ХХ ғасырдағы елдерде ең алғаш фашизм ошағының пайда болуы



Кіріспе 3
1 ХХ ғасырдың 20.30 жылдарында фашистік жаңа
соғыс ошақтарының пайда болуы 5
1.1 Фашизм идеологиясы және оның ерекшелік сипаттары 5
1.2 Араб елдеріндегі саяси жағдай 6
1.3 Еуропада фашистердің саяси билік басына келуі 9
2 Фашизмнің кең таралуы 11
2.1 Германиядағы фашизм 11
2.2 Италияда фашизмнің пайда болуы 13
2.3 Испан фашизмінің ерекшелігі 17
2.4 Жапонияның озбырлық саясаты 19
Қорытынды 24
Қолданылған әдебиеттер тізімі 26
Зерттеудің өзектілігі. ХХ ғасыр адамзаттың ғылыми, әлеуметтік және ұлттық прогресс жолында ғаламат табыстарға жетуімен есте қалды. Сонымен қатар, бұрын белгісіз болған фашизм және әлемдік соғыстар сияқты жойқын құбылыстарды да атап өтпеске болмайды. Бұл құбылыстардың экономикалық, саяси және идеологиялық түп-тамыры әлі толық зерттеліп болған жоқ.
Капиталистік дамудың біртекті болмауы мемлекетаралық қатынастарға да әсер етті. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында ұлттық монополистік топтардың капитал салу аймағы, шикізат көздері мен
жұмыс күші үшін бәсекелестік күресі қарқынды жүре бастады. Осындай жағдайда аса белсенділік көрсеткендер әлемді бөлісуден құр қалған мемлекеттер болды. «Күн шуағы астындағы жер» үшін ірі державалардың бәсекелестігі тек экономикалық және дипломатиялық жолмен ғана емес, таза әскери тәсілдер арқылы жүрді. Осыған байланысты ол мемлекеттердің экономикасы мен қоғамдық өмірінің милитаризациялануы қарқынды жүрді, соғыс пен зорлықты ақтайтын түрлі идеялар мен теориялардың таралуы басталды.
1914-1918 жылдары болған Бірінші дүние жүзілік соғыс және ол аяқталған соң әділетсіз жасалған Версаль-Вашингтон жүйесі әлемді реттеудің орнына, халықаралық қатынастарды одан ары шиеленістіре түсті және Екінші дүние жүзілік соғысқа себеп боларлық тарихи алғышарттарды қалыптастырып берді.
Бірінші дүние жүзілік соғыстан кейін, оның аяқталмағандығы салдарынын, Еуропаны ұлтшылдықтың жаңа бір толқындары торлай бастады. Шекараның осы заманғы бейнелері, бейтарап алап, ұлттық диаспора, виза, кеден дегендер тұңғыш рет пайда болды. Еуропа мен Америка экономикасының үйлестірілмеген, келісімсіз өсуі салдарынан болған экономикалық торығу, нарықтың сыртқы экономика үшін жабықтығы, экономикалық томаға-тұйықтық, елдердің өздерін өздері қамтамасыз ету үрдістерінің етек алуы – осының барлығы жиналып, өмірге ұлтшылдықтың жаңа бір түрлерін алып келді. Германиядағы экономикалық құлдырау, Бірінші дүние жүзілік соғыстың нәтижелеріне наразы болған герман басшылығының кекшілдік кеудемсоқтығы жағдайында билік басына Гитлердің фашистік режимі келді де, Екінші дүние жүзілік соғысты бастады.
Бірінші дүние жүзілік соғыс пен Екінші дүние жүзілік соғыс аралығында тыныштықты сақтау жөніндегі келісімдердің көп жасалғандығы соншалық олардың санынан жаңылысасың. Алайда бір қарағанда бітімгершілік туралы салиқалы оңды қорытынды шығаруға жетелейтіндей көрінетін осы бір «келісім-шарттар торы» өрмекшінің торынан да әлсіз, үлбіреп тұрған бір нәрседей еді. Осындай келісімдер 115-ке жеткеннен кейін де Еуропа бейбітшіліктің камтамасыз етілгенін сезіне алмады. Ол - ол ма,
1 Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы: Словарь-сөздік, 2007. – 389 б.
2 Мәшімбаев С.М. Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы: оқулық. – Павлодар: Кереку, 2009. – 194 б.
3 Языков В.Ф. История стран Европы и Америки в новейшее время (1918-1945). – М.: Наука, 2004. – 278 с.
4 История новейшего времени стран Европы и Америки (1918-1945)// Г.Б. Поляков. Всемирная история. – Москва: Юнити, 2000. – 315 с.
5 Дүниежүзі тарихы (1914-1945): оқулық/ К.Қожахметұлы, Ә.Шүпеков, М.Ғұбайдуллина, М.Дәкенов. – Алматы: Мектеп, 2010. – 200 б.
6 Шүпеков Ә. Дүниежүзі тарихы: оқулық/ Ә.Шүпеков, К.Қожахметұлы, М.Дәкенов, М.Сембинов. – Алматы: Мектеп, 2006. – 248 б.
7 Всемирная история (1914-1945): учебник. - М.: Наука, 2005. – 341 с.
8 Фашизм жоқ елде «антифашистер» не бiтiрмек? //Жас Алаш. – 2012. - № 66. – 5 б.
9 Красиков А.А. Испания и мировая политика. – М.: Гардарики, 1989. - 236 с.
10 Исаева Л.Н. 1918-1939 жылдардағы Испания: оқу-әдістемелік нұсқау. – Ақтау, 2010. – 43 б.
11 Дәуірбаева Т. Еуропа мен Америка елдерінің тарихы. – Талды-Қорған, 2004. – 158 б.
12 Стегарь С.А. Практикум по новейшей истории. - М.: Просвещение, 1975. – 256 с.
13 Самсонов А.М. Крах фашистской агрессии. - М.: Наука, 1982. – 234 с.
14 Ревнуков В. Новейшая история зарубежных стран Европы и Америки 1917-1939. – М.: Просвещение, 2000. – 278 с.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
3
1 ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында фашистік жаңа
соғыс ошақтарының пайда болуы  5
1.1 Фашизм идеологиясы және оның ерекшелік сипаттары 5
1.2 Араб елдеріндегі саяси жағдай 6
1.3 Еуропада фашистердің саяси билік басына келуі 9
2 Фашизмнің кең таралуы
11
2.1 Германиядағы фашизм
11
2.2 Италияда фашизмнің пайда болуы
13
2.3 Испан фашизмінің ерекшелігі
17
2.4 Жапонияның озбырлық саясаты 19
Қорытынды
24
Қолданылған әдебиеттер тізімі
26

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. ХХ ғасыр адамзаттың ғылыми, әлеуметтік және
ұлттық прогресс жолында ғаламат табыстарға жетуімен есте қалды. Сонымен
қатар, бұрын белгісіз болған фашизм және әлемдік соғыстар сияқты жойқын
құбылыстарды да атап өтпеске болмайды. Бұл құбылыстардың экономикалық,
саяси және идеологиялық түп-тамыры әлі толық зерттеліп болған жоқ.
Капиталистік дамудың біртекті болмауы мемлекетаралық қатынастарға да
әсер етті. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында ұлттық монополистік
топтардың капитал салу аймағы, шикізат көздері мен
жұмыс күші үшін бәсекелестік күресі қарқынды жүре бастады. Осындай жағдайда
аса белсенділік көрсеткендер әлемді бөлісуден құр қалған мемлекеттер болды.
Күн шуағы астындағы жер үшін ірі державалардың бәсекелестігі тек
экономикалық және дипломатиялық жолмен ғана емес, таза әскери тәсілдер
арқылы жүрді. Осыған байланысты ол мемлекеттердің экономикасы мен қоғамдық
өмірінің милитаризациялануы қарқынды жүрді, соғыс пен зорлықты ақтайтын
түрлі идеялар мен теориялардың таралуы басталды. 
1914-1918 жылдары болған Бірінші дүние жүзілік соғыс және ол аяқталған
соң әділетсіз жасалған Версаль-Вашингтон жүйесі әлемді реттеудің орнына,
халықаралық қатынастарды одан ары шиеленістіре түсті және Екінші дүние
жүзілік соғысқа себеп боларлық тарихи алғышарттарды қалыптастырып берді.
Бірінші дүние жүзілік соғыстан кейін, оның аяқталмағандығы салдарынын,
Еуропаны ұлтшылдықтың жаңа бір толқындары торлай бастады. Шекараның осы
заманғы бейнелері, бейтарап алап, ұлттық диаспора, виза, кеден дегендер
тұңғыш рет пайда болды. Еуропа мен Америка экономикасының үйлестірілмеген,
келісімсіз өсуі салдарынан болған экономикалық торығу, нарықтың сыртқы
экономика үшін жабықтығы, экономикалық томаға-тұйықтық, елдердің өздерін
өздері қамтамасыз ету үрдістерінің етек алуы – осының барлығы жиналып,
өмірге ұлтшылдықтың жаңа бір түрлерін алып келді. Германиядағы экономикалық
құлдырау, Бірінші дүние жүзілік соғыстың нәтижелеріне наразы болған герман
басшылығының кекшілдік кеудемсоқтығы жағдайында билік басына Гитлердің
фашистік режимі келді де, Екінші дүние жүзілік соғысты бастады.
Бірінші дүние жүзілік соғыс пен Екінші дүние жүзілік соғыс аралығында
тыныштықты сақтау жөніндегі келісімдердің көп жасалғандығы соншалық олардың
санынан жаңылысасың. Алайда бір қарағанда бітімгершілік туралы салиқалы
оңды қорытынды шығаруға жетелейтіндей көрінетін осы бір келісім-шарттар
торы өрмекшінің торынан да әлсіз, үлбіреп тұрған бір нәрседей еді. Осындай
келісімдер 115-ке жеткеннен кейін де Еуропа бейбітшіліктің камтамасыз
етілгенін сезіне алмады. Ол - ол ма, ешқашан үмітсіздікке душар болып
көрмеген Еуропа тығырықтан шығудың жаңа жолдарын іздеп аласұрды. Бұдан
кейін де талай келісімдер жасалынды.
Бітімгершілік келісімдері санының артуымен бірге соғыс туу қаупі де
артып барады деп пайымдаушылардың жорамалы дұрысқа шықты. 
Бейбітшілікті сақтайды деген Ұлттар Лигасы өз дәрменсіздігін танытып алды.
Онымен ешбір ел санаспайтын халге жетті. Қарусыздану турасында өткен
конференциялар да ештеңе өндіре алмады. Мемлекет басшылары сөз жүзінде
қарусыздануды жақтаған болып көрінгендерімен, іс жүзінде жанталаса
қаруланумен шұғылданды. Бір жағынан бітімгершілікті жақтап, екінші жағынан
қаруланудың екі түрлі себебі болды. Біріншісі: Версаль келісіміне келген
мемлекеттер бір-біріне ешқашан сенбеді. Олар бітімге қол қойғанымен: өзара
көз алартуларынан ешқашан бас тартпады. Бір топ мемлекеттер Версаль
келісімі арқылы өзінің құқығынан айырылғанына наразы болып, оны бұзуға
ұмтылған болса, екінші жақ оны сақтап қалуға мүдделі болды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі – жиырмасыншы ғасырдың басынан Екінші
дүниежүзілік соғысқа дейінгі кезең.
Зерттеудің тарихнамасы. Фашизм ошағының пайда болу процестерін зерттеу
мәселелері А.М.Самсонов, Г. О. Гутман, В. Д. Данилов, А. Ф. Клушин, Н. А.
Кучеренко, отандық тарихшылар Ә. Дәуірбаева, Т. Шүпековтің еңбектерінде
көрсетілген.
Зерттеу объектісі – фашизм ағымы.
Курстық жұмыстың мақсаты - ХХ ғасырдағы елдерде ең алғаш фашизм
ошағының пайда болуы, оның ішкі және сыртқы саясаты мен келешекте адамзатқа
тигізетін әсерін анықтау.
Бұл мақсатқа сай келесі міндеттер қойылды:
- фашизм идеологиясы және оның ерекшелік сипаттарын белгілеу;
- Еуропада фашистердің саяси билік басына келуі туралы мәліметтерді
зерттеу;
- араб елдеріндегі саяси жағдайды қарастыру;
- фашизмнің жеке елдерде кең таралуын зерттеу.
Жұмыстың құрылымы: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және қолданылған
әдебиеттер тізімі.

 

1 ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында фашистік жаңа соғыс ошақтарының пайда болуы 

1.1 Фашизм идеологиясы және оның ерекшелік сипаттары

XX ғасырдың 20-жылдарында корпоративтік идеологиялар – фашизм және
ұлтшыл-социализм (национал-социализм – нацизм) қалыптасты. Фашизм деген
түсінік Италияда шықты. Бұндағы алғашқы ұйымдар жауынгер одақтар (фаши
ди комбаттименто) деп аталды, осыдан барып фашизм деген термин
қалыптасты. Германияда бұл қозғалысқа нацизм деген атау берілді.
Фашизмнің шығуының Италия мен Германияға қатысты ортақ жағдайлары бар.
Аталған екі ел орталықтанған, біртұтас ұлттық мемлекетін өте кеш құрды.
Соған орай Англия, Франция т.б. батыс елдерінде демократиялық бостандықтар
мен азаматтық құқықтар ХVII-XVIII ғғ. негізгі мемлекеттік заңдарға
енгізілген болса, Германия мен Италияда алғашқы конституциялар ХІХ ғ.
екінші жартысында дүниеге келді және демократиялық бостандықтар мен
құқықтар өте шектеулі түрде болды. Бұл елдерде жеке тұлғаның ой еркіндігі
мен мүддесі мүлде ескерілген жоқ, оның орнына билікке, күшке табынушылық
сезімі орнықтырылды. Осы екі елде де соғыстан кейінгі экономикалық
қиыншылықтар, революциялық қозғалыстың өрлеуі ұсақ және орташа топтардың
меншігінен айырылып қалу қауіпін күшейтіп, олардың бір жағынан, ірі
капиталға, екінші жағынан, революцияшыл күштерге деген ашу-ызасын тудырды.
Революциялық қозғалысқа да, ірі капиталға да қарсы тұра алатын күш ретінде
олар фашизмге жүгінді [1, 375 б.].
Сонымен қатар соғыста жеңілу және ауыр Версаль бітім шарты –
Германияда, ал Париж конференциясында мүдделерінің ескерілмеуі – Италияда
ұлттық қорлану сезімін тудырып, шовинизмді күшейтті. Бұл жағдайлар
фашизмнің саяси қозғалыс ретінде қалыптасуына негіз болды. Ал фашизмнің
идеологиясына негіз болған ілімдер бұдан ертерек уақытта шықты. 
Фашизмнің идеологиясы бұрынғы дәуірлердегі барлық ұлтшылдық,
нәсілшілдік, зорлық идеяларын насихаттаған ілімдерден өсіп шықты. Соның
ішінде фашизм мен пангермандық шовинизмнің тікелей байланысы бар.
ХІХ ғасырдың 80-90 жылдарында қалыптасқан пангерманистердің іс-
әрекетін мынандай идеялар анықтады: 
- Германияның континенттік Еуропадағы үстемдігі;
- барлық неміс тілінде сөйлейтін халықтар мен ұлттарды Германия
империясына топтастыру;
- Германияның отарлық иеліктерін кеңейту.
Фашистер бұл идеяларды Пруссияның милитаристік рухымен ұштастырды.
Фашистік (нацистік) идеологияның ең басты құрамдас бөлігі – нәсілшілдік
теориясы, ұлтшылдық, шовинизм. Немістер – нордтық, арийлік нәсіл, олар
барлық нәсілдерден жоғары тұрады. Фашистер нордтық нәсілдің тазалығын
қалпына келтіруді міндет етіп қойды. Нәсілшілдік теориясы шовинизммен тығыз
байланыста болды. 
Фашистік идеологияның құрамында демократияға қарсылық, ақыл-ойға қарсылық
(антиинтеллектуализм) зорлық пен күшке табыну (вождизм) сияқты өте бір
реакцияшыл ілімдер болды.
Сонымен, фашистер өзіндік этика негіздерін жасады: борыш, ар-ождан,
туысқандық т.б. қасиеттер адамшылық тұрғыдан емес нәсілдік теория негізінде
түсіндірілді. Борыштан бас тартпау ардан аттамау, туысқандық байланыстар,
т.б. қасиеттер тек жоғары арийлік нәсілге жататын адамдар арасындағы
қатынастарда ғана орын алады. Ал төменгі нәсілдер алдында олар белгілі бір
моральдік жауапкершілік атқармайды. Фашистер өз идеологиясын шын мәнінде
түсініп қабылдауды емес, оны соқыр сеніммен қабылдауды талап етеді. Демек,
фашистерге ақыл-ойы жоғары, зейінді адам емес, фанаттар ғана қажет.
Сондықтан да Германияда ғалымдар, ақын-жазушылар, зиялылар қудаланды [3,
142 б.].

1.2 Араб елдеріндегі саяси жағдай

XX ғасырдың басына қарай араб елдерінің барлығы да отаршылдықта болды.
Франция - Алжирде, Тунисте, Марокконың көп бөлігінде, сондай-ақ Джибути мен
Мавританияда иелік етті. Египет, Судан, Аден және қалған Арабия түбегі -
Англияның бақылауында болды. Италия - Түркияны Ливиядан ығыстырып шығарып,
араб тайпаларына қарсы соғыс қимылдарын жүргізе отырып, осы елдің
түпкілікті қожайыны болуға әрекеттенді. Испанияның қарамағында Солтүстік-
Батыс Сахараның шөлді аймақтары мен Марокконың жекелеген аудандары болды.
Египет жеріне Англия қарулы күштері шоғырланды. Қара жұмысқа 350 мың
феллах пен қала тұрғындары шақырылды. Осыны ескерген Түркия сұлтаны 1914
жылы қарашада Антанта елдеріне қарсы джихад соғысын жариялады. Суэц
каналын қайтаруға әскер жіберілген еді, бірақ ағылшындар олардың күл-
талқанын шығарды. Германияның айтқанына көнген Түркия Ресейге де қарсы
шықты. Теңіздегі, Кавказдағы шайқастарда түрік армиясы орыстардан жеңіліп,
1914-1915 жылдары шекарадан шегінуге мәжбүр болды. Армян жеріне үстемдік
жүргізген Ресей патшалығы жергілікті халықты түріктерге қарсы айдап салды.
Бұрыннан армян саудагерлері, кәсіпшілері, қолөнершілері Стамбұлда және
бүкіл империяның басқа қалаларында бірге өмір сүріп келген. 1915 жылғы
қырқыста екі жақтан миллионнан астам адам қырғынға ұшырады, халық босқынға
айналып, азап шекті. Сол қайғы-қасірет армяндар тарихында өшпестей із
қалдырды.
Египеттегі ағылшын әскери күштері Палестина мен Сирия жеріне енді.
Француз әскерлерімен бірігіп, олар түріктерді ығыстыра бастады. Ағылшындар
Парсы шығанағындағы түрік бекіністерін қиратып, Басраға қарай жылжыды. Иран
жағынан да орыс-ағылшын армиясы қысым жасады. Жау түріктерге соққы бере
отырып, бүкіл Араб түбегіндегі, Ирактағы, Палестинадағы, Сириядағы,
Ливандағы сұлтан әкімшілігін жойды.
Бірақ Еуропа елдерінің өз мақсаттары болатын. Соғыс қызу жүріп
жатқанда, ағылшын және француз үкіметтері арабтардың тағдырын өздері шешуге
дейін барды. Керек десеңіз, олар Ресейді қатыстырмай, 1916 жылы араб жерін
бөлісіл алу туралы Сайкс-Пико келісіміне қол қойды. 1917 жылы Ресейдегі
оқиғаларға байланысты түріктердің Таяу Шьныс мәселесіне араласуға шамасы да
келмеді. Бұдан кейін Франция мен Англия өз үстемдіктерін орнатуға кірісті.
Париждегі Версаль конференциясына араб елдерін қатыстырмай, олардың да
тағдырын екеуара шешуді қолға алды. Араб елдерін бөлісу 1920 жылы 25
сәуірде Сан-Ремо келісімі бойынша реттеліп, Франция қамқорлығына Сирия мен
Ливан, ал Англия қамқорлығына Египет, Ирак және Палестина өтті. Осылайша
Арабтық Шығыс тұтасымен Еуропа елдерінің қарамағына еріксіз қарады.
Арабтардың алданғаны 1917 жылдың соңында-ақ байқалды. Біраз уақыт
ағылшын-француз жағы араб көсемдерін конференцияға дейін күте тұруға
көндірді. Бірақ араб халықтары Батыс елдерінің әскери билігіне қарсы болды
[5, 75-78 б.].
Египетке Англия мандатын беру туралы Париж конференциясы шешімінің
хабары келген кезде, елде ұлт-азаттық қозғалыстың жаңа толқыны басталды.
Сол кезде әл-Уафд әл-Мысри (Египет делегациясы) партиясы қалыптасып,
ұлттық тілектерді алға тартты. Суэц каналы аймағы мен Дельта ауданында
ағылшындармен қарулы шайқастар болды. 1920 жылы Лондон қамқорлықтан бас
тарту жөнінде мәлімдеме жасап, Египеттің тәуелсіздігін мойындады. Елде
реформалар жүргізіле бастады. Сұлтан король болып жарияланды. 1923 жылы
Конституция қабылданды. Парламент және корольге жауапты үкімет құрылды.
Бірақ Англияның ұстанымдары өзгерген жоқ. Олар Суэц каналын күзету
құқығын өзінде қалдырды, әскери базаға ие болды, Египетпен бірге Суданды
биледі.
1924 жылы уафдистердің алғашқы үкіметі құрылды. Ол Египет пен Суданнан
ағылшын әскерлерін шығару мәселесін қойды. Каирдың Лондонмен қарым-қатынасы
нашарлады. Англияның қысымымен король парламентті таратып, үкіметті
қызметтен босатты. Суданда өкімет ағылшын әкімшілігіне өтті.
Кейінгі жылдарда уафдистер парламентке сайлауда бірнеше мәрте жеңіске
жетіп, үкіметті басқарды. Олардың шетелдік биліктен құтылуға тырысқан
әрекеті ағылшындардың табанды қарсылығына тап болды.
Париж бітім конференциясы Сирияны мандаттық аумақ ретінде Францияға
берді. Сирия халқы отарлық мандат режіміне түбегейлі қарсы шықты. Елді
көптеген көтерілістер шарпыды, шаруалар олардың негізгі күшіне айналды.
Шаруалар көтерілістері Дамаск түбінде, Халеб және Латакия провинцияларында,
Джебель- Друзеде болып өтті.
Сирия халқының күресінде 1925-1927 жылдардағы қарулы көтеріліс ерекше
орын алды. Оған шаруалар, жұмысшылар, сонымен қатар коммунистер белсенді
түрде қатысты. Көтерілісшілер Дамаскіні басып алды. Бұл көтерілісті француз
басқыншылары аяусыз басып тастады. 1936 жылы азаттық күрес шарықтау шегіне
жетті. 1936 жылы 9 кыркүйекте француз үкіметі үш жылдың ішінде мандатты
жоюға уәде берді. 1941 жылы елде фашизмге қуатты қарсылық көрсету қозғалысы
етек алды. Осы жылы Англия мен Еркін Франция әскерлері фашистерді Сирия
мен Ливаннан қуып шықты.
1920 жылы Сан-Ремода өткен Антанта державаларының конференциясы
Англияның Палестинаға мандатын ресми бекітті. Азаттық күрес енді Палестина
халқын да қамтыды. Арабтар да, еврейлер де ағылшын мандатын жою үшін және
ұлттық тәуелсіздікке қол жеткізу үшін күресті. Егер де Палестина ұйымдары,
соның ішінде Палестина коммунистік партиясы және араб-еврей лигасы арабтар
- мен еврейлер саяси құқықтарын тең қолданатын - Палестина мемлекетін құру
үшін күрессе, сионистердің көшбасшылары Англия мен АҚШ-тың қолдауына арқа
сүйеп, бүкіл Палестинаны тек еврей мемлекеті деп тануды көздеді.
Палестинаға еврейлердің шоғырлануы 30-жылдарда қыза түсті. Бұған
Германиядағы фашизмнің нығаюымен Еуропа елдеріндегі антисемитизм әсер етті.
1920 жылы Сан-Ремода өткен конференцияда Ұлыбритания Иракқа мандат
алды. Ағылшындар Ирак әмірі тағына Хашимиттер әулетінен шыққан Әмір
Фейсалды отырғызды. Король I Фейсал мен британ үкіметінің арасында
мандаттық режімді заңдастырған және Ирактың Англияға тәуелділік жағдайын
ресми бекіткен Одақтық келісімшартқа қол қойылды. Маңызды саяси
қызметтерді Бағдаттың сүннеттік бағыттағы феодалдық-бюрократтық жоғары
топтары басып алды. Нүри-Саид сатқын саясаткер ретінде араб әлемінде
ағылшын-американ империалистерінің саясатын жүргізді. Арабтық Шығыс
халықтарының ұлт-азаттық қозғалысының артуы, Англияның 1930 жылы мандаттық
жүйені жоюына мәжбүр етті.
Арабия түбегіндегі саяси жағдай өте күрделі дамыды. Оның жағалауындағы
әмірліктер Аден, Хадрамауыт, Масхат, Оман, Катар, Бахрейн, Кувейт
ағылшындарға тәуелді болды. Қалған 5 мемлекет: Хиджаз, Недж, Джебел-Шаммар,
Асир, Йемен өзара қырқысумен болды. Сауд Арабиясының негізін салушы Недж
билеушісі Абдул әл-Азиз ибн Сауд 20-жылдары Хусейнді жеңіп, Хиджазды, Мекке
мен Мединаны өзіне қаратты. 1927 жылы ол мәлік атанып, үлкен мемлекетті
басқарды.
Сол кезде бұл аймақта Йемен және Сауд Арабиясы қалыптасты. Йемен және
Сауд Арабиясы тұрғындарының хал-ахуалы өте нашар болды. Тек 30-жылдарда
Сауд Арабиясында мұнай көздері ашылып, оларды АҚШ мұнай компаниялары
игеруге кірісті. Бірінші рет бұл елдін мұнайы 1939 жылы 1 мамырда шетке
экспортқа шығарылды.
30-жылдары Азияда үш-төрт араб мемлекеттері құрылды. Олардың ішінде
Ирак, Египет қана Ұлттар Лигасының құрамына кірді.
Мароккода ерекше жағдай қалыптасты. 1920 жылы Риф облысының таулы
тайпалары испан және француз отаршылдарына қарсы қарулы күрес бастады. Оның
басында әскер құра білген Абд әл-Керім келіп, Риф Республикасын жариялады.
Осы көтерілістің жеңілісіне себепкер болған феодалдар тобының сатқындығына
қарамастан, оның ошақтары 1934 жылға дейін сөнбеді.
Екінші дүниежүзілік соғыс басталысымен араб елдері соғыс қимылдарына
тартылды. Германияның Югославия мен Грекияны жаулап алуы, Францияның
жеңіліске ұшырауы фашистік мемлекеттердің қауқарын айқын көрсетті. Кейбір
араб елдерінде германдық топтардың әрекеті жандана бастады. Мәселен,
Ирактың әскери жоғары тобы 1941 жылы сәуірде Р.А. аль-Гайлани өкіметіне
қарсы төңкеріс жасады.
1942 жылы жазда Ливияда генерал Роммель қолбасшылық еткен итальян-
герман әскерлерінің шабуылы басталды. Операцияның мақсаты - Египетті жаулап
алу болды. Қазан-қараша айларында әл-Аламейн қаласының маңында ірі шайқас
болды. Роммель қатты соққы жеп, кейін шегінді. 1942 жылы қарашада ағылшын-
американ десанты Мароккоға түсіріліп, бүкіл Солтүстік Африка одақтастардың
бақылауына өте бастады. Отарларда фашистерге қарсы күрес кеңейе түсті [6,
115 б.].

1.2 Еуропада фашистердің саяси билік басына келуі

1920-1921 жылдары Италиядағы экономикалық дағдарысқа байланысты
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін іле-шала орныққан фашисттік қозғалыс
кең көлемді лаңкестік әрекетті ұласып, тез арада күшейіп алды. Фашизм
ұғымын алғаш соғыстан кейін қарулы көтеріліске шыққан жұмысшы қозғалысына
қарсы реакцияшыл күштер пайдаланған болатын. 1919 жылы наурыз айында
Миланда бірінші жалпыұлттық жиналыс болып өтті. Онда фашисттік әскери
отрядтардың одағы құрылды. Олардың бағдарламалық талаптарында: елде
республика орнату, жаппай сайлау құқығын енгізу, салық салу, кедей
шаруаларға жер беру, жеке меншік кәсіпорындарына жұмысшы бақылауын қою,
өнеркәсіптің белгілі бөлігін мемлекеттік меншікке беру, шіркеу иеліктерін
тәркілеу еңгізілген еді. Бұл идеялар буржуазиямен қатар жұмысшылар мен
шаруалар тарапынан қолдау тауып, сайлаушылардың бір бөлігі социалистер
қатарына өткен болатын. Фашистік топтарды құрушы, кейінірек партияны
ұйымдастырушы Бенито Муссолини болды. Муссолини 1922 жылы 28 қазанда
фашистік топтардың Римге жорығын ұйымдастырды. Үкімет өз еркімен биліктен
кетті. Король фашистерге қарсы әскер жіберуден бас тартты. Король осыдан
кейін оны Римге шақыртып, үкіметті басқаруды ұсынды. Муссолини парламенттің
қолдауына ие болды. Фашистердің үкімет билігіне келуі әдеттегі үкімет
алмастыруға ұқсамады. Бұл контр-революциялық төңкеріс еді. Италия фашизм
орнаған
І-ші Еуропа елі болды. Бұл жылдар Италия тарихында Қаралы жиырма жыл
деген атпен енген еді. Фашистік төңкеріс Италия саяси институттарын
түбегейлі қайта құрудың бастамасы болды. Алғашқыда парламент бұрынғысынша
жұмыс істеп тұрды, барлық партиялар заңды деп есептелді. Муссолини құрған
үкімет коалициялық бағытты көздеді. Үкімет парламенттің қызметіне нұқсан
келтіріп, оған тиесілі міндеттерді өзіне алып, өз жұмысын бірден күшейтті.
1923 жылы сайлау реформасы жасалды. Реформа фашизмнің саяси мақсатына
парламентті толығымен бағындыруды қамтамасыз етуді көздеді.
Заң шығарушы билік 1922 жылы желтоқсанда ҮФК қолына шоғырланды. Оған
Муссолини төрағалық етті.
Әділетсіздік негізінде құрылған Версаль-Вашингтон жүйесі 1929-1933
жылдары дүнижүзілік экономикалық дағдарыс қысымына шыдай алмай ыдырады.
Европада ірі капиталисттік мемлекеттер арасындағы қайшылықтар арта түсті.
Монополисттік топтардың қолдауымен өкімет басына келген фашисттік күштер
әлемді қайта бөлуге бел байлады. 30 жылдар басында соғысты жақтаушы
елдердің саны санаулы ғана болды. Соғысты жақтамайтын елдердің орасан көп
болуына қарамастан, олардың ой-пікірлері, үміті іске аспай қалды. Әлемдегі
тыныштықты бұзып дүниежүзін қайта бөлуді көздеген мемлекеттер қатарына
Германия, Италия, Жапония кірді. Дүниежүзін жаңа бөліске салуы көздеген
қарулы көтерілісте Жапония І-ші бастады. 1933 жылы 27 наурызда Жапония
Ұлттар Лигасынан шығып, жаңа басқыншылық әрекеттерге әзірленді. Қиыр
шығыста, соғыс ошағы пайда болды. Германиядағы билік фашистік, ұлтшылдық,
социалисттік жұмысшы партиясының ықпалына көшкені, Европа дәл ортасындағы
халықаралық қатынастарды күрт шиеленістірді. Партия төрағасы Гитлер өз
еңбектерінде сөйлеген сөздерінде Германияның қолын шырмаған Версаль-
Вашингтон келісімдерін бұзып, Германияны қайта көтеріп, әлемді қайта
бөлісіп, Германия империясын жандандыру пікірін жасырмай, ашық жариялады.
Европаны коммунизм қаупінен құтқару деген жалған ұранмен КСРО-ға қарсы
соғыс жорығын ұйымдастыруды көздеді. Германияның ең басты міндеті, Версаль
шарттарының соғыс баптарын қайта қарап, Германияны қаруландыру дәрежесіне
келтіру болды. Басқыншылыққа жол ашып өз әрекеттерін жеңілдету үшін,
Германия 1933 жылы 14 қазанда Ұлттар Лигасының мүшелігінен бас тартты. 1936
жылы наурыз айында, Германия әскерлері Реин аймағына басып кірді. 30 жылдар
ортаасында Италия, Африка шеңберіндегі отарларды өзгерту талаптары ашық
білдіре бастады. Италияның фашисттік диктаторы Муссолини Африка елдерін
бағындырып, Жерорта теңізінің, Италияның ішкі теңізіне айналдыруды
армандайтын. Әлемді жаңа бөлісудегі мақсаттарды бірдей мемлекет айқындайтын
олардың өзара әскери одақ құруды тездетті. Басында фашисттік мемлекет
жақындасты. 1936 жылы қазанда Гермария мен Италия арасына Берлин және Рим
белдігін құру туралы келісімге қол қойылды. 1936 жылы Германия мен Жапония
арасында одақ құрылды. 1939 жылы сәуір, мамыр айларында Англия, Франция,
КСРО мемлекеттері Мәскеуде кездесіп басқыншылық бола қалса өзара келісімге
қол қойды. 1939 жылы 1 қыркүйекте Германия Польшаны басып алды. Осылайша ІІ-
ші дүниежүзілік соғыс басталды [7, 98-101 б.].
2 Фашизмнің кең таралуы

2.1 Италияда фашизмнің пайда болуы

1920-1921 жылдары Италиядағы экономикалық дағдарысқа байланысты
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін іле-шала өрістеген фашистік қозғалыс
кең көлемде лаңкестік әрекетке ұласып, тез арада күшейіп алды. 1919 жылы
наурызда Миланда өткен жалпыұлттық жиналыста фашистік әскери қосындардың
одағы құрылды. Фашистік топтарды құрушы, кейінірек партияны ұйымдастырушы
Бенито Муссолини болды.
Жұмысшы отбасынан шыққан Муссолини мектеп мұғалімі болатын.
Социалистік партияға мүшелікке өтіп, оның алдыңғы қатарында болды. Сол
қанаттың өкілі ретінде ол соғысқұмарлық пен соғыс атаулыға қарсы шықты,
Италия социалистік партиясының (ИСП) басшы органдарына сайланды және
партияның орталық органы саналатын Аванти газетінің редакторы болды.
Алайда 1914 жылы ол партия қатарынан қуылып, Пополо д' Италия газетін
шығарды және соғыстан кейін фашистік топтарды құруға ат салысты.
Фашистердің екпінді күші болып, таптық белгілерінен айырылған
элементтерден, кез келген қылмысты жасауға дайын қылмыскерлерден құралған
жауынгер топ құрылды. Бұл топтарды ағайынды Перроне, Пирелли, Палоно,
Оливетти және т.б. монополистер, ірі латифундия өкілдері, генералдар
қаржыландырып отырды. Фашистік қозғалыстар қатары кедейленген ұсақ және
орта буржуазия есебінен бірте-бірте кеңейе түсті. Ал 1921 жылдан бастап,
бұлар лаңкестік жолға көшті. 1921 жылы қарашада фашистер, Ұлттық фашистік
партия құрды, оның басында Муссолини тұрды, оны Дуче (көсем) деп
атайтын.
Муссолини 1922 жылы 28 қазанда фашистік топтардың Римге жорығын
ұйымдастырды. Үкімет өз еркімен биліктен кетті. Король фашистерге қарсы
әскер жіберуден бас тартты. Король осыдан кейін оны Римге шақыртып,
үкіметті басқаруды ұсынды. Муссолини парламенттің вотум сеніміне ие болды.
Фашистердің үкімет билігіне келуі, әдеттегі үкімет алмастыруға
ұқсамады. Бұл контрреволюциялық төңкеріс еді. Оған ешкім қарсы тұра алмады
және осыдан кейін елдегі қалыптасқан демократиялық құрылысты тоталитарлық
фашистік режіммен алмастыру үдерісі басталды.
Муссолини құрған үкімет коалициялық сияқты болып көрінді. Алайда
үкімет Парламенттің кызметіне нұқсан келтіріп, оған тиесілі міндеттерді
өзіне алып, өз жұмысын бірден күшейтті. Үкімет, ең алдымен, Парламенттің
келісімінсіз жыл бойы қаражат сомасын және әкімшілік аппаратты қайта құру
шараларын жүзеге асыруға қол жеткізді. Заң шығарушы билік 1922 жылы
желтоқсанда құрылған Үлкен фашистік кеңестің (ҮФК) қолына шоғырланды. Оған
Муссолини төрағалық етті. ҮФК-нің құрамына фашистік партия басшылығының
мүшелері, фашист-министрлер және Муссолинидің өзі іріктеп алған жергілікті
жердегі фашистік лидерлер енді.
Фашистер басып алғанға дейін ресми заңнан тыс әрекет еткен қарулы
қосындар фашистік лаңкестіктің басты құралы қызметін атқару және
мемлекеттік институт мәртебесін иеленді. 1923 жылы олар Ұлттық қауіпсіздік
ерікті полициясы деп аталатын - фашистік ерекше қарулы күш болып қайта
құрылды. Бұлар корольге берілгендігі туралы ант қабылдаса да Муссолиниге
бағынды. Лауазымды қызметкерлер фашистік саяси кеңесшілердің бақылауына
алынды [7, 98-101 б.].
Маттеотти дағдарысы. Фашизмге қарсы қалалар мен деревняларда орта
жіктерінен шыққан оппозиция әр түрлі деңгейде көрінді. 1923 жылдың
көктемінде антифашистер Халық партиясы съезінде күшті қолдау тапты, осыдан
кейін Муссолини Халық партиясының министрлерін үкіметтен қуды. Джованни
Амендол бастаған либералдардың бір бөлігі Конституциялық оппозиция деп
аталатын топты құрды.
1924 жылдың 6 сәуірінде фашистік сайлау заңы негізінде парламентте
сайлау өтті. Ресми мәліметтердің көрсетуі бойынша оппозициялық партиялар
шамамен 13 дауысқа ие болды. Жаңа сайланған палата мәжілісінде Унитарлық
социалистік партияның (УСП) хатшысы Джакомд Маттеотти дәлелдерге сүйеніп,
фашистердің қандай әдістермен сайлауда ойлаған нәтижеге жеткені туралы
айыптап сөз сөйлейді. Фашизмге қарсы осы батыл акция оның өмірін қиды. 1924
жылдың 10 маусым күні Муссолинидің тікелей бұйрығымен Маттеоттиді фашистер
өлтірді.
Маттеотти өлімі саяси дағдарыстың пісіп-жетілген тұсында болып,
Италияда фашистік режімді құлататындай елдің наразылығын туғызды. Бүкіл
елде үкіметтің қызметтен кетуін және баскесерді жазалауды талап еткен
антифашистік бас көтерулер басталды.
Оппозициялық партиялардың депутаттары парламенттен кетіп, Авентин деп
аталатын блокты құрды. Авентин блогы Италияның барлық фашизмге қарсы
күрестеріне айналып, халықтың кең қолдауына ие болды. Алайда олар фашизмді
моральдык талқылау науқанымен жеңуді және корольге ықпал етіп Муссолиниді
қызметтен кетірумен жеңеміз деп есептеді. Авентин блогындағы партиялардың
бытыраңқылығын пайдаланып, фашизм ұсақ буржуазиялық топтарда оппозициялық
бағыттағы дамуды бәсеңдетіп, 1925 жылдың басында қайтадан шабуылға шықты.
1925-1926 жылдары демократияның барлық элементтері жойылып, үкіметте
тек фашизмді жақтаған министрлер ғана қалды. 1926 жылы қараша айында
бірнеше төтенше заңдар қабылданды. Оппозициялық партиялар таратылды,
антифашистік басшыларға тыйым салынды. Антифашистік қимыл-әрекетке қатысты
деген күдіктілерге әкімшілік тарапынан қуғындау енгізілді және
Муссолинидің, корольдің өміріне қастандық жасаушыларға өлім жазасы
кесілетін болды.
1927 жылы фашистік диктатураның - қуғын-сүргінге түскендерді
жазалайтын негізгі органы - ерекше трибунал және құпия саяси полиция
мекемелері құрылды. Ерекше трибуналда антимемлекеттік қылмыскерлер деп
саналған адамдар мен фашизмнің белсенді қарсыластары жазаланды.
Муссолини үкіметінің сыртқы саясаты. Бұл үкімет, негізінен,
басқыншылығымен көзге түсті. 1935-1936 жылдары Италия-Эфиопия соғысы
Муссолинидің, оның үкіметінің басқыншылық жоспарын жүзеге асыруда жасаған
алғашқы қадамы еді. Эфиопияны басып алғаннан кейін, ол Германиямен тізе
қосып, Испанияға қарсы қарулы интервенцияға қатысты.
Сөйтіп, бастапқыда фашистік Италиямен ұлтшыл Германия арасындағы
қатынастар шиеленіскен еді, өйткені екеуінің де Австрия, Дунай алабы және
Балқан жөнінде ұстаған жоспарлары болатын. Алайда Дуче Австрияны,
Чехославакия мен Польшаны басып алу жөніндегі Гитлердің жоспарын қолдады
және өзі 1939 жылы сәуірде Албанияны басып алды. Содан кейін Италия Екінші
дүниежүзілік соғыста толығымен Германия жағына шығып, бірлесіп соғысуды
ұсынды.

2.2 Германиядағы фашизм

Соғыс аяқталғаннан кейін Германия экономикалық дағдарыс жағдайында
болды. Шикізат, отын қоры толығымен азайған болатын: ауыл шаруашылығында да
құлдырау байқалды. Елде эпидемия, аштық басталды. Ұзаққа созылған соғыс
және қымбатшылық азаматтардың жеке жинап сақтаған ақшаларын бітіріп,
тауысты. Елде өткір әлеуметтік-экономикалық дағдарыс қалыптасты. Неміс
қоғамының бұқаралық санасы зиянды реваншизм мен жаугершілік саяси
экстремизм идеяларымен уланған еді. Германияның жеңілісін көптеген немістер
марксистердің және еврейлердің тіміскілеуімен түсіндірді [7, 98-101 б.].
Веймар үкіметі Версаль келісімінің шарттарын орындауға тиісті болды.
Бұған консервативтік, ұлтшыл партиялар мен ұйымдардың үлкен топтары қарсы
тұрды. Бавариядағы экстремистік қозғалыс зор белсенділікпен көзге түсті.
Еуропа социализмі (марксизм) идеясының ықпалына қарсы тұруға қабілеті
бар, сондай ұйымдардың біріне өз еркімен әскери қызметтен кеткен ефрейтор
А.Гитлердің басшылығымен 1919 жылы қаңтарда құрылған неміс жұмысшы партиясы
жатты. Ол Баварияда неміс социализмі идеясын таратудың маңызды арнасы
ретінде қарастырылды. Кейін оның атын Германия ұлттық социалистік жұмысшы
партиясы деп өзгертті (ГҰСЖП). Партияның бағдарламалық талаптарын жасау
басталды.
Бастапқы кезеңде ГҰСЖП Мюнхендегі шағын топ болатын. Келе-келе
партияның жағдайы жақсара бастады. 1920-1923 жылдары А.Гитлердің төңірегіне
Бавария өнеркәсіп әлемінің адамдары топтаса бастады.
Адольф Гитлер (1880-1945 жж.) Австрияның Браунау қаласында дүниеге
келді. А.Гитлер 14 жасқа толғанда кеденде жұмыс істейтін әкесі қайтыс
болады. Линце қаласының орта мектебін аяқтай алмайды. Әкесі қайтыс
болғаннан кейін, ол Венаның керкемсурет академиясына тусуді көздейді, бірақ
қабылдау емтихандарынан өте алмай қалады. Анасы қайтыс болғаннан кейін 1913
жылы Гитлер көрші орналасқан Германияның Мюнхен қаласына қоныс аударады. Ол
өз еркімен Германия әскеріне барады және соғыстың бүкіл төрт жылын Батыс
майданда өткізеді. Ол екі рет жараланды және ефрейтор деген әскери атақ
алды. Германия жеңілісін А.Гитлер марксистер мен еврейлердің тіміскі
әрекеттерімен түсіндірді. Гитлер тамаша шешен болды. Әскер қатарынан
босағаннан кейін ол ұлтшылдардың шағын партиясына қосылды және оның
көшбасшысына айналды.
1923 жылы ол өзінің жақтастарымен Мюнхенде билікті басып алуға (сыра
бүлігі) тырысты. Сот оны бес жылға түрмеге қамауға үкім шығарды. Түрмеде
Гитлер Майн кампф (Менің күресім) деген кітап жазды, онда өзінің саяси
және нәсілшілдік идеяларын баяндайды. Бір жылдан соң тұтқыннан босап,
белсенді түрде саяси қызметпен айналысты.
1929-1933 жылдардағы әлем дағдарысы оңалып келе жатқан жағдайларды
жоққа шығарып, Германияны өте қатты күйзеліске ұшыратты. Үш жыл барысындағы
дағдарыста өндіріс құлдырады. 1929 жылдың деңгейімен салыстырғанда
өнеркәсіп өндірісінің өнімі 58%-дан аспады. Жұмыссыздардың саны 9 млн-нан
асты. Дағдарыс мыңдаған фермерлер мен қолөнершілерді қамтыды. Германия
буржуазиясының дағдарысты жеңілдетуге шамасы шектеулі еді. Елдің ішкі
нарығы әлсіз болды. Ал бай отарларынан айырылуы Германияның қолын тас
байлады. Өнеркәсіп иелері шығынға батты. Германия өнеркәсібінің империяны
жақтайтын топтары Веймар Республикасының әлеуметтік саясатына наразылық
білдіріп, тұрақты, мықты үкімет құруды талап етті. Веймар Республикасының
ондай талапты орындауға мүмкіншілігі болмады.
1930 жылдың көктемінде үкімет басында тұрған коалициялық кабинет
таратылып, Веймар Республикасының өмірі аяқталды.
Фашистердің билікке келуі. Веймар өкіметінің күйреуі жаңа саяси
партиялардың өрлеуін тудырды. Осындай жағдайда ұлтшылдар өздерінің Германия
ұлттык-социалистік жұмысшы партиясының негізін нығайтуға мүмкіндік алды.
Оның басында А.Гитлер тұрды. Гитлер және оның сыбайластары ұлтшылдық идеяны
маңызды құрал ретінде пайдаланды. Жау бейнесін жасау, оны күшпен басу
фашистердің идеялық-жарнамалық ғылымының маңызды тірегі болды.
30-жылдардың басында ГҰСЖП ұйымдары ірі неміс кәсіпкерлері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Италия фашизмінің туындауы және оның саясатының негіздері
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемдегі халықаралық жағдай
Арнаулы білім берудегі тәрбие
Тоталитарлық саяси жүйенің қалыптасуы
Италиядағы фашизм: шығу себептері мен ерекшеліктері
Фашизм және оның саяси идеологиясы
Тоталитаризм идеясының теориялық және методологиялық негіздеріне қатысты деректер мен зерттеулер
XIX-XX ғасырлардағы саяси идеялар
Қарусыздандыру туралы халықаралық конференция
Саясаттану ғылым және пән ретінде
Пәндер