Тас дәуіріндегі наным-сенімдер


Мазмұны
Кіріспе 3
1 Діни сенімдердің қалыптасуы 5
1. 1 Алғашқы наным-сенімдер 5
1. 2 Дін, сенім, наным ұғымдарының ерекшеліктері 9
2 Алғашқы діни сенімдердің негізгі түрлері 11
2. 1 Фетишизм 11
2. 2 Магия 12
2. 3 Тотемизм 14
2. 4 Анимизм 15
3 Қазақ халқының көне дәуіріндегі наным-сенімдер 17
3. 1 Тотемизм, магия, анимизм, фетишизм және олардың
қазақ арасындағы ерекшеліктері 17
3. 2 Қазақстан қола ғасырындағы діни нанымдар мен табынушылықтар 22
Қорытынды 24
Қолданылған әдебиеттер тізімі 25
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Діннің шығуы туралы тұғырнамалардың бірі теологиялық және шіркеу жанындағы орталарда пайда болды және дінді зерттеу тарихына «прамонотеизм» немесе алғашқы монотеизм тұғырнамасы деген атаумен енді. Бұл тұғырнама алғаш рет ықшамдалған түрінде шотландиялық әдебиетші және ғалым Э. Лэнгтің (1844-1912) «Діннің қалыптасуы» деген кітабында тұжырымдалды. Ал толық күйінде католик попы В. Шмидт (1868-1954) баяндады, ол бұл тұғырнаманы негіздеуге «Құдай идеясының шығуы» деген 12-томдық еңбегін арнады. «Прамонотеизм» теориясының мәні мынада: барлық алуан түрлі нанымдардың, соның ішінде артта қалған халықтардың нанымдарының түбінде жалғыз Құдай-жаратушыға деген ең ежелгі сенімнің қалдықтарын байқауға болады. Дәл сол сенім діннің барлық формаларының бастамасы болды, тек содан кейін ғана оған оны ластаған элементтер араласты. Бұл теорияны дәлелдеу ұшін В. Шмидт орасан зор этнографиялық деректер қорын келтірді, оларға теологиялық түсініктемелеу берді, ал өзінің схемасына сәйкес келмейтін деректерді назарынан тыс қалдырды. Бұл деректер монотеизм - діни төңкерістің бастама нүктесі емес, діндердің шежіре ағашының бір бұтағының даму сатысы болып табылатынын көрсетті.
Адамзат тарихында «дінге дейінгі кезеңнің» болғандығы жөнінде болжам ұсынылды. Бұл болжамның жақтаушылары қоғам дамуының алғашқы сатыларында өмір сүрген адамдардың діни наным-сенімдері болмаған, себебі олардың санасы тікелей практикамен жалғасып жатты және қандай да болсын абстракциялар, соның ішінде діни абстракцияларды туындата алмады деп тұжырымдайды. ХІХ-ХХ ғғ. аралығында көптеген этнографтар, антропологтар мәдени дамуы жағынан өте төмендігі сондай, діни түсініктері мен ұғымдары мұлдем жоқ тәрізді тайпалардың бар екендігі жөнінде мәліметтер келтірді. Бірақ осы тайпалардың өмірін, олардың әдет-ғұрыптарын, ойлау ерекшеліктерін мұқият зерттеген соң, зерттеушілер оларда діни наным-сенімдердің және культтік практиканың нышандарын әрдайым байқап отырды. Сондықтан «дінге дейінгі кезеңнің» болғандығы жөніндегі болжам сол болжам кұйінде қалды.
Ұсынылған курстық жұмыстың мақсаты - тас дәуіріндегі наным-сенімдерді зерттеу.
Бұл мақсатқа сай келесі міндеттер қойылады:
- діни сенімдердің қалыптасуын зерттеу;
- алғашқы діни сенімдердің негізгі түрлерін анықтау;
- тотемизм;
- анимизм талдау;
- фетишизм анықтау;
- магия;
- Қазақстандағы алғашқы наным-сенімдерді талдау.
Зерттеу объектісі - алғашқы наным-сенімдер.
Зерттеу тарихнамасы. Алғашқы наным-сенімдердің пайда болуы мәселелерін А. П. Складников, Ю. П. Францев, Ю. А. Семенов, С. А. Токарев, А. И. Артемьев, Б. Малиновский, Джеймс Фрейзер, Э. Тайлор, Шоқан Уалиханов, Ы. Алтынсарин, Мұхтар Әуезов және т. б. тарихшылар зерттеген.
Хронологиялық шеңбер. Тас дәуіріндегі, адам пайда болған кезең - 1, 5-1 млн жыл бұрын, б. з. б. IV-III мыңжылдықтан - б. з. І мыңжылдығына дейін кезең зерттелген.
Курстық жұмыстың құрамы: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспеде зерттеудің өзектілігі, мақсаты, объектісі, міндеттері, құрамы айқындалған.
Негізгі бөлім үш тараудан құралады.
Бірінші тарау діни сенімдердің қалыптасу мәселелерін зерттейді.
Екінші тарауда алғашқы діни сенімдердің негізгі түрлері талданады.
Үшінші бөлімде Қазақстандағы алғашқы наным-сенімдер зерттелген.
Қорытындыда зерттеудің түйіні жазылған.
1 Діни сенімдердің қалыптасуы
1. 1 Алғашқы наным-сенімдер
Антропогенез процесі 2-3 млн жылға созылғандығын және адамзат тарихының басым бөлігі әлі кұнге дейін жеткілікті дәрежеде зерттелмегенін ескере отырып, қазіргі замандық дінтанушылар «прамонотеизм» теориясына да, «дінге дейінгі кезеңнің» болғандығы жөнінде болжамға да күмәнмен қарайды. Ал бүгінгі күні діни нанымдардың қарапайым формалары 40 мың жыл бұрын пайда болғанын ғана сеніммен айтуға болады. Болжамды түрде келтірілген алдындағыларға қарағанда, дене бітімімен, физиологиялық және психологиялық мінездемесімен қатты ерекшеленетін және ұғымдар мен белгілі бір деңгейдегі абстракцияларды жасауға қабілетті ақыл-парасатты адамның (Ноmо sapiens) пайда болуы да осы кезеңмен байланысты.
Тарихтың сол кезеңінде діни нанымдардың болғандығы жөнінде алғашқы қауымдық адамдарды жерлеу практикасы куәландырады. Сапиенсті адам өзінің жақындарын арнайы қабірлерге жерлегені және мәйіттің басында оны келесі өмірге дайындау рәсімдері алдын ала жасалатыны анықталған. Олардың денесін бояумен жаққан, қасына қару-жарақ, үй тұрмысының заттарын, әбзелдерді және т. с. с. қойған. Демек, алғашқы адамдардың жер бетіндегі өмірмен қоса, өлген адамдар мекен ететін басқа дүниенің болатындығы жөнінде түсініктері болған [1, Б. 94-98] .
Адамзаттың жабайы кезінен бастап, дәл бүгінгі күніне дейін - діни түсініктер мен діни идеология (догма) олардын барлық өмірінің жүйесі арқылы өзгеріп түрленіп сан-қилы құбылыстармен көрінгенін білеміз: ол сонау көп құдайлы фетишизм, тотемизм , анимизм, магия түрлерінде белгілі болды. Бұл діндерді шартты түрде табиғи діндер деп атауға болады, себебі - адам осы діни сезімдерге сүйене отырып, өздерін сол табиғаттан бірте-бірте бөліп шығарды. Сол түсініктер арқылы табиғатқа ықпал еткісі келді, одан қорықты, одан өзіне жәрдем сұрады, бойына қуат іздеді, оларды қасиетті тұтып, оларды ғажайып тылсым күшке айналдырды. Соның нәтижесінде адам санасында оның өзіне қарама-қарсы тұратын сан-алуан түсініктер пайда болды. Бұл діни түсініктер басқа бір құдайлы діндер, сияқты белгілі бір әлеуметтік күштердің әсерімен болған жоқ. Өзінен өзі адам танымының белгілі бір кезеңі ретінде қалыптасты десек жаңылыспаймыз. Сол сияқты бұл діндер ешбір таптық көзқарасты, таптық мақсатты т. б. іздеген жоқ. Олар адамдардың табиғатымен еңбегі нәтижесіндегі қарым-қатынасынын салдарынан туды, ерекше табиғаттан тысқары күш ретінде дүниеге келді. Бұл діни түсініктерді де адамдардың өздері жасады, яғни бұл діни түсініктердің де барлық басқа діндер сияқты танымының тамыры бар, адамдардың өмір сүру процесіңде белгілі дәрежеде сіңірген еңбегі бар. Адамның табиғи фантазиясы осы кезден басталса керек.
Көптеген ғылым зерттеушілері діни түсініктерді пайда болу кезін неандерталдық кезімен басталса керек. Көптеген ғылым зерттеушілері діни түсініктерді пайда болу кезін неандерталдық кезімен басталса керек деп жорамал жасайды. Мысалы совет ғалымдары неандерталецтерде жеке-жеке дыбыс тілінің элементтері болған еді деген болжамда айтады, неандерталецтерде фантазиялық құбыластар, шын дүниені қиялы дүниеге айналдыру процесінің болғандығын археологиялық жаңалықтар дәлелдейтін сияқты.
Ғалымдардың басқа бір тобы неандерталецтерде діни түсініктерден алшақтау жатқан иллюзиялық түсініктердің болғанын келтіреді. Бірақ қалай болғанда да, діни түсініктердің күшейе түсуі - таптық қоғамның шығуымен байланысты күшейе бастады деген тұжырым дәлелге жақын келсе керек. Дегенмен діннің пайда болуынаң ешбір талассыз белгілері - саналы адамның рулық қоғам дәуіріне өту кезеңінде айқындала басталды деп түсіндіреді, кейбір зерттеушілер. Мысалы дейді олар - археологиялық қазбалардың берген мәліметтері бойынша - сол кездегі өлген адамды жерлеу дәстүрлі - діннің шығуы, табиғаттан жоғары тұрған күштерге сенуді дәлелдейтін белгілерін анықтайды. Сонымән бірге сал кездегі алғашқы ескерткіштер және таңбалар әр-қилы бейнеленген құбылыстар магиялық дәуірге жетелейтін сияқты,
Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде діннің пайда болуының негізгі себебі адамдардың табиғат алдындағы рәдәрменсіздігі, табиғатпен күрестегі әлсіздігі, қорқынышы, үрейі десек В. И. Лениннің «Алғашқы құрылыс адамы табиғат алдында, онымен күрес барысында жаншылған еді, - деп көрсетуге бекер емес тәрізді. Демек, діни түсініктердің, діннің пайда болуы - еңбек өнімінің ең төменгі дережеде болуымен қоса, өндірістік қатынас тардаң өте төменгі дәрежеде болуымен түсіндіреді [2, Б. 115-118] .
Діни нанымдар үңгірлік бейнелеу өнерінің туындыларынан да көрініс тапқан. Ежелгі жартастық суреттердің басым бөлігі - бұл аңшылық сахнасы, адамдар мен жануарлардың суреттері, кейде аң терілерін киген адамдар, ал кейде - зооантроморфтық жаратылыстар. Бұл суреттерді талдау зерттеушілерге алғашқы адамның адамдар мен жануарлар арасында ерекше бір байланыс бар екеніне, сондай-ақ жануарлардың әрекетіне кейбір магиялық амалдар арқылы әсер етуге болатынына сенгендігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Сондай-ақ алғашқы адамдарда сәттілік әкелетін және қауіп-қатерді аластайтын әр түрлі заттарды қастерлеу кең таралғандығы анықталды.
Діни наным формаларының бірі португал сөзі fetico (магиялық зат) шыққан «фетишизм» деген атауды алды, ал ол өз кезегінде factitus (магиялық шебер) деген латын сөзінен шыққан. Оны алғаш рет Батыс Африкада португал теңізшілері XV ғасырда тапқан, содан кейін фетишизмнің бірқатар баламалары әлемнің көптеген аймақтарында табылады [3, Б. 54-56] .
Фетиш ретінде адам қиялын несімен болмасын таң қалдырған кез келген зат бола алады: ерекше формалы тас, ағаш кесегі жануар тісі, шебер жасалған фигурка, зергерлік бұйым. Бұл затқа оның өзіне тән емес қасиеттер таңылады (дерттен жазу, жаулардан қорғау, аңшылықта көмектесу және т. с. с. қасиеттер) . Егер мұндай затқа табынған соң, практикалық әрекетінде адам табысқа қол жеткізе алса, ол өзіне фетиш көмектесті деп санай отырып, оны өзіне қалдырған. Егер адам қандай да бір сәтсіздікке ұшыраса, онда фетиш лақтырылып тасталынатын немесе басқамен алмастырылатын.
Алғашқы адамдардың фетиштерге мұндай көзқарасы таңдап алған заттарына деген құрметтің бірқалыпты болмағанын көрсетеді: көрсетілген көмегі үшін алғыс айтқан, ал көмектеспегені үшін жазалаған. Бұл тұрғыдан африкандықтардың фетиштерді азаптау ғұрпы қызықты, ол фетиштерді жазалау үшін ғана емес, оларды әрекетке итермелеу үшін жасалатын болған. Мысалы, фетиштен бір нәрсе сұрай отырып, африкалықтар оның денесіне темір шегелер қаққан, себебі осылайша фетиш адамдардың сұрағанын жақсы есіне сақтап, міндетті түрде оларды орындайды деп есептеген.
Діни нанымдардың басқа ежелгі формасы ретінде тотемизм - адамдардың қандай да бір тобы (тайпа, фратрия, ру) мен белгілі бір жануарлардың немесе өсімдіктердің түрінің арасында ерекше байланыстың бар екеніне сенім болып табылады. Діни нанымдардың бұл формасының атауы «ототеман» сөзінен шыққан, ол солтүстік американдық үндістердің оджибве тайпасының тілінде «тегі онын» дегенді білдіреді.
Тотемизмді зерттеу барысында оның пайда болуы алғашқы қауымдық адамның тұрмыстық әрекеті - терімшілік және аңшылықпен тығыз байланысты болғаны анықталды. Адамдарға тіршілік етуге мүмкіндік беретін аңдар мен өсімдіктер табыну объектісіне айналды. Тотемизм дамуының алғашқы сатыларында мұндай табыну тотемдік жануарлар мен өсімдіктерді тағамға пайдалануды жоққа шығармады, тіптен солай жасау ұйғарылды. Сондықтан кейде Австралия аборигендері тотемге деген өздерінін қатынасын мынандай сөздермен анықтаған: «Бұл біздің ет». Дегенмен адамдар мен жануарлар арасындағы мұндай байланыс өте ерте заманда болған, олардың болғандығы жөнінде тек көне әңгімелер мен зерттеушілерге тарих қойнауынан жеткен тілдегі тұрақты айналымдар ғана дәлел береді.
Біраз кейінірек тотемизмге әлеуметтік, бірінші кезекте кандық- туысқандық қатынастар енгізілді. Рулық топтың мүшелері (қан жағынан туыстар) өздерінің адамдар мен олардың тотемінің сипаттарын біріктірген ата-бабалардан шыққандарына сене бастады. Бұл, бір жағынан, ата-баба культінің күшеюіне, екінші жағынан, тотемге деген көзқарастың өзгеруіне, соның ішінде тотемді тағам ретінде пайдалануға салынған тыйымдардың (табу) пайда болуына әкелді, әрине тотемді жеу рәсімдік сипатта болып, ежелгі нормалар мен ережелерді еске түсіру жағдайларын санамағанда.
Кейінірек тотемизм шеңберінде табу деп аталатын тыйымдардың тұтас бір жүйесі пайда болды. Олар әлеуметтік қатынастарды реттестірудің маңызды механизмі болып саналды. Осылайша, жыныстық-жас мөлшерлік табу алғашқы қауымдық ұжымды қатаң бекітілген некелік таптарға бөлді және осылайша жақын туыстар арасындағы жыныстық қатынастарға тыйым салды. Тағамдық табу көсемге, жауынгерлерге, әйелдерге, қарттарға, балаларға берілуі тиіс тағам сипатын қатаң реттестірді. Табудың басқа бірқатар түрлері үйге немесе ошаққа қол сұқпауға, жерлеу заңдылықтарын реттестіруге, әлеуметтік статусты, алғашқы қауымдық ұжым мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін бекітуге шақырды.
Ақыр аяғында, нанымдардың алғашқы формалары жөнінде айта отырып, анимизмді (лат. апіта - жан) - жан мен рухтардың бар екеніне деген сенімді еске түсірмеуге болмайды. Анимистік нанымдардың тиянақты талдамасын ағылшын антропологы Э. Тайлор (1832-1917) өзінің «Алғашқы мәдениет» еңбегінде берген. Э. Тайлордың теориясы бойынша, бұл нанымдар екі бағытта дамыған. Анимистік түсініктердің бірінші қатары ертедегі адамның ұйқы, елестер, дерт, өлім құбылыстары жөніндегі ойлануларының нәтижесінде, сондай-ақ транс пен галлюцинаңияларын бастан кешіру барысында пайда болды [4, Б. 58-60] . Бұл күрделі құбылыстарды дұрыс түсіндіре алмаған «алғашқы қауымдық философ» адам денесінде болатын және кейде одан шығып кетіп отыратын жан туралы ұғымды қалыптастырады. Кейінірек бұған қарағанда кұрделірек түсініктер жасалады: дене өлген соң жанның өмір сүретіндігі жайлы, жандардың жаңа денелерге көшетіні туралы, о дүние жайында. Анимистік нанымдардың екінші қатары қоршаған ортаны кейіптеу мен рухтандыру сияқты алғашқы адамдарға тән талпыныстан туындайды. Ерте замандағы адам объективті дұние құбылыстары мен заттарын өзіне ұқсас, қалаулары, еркі, сезімдері, ойы бар деп қарастырған. Осыдан табиғаттың, өсімдіктердің, жануарлардың қаһарлы күштерінің жеке рухтарына деген сенім пайда болады, бұл сенім күрделі эволюция барысында политеизмге, содан кейін монотеизмге ауысады.
Анимизмнің кең таралғандығы жөніндегі дерекке сүйене отырып, Э. Тайлор мынандай формуланы ұсынады: «Анимизм дегеніміз бұл дін анықтамасының минимумы» [4, Б. 58-60] . Бұл формуланы көптеген дінтанушылар өздерінің құрылымдарында пайдаланды, дегенмен анимизмнің тайлорлық тұғырнамасын талқылау барысында оның әлсіз жақтары да көрінді. Қарсы дәлел ретінде алғашқы қауымдық адамдардың діни нанымдары (мысалы, тотемизм немесе фетишизм) көбінесе анимистік түсініктерді қамтымағанын дәлелдейтін археологиялық және этнографиялық мәліметтер келтірілді. Мұндай нанымдар «преанимистік» деп аталды. Дегенмен анимистік сенімдердің әлемнің барлық діндерінің құрамдас және аса маңызды бөлігі болып табылатынына күмән жоқ. Рухтарға, жын-шайтанға, өлмейтін күштерге сену - мұның бәрі алғашқы қауымдық анимистік түсініктердің модификациялары.
Сонымен, алғашқы діни наным-сенімдердің басқа формалары жөнінде де осыны айтуға болады. Демек, осы күнге дейін сақталған тұмар, бойтұмарларға, қасиетті заттарға сену алғашқы қауымдық фетишизмнен қалған қалдықтардан басқа ештеме емес. Тотемизмнің сарқыншағын көптеген діндерде кездесетін тағамдық тыйымдардан, жануар бейнесіндегі жаратылыстарды бейнелеуден көруге болады. Магиялық нанымдар мен ғұрыптар барлық діндердің культтік практикасының негізіне салынды. Тұрмыстық ырымдар сапасында: дуалауға, бал ашуға, үшкіруге сенімде магияға маңызды орын берілген.
1. 2 Дін, сенім, наным ұғымдарының ерекшеліктері
Дін - адам қоғамымен бірге пайда болған қоғамдық тарихи-құбылыс. Оның шығуының қайнар көзі - өмірдің өзі, адамның тіршілік болмысы. Қоршаған ортаның қалыптасуы - танымға байланысты. Кез келген тарихи кезеңдерде дүние, табиғат оның түрлі құбылыстары туралы адамның өзіндік көзқарасы, түсінігі болады.
Отандық философ М. Орынбеков: «Дүниетаным жеке адам және оның қоғамдағы орны, сана-сезімдік қалпы жайлы ұғымдарының жиынтығы, дүниенің біртұтастығын түсіну нәтижесі болып табылады», - дейді. Дүниетаным ұғымын сипаттай келе, дүниетанымды тұтас дүние туралы ондағы адамның орны жайындағы түсініктер мен пікірлердің жиынтығы деп түсіндіреді. Оның пікірі бойынша дүниетаным жеке адамның қалыптасуындағы нәтижелі ұғымдардың бірі дей келе, дүниетанымға мынандай анықтама беруге болады [5, 78-82 б. ] .
Дүниетаным - жеке адамның, әлеуметтік топтың, топтың немесе тұтас қоғамның қызметінің бағыты және шындыққа деген қатынасын айқындайтын ұстанымдардың, көзқарастардың мақсат-міндеттер мен сенімдердің жүйесі. Дүниеге көзқарас қоғамдық сананың барлық формаларына қатысты элементтерден құралады: онда философия, саяси, адамгершілік және эстетикалық көзқарастар үлкен рөль атқарады. Ғылыми білімдер дүниеге көзқарас жүйесіне ене отырып, адамның немесе бүкіл топтың қоршаған әлеуметтік және табиғат шындықтарын бағдарлау мақсаттарына қызмет ету; сонымен қатар ғылым адамды әр түрлі нанымдар мен адасулардан құтқарып, оның шындық болмысы ақыл-ой арқылы тануына жағдай жасайды.
Демек, көзқарастар мен сенімдер дүниетанымның күрделі құрылымының өзегі болып табылатынын байқауға болады.
Діни сенім - бұл а) гипостаздалған жаратылыстардың, атрибутталған қасиеттер, байланыстар, түр өзгертулердің обьективтік түрде бар екеніне; б) көрсетілген жаратылыстарға әсер ете отырып, олармен қарым-қатынасқа түсудің және олардан көмек алудың мүмкіндігіне; в) мәтіндерде суреттелген қайсыбір оқиғалардың шынымен орындалатындығына олардың қайталанатынына, күтілген оқиғаның болатынына, мәдени мұрасын зерттеуге арналған. Бұл жерде түрік және ислам құндылықтары, наным-сенім ерекшеліктері қарастырылады.
Адам танымы дамуының белгілі бір қыры, иірімі-жаратылыстан тыс бір құдіретті күш бар деп сенуден пайда болып қалыптасқан дін - дүниежүзі халықтарының бәрінде бар. Ф. Энгельс «Барлық мәдениетті халықтар басып өтетін белгілі даму сатысында алғашқы адам табиғат күштерін бейнелеу арқылы үйренеді. Нақ бейнелеуге тырысу барлық жерлерде бірдей құдайларды жасады және құдайдың барлығы жөніндегі дәлелдің сүйеніші болып жүрген» деп жазады [6, 115 б. ] .
Ұлттық кадір-қасиет дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, біздің заманымызға жетіп отыр. Тәртіп пен мінез ерекшеліктері өзгеріп отырады. Олар халқымыздың өмір сүру жағдайына, әлеуметтік-экономикалық және географиялық ортасының шарттарына байланысты қалыптасады. Ұлттық мінез құлық ерекшеліктері адамдардың біріккен өмірі мен күресінде, әлеуметтік, табиғи-географиялық, материалдық мәдени жағдайының шарттарына лайықты қалыптасты. Соның әсерінен әрбір адамға ұлттық мінез-құлық, саналы тәртіп, болымды қылықтар сезім көріністері, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары пайда болды.
Жалпы адами құндылықтар негізінде адам мүмкіндіктерінің шексіздігіне деген оның жетілу қабілеттілігіне деген оның әлеуметтік өміріндегі тұлға бостандығы мен абыройы тұжырымына деген сенімі, жалпы адамдық моралінің гуманистік нормалары, адамның іс-әрекетінің, мінезінің өнегелік ұстанымы мен оның айналадағы ортаға өнегелік қарым-қатынасын жатқызамыз. Жалпы адамзаттық өнегелік нормалары адамның мінезін бақылауға, күнделікті адамдардың қарым-қатынастарының бағытын бейнелеуге, адамды саналы субьект ретінде басқа адамға деген қарым-қатынасының достық, сыпайылық, сыйласымдылық, сезімталдық мінезде бағыттауға негізделген. Ол өтірікті, сатқындықты, қатыгездікті, қорқақтыкты жамандық деп санап, оған жол бермейді [2, 54-55 б. ] .
Сонымен, күнделікті өмір сан-салалы байланыстар мен қарым-қатынастарға толы. Егер осы байланыстарға ой көзімен қарап, талдап, саралар болсақ, олар адамдардың әртүрлі жағдайларда өзін-өзі ұстау, мінез-құлық пен жүріс-тұрыс қағидаларын сақтау тәртібіне, яғни әдеп (этикет) сыпайылық мәселеріне әкеледі. Ғасырлар мен қоғамдық формациялар ауысқан сайын әдептік (этикет) салттары да белгілі бір жүйеге түсе бастады. Этикет ережелерін білуге, үйренуге деген ықылас қазіргі кезде жұртшылық арасында ерекше қызығушылық тудырып отыр. Ол заңды да. Адамдардың мәдени тұрмыстық дәрежесі өсіп, рухани және материалдық байлықтары артқан, елдер мен халықтар арасындағы байланыстар бұрын болмаған дәрежеде өркендеген қазіргі шақта адамдар қарым-қатнасында әдеп нормаларын жан-жақты сақтай білу қажеттігі заман талабына айналып отыр.
2 Алғашқы діни сенімдердің негізгі түрлері
2. 1 Фетишизм
Алғашқы діни сенімдер формаларының бірі «фетишизм» деп атанды (португалдық мағынасы - магикалық зат) . Бұл дінді бірінші Батыс Африкада португалдық теңізшілер тапты, содан кейін фетишизмнің көптеген аналогтары әлемнің көп аудандарында табылды [7, 35 б. ] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz