Қазақстандағы қола дәуірінің археологиялық ерекшеліктері


Мазмұны
Кіріспе 3
1 Қола ғасыры - археологиялық дәуір ретінде 5
1. 1 Кезеңдеу және дәуірлеу мәселелері 5
1. 2 Қоланы алудың тәсілдері 10
1. 3 Дәуірдің ерекшеліктері 11
2 Андронов мәдениеті 13
2. 1 Андроновшылардың негізгі тіршілік және шаруашылық көзі 13
2. 2 Андроновшылардың үй кәсіптері және әдет ғұрпы 15
3 Орталық Қазақстандағы Беғазы-Дәндібай мәдениеті 17
3. 1 Тұрақтары және ескерткіштері 17
3. 2 Шаруашылығы 22
3. 3 Наным сенімі 23
Қорытынды 27
Қолданылған әдебиеттер тізімі 28
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан аумағын қола ғасырында мекендеген тайпалар андронов мәдениетіне жататын археологиялық ескерткіштер (қоныстар, қорымдар, кен орындары, жартас суреттері) қалдырды. Бұл атау шартты түрде Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласының жанындағы Андроново селосы маңындағы бірінші рет қазылған қорым орындарына байланысты таңдап алынған. Қазба жұмыстарын 1913 ж. Б. А. Андрианов жүргізген, ал 1927 ж. археолог М. П. Грязнов Батыс Қазақстаннан осындай жерлеу орындарын табады да, андронов мәдениеттерінің ескерткіштері - шығыста Минусиннен батыста Оралға дейінгі орасан зор аймақта таралғандығын анықтайды. Кейін андронов ескерткіштерін Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісудан да табудың сәті түсті.
Андронов мәдениетін зерттеуге байланысты күрделі сауалдардың бірі хронологиясын, оның біртұтас дамуындағы уақыт шеңберін анықтау, сондай-ақ қазба жүргізілген ескерткіштер мерзімін айқындау болып келеді.
Қазір зерттеушілердің көпшілігі андронов мәдениетінің уақытын үш кезеңге бөледі: ерте қола - б. з. б. ХVІІІ-ХVІ ғғ. ; орта - б. з. б. XV-XII ғғ; соңғы - б. з. б. XII - VIII ғ. бас кезі. Ескерткіштердің аталуына байланысты, ерте кезі - федоров; орта - алакөл, соңғысы - замараев аталады. Күні кешеге дейін бұлардан андронов мәдениетінің дамуындағы түрлі кезеңдер көрініс тапты деп есептеліп келді. Соңынан, федоров ескерткіштері ерте емес, орта қоламен мерзімделінетіндігі анықталды және де андронов мәдениетінің үйлесімді даму суреті бұзылған еді. Кейіннен федоров ескерткіштері - ерте және соңғы болып бөлінетіңдігін анықтаудың сәті түсті. Бірінші топ б. з. б. ХV-ХІV ғасырларға, екіншісі - б. з. б. ХІІІ-ХІІ ғасырларға жатады. Егер ерте уақыттағы ескерткіштер Орталық Қазақстан мен Оралдан белгіленсе, кейінгілері - өте кең аумақтан: Батыс Сібірден, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысынан, Орта Азиядан жиі ұшырасқан. Федоров тайпаларының қоныстанған негізгі орталығы Қазақстан болған сияқты. Бұл жерден оларды Орталық Қазақстанға Батыстан келген алакөл тайпалары ығыстырған.
Сонымен, алакөл және федоров тайпалары бір уақытта өмір сүрді, және де, олар қалдырған ескерткіштері де бұған сәйкес келеді. Тайпалардың араласуы нәтижесінде аралас түрдегі ескерткіштер қалыптасады: Жетісуда - жетісулық тип, батыста - қожамберді.
Андронов мәдениеті біртұтас емес еді деуге болады: онда бұрын өмір сүрген тайпалар мәдениетін сипаттайтын көптеген нұсқалар бар. Сондықтан қазір бір-біріне жақын үнді-иран тайпаларын біріктірген андронов мәдени қауымдастығы жайлы сөз өрбіткен жөн.
Беғазы-Дәндібай мәдениеті өткен кезеңмен генетикалық байланысты сақтай отырып, андронның кеш қола (б. ғ. д. ХІІІ-ХІ ғғ. ) кезеңіндегі өтпелі кезеңінде қалыптасады. Осы кезеңнің ескеркіштері өтпелі адронов кезеңінің кейбір ерекшелітеріне ие, соның өзінде ол жерден жаңа формалардың пайда болғаны анық байқалады, олар өтпелі кезеңінің алдындағылар. Беғазы-Дәндібай ескерткіштерінің ерекшеліктерін тас архитектурасы құрайды.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты - Қазақстандағы қола дәуірінің археологиялық ерекшеліктерін зерттеу.
Бұл мақсатқа жету үшін осындай міндеттер қойылды:
- қола ғасырдағы кезеңдерді зерттеу;
- қоланы алудың тәсілдерін анықтау;
- андронов мәдениетін зерттеу;
- Орталық Қазақстандағы Беғазы-Дәндібай мәдениетін зерттеу.
Курстық жұмыстың құрамы: кіріспе, негізгі бөлім (3), қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспеде жұмыстың мақсаты, міндеттері, құрамы анықталады.
Негізгі бөлім үш бөлімшеден құралады.
Қорытындыда жасалған зерттеудің түйіні жазылды.
Қолданылған әдебиеттер тізімінде зерттеу барысында пайдаланған деректердің тізімі беріледі.
1 Қола ғасыры - археологиялық дәуір ретінде
1. 1 Кезеңдеу және дәуірлеу мәселелері
Қазақстандағы қола дәуірі ірі-ірі үш кезеңге бөлінеді: алдыңғы кезең (б. з. б ХVІІІ-ХVІ ғасырлар), ортаңғы кезең (б. з. б ХV-ХІІ ғасырлар), соңғы кезең (б. з. б XII ғасыр-VІІ ғасырдың басы) . Андронов мәдениеті қола дәуірінің алдыңғы және ортаңғы кезеңіне, ал Беғазы-Дәндібай мәдениеті соңғы кезеңіне тұстас келеді.
Орталық Қазақстанның қола дәуірін зерттеу ісіне өткен ғасырдың 40-70 ж. Ә. Марғұлан, К. Ақышев, А. Оразбаев, М. Қадырбаев сияқты ғалымдар андронов және беғазы-дәндібай мәдениетінің қоныстары мен зираттарын тауып зерттеп, қазу жұмыстарын жүргізіп кене дәуір тарихына өз үлестерін қосты. Қазақстанның батыс белігінде қола дәуірінің ескерткіштерін зерттеген О. А. Кривцова-Гракова, Солтүстік Қазақстанды О. М. Оразбаев, Шығыс Қазақстанды С. С. Черников, кейіннен оған А. Г. Максимова қосылған, Солтүстік Қазақстан мен Батыс Қазақстанды В. С. Сорокин, Жетісуды А. Н. Бернштам, К. А. Ақышев зерттеп, қола дәуіріне қатысты құнды мәліметтер тапқан.
Қазан төңкерісінен кейін Қазақстандағы ежелгі ескерткіштерді зерттеу мақсатында Материалдық мәдениет тарихы Академиясынан және жергілікті ғылыми өлкетанулық мекемелерден бірнеше ірі-ірі экспедициялар ұйымдастырылды.
1926-1928 жылдардағы М. П. Грязнов пен Б. Н. Граковтың Батыс Қазақстан мен оңтүстік Орал өңіріне жүргізген зерттеу жұмыстары Қазақстандағы қола дәуірі мен далалық андронов мәдениетіне қатысты мәселелерді зерттеудің бастамасы болды [1, 8 б. ] . Зерттеу жұмысының нәтижесінде М. П. Грязнов, I Киргельд пен Киргельд II қабірлерінен, Оралсай және Құнанбайсай обаларынан алынған мәліметтер негізінде андронов мәдениетінің екі жергілікті нұсқасын бөле отырып, андронов мәдениеті тек Батыс Сібірге тән деп орныққан пікірді өзгертті.
Қазақстандағы қола дәуірін зерттеуге өлкетанушы Л. Ф. Семенов та өз үлесін қосты. Ол 1927 жылдан бастап Орталық Қазақстандағы археологиялық ескерткіштерді тіркеуден өткізумен айналысты. Соғысқа дейін ол осы аудандардағы белгілі ескерткіштердін барлығын тіркеуден өткізіп, кейіннен ертедегі қола дәуірін зерттеумен айналысты. Бірақ Орталық Қазақстандағы алғашқы ірі археологиялық зерттеу жұмысын, Материалдық мәдениет тарихы Академиясының 1933 жылы ұйымдастырған Нұра экспедициясы жүргізді. Экспедицияның құрамында белгілі археологтар, А. И. Артамонов, М. П. Грязнов, Н. Арзютов, И. В. Синицын, М. Н. Комарова, А. Н. Рогачев және экспедицияның жетекшісі П. С. Рыков болды. Экспедиция Нұра, Шерубай-Нұра, Жақсы және Жаман-Сарысу өзендерінің аңғарларына кең барлау жұмыстарын жүргізген. Андрон ескерткіштеріне қатысты 32 оба қазылып, 43 қабір зерттелді. Алғашында ескерткіштерді топтастыру әрекеті жасатды. Обалардың 9 типін бөліп алды, бірақ олар хронологиалық жағынан, әлеуметтік-этникалық жағынан бөлінбеген. Авторлар тек қана бір шағын ауданда әр түрлі ескерткіштерге тоқталу үлкен қызығушылық тудыратындығын атап көрсетеді. Бұл экспедицияның жүргізген жұмысының нәтижелерінің бірі - беғазы-дәндібай ескерткішінің ашылып, 11 қорғанның зерттелуі болды. Бұл ескерткіш оба конструкциясының күрделілігімен ерекшеленеді [1, 9 б. ] .
Қазақстандағы қола дәуірін, әсіресе андронов мәдениетін кезеңдеу мен хронологиясына байланысты зерттеушілер арасында әр түрлі болжамдар бар.
Андронов мәдениетінің ескерткіштерін кезеңдеуге бөліп, тоғыстыруды бастаған С. А. Теплоухов [2, 114 б. ] болды. Әсіресе М. П. Грязновтың сіңірген еңбегі зор. Ол 1930 жылдары Андронов мәдениетінің тарихи құбылыс ретіндегі суреттемесін жасап және қола дәуірінің мәдениетін үш кезеңге: алдыңғы, ортаңғы, соңғы деп бөлді. Автордың ойынша, алдыңғы қола дәуірі, Минусинск далаларынан бастап Қазақстанның далалық аймақтарын, Батыс және Шығыс Сібірді қамтыған. Ал қола құралдары екінші кезеңде пайда болған. Үшінші кезеңде, қатпарлы пышақтар және біздер пайда болған [3, 158-162 б. ] .
1931-1939 жылдары Алексеевск кешенін қазу нәтижесінде алынған материалдар далалық андронов мәдениетінің екі даму кезеңін белгілеуге мүмкіндік берді. О А. Кривцова-Гракованың көрсетуінше алдыңғы кезеңде оңқалар және қыш құмыралар, соңғы кезеңде бүйірі шығыңқы ыдыстар мен жапсырмалы белдіктер кең тараған [4, 160-161 б. ] . Қола дәуіріндегі тайпалардың тұрмыстық және рухани мәдениетін, экономика мәселелерін шешуде бұл ескерткіштерді зерттеудің маңызы зор.
1948 жылы К. В. Сальников андронов мәдениетінің үш сатылы кезеңдеуін ұсынды. Ол мынандай үш кезеңге бөлген: федоров (б. э. д. 2 мыңыншы жыл), алакөл (б. э. д. 11-9 ғ. ғ), замараев (б. э. д, 8-7 ғ. ғ) . Кейінен жаңа мәліметтер бойынша бұл хронологияға мынандай түзетулер енгізген: 1 кезең, федоров-б. э. д 18-16 ғ. ғ; 2 кезең, алакөл - б. э. д. 15-12 ғ. ғ; 3 кезең, замараев - б. э. д. 12-8 ғғ.
Қазақ ССР Ғылым Академиясының Орталық Қазақстан экспедициясы қысқа уақыт ішінде Бетпақ-даланың, солтүстік-батысынан бірнеше ірі обалар: Айшырақ, Дарат, Атасу, Жанайдар, Айбас-Дарасы, Атасу І, 2, Бұғылы 1, 2, 3 қоныстарын ашып, зерттеген. Қола дәуірінің бір топ ескерткіші Нұра өзенінің маңайынан анықталған. Экспедиция жүргізген археологиялық зерттеулер Б. Н. Граков және М. И. Грязновтың, қазақ даласы «ежелгі мәдениеттің бай және өзіндік бейнесін береді», ал «қола дәуірінің тұрақтарын және қабірлерін қазу, әр пункттың мәліметтері Қазақстанның өткенін қалпына келтіруге ғана мүмкіндік бермей, сонымен қатар басқа облыстардың ежелгі мәдениеттеріне басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді» деген болжамдарын растап берді [5, 215 б. ] .
Орталық Қазақстандағы қола дәуірі ескерткіштеріне К. В. Сальниковтың үлгісі бойынша кезеңдеу жасалып, федоров, алакөл және дәндібай кезеңі деп бөлінді. Соңғысы қарастырылып отырған территорияға байланысты өзгеше болып келеді.
Бір уақытта барлау жұмыстары республикамыздың өзге аудандарында да жүргізілген. Олар 15 облыстың 10 облысын қамтыған. Он экспедиция және отрядтар жүздеген жаңа ескерткіштерді ашып 600-ден астам қорғандар мен дуалдарды қазған. Ескерткіштерді кезеңдеуде, хронологиясын анықтауда, андронов мәдениеті тайпаларының этникалық мәселелерін анықтауда Ақтөбе облысындағы Тасты-Бұтақ конысының маңызы зор. В. С. Сорокин кешенді радио-углеродты анализ жасау негізінде ескерткіштерді алакөл кезеңіне жатқызды. Қоныстар мен оба топографиясынан шыға отырып, шаруашылық және баспана құрылысы жөнінде В. С. Сорокин: «олардың болуы қола дәуірінің екінші жартысына сәйкес келетін ксеротермиялық кезеңнің бас кезіне қатысты» деген ой айтады [6, 51-60 б. ]
Андронов мәдениетін кезеңдегендердің бірі М. Н. Комарова. Ол өзінің жобасын басқа зерттеушілер секілді оба материалдарына сүйеніп жасады. Оның есептеуінше обалар хронологиялық жағынан да, этникалық жағынан да бір қоныс тобына жатады. М. Н. Комарованың пайымдауынша андронов мәдениеті ескерткіштерінің хронологиясы молаларды зерттеу барысында нақты анықталды. М. Н. Комарова Алексеев қонысының керамикалық кешенімен Садчиков қонысының керамикалық молаларын салыстыра отырып, олардың қоныстануын екі жақты қалпына келтірді. Сонымен қатар, ол ескерткіштерді хронологиялық жағынан беғазы-алакел және қарасуық деп екі топқа бөлді.
1955 жылы Е. А. Агеева және А. Г. Максимова Павлодар облысында қола дәуірінің үш кезеңінің ескерткіштерін ашып, зерттеді. А. Г. Максимова үш кезеңдік дәуірлеуді жасаған болатын. Неғұрлым кең ұсынылған ескерткіштер қарасуық уақытына сәйкес келген [8, 91-116 б. ] .
1960 жылы С. С. Черников Шығыс Қазақстанда зерттеу жүргізу негізінде және А. Г. Максимованың мәліметтеріне сүйене отырып жаңа кезеңдеу жасады.
Шығыс Қазақстан қола дәуірін ол төрт кезеңге бөлді: усть-бекен (б. з. д 18-16 ғ. ғ), қанай (б. з. д -14 ғ. ғ), малокрасноярский (б. з. д 14-9 ғ. ғ), трушниковский (б. з. д 9-7 ғ. ғ) .
Жиырма жыл ішінде қола дәуірі ескерткіштерін кең масштабты зерттеу ертедегі белгісіз материалдарды жинауға, көптеген мәселелерді жаңа қырынан қарастыруға, дәуірлеу мәселесінен бастап андронов мәдениетінің шығуы және оның жергілікті нұсқалары, трансформация мәселелерін шешуге жол ашты.
80 жылдардың басындағы В. С. Стоколостың алакөл мен федоров ыдыстары бір ескерткіштен табылған деген хабарламасы К. В. Сальников ұсынған кезеңдеуді қайта қарастыруға түрткі болды. В. С. Стоколос өзінің еңбегінде әр кезең бір-бірімен ешқандай байланысы жоқ мәдениет сияқты, оның өзіндік мәдениеті, белгілі бір территориясы бар деген ой айтады. В. С. Стоколос басқа зерттеушілердің пікіріне қосылмай, алакөл мәдениеті Қазақстан территориясының көп бөлігіне тараған деген өз пікірін алдыға тартады [10, 5 б. ] .
Солтүстік Қазақстанның қола дәуірін кезеңдерге бөлген А. М. Оразбаев болды. Оның жобасының негізіңде К. В. Сальниковтың классификациясы алынды, айырмашылығы ол замараев кезеңін өзіндік мәдениет ретінде бөлді. Қола дәуірінің алғашқы екі кезеңін: федоров және алакөл деп көрсетгі [12, 220-259 б. ] . Бұл жерде А. М. Оразбаевтың К. В. Сальниковтың пікірін біршама қолдағаны байқалады.
Солтүстік Қазақстаннан табылған материалдарға мұқият талдау жасау Г. Б. Здановичтың жаңа кезеңдеуді ұсынуына мүмкіндік берген. Ол қола дәуірін мынандай екі кезеңге бөлген: дамыған және кейінгі, дамығанның өзін петров, алакөл, амангелді-бескөл деп үш кезеңге бөліп көрсеткен. Автордың ойынша соңғы кезеңде федоров тайпалары алакөл қоныстанушыларына еніп, белсенді қарым-қатынас жасаған. Кейінгі қоланы Г. Б. Зданович екі кезеңге бөлген: замараев (б. з. д 11-10 ғ. ғ) және ильинский (б. з. д 9-7 ғ. ғ) .
К. Ф. Смирнов және Е. Е. Кузьмин Новакумак обасының қорған материалдары негізінде алдыңғы алакөлдік новакумак кешенін бөліп көрсетіп, оның қатарына Петровка және Новоникольск қоныстарьш қосты. Дегенмен де бірқатар авторлар «новокумактік тип», «новокумактік хронологиялық горизонт» термиңдерінің ғылыми айналыста жоқтығы жөнінде талас тудырды. Бірақ зерттеушілер, андроновтық этномәдени қоғамның этникалық және әлеуметтік тарихы, шығу тегі мәселелерін оқып үйренуде бағалы еңбек деп мойындаған.
Андровов қоғамының кезеңдеу мәселесін Н. А. Аванесова қайта қарастырып, метал өнімдерін зерттеу негізінде мынандай кезеңдеуді ұсынды: алдыңғы алакөлдік кезең, андронов мәдениеті, замараев-беғазы мәдениеті. Андронов мәдениетінің өзін үшке бөлді: алакөл, қожамберді және федоров. Автордың тұжырымдауынша біріншіден, алакөл ескерткіштері федоров ескерткіштерінен бұрын болған; екіншіден, алакөл ескерткіштерінде полтавкин және абашев тайпаларының керамикалық дәстүр элементтерімен сипатталатын хронологиялық горизонт байқалады; үшіншіден, қожамберді типіндегі керамиканы ала-көлден федоров кезеңіне өткен деп есептеу керек [1, 19 б. ] .
Тобылдың далалық бөліктеріне В. В. Евдокимова мынандай кезеңдеу жасады: 1) алакөл мәдениеті: а) петровск кезеңі (б. з. д 16-15 ғ. ғ) ; б) алакөл кезеңі (15-ІЗ ғ. ғ) ; 2) алексеев мәдениеті: а) алексеев кезеңі (15-10 ғ. ғ) ; б) загарин кезеңі (б. з. д 10-ІЗ ғ. ғ) . Автордың ойынша дамыған қола дәуірінің ескерткіштерінің барлығы бір мәдени-хронологиялық топ-алакөлге қатысты болуы мүмкін [1, 20 б. ] .
Зерттеушілердің арасында пікірсайыс тудырып отырған андронов мәдениетіне қатысты бірқатар мәліметтерге Ә. Х. Марғұлан өзіндік талдау жүргізіп өткен. Ә. Х. Марғұлан, «Бетпақдаламен шекаралас аудандардағы орта қола ескерткіштерінің көбісі, Орталық Қазақстан тайпаларының қола мәдениеті дамуының ең жоғарғы кезеңі аймақтың оңтүстік аудандарын қамтығанын дәлелдеді. Осы арада, Атасу өзені мен Орталық Қазақстанның оңтүстік бөлігінде орналасқан андронов ескерткіштері атасулық деген атау алған. Біздің мәліметтер дәлелдеп отырғандай, соңғы қола дәуірі ерте скифтік мәдениеттің басталуымен тығыз байланысты» - деп көрсетті [12, 24 б. ] .
Ә. Х. Марғұлан, М. П. Грязновтың, С. С. Черниковтың, В. М. Массонның және А. А. Формозовтың, «Қазақстандағы қоланың шығу тегі энеолит негізінде жатар және ертеден бері оңтүстік пен солтүстік, батыс пен шығыс арасында тайпа аралық ұштастық болған» деген ойларын әділ бағалайды. Ол зерттеушілердің қола мәдениеті ежелгі рудниктар мен металлургтардың қалдықтары сақталған солтүстік далаларынан бастау алады деген ойларына толықтай қосылды.
Ә. Х. Марғұлан, Орталық Қазақстанның кейіші қола дәуірінің көкейкесті мәселелері М. П. Грязновтың жұмысында дәйекті түсіндірілгендігін айтып өткен.
Бірақ кейбір ғалымдар кейінгі қола дәуірінін ескерткіштерін андронов мәдениетіне жатқызады. Мәселен, С. С. Черников, андронов мәдениеті тікелей ерте көшпенділер мәдениетіне өтіп, ешқаңдай аралық кезеңсіз, көшпенді мал шаруашылығы жағдайына ауғандығын дәлелдеуге тырысты. Ол: «Андроновская культура, когда-то яркая, самобытная и сильная, изживает себя, переходя в культуру ранних кочевников» деп жазды.
Орталық Қазақстандағы алуан түрлі ескерткіштер қола дәуірін кезеңдеуді нақтылауға мүмкіндік береді. Ә. Х. Марғұланның ойынша, Ортау 1, Ақсу-Аюлы 2, Бесоба, Қарашоқы, Беласар 2 және т. б, керамикалық сипаты жағынан, қола бұйымдары, әсіресе қабір құрлысының типі, дөңгелек қоршаулы қорғандардың алакөл уақытына қатысы жоқ. Олар - кейінті андроновтан беғазы-дәндібай уақытына өту кезеңінін өнімі. С. С. Черников оларды сарыкөл қорғанының олжалары дәлелі ретінде алакөл кезеңіне жатқызады. Ә. Х. Марғұлан бұған қарсы бұл қорғаннан табылған ыдыстарды федоров уақытына қатысты деген пікір білдірген. Бұл бірен-саран дерек Ортау, Байбала, Ақсу-Аюлы, Бесоба кешендерін хронологиялық жағынан топтастырудың шешуші дәлелі емес. Қорғаннан табылған ыдыстар, оның уақытына сәйкес келмейді, анағұрлым ерте кезеңге жатады. Ол аңдронов жәшіктерінен алынған болуы мүмкін, ыдыстар үйде сақталып, сол жерден жерлеу кезінде қорғанға түсірілген.
Кейінгі андронов ескерткіштері көп орі алуан түрлі. Олар дөңгелек, сопақ, үшбұрышты немесе төрт-бұрышты қоршаулармен біріктіріліп және жиі-жиі ай қастырылып құрастырылған. Көп жағдайда үйіндісіз, қабырғалары гранит плиталардан құрастырылған қоршаулар кездеседі. Ә. Х. Марғұлан мұндай қоршауларды Орталық Қазақстанның андронов тайпаларының патриархальды-отбасы қауымының кабірлері деп есептейді.
Ә. Х. Марғұлан «Бегазы-Дандыбаевская культура Центрального Казахстана» еңбегінде кейінгі андронов кезеңіне тән, күйеуі мен әйелі жерленген екі бөлмелі тас қоршау жөнінде біраз мәлімет береді. Әйелі мен күйеуі, біреуі - оң жақ қырынан, екіншісі, сол жақ қырынан бір-біріне. қаратып жатқызылған. Ә. Х. Марғұланның берген мәліметіне сүйене отырып, бұл дәстүрді, андронның классикалық кезеңіне тән тұрақты жерлеу рәсімі деп есептеуімізге болады. Ә. Х. Марғұланның пайымдауынша, бұл патриархальды-отбасы қауымының рулық қабірі емес, ол патриархальды-отбасы қоғамының көрнекті мүшелерінің табыты.
Ә. Х. Марғұланның монографиялық еңбегінде «алакөл кезеңінің» хронологиясы көп күмән тудыратындығын баса көрсете отырып, қола дәуірінің алуан түрлі ескерткіштерін зерттеу негізінде мынандай кезеңдерге бөлді:
1) энеолит (3 мыңжылдықтың 2-ші жартысы) ;
2) ерте андрон (б. з. д. 17-15 ғ. ғ) Орталық Қазақстанда нұра кезеңі;
3) кейінгі андрон (б. з. д. 14-13 ғ. ғ) Орталық Қазақстанда атасу кезеңі;
4) андроннан кейінгі қолаға өту кезеңі (б. з. д. 12-11 ғ. ғ) ;
5) беғазы-дәндібай кезеңі (б. з. д. 10-8 ғ. ғ) .
Яғни, Орталық Қазақстандағы андронов мәдениеті тайпалары өз дамуында бірінен соң бірі келетін Нұра және Атасу кезеңінен өткен.
Археологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде алынған алуан түрлі материалдар, андронов мәдениетінің теориялық және практикалық маңызын анықтауға көп көмегін тигізген. Қоныстар мен обалардан қолға түсірілген материалдардың жүйелілігі қола дәуірінің ескерткіштерінің кезеңі мен хронологиясына жаңаша қарастыруға мүмкіндік берді [13, 150-153 б. ] .
1. 2 Қоланы алудың тәсілдері
Қазақстанның кен орындарын зерттеу барысында геологтар сол арадан кен б. з. -дан үш мың жыл бұрын өндіріле бастағанын анықтайды. Қола дәуірінде кен өндіріп балқыту ісі орасан зор көлемде жүргізілген. Мәселен, Жезқазған өңірінде 100 мың т. мыс қорытылған. Ал Успен кенінде 200 мың т. кен өндірілген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz