Монғол мемлекетінің құрылуы



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

Негізгі бөлім
1. Монғол мемлекетінің құрылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
2. Найман, керейіт мемлекеттерін Шыңғыс ханның жаулап алуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
3. Шыңғыс ханның Қытайды жаулап алуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
4. Шыңғыс ханның Орта Азияға жорығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
5. Монғолдардың Солтүстік.Шығыс және Оңтүстік Руське шабуылы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35

Сілтеме ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37

Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .38
Кіріспе
Монғолдардың әлем тарихында алатын орны зор. Монғол шапқыншылығы қазақ халқының орта ғасырлық мәдениетін қалаларының дамуын тежейді. Бұл жорықтар нәтижесінде қазақ халқының дамуы ІІІ ғасырға дейін тоқтады. Орта Азияда Монғолдарға қарсы қарсылық көрсеткендердің ішінде Отырардың билеушісі Қайырханды атап көрсетуімізге болады. Ол Отырар қаласын Монғолдардан алты ай қорғады.
Монғол әскерінің күшті болуына Шыңғыс ханның «Яссы» атты заңдар жинағы және оған қоса жауынгерлерінің құдіретті болуы әсер етті. Олардың атты әскері күшті болды. Олар Солтүстік Қытайды жаулап алған кездегі өздеріне қажетті қарулар алуы да көмектесті.
Монғолдардың билеушісі Шыңғыс хан өзінің алдына қойған мақсатында әлемді билеу болатын. Шыңғыс хан өзі Орта Азия мен Солтүстік Қытайға жорықтар жасады. Монғолдардың Батысқа жорығын Шыңғысханның немересі (Үлкен ұлы Жошының баласы) Бату басқарды. Солтүстік Русь жеріндегі жорықтары Новгородқа дейін жетті. Новгородты неліктен жаулап алмағаны әлі де белгісіз. Новгородтан кейін олар жорықтарын Оңтүстікке бағыттады. Оңтүстік жорықтары Араб жеріне дейін жетті. Бұл кездері олар Оңтүстік Қытайға да жорықтар жүргізген болатын. Оңтүстік Қытайға жүргізген жорықтары қазіргі Ветьнам жеріне дейін жетті.

Жұмыстың мақсаты:
Шыңғыс ханның жорықтарының мәнін ашып көрсету.

Жұмыстың мақсатына қарай төмендегі міндеттер алға қойылады:
- Монғол империясының құрылуына талдау жасау.
- Шыңғыс ханның ішкі және сыртқы саясатының әлеуметтік жағдайына тоқталу.
- Шыңғыс ханның күрестеріне, жорықтарына, қозғалыстарымен соғыстарына сипаттама беру.
- Шыңғыс ханның өлімін ашып көрсету.
-
Жұмыстың өзектілігі
Тарихымызда хан атанған Шыңғыс ханның саяси қызметі мен оның шығарған заңдары биіктен көрінді. Деректерден Шыңғыс ханның қабілеті тым күшті, талапты да батыл қолбасшы екенін көреміз. Оған діәлел бірде дипломатиялық жолмен, бірде әскери күш тактикасын қолданғаны еді.
Шыңғыс ханның 1200 жыл шамасында өмірге келген Ұлы Жосық заңдар жинағы бар. Ол екі юөлімнен құралған, білік яғни таным, екіншісі жосық – заң.
Шыңғыс ханның Отырарды жаулап алуы, тарих сахнасында үлкен орын алуда. Оның құйтұрқы саясатпен астасқан стратегиялық және тактикалық өнері қандас тайпалардың бірігуінде, сондай ақ басқа елдерді жаулап алуда табысқа жетудің басты факторларының бірі болып табылады.
Қазақ халқының Шыңғыс хан шапқыншылығына жиырма жыл қажырлы күресі жеңіліспен аяқталды. Елі мен жерін қорғау үшін шапқыншылыққа қарсы күрескен Тоқтабек, Бұйрық, Тұғырыл, Күшлік,
Таяндар қан майданда қаза тапты. Шыңғыс хан олардың бытыраңқылығы мен алауыздығын пайдаланып жеке-жеке талқандады. Ол қарсыласқандарға садақ, тізе бүккендерге табақ тартты.
Шыңғыс хан сол замандағы - жан теңелмес қолбасшы, аса ірі саяси қайраткері, әкімі болды.

Жұмыстың зерттелу дәрежесі.
Шыңғыс хан жайлы деректер көптеген тарихшыларды қызықтыруы сөзсіз.
«Ертеде күллі Шығысты бай кітапханалармен әйгілі ғалымдармен және ақындармен тәнті еткен, Түркістандағы әйгілі Отырар
Пайдаланған әдебиеттер.


1.Әбілғазы / «Түрік шежіресі»/ А., 1992 ж.
2. Монғолдардың құпия шежіресі .
3. М. Қани / Қазақтың көне тарихы / А., 1992 ж.
4. І. Есенберлин / Шыңғыс хан әлем сілкіндірушісі / А., 2002 ж.
5. Қазақ ССР тарихы А., 1957 ж.
6. Рашиден / Жамих ат тауарих /
7. А. Ш. Қадырбаев / Қазақстан Шыңғыс хан мен оның мұрагерлері дәуіріндегі ХІІ-ХІҮ ғғ. / А., 1992 ж.
8. Лувсанданзан / Алтын шежіре / «Өнер» баспасы 1998 ж.
9. К. Р. Аманжолов /Түркі халықтарының тарихы / А., 2005 ж.
10. «Орта ғасырлардағы Шығыс елдерінің тарихы» С.Ә. Тортаев А., 2000 ж.
11. Қазақ СССР тарихы М., 1976 ж.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
Негізгі бөлім
1. Монғол мемлекетінің
құрылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
2. Найман, керейіт мемлекеттерін Шыңғыс ханның жаулап
алуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
3. Шыңғыс ханның Қытайды жаулап
алуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
4. Шыңғыс ханның Орта Азияға
жорығы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 25
5. Монғолдардың Солтүстік-Шығыс және Оңтүстік Руське
шабуылы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
Сілтеме
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...37
Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .38

Кіріспе
Монғолдардың әлем тарихында алатын орны зор. Монғол шапқыншылығы
қазақ халқының орта ғасырлық мәдениетін қалаларының дамуын тежейді. Бұл
жорықтар нәтижесінде қазақ халқының дамуы ІІІ ғасырға дейін тоқтады. Орта
Азияда Монғолдарға қарсы қарсылық көрсеткендердің ішінде Отырардың
билеушісі Қайырханды атап көрсетуімізге болады. Ол Отырар қаласын
Монғолдардан алты ай қорғады.
Монғол әскерінің күшті болуына Шыңғыс ханның Яссы атты заңдар
жинағы және оған қоса жауынгерлерінің құдіретті болуы әсер етті. Олардың
атты әскері күшті болды. Олар Солтүстік Қытайды жаулап алған кездегі
өздеріне қажетті қарулар алуы да көмектесті.
Монғолдардың билеушісі Шыңғыс хан өзінің алдына қойған мақсатында
әлемді билеу болатын. Шыңғыс хан өзі Орта Азия мен Солтүстік Қытайға
жорықтар жасады. Монғолдардың Батысқа жорығын Шыңғысханның немересі (Үлкен
ұлы Жошының баласы) Бату басқарды. Солтүстік Русь жеріндегі жорықтары
Новгородқа дейін жетті. Новгородты неліктен жаулап алмағаны әлі де
белгісіз. Новгородтан кейін олар жорықтарын Оңтүстікке бағыттады. Оңтүстік
жорықтары Араб жеріне дейін жетті. Бұл кездері олар Оңтүстік Қытайға да
жорықтар жүргізген болатын. Оңтүстік Қытайға жүргізген жорықтары қазіргі
Ветьнам жеріне дейін жетті.

Жұмыстың мақсаты:
Шыңғыс ханның жорықтарының мәнін ашып көрсету.

Жұмыстың мақсатына қарай төмендегі міндеттер алға қойылады:
- Монғол империясының құрылуына талдау жасау.
- Шыңғыс ханның ішкі және сыртқы саясатының әлеуметтік
жағдайына тоқталу.
- Шыңғыс ханның күрестеріне, жорықтарына, қозғалыстарымен
соғыстарына сипаттама беру.
- Шыңғыс ханның өлімін ашып көрсету.
-
Жұмыстың өзектілігі
Тарихымызда хан атанған Шыңғыс ханның саяси қызметі мен оның
шығарған заңдары биіктен көрінді. Деректерден Шыңғыс ханның қабілеті
тым күшті, талапты да батыл қолбасшы екенін көреміз. Оған діәлел
бірде дипломатиялық жолмен, бірде әскери күш тактикасын қолданғаны
еді.
Шыңғыс ханның 1200 жыл шамасында өмірге келген Ұлы Жосық
заңдар жинағы бар. Ол екі юөлімнен құралған, білік яғни таным,
екіншісі жосық – заң.
Шыңғыс ханның Отырарды жаулап алуы, тарих сахнасында үлкен
орын алуда. Оның құйтұрқы саясатпен астасқан стратегиялық және
тактикалық өнері қандас тайпалардың бірігуінде, сондай ақ басқа
елдерді жаулап алуда табысқа жетудің басты факторларының бірі
болып табылады.
Қазақ халқының Шыңғыс хан шапқыншылығына жиырма жыл қажырлы
күресі жеңіліспен аяқталды. Елі мен жерін қорғау үшін шапқыншылыққа
қарсы күрескен Тоқтабек, Бұйрық, Тұғырыл, Күшлік,
Таяндар қан майданда қаза тапты. Шыңғыс хан олардың бытыраңқылығы
мен алауыздығын пайдаланып жеке-жеке талқандады. Ол қарсыласқандарға
садақ, тізе бүккендерге табақ тартты.
Шыңғыс хан сол замандағы - жан теңелмес қолбасшы, аса ірі
саяси қайраткері, әкімі болды.

Жұмыстың зерттелу дәрежесі.
Шыңғыс хан жайлы деректер көптеген тарихшыларды қызықтыруы
сөзсіз.
Ертеде күллі Шығысты бай кітапханалармен әйгілі
ғалымдармен және ақындармен тәнті еткен, Түркістандағы әйгілі Отырар
қаласын Шыңғыс ханның қолбасшыларының жермен жексен қылуы Түркі
халықтарының есінен көшпек емес - деп, Шыңғыс Айтматов атамыз
айтқан.
Хиуа ханы, шығыс әдебиеті мен мәдениетінің білгірі Әбілғазының
еңбегінің ролі өте зор. Ол Шыңғыс ханның дүниеге келгенінен
бастап, ұрпақтарынан болған хандардың өмірінде баяндаған.
Ілияс Есенберлиннің шығармаларында сол жылдардағы болған
жағдайлар, алыстағы өткен шақтың қызықты деректері, Шыңғыс ханның
жаулап алу сооғыстарының сұмдықтары мен талқандаулары, оның
тағдырының ұлылығы мен қасыреті бейнеленген.
Көрнекті тарихшы Рашидиннің жазған еңбектерінде Шыңғыс ханды
батыл да айтқанынан қайтпайтын, айтқанын бұлжытпай орындайтын әділ
қолбасшы ретінде бейнеленген.

Түйін.
Айтылған мәліметтер мен бірге деректерді тұжырымдай келе
Шыңғыс ханның шапқыншылығы жайлап алған елдерге ауыр апат әкелді.
Ол өз әскерлеріне және ұлдарына арқа сүйей отырып, көптеген
халықтардың мәдени прогресін, олардың саяси, әлеуметтік және
этникалық дамуын ұзақ уақытқа тежеді.
Монғолдар шапқыншылығында адамдар көп қырылды. Өркендеп тұрған
қалалар қиратылып, ғасырлар бойғы мәдени қазыналар өртеліп, жойылып
кетті. Небір тамаша шеберлер мен қолөнершілер құлға айналды. Ел
ішінде түрлі ауру, індеттер таралып, жаппай жоқшылық басталды.
Орасан зор аймақтың шаруашылығы құлдырап кетті.
Жергілікті халықтың қарсылығын басу үшін Шыңғыс хан жаппай
қырып, - жою тәсілін қолданды. Өлкелер қаңырап бос қалды. Егістік
танаптары құрғап қалды. Ешбір жерде ешқандай да маңызды іс ілгері
басып, тиянақты болған жоқ. Ұрыстар мен шайқастарда жауласқан екі
жақта көптеген жерлерінен, әскерлерінен айырылды, қазыналары
қаңырап, адамдар болса оларды тастап, босқынға айналды.

Жұмыстың құрылымы:
Кіріспе, 5 тарау, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі .

1. Монғол мемлекетінің құрылуы

ХІІІ ғ. дүниені дүр сілкіндірген мемлекет – Монғолия болды.
Монғолияның даңқын бүкіл әлемге шығарған Шыңғыс хан мен оның
балалары, немерелері болды.
ХІ ғ. басында қазіргі Монғолия монғол тілінде сөйлейтін
тайпалардың мекеніне айналды. Онда бұрын тұрған түркі тілдес
халықтар немесе қоныс аударды, немесе монғолдарға сіңіп кетті.
Монғолдар Байқал көлінен Ұлы Қытай қабырғалары, Енесай өзені
мен Ертіс өзендері арасында орналасқан. Монғол халқының
негізін кереит, меркіт, найман, тайшыжүт, татар тайпалық
одақтары құрады.
Солтүстігіндегі монғолдар тоғайларда, ал оңтүстігіндегі – ашық
далада тұрды. Тоғайлардағы монғолдар аң, балық аулаумен
шұғылданса, оңтүстігіндегілер – мал бағып, көшпелі өмір сүрді.
Әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму деңгейі жағынан
солтүстіктегі монғолдар оңтүстіктегі монғолдардан артта қалып
қойған еді. Олар алғашқы қауымдық қоғамнан таптық қоғамға
енді-енді өте бастаған болатын. Олардың үйлері ағаштан жасалды,
киімдері аң терілерінен жасалатын. Бірте-бірте солтүстіктегі
монғолдар мал бағумен де айналыса бастады. Мал басының көбеюі
оларды тоғайдан шығуға мәжбүр етті. (1)
ХІІ ғ. тоғайлық монғолдардың көпшілігі жартылай аң
аулаушылар, жартылай мал бағушылар болды. Далада тұратын
монғолдар ірі қара, жылқы, қой өсірді. Түйе ол кезде
Монғолияда аз болды. Олар тез жиналып, тез қайта құрылатын
дөңгелек киіз үйлерде тұрды. Әр рудың өзіне тиісті,
бекітілген жайлау, қыстаулары болды. Монғолдар негізінен мал
етімен, сүтімен қоректенді. Мал монғолдардың өздерінде жоқ
егінге, қолөнер бұйымдарына айырбастайтын ақша орнына да
жүрді. Қолөнер нашар дамыды. Олар жүннен киіз басты, арқан
есіп, жіп иірді, мата мен темірден жасалған бұйымдарды
Қытайдан алып отырды. Теріден қайыс-таспа, мес, қоржын, киім
тікті. Ағаштан ертоқым, ыдыс-аяқ, садақ жасады. Аз
пайдалынылытын темірден ара, балта, пышақ, садақ оғын...
жасады. Монғолиядағы сауда Орта Азиядан, Шығыс Түркістаннан
шыққан ұйғыр және мұсылман көпестерінің қолында болды.
Жалпы мәдениет деңгейі өте төмен болды: олар календарь
дегенді білмеді. Қытай саяхатшысы Мэн Хун былай деп жазды:
Жылды шөптің өсуімен есептейді, біреуінен қанша жастасың деп
сұрасаң: 20 шөп, 30 шөп деп жауап береді. Олар күзді
көктемнен ажыратпайды, айдың күндерін білмейді. (2)
Кейбір монғол руларының мәдениетіне батыста тұратын түркі
тілдес ұйғыр халқы айтарлықтай ықпал етті. ХІІІ ғ. дейін
монғолдардың өз жазуы болған жоқ. Монғол тайпаларының ішіндегі
ең мәдениеттісі – наймандар ұйғыр жазуын қолданды. Дегенмен
барлық монғол халқына, оның мәдениетіне Азияның сол кездегі ең
озат елі – Қытай көп үлес қосты.
ХІІІ ғ. дейін монғол халқының көпшілігі шамандық дінді
ұстанды. Басты құдай деп мәңгілік көк аспан саналды.
Монғолдар жер құдайын да, рухты да мойындап, аруақтарды пір
тұтып, сыйынды. Кереит тайпасының ірі ақсүйектері ХІ ғ. басында
несториандық бағыттағы христиан дінін қабылдады. Наймандар
арасында буддизм мен христиандық та тарады. Бұл діндер
Монғолияға ұйғырлар арқылы тараған еді. (3)
ХІІ ғ. аяғына қарай монғол қоғамының таптық сипаты айқын
көріне бастады. Әрбір рудың өзнің батыр, мерген атанған
басшылары байларға айналып, өзінің кедей туыстарын қанай бастады.
Мұндай ру басшылары нояндар деп аталды. Рудың меншігіндегі
жерлерді біртіндеп осы нояндар өз қолдарына ала бастады. Олар
мал жайлымдарын, жазғы, қысқы қоныстарды бөліп, өздеріне көбірек
жақсы жерлерді қалдырып отырды. Монғол және қытай дерекнамалары
бұл мәселе бойынша көптеген нақтылы мысалдар қалдырған.
Жердің иесі ретінде нояндар бақташылар – араттарды өздеріне
тәуелділікте ұстады. Жер үшін араттар белгілі бір өтем төледі.
Мысалы, ноянның малын өз малымен қоса бақты. Сөйтіп,
жұмыспен өтеу рентасы қалыптасты.
Монғол қоғамының өмірінде құлдар үлкен рол атқарды. Құлдар
жеткілікті болды. Соғыста тұтқынға түскендер құлға
айналдырылатын. Дегенмен соншалықты көптігіне қарамастан , құлдар
монғолдардың қоғамдық өндірісінде шешуші рол атқарған жоқ.
Құлдарды негізінен ақсүйектер үйлерінде малай ретінде
пайдаланды, енді бір үйлерде құлдар қолөнершілер ретінде де
пайдаланылды. Құлдардың еріксіз еңбегі тиімсіз болды. Ол
арнаулы бақылаушы адамдарды қажет етті. Құлдардың еңбегі мал
басының өсуін қамтамасыз ете алмады. Монғол қоғамы алғашқы
қоғамдық қауымнан құлдық қоғамға тоқтамай, феодалдық қоғамға
көшті.Осы жолмен дамуына олардың дамыған феодалдық ел
-Қытаймен көрші болуы да үлкен ықпал етті. (4)
ХІІ – ХІІІ ғ.ғ. Монғолияның қоғамдық өндірісіндегі басты
фигура – ерікті шаруа – арат болды. Араттар әлі басыбайлы емес,
ерікті шаруалар болып қала берді. Олардың бір нояннан басқа
ноянға кетуге хақысы болды. Бұл ерікті шаруалардың нығайып
келе жатқан феодалдық қатынастарға қарсы күресі туралыдеректер
бар. Мысалы, Шыңғыс хан таққа отырар алдында монғол қоғамына
былай деп сипаттама берген болатын: Балалары әкелерін
тыңдауды қойды, інілері ағаларына бағынбады, санаспады, ерлері
әйелдеріне сенуден қалды, ал әйелі ерін сыйлауды қойды...
Сол себепті қарақшылар, бұзықтар, безбүйректер көбейді. Сөйтіп,
қоғамда тәртәп, мәніс қалмады.
Шыңғысханның өмірге келген жылы туралы нақты дерек жоқ.
Әр деректе әр түрлі берілген. Бір деректерде 1155 жылы, ал
кейбірінде 1162 жылы, бірінде хижраның 559 доңыз жылында Білұн
иылдық деген жерде дүниеге келді. Туғанда бір қолын жұмып
туылған. Кіндік шеше болған әйел қолын ашып қарап еді, бір
уыс қан көрді. Мұны келіп әкесіне айтты, отырған кісілердің
ешқайсысы бұл ненің нышаны екенін айта алмады, тек бір кісі
ғана бұл бала дүние жүзіне патша болар, көп елдерді
қаталдықпен өзіне бағындырар, бұл – соның нышаны, - деді. Ол
кісінің айтқанындай Шыңғыс хан хан болып ел басқарады. Әкесі
атын Темучин қойды, хан көтергенде Шыңғыс, - деп шаман Көкөші
лақап ат берген.
Шыңғыс ханның әкесінің аты – Есуки баһадүр боржігін руынан
шыққан. Есуки баһадүр өлгенде , оның үлкен ұлы Шыңғыс хан он
үш жасында еді, інілері жас еді. Шыңғыс ханның анасының аты
– Оолұн, анасы Ақнұр руынан. Ол кісі ақылды, кең пейілді,
ұстамды әйел болатын. Қонқамар руынан бәрі Шыңғыс ханға
қосылады. Бодынжар хан нәсілінің баршасы Есуки баһадүрге
бағынатын. Монғолдың әдеті бойынша патша қарауындағы елдің
жылқы, түйе, сиыр, қойының яғни төрт түлік малының оннан
бірін алып отыратын еді. Егер патшаның бес немесе он ұлы
болса, әкелері өлгеннен кейін олардың бірін хан көтерер
еді, өзгесі халыққа қосылар еді, олардан хан жылына бір
ет я болмаса бір түйе алар еді, олар өліп, балалары
қалса, өзге халықтан неше мал алса, олардан да сонша
мал алар еді.
Есуки баһадүрге мал беріп тұрған елі отыз-қырық мың үй
болатын. Шыңғыс ханды туыстары жас деп одан қорықпады.
Адам баласында алмақ жақсы, бермек жаман дейтін пиғыл бар.

Есуки баһадүрге бағынатын елдің ішінде малы мен басы
көбірегі Тайжұт руы еді. Басқа руларға бас болып, өз руымен
басқа жерге көшіп кетті. Ол уақытта Тайжұттың басшысы
Барғұнай қырылдақ еді. Есуки баһадүрдің елі екіге бөлінді. Ханның
үлкен атасы Брден ханнан туғандардан Маңғыттың жартысы өзге
елдерден екі жүз үйі, жүз үй, елу, он, бес үйден қосылды. Маңғыт
көп емес еді, хан қасында қалған маңғыттардың басшысы
Қойылдар. Қатаған, Хажут, Жойрат, Қият түгелімен Тайжұтқа қосылды.
Меркіттер атысып, шабысып, жылқы айдап кетуші еді. (5)
Тайжұттың азғыруымен көп рулар он үш жасар Шыңғыс ханға жау
болып, көп жылдар атысты, шабысты. Алайда 1206 ж.
көктемінде Онон өзенінің бастауында Ұлы құрылтайда
монғолдардың түкпір-түкпірінен келген нояндар мен хандар
Теміжүнді хан сайлап, қонқамар руынан Меңлік ечекенің ұлы
Көкше Темучинға Шыңғыс хан деп атақ берді. Сөйтіп Шыңғыс хан
атанып, елді қолға алып, әуімшілік аудандарға бөліп, мыңдықтар,
жүздіктер, ондықтар отрядын құрып, көптеген жорық
жасап, жеңістерге жетті.
Өмірінің соңғы күндерінің бірінде Шыңғыс хан жаман түс
көріп, шошынып, жуырда өлетінін ойлап жүр еді, аяқ астынан
ауру жабысып, нашарлап балаларын шақыртып, оларға көп
ақыл кеңес берді. Бір біріңе аз пайда үшін араздаспаңдар, ойларыңа
сәл күдік түссе ойларыңнан шығарыңдар, жауға бірігіп ғана
қарсы тұра аласыңдар, менің орныма Үкідайды хан сайлаңдар
дейді де 1227 жылы қайтыс болады. (6)
Шыңғыс бірде аң аулап жүріп, бір биік ағашты көріп,
мен өлгенде осы жерге өрлеңдер деген екен. Шыңғыстың
балалары сол ағаш түбіне жерлейді.

2. Найман, керейіт мемлекеттерін Шыңғыс ханның
жаулап алуы

Шыңғыс хан өзінің бәсекелестерін бірінен соң бірін жеңе
отырып, бытыранды монғол тайпаларының басын қосып, монғол
тайпаларының саяси бірлестігін құрды. Осыдан соң күн санап
күшейе түскен Темучин өзінің төрт төңірегіндегі тайпалар мен
ұлыстарға шабуыл жасады. ХІІ ғ. басында меркіт, татар, кей,
қоңырат, жалайыр, ойрат, найман, оңғыт тайпаларын бағындырды.
Меркіттер жан саны көп, үнемі Шыңғысханмен және
Тұғырылханмен жауласып келген. Меркіттер бірнеше рет Шыңғыс
ханға шабуыл жасаған. Бұл кез Шыңғысханның жас кезі болатын.
Олар бір ретте Шыңғысханды тұтқындаған, бірақ Шыңғыс
олардан қашып құтылған.
Меркіттер тағы бір жолы Шыңғысханның ұлысына шабуыл
жасап, талқандап, бәйбішеші Бөртені олжалап алып кеткен.
Кейін Шыңғыс Әскер жинап, меркіттерге шабуылдап, Бөртені
қайтарған, Бөрте жолда Жошыны босанған. Шыңғыс меркіттерге
бірнеше рет жорық жасап, жеңіп, бірінде Тоқтабектің баласы
Томузбекті өлтіреді. Тоқтабектің ең бикеші Қотұқты мен Жылуын
тұтқынға түседі.
1204 жыл Шыңғыс Тоқтабекпен соғысып, Тоқтабек жеңіліп , найман
ханы Бұйрыққа қашады. Оның ізіне Шыңғыс хан түсіп, сонда
меркіттердің бір тайпасы оғыз меркіт басшысы Иерсұн
Шыңғысқа елдесуді тілеп, қызы Құландыны Шыңғысқа береді.
(7)
1208 жыл Шыңғыс Ертестегі Тоқтабекке жорық жасап, оны
өлтіреді. Тоқтабектің кіші баласы Қолтуған мерген
болған. Оның мергендігіне Жошы қызығып, оны сынап садақ
атқызады да әкесіне өлтірмеуін өтінеді, әкесі тыңдамай
өлтіріп тастайды. Жылдар өте Иерсұн Шыңғысқа қарсы шыға
бастайды, Шыңғыс оларды тас-талқан етеді.
1199 жылы Шыңғысхан Тұғырылмен бірлесе отырып, найман ханы
Бұйрыққа шабуыл жасап, нәтижесінде жеңеді. Бұйрық қырғыз
еліне қашады. 11202 жыл Бұйрық хан меркіт, татар, қаташын
ұлыстарымен бірігіп, Шыңғысханға шабуылдайды. Шыңғысқа көмекке
Тұғырыл әскері келеді. Бұл кез қатаған аяз болатын,
Бұйрық ханның әскерлерінің қол-аяғы үсіп, таудан домалап
қырылады, Бұйрық қашады.
1204 жыл Шыңғыс керейлерді жаулағаннан кейін найман ханы
Таян мен меркіт ханы Тоқтабек және жажырат Жамұқа шешен
үшеуі бірігіп, Шыңғысқа қарсы дайындалады. Бұны
Шыңғысқа біреу астыртын жеткізеді. Шыңғыс дайындалып,
тұтқиылдан оларға шабуылдап, Таян ханд өлтіреді. Таян
ханның баласы Күшлік әкесінің інісі Бұйрық ханға кетеді.
Шыңғысхан Таянның үй-ішін олжалап, әйелі Күлбишені өзі
алып, немере қызы Линкүнді баласы Төлеуге қосады.
1206 жыл Шыңғыс хан Алтай тауының оңтүстігіндегі Ұлықтағ
тауында серуендеп жүрген Бұйрықтың үстіне түсіп, жеңеді
де тұтқындайды.1208 жыл Ертістегі Күшлік пен Тоқтабекке Шыңғысхан
шабуылдап, Тоқтабек қаза тауып, Күшлік Бесбалыққа құтылған
адамдарымен қоныстанады. Шыңғысханнан жеңілген елдер Жетісуға
қоныстанған. Осы дағдарысқа ұшыраған Лиау патшасы Күшлікке қол
артпақ болды. Күшлік оған: Менің Бесбалыққа Адамдарым көп,
рұқсат етсеңіз бәрін жинаймын, сізге көмек беремін дейді.
Жилугу келісіп, оған қару-жарақ, ақша береді. Мұны
пайдаланған Күшлік 1212 жыл Лиау патшасын тақтан тайдырып,
өзі отырады. (8)
Жилугу екі жылдан соң өлгеннен кейін Күшлік бүкіл
жерді билейді де бірнеше жерге жорық жасайды. Ол
Жилугудың қызына үйленгеннен соң будда дініне кірген.
Ол бүкіл еліне соған кіріңдер деп зорлады. Лиау елі
ислам дініне сенушілер.
1218 жылы Шыңғысхан Жебеноянды 20 мың әскерімен Күшлікке
аттандырады. Ол Күшлікті жеңіп өлтіреді де халыққа өз
діндерінде қала беруіне қолайы жағдай жасайды.
Тарихи жазба деректерде керей елінің атақты билеушісі
Тұғырыл тұсында елі мейлінше күшейіп, ұланғайыр жерді алған.
Оның армиясы оң және сол қол болып екіге бөлінген.
Тұғырылдың әкесі қайтыс болғаннан кейін Тұғырыл мен
Горхан екеуі хандыққа таласып, Тұғырыл Ясукей батырға барып,
қолдау сұрайды. Ясукей оған көмектесіп, Горханды жеңіп,
Тақты Тұғырылға алып береді. Бұған көңілі толған Тұғырыл
Ясукеймен анда болады. Ясукей қайтыс болған соң, Оның қол
астындағылар баласы Темучмнге қалады. Темучин, Тұғырыл әкесімен
анда болғандықтан, оны әкесіндей көріп, арқа сүйейді. Темучин
Тай шешеннің қызы Бөртеге үйленеді, бас кеитке берілген
қара бұлғын ішікті Тұғырыл иығына жабады. Тұғырыл Темучинға
еліңді жинап, қолыңа ұстасам деп уәде береді.
Темучиннің күші мен дәулеті күннен-күнге өсе түсті. Жақын
отырған елдердің тек күштілері ғана оған бағынбады. 1206
жылдың көктемінде Онон өзенінің бастауында Ұлы құрылтайда
монғолияның жан-жағынан келген хандар мен нояндар Темучинді
хан сайлап оған шыңғыс деген атақ берілді.Кейін Шыңғыс хан
Тұғырыл арасында келіспеушілік болып, қанды шайқасқа айналады.
Менің ойымша Шыңғыс ханды Тұғырылдың туысқандары көре алмай
іріткі салып отырды. Шыңғыс хан бірнеше рет жеңіп
шықты, соңында Тұғырылдың елін шауып ордасын ойраңдап, қыз-
келіншектерін олжалап, өзін өлтірді.
Ал басқа деректерде, шайқаста жеңілген Тұғырыл баласымен
найман еліне қашады, найман елінің қолбасшысы Тұғырылды
өлтіріп, басын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта ғасырлардағы Азия, Африка елдерінің тарихы пәні бойынша семинар сабақтарына арналған оқу әдістемелік құрал
«Түркі халықтарының тарихы» пәнінен оқу-әдістемелік кешен
Шыңғыс хан шапқыншылығы
Монғол-татар шапқыншылығы
Моңғолдар мемлекетінің құрылуы. Шыңғыс-хан шапқыншылығы
Алтын Орда мемлекеті туралы ақпарат
Моңғолдар мемлекетінің құрылуы
Ұлыс Жошы мемлекетінің құрылуы
«Алтын орда» мемлекетінің құрылуы туралы
«Алтын Орда» мемлекетінің құрылуы
Пәндер