен белгіленген резервтік капиталдың есебі. Шаруашылық жүргізуші серіктестіктің (ЖШС, АҚ және басқалар) резервтік капиталы құрылтайшылардың кұжаттарында (жарғысында, құрылтайшылардың шарттарында) белгіленеді, сондай-ақ белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік тіркеуден өтеді. Жыл сайын түскен таза табыстан аударып отыру акционерлердің жалпы жиналысында белгіленеді. Оның мөлшері жарияланған жарлық капиталдың 15%-нен кем болмауы керек.
Резервтік капиталдарды қалыптастырған (құраған) кезде 5410 шоты дебеттеледі де, 5310 шоты кредиттеледі.
Резервтік капитал қаражаттарын пайдалану 5310-ші шоттың дебетінен мына шоттардың кредитінде көрініс табады:
3031, 3032 - артықшылығы бар акциялар бойынша төлем жасауға қажет қаржысы болмаған жағдайда серіктестіктердің резервтік капиталының ішіндегі дивидендтердің есебінен төлеген кезде: 5410 шот «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны) », 5430 шот «Өткен жылдардың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны) » - зиян шеккен соманы резервтік капиталдың есебінен жапқан кезде.
Басқа да резервтік капитал есебі, 5340-ші «Басқа да резервтік капитал» шотында 5340 жүргізіледі. Бұл шотта заң тәртібімен көзделген ең төменгі мөлшерден тыс жасалған резервтік капиталдар есептелінеді.
5340 шоттың дебеті мен кредиті. бойынша шоттар корреспонденциясы 5310 шоттың корреспонденциясына ұқсас. Бұндай резервтер кәсіпорынның өз қалауы бойынша қалыптастырылады.
КАПИТАЛ ЖӘНЕ РЕЗЕРВТЕР ЕСЕБІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Латын тілінен аударғанда "капитал" сөзі "басты" деген мағынаны білдіреді, және ол экономикалық теориядағы осынау күрделі құбылысқа бөлінген орынға сай келеді. Бұл терминді алғашқы рет ауыл шаруашылығы өндірісіндегі заттық факторларды белгілеу үшін физиократтар мектебінің өкілдері пайдаланған.
Қоғамдық өңдірістегі капитал мен оның рөлі туралы одан арғы түсініктің даму процесі мынандай кезендерден өтті:
Капиталға ауыл шаруашылығында қолданылатын өндіріс құралдары жатады. Барша капитал бастапқы және әр жылғы аванс болып бөлінеді. Бастапқы аванс деп әр жыл сайын өтеуді талап етпейтін өндіріс құралдарын алуға кеткен шығындар, ал әр жылғы аванс деп - өр жыл сайын өтелуге тиісті шығындарды айтады.
"Капитал" ұғымы жеке тұлғаның қолындағы қорды тұтыну қарекеттерінен шығады. Капитал мәртебесін алу үшін олар мынандай тәсілдермен пайдаланулары керек: пайдалы сату немесе бір иегерден екіншісіне өтпей-ақ табыс әкелетін өндіріс құралдарын сатып алу үшін тауарлар өндіру, өндеу және сатып алу мақсатында жұмсау. Капиталдың басты қасиеті - өз иесіне табыс әкелу.
Капитал әлеуметтік-экономикалық санат ретінде қаралады. К. Маркс бір-неше анықтама келтіреді:
1) Капитал - жұмысшылардың жалданбалы еңбектеріне негізделген таптық қатынасты жөне қоғамның белгілі бір сипатын керсететін өздігінен өсіп отыратын құн. Капиталдың өсу көзі жұмысшыларға төленбеген еңбек болып саналады.
2) Капитал дегеніміз тып-тыныш жататын зат емес, ол дегеніңіз қозғалыс.
3) Капитал - еткен еңбекті қанағанда ғана барып жанданатын қанаушы секілді өлі еңбек.
Капитал өндірістің екінші факторына жатады, ондайда бастапқы факторлар жер мен еңбек болады, және олардың алғы кезеңдегі шығындарымен капитал мөлшері анықталады. Капитал табысы өңдірістік циклдың уақытына немесе "тосу кезеңіне" байланысты. Сөйтіп капитал мелшерін анықтауға уақыт факторы ендірілген.
"Капитал - ақша мен төлемдік міндеттемеден тұратын "сатып алу күшінің қоры", - деп санайды Шумпетер. Ол қорға қоғамның прогрессивты дамуын қамтамасыз ететін өндіріс құралдары алынады. Егер басқаша жағдайда, экономикалық прогресс болмаса, капитал жоқ болса, яғни, онда ол өз функциясын орындамайды, өзін бейтарап ұстайды.
Қазіргі экономикалық теория капиталды өндірістік тұтынуға арналған, адам еңбегімен жасалынған өңдіріс құралы деп біледі. Ол жер, еңбек және кәсіпкерлік қабілеттермен қатар өндіріс процесі үшін қажетті фактор болып саналады.
1. Жарғылық капиталының есебі
Кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері, сол ұйымның шығарған акцияларының түрлері, (жәй жөне артықшылығы бар) акциялардың сандары, сондай-ақ бір акцияның атаулы (номиналдық) құнына сәйкес акционерлік қоғамның, серіктестіктердің, өндірістік коопера-тивтердің жалпы жиналысында бекітіледі. Жалпы кез-кслген ұйымның жарғысы тиісті мемлекеттік органдарда (әділет министрлігі) тіркеуден өткізілуі тиіс. Қандайда болмасын қоғамның акциясын сатып алатын мүшесі ол акцияларды қоғамға немесе үшінші тұлғаға сатуға ұсыныс жасауына құқы бар.
Кәсіпорындарда жарғылық капиталдың есебі "Жарғылық қор" бөлімінің:
- "Жай акциялар ",
- "Артықшылығы бар акциялар ",
- "Салымдар мен жарналар "
- деп аталатын бөлімше шоттарында есептеледі.
Кәсіпорынның жарғылық капиталы қызметті бастауды қамтамасыз ету үшін жаңадан құрылған кәсіпорынның жасаған қаражаттарының сомасы болып саналады.
Ол акцияларды орналастырудың немесе сатудың, жеке капиталын салудың, мемлекеттің қаражаттарының, материалдық емес активтердің және басқа да мүліктердің немесе мүліктік құқықтарының есебінен құрылады. Сонымен қоса, жарғылық капитал жаңадан құрылған заңды тұлғалар өз қызметін бастау үшін бастапқы материалдық базасы болып та табылады, ол құрылтайшылардың (акционерлердің, қатысушылардың) катысу үлесін және кепілдік сипатын анықтайды.
Шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталына салынатын салымдары, ақша да, бағалы қағаздар да, мүлік те, мүліктік құқық та және басқа да мүліктер (интеллектуалдық қызметтің нәтижесіне берілген құқын да қоса алғанда) болуы мүмкін.
Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарлық капиталына натуралды нысанда салынатын салымдары немесе барлық құрылтайшалардың келісімі бойынша немесе барлық құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша мүліктік құқығы ақшалай нысанда бағаланады. Осындай салымдардың құнының сомасы жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асып түсуі керек, бірақ сол бағалауды тәуелсіз эксперт (бағалаушы) қуаттауы керек.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қайта тіркелген кезде қатысушылардың ақшалай салымдары бухгалтерлік құжаттармен не болмаса аудиторлық есеп берулерімен қуатталып бағалануы мүмкін.
Қоғамның жарияланған жарғылық капиталы түгелдей теленіп және орналастырылып біткен соң ғана, ұлғайтуға рұқсат беріледі; жарияланған капитал мен шығарылған капиталдың арасында айырмасы болса, онда сол сомаға жарғылық капитал азайтылады.
Жарияланған жарғылық капиталын ұлғайту және азайту туралы шешім акционерлердің жалпы жиналысында қабылданады, бірақ оларды минималды деңгейден төмендетуге рұқсат етілмейді.
Барлық кредиторларға кем дегенде 30 күн бұрын хабарланған соң, жарияланған жарғылык капиталын азайтуға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда кредиторлар өзінің алашағын толык деңгейде, әрі тез арада талап етуге құқылы.
Қоғам акциялары жай және айрықша болып келеді.
Заңға сәйкес акциялар акционерлердің келесі құқтарын қанағаттандырады:
- дивидендтер алуын;
- қоғамды басқаруына қатысуын;
- қоғам жойылғаннан кейін одан қалған мүлікті бөлісуге қатыса алатындығын. Қоғам тек иесі жазулы (атаулы) акцияны шығаруға құқы бар. Иесі жазулы (атаулы)
акцияның қозғалысы, яғни акцияның өз ұстаушысын ауыстыру, қатаң тәртіпте арнайы құжатта - акционерлік қоғамның акционерлерінің тізімінде белгіленеді. Иесі жазулы (атаулы) акцияның құқын, тек тізімге енгендер ғана пайдалана алады.
Жарғылық капиталдың қолда бары және қозғалысы 5010-ші "Жай акциялар", 5020-ші "Айрықшалығы бар акциялар", 5030-ші "Қосқан үлестер мен жарналар" шоттары енетін 50-ші "Жарғылық капиталы" деген шоттар бөлімшесінде жүргізіледі.
5000-ші "Жарғылық капитал" бөлімшесінің шоттары бойынша қалдығы, оның құрылтай құжаттарында көрсетілген жарғылық капиталының мөлшеріне сәйкес келуі керек. 5000-ші бөлімшенің шоттары бойынша жазу жарғылық капиталдың белгіленген тәртібі бойынша жүреді, олардың ұлғайған немесе азайған жағдайында құрылтай құжаттарында да тиісті өзгерістер енгізіледі.
5000-ші "Жарғылық капитал" бөлімшесінің шоттары бойынша операцияларын қарастырайық.
5010-ші "Жай акциялар", 5020-ші "Айрықшалығы бар акциялар" шоттарының кредиті бойынша акционерлік қоғамның жарғылық капиталына салынатын салымдары бойынша қатысушылардың қарыз сомасы көрініс табады, ал ол 5110-ші "Төленбеген капитал" шотымен корреспонденцияланады.
Шығарылған акциялардың (салымдардың) немесе жарналардың номиналдық құны төленсе, онда ол: 1040, 1030, 1010 дебеті бойынша және 51110 шоттың кредиті бойынша көрініс табады.
Егер де шығарылған акциялардың номиналдық құны негізгі құралдармен, материалдық кұндылықтармен және басқа да активтермен төленсе, онда мына шотгар дебеттеліп: 2730, 2410, 1310, 1340 және 5110 шоты кредиттеледі.
Жоғарыда атап өткеніміздей, жауапкершілігі шектелген серіктестіктердің жарлық капиталын қалыптастыру процесі бір жылдан аспауы керек, егер де бүл мерзім сақталмаса, онда ол бойынша есептелген пайыз сомасының бөлігі немесе оның бір белімі, яғни жарғылық капиталына жетіспей тұрған сомасы 2170 "Есептелген пайыз" шотының дебеті бойынша және 6120 "Акция бойынша дивидендтер мен пайыз түріндегі табыс" шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
Егер де аталған жағдай орындалмаса, онда жарғылық капиталына жетіспей тұрған сомаға тиісті түзетулер жасалынады, ол кезде 5110 шоты дебеттелген және 5030 шоты кредиттелген - қызыл жазылады.
Серіктестіктердің қатысушысы мүшеліктен шығып кетсе, онда оның үлесін үшінші тұлға сатып алуы мүмкін, ол кезде жарғылық капиталдың сомасы өзгермейді, тек қатысушылардың құрамында ғана өзгерістер болады.
Егер де қатысушылар шығып кетсе, онда соған байланысты жарғылық капитал да азаяды, демек: 5030 шоты дебеттеледі де 1010, 2730, 2410, 1320, 1330 шоттары кредиттеледі.
Егер де акционерлік қоғамның мүшелері өз акцияларын қайтып алса, 5010, 5020 шоттары дебеттеледі де, 5210 - "Қайтып алынған капитал" шоты кредиттеледі.
2 Резервтік капиталдың есебі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz