Желтоқсан тарихы (оқу - әдістемелік құрал)


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

ЖЕЛТОҚСАН ТАРИХЫ (Оқу - әдістемелік құрал)

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

Желтоқсан оқиғаларының тарихи, әлеуметтік-экономикалық және саяси түп-тамыры . . . 5

Оқиғалардың өрістеуі. ………. 6

Желтоқсан көтерілісінің түпкі себептері11

Әдейі ұйымдастырылған ашаршылық. 12

Оқиға салдарлары. 14

Зиялыларды қуғындау . . . 17

Желтоқсаншылардың үні . . . 20

Айғақтамалар. . ………. . ……. 25

1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғасына түпкілікті баға беру жөніндегі комиссияның сараптамасы. . 32

Алаңға қатысушыларды қуғандар. 39

Желтоқсандық жәбірленушілердің халі. . 46

Желтоқсаншыларды жазалау шаралары. 49

Желтоқсан оқиғалары туралы қоғамдық ой - пікірлер56

Желтоқсан жыры . . . 63

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 72

Кіріспе

Алматыдағы және Қазақстанның өзге облыстарындағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғалары қайта құру барысындағы тұңғыш елеулі сынақ болды.

Осынау қайғылы жәйттің шын ауқымы мен қалтарысы күні бүгінге дейін халықтан құпия ұсталып келді. Желтоқсан оқиғаларына бірінші күннен бастап жаңсақ баға берілді. Оқиғаларды ұлтшылдар, маскунемдер мен нашақорлар бастаған жаппай тәртіпсіздік деп көрсету саяси жағынан қате және бүтін бір халықтың намысына тию еді.

Қазақ жастарының 1986 жылғы желтоқсандағы түрі жағынан ұлттық бой көтеруінде ұлтшылдық болған жоқ. Ол өзге халықтарға, соның ішінде орыс халқына қарсы шығу емес еді. Алматыдағы желтоқсан толқуы - шын мәнінде, еліміздегі екі күштің: жас, буыны қатпаған демократия мен сол кезеңде әлі де қуатты тұрған әкімшілдік - әміршілдік жүйенің тұңғыш рет бетпе -бет соқтығысуы еді.

Комиссия жұмысы үш кезеңнен жүргізілді. Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының 1989 жылғы 1 шілдедегі Қаулысымен құрылған комиссияға оның құрамына шындықты бүркемелеуге тікелей мүддемелі ресми адамдар ену себепті жұртшылық сенімсіздік көрсетті.

Кейін Комиссия құрамына ССРО халық депутаттарының тобы енгізіліп, сарапш жұмыс топтары құрылды. Комиссияның екіншіт құрамы бір айдан астам ғана уақыт -1989 жылғы қазан айының басынан қарашаның 14 -недейін жұмыс істеді, сонан соң бұрынғы шақырылған Қазақ ССР Жоғарғы Советінің сессиясы оның алдын -ала жасаған қорытындыларын сыңаржақ деп есептеген жұмысты одан әрі жалғастыруын қажетсіз деп тауып, Комиссияны таратты, шағын жұмыс тобын ғана қалдырды.

1990 жылғы қаңтарда ғана жұртшылықты талап етумен қазіргі құрамдағы жаңа Комиссия құрылды.

Комиссияға жалпы көлемі 10 мың бет 2000 - дай құжат келіп түсті.

Желтоқсан оқиғаларын жазған жергілікті, республикалық одақтық және халықаралық баспасөз, шетел радиостанцияларының жариялаулары мен хабарлары зерттелді.

3

Комиссия жұмысы барысында қылмысты істер бойынша 98 әкімшілік істер бойынша 360 сарапшылық қорытынды, зерттеудің жекелеген бағыттары бойынша 75 анықтама жасалды.

1990 жылғы 1 қыркүйектегі есеппен қылмысты іс бойынша ақтау негізінде 46 сот қаулысы күшін жойды, 144 әкімшілік іс негізсіз деп табылып, күшін жойды. Қ. Рысқұлбековтың қылмысты ісін және оның өлімі жөнінде қылмысты істі қайта қарап, Алматы энергетика институтының студенті Е. Сыпатаевтің өлімі жөніндегі қылмысты істі қайта қозғау туралы мәселе қойылды. 1986 жылғы Қазақстандағы желтоқсан оқиғаларын зерттеу жөнінде Комиссияның құрылуын республика азаматтары әрқалай қабылдады. Олардың бір бөлігі мұны қызу қолдап, шындық толық ашылады деп үміттенді, кінәлілерді, ұйымдастырушыларды, айдап салушыларды тауып, көрсетіп тұрып жазалауды талап етті. Ал азаматтардың екінші бөлігі еліміз бастан кешіп отырған сілкіністер толқынының арасынан орнықтылық аралындай болып көзге шалынатын республикада желтоқсан оқиғаларының шындығын айту саяси және ұлтаралық тепе -теңдікке нұқсан келтіреді деген қауіп білдіреді. Олардың шақыруы -«болары болып, бояуы сіңгенді қайтып қопарыстырмау», «бітеу жараның аузын ашпау» т. б. Комиссияның құрылуына теріс қарап, оның мақсатымен мәнін қабылдамайтын, түсінбейтін, негізінен тарихымыздың осы бір бетін қайта қарауға да қарсы адамдар да бар.

Пікірлердің мұндай әр алуандығының өзегінде бір нәрсенің басы ашық-халықты алдап, шындықты жасырып қалу ешқашанда қоғамға пайда әкелген емас. Ерте ме, кеш пе, шындық айтылмай қоймайды, соңғы жылдардың оқиғалары дер кезінде сабақ болу үшін неғұрлым ерте айтудың қажеттігіне көзімізді жеткізіп отыр.

Жағдайда, қолда бар мүмкіндікке орай, Комиссия барша көрініс салдарын қамти отырып оқиғалардың себебін, бастау көзін, сипатын және ауқымын өкімет және мемлекеттік құрылымдармен бірлікте обьективті, жан -жақты зерттеуге тырысты.

4

Желтоқсан оқиғаларының тарихи, әлеуметтік-экономикалық және саяси түп-тамыры

Соңғы жылдардың ұлт аралық сілкіністерінің төркінінде тарихи әлеуметтік -экономикалық және саяси факторлар комплексі жатыр. Мұны түсінбеу күрделі көп ұлтты мемлекетті басқаруда инициативадан айырылып қалыға әкеп соқтырады, онығ тұтастығы қауіп туғызады.

Желтоқсан оқиғалары осындай сілкіністер тізбегіндегі алғашқы буын болып себепті оның түп - тамырын, бастау көзін тесіле зерттеу болашақта сабақ бола алар еді.

Қазіргі Қазақстан тереториясына алғашқы қоныс аударушы ХVI ғасырдаң өзінде келген, алайда қазақ даласын отарлау тарихы 1986 жылы Ақтөбе облысында өз бетінше аслынған алғашқы шаруа жатақтарынан басталды. 1987 жылғы халық санағының есебі бойынша, Қазақ ССР - нің қазіргі шекарасы аумағындағы қазақтардың үлесі сол кезде - ақ тұрғындардың 80 процентін құраса, одан кейін бар болғаны алты он жылдық бедерінде Россия империясымен шектескен тереторияда 2, 5 -3 есе кеміді

Бұрынғы Өскемен уезінің (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы ) терреториясында 1897 және 1959 жылғы екі халық санағы аралығында бұл үлес 80% - тен 90% - тен, 26 % -ке, Көкшетау - 51% -тен 19 % -ке Петроавл -47% -тен 13 % Костанай - 78% тен 19% -ке. Ұлттың күрт демокрафиялық «орта түсуі» жүрді.

Қазақ халқы үшін халықтың жартысынан астамы аштық пен індеттен қырылып, 15% -і республикадан тыс жерлерге қоныс аударған күшпен коллективтендіру кезеңі нағыз нәубет болды. Сол тұстағы шағын 2 млн. 750 мың адамға жетті, ал республика халқы арасында қазақтардың үлесі 38% -ке дейін төмендеді. (1939 жылғы санақ бойынша ) .

Байырғы халық үлесінің кему процесі ұланғайыр далаға басқа халықтардың индустрияландыруы кезеңіндегі еңбек армияларына күшпен алу, коллективтендіру кезеңі кулактарды жер аудару, соғыс кезінде күдікті көрінген халықтарды жаппай көшіру, Қазақсиандағы тың жерлерге шақыру жолдарымен сан миллион адамдарды миграциялау кесірінен өрши түсті. 1930

5

жыл мен 1932 жыл аралығында Қазақстанға сырттан 3 млн. 950 мың адам келді. Мұндай саясат, шын мәнінде, байырғы халықтың «жұтылып» кетуіне әкеп соқтырда.

Қазақ халқының үлес салмағы мен санын қысқарту елді мекендер, жер -судың тарихи аттарын өзгертумен қоса -қабат жүрді.

Оқу ана тілінде жүретін қазақ мектептерін жаппай жабу, әсіресе зиялы қауым мен қала жастарының арасында сөз мәдениетінің жоғалуы халық мәдениетінің ішкі дәт - қуатының шайылуы қаупін тудырды.

Қазақстан табиғатқа ойсыз, обыр көзқарас, өндірістік өнеркәсіпиің тым көп шоғырлануы салдарынан экологиялық апат аймағына айнаоған өзге респуликалар қатарынада. Соңғы отыз -қырық жылда бұл жалпы қырсықтарға ғаламшарлық сипаты бар қос бірдей нәубет -Арал мен Балқаш және Семей ядролық полигоны жағынан тіршілікті ақырын жойып жатқан апаттар келіп қосылды.

Желтоқсан оқиғаларының саяси төркіндері әкімшілдік - әміршілдік жүйеде жатыр. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 1986 жылғы 16 желтоқсандағы Пленуымының Г. В. Колбинді бірінші басшыны тағайындау жөніндегі қалыптасқан дәстүрі арнасында қабылданды. Бұл шешім қайта құру жария еткен принциптерге, демократияландыру менхұқықтығы мемлекет құру бағытына қайшы келді.

  1. жылғы 17 желтоқсанда осы шешімге халықтың әлеуметтік жағынан неғұрлым кедей тобы -қазақ жұмысшысы және оқушы жастары қарсы шықты. Қашанда жаңаға, ілгерішіл атаулыға іңкәр, жалғандыққа жаны қас дәл осы жастар қайта құру ұрандарын бірінші болып жүректеріне жақын қабылдап, сенген еді, міне, іргесін бермеу үшін жанталасқан әкімшіл -әміршіл жүйенің жуап соққысының батпандай салмағы сол жастарға бірінші болып тиді.

Оқиғалардың өрістеуі

Желтоқсан оқиғаларын Д. А. Қонаевты бірінші хатшы қызметінен босатқан Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 1986 жылғы 16 желтоқсандағы Пленумы тұтандырды. Осындай ұсыныспен Саяси бюро атынан СОКП

6

Орталық Комитетінің хатшысы Г. П. Разумовский шығып сөйледі. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті Пленумының шешімі туралы хабар ремспубликалық радио бойынша 16 желтоқсанда, сағат 15. 00-де берілді. Сол күннің кешінде қалалық ішкі істер басмқармасы мен республика Мемлекет қауіпсіз Алаңға жағдайды көзбен көру үшін Мемлекет қауіпсіздігі комитетнің төрағасы В. М. Мирошник, МХК - нің жедеғабыл және тергеушіліер құрамы келіп жетті. Г. Н. Князовтің нұсқауы мен алаңға оның орынбасары Э. О. Басаров, С. Д. Сериков, қалалық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары К. Т. Мусин келді. Әр түрлі ақпар бойынша алаңдағы бой көрсетушілер саны таңер теңгі сағат 10 шамасында 300 -ден 1000 адамға жеткен.

Сағат 10. 30. шамасында Алматы гарнизоны бойынша номірі бірінші жауыншерлік дайындық жариялады темір жол вогзалдары мен аэропорттар жабылды.

Бой көрсету Республика Компартиясы Орталық Комитеті Пленуымының шешімімен келіспейтін бейбіт саяси қарсылық сипатында болды. Жұрт Г. В. Колбиннің сайлауына көңіл ьтолмаушылық білдіріп, Д. А. Қонаевттың алдарына шұығуды талап етті, ауыр әлеуметтік - тұрмыс жағдайы, тұрғын үй, жұмыс тапшылығы, ана тілінің қолданылуы аясының шектелулігі өткір сөз болды.

Алаңды қоршап алып, оған ешкімді енгізбеу шығармау жөнінде бұйрық берілді. Алаңға жөңкілген жаңа ректер қоршауға келіп соғылып, кей тұста оны бұзып өтіп жатты, қақтығыс шықты. Қоршаудың ішінде қалғандар, сырттан келгендерге қоршауды бұзуға көмектесті, сөйтіп жағдай шиеленісе түсті. Жиналғандар қоршауды алып тастауды талап етті. ССРО Ішкі істер министрі Власов, СОКП Орталық Комитеті Саяси бюросының келісімімен Алматыға елдің сегіз қаласынан арнаулы іскі істер бөлімшелерін жіберуге бұйрық берді. Алматыға саяси бюро мен СОКП Орталық Комитетінің өкілдері, ССРО Ішкі істер министрлігі, Мемлекет қауіпсіздігі комитеті, Прокуратурасының жоғары дәрежелі қызметкерлері ұшып шықты.

ҚазМУ қалашығы жағынан, Бейбітшілік көшесі тұсынан алаңға қолдарына қызыл ақ жалаудар ұстаған құрамы 600 -дей

7

үлкен топ шықты. Олар ән айтып, «Әуелбеков, Назарбаев» деп ұрандап келе жатты. Алаңға 7524 және 7552 әскери бөлімшелер әкелінді. Олар оқ өткізбейтін сауыт -кеудеше, дулыға, қалқан, сойылмен жарақтанған еді. Екі арнаулы машинада арнайы құралдар - түтінге қақалтатын шашытқы, белгі беретін ракета, көзден жас ағызатын «Мойыл» газы, әскери оқ -дәрі сақталды. 7552 әскери бөлімшеге қызметші - иісші иттер бөлімшесі берілді. Солдаттар бұйрық бойынша топты кері, алаңға қарай серпіді, оларға таскесек, әк, мәрмәр, жақтау сынықтпары жауып кетті, біраз адам жарақат алды. Басқа бірде - бір республикада өзге ұлттан бірінші хатшы қойылмаған, Қазақстанда лайықты, адал, ақылды, халыққа кіндігімен байланған, оның тұрмысын, мәдениетін, аңсарымен мүддесін білетін адам табылмағаны ма? Орталықтың бізді өз ортамыздан басшы табуға қауқарсыз деп білетін пікірі - бүкіл қазақ халқын қорлағандық - дегенге сайып жатты. алаңды көктейғ, тұрғын үйлерге, мінбеге, Орталық Комитет үйіне қарай түтін шашатын қол гранаталары, шашыратқылар, белгі беретін ракеталдар ұшты, алауға тасталған әскери оқ - дәрі т. б жарылып жатты. Орталық Комитет үйінде терезеге тиген ракетадан өрт шықты, едендегі кілемге зақым келді.

Алаңға жарық беру доғарылды, тек қуатты қос авициялық прожектор жарық қылып өрт қойылған автомашиналар мен ағаштар жанып жатты. Жаппай тәртіпсіздік қала көшелеріне қарай ойысты. Алғашқы бой көрсетушілер алаңға сағат 8 -ден кейін келе бастады, қолдарына таяқ ұстап, «Колбин құрысын» дейтін ұран көтерген олар әлдеқайда ашу - ызада еді. Бой көрсетушілер өкілдерімен Қазақстан Коспартиясы Орталық Комитетінің Бюро мүшелері тілдесті. Олар «Аймақтағы жағдай сырттан адам келуін талап етіп отыр. Бұл партияның ішкі ісі. Адамдарды таратындар, әйтпесе күш қолданамыз» десті «Елшілер» бой көтерушілер қатарына оралып үлгергенше, оларды сойылдың күшімен қуып тарату басталып кетті. Бірнеше шағын топқа бөлінген бой көтерушілер қаланың әр ауданына шоғыр - шоғыр болып жиналды.

Қалада ұлттық белгі бойынша бөлінген жастар топтары мен жасақшылардың, право қорғау органдарының арасында қақтығысулар басталды. Ойран салуға арандатқан

8

шақырушылар көбейіп, орыстарға қарсы ұрандар пайда болды. Қандары қызған жастар топтары таяқпен қаруланып, жатақханаларға, оқу аудиторияларына басып кіріп, жастарды күшпен көшеге қуып шығара бастады.

Қуып тарату кезінде және түнде ұсталғандардыь әскерилер, «автозак» машиналарына, автобус тарға тиеді. Ұсталғандардың көпшілігі көгеріп - қанталаған, қансырағандар еді. Машинаға отырғызу кезінде ұсталғандарға, оның ішінде әйелдерге де қол жұмсалды. Бас киім, бөкебай, шалбар белдіктері бір жерге үйіліп, қара түсті ГАЗ - 24 машинасына тиелді.

Автоинспекция машиналары бастаған көліктермен адамдар саны алынбай - ақ қала сыртына шығарылып, алқаптар түсірілді. Ұсталғандардың бір колоннасы Әл - Фараби проспектісі арқылы Жоғарғы Камен поселкісі ауданына көтерілді. Екінші коллонна жоғарғы Қаскелең тас жолы арқылы Алматы үй құрлысы комбинатының карьеріне, «Райымбек» және «Путь Ильича» поселкелеріне бет түзеді.

3. Ресми орындар оқиға салдарлары туралы біріне - бірі қарама - қайшы келетін, дәл, емес көбінесе кемітіп көрсеткен мәлімет берумен болды.

Мысалы, әр түрлі дерек бойынша ұсталғандар саны қилы: Ішкі істер министрлігі мәліметті бойынша -2336, Мемлекет қаіпсіздігі комитеті -2212, Прокуратура - 2401. Комиссия есептен уақытша изоляторларға жеткізілген сондай - ақ «автозак», автобустар бірнеше рейспен қала сыртына шығарылған 6000 - дай адам есепке енгізілмегенін т аныцқтады. Сонымен комиссия бағасы бойынша, ұсталғандардың жалпы саны 8500 - дей.

- МХК мен прокуратура қызметкерлерінің емдеу мекемелерінен аурулар тарихын алып кету фактілері тіркелген дәрігерлік көмек сұрау көлемін дәл анықтауды қиындатты;

- Тіркемей -ақ дәрігерлік жәрдем көрсетілген көздер болған;

- Аязда адамдар мұздай сумен шомылдырудан, жерде бірнеше сағат бойында жатып қалып, қала шетіне апарып тастағаннан болатын аурулар ескерілмеген;

9

Екі жақтың оқиғаға қатысушыларының, куәлар мен ата - аналардың жүйке ауруларына, стрестік жағдайға шалдығуы ескерілмеген.

Жаппай тәртіпсіздік салдарынан 11 транспорт түрі өртеліп, 24 -не жақым келтірілді, 39 жеңіл автобуспен 33 жеңіл такси машинасы істен шықты, 13 жатақханаға, бес оқу орнына, алты сауда кәсіпорнына төрт әкімшілік үйіне материалдық шығын келтірілді.

Оқиғалар келтірілген материалдық зиян 302644 сом 68 тиын.

Прокуратурада 5324, МХК -де 850 адам тергеуде болған.

900 - дей адам сот, миллшиция, кәсіпорындар, мекемелер, оқу орындар әкімшілігінің қаулысымен әкімшілік жолмен жазаланған (қамауға алу, айып салу, сөгіс беру т. б. ) 1400 адамға ескерту жасалған.

Ресми мәліметтер бойынша 264 адам оқу орындарынан шығарылған. Халыққа білім беру министірінің соңғы анықтамасында (1990 жылғы тамыз) оқудан шығарылғандар саны 309.

Оқиғаларға қатысқан 319 адам жұмыстан шығарылды. 250 адам Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының медальдарымен, 250 адам граматалармен, құрметт граматалармен наградталды.

Наградтау туралы жарлықтар жарияланған жоқ.

М. С. Мендібаев Комиссияға берген түсініктемесінде былай деп жазады. «Талап біреу болды - неге Орталық Комитеттің бірінші хатшысы сырттан әкелінеді, ол қызметтегі адам . . . қазақ болмай - ақ қойсын, бірақ республиканың проблемаларын білетін адам болсын. Жастар сол кездің өзінде -ақ ойлау жүйесі жағынан аға ұрпақтан ілгері еді, олар республика коммунистерінің жетекшісі туралы халықпен, қарапайым адамдармен келісілмей шешіле салынғанына реніш білдірді . . . Олар оны дауыспен естісе, түсінсе деп ойлады, келіссөз талап етті. Ал біз осыдан қорықтық қой».

Бой көрсетушілерді күшпен тарату туралы алғашқы шешімді З. К. Камалиденов, В. М. мирошник, Г. Н Князевтардың кеңесімен, орталықтың қуаттауымен жергілікті басшылық 17

10

желтоқсан күні сағат 18 - де қабылдады. Күшпен тарату туралы бұйрық тікелей Г. Н Князев берді. Осыдан кейін Алматыда жаппай тәртіпсіздік басталды.

Орталық Комитет Бюросының мүшесі, республика Жоғарғы Советі Президиумының бұрынғы төрағасы С. М. Мұқашев Комиссияға берген жауабында осы және бұдан кейінгі қуып тарату шешімдері қабылдауда ешкім олардың келісімін сұрамағанын айтты. Мұндай тұжырымдарды көпшілік алдында сөйлеген сөздерінде Н. Ә. Назарбаев та айтты.

Мұнан кейінгі қуып тарату операцияларын Б. Н. Елисов басқарған штаб үйлестіріп отырды, Г. В. Колбин мен СОКП ОК -нің өкілдері Ф. Разумов пен Ю. Мищенко саяси шешімдерді қабылдады.

Желтоқсан көтерілісінің түпкі себептері

ХХ ғасырда қазақ халқының басынан өткен тарихи оқиғаларды сараптаған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Комиссиясы «Желтоқсан оқиғасының саяси тамыры сол әкімшілік командалық жүйенің өзінен бастау алады» деген тоқтамға келді.

1931-1933 жылдардағы Қазақстан тарихын бұрын-соңды болмаған нәубеттен, әдейі саналы түрде ұйымдастырылған ашыршылықтан 5, 2 млн. қазақтың үш миллионға жуығының қырылуы коммунистер қолымен жүзеге асырылады.

Коммунистік партияның саясатын жүргізу үшін Қазақстанға жіберілген Ф. И. Голощекин (патшаны жанұясымен өлтіруге қатысқан адам) келе сала, 1925 жылдың 1 желтоқсанында Бүкілқазақстандық 5-ші конференциясында партия саясатының мәнін былайша ұғындырады: «Қазақстанда Кеңес өкіметі жоқ. Кеңес өкіметін орнату үшін «кіші Қазан төңкерісін» жүзеге асыруымыз қажет» («Советская степь», 1925 ж., 3 желтоқсан) .

Осы «теория» бойынша «төңкерісінің» жоспары былайша белгіленеді:

Бірінші кезеңде - зиялы қауым өкілдірен бір-біріне жауығатын екі кереғар топқа бөліп, анағұрлым танымал, халық алдында беделді жауығатын екі кереғар топқа бөліп, анағұрлым

11

танымал, халық алдында беделді зиялыларды «ұлтшылдықпен» айыптап, оларды қарсы топтың көмегімен жойып жойып жіберу. Сондай-ақ, «ұлтшылдардың» дұшпандық идеяларын іске асырмау үшін қазақ әліппесін ауыстыру қажет . . .

. . . Бесінші кезеңде - қалған барлық қазақ зиялыларының көзін жойып, қазақ әліппесін тағы да ауыстырып, осындай әдіспен жеткіншек ұрпақты өз халқының тарихын бастапқы тұма көздерден оқып-білу мүмкіндігінен айыру.

Голощекиннің бұл жоспары «Сталин жолдасқа бес сауал» деген қызметтік былай дейді: «Голощекин жолдас! Менің ойымша, қызметтік жазбада атап көрсетілген саясат, негізінен, бірден-бір дұрыс саясат болып табылады. И. Сталин» («Советская степь», 1927 ж., 20 қараша) .

Әдейі ұйымдастырылған ашаршылық

1931 жылы жүз мыңдаған қазақтар төніп келе жатқан ажалдан қашуға жанталаса жол іздеді. 1931-1933 жылдардағы ашаршылықтан Ресей, Өзбекстан, Қырғызстанмен шектес аудандардан қашқан қазақтардың бір бөлігі ғана аман қалды.

Малынан, күнкөрістің бар қорегінен айырылып, колхоздарға күштеп кіргізілген, әсіресе орталыққа, шекаралас мемлекеттерден қашықта орналасқан адамдар түгелдей опат болды.

1930 жылы Қазақстанда 5, 2 млн. қазақ болса, 3 миллионға жуығы аштан қырылды. Бұған теңдес бақытсыздық қазақ тарихында бұрын-соңды кездеспеген-ді . . .

академик - жазушы Ғабит Мүсірепов: «Әулие көл ауылының аса бере боран басталды. Жолдан адастық. Байқасам, қар астынан бір нәрсе қараңдайды. Шанадан түсіп, қасына бардым. Қар астында қалған адамдар мәйіті екен. Айқұш-ұйқыш қалай болса солай үйілген. Одан әрі мәйіттер бір жерге жинақталып, текшелеп қаланыпты. Нақ бір бекеттерге қойылған

қарауыл сияқты. Соларды бағытқа ала жүріп келеміз. Жолдың екі шеті де өліктерден аяқ алып жүргісіз. Мен бұған дейін мұндай сұмдықты көрген емеспін».

« . . . Қостанайға таяп қалғанда киіз үйлерден тұратын қалашықтардың бірінетап болдық. Бұл таңғажайып қоныстың өз

12

көшесі, тіпті әр киіз үйдің нөміріне дейін бар екен. Кәдімгі қала дерсін. Маңдайша тақтайшаларға: Құрамысов атындағы, Ерназаров атындағы, Исаев атындағы, Рошаль атындағы көше деп жазып қойыпты. Көшелер түгелдей қазақстандық көсемдер атын иемденіпті. Ал қалашықтың өзі голощекин жолдастың атын алыпты» (В. М. Михайлов. «Хроника великого джута») .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тарих сабақтарында интерактивті оқыту әдістерін қолдану
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
Мектепте тарих пәнін оқытудың әдістемелік негіздері
Тарихты оқытуда әңгімелеу және бейнелеу тәсілдерінің қолданылуы
Шаңырақ оқушылар қауымдастығы жұмысының жылдық есебі
Бастауыш сыныптар бойынша оқушылардың жобаға қатысу үлесі
Тәуелсіз Қазақстанның мәдениеті
Библиографиялау және библиографиялық қызмет көрсету
Қазақстан тарихын оқытуды ұйымдастыру формалары
ЭЛЕКТРОНДЫ КӨМЕКШІ ҚҰРАЛ ЖАСАУ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz