Еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысу есебін ұйымдастыру


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорындарда еңбек ақы есебін ұйымдастырудың теориялық негіздері
1. 1 Еңбек ақы ұғымы, мәні және оны ұйымдастыру жүйелері . . . 5
1. 2 Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық жағдайына сипаттама . . . 8
1. 3 Ұйымда бухгалтерлік есепті және есеп саясатын ұйымдастыру . . . 11
2 Еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысу есебін ұйымдастыру
2. 1 Жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамы және жұмыс
уақытын пайдалану есебі . . . 16
2. 2 Қазақстан Республикасында еңбекке ақы төлеу нысандары мен
жүйелері . . . 24
2. 3 Еңбек ақыны есептеу және одан ұсталынатын
ұсталымдардың есебі . . . 30
2. 4 Еңбекке жарамсыздығы бойынша жәрдемақыны есептеу . . . 32
2. 5 Еңбек ақының аналитикалық және синтетикалық есебі . . . 34
3 Еңбек ақы шығындарын жедел бақылау және талдау
3. 1 Еңбек ақы шығындарын жедел бақылаудың мақсаты мен міндеттері . . . 38
3. 2. Қызметкерлермен еңбекке ақы төлеу бойынша есеп
айырысуды аудиторлық тексеру . . . 42
3. 3 Еңбекті пайдалану тиімділігін жоғарылату . . . 51
.
Қорытынды . . . 59
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 61
Қосымшалар . . . 64
Кіріспе
Қазіргі экономикалық жағдайда әрбір ұйымның қызмет ету процесіне нарықтық қатынастарға қатысушы мүдделі тұлғалар үлкен көңіл аударатыны белгілі. Сол себепті олар есеп мәліметтеріне сүйене отырып, ұйымның қаржылық жағдайын бағалауға ұмтылады.
Бухгалтерлік есеп нарықтық экономика жағдайында ұйым жөнінде жан - жақты қамтылған ақпарат алудың бірден - бір көзі болып табылады. Оның көмегімен ұйымның төлем қабілеттілігн, өндірістік қызметінің тиімділігі мен табыстылығын, даму перспективаларын сипаттауға мүмкіндік мол.
Нарықтық қатынастардың дамуымен бірге әртүрлі меншік нысанындағы еңбекке ақы төлеу мәселесі де басты орынға шықты.
Еңбек ақы - жұмысшының өз еңбегінің нәтижелі болуына, құрылыс - монтаж жұмысының көлемі мен сапасын көтеруге мүдделілігін арттырудағы ең басты құрал. Ол күрделі экономикалық қарым - қатынастардың жиынтығын сипаттайды. Айталық, біріншіден, бұл - жұмысшы мен жалпы қоғам арасындағы қарым - қатынас. Еңбек ақы төңірегіндегі, ең төменгі жалақы мөлшерін белгілеу, ұжымдық келісім - шартты бекіту секілді мемлекеттік саясаттың қажеттілігі, яғни мемлекеттік реттеу қызметі. Екіншіден, еңбек ұжымы мен құрылыс ұйымы арасындағы қарым - қатынас, басқаша айтқанда, еңбек ақы мөлшерінің құрылыс ұйымының қаржы - шаруашылық есебімен тығыз байланыстылығы.
Еңбек ақының мәні, оның қызметімен анықталады. Ол жұмысшының материалдық және мәдени қажеттілігін қанағаттандыру үшін жеткілікті болуы тиіс.
Бұрынғы Кеңес тұсындағы жоспарлы - бөлу жүйесі, тарифтік ставкаларды бекітудің директивті тәсілі нарықтық экономика жағдайында еңбек ақының арақатынасын реттеуге қабілетсіздігін байқатты.
Экономикасы дамыған елдердің тәжірибесін зерттеу, еңбек ақыны нарықтық реттеудің механизмі өзіне келесілерді қамтитынын көрсетті:
- еңбек келісім шартын бекіту кезінде барлық мүдделі тараптардың мүддесін толық көрсетуге мүмкіндік беретін көп деңгейлі ұжымдық - келісім шарттық жүйені;
- жеке табыс салығын реттеудің салықтық жүйесін, сондай - ақ жұмыс берушінің жұмыс күшіне жұмсайтын шығындарын;
- еңбекке ақы төлеудің жекелеген шарттарын ең төменгі кепілдік жалақы түрінде мемлекеттік реттеу.
Қазіргі жағдайда жұмысшыларға еңбек ақы төлеу нысаны, жүйесі мен мөлшері, сонымен қатар басқа да табыс түрлері құрылыс ұйымының шешімімен белгіленеді. Бірақ, кәсіпорындар меншік түрі мен ұйымдық - құқықтық нысанына қарамастан міндетті түрде еңбекке ақы төлеудің ең төменгі мөлшерін және жұмысшыларды әлеуметтік қорғаудың заңмен бекітілген шарттарын қамтамасыз етуі тиіс.
Диплом жұмысының мақсаты ұйымдағы еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысудың ұйымдастырылуын зерттеу, қолданыстағы еңбек ақы нысаны мен жүйелерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін талдау болып табылады. Жоғарыда аталған мәселелер диплом жұмысының тақырыбының өзектілігін анықтайды.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттер өз шешімін табуы керек:
- еңбек ақы ұғымының мәнін зерттеу және ашу;
- іс жүзіндегі еңбек ақы нысандары мен жүйелерін қарастыру, еңбек ақыны есептеу, сый ақыны беру тәртібін зерттеу;
- еңбек ақыдан және басқадай төлемдерден ұсталынатын ұсталымдар есебін, олардың есеп шоттарда көрсетілуін қарастыру;
- еңбек өнімділігі мен еңбек ақы қорын талдау.
Алға қойылған міндеттерді шешу үшін «ДЭМС» ЖШС-нің 2008-2009 жылдардағы есеп мәліметтері, сондай - ақ Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп саласындағы нормативтік - құқықтық ақпараттары, бухгалтерлік есеп әдебиеттері пайдаланылды.
1. Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорындарда еңбек ақы есебін ұйымдастырудың теориялық негіздері
1. 1 Еңбек ақы ұғымы, мәні және оны ұйымдастыру жүйелері
Еңбек ақы ұғымы көптеген экономистер арасында қызу пікірталас тудырып отырғын ұғым, олардың бірқатары «еңбек ақы» ұғымының орнына «еңбек табысы» ұғымын қолдануды ұсынады.
Бірқатар экономистердің ұстанатын қағидасы жаңа терминологиялық сөзді емес, керісінше «еңбек ақы» экономикалық категориясының мәні мен қасиетін тану. Еңбек ақыны жұмысшылар арасында атқарған еңбегіне қарай бөлінетін қоғамдық өнімнің (жиынтық қоғамдық өнім, ұлттық табыс) бір бөлігі ретінде түсіну нарық талабына қайшы.
Бұл жерде тек еңбек ақының пайда болу көзі ғана белгіленіп отыр, сондай - ақ еңбек ақы тек еңбектің саны мен сапасына қарай емес, ұйымның соңғы қаржылық нәтижесіне, жұмысшының нақты еңбектік үлесіне қарай бөлінеді.
Экономикалық теорияда еңбек ақының жаратылысын анықтайтын екі негізгі тұжырым бар:
- еңбек ақы - бұл еңбектің бағасы. Оның шамасы және динамикасы нарықтық факторларға, ең алдымен, сұраныс пен ұсынысқа тәуелді;
- еңбек ақы - бұл тауар құнының ақшалай көрінісі, «жұмыс күші» немесе «жұмыс күші тауарының құнының өзгертілген нысаны». Оның шамасы өндіріс шарттарымен және нарықтық факторлармен - сұраныс және ұсыныс - анықталады. Осылардың ықпалымен еңбек ақы жұмыс күшінің құнынан ауытқиды.
Еңбек ақының еңбек бағасы ретіндегі тұжырымын А. Смит пен Д. Рикардо берді. Олар еңбек тауар ретінде көрініс тауып, табиғи бағаға, яғни «табиғи еңбек ақы» ие болады деп санады. Ол өндіріс шығындарымен анықталады, оның құрамына А. Смит жұмысшы мен оның отбасының өмір сүруіне жеткілікті қаражаттардың құнын қосты.
Еңбек ақы - тауардың ақшалай көрінісі тұжырымдамасын К. Маркс жасады. Оның негізіне ол «еңбек» пен «жұмыс күші» түсініктерінің айырмашылықтарын салды. Және еңбектің тауар бола алмайтындығын және оның құны жоқ екендігін негіздеді. Тауар болып еңбек етуге қабілетті жұмыс күші танылады, ал еңбек ақы осы тауардың ақшалай түрдегі құны болып табылады. Жұмысшы бүкіл еңбегіне емес, тек керекті еңбекке ғана ақы алады. Еңбек ақының экономикалық жаратылысы мынада, оның есебінен жұмыс күшінің ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз ететін материалдық және рухани қажеттілігі қанағаттандырылады. К. Маркс еңбек ақының шамасы тіршілік ету қаражатына емес, қоғамның экономикалық, әлеуметтік мәдени деңгейіне, сондай еңбек өнімділігінің деңгейіне тәуелді екенін анықтады.
Еңбек ақы - бұл ұжым еңбегінің соңғы нәтижесіне тәуелді болатын және жұмысшылар арасында жұмсалынған жұмыс саны мен сапасына, әрбір жұмысшының нақты қосқан үлесіне қарай бөлінетін тұтынуға бағытталған қаражаттардың негізгі бөлігі.
Еңбек ақы - жұмысшының өз еңбегінің нәтижелі болуына, құрылыс - монтаж жұмысының көлемі мен сапасын көтеруге мүдделілігін арттырудағы ең басты құрал. Ол күрделі экономикалық қарым - қатынастардың жиынтығын сипаттайды. Айталық, біріншіден, бұл - жұмысшы мен жалпы қоғам арасындағы қарым - қатынас. Еңбек ақы төңірегіндегі, ең төменгі жалақы мөлшерін белгілеу, ұжымдық келісім - шартты бекіту секілді мемлекеттік саясаттың қажеттілігі, яғни мемлекеттік реттеу қызметі. Екіншіден, еңбек ұжымы мен құрылыс ұйымы арасындағы қарым - қатынас, басқаша айтқанда, еңбек ақы мөлшерінің құрылыс ұйымының қаржы - шаруашылық есебімен тығыз байланыстылығы.
Еңбек ақының мәні оның қызметімен анықталады. Ол жұмысшының материалдық және мәдени қажеттілігін қанағаттандыру үшін жеткілікті болуы тиіс.
Бұрынғы Кеңес тұсындағы жоспарлы - бөлу жүйесі, тарифтік ставкаларды бекітудің директивті тәсілі нарықтық экономика жағдайында еңбек ақының арақатынасын реттеуге қабілетсіздігін байқатты.
Экономикасы дамыған елдердің тәжірибесін зерттеу, еңбек ақыны нарықтық реттеудің механизмі өзіне келесілерді қамтитынын көрсетті:
- еңбек келісім шартын бекіту кезінде барлық мүдделі тараптардың мүддесін толық көрсетуге мүмкіндік беретін көп деңгейлі ұжымдық - келісім шарттық жүйені;
- жеке табыс салығын реттеудің салықтық жүйесін, сондай - ақ жұмыс берушінің жұмыс күшіне жұмсайтын шығындарын;
- еңбекке ақы төлеудің жекелеген шарттарын ең төменгі кепілдік жалақы түрінде мемлекеттік реттеу.
Қазіргі жағдайда жұмысшыларға еңбек ақы төлеу нысаны, жүйесі мен мөлшері, сонымен қатар басқа да табыс түрлері құрылыс ұйымының шешімімен белгіленеді. Бірақ, кәсіпорындар, меншік түрі мен ұйымдық - құқықтық нысанына қарамастан, міндетті түрде, еңбекке ақы төлеудің ең төменгі мөлшерін және жұмысшыларды әлеуметтік қорғаудың заңмен бекітілген шарттарын қамтамасыз етуі тиіс.
Еңбек ақы жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы өзара келісімге қарай төленеді. Еңбек ақының сметалық деңгейі жұмыс беруші үшін еңбек ақы шығындарының экономикалық тиімді шегін анықтайды.
Жұмысшылардың еңбек ақысын есептеу кәсіпорында қабылданған еңбекке ақы төлеу жүйесі мен нысандарына, ұжымдық келісім шарттарына, материалдық ынталандыру ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Ұйымда еңбекті ұйымдастырудың негізгі ережелері 10 желтоқсан 2002 жылғы № 493-1 «Қазақстан Республикасындағы Еңбек туралы» заңымен бекітілген.
Еңбек ақының негізгі көзі - еқбекке ақы төлеу қоры. Сонымен бірге жалақының екінші түріне жұмысшыларға ұжым еңбегіне қосқан жеке нәтижелері үшін төленетін әртүрлі төлемдер жатқызылады. Бұл кезде жұмысшыларға сыйақы беру орындалған жұмыстың сапасын бағалай отырып, ынталандыру қорын еңбекке араласу коэффициентінің көмегімен жұмысшылардың арасында бөлу арқылы жүзеге асырылады
Еңбекке ақы төлеу жүйесіндегі сыйақының маңызды белгілері мыналар болып табылады: біріншіден, олар негізгі еңбек ақы түріндегі тарифтен (оклад) бөлек еңбекке ақы төлеудің қосымша нысаны ретінде көрініс табады; екіншіден, сыйақы еңбекке ақы төлеудің айнымалы бөлігі болып табылады, ал тариф (оклад) немесе келісімді бағалар салыстырмалы түрде тұрақты сипатқа ие; үшіншіден, негізгі еңбек ақыға қарағанда, сыйақы әртүрлі көздерден (өзіндік құн, пайда есебінен құралған көтермелеу қоры, материалдық ресурстарды үнемдеу есебінен) құралады; Төртіншіден, негізгі еңбек ақымен салыстырғанда сыйақы жоғарғы органдар тарапынан көп реттеле бермейді.
Бұдан өзге, біздің ойымызша, сыйақыны тек ынталандыру құралы ретінде ғана емес, технологиялық және еңбек тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту құралы ретінде де пайдалану керек.
Еңбек ақыны ұйымдастырудың негізгі міндеттері:
- ұйым жұмысшыларына еңбек ақы төлеу нысандары мен жүйесін анықтау;
- ұйым жұмысшылары мен мамандарының қол жеткізген нәтижелеріне төленетін қосымша ақының критерийлері мен мөлшерін белгілеу;
- қызметкерлер мен мамандардың қызметтік жалақы жүйесін белгілеу;
- қызметкерлерге сыйақы беру жүйесі мен көрсеткіштерін негіздеу.
Еңбек ақыны мемлекеттік реттеу мыналарды қамтиды қамтиды:
1. Қазақстан Республикасында еңбек ақының ең төменгі мөлшерін белгілеу және өзгерту заңдылықтары;
2. Ұйымның еңбек ақы төлеуге бағытталған қаражаттарын, жеке тұлғалардың табыстарын салықтық реттеу;
3. Аудандық коэффициенттер мен үстемелік пайыздарды бекіту;
4. Еңбек ақы жөніндегі мемлекеттік кепілді бекіту.
1. 2 Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық жағдайына сипаттама
«ДЭМС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің негізгі жол құрылысы мен жөндеу жұмыстары, өнеркәсіптік, азаматтық құрылыстарды салу, әртүрлі обьектілерде монтаждау және жөндеу жұмыстарын жүргізу, бұған қоса әртүрлі өз жарғысында көрсетілген коммерциялық қызметтерді жүзеге асыру болып табылады. Ол серіктестік ретінде 2002 жылдың 19 сәуірінде тіркеуден өткен. Кәсіпорынның кейбір құрылыс материалдарын шығаратын өндірістік цехтары мен базалары бар.
Зауытта құрылыс лабораториясы, әкімшілік-тұрмыстық ғимарат, арматуралы-каркастық цех, автотұрақтар, ағаш өңдейтін цех бар. Зауыт 160-тан астам темір-бетон бұйымдарын шығарады.
Серіктестіктің жеке балансы, фирмалық белгісі, мөрі, банктерде есеп айырысу шоттары бар.
Зауытта жоғары білікті инженерлік - техникалық қызметкерлер, кәсіпқой мамандар жұмыс істейді, олар қазіргі талаптарға сай сапалы бұйымдар шығаруға мүмкіндік береді.
«ДЭМС» ЖШС - де негізгі бөлім - бетон құю цехы. Онда темір - бетон бұйымдары дайындалады. Бұл цехта өндірілетін негізгі бұйымдар - әртүрлі маркадағы колонналар, баспалдақтық, тротуарлық плиталар, тас шеңберлі құдық плиталары, фундаменттік блоктар мен қабырғалық тас плиталар. Серіктестік соңғы 2008-2009 жылы құны 540922 мың теңге болатын әртүрлі құрылыс және жөндеу жұмыстарын орындады.
Зауытта темірбетон бұйымынан бөлек құрылыстық заттар - есік, терезе, едендік ағаштар, т. б. жасалынады. Бұл өнімдерді серіктестікте ағаш өңдеу цехында дайындайды.
Бұл серіктестіктің негізгі тапсырыс берушілер болып Алматы қаласының әртүрлі жергілікті басқару департаменттері мен әкімшілігі саналады.
«ДЭМС» ЖШС-нің өндірістік қызметінің нәтижесі оның бөлімшелерінің қызметімен анықталады. Серіктестіктің жұмысының тиімділігі жұмыс процесінің дұрыс ұйымдастыруына, технологиялық құрал - жабдықтардың пайдалану деңгейіне байланысты. Құрылыс саласында өндіріс шығындарының дұрыс жұмсалуын жедел әрі тиімді бақылау үшін әрбір бақылаушы субъектісінің міндеттері мен атқаратын қызметтері бірін бірі қайталамайтындай нақты, әрі анық болуға тиісті. Жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру барысында әртүрлі мамандар қатысады, солардың ішінде инженерлер жол жұмыстарын ұйымдастыру бойынша тиімді әдістер өңдеп, дұрыс нормативтерді шығару қажет. Осы міндеттемелер дұрыс орындалған жағдайда құрылыс-монтаж жұмыстарының өзіндік құндары да нормативке сәйкес болады. Ал бригадир, мастерлер құрылыс технологиясының жоғары сапамен орындалуын бақылап отыруға тиісті. Соған байланысты зерттеу жүргізген ұйымдағы бақылаушы субъектілердің өзара байланысын А-қосымшасы негізінде көрсетіп отырмыз [А қосымшасы] .
Серіктестіктің құрылыс учаскесі құрылыс- монтаж, жөндеу жұмыстарын тапсырысқа сай орындайды.
Ұстаханада шаруашылыққа қажетті қызметтерді көрсету, атап айытқанда темірді кесу, дәнекерлеу, құралдарды жөндеу жұмыстары орындалады. Серіктестіктің жабдықтау - өткізу бөлімі мүліктердің сақталуына, өндіріс барысында материалдық қорлардың жеткілікті мөлшерде болуына, дайын бұйымдардың қордаланып қалмай, жылдам өткізілуіне және олардың сапасының дұрыс анықталып отыруына жауап береді.
Есеп - қисап бөлімі серіктестікке бөлінген мүліктердің және олардың құралу көздерінің есебін жүргізеді. Өнімнің өзіндік құнын анықтайды.
Кадрлармен жабдықтау бөлімінде жұмыс күшін жинау, кадрларды дайындау және қайта даярлау бойынша жұмыстар атқарылады.
«ДЭМС»ЖШС қызметін басқаруды тікелей серіктестік төрағасы жүзеге асырады. Төраға серіктестік жарғысымен заңдылықтар талаптарына сәйкес мүлкіне иелік жасайды, жұмысшылардың құрылымын, еңбек ақы жүйесін бекітеді, серіктестіктің қаржылық жағдайына, оның мүлкінің сақталуына жауап береді.
Бас экономист экономикалық шешімдерді дайындап, өндірісті болжамдап жоспарлау, несие, қаржыландыру, баға саясаты және мүліктердің экономикалық тиімділігін бағалауды жүзеге асырады.
Бас инженер өндірісте ғылым мен техниканы дамытуға бағытталған жалпы техникалық саясатты жүргізеді, күрделі жөндеу, күрделі құрылысқа, өндірістік бөлімшелердің қызметтеріне басшылық жасап, техникалық қауіпсіздікті сақтауға, элетрэнергиясымен, жылу және сумен қамтамасыз ету меселелеріне жауап береді.
Бас механик зауыттың техника, машина, құрал-жабдықтарға жауапты. Ол механикалық, техникалық қызмет көрсетуді машиналар мен құрал -жабдықтарды жөндеуге басшылық жасайды.
Нарықтық қатынастардың дамуы ұйымдардың тиімді жұмысын қамтамасыз етуді талап етеді. Зауыттың өндірістік, қаржылық қызмет түрлерінің нәтижелері әртүрлі көрсеткіштермен сипатталады. Серіктестік тиімді қызмет жүргізуі үшін еңбек, материалдық ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз етуі қажет, ғылыми - техникалық прогресс жетістіктерін енгізуді, биімді өндірісті құруды, тұтынушылар тапсырысына икемделуді қамтамасыз етуі қажет. Серіктестіктің қолда бар ресурстарын тиімді, үнемді, ұқыпты пайдалану оның табысты қызметіне тікелей әсер етеді.
Сондықтан ұйымның қаржылық жағдайына сипаттама беру үшін, біз оның негізгі көрсеткіштерін төмендегі 1 кесте арқылы сипаттап көрсетуді жөн көріп отырмыз.
1- кесте. «ДЭМС» ЖШС-нің қаржылық-шаруашылық жағдайын талдау
Ауытқу
2009-2008 жж.
Оның ішінде:
Дебиторлық қарыздар, теңге
Жоғарыдағы 1 кестеден көріп оытрғанымыздай серіктестікте негізгі құралдардың орташа жылдық құны 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 6910788 теңгеге жоғарылаған. Ал ағымдағы активтердің орташа жылдық құны 5983742 теңгеге жоғарылаған.
Ұйымның жұмыстар мен қызметтерді орындаудын алынған түсімі 2009 жылы өткен жылмен салыстырғанда 567640 теңгеге жоғарыласа, ал жұмыстар мен қызметтердің өзіндік құны 74073383 теңге азайған, соның нәтижесінде ұйымның есепті жылы алған таза табысы 210519 теңгеге жоғарылап отыр.
Жұмысшылар саны серіктестікте 14 адамға жоғарылаған, орташа еңбекке мөлшері 24757 теңгеге артып отырғанын байқадық.
Серіктестіктің сату рентабельділігі 2009 жылы 0, 09 пайызға жоғарылаған. Демек, зерттеу жүргізген «ДЭМС» жауапкершлігі шектеулі серіктестіктің қаржылық жағдайы жақсы деп айтуға толық мүмкіндіктер бар.
1. 3 Ұйымда бухгалтерлік есепті және есеп саясатын ұйымдастыру
Нарықтық экономика жағдайында барлық басқару жүйесі жаңаша өзгерістерге ұшырады. Кез - келген басқару жүйесі сәйкесінше белгілі бір мәліметтерге сәйкес орнықтырылады. Ұйымның кез-келген түрінде мәліметтер жүйесінің негізін бухгалтерлік есеп құрастырады.
Ұйымдарды иелік етудің түрлі меншік түрлерінің пайда болуы, нарықтық құрылымның пайда болуы, яғни әр ұйымның есеп саясаты болуы керек.
Есеп саясаты - бұл ұйымның есептік нұсқасын, нұсқалар рұқсат еткен есеп объектілерін бағалаудың, сондай - ақ белгіленген нормалардың талаптарына және ұйым қызметінің ерекшеліктеріне орай бухгалтерлік есепті жүргізу мен ұйымдастырудың техникасының нысандарын таңдау.
Ұйымның есеп саясаты жалпылама қабылданған, белгілі бір қағидалар жиынына негізделеді. Ол бас бухгалтермен жасалынып, ұйым басшысымен бекітіледі.
Есеп саясатының басты міндеттері:
- ұйымның қаржы - шаруашылық қызметін объективті көрсету;
- ұйым қызметін тиімді басқару мақсатында ұйым қызметі туралы толық және шынайы ақпараттарды қалыптастыру;
Есеп саясатын қалыптастыру кезеңдері: бухгалтерлік есептің объектілерін анықтау; бухгалтерлік есепті жүргізу тәсілдерін таңдауға әсер ететін факторларды табу, талдау және бағалау; есеп саясатын құрудың бастапқы ережесін таңдау және негіздеу; нақты ұйым үшін бухгалтерлік есепті жүргізу тәсілдерін таңдау; таңдап алынған есеп саясатын рәсімдеу.
Есеп саясатын қалыптастырған және қолданған кезде есептің мынадай принциптерін сақтау керек:
1. Есептеу - ұйымның табыстары мен шығыстары олардың келіп түсуіне немесе туындауына қарай танылады және бухгалтерлік есепте көрсетіледі.
2. Үздіксіздік - яғни объектілер үздіксіз әрекет ететін, болашақта да жұмыс жасайтын болып саналады. Оның таратылуға немесе қызмет көлемін едәуір қысқартуға ешқандай ниеті де, мұқтаждығы да жоқ деп болжамданады.
3. Түсініктілік - қаржы есептемелеріндегі барлық ақпараттар пайдаланушыларға түсінікті болуға тиіс.
4. Маңыздылық. Пайдаланушылар негізделген басқару шешімдерін қабылдауды және ұйымның шаруашылық қызметін бағалауы үшін қаржылық ақпарат маңызды болуы керек.
5. Мәнділік. Ақпарат мәнді болуға тиіс. Егер біз қаржылық есептемеде қандай да бір мәліметті жіберіп алсақ, не дұрыс ұсынбасақ, онда бұл ақпаратты пайдаланушылардың экономикалық шешіміне әсер етуі мүмкін.
6. Растық. Ақпаратта қателік немесе жалғандық жоқ болса, ол рас болып табылады және оған пайдаланушылар сене алады.
7. Бейтараптық. Қаржылық ақпарат тәуелсіз болуға тиіс.
8. Сақтық, яғни активтер мен кірістер артық бағаланбас үшін шешім қабылдағын кезде қауіпсіздік жағдайын сақтау, абайлау.
Бұл принциптер ұйымның есеп саясатын әзірлеуге және қабылдауға негіздемені қамтамасыз етеді. Бұларды сақтамау ұйымның мүліктік және қаржы жағдайы туралы көріністі бұрмалайды. Бухгалтерлік есептің стандарттары есеп саясатын қалыптастыруға база болып саналады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz