Алғашқы таптық қоғамның қалыптасуы



Кіріспе 3
1 Ерте таптық қоғамның қалыптасуының алғы шарттары 5
1.1 Артық және қосымша пайда болуы 5
1.2 Егіншілік пен мал шаруашылығының жетіліп дамуы 6
2 Ерте таптық қоғам ерекшеліктерінің белгісі 8
2.1 Жеке меншіктің қалыптасуы 8
2.2 Таптардың қалыптасуы 11
2.3 Ерте мемлекеттік белгілерінің пайда болуы (политогенез) 16
3 Қазақстанда ерте таптық қоғам дамуының ерекшеліктері 21
3.1 Қола дәуірі 21
3.2 Ерте темір дәуірі 22
Қорытынды 25
Қолданылған әдебиеттер тізімі 26
Зерттеу өзектілігі. Адам баласы жануарлар әлемінен бұдан 2 млн. жыл бұрын бөлініп шыққан, ерте тас ғасырының аяғынан, яғни 40 мың жылдан бері «парасатты адам» өмір сүреді. Ең ежелгі адам түріне жататын өзінің ата-бабаларынан парасатты адам еңбек етуді және еңбек ету үшін қажет қарапайым құрал- жабдықтарды өндіруді мұраланды. Алайда ерте тас ғасырының соңынан бастап - өз тарихының 30 мың жылында ол әлі де болса өз ата-бабалары сияқты табиғат өнімдерін өздері жасаған құралдарымен тек жинап қана отырды, яғни табиғат жемістерін қайта өндіре алған жоқ. Олардың қорек табу тәсілі — жабайы өсімдіктерді жинау, яғни терімшілік, аңшылық және балық аулау, бұл әрине еңбек болып есептелді, бұған қоса, өз өмірін жалғастыру үшін оған сол кездің өзінде-ақ еңбек құралдарын тек қана өндіру емес, оны ұдайы өндіру де қажет болды, бірақ адамдар әлі де болса табиғат өнімдерін қайта өндіре алған жоқ еді. Сондықтан да адам ұжымдарының (қандас-туыстық қауым) өмірі үлкен дәрежеде сыртқы табиғи жағдайларға тәуелді болды, сондықтан да адам өлімі көп болды. Жер шарының кең аумағында мекен еткен адамдар өте аз болды, олардың саны тіпті өспеді, өссе де өте аз көлемде өсті.
Бұдан 10-12 мың жыл бұрын, экологиялық жағынан қолайлы аймақтарда адамдар қауымының кейбіреулері егін егуді үйренген кезде жағдай мүлдем өзгерді, мұның өзі оларды жыл бойы азықпен қамтамасыз етті, мал асырауға жағдай жасады, бұл адамдардың үнемі етпен, сүтпен, ірімшік-құртпен қоректенуіне мүмкіндік туғызды, мал оларды терімен және жүнмен қамтамасыз етті, жүннен адамдар киім тоқу мен тігуді үйренді. Осыдан кейін, көп ұзамай адамдар үңгірлер мен бұтақтардан жасалған күркелерін тастап, балшықтан немесе балшықпен сыланған тас үйлерге ауысты. Отырықшы өмір, ғалымдардың пікірінше, балалардың көптеп туылуына ықпал етеді. Қауымның өмірі барған сайын қамтамасыз етіле түсті, адам өлімі біршама төмендеп, халықтың өсімі ұрпақтан-ұрпаққа айтарлықтай көбейе берді, сөйтіп алғашқы егінші, малшылар жер бетінде кеңінен тарап орналаса бастады.
Ең алғашқы адамдар мұндай табыстарға Шығыс жарты шардың жылы аймақтарында алғаш қол жеткізді. Бұл Еуропа мен Азияның солтүстігінде Ұлы мұз дәуірінің іздері әлі де толық кетпеген кезең еді. Еуропа мен Азияның көп бөлігін мұздақтан Тундра жолағымен бөлініп жатқан Тайга алып жатты. Италияны, Грекия, Кіші Азия, Оңтүстік Қытай мен Үндіқытай түбектерін алып жапырақты ормандар басып жатты, Солтүстік Африканың Аравия мен Таяу және Орта Шығыстың басқа аймақтарында ормандар мен далалы аймақтар араласып келіп отырды. Африканың оңтүстігін калың тропикалық орман алып жатты [1, 10-13 б.]
Адам өмірі үшін ең қолайлы жер орманды-далалы аймақтар болып табылады, алайда бұл аймақтардың барлық жерінде бірдей егіншілік пен малшылыққа көшуге айтарлықтай қолайлы жағдайлар бола бермеді. Мұндай жерлерде қоректенуге және егуге жарамды жабайы астық түрлері және қолға үйретуге болатын жабайы хайуандар болуы қажет еді. Адамдардың алғаш рет
1 Алексеев В. П. История первобытного общества: учебник. – М.: Изд-во АСТ, 2004. – 350 б.
2 Алексеев В. П. Историческая антропология. – М.: Наука, 1979. – 452 б.
3 Шнирельман В. А. Происхождение производящего хозяйства. – М.: Знание, 1989. – 368 б.
4 Семенов Ю. И. Происхождение брака и семьи. – М.: Знание, 1974. – 501 б.
5 Першиц А. И. Война и мир в ранней истории человечества. – М.: Аванта, 1994. – 402 б.
6 Массон В. М. Экономика и социальный строй древних обществ: по данным археологии. – Л.: Наука, 1976. – 603 б.
7 Марков Т. Е. История хозяйства и материальной культуры в первобытном и раннеклассовом обществе. – М.: Наука, 1979. – 367 б.
8 Бромлей Ю. В. Очерки теории этноса. – М.: Аванта, 1983. – 415 б.
9 Жұмағұлов Қ. Т. Таяу Шығыстың ежелгі мемлекеттері: оқу құралы. – Павлодар: Кереку, 2009. – 210 б.
10 Байбатша Ә. Қазақ даласының ежелгі тарихы: көмекші оқу құралы. – Алматы: Санат, 1998. – 192 б.
11 Қазақстан тарихы: көне заманнан бүгінге дейін. Бес томдық. Т. 1. – Алматы: Атамұра, 2010. – 544 б.
12 Ежелгі Қазақстан: Қазақстан балалар энциклопедиясы. – Алматы: Аруна, 2004. – 224 б.
13 Мусин Ч. Қазақстан тарихы: оқулық. – Алматы: ЖООҚ, 2005. – 592 б.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
3
1 Ерте таптық қоғамның қалыптасуының алғы шарттары 5
1.1 Артық және қосымша пайда болуы 5
1.2 Егіншілік пен мал шаруашылығының жетіліп дамуы 6
2 Ерте таптық қоғам ерекшеліктерінің белгісі
8
2.1 Жеке меншіктің қалыптасуы 8
2.2 Таптардың қалыптасуы 11
2.3 Ерте мемлекеттік белгілерінің пайда болуы (политогенез) 16
3 Қазақстанда ерте таптық қоғам дамуының ерекшеліктері 21
3.1 Қола дәуірі 21
3.2 Ерте темір дәуірі 22
Қорытынды 25
Қолданылған әдебиеттер тізімі
26

Кіріспе

Зерттеу өзектілігі. Адам баласы жануарлар әлемінен бұдан 2 млн. жыл
бұрын бөлініп шыққан, ерте тас ғасырының аяғынан, яғни 40 мың жылдан бері
парасатты адам өмір сүреді. Ең ежелгі адам түріне жататын өзінің ата-
бабаларынан парасатты адам еңбек етуді және еңбек ету үшін қажет қарапайым
құрал- жабдықтарды өндіруді мұраланды. Алайда ерте тас ғасырының соңынан
бастап - өз тарихының 30 мың жылында ол әлі де болса өз ата-бабалары сияқты
табиғат өнімдерін өздері жасаған құралдарымен тек жинап қана отырды, яғни
табиғат жемістерін қайта өндіре алған жоқ. Олардың қорек табу тәсілі —
жабайы өсімдіктерді жинау, яғни терімшілік, аңшылық және балық аулау, бұл
әрине еңбек болып есептелді, бұған қоса, өз өмірін жалғастыру үшін оған сол
кездің өзінде-ақ еңбек құралдарын тек қана өндіру емес, оны ұдайы өндіру де
қажет болды, бірақ адамдар әлі де болса табиғат өнімдерін қайта өндіре
алған жоқ еді. Сондықтан да адам ұжымдарының (қандас-туыстық қауым) өмірі
үлкен дәрежеде сыртқы табиғи жағдайларға тәуелді болды, сондықтан да адам
өлімі көп болды. Жер шарының кең аумағында мекен еткен адамдар өте аз
болды, олардың саны тіпті өспеді, өссе де өте аз көлемде өсті.
Бұдан 10-12 мың жыл бұрын, экологиялық жағынан қолайлы аймақтарда
адамдар қауымының кейбіреулері егін егуді үйренген кезде жағдай мүлдем
өзгерді, мұның өзі оларды жыл бойы азықпен қамтамасыз етті, мал асырауға
жағдай жасады, бұл адамдардың үнемі етпен, сүтпен, ірімшік-құртпен
қоректенуіне мүмкіндік туғызды, мал оларды терімен және жүнмен қамтамасыз
етті, жүннен адамдар киім тоқу мен тігуді үйренді. Осыдан кейін, көп ұзамай
адамдар үңгірлер мен бұтақтардан жасалған күркелерін тастап, балшықтан
немесе балшықпен сыланған тас үйлерге ауысты. Отырықшы өмір, ғалымдардың
пікірінше, балалардың көптеп туылуына ықпал етеді. Қауымның өмірі барған
сайын қамтамасыз етіле түсті, адам өлімі біршама төмендеп, халықтың өсімі
ұрпақтан-ұрпаққа айтарлықтай көбейе берді, сөйтіп алғашқы егінші, малшылар
жер бетінде кеңінен тарап орналаса бастады.
Ең алғашқы адамдар мұндай табыстарға Шығыс жарты шардың жылы
аймақтарында алғаш қол жеткізді. Бұл Еуропа мен Азияның солтүстігінде Ұлы
мұз дәуірінің іздері әлі де толық кетпеген кезең еді. Еуропа мен Азияның
көп бөлігін мұздақтан Тундра жолағымен бөлініп жатқан Тайга алып жатты.
Италияны, Грекия, Кіші Азия, Оңтүстік Қытай мен Үндіқытай түбектерін алып
жапырақты ормандар басып жатты, Солтүстік Африканың Аравия мен Таяу және
Орта Шығыстың басқа аймақтарында ормандар мен далалы аймақтар араласып
келіп отырды. Африканың оңтүстігін калың тропикалық орман алып жатты [1, 10-
13 б.]
Адам өмірі үшін ең қолайлы жер орманды-далалы аймақтар болып табылады,
алайда бұл аймақтардың барлық жерінде бірдей егіншілік пен малшылыққа
көшуге айтарлықтай қолайлы жағдайлар бола бермеді. Мұндай жерлерде
қоректенуге және егуге жарамды жабайы астық түрлері және қолға үйретуге
болатын жабайы хайуандар болуы қажет еді. Адамдардың алғаш рет өздері еккен
өсімдік түрі — сұлы болды және ол Кіші Азияның, Палестинаның, Иран мен
Оңтүстік Түркменстанның таулы аймақтарында өсетін еді. Ең алғашқы болып дәл
қай жерде егілгенін айту қиын, бірақ Палестина, Кіші Азия мен Иранның
батыстағы таулы аймақтарында б.з.д. Х-VІІІ мыңжылдық аралығында-ақ астық
өсіріле бастағаны белгілі, ал Египетте, Дунай мен Балканда және Оңтүстік
Түркменстанда астықты б.з.д. VI мыңжылдықтан бастап өсіре бастады. Шамамен
сол уақытта және сол жерлерде ешкіні, қойды, есекті (итті бұдан көп бұрын,
ерте тас ғасырының аңшылары қолға үйреткен) қолға үйрете бастады, кейінірек
ірі қара мал және кей жерлерде шошқа үйретілді. Б.з.д. VІІІ-VІ мыңжылдықтан
бастап адамдар анағұрлым жетілген егеп-тегістелген тас құралдарды, тоқыма
себеттерді, мата мен күйдірілген балшық ыдыстарды жасап үйренген кезде
тамақты анағұрлы; жақсырақ, сапалырақ дайындау мен сақтау мүмкін болды,
мұның өзі адамдардың өмір сүру деңгейін айтарлықтай көтерді.
Курстық жұмыстың мақсаты - алғашқы таптық қоғамның қалыптасуын
зерттеу.
Зерттеу объектісі – алғашқы таптық қоғам.
Мақсатқа сай осындай міндеттер қойылады:
- ерте таптық қоғамның қалыптасуының алғы шарттарын талдау;
- артық және қосымша өнімнің пайда болуын зерттеу;
- егіншілік пен мал шаруашылығының жетіліп дамуын зерттеу;
- жеке меншіктің қалыптасуын талдау;
- ерте мемлекеттік белгілерінің пайда болуын зерттеу;
- Қазақстанда ерте таптық қоғам дамуының ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеудің хронологиялық шеңбері – б.з.б. IV-I мыңжылдық.
Зерттеудің тарихнамасы. Алғашқы адам тобырындағы классогенез
процестерін зерттеу мәселелері В. П. Алексеев, Ю. И. Семенов, Т. Е. Марков,
А. И. Першиц, отындық тарихшылар Ә. Байбатша, Қ. Т. Жұмағұлов, Ч. Мусинның
еңбектерінде көрсетілген.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және
қолданылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспеде зерттеудің өзектілігі, мақсаты, объектісі, міндеттері,
құрамы айқындалған.
Негізгі бөлім үш тараудан құралады.
Бірінші тарауда ерте таптық қоғамның қалыптасуының алғы шарттары
зерттелген.
Екінші тарау ерте таптық қоғам ерекшеліктерін талдайды.
Үшінші тарауда Қазақстандағы ерте таптық қоғам дамуының ерекшеліктері
зерттелген.
Қорытындыда зерттеудің түйіні жазылған.

1 Ерте таптық қоғамның қалыптасуының алғы шарттары

1.1 Артық және қосымша өнімнің пайда болуы

Археологтар Ноmо sapiens алғаш рет үстемдік ете бастаған ерте тас
ғасырының кейінгі кезеңінен, егіншілік пен мал шаруашылығы ойлап табылған
мезолит аралық дәуірі арқылы, тегістелген мыс құралдар және мата мен қыш
ыдыстар жасау ойлап табылған жаңа тас ғасырына (неолит) дейін айтарлықтай
техникалық прогрестың болғанын байқайды. Алайда Солтүстік Африканың Таяу
және Орта Шығыстың неғұрлым дамыған неолиттік қауымдарының өзі өркениет
деңгейіне жете алған жоқ. Олардың өндірісі мен ұдайы өндірісінің мақсаты
бұрынғысынша жай ғана өз өмірлерін сақтап жалғастыру ғана болды. Қорды тек
ең бір төтенше жағдайларда - табиғаттың дүлей күштерінен қорғану үшін ғана
жинақтады. Сүйектен және тастан жасалған кетпенмен жер өндеу ең жұмсақ
топырақтың өзінде де аса ауыр еңбек болды, ол өте аз өнім берді. Қолға
үйрегілген ешкі, қойлар да өнімді өте аз берді, сүт өнімдері мен етті тез
арада тауысып қою қажет болды, өйткені оны ұзақ уақытқа сақтауды адамдар
әлі білмеді. Тек Кіші Азияда, Сирия мен Палестинада б.з.д. VІІІ-VІ
мыңжылдықта дамыған, бай елді мекендер пайда бола бастады, олардың
кейбіреулері дуалмек қоршалды. Алайда бұл ең ежелгі мәдениеттер де
(Палестинадағы Иерихан, Кіші Азиядағы Чатал-Хююк) өркениет деңгейіне дейін
дами алған жоқ [1, Б. 258-260].
Тау етегінде орналасқан егінші халықтың өсуімен олардың бір бөлігі
одан әрі далалы аймаққа түкпірлеп кете бастады. Осындай ру-тайпалық топтар
жаңбыр немесе жылға суларымен қамтамасыз етілген аудандардан негұрлым
алыстаған сайын, олардың шаруашылығында мал бағу анағұрлым маңызды орын ала
бастады, ал сұлы өсіру қосалқы роль атқарып қалды. Алайда, әлі жылқы мен
түйені қолға үйретпеген малшылар алысқа, кезеңдік көшулерге бара алмады, ал
мұндай көшулер жайылымдардың шөбін қайта қалпына келтіру үшін қажет еді.
Егіншілікті де олар біржолата тастап кеткен жоқ. Оңтүстік далалы аймақтың
жайылымдарын қой мен ешкі біржолата тақырға айналдырғаннан кейін, мүмкін
шектен тыс құрғақшылықтың салдарынан болар, бұл ауданда мал бағу мүмкін
болмай қалғандықтан, малшылар жаппай басқа жерлерге қоныс аудара бастады.
Сөйтіп, б.з.д. VІ-ІІІ мыңжылдықтар бойы афразиялық тайпалар Солтүстік
Африка, сондай-ақ Таяу Шығыстың далалы аудандарына таралды, ал б.з.д. IV
мыңжылдықтан бастап өзінің ата- мекенінен (Балкан мен Дунай аралығы)
оңтүстік шығысқа және батысқа үндіеуропалық тіл тобына жататын тайпалар
тарап, қоныстана бастайды. Осы жерде айта кететін жағдай, Жер шарының халқы
ол кезде өте сирек болды, сондықтан да тайпалардың қоныс аударуы, тарихы
лингвистика мәліметтеріне қарасақ, жергілікті халықтың келімсек тайпаларды
ассимилияциялауына алып келіп отырған, сондықтан да одан арғы қоныс
аударулар этникалық жағынан бастапқы қоныс аударулардан айтарлықтай өзгеше
болған болуы мүмкін. Б.з.д. VІ-V ғасырларда Африканың түкпірлеріне
афроазиялық тілдерді алып барған адамдар мен б.з.д. ІІ-І мыңжылдықтарда
үндіеуропа тілдерін Бенгал бұғазының (Бангладеш) жағалауларына алып барған
адамдар сыртқы бет-бейнесі мен мәдениеті бойынша Африка мен Батыс Азияға
жене Еуропаға егінші-малшы тайпалардың таралуына алғашқы серпін берген
адамдарға ұқсамайтын еді.
Бұл малшы-егінші тайпалар әлі де болса шынайы көшпенділер
болмағанымен, суғармалы жерде отырған егіншілердің далалы аймақтың малшы-
жартылай егіншілерінен бөлінуін еңбектің алғашқы ұлы бөлінісі деп айтуға
толық негіз бар. Егіншілер мен малшылар арасында сол уақыттың өзінде-ақ
айырбас орнайды.
Б.з.д. VІ-ІІІ мыңжылдықтар аралығында егінші-малшылар Африка мен
Алдыңғы Азияның ұлы өзендерінің аңғарларын игерді, атап айтқанда, Нил,
Евфрат пен Тигр және сондай-ақ қазіргі Ирактың шығысына қарай орналасқан
Карун және Керхе өзендерінің аңғарларын игере бастады.
Таптардың қалыптасу дәуірінде алғашқы қоғам тарихындағы ең пәрменді
өндірістік күштер пайда болды. Олар еңбектің өнімділігін көтерудегі маңызды
факторға – еңбекті қоғамдық бөлуге – мүмкіндік туғызды. Егіншілікте, мал
шаруашылығында, биік дамыған меншіктеу шаруашылығының әр түрлерінде,
қолөнерліктегі арнайы бағытқа салу құралдар мен тәсілдерді жақсартуға,
өндірілген өнімнің сапасын жақсартып, санын көбейтуге көмектесті. Бұл
бағытта да сыйлық айырысуға, бай тойларға керек жаңа материалдық
игіліктерді талап ететін кейінгі беделді экономиканың дамуы да әрекет
істеді. Бұл дәуірдегі өндіріс көлемінің үлкейуі туралы мысалы, Закавказьеде
қола ғасырдағы өнім сақтайтын қоймалардың көбейуі – астық шұңқырлары, дән
мен басқа тамақтарды сақтайтын үлкен құмыралар дәлелдейді.
Өндірілген өнім көлемінің өсуі және оны алу үнемділігі артық өнімді
қосымшаға (бір кісі жасаған өнім басқмен иемденеді) айналу үшін жағдай
жасады [1, Б. 258-260].
Таптар қалыптасу дәуірінде өндірістің көтерілуі ойкуменаның әр
облыстарында түрлі формаларда өтіп жатты. Өндірістік немесе меншіктік
шаруашылықтың дамуы, металлургияның болуы немесе болмауы, металлургияның
сипаты, қолөнер әрекетінің басқа түрлерінің ерекшеліктері және т.б. – мұның
бәрі тарихи дамудың біркелкі еместігін көрсететін түрлі нақты-тарихи,
жергілікті формаларында болатын.

1.2 Егіншілік пен мал шаруашылығының жетіліп дамуы

Тарихи дамудың біркелкі еместігі палеолиттен бастап белгіленді, ол
сыртқы мәдениеттің түрлі формаларында және мамандырылған аңшылықтың түрлі
сипатында көрінді. Бұл жолдың кейінгі қадамы - егіншілік пен малшылықтың
пайда болуы, мұнда адам ұйымдары ойкуменаның көп облыстарында аңшы, балықшы
және жинақтаушы болып қала берді. Металды меңгеру, әсіресе темір дәуіріне
өту бұл процесті күшейтті. Тарихи дамудың әркелкілігін көрсететін феномен,
әсіресе археологиялық мәдениет деп атанған материалдық мәдениет заттарының
территориалдық кешендері неолиттен бастап дамыды, бірақ ең биік гүлденуі
дәл қарастырылған уақытта болды. Мысалы, Еуропаның ең көп археологиялық
зерттелген территориясында осындай мәдениеттердің ондықтары анықталған, әр
бірі өзге нышандары бар, шаруашылығының бір өзгешілігінен бастап
керамиканың өрнектеріне дейін.
Еігншілер мен малшыларға бөлінудің экологиялық ескертілген сипаты
болды: үлкен өзендердің алқаптарында көбінесе егіншілік ұйымдары, тау
жерлері мен қырларды – мал шаруашылығының ұйымдары мекендеген. Бірақ
адамның географиялық ортаға тәуелдігі ешқашан абсолюттік болған жоқ.
Алқаптың террасалық ұйымдастыруымен таулы егіншілік дамыды, егіншілер мал
ұстады, малды егіншілікте жегуге пайдаланып, сонымен қатар мал шаруашылық
өнімімен пайдаланды. Айтылған Еуропада көбінесе малды қорада ұстап
егіншілікпен айналасқан аудан, таулы аудандарда ғана малшылық егіншілікке
қарағанда басымды болды, бірақ егіншіліксіз шаруашылық болған жоқ.
Еуропаның орман алқабында кей жерлерде аңшылар мен балықшылардың тайпалық
топтары өмір сүрді, Балтық теңізі мен ірі көлдер – Женевалық, Ладогалық,
Онегалық көлдердің жағалауларында да көп болды, бұған ұқсас мәдени кешен
Еуразияның бүкіл солтүстік жағалауы бойында таралды. Еуразия солтүстігінің
шығысында, Аляскада, Канадада және оңтүстік Гренландияда бұл уақытта
аңшылық мамандырылған сипатта болды, теңіз сүтқоректілерін аулау
болғандықтан. Қорада ұстайтын малшылық немесе отарлы мал шаруашылығымен
егіншілікке сүйенген жиынтық шаруашылық Еуразияның бүкіл қыр алқабында
таралған, бірақ жеке аудандарда, мысалы Монғолияда, Орта Азияның
оңтүстігінің таулы аудандарында, Орта және Алдыңғы Азияның шөлейт және шөл
жерлерінде көшпелі малшылық басым болды. Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс
Азияда жергілікті табиғи жағдайға сәйкес өзгеріп осындай шаруашылық құрылыс
қалыптасты [2, Б. 310-312].
Жоғарыда айтылғандай, Шығыс Азия күшті егіншілік шаруашылығының ошағы
болды, ол шаруашылыққа да өсіретін өсімдіктерге де түрлі мәдени импульстер
жасады. Оңтүстік-Шығыс Азияның аралдық әлемі, Австралия мен Тасмания,
Океания үлкен мәдени өзгешілігін көрсетеді, ол археологиялық мәліметтер
бойынша бірнеше мың жыл бұрын да сол шекарада қалыптасты: Австралия мен
Тасманияда – аңшылық, Оңтүстік-Шығыс Азияның аралдарында – мал
шаруашылығымен бірге егіншілік, кей жерлерде аңшылық, жағалауларда балық
аулау, Океанияда – балық аулау өндіру экономиканың бастапқы белгілерімен
(кокос пальма түрінде және шошқа өсіруде).
Екі Американың үлкен географиялық массивы көбінесе аңшылық-балық аулау
шаруашылығы және жинақтаушылықтың таралу облысы болды, Орталық Америкада
және оның жанындағы территорияларда айдаушы малшылықпен қатар егіншілік
дамыған. Түрлі табиғи жағдайы бар Африкада бұл кезде орталық аудандарда
жеке егіншілік мәдениет қалыптасты, көшпелі малшылық шаруашылық –
шөлейттерде және шөлдердің шеттерінде, джунглиде аңшылар мен жинақтаушылар
өмір сүрді.

2 Ерте таптық қоғам ерекшеліктерінің белгісі

2.1 Жеке меншіктің қалыптасуы

Таптардың калыптасу дәуірінде қосымша өнімнің пайда болуымен таптық
қоғам институты және оның ішінде маңыздысы – жеке меншік, қоғамдық таптар
және мемлекеттің қалыптасуы басталады. Ең маңыздысы – жеке меншік, неге
десе ол барлық басқа институттардың болуына мүмкіндік жасады.
Жеке меншіктің қалыптасуы кейінгі алғашқы қоғамның өндірістің көтерілу
екі процестің нәтижесі болды. Біріншіден, еңбек өнімділігінің өсуі және
оның мамандырылуы өндірістің жекешелендіруіне апарды, бұл бір адам жасаған,
ал басқасы меншіктеген қосымша өнімнің пайда болуына мүмкіндік туғызды.
Екіншіден, сол еңбектің өнімділігі мен мамандырылуы ауысуға арнайы өнімді
өндіруін мүмкін етті, үздіксіз өнімнің бөліну тәжірибесін жасады. Солай
еркін бөлінген жеке меншік қалыптасты, ол алғашқы қауымдық ұжымдық немесе
жеке меншіктен пайдалану қатынастарына жол ашқандығымен ерекшеленеді.
Бастапқы жеке меншік кейбір азық өнімдер және қолөнер бұйымдары,
өндірістік құрал мен қару, малшылықпен айналасқан халықтарда – ең бастысы
мал түрінде жиналды. Жеке меншіктің ерте түрлеріне құлдар да қатысады.
Бірақ ауысу эквиваленттері болған соң, артық өнімі барлар табиғи түрде ғана
емес ауытырылған қазына түрінде, бұл жерде ақшаның эквивалентінде жинауға
тырысты.
Жеке меншіктің пайда болуы мен жиналуы туралы көптеген археология
мәліметтері дәлелдейді. Солай, Ежелгі Мысырдың династияға дейінгі
жерлеулеріндегі (амрат мәдениеті) заттар, қауымдық емес отбасылық немесе
жеке меншік нышандарымен белгіленген. Сондай меншік нышандары деп (магиялық
тұмарлар) түйме және жасымық тәрізді Алдыңғы Азия мен Грецияның
энеолитикалық мәдениетінде, әсіресе месопотамдық халаф пен убайд
мәдениетінде белгілі мөрлер саналған. Кейінгі цилиндрлік месопотамдық және
протоэлам мөрлерінің сәйкес функциялары сөзсіз деп қарастырылады.
Байлық жинаудың өсуі туралы мәлімдейтін археологиялық олжалар өте
көп. Азия мен Еуропаның энеолит, қола және ерте темір ғасырына ақшаның және
қазынаның рөлін атқарған көптеген метал кесектері, құралдар, қару және
әшекейлер қазбалары қатысты. Бұл жерде Бородино ауылының Белгород-
Днестрліктің жанында табылған салтанатты қарудың қазбасы қызықты, мұнда
жергілікті емес күміс найза, күмін қанжар, алтын жалатқан күміс шоқпар,
нефрит балталары [3, Б. 253].
Бұл олжалар қоғам мүшелерінің арасында байлықтың тең бөлінбеуін
мәлімдейді. Солай тапқа дейінгі Қытайдағы инь және әсіресе чжоу дәуірдің
жерлеулері бірнеше сатыға бөлінеді – асыл тастары барлар, және ешқандай
құралсыздар. Жай қарапайымдармен қатар құрылымы күрделі және қосалқы
құралдары бай әлеуметтік басшы жерлеулерінің пайда болуы сипатты. Сондай,
әсіресе біздің елдің территориясындағы сол типті ежелгі ескерткіш – б.з.б.
ІІІ мыңжылдықтың аяқ кезіндегі Майкоп қорғаны. Үлкен жерлеу камерасы
онметрлік қорған үймесінің астында ағаш қалқамен үш бөліктерге бөлінген.
Басты жерлеу оңтүстік бөлікте орналасқан, мұнда ер адамның қаңқасы табылды.
Оның басы алтын тәтімен және басқа да көптеген қымбат әшекейлермен
безендірілген. Бұл өлген адамның бас жағында алтыннан және күмістен
құйылған бұқаның мүсіндерімен безендірілген матадан жасалған шымылдық
болғанын дәлелдейді. Шымылдықта арыстандардың кескіні бар алтын белгілер
тігілген. Басқа екі бөліктерде шаруашылық құралдармен бірге әйелдер
жерленген. Камерада мыс қанжарлар, жайпақ балталар, алтын және күміс ыдыс-
аяқтар табылған. Бір нақышталған күміс ыдыста орман өскен Кавказ тауларының
аясында бірінің сонынан бірі келе жатқан аңдар және таудың үстінде тұрған
аю суреттелген. Майкоп қорғанында көсемнің жерленгені анық.
Майкоптыққа ұқсас князьдықтар, бірақ мемлекеттік құрылымға дейінгі
қола және ерте темір ғасырының жерлеулері бұрыңғы СССР-дың көптеген
облыстарында және бірқатар шетелдік мемлекеттерде белгілі.
Өз жағынан этнологиялық мәліметтер жеке байлақтардың ең алдымен ру-
тайпалық басшылар отбасыларында жиналғанын көрсетеді. Бұл түсінікті:
байлықтардың негізгі меншіктеушілері бигмендер, ал мұрагерлік көсемдер –
басында рудың немесе қауымның құндылықтарының сақтаушысы мен реттеушісі
болады. Бұл құндылықтар содан кейін көсемдердің меншігі болып қала береді.
Солай, Газель аралындағы меланезийліктерде (Жаңа Британия аралы) басшылар
қауымның қазыналарының сақтаушысы болып қалатын, олар қазыналарды қоғамдық
мақсатқа пайдалануы керек болатын, ал олар оны өз керектеріне жұмсап,
кедейлерге қарызға беретін. Солтүстік-батыстағы квакиютль индейцілерінде
көсемдер рудың бөлінбес қазыналары деп саналатын – жез пластиналарды мұраға
қалдыратын. Мұннан квакиютль көсемдерінің өз қазынасының тез өсуі. Біреуіне
төрт үлкен қайық, төрт құл, қырық теңіз кәмшатының терісі және 120 жөке
жамылғысы, басқасына - төрт үлкен қайық, алты құл, алпыс жүн көрпе және 200
жөке жамылғысы тиісті болды. Бірақ байлықтың бәрі ру-тайпа басшалағамен
монополияға алынған жоқ. Байлықтар қатарлы қауымдықтардың ең
жұмыскерлерінде және олжалыларында да жиналды [3, Б. 253].
Жеке меніктің қалыптасуы жаңа мен ескі тәрбіп арасында өткір қарама-
қайшылықта өтті. Жеке меншіктік бастауларына тағы көптеген өндірістің
ұжымдылық формаларын, қауымдық-рулық эгалитарлығы психологиясын өтуі керек
болды. Жеке отбасылардың өздеріне керегі жоқ өнімдерінің табиғи түрін және
қазына ретінде жинау алғашқы қауымдық дәстүріне қайшы келетін, байлығы
асқандарға кедейлермен бөлісуге талап ететін. Өз рөлін тап қалыптасу
кезеңінде жаңа үрдіс алған беделді-экономикалық дәстүрлер ойнады.
Байыған адам, әсіресе ол бигмен немесе көсем болса, ықпалы мен беделін
жоғалтпау үшін салтанатты той өткізіп, туыстарына, көршілеріне және
қонақтарына құнды сыйлық беріп, кедейлерге көмектесуі қажет. Сараң бай
беделін ғана жоғалтпай, мүлігінен де айырылуы мүмкін. Солай, Сібірдің бұғы
өсіретін халықтарында XVII —XVIII ғғ. жеке отбасы жүз бастан астам мал
табынын ұстауға болмайтын, ал одан асқан малды өз талабымен берілмесе,
туыстары мен көршілері алып қоятын. Кейде сараңды өлтіретін де.
Мысалы, папуас өмірінде осындай оқиға болды: қауымдастар сараңнын
жақын туыстарын Сен ғана бай болмай, бәріміз тең болуы керекпіз, сен бізге
теңсін деп садақтан өлтіруге мәжбүрледі. Кейбір қауымдарда артықшылықтың
пайда болуына деген жек көрінішті көзқарас қалыптасты. Мысалы, Орталық
Африкадағы бембаларда олжалы егінші немесе омарташыңы бақсы дуагер деп
жариялайтын. Осындай психология таптар қалыптасу кезеңінде кісі алдында
жиналған мүлікті жою дәстүрі кең тарағанды дәлелдейді. Көптеген қоғамдарда
өлгенді жерлегенде, әсіресе бигмен немесе көсемді, оның байлығы жұрт
алдында жойылатын. Кейде осындайды адамның тірі кезінде де жасайтын, мысалы
Меланезия аралдарында бай тұлғалар байлықтың өлшемі болған ши тоқымаларын
жиі жоятын.
Ұжымдылық дәстүрдің жылжыма мүлікті жинау тенденциясына қарсылық
білдіру жалпы заңдылық байқалады: жинамауды немесе жоюды талап етуден
таратуды талап етуге.
Таптар қалыптасу кезеңіндегі жеке меншіктің дамуы басқа да
тәртіптермен тежелді, әсіресе жерге деген ұжымдық меншіктің сақталуымен –
бұл еңбектің негізгі шарты және құралы. Жылжымалы мүлік, оның ішінде өндіру
құралдары жеке отбасыларының меншігі бола бастағанда, өңделген жерлер,
жайылымдар, шөп шабулар, аңшылық және балықшылық аумақтар көбінесе өндіріс
ұжымның меншігінде қала беретін. Ұжымдық меншік болған уақытта, жылжымалы
мүлікке деген жеке меншік қосалқы сипатта болды. Еңбекті жекешелендіру және
жеке меншіктік бастауларының дамуы жерге деген жеке меншікке де апару керек
болды. Бірақ ол жылжымалы мүлікке деген жеке меншікке қарағанда қатал
күресте пайда болды және алдымен өз қауымнан тыс жерлерінде – еркін
жерлерде – мүмкін болды. Осыдан дамудың бұл кезеңінде кең таралған бірінші
қоныстанғандардың басымдық жер құқықтары дәстүрі пайда болды. Олар жаңа
қалыптасқан қауымның дәстүрлі басшысы, басымды байырғылар, ғұрыптық жер
қожайыны ретінде өмір сүрді. Өз қауымның жерлерінде өңделетін учаскелер
әсіресе түрлі егінші емес алқаптар ұжымның бөлінбес меншігі болып қала
беретін, бірақ жеке отбасылар өздеріне мұрагерлік иегер құқыған және өз
жеріне деген толық жекеменшіктік құқыққа ие болуға тырысты [4, Б. 125-128].
Әсіресе жерге деген ұжымдық меншік формасын көшпенді және жартылай
көшпенді малшылар сақтаған.
Жеке меншік қалыптасуының баяулығы ұжымдықтан жеке меншікке өту сирек
тікелей болатыны. Көптеген зерттеушілер жекеленген меншілтің аралық
категориясын белгілейді, яғни ұжымдықтан бөлінген, бірақ эксплуатация
қатынастарын жасамаған және бұл мағынада жеке емес.
Аралық категория деп топтық жеке меншікті, яғни біреуінікі емес
бірнеше тұлғалардың бірлескен жеке меншігін қарастырған. Ол тап қалыптасу
кезеңіне тән емес және өте дамыған тап қоғамдарында бар, бірақ
қарастырылған кезеңде әсіресе кең таралған, көбінесе жеке меншіктің
тұрақтануының алдында болып. Жекешеленген де топтық та меншік бұл дәуірге
тән отбасының экономикалық құрылымына сипатты.

2.2 Таптардың қалыптасуы

Артық өнім мен жеке меншіктің пайда болуымен қоғамдық және мүліктік
дифференциация анықтала бастады. Ру-тайпалық және қауымдық басшыларда
байлық жинала бастағанда, қатарлы туыстар және қауымдастар кішкене ғана
артықшылықтары болған, болмаған немесе жетпеушілік те көрген. Түрлі
себеппен қатарлы туыстар мен қауымдастар теңсіз шартта қалып
қойды:отбасылардың біркелкі емес саны және жынысжастық құрамы,
жұмыскерлердің жеке сапалары және көптеген кездейсоқтар әсер етті. Бұл
теңсіздік өткенде қауымаралық беделді-экономикалық қатынастар қауымның
ініше кеңінен кіруімен тереңделді. Сонымен мұнда ақысыз өзара көмекті
ысырған беру мен алу эквиваленттігі принцибі кіре бастады. Енді туыс немесе
қауымдастан алған материалдық көмек үшін ол ақы төлеу керек болды – алдымен
сол мөлшерде, содан соң одан көп мөлшерде.
Жиі осындай сұрақ туындайды: бөлінудің қандай түрі – қоғамдық немесе
мүліктік – алдында болды. Бірегей жауап оған жоқ. Көптеген ғалымдардың
пікірінше, екеуі де бір уақытта қалыптасқан: қоғамдық статустағы
айырмашылықтар мүліктік бөлінуге әсер етті, ал ақырғысы біртіндеп қоғам
мүшелерінің теңсіздігіне апарды. Сонымен қатар этнологияға олардың
мүшелерінің теңсіз статустары экономикалық теңсіздікке апармаған қоғамдар
аз емес екендігі белгілі [5, Б. 201-203].
Қосымша өнім мен жеке меншіктің пайда болуы қоғамдық және мүліктік
бөлінуді күшейтті де пайдалану қатынастарын туындатты. Пайдаланудың ерте
түрлерінің арасында қауым ішіндегі эксплуатация (эндоэксплуатация) –
кіріптарлық пен феодализм бастамалары және қауымаралық эксплуатация
(экзоэксплуатация) - әскери тонау, контрибуция және алым-салық төлеушілік.
Олардың арасында аралық орында құлшылық немесе құл иеленушілік болды –
көрнекті, сондықтан жақсы зерттелген эксплуатация түрі.
Алғашқы, әсіресе ерте алғашқы үздіксіз артық өнімі жоқ қауымда
құлшылық бола алмайтын. Сондықтан тайпааралық қақтығыстарда алынған соғысқа
жарамды еркектерді өлтіретін, ал әйелдер мен балаларды адоптаған, оларды
жеңген тайпаның толық құқықты мүшесі қылып алатын. Кейде, әсіресе
қақтығыста өлгендердің орнын толықтыру үшін, ересек еркектерді де
адоптаған. Солай, XVIIғ. Мәліметтегідей, кейбір солтүстік американың
индейец тайпаларында әскери тұтқындарын туыс жақындарын жоғалтқан
отбасыларына беретін. Егер тұтқындарды қабылдаса, олардың азап тартатын
күндері бітетін: оларды жақсы киіндіретін, олар еркін болатын, бірақ өз
елдеріне қайта алмайтын, кімнің орнына келді, соның құқығымен пайдаланатын.
Бірақ жиі оларды қабылдамай, олар азаптан қайтатын.
Үздіксіз артық өнімнің пайда болуы әскери тұтқындардың еңбегін
пайдалануға мүмкіндік берді. Енді оларды жиі адоптап отбасының кіші мүшесі
құқығымен құлшылыққа бірінші қадам жасаған. Алдында құлдар қауымның ортақ
меншілі болатын және ежелгі құлшылық ұжымдық немесе қауымдық болатын деген
пікір бар. Бірақ осындай форма тарихи жағынан да этнология жағынан да
ешқайда белгіленбеген. Бірінші құлдарды кіші отбасы мүшелерінен
айырбастауға қиын екендігімен бұл дәлелденеді. Оларды көбінесе үй
шаруашылығында пайдаланған, олар ең жағымсыз жұмыстарды атқарды. Солай,
юкагирлерде олар әйелдерге болысты, нивхтарда отын дайындаған, су тасыған,
тамақ әзірлеген, иттерді тамақтандырған. Құлдар иелерімен бірге тұратын,
бір шатырдың астында ұйықтайтын, бір столдың жанында тамақ ішетін. Басқа
жағдайларда олар жеке үйлерде қоныстап өз кішкене шаруашылығын ұстап, өз
иелеріне шаруада көмектесетін. Оларға жұмсақ қатынасатын, кей жағдайдарда
құлдың белгілі жеке және мүліктік құқықтары болатын. Көптеген қоғамдарда
құлдар басында иелеріне мұра ететін, еркіндермен некеге кіретін, қоғамдық
және діни өмірде қатысатын. Дәстүрлер сатуға, өлтіруге және құлға қатал
қарауға тыйым салатын, егер құл наразылық танытса басқа иеге кетіп қалуға
құқықты болатын. Құлдарды аса бақыламаған, өйткені өмір сүруге қолайлы
жағдайда құл қашуға тырысқан жоқ. Сонымен қатар, көптеген тайпалардың
құлдарына қашатын жерлері болған жоқ: тұтқынға түскен адам періштелердің
қолдауын жоғалтады да туыстар оны қайтадан қабылдамайды. Қоғамның
бірқатарында құлшылық өмір бақы болған жоқ, құл бірнеше жылдан кейін толық
құқылы тайпалас болатын. Құлды босату қайырымдылықтың және жомарттықтың
көрсеткіші, жақсы әрекет деп саналатын. Өмір бойылық болғанымен құлшылық
мұрагерлік бола қойған жоқ: құл иелену дамуы деңгейіне қарағанда, құлдың
балалары, немерелері немесе шөберелері еркіндік алатын. Бұл құлшылықтың
қарапайым формасы, мұнда құлдар өндірісте экономика жағынан орын алмайды,
ал құқық жағынан отбасының кіші мүшелерімен жақын, үй немесе патриархалды
құлшылық деп аталды. Патриархалды деген термин мұнда қарапайым
мағынасында қолданылады [5, Б. 201-203].
Қоғамдық өндірістің өсуімен құл еңбегін қолдану саласы кеңейіп, құлдар
санын көбейтуге мүмкіндіктер ашылды. Солтүстік-батыс индейцілерде құлдар үй
шаруасына ғана емес, балықшылықта, үй және қайық салуда, балық аулау және
сақтауда, ескекші ретінде, терушілікте қолданылатын. Құрметтелген
жұмыстарда ғана, мысалы аңшылықта және аң өндірісінде құл еңбегі аз
қолданатын. Оған ұқсас егіншілік индейцтер тайпаларында құлдар егіншілікте,
беделсіз әйелдер істейтін жұмыстарда қолданылатын. Қалай болса да құлдар
саны өсті. Сол солтүстік-батыс индеецтерінің 15-20 %, кей тайпаларда 30 %
құлдар болды. Құлшылықтың көздері де кеңейді: әскери тұтқындауға
еріксіздікте туған балалар және құл сатулар қосылды. Құлдардың жағдайы күрт
нашарлады. Құлдар меншікке ие бола алмай өз еркімен үйлене алмады. Рұқсат
етілген неке де қоғамдық мәні болмай жай көңілдестік ретінде қарастырылған.
Еркіндермен шатастырмау үшін олардың шаштары қысқа кесілетін. Құлдарды
қатал ұстайтын, сонымен қатар ежелгі Спартадағыдай құлдар хижиналарына
мезгіл сайын қорқынышта ұстау үшін шабуыл жасайтын. Ғұрыптық құлдарды
өлтіру кең тараған, мысалы, жаңа үй мен қайық салғанда, инициация кезінде
және жабдықтарда.
Солтүстік-батыс индеецтердегі құлдардың жағдайы басқа да тап қалыптасу
кезеңдегі қоғамдарға сай келеді, мұнда үй құлшылығы өндірістік құлшылыққа
айналады. Мұнда құлдар кіші отбасылар мүшелерінен құқығы жоқ өндіріс
құралысыз халық тобына айнала бастады.
Құл иеленушіліктің пайда болуы басқа да нәтижелерге апарды. Үй
құлшылығы еркін қауымдықтардың бөлінуін тездетті де күшейтті.
Тұтқындағылар, әскери олжаның басқа да түрлеріндей ру-тайпалық және
қауымдық басшыларының меншігі болып қала берді. Құлдарды пайдаланып, олар
өз қоғамдық беделдігін көтеріп байлықтарын көбейткен. Жеке меншіктің
дамуымен олардың қолдарында үлкен және жақсы егістіктер, табындар,
қолөнерлік бұйымдар болатын. Сонымен қатар қоғамның басқа мүшелерінің
кедейлену процесі басталды. Қарызға алып, кейбіреулері қарызға батып,
құлшылыққа сатылып кететін. Қоғамдардың бірқатарында қарыздық құл-
тайпаластардың жағдайы басқа құлдардың жағдайынан айрықша болатын: олардың
құлшылық жағдайы уақытпен ғана болатын, оларға жұмсақтау қарап, олардың
құқықтары кеңірек (мысалы, оларды тайпадан тыс жерде сатуға болмайды)
болатын. Қалай болса да алдыңғы құлшылық көздері – соғыста тұтқындау,
тұтқында туу және құл сату – тағы бір көзбен толықтырылды – қарыздық,
тайпаластар құлшылығымен.
Қоғамдық және мүліктік бөлінуге себеп болып, құлшылық өз әсерін
эксплуатацияның қауым ішіндегі түрлерін дамуына тигізді. Өз кішкентай
шаруашылығын және жеке еркіндігін сақтаған кедейленген қауымдықтар бай
туасытрынан және көршілерінен кей кезде табиғи немесе ақшалай түрде қарыз
алуға мәжбүр болған. Бұл негізде эксплуатацияның тәуелділік түрлері пайда
болды: қарыз беруші шаруасында жұмыс істеу, өсімқорлық және әсіресе өндіріс
құралдары мен қаражатты жалға алу. Ақырғысында кедей қауымдық байдан мысалы
егуге бидай, тартпа жегу әбзелдерін немесе сүтті малдың бірнеше басын алса,
өндірілген өнімнің бөлігімен қарызын өтейді. Осындай сыбағаластық кейде
ақырында қарыздық құлшылыққа апаратын, бірақ көбінесе ол тоқтатылып,
эксплуатацияға туыстақ немесе көрршілік өзара көмектесу көрінісін беретін
архаикалық дәстүрмен жабылатын. Бұл тәртіп әсіресе жартылай көшпенді және
көшпенді қоғамдарда жан-жағынан таралды. Мұнда ірі иеленушілер кедейдерге
сауын үшін, қырқу үшін, көшу үшін малдарын беріп өздерін қосымша
өніммен және туыстар мен көршілерінің тәуелділігімен қамтамасыз етті.
Көшпенді машылық шаруашылықта бұл отан әдебиетінде саун, саундық
қатынастар деген қазақ сөзімен аталады. Құлдық пайдалану, немесе
кіріптарлық феодализм формаларының бірі ретінде қарастырылған, бірақ қазір
бұл көзқарас қате деп саналады. Кіріптарлық – бұл ішінде өзінің жеке
шаруашылығында және эксплуататордың шаруашылығында жұмыс істейтін адамның
жағдайында экономикалық және жеке тәуелділігін біріктіретін эксплуатацияның
ерекше түрі [6, Б. 315-318].
Қауым ішіндегі эксплуатацияның басқа түріне оның объекті ретінде
экономикалық жағынан өзіндік адамдар болғаны тән. Жоғарыда көргендей,
ұжымдардың байлықтарын түрлі басшылар өздеріне иемденгенге дейін, бұл
байлықтарды иелік ету оларға өз әсері мен мүлігін көбейтуге мүмкіндік
туғызды. Басшылардың күшейуімен олардың ұжымның шаруашылық өмірін бақылауы
да күшее бастады, сонымен қатар жалпы қоғамдық өнімдегі көбірек үлесін алу
мүмкіндігі де күшейді. Ұйымдық-басқару әрекеттермен айналасқан тұлғаарды
қамтуға деген қоғамның шығындары олардың тікелей қажеттіліктерінен асып
кетті. Жұмыскерлер мен ұйымдастырушалыр арасында еңбекті бөлу формасынан
біріншілерді екіншілері пайдалану формаларына айналды. Бұл өнімді тік қайта
бөлу үшін отандық этнологтар батыс әдебиетте бар редистрибуция терминін
қолданған; басқалары оны эксплуатация қатынасын күңгірттеуі деп санайды.
Осындай жағдай жасырынды болуы мүмкін: ұжымның сақтандыру төлемдерден және
басқа қажеттіліктерінен басшыларға деген сыйларға дейін. Бірақ барлық
жағдайларда қосымша өнімді экономика жағынан тәуелсіз, өндірістің барлық
құралдары бар жұмыскерлерден ұйымдық-басқару басшылықпен бөлу прафеодалдық
немесе қарапайым-феодалдық эксплуатация болып саналды. Мұннан әлеуметтік
басшылардың жерге және сол жердегі адамдарға деген тікелей құқықтарын
иемденумен байланысты феодалдық формаларға деген даму басталды. Бұл даму
африкалық, мұхиттық және басқа этнологиялық мәліметте жақсы зерттелді.
Солай, меланизийліктерде көсемдер әлі ешқандай сый алған жоқ, бірақ
қауымның байлықтарын иемденіп оларды өздерінің байуына пайдаланды. Жаңа
Зеландиядағы майориларда олар қатарлы қауымдықтардан қол жетерлік сыйдарды
ала бастады, олардың жерлері басқа қауымдықтардан үлкенірек болды, бірақ
олар әлі қауымның жерлерін иемденген жоқ. Фиджиде олар қауымның жер
меншігіне талаптана бастады. Тонга аралдарында жердің бәрі көсемдердің
меншігі ретінде қарастырылды, жай қауымдықтар өлім қауып-қатерінде де бір
жер иеленушіден басқаға кетуге құқықтары болған жоқ, олар міндетті түрде
нақты белгіленбеген салықтарды оларға төлеп тұрды. Таитиде міндеткерліктер
анықталғаннан кейін бұл процесс аяқталды.
Қауымаралық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет формациясының типологиясы
Мемлекеттің құқықтық табиғаты
Мемлекет белгілері, функциясы және органдары
Технократиялық мемлекет теориясы
МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҮСІНІГІ. Мемлекеттің негізгі теориялары
Мемлекеттің және құқықтың пайда болуының себептері
Мемлекеттің пайда болуының алғышарттары
Мемлекеттің белгілері, функциясы, органдары және нысандары
Мемлекеттің белгілері, функциясы және органдары
Түркістан ұлттық элитасының қалыптасуы мен қызметінің тарихы (1900-1924 жж.)
Пәндер