Экономиканың негізгі элементтері. Экономикалық заң


РЕФЕРАТ
Экономиканың негізгі элементтері
Мазмұны
- Экономика
- Жіктелуі
- Экономикалық ғылым
- Экономикалық теория
- Экономикалық заң
- Экономикалық категориялар
- Ерекше экономикалық заңдар
- Жалпы экономикалық заңдар
- Қажеттіктер
Экономика ( Oikonomia - үй шаруашылығын жүргізу өнері) - материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар.
Экономикалық қатынастар өзге қоғамдық қатынастарды айқындайды, олардың негізі болып табылады. Тауар өндірушілердің қызметтерін үйлестіру әдістерінің жиынтығы экономикалық жүйені құрайды. Экономикалық жүйе қарастырылып отырған қоғамда қалыптасқан шаруашылық тетіктерін, заңдарды, экономикалық институттарды, меншіктік қатынастарды біріктіреді. Экономикалық жүйе өзінің басты мақсаты ретінде - қандай тауар өндіріп, қызметтің қай түрін көрсету керектігін; қандай технологияны пайдаланып, қалай өндіруді, кім үшін өндіріп, кімге қызмет көрсету қажет деген мәселелерді шешеді. Бұл мәселелерді шешу әдістеріне байланысты экономикалық жүйелер: дәстүрлі, командалық және нарықтық болып жіктеледі.
- Дәстүрлі экономикалық жүйедеөндіру, бөлу және тұтыну қалыптасқан дәстүрлер мен ғұрыптарға негізделеді.
- Әміршіл-әкімшілік экономикалық жүйебұл мәселелерді директивалық әдістермен, яғни жоғарыдан түсіріліп жататын бұйрықтармен шешеді.
- Алнарықтық экономикалық жүйедешаруашылықтың бағдары тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілер арасындағы бәсекеге құрылады.
Экономика ғылымының негізгі зерттеу аясы экономика, адамдардың ерекше өмір сүретін орыны. Бұл саланың ерекшелігін, оның мазмұнын, элементін экономикалық ғылым анықтайды, зерттейді. Экономика-лық теория - оның негізгі бөлігі. Экономика жөніндегі алғашқы ғылыми мәліметтер ерте дәуірдегі Вавилон, Египет, Индия, Қытай, Грек ойшылдарының еңбектерінде кездеседі.
Байлыққа ие болу және тұтынымды қанағаттандыру жайлы ойлануды Аристотель (384-322) экономика және хрематисстикаға бөлді. Экономиканың біздің ғ. д. негізгі мақсаты - тұтыну құнын алу, өмір сүруге керекті үй шаруашылығы, өнер, сауда арқылы баю болды. Байлық және ақшаны иемденуде алға қойған мақсатқа жетудің шегі жоқ. Егер экономика табиғи себептермен қамтамасыз етілсе, хремасстика табиғат заңдарымен үйлеспей тұрғандайәсер қалдырды.
«Хремасстика» термині - сауда капитализмімен ұқсас түсінік. Экономика терминін экономикалық ғылымға ең алғаш әкелген Ксенофонт өзінің кітабын «Экономия» деп атады. Бұл еңбегінде сол заманғы құл иеленушінің үй шаруашылығын басқару жөніндегі нұсқаулары жазылған. Ерте дәуірде көпшілік елдерде кең тараған ғылымның аты, грек тіліндегі шаруашылық және басқару сөзінен алынып, француз экономисі Антуан Маккретьен оны (1575-1622жж) «Саяси экономия» деген еңбегі арқылы бекітті. Сонымен, XVII ғасырдан қазіргі кезге дейін «саяси экономия» деген ғылым қалыптасты.
А. Макретьен хандар мен жеке билеушілерге мемлекеттік мүлікті қалай басқару керектігі туралы кеңес берді. «Саяси экономия» трактатының аты соған байланысты болуы мүмкін. Осы кезден бастап экономика ғылымының пәні туралы әр түрлі ойлар мен анықтамалар айтыла бастады.
Экономикалық ғылым басқа қоғамдық ғылым сияқты әр түрлі және күрделі қоғамдық шындықтың бір қырын қамтып зерттейді. Осы негізде, белгілі көзқарас арқылы адамдар және индивидиум арасындағы көзқарасты қарастырады. Альфред Маршаллдың басты негізгі түсіндіруі молшылықтың материалдық жағдайын жасау мен пайдалануға негізделген.
Қазіргі жағдайда экономикалық ғылым заңдар, заңдылықтар негізінде экономикалық процестерді түсіндіретін және айқындайтын материалдық игілік жасау және пайдалану үрдісін анықтайтын маңызды әлеуметтік институт.
Экономикалық ғылым - білім жиыны, қоғамда үстемдік ететін шаруашылық идеологиясының негізгі құрамы және экономикалық ойлауды қалыптастырушы. Экономикалық ғылымның негізгі бөлігіне мыналар кіреді: экономикалық теория, шаруашылық логикасының тәжірибесі ретінде экономикадағы табиғи процестерді реттеу, шаруашылық қызметіндегі тәжірибені реттеу, қоғам мен индивидумның қажетін қанағаттандыру.
Экономикалық ғылым пәнін және әдісін зерттеу экономикалық теориямен ұқсас.
Дүниежүзіндегі экономистердің көбі экономикалық теорияны жан-жақты ғылым дейді. Ресурстарды талдау проблемасы мен экономикалық теорияның оқу пәні ретіндегі (экономика және саяси экономика) экономика ғылымынан айырмашылығы: шаруашылық және адамдар тәртібін, әрекеттерді нақты, тұрақты дәлелдермен анықтайды, қашаннан белгілі түсініктер мен категорияларды бастапқы білім негізінде түсіндіреді.
Экономикалық ғылым әр уақытта нақты шындықты зерттеумен байланысты заңдар мен заңдылықтарды ашу, даму үрдісін ұзарту, қоғамның мақсатына жету тәсілдері мен әдістеріне болжам жасайды. Басқалай айтқанда, экономикалық ғылым әр уақытта динамикалы.
Экономикалық теория, саяси экономия, экономика пәндеріне нақтылы анықтама берсек, мынадай жағдайды анықтауға болады:
Біріншіден - экономикалық теория адамдар арасындағы байланысты және олардың өндірістегі тәртібін, тауар айырбастау және қызмет жағдайында шектелген ресурстарды пайдалану тәсілін, материалдық және материалдық емес игілікті өндіру оларды бөлу және тұтынуды реттейді.
Экономикалық теория оқу пәні ретінде негізгі төрт бөлімді біріктіреді.
Экономикалық теория пәнінің анықтамасынан шығатын әр түрлі шаруашылық деңгейлеріндегі экономикалық категориялар мен заңдарды зерттейді.
Микроэкономикада талдаудың негізі ретінде ең кіші шаруашылық бірлігі - үй шаруашылығы, жекелеген фирма, бірлестік т. б. қарастырылады.
Макроэкономикада елдің экономикасы біртұтас зерттеледі. Макроэкономиканың нысандары болып қоғамның табысы мен байлығы, экономикалық өсудің қарқыны мен факторлары т. б. категориялар қаралады. Макроталдау инфляция мен жұмыссыздықты реттеу, іскерлік белсенділікті ынталандыру, халық шаруашылық проблемаларын шешуге бағытталған.
Мезоэкономика - ұлттық экономиканың белгілі бір ішкі жүйелерінің немесе халық шаруашылығы салаларының ӘӨК, аймақтық экономика т. б. жұмыстары мен заңдарын зерттейді.
Біріншіден, экономикалық теория адамдар арасындағы байланысты және өндірістегі тәртіпті, тауар мен қызметті айырбастау кезіндегі, шектеулі ресурстарды пайдалану тәсілін, материалдық және материалдық емес өнімдерді қоғам мүшелерінің пайдалануын зерттейді.
Екінші: саяси экономияның зерттейтін объектісі - шектеулі ресурстар жағдайында материалдық игілікті өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну кезіндегі адамдар арасындағы қарым-қатынасты қарастырады.
Саяси экономия өзінің пәні ретінде экономикалық заңдарды зерттеуге байланысты экономикалық процестің объективтік негізін және құбылысын, экономикалық процесс пен құбылыстың негізін қарастырады (1. 2кесте) .
Экономикалық теория пәні мен саясиэкономия пәні ұқсас. Дегенмен, экономикалық теория адамдар арасындағы субъективтік жағын қарастырады. Яғни адамдардың мінез-құлқын, таптар мен таптардың материалдық, материалдық емес игіліктермен байланысты қатынастарын қарастырса, ал саяси экономия материалдық игілікті талдаумен шектеледі.
Үшінші: шаруашылықты басқару, жүргізу ережесін сақтауды, сонымен қатар саяси проблемаларды да қарастырады. Мысалы, мемлекет жұмыссыздарға төлемақы төлей ме, жұмыс істемейтін аналарға көмектесе ме, конверсиялауға дауыс бере ме және басқалар.
Экономика кәсіпкерлікке қатысты сұрақтарға да жауап береді, неге биржалар көп, ақшаны банкіге салу тиімді ме т. с. с.
Ресурстардың шектеулі болуымен байланысты оларды пайдалану баламалы жағдайда іске асады. Осы жағдайды Самуэльсон 2 тауарды мысалға ала отырып, қарастырған зеңбіректер мен май өндірістерін қарастырайық.
Бірінші вариант: қоғамның барлық ресурсы май өндірісін өндіруге бағытталған, бұл 5 млн. кг майды максимум өндірістің ресурстық-технологиялық жағдайына байланысты өндіруге болады.
Екінші вариант: 15 мың зеңбірек шығаруға бағыт-талған. Бірінші, екінші варианттарды қолдануға болмайды.
Үшінші вариант: қоғам зеңбірек шығару үшін май өндіру көлемін азайтады.
Балама мүмкіндік мағынасы төменде көрсетілген.
Өндірістік мүмкіншіліктің көлбеуі (нүктелер А, В, С, Д, Е, F) әлде трансформация, бұл экономика толық жұмыс істеген кезде баламалы болады.
Өндірістің техникалық-экономикалық жағдайына қарай ресурстарды бөлу арқылы өндіруге мүмкіндік бар. Ресурстар толық жұмыс істеген кезінде байланыс болады, барлық нүктелер мүмкіндік комбинациясына байланысты, көлбеу трансформацияланады. Кез келген нүкте көлбеуге парето тиімділік жағдайын анықтайды.
Өндірістік мүмкіншілік толық қамтамасыз етілмесе, не өндірістік комбинациясында жұмыссыздық болса, оны 4 нүктесінде деп болжасақ, май мен зеңбірек көлбеуде жатпайды. Бұл жағдай мынаны ескертеді: егер қолда бар қосымша ресурстарды пайдалансақ, онда қару-жарақ және май өнімдерін шығаруды молайтамыз. Өндірістік мүмкіншілік көлбеуі 5 нүкте маңында болса, онда қоғам бір мезгілде зеңбірек және май өндірісін ұлғайта алмайды.
Трансформация көлбеуінің өндірістік айырмашылы-ғын білу, артық экономикадағы трансформациялық көлбеудің жоғарғы деңгейге көтерілуі техникалық жаңалықтар ашуға, қазба байлықтарының жаңа қорын табуға және т. б. мүмкіндік береді. Қоғам әр кезеңде қорлануды таңдайды (қаржылық және нақты секторларды инвестициялау мен тұтыну) (жеке) . Қорлануды көбейту (жаңа зауыттар мен фабрикалар үшін күрделі қаржыны көбейту) қоғамның бірнеше жылдан кейін көлбеу трансформация сатысына көтерілуіне мүмкіндік береді.
Экономикалық заңды қалай түсіндіруге болады?
Бұл - экономикалық ұғым ретінде қалыптасқан құбылыстардың себеп-салдарлы байланыстары. Экономикалық зерттеулер кезінде ғалымдарға жекелеген, оқшауланған фактілермен жұмыс істеуге тура келеді. Сол себепті фактілерді топтастырып, жинақтап қорыту қажет. Бұл индуктивті әдіс, яғни жеке қорытындыларды логикалық пайымдау әдісімен жүргізіледі.
Барлық экономикалық құбылыстар мен процестер экономикалық заңдардың әсері арқылы дамып отырады. Экономикалық заң дегеніміз қоғамның экономикалық өмірінің аса маңызды, тұрақты құбылыстары мен процестерінің байланыстары. Олар өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну қатынастарының даму заңдары. Қоғамның даму заңдарының - экономикалық заңдар мен табиғат заңдарының, ортақ белгілері және сонымен қатар айырмашылықтары болады. Бұларға ортақ белгілер, ол экономикалық заңдар, табиғат заңдары сияқты, объективтік заңдар, яғни, олар адамдардың еркі мен санасынан тәуелсіз жаратылып, әрекет етеді. Ал айырмашылықтарына келейік.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz