Ресей жоғары оқу орындарында оқыған қазақтар, олардың қоғамдық-саяси қызметі (хіх ғ. аяғы – хх ғ. 20-30жж.)



Жоспар

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім
а) Қазан қаласындағы жоғарғы оқу орнында оқыған қазақ жастары
б) ХІХ ғасырдың соңы және ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ жастары білім алған ірі орталықтың бірі Петербург қаласы
в) Қазақ зиялыларының қалыптасуының алғышарттары

3. Қорытынды
ХХ ғасырдың басында қазақ халқы саяси аренаға, азаттық пен тәуелсіздіктің күрес жолына, ағартушылыққа шақырған ірі қоғам қайраткерлерін шығарды. Ел арасынан өздерінің табиғи дарынымен, асқан білімділік деңгейімен, рухани парасатымен суырылып шыққан алаш азаматтары ұлт болашағы үшін жан аямай тер төгіп, бостандық пен бақытты өмір жаршыларының тұңғыш қарлығаштары бола білді.
Шын мәнінде, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басы алып адамдарды қажет еткен әрі осыған орай өздерінің ойлау, болжау қасиеттері айрықша, талғам-танымдары жан-жақты алыптарды дүниеге келтірген дүбірлі заман еді.
Бірақ көп жылдар бойы Кеңес өкіметі жүргізген озбырлық пен қырып-жоюға, тарихты өрескел бұрмалауға негізделген саясаттың тікелей салдарынан халқымыздың сана-сезімі өлшеусіз де орны толмас жұтаңдыққа ұшырап, оның интеллектуалды ауқымының қарыштап дамуына үлкен нұқсан келді.
Тоталитарлық жүйе үстемдік құрған жетпіс жылдық кеңес дәуірінде қоғамдық және ғылыми өмірдің шектен тыс идеологияландырылуы ХХ ғасырдың басындағы отарлық саясаттың проблемаларын зерттеуге өзінің теріс ықпалын тигізді, осы мәселелерге қатысты сыңаржақ тұжырымдар жасалды.
Ұлттық санамыздың оянуы өткен жолдарымызды бұрқаламай, тарихи процесті қаз-қалпында көрсетуді талап етуде. Кеңестік кезеңде ел тарихындағы жеке тұлғаның атқаратын қызметі мен ол өмір сүрген кезеңдегі қоғамдық-саяси ахуал зерттелсе, зерттеу методологиясы не бірыңғай қаралауға, не асыра марапаттауға құрылатын.
Кеңестік жүйе кезеңінен кейін әділеттік бағасын алған сонымен қатар әлі де болса зерттелінбей жатқан қайраткерлердің қатары көп. Олардың көпшілігі саналы өмірін мемлекетке, халықтың болашағына арнаған, ХХ ғасырдың 30 жылдарында саяси қуғын-сүргін құрбанына айналғандар.
Президентіміз Н. Ә. Назарбаев «Тарих толқынында» кітабында ХХ ғасыр зиялылар тағдыры турасында: «Ғасыр басында мемлекет мүддесін ойлаған ұлы қазақтардың жеке басының тағдыры да солай қасіретті болды. Алайда, ұлттық жігермен толысқан зерде сабағы ұмыт болған жоқ», - деп жазған еді [1, 175 б.].
Еліміздің тарихында өзіндік елеулі із қалдырған қайраткерлер қатарына ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басында тарих сахнасынан шыққан қазақ зиялыларын жатқызуға болады. Бүгінгі таңда сол зиялы қауым өкілдерінің бірқатарының ғұмырнамасы жасалып, көпшілік қауымға ұсынылып жатыр. Дегенмен бұл бағыттағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын тереңдете жүргізіп, қазақ зиялыларының ғұмырнамасы қатарын толықтыра түсуіміз керек. Қазақ зиялыларының өмір жолы кеңестік дәуірде ара кідік зерттелді. Олардың көпшілігі революциялық қозғалыстарға, кеңестік құрылысқа атсалысқан қайраткерлерге арналды. Алайда мұндай іріктеме зерттеулер марксизм-ленинизм идеологиясы аясынан аса алмады. Ол дәуірде қазақ зиялыларының өмір жолын, атқарған қызметін объективті тұрғыда ашып көрсетуге кеңестік тарих ғылымының ұстанған идеологиясы тосқауыл болды. Кеңестік тарих ғылымы сүйенген идеология кеңестік империя мүддесі жолында ұлттық мүддені ескермеді. Ұлтшылдыққа қарсы күресемін деп ұлттық сипаты бар құбылыстарды аяққа басты. Кеңестер одағында аз халықтардан шыққан ұлтжанды, елін сүйген қайраткерлер ұлтшылдар болып қудалана түсті.
Қазақстанның Ресейге бодан болғаннан бергі тарихындағы ХІХ ғасыр аяғы мен ХХ ғасырдың алғашқы ширегін «саяси күрестер мен рухани жаңғыру кезеңі» деп айтуға болады. Бұл кезеңде саяси күрес сахнасына Ресейдің аса үлкен ғылыми, саяси орталықтарында білім алған, сол кезеңдегі Европадағы саяси күрестің бет алыс бағдарларынан әбден хабардар, экономика, құқық тарихы мен теориясын терең меңгерген қазақ зиялыларының үркердей озық ойлы тобы шықты. ХХ ғасыр басында қазақ зиялылары сан жағынан көп болған жоқ. Себебі Қазақстанда бірлі-жарым орта білімді мұғалімдер даярлайтын курстар мен училищелер болмаса, арнайы оқу орындары болған жоқ. Қазақ жастары Петербург, Қазан, Мәскеу, Томск т.б. сияқты қалаларда түрлі мамандықтар бойынша білім алды.
ХХ ғасыр басындағы қазақ интеллигенциясы сан жағынан көп болған жоқ. Қазақстанда бірлі-жарым орта білімді мұғалімдер даярлайтын курстар мен училищелер болмаса, арнайы оқу орындары ашылған емес. Патша үкіметі қазақ халқының жалпы мәдени деңгейінің өсуіне мүдделі болған жоқ, керісінше бұратана халықты қараңғылықта ұстау отаршыл өктем саясаттың мазмұны болатын. Ал ХІХ ғасырдың соңғы ширегінен бастап қазақ даласында азын-аулақ ашыла бастаған орыс-қазақ мектептері мен гимназиялары жергілікті жұртқа «орыс ықпалын» жүргізу үшін керек болды. Сонымен бірге ресейлік оқу орындарынан қазақ жастарына да бірлі-жарым орын бөлуге мәжбүр болды. Генерал – губернаторлықтар кеңсесі жанынан қазақ студенттеріне жылына 3-4 степендия белгіленіп отырды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Назарбаев Н. Ә. Тарих толқынында. Алматы: «Атамұра», 1999. 296 б.175 б.
2. Рыскулов Т. Из прошлого казахской национальной интеллигенции. - Избранные труды. А., 1984, 159-б.
3. Асфендияров С. Д. История Казахстана (с древнейших времен). М.-А., 1935, 215-216, 228-229-б.
4. Тастанов Ш. Ю. Советский опыт формирования и развития интеллигенции ранее отсталых народов (на примере Казахстана). А., 1975, 6-б.
5. Сулейменов Р. Б. Ленинские идеи культурной революции и их осуществление в Казахстане. А., 1972.
6. Қазақ ССР тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. III том.А., 1982.
7. Талиев В. 3. Жол нұсқаушылар//Жұлдыз, 1970, № 3.
8. АбжановХ. М., Гуревич Л. Я. Интеллигенция Казахстана: история, теория, современность. Алма-Ата, 1992.
9. Козыбаев М. К. История и современность. А., 1991; Соныкі. Ақтаңдақтар ақиқаты. А., 1992.
10. Нұрпейісов К. Әлімхан Ермеков ОГПУ тергеушілері алдында. «Ақиқат», 1993, № 4.
11. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. Алматы; «Санат», 1995.
12. Құл-Мұхаммед М. Алаш ардагері. А., 1996.
13. КәкішевТ. Санадағы жаралар. А., 1992; Мұхаметханов Қ. Абай мұрагерлері. А., 1995; Сыздықова Р. Ахмет Байтұрсынов. А., 1990; Сыдиықов Қ. Халқымен қайтатабысқандар. А., 1997ж. б.
14. «Егемен Қазақстан», 1995, 30 маусым.
15. «Дала уалаятының газеті» - «Киргизская степная газета». Адам, қоғам, табиғат. 1899-1902. Құрастырған Ү. Субханбердина. А., 1994.
16. Кенжетаев Б.А. Казанские учебные заведения и процесс формирования казахской интеллигенции в середине ХІХ – начале ХХ вв. – Казань,1998. – 80б.
17. Озғанбай Ө. Ресей Мемлекеттік Думасы және Қазақстан (1905-1907жж.). – Алматы, 1997. 183 б.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Ресей жоғары оқу орындарында оқыған қазақтар, олардың қоғамдық-саяси
қызметі (ХІХ ғ. аяғы – ХХ ғ. 20-30жж.)

Қызылорда, 2010 ж.

Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
а) Қазан қаласындағы жоғарғы оқу орнында оқыған қазақ жастары
б) ХІХ ғасырдың соңы және ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ жастары білім алған
ірі орталықтың бірі Петербург қаласы
в) Қазақ зиялыларының қалыптасуының алғышарттары
3. Қорытынды

ХХ ғасырдың басында қазақ халқы саяси аренаға, азаттық пен
тәуелсіздіктің күрес жолына, ағартушылыққа шақырған ірі қоғам
қайраткерлерін шығарды. Ел арасынан өздерінің табиғи дарынымен, асқан
білімділік деңгейімен, рухани парасатымен суырылып шыққан алаш азаматтары
ұлт болашағы үшін жан аямай тер төгіп, бостандық пен бақытты өмір
жаршыларының тұңғыш қарлығаштары бола білді.
Шын мәнінде, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басы алып адамдарды
қажет еткен әрі осыған орай өздерінің ойлау, болжау қасиеттері айрықша,
талғам-танымдары жан-жақты алыптарды дүниеге келтірген дүбірлі заман еді.
Бірақ көп жылдар бойы Кеңес өкіметі жүргізген озбырлық пен қырып-
жоюға, тарихты өрескел бұрмалауға негізделген саясаттың тікелей салдарынан
халқымыздың сана-сезімі өлшеусіз де орны толмас жұтаңдыққа ұшырап, оның
интеллектуалды ауқымының қарыштап дамуына үлкен нұқсан келді.
Тоталитарлық жүйе үстемдік құрған жетпіс жылдық кеңес дәуірінде
қоғамдық және ғылыми өмірдің шектен тыс идеологияландырылуы ХХ ғасырдың
басындағы отарлық саясаттың проблемаларын зерттеуге өзінің теріс ықпалын
тигізді, осы мәселелерге қатысты сыңаржақ тұжырымдар жасалды.
Ұлттық санамыздың оянуы өткен жолдарымызды бұрқаламай, тарихи
процесті қаз-қалпында көрсетуді талап етуде. Кеңестік кезеңде ел
тарихындағы жеке тұлғаның атқаратын қызметі мен ол өмір сүрген кезеңдегі
қоғамдық-саяси ахуал зерттелсе, зерттеу методологиясы не бірыңғай
қаралауға, не асыра марапаттауға құрылатын.
Кеңестік жүйе кезеңінен кейін әділеттік бағасын алған сонымен қатар
әлі де болса зерттелінбей жатқан қайраткерлердің қатары көп. Олардың
көпшілігі саналы өмірін мемлекетке, халықтың болашағына арнаған, ХХ
ғасырдың 30 жылдарында саяси қуғын-сүргін құрбанына айналғандар.
Президентіміз Н. Ә. Назарбаев Тарих толқынында кітабында ХХ ғасыр
зиялылар тағдыры турасында: Ғасыр басында мемлекет мүддесін ойлаған ұлы
қазақтардың жеке басының тағдыры да солай қасіретті болды. Алайда, ұлттық
жігермен толысқан зерде сабағы ұмыт болған жоқ, - деп жазған еді [1, 175
б.].
Еліміздің тарихында өзіндік елеулі із қалдырған қайраткерлер қатарына
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басында тарих сахнасынан шыққан қазақ
зиялыларын жатқызуға болады. Бүгінгі таңда сол зиялы қауым өкілдерінің
бірқатарының ғұмырнамасы жасалып, көпшілік қауымға ұсынылып жатыр.
Дегенмен бұл бағыттағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын тереңдете жүргізіп, қазақ
зиялыларының ғұмырнамасы қатарын толықтыра түсуіміз керек. Қазақ
зиялыларының өмір жолы кеңестік дәуірде ара кідік зерттелді. Олардың
көпшілігі революциялық қозғалыстарға, кеңестік құрылысқа атсалысқан
қайраткерлерге арналды. Алайда мұндай іріктеме зерттеулер марксизм-ленинизм
идеологиясы аясынан аса алмады. Ол дәуірде қазақ зиялыларының өмір жолын,
атқарған қызметін объективті тұрғыда ашып көрсетуге кеңестік тарих
ғылымының ұстанған идеологиясы тосқауыл болды. Кеңестік тарих ғылымы
сүйенген идеология кеңестік империя мүддесі жолында ұлттық мүддені
ескермеді. Ұлтшылдыққа қарсы күресемін деп ұлттық сипаты бар құбылыстарды
аяққа басты. Кеңестер одағында аз халықтардан шыққан ұлтжанды, елін сүйген
қайраткерлер ұлтшылдар болып қудалана түсті.
Қазақстанның Ресейге бодан болғаннан бергі тарихындағы ХІХ ғасыр аяғы
мен ХХ ғасырдың алғашқы ширегін саяси күрестер мен рухани жаңғыру кезеңі
деп айтуға болады. Бұл кезеңде саяси күрес сахнасына Ресейдің аса үлкен
ғылыми, саяси орталықтарында білім алған, сол кезеңдегі Европадағы саяси
күрестің бет алыс бағдарларынан әбден хабардар, экономика, құқық тарихы мен
теориясын терең меңгерген қазақ зиялыларының үркердей озық ойлы тобы шықты.
ХХ ғасыр басында қазақ зиялылары сан жағынан көп болған жоқ. Себебі
Қазақстанда бірлі-жарым орта білімді мұғалімдер даярлайтын курстар мен
училищелер болмаса, арнайы оқу орындары болған жоқ. Қазақ жастары
Петербург, Қазан, Мәскеу, Томск т.б. сияқты қалаларда түрлі мамандықтар
бойынша білім алды.
ХХ ғасыр басындағы қазақ интеллигенциясы сан жағынан көп болған жоқ.
Қазақстанда бірлі-жарым орта білімді мұғалімдер даярлайтын курстар мен
училищелер болмаса, арнайы оқу орындары ашылған емес. Патша үкіметі қазақ
халқының жалпы мәдени деңгейінің өсуіне мүдделі болған жоқ, керісінше
бұратана халықты қараңғылықта ұстау отаршыл өктем саясаттың мазмұны
болатын. Ал ХІХ ғасырдың соңғы ширегінен бастап қазақ даласында азын-аулақ
ашыла бастаған орыс-қазақ мектептері мен гимназиялары жергілікті жұртқа
орыс ықпалын жүргізу үшін керек болды. Сонымен бірге ресейлік оқу
орындарынан қазақ жастарына да бірлі-жарым орын бөлуге мәжбүр болды.
Генерал – губернаторлықтар кеңсесі жанынан қазақ студенттеріне жылына 3-4
степендия белгіленіп отырды.
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында қазақ мамандарын даярлауда
Қазан қаласы айтарлықтай үлкен орталыққа айналды. Қазан Император
университеті мен мал дәрігерлік институтында оқыған жастар қазақ халық
алдында үлкен абыройға ие еді. Жоғары оқу орнындағы алған білімнің
арқасында қазақ жастары өз ұлтының мүддесін ғылыми тұрғыда талдай отырып,
сол үшін ғылыми еңбектер де жазды. Осы оку ордасында Ахмет Бірімжан,
Мұхамеджан Қарабаев, Иса Қашқынбаев, Жансұлтан Сейдалин, Уәлихан Танашев,
Әбубікір Алдияров, Садық Аманжолов,Арынғазы Боштаев, сияқты қайраткерлер
білім алды. Торғай облысының әскери губернаторына Қазан Университетінің
Кеңесі атынан мынандай хабар жіберілген: ...28 мамырда 1882 жылы Қазан
Университетінің шешімімен Жансұлтан Сейдалин курсты бітіріп, кандидаттық
диссертацияны ұсыну арқылы құқық магистрі атағына ие болды. Жансұлтан
Сейдалин 1867-1868 жылдарғы Ресей империясының Далалық аймақтарды уақытша
басқару ережелерін талдай келе, қазақ даласына әкімшілік әдістермен
көшпелілердің өмір-салтына қысым жасамауды талап етеді. Керісінше климат
пен географиялық жағдайлардың, мал шаруашылығын дамытуға өте
қолайлығын дәлелдейді. Осы дипломдық еңбегі жоғары бағаланып,
құқық магистрі атағын берген еді. Бұл қазақтар арасынан құқық саласында
үшінші құқық магистрі еді. Ескерту: 1-ші құқық саласында доктор дәрежесін
Қазан Университетінің ғылыми Кеңесінің шешімімен Жәңгір ханға, 2-ші құқық
кандитаттығы дәрежесін Тілеумұхамед Сейдәлін алған [22,128б.].
Ал Қазан Университетінің студенттерінің бірі Уәлихан Танашев 1917 жылы
Қазан мұсылмандары қозғалысының жетекшілігі ретінде қала думасына депутат
болып та сайланған. Кеңес өкіметі орнағанда, Уәлихан Танашев Алаш
қозғалысындағы кешірім жасалғандар қатарына жатқызылып, саяси қызметін
кеңестік кезеңмен ұштастырады. Қырғыз (Қазақ) әскери-революциялық
комитетінің аппаратында, 1919 жылдың аяғынан бастап Қазақ АКСР-ін
ұйымдастыру ісімен айналысады. 1920 жылғы тамыздың 19-ында В.Лениннің
төрағалығымен өткен қазақ өкілдері қатысқан Халық Комиссарлары Кеңесінің
мәжілісінде Бөкей Ордасының жеріне қатысты да мәселе қаралды. Сол кезде
Алашорда үкіметінің вице-премьері болған, Уәлихан Танашевтің серігі Әлімхан
Ермеков екеуі бір күнде Лениннің қабылдауында екі рет болып, әр сүйем жерді
дәлелдеп, Астраханға қосқалы отырған Каспий теңізі жағалауы округін, Ертіс
өзенінің сол жағалауындағы он шақырымдық аумақты Қазақ Автономиясының
иелігіне алып береді. Шекара мәселесін анықтау, қазақ жерлерін заңды иесіне
қайтарудағы оның еңбегі, міне, осылайша көрінеді.
Бір ғана Қазан қаласындағы жоғарғы оқу орнында оқыған қазақ жастарының
саны - 22 емес, одан көп екені нақтыланып отыр. Айталық, Батыржан Кенжетаев
1877 жылы мен 1917 жылдар арасында Қазан университетіне 37 қазақ жасы оқуға
түсіп,оның 20 оқуды бітірді деп нақтылайды. Бұл азаматтардың көпшілігі Алаш
қозғалысына қатысып, Алаш Орда Үкіметінің белді қызметкерлері болды [16,
80 б.].
Бұл студенттер 1878 жылы белгіленген генарал-адъюдант Н.А.Кржыжановский
атындағы 3, 1895 жылы Ішкі Орда (Бөкей Орда) қазақтары үшін белгіленген 1
стипендияларды пайдаланды. Жылдық стипендия көлемі 320 сом болған.
Университетте оқыңған студенттердің біразы Торғай облысы қазақтары жәрдемге
жиған (19200 сом) қаржы есебінен де стипендия алған.
ХІХ ғасырдың 2-ші жартысында Қазақ даласында Ресей империясының
миссоиерлерінің бірі Н. Ильминский Ы.А. Алтынcарин туралы
естеліктер атты мақаласында өзіне Қазан университетінің 1829 жылы оқуға
түскен түлектері жолығып, Қазақ даласында мектеп ашу жобаларын Ресей
әкімшілігіне ұсынғанын жазады. Ал олардың татар халқының ұлы ағартушысы
Қазан университетінің адъютант профессоры И.Халфиннің дайындауының
арқасында профессор Эртманның алдында жақсы емтихан тапсырған қазақ жастары
Бекбаев Айса мен Оразәлі Құрбанов Қазан университетінің шығыстану
факультетіне 1829 жылы студенттері болып қабылданады.О. Құрбанов
денсаулығына байланысты оқуын бітірмеген. Ал Бекбаев 1833ж оқуын бітірген
соң, Орынбор шекаралық комиссиясына тілмаштық қызметке қабылданғанын
А.Бекбаевтың өзі айтқан.
Жалпы Қазан қаласындағы оқу орындарында 1877-1917 жылдар аралығында
білім алған қазақ жастарының саны 84 болса, оның ішінде 54-і диплом алды.
Қазандықтар қазақ зиялыларының негізгі бөлігін құрады.
Қазан қаласында білім алған қазақтардың сандық және сапалық құрамына
талдау жасайтын болсақ:
- Қазақ интеллигенциясы қоғамның иерархиялық құрылымынының жоғарғы
сатысына ұмтылған шыңғыс тұқымынан құралды;
- Білім ордасынын студенттері көбіне ауқатты отбасынан шыққандар еді;
- Ұлттық дәстүр ескеріліп, Қазан қаласында білім алған жастардың ішінде
отбасының үлкені немесе кенжесі оқыған жоқ.
- Жоғары білім алудағы кедергілердің бірі қазақ жастарының гимназияда
білім алуларының қиындығы.
1913 жылы Қазақ газеті жарық көрді. Оның шығарылуымен Азамат қоғамдық
бірлестігі айналысты. Бұл бірлестіктің құрушылары 1904 жылы Қазан
университетінің медицина факультетін бітірген А.Алдияров және 1908 жылы
Қазан малдәрігерлік институтын бітірген А.Боштаев болды. Газеттің мақсаты
ХХ ғасырдың басында қазақ елінің саяси әлеуметтік өмірінің ең түйінді
мәселелеріне, шаруашылық жағдайына, жер, басқа елдермен қарым-қатынасына,
оқу-ағарту, әдебиет пен мәдениет, әдет-ғұрып, салт-сананға, тарих пен
шежіреге арналған мақалаларды жариялап, өзекті мәселелер көтерді.
ХІХ ғасырдың соңы және ХХ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогика тарихы курсының мазмұны
Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметі
Отаршылдық саясаты кезеңіндегі оқу ағарту ісі
Көкшетау өңірінен шыққан ұлт зиялыларының өкілдері
Қазақ интеллигенциясының қалыптасу ерекшеліктері
Қазақстандағы ғылыми кітаптар басылымының тарихы (ХХ ғ. 20–40 жж.)
Қазақстандағы білім беру және кәсіби мамандар дайындау саласында патшалық Ресейдің отарлық саясатының салдарлары мен зардаптары
Қазақ қоғамындағы білім жүйесінің даму деңгейі
ХІХ ғасырдың екінші шерігінде крепостнойлық правоның әсеріне қарамастан
Ұлттық элитаның қалыптасуы
Пәндер