Өзбек халқының этнологиясы



Кіріспе 3
1 Өзбек халқының этногенезі 5
1.1 Өзбектердің ұлт ретінде қалыптасуы. Өзбек этнонимі 5
1.2 Өзбектердің 92 руы 7
1.3 Халықтың орналасуы 10
2 Өзбектердің рухани.діни дамуы 12
2.1 Өзбектердің мәдени.тұрмыстық дәстүрлері 12
2.2 Бала тәрбиелеу салты 14
2.3 Өзбектердің діни нанымдары, тілі, ұлттық киімі, дәстүрлі кәсіптері 20
Қорытынды 23
Қолданылған әдебиеттер тізімі 24
Қосымша А 26
Қосымша Ә 27
Зерттеу өзектілігі. Өзбектер этногенезі Ортаазиялық өзенаралығында және оның жанындағы аудандарда өтті. Өзбектердің ұлт ретінде қалыптасуында Орта Азияның көне ұлттары – соғдылар, бактрийлықтар, хорезмдіктер, ферганалықтар, сақ-массагет тайпалары - әрекет етті. Түркітілдес тайпалар Ортаазиялық өзенаралыққа Солтүстік-Шығыс және Орталық Азия көшпелі тайпаларының жылжуымен байланысты біздің ғасырымызда келе бастады.
Орта Азияның Түрік қағанатының құрамына кіргеннен кейін (VI ғасыр) түркітілдес халықтың саны өсе бастады. Кейінгі ғасырларда негізгі этномәдени процесс деп ирантілдес және түркітілдес халықтардың жақындасуы мен жартылай қосылуы саналды. Кейін өзбек деп аталған этностың қалыптасу процесі әсіресе ХІ-ХІІ ғасырларда, Қараханидтер әулеті басқарған түрік тайпалар бірлестігі Орта Азияны жаулап алғанда қарқындай бастады. Түркі және монғол тайпалардың жаңа толқыны Орта Азия халығының құрамына ХІІІ ғасырдағы монғол жаулап алуынан кейін кірді. Этнос қалыптасуының аяқталуы Темір және бірінші Тимуридтер басқарған уақытпен байланысты (XIV-XV ғасырлардың екінші жартысы).
Өзбек этнонимі кейінірек, XV-XVІ ғасырлардың аяқ кезінде Қазақстан қырларынан келген Шейбани-хан басқарған дештіқыпшақ өзбектері (XIV ғасырда Өзбек ханның кезінен Алтын Орда көшпенділерінің атауы) ортасындағы ассимиляциядан кейін тұрақталды. Бірінші рет олар туралы парсы деректерде Орыс-хан мен (1361-1375) және оның қарсыласы Тоқтамыш арасында болған қақтығысты суреттегенмен байланысты жазылған. Кейінірек, Өзбек-хан билігінен кейін XIV ғасырдың 60-шы жылдарында «өзбек» этнонимі шығыс Дешті Қыпшақтың барлық түрік-монғол халқына жинақтама аты болды.
ХХ ғасырдың бас кезіне қарай өзбектер құрамында үш үлкен субэтникалық топтар бөлінді: сарттар – оазистердің ежелгі отырықшы халқы; түріктер – Шынғысхан әскерінің құрамында келген ортағасырлық оғыздармен және түркі-монғол тайпаларымен араласқан жартылай көшпелі өмір сүрген Ортаазиялық өзенаралығының монғолдарға дейінгі түрік тайпаларының ұрпақтары; өзбектер – ХХ ғасырдың басына қарай ғана отырықшылдыққа ауысқан дештіқыпшақ тайпаларының ұрпақтары. Саны бойынша бірінші топ көбірек болды, ол қалалардың және ірі ауылдардың көбін мекендеді. Екінші топ сан бойынша екі басқа топтарға қарағанда аз болды. ХІХ ғасырда ортаазия хандықтарының Ресейге қосылуынан кейін өзбектердің ұлттық шоғырландыру процесі күшее бастады. 1924 жылы Өзбек КСР, ал 1991 - Өзбекстан Республикасы қалыптасты.
Ұсынылған курстық жұмыстың мақсаты - өзбек халқының этнологиясын зерттеу.
Бұл зерттеудің объектісі - өзбек этносы.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі.
1 Өзбек // Қазақ Совет энциклопедиясы. Т. 8. / бас ред. М. Қ. Қаратаев. – Алматы: ҚСЭ бас редакциясы, 1976. – 631-632 б.
2 Эрматов М., Этногенез и формирование предков узбекского народа. - Ташкент: Узбекистан, 1968. – 230 с.
3 Дулати М. Х. Тарих-и Рашиди (Рашидова история). - Алматы: Санат, 1999. - 652 с.
4 Дубова Н. А. Современные антропологические совокупности и этнокультурные общности на территории Средней Азии// Расы и народы. Выпуск № 27, 2001. - С. 107.
5 Султанов Т. Кочевые племена Приаралья в XV—XVII вв.// Вопросы этнической и социальной истории. - М. : Наука, 1982. – С. 154-155.
6 Мейендорф Е.К. Путешествие из Оренбурга в Бухару. - М. : Наука, 1975. - С. 106.
7 Узбеки // Народы России. Атлас культур и религий - М. : Дизайн. Информация. Картография, 2010. - 320 с.
8 Экономическая и социальная география стран ближнего зарубежья: учебное пособие / под ред. М. П. Ратановой. - М. : Дрофа, 2004. – 572 с.
9 Религия и общество // Центральная Азия и Кавказ. - 2001. - № 1. - С. 114-148.
10 Акимбеков С. Узбекская трагедия //Континент. - 2004. - № 7. - С. 4.
11 Борисов Н. Современный политический процесс в Узбекистане: тенденции и перспективы //Центральная Азия и Кавказ. - 2008. - № 2. – C. 162-171.
12 Вопросы взаимоотношений казахских орд с соседними государствами//Российские академические экспедиции XVIII века об этнографии казахов. - Павлодар, 2007. - С. 169-211.
13 Фирштейн Л.А. О некоторых обычаях и повериях, связанных с рождением и воспитанием ребенка узбеков Южного Хорезма. В кн.: Семья и семейные обряды у народов Средней Азии и Казахстана. - М. : Наука, 1978. - С. 180-204.
14 Снесарев Г.Т. Реликты домусулъманских верований и обрядов у узбеков Хорезма. - М. : Наука, 1969. - с. 76.
15 Горшунова О. В. Узбекская женщина: Социальный статус, семья, религия. (По материалам Ферганской долины). - М. : ИЭА РАН, 2006. – 402 с.
16 Горшунова О. В. Проблема бездетности и религиозные обряды узбеков // Традиционные ритуалы и верования. Библиотека российского этнографа, том 2. - М. : ИЭА РАН, 1992. С. 3-17.
17 Горшунова О. В. Внешний облик узбекской женщины: эволюция эстетических представлений в конце XIX — конце XX веков // Этнографическое обозрение. - 2001. - № 6. - С. 18-30.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
3
1 Өзбек халқының этногенезі 5
1.1 Өзбектердің ұлт ретінде қалыптасуы. Өзбек этнонимі 5
1.2 Өзбектердің 92 руы 7
1.3 Халықтың орналасуы 10
2 Өзбектердің рухани-діни дамуы 12
2.1 Өзбектердің мәдени-тұрмыстық дәстүрлері 12
2.2 Бала тәрбиелеу салты 14
2.3 Өзбектердің діни нанымдары, тілі, ұлттық киімі, дәстүрлі кәсіптері
20
Қорытынды 23
Қолданылған әдебиеттер тізімі
24
Қосымша А 26
Қосымша Ә 27
Кіріспе

Зерттеу өзектілігі. Өзбектер этногенезі Ортаазиялық өзенаралығында
және оның жанындағы аудандарда өтті. Өзбектердің ұлт ретінде қалыптасуында
Орта Азияның көне ұлттары – соғдылар, бактрийлықтар, хорезмдіктер,
ферганалықтар, сақ-массагет тайпалары - әрекет етті. Түркітілдес тайпалар
Ортаазиялық өзенаралыққа Солтүстік-Шығыс және Орталық Азия көшпелі
тайпаларының жылжуымен байланысты біздің ғасырымызда келе бастады.
Орта Азияның Түрік қағанатының құрамына кіргеннен кейін (VI ғасыр)
түркітілдес халықтың саны өсе бастады. Кейінгі ғасырларда негізгі
этномәдени процесс деп ирантілдес және түркітілдес халықтардың жақындасуы
мен жартылай қосылуы саналды. Кейін өзбек деп аталған этностың қалыптасу
процесі әсіресе ХІ-ХІІ ғасырларда, Қараханидтер әулеті басқарған түрік
тайпалар бірлестігі Орта Азияны жаулап алғанда қарқындай бастады. Түркі
және монғол тайпалардың жаңа толқыны Орта Азия халығының құрамына ХІІІ
ғасырдағы монғол жаулап алуынан кейін кірді. Этнос қалыптасуының аяқталуы
Темір және бірінші Тимуридтер басқарған уақытпен байланысты (XIV-XV
ғасырлардың екінші жартысы).
Өзбек этнонимі кейінірек, XV-XVІ ғасырлардың аяқ кезінде Қазақстан
қырларынан келген Шейбани-хан басқарған дештіқыпшақ өзбектері (XIV ғасырда
Өзбек ханның кезінен Алтын Орда көшпенділерінің атауы) ортасындағы
ассимиляциядан кейін тұрақталды. Бірінші рет олар туралы парсы деректерде
Орыс-хан мен (1361-1375) және оның қарсыласы Тоқтамыш арасында болған
қақтығысты суреттегенмен байланысты жазылған. Кейінірек, Өзбек-хан
билігінен кейін XIV ғасырдың 60-шы жылдарында өзбек этнонимі шығыс Дешті
Қыпшақтың барлық түрік-монғол халқына жинақтама аты болды.
ХХ ғасырдың бас кезіне қарай өзбектер құрамында үш үлкен субэтникалық
топтар бөлінді: сарттар – оазистердің ежелгі отырықшы халқы; түріктер –
Шынғысхан әскерінің құрамында келген ортағасырлық оғыздармен және түркі-
монғол тайпаларымен араласқан жартылай көшпелі өмір сүрген Ортаазиялық
өзенаралығының монғолдарға дейінгі түрік тайпаларының ұрпақтары; өзбектер –
ХХ ғасырдың басына қарай ғана отырықшылдыққа ауысқан дештіқыпшақ
тайпаларының ұрпақтары. Саны бойынша бірінші топ көбірек болды, ол
қалалардың және ірі ауылдардың көбін мекендеді. Екінші топ сан бойынша екі
басқа топтарға қарағанда аз болды. ХІХ ғасырда ортаазия хандықтарының
Ресейге қосылуынан кейін өзбектердің ұлттық шоғырландыру процесі күшее
бастады. 1924 жылы Өзбек КСР, ал 1991 - Өзбекстан Республикасы қалыптасты.
Ұсынылған курстық жұмыстың мақсаты - өзбек халқының этнологиясын
зерттеу.
Бұл зерттеудің объектісі - өзбек этносы.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды,
қолданылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспеде бұл тақырыпты зерттеу өзектілігі негізделген, құрылымы,
мақсаты көрсетілген. Негізгі бөлім екі тараудан құралады.
Бірінші тарауда өзбек халқының этнологиясы, қалыптасу тарихы,
этникалық құрамы, орналасуы қарастырылған.
Екінші тарауда өзбектердің рухани-діни дамуы, мәдени-тұрмыстық
дәстүрлері, діни нанымдары, тілдері, ұлттық киімдері, дәстүрлі кәсіптері
зерттелген.
Қорытындыда зерттеудің түйіні жасалып, жасалған жұмыс бойынша негізгі
тұжырымы берілді.
Қолданылған әдебиеттер тізіміне тақырып бойынша зерттеу жүргізгенде
сілтемелер жасалған әдебиеттер енді.
1 Өзбек халқының этногенезі

1.1 Өзбектердің ұлт ретінде қалыптасуы. Өзбек этнонимі

Өзбектер - ұлт, Өзбекстанның негізгі халқы. СССР-дегі жалпы саны 9195
мың адам (1970), оның ішінде Өзбекстанда 7734 мың (респ. халқының 64,7%),
Тәжікстанда 666 мың, Қазақстанда 208 мың, Қырғызстанда 333 мың,
Түрікменстанда 179 мың адам түрады. 1 млн-нан астам өзбектер шетелдерді
мекендейді. Олар негізінен Ауғанстанның солтүстігін, 14 мыңға жуығы Қытай
Халық Республикасы бат. аудандарының кейбір -қалаларын қоныстаған. Ө-тің
әдеби тілі түркі тілдерінің тобына жатады (қ. Өзбек тілі), ал жалпы сөйлеу
тілінде көп диалектілік ерекшелік тән [1, 631-632 б.].
Көне жазба деректерге қарағанда, өзбектер Орта Азияны мекендеген
ежелгі соғдалық, хорезмдік, бактриярлық, ферғаналық тайпалар мен Сақ,
Массагет тайпаларынан тарайды. Бұл халықтардың бәрі иран тілдес еді және
европоидтік нәсілге жатты. Б. з. б. І-мыңжылдықтың ортасынан бастап Орта
Азиядағы Қосөзен аралығына - Сыр мен Амудария алқабына Орта Азиядан монғол
нәсілді аздаған этникалық топтар ауып келді. Б. з. б ғасырының 2-
жартысынан, Орта Азия Турік қағандығының құрамына енген кезден бастап бұл
топтар көптеп қоныс аударды. Мұнан кейінгі ғасырларда отырықшы, негізінен
иран тілдес халықтар мен көшпелі, негізінен түркі тілдес халықтар бір-
біріне өзара әсер етіп, жақындасып, ішінара бірігіп, сіңісіп кетті. Бұл
тұста иран тілдес халықтар көбіне-көп түріктенді, сонымен қатар түркі
тілдес халықтар тәжік тілінде сөйлейтін болды. Түрік қағандығы кезеңінде,
әсіресе Қарахан әулеті билеген кезеңде Сыр мен Амудария аралығына
қоныстанған түркі тайпалары мен халықтары бірте-бірте отырықшылдыққа
ауысып, иран тілдес халықтармен сіңісіп, ассимиляцияланды; кейбір түрік
тайпалары көшпелі тірлігінен ажырамай, көшіп-қонып, ру-тайпалық дәстүрін
сақтап қалды. Сырдария мен Амудария аралығындағы бұл түркі тілдес халықтар
ХІ-ХІІ ғасырларда қалыптасып, халқының негізін құрады. ХІІІ ғасырдағы
монғол шапқыншылығы кезінде, мұнда тағы да түркі-монғол халықтарының жаңа
тобы келіп қосылды. Бұл аймақ халқының құрамына қосылған көшпелі түркі
тілдес тайпалардың соңғы тобы XV ғасырда Шайбани хан қолымен келген Дешті
Қыпшақ өзбектері еді. Бабыр-намада бұған дейін, яғни Дешті Қыпшақтың
көшпелі өзбектері келгенге дейін Ферғана, Самарқан аймағын түріктер ғана
мекен етті делінеді. Бұлардың бір бөлігі отырықшылану нәтижесінде
жергілікті отырықшы халықтармен араласып кетті, ал олардың көпшілігі
көшпелі тұрмыс салты мен ру-тайпалық дәстүрлерді және өз сөйлеу ерекшелігін
сақтап қалды.
Өзбек ұлтының бірігуі ХХ ғасырдың басына дейін созылды, оның құрамында
үлкен үш топ болды. Бірінші топ - көгалды алаптардағы отырықшы халықтар
арасындағы өзбектер. Бұлардың басты белгілері - ру мен тайпаға бөлінбеді,
суармалы егіншілікпен, қол-өнерімен, саудамен шұғылданды, қалалар мен ірі
қыстақтарда тұрды. Өзбектердің бұл тобы Ташкенттің көгалды алқабы мен
Ферғана алқабын, Хорезмді мекендеген. Олар өзбек халқының қалыптасуына,
көшпелі өзбектер мен өзге де көшпелі түркі тайпаларының отырықшылдыққа
айналуына едәуір ықпал жасады. Екінші топ - Орта Азиялық Қосөзен
аралығындағы монғол дәуіріне дейінгі түркі тайпалары мен Шыңғысхан
заманындағы түркі-монғол тайпаларының ұрпақтары (Қарлұқ, Барлас, Қалтатай,
Моғол т. б.), бұлар отырықшы халыққа сіңіскен жоқ, жартылай көшпелі өмір
сүріп, ру-тайпалық дәстүрлерін сақтап қалды. Олардың көпшілігі бұрын
өздерін түрікпіз деп атады. Үшінші топ - Дешті Қыпшақтағы өзбек
тайпаларының ұрпағы. Өзбек атауы тайпалық атпен қатар олардың өз атауы да
болды. Тайпалардың бәрі бірдей жете зерттелмеген. Шежіре деректерінде 92
баулы өзбек деп аталады. Бұлардың көпшілігі орта ғасырларда-ақ әбден
белгілі болған Қыпшақ, Найман, Жалайыр, Қаңлы, Қытай (Хитай), Қоңырат,
Маңғыт, Дүрмен, Қатаған, Қырық, Сарай, Кенегес, Қият, Құтты, Ұйғыр т. б.
тайпалар мен халықтар. Бұлар кейіннен бірқатар түркі тілдес халықтардың
құрамына кірді. Өзбек тайпалары XVI-XVII ғасырларда отырықшылыққа көше
бастап, бұл процесс негізінен ХХ ғасырдың басы қарсаңында аяқталды. Олар
егіншілікпен, ал тау баурайы мен далалық аймақтарда негізінен тебіндегі мал
шаруашылығымен шұғылданады. Олардың тұрмысында көшпелілік дәстүрі әлі де
болса байқалатын еді. Аталған топтардың әр-қайсысының өз ерекшеліктері
болды, соған қарамастан олардың тілінде, материалдық және рухани
мәдениетінде жалпы ортақ дәстүр болды. Осы халықтардан бір тұтас өзбектер
халқы қалыптасты. Өзбектердің этнографиялық қалыптасуына (әсіресе
Хорезмдегі өзбектердің байырғы отырықшы бөлігінің тілінде) оғыздар да
қатысты [1, 631-632 б.].
ХІХ ғасырдың орта шенінде өзбектер патриархалдық қатынастардың
қалдықтары едәуір сақталған феодалдық құрылыста өмір сүрді. Сунниттік
бағыттағы ресми ислам дінімен қатар (түрік тайпалары ІХ-Х ғасырларда
қабылдады) ислам дініне дейінгі наным (тәңірге табыну) көріністері де
байқалды. ХІХ ғасырдың 2-жартысынан, яғни Өзбекстанның Россияға қосылуына
байланысты, онда капиталистік қатынастар дами бастады.
Жалпы қалыптасқан пікір бойынша халық атауы Алтын Орда ханы - Өзбек
ханның (1312-1340) атынан қалыптасты.
Өзбек деген сөздің мағынасы және оның қалыптасуы көптеген пікірталас
туындайды. Өзбек атауының қалыптасу гипотезалары өте көп.
Allen J. Frank және Peter B. Golden атты шетелдік ғалымдардың
пікірінше өзбек деген ат тарихи алаңда Дешті Қыпшақ территориясында Өзбек
ханға дейін пайда болды.
Өзбек тарихшысы М.Эрматов түрік тайпасы өздер атауынан шыққанын
болжайды [2, 230 б.].
Өзбек сөзінің жеке атау ретінде ең ертесі ХІІ ғасырда пайдаланады.
Өзбек деген жеке ат араб әдебиетінде Ұсам-ибн-Мұңқыздың Нақыл кітабында
кездеседі; Сельджукидтердің кезінде Иранда болған жағдайларды суреттегенде,
1115-1116 жж. Хамадан Бурсук билеуші әскерінің қолбасшысы ретінде Мосул
билеушісі әскер әмірі Өзбек болғанын белгілейді.
Рашид ад диннің мәліметі бойынша Тебризде билеушілердің Илдегиздер
әулетінің ақырғы өкілінің аты - Өзбек Мұзаффар (1210-1225) болатын [3, 415-
420 б.].
1221 жылы Ауғанстандағы Джалал ад-дин хорезмшах әскерінің
қолбасшыларының бірі Джахан Пахлаван Өзбек Таи болған.
XIV ғасырдың аяқ кезіне қарай Дешті Қыпшақтың шығыс территориясында
көшпелі монғол-түрік тайпаларының одағы қалыптасады, олар Өзбек ханның
дәстүрлеріне бағынып өзбектер деп аталған. Бірінші рет олар туралы парсы
деректерде Орыс-хан мен (1361-1375) және оның қарсыласы Тоқтамыш арасында
болған қақтығысты суреттегенмен байланысты жазылған. Кейінірек, Өзбек-хан
билігінен кейін XIV ғасырдың 60-шы жылдарында өзбек этнонимі шығыс Дешті
Қыпшақтың барлық түрік-монғол халқына жинақтама аты болды.
Г.В.Вернадский ғалымның нұсқасы бойынша өзбек термині еркін
адамдардың өз аттарының бірі болды. Ол өзбек термині түрлі жұмыспен
айналасқан, тілі, діні және пайда болуы әр түрлі бірлескен еркін
адамдардың атауы ретінде пайдаланғанын болжайды. Монголы и Русь атты
еңбегінде ол жазды: ... Поль Пелиоға сәйкес Өзбек (Özbäg) деген сөз өз-
өзіне қожа (maître de sa personne) деген мағынаны білдіреді, яғни еркін
адам. Сонда өзбек халық атауы ретінде еркін адамдар ұлты деген мағынаны
білдіреді. Сол пікірмен 1830 жылдары бухара өзбектері туралы жазған П.С.
Савельев келіседі, оның айтуынша өзбек деген сөз – өз өзіне қожа деген
мағынаны білдіреді [4, 107-108 б.].

1.2 Өзбектердің 92 руы

Болашақ өзбек ұлтының құрамына кірген көшпелі Дешті Қыпшақ
өзбектерінің 92 руы мен тайпалары болған деп есептеледі. Қазіргі заманның
тарихшысы Т.Сұлтанов анықтағандай – сол 92 руға сол кезде Орта Азияны
мекендеген түркі және кейбір түркі емес этностардың көптеген атаулары
кіреді.
Бұл 92 тайпа тізіміне осындай аңыз қосылған, 92 адам Мединаға Мұхаммет
пайғамбардың кәпірлерге қарсы соғысына қатысуға аттанып, қасиетті Шах-и
Мардан оларды ислам дініне енгізді. Бұл аңыз бойынша, сол 92 адамнан
өзбек тайпалары тарады, мәтінде олар илатийа атымен аталған.
Қазіргі кезде 92 өзбек руының 18 тізімі белгілі, оның барлығы
Мавераннахр территориясында, яғни Ортаазиялық өзенаралығының оазистерінде
құрастырылған. Ең көне тізім XVI ғасырда, ал ең кешкісі ХХ ғасырдың басында
жазылған. Тізімнің бірі 1841 жылы Бухарада болған Н. В. Ханыковпен жазылды.
Өзбек руларының тізімдерін талдаған кезде, көбі үш рудың атауынан
басталатынын белгілеуге болады (минг, юзы және қырқ). Одан басқа
дештіқыпшақтағы үйшін (үйсін) атты өзбек руы болды, оның топтары Ташкент
және Самарқандтың оазистерінде белгілі болды, олар усуньдардан таралады.
Үйшін руы өзбектерде 92 өзбек руларының арасында ең көне болып саналады да
белгілі артықшылықтармен пайдаланатын [5, 154-155 б.].
Мавераннахрда құрастырылған 92 өзбек рулары тізімінің бірінде Шейбани-
хан жаулап алғанға дейін Орта Азия оазистерінде өмір сүрген рулар
көрсетілген. Мысалы, Өзбекстанның шығыстану институтының жинағынан 4330.3
қолжазбасындағы тізімде барлас, қыпшақ, уз, найман және т.б. руларды табуға
болады.
Беделді антрополог К.Кун мәлімдегендей, қазіргі өзбектер нәсіл бойынша
біркелкі этнос емес, олардың арасында төтенше европеоидтық, өте
монголоидтық және көптеген түрлі деңгейде араласқан индивидуум өкілдері
бар.
Ақын Алишер Навои XV ғасырда жазылған өз шығармаларында өзбек
этнонимі туралы Орта Азиядағы этникалық топтардың ретінде жазған.
XVIІ ғасырдың ақыны Тұрды өзбек этнонимы туралы Орта Азия
территориясындағы 92 руды біріктірген есім деп жазған.
XVI ғасырда Орта Азияға Шейбани ханның басшылығымен келген түркітілдес
көшпелі тайпалар мұнда ұзақ жылдар бойы қалыптасқан көптеген түркі және
түріктенген халықты көреді. Дештіқыпшақ өзбектері бұл түркітілдес халыққа
қосылды, оларға өзбек этнонимін берді.
Қазіргі өзбек халқының қалыптасу процесі Орта Азияның солтүстігінде
және Қазақстанның қыр аудандарында ғана емес, одан басқа Фергана егіншілік
облыстарында, Зеравшан, Қашқа-Дарья және Сұрхан-Дарья алқаптарында, сонымен
бірге Хорезм және Ташкент оазистерінде өтті. Қыр мен егіншілік оазистер
халқының этникалық жақындату және мәдени-шаруашылық өзара байланыстарының
ұзақ процесінің нәтижесінде бұл екі әлемнің элементтерін сіңірген қазіргі
өзбек ұлты қалыптасты [5, 154-155 б.].
Е.К.Мейендорфтың мәліметі бойынша 1820 жылы Бухара эмиратында 2,5
миллион халқының 1,5 миллионын өзбектер құрады. 1870 жылдары өзбектер,
қандай өмір салты бойынша тұрса да, өздерін бір ұлт деп санайды, бірақ
көптеген руларға бөлінеді, деп айтылған. Өзбектерге ең жақын ұлт –
тәжіктер. 1820 жылы Бухарада болған Е.К.Мейендорф жазған: бір-бірінен көп
жағдай бойынша ерекшеленсе де, өзбек пен тәжіктердің ортақтары көп.
Қазіргі өзбектер мен тәжіктердің мәдени бірлігі бұл халықтардың қалыптасу
тарихымен түсіндіріледі. Олардың негізінде егіншілік оазистер халқының
біркелкі ежелгі мәдениеті жатыр. Бұл мәдениеттің иран тілін сақтап қалған
топтары тәжіктердің арғы аталары, ал көшпелі түріктер оазистер
территориясында қалған тілдерді меңгерген топтар өзбектердің арғы аталары
болды [6, 106 б.].
ХІХ ғасырдың аяқ кезіндегі авторлар өзбектерді осылай суреттеді:
Өзбектер деп егіншілікпен айналасатын және Арал көлінің оңтүстік
жағалауынан Камулға (Хива хандығына дейін қырықкүндік жолда) дейін
кеңістікті иеленген отырықшы тайпаны атайды. Бұл тайпа үш хандықтарда және
Қытай Татариясында билеуші болған. Өзбектердің өздері айтуынша олар отыз
екі тайорға, немесе салаға бөлінеді.
ХХ ғасырдың аяқ кезіне қарай Қоқанд хандығы жойылған соң Бухара
эмираты мен Хива хандығының ақырғы кезеңінде Сырдарья мен Амударья
өзенаралығында өз тілі, мәдениеті және өмір салты бойынша әр түрлі үш топқа
бөлінген халық қалыптасты.
Ұлттық ерекшілігі мен этноним маңызы бойынша қазіргі өзбектерді XV—XIX
ғасырларындағы дештіқыпшақ өзбектерінен айыру қажет. Қазіргі өзбектер үш
этникалық қоғамдастықтарының ұрпақтары болып саналады:
- көпшілік негізінде XV ғасырдың басында Орта Азия аумағына көшкен
дештіқыпшақ көшпелі өзбектері;
- шағатай және оғыз түрік тайпалар мен руларынан шыққан, оларға
қосылған жергілікті түрік тайпалары;
- отырықшыл түркітілдес, көбінесе қалалық түркі-парсы араласқан
тегінен шыққан және өз ерекше ру-тайпалық құрылымы болмаған халықтан
құралған сарттар, одан басқа парсы тегінен шыққан түріктелген халық.
Бірінші мен екінші топтар басым болды, олар қыр аудандарында және
қалалар мен ірі ауылдарда тең орналасты да, тарихи түрде үлкен саяси
салмағы болды (Қоқанд, Хива хандығының, одан басқа Бухара эмираты
хандарының көбі бұл топтың өкілдері болды).
Үшінші топ өкілдері тек қана үлкен қалалар мен ірі ауылдарды
мекендеді.
Топтардың әрқайсысы, әсіресе бірінші мен екіншісі өз ішінде әрдайым
өзара бәсекестенген көптеген рулар мен тайпаларға бөлінді. Жиі бұл
бәсекестік ұзақ жылдарға созылған руаралық қарсылыққа өсетін. ХІХ ғасырда
Ресеймен ортаазиялық мемлекеттерді отаршылағаннан кейін сол үш топ
өкілдерінің ұлттық консолидация процесі күшее түсті. Бірақ ХХ ғасырдың
басында олар әлі бір ұлтты құраған жоқ. Олар отырықшылдарға – қалалар мен
егіншілік ауылдардың тұрғындарына және малшыларға – тайпалар мен руларға
бөлінетін көшпенді және жартылай көшпенділерге бөлінді. Біріншілер өздерін
тұрған мекеннің атымен атаған: ташкенттіктер, коканддықтар, хивалықтар,
бухаралықтар, самарқандтықтар және т.б., екіншілері – ру-тайпалық атымен:
курамалықтар, манғыттар, иронийлықтар, кунградтықтар, лоқайлықтар,
дүрмендер, мингтер, юздер, барластар, катагандар, қарлұқтар және тағы да
осындай 92 тайпалар [7, 320 б.].
Жоғарыдағыда айталғандай, қазіргі өзбек халқының қалыптасу процесі тек
қана Орта Азия мен Қазақстан солтүстігінің қыр алаңдарында ғана емес,
Фергананың егіншілік облыстарында, Зеравшан, Кашка-Дарья және Сурхан-Дарья
алқаптарында, сонымен қатар Хорезм және Ташкент оазистерінде өтті. Ұзаққа
созылған қыр және егіншілік оазистер халқының этникалық жақындасу және
мәдени-шаруашылық өзара байланысының нәтижесінде бұл екі әлемнің
элементтерін сіңірген қазіргі өзбек ұлты қалыптасты.
1924 жылда өткен ұлттық-территориалдық межелеу нәтижесінде өзбектер
Туркестан республикасының 41%, Бухара республикасының 50%, Хорезм
республикасының 79% құрады.

1.3 Халықтың орналасуы

Қазіргі таңда Өзбекстанда 10,5 млн-нан артық адам, Орта Азия халқының
60% өмір сүреді. Халық саны бойынша республика ТМД елдері ішінде Ресей
Федерациясы, Украина және Қазақстаннан кейін төртінші орын алады.
Өзбекстанда халықтың өсімі өте биік. Табиғи өсіммен бірге республика
халқы экономиканың дамуы салдарынан елдің басқа аудандарынан адамдардың
келуі есебімен өседі [8, с. 419].
Өзбекстан – Орта Азиядағы ең тығыз орналасқан республика. Мұнда әр
шаршы метрде орташа 23,4 адам өмір сүреді.
Бірақ территориядағы тығыздық әркелкі. Бұл табиғи жағдайға тура
тәуелді. Көбінесе адамдар тау баурайындағы тегістіктер мен өзен
алқаптарының оазистерін мекендеген. Орналасудың оазистік түрі Өзбекстанның
және басқа ортаазиялық республикалардың ерекшелігі. Оазистер халқының
кәдімгі тығыздығы – 1 шаршы метрге 50-100 және одан көп адамдар. Таулар мен
шөлдер халқы аз, мұнда тығыздық 1 шаршы метрге 9 кісіден 4 шаршы метрге 1
кісіге дейін. Қызылқұмда халқы жоқ территориялар да бар.
Өзбекстан – көпұлттық республика, мұнда 60-қа жақын ұлт өмір сүреді.
Бұл тарихи ерекшеліктермен түсіндіріледі.
Өзбекстанда өзбектермен қатар республика бойымен орыстар (13,5%) және
татарлар (5,4%) мекендейді. Қазақтар (4,9%) Қазақстанмен шекарас
аудандарда, тәжіктер (3,8%) көбінесе Өзбекстанның оңтүстігінде мекендейді.
Өз автономиясын құрған қарақалпақтар (2,1%), ерте заманнан Амударья сағасын
және Арал жағалауын меңгерген. Қалған ұлттар көбінесе қалаларда қалған.
Республиканың басым халығы (65%) абаттандырылған кишлактарда және
ауылдарда тұрады.
Ыстық және құрғақ аймақтардағы кишлактардың түрі басқа. Судың
жетпеушілігі және шыдатпас аптап болғандықтан жасылы аз, құрылыстары ерекше
түрлі болды. Бұрыңғы өзбек үйінің сырттқы түрі және ішкі жабдықталуы
климаттың ерешеліктерінен және ислам заңдары орнатқан отбасы өмірінің
тұрмыс салтынан туындайды. Саздан соғылған тұрғын үйлердің қасбеті ауланың
ішіне қаратылып құрылатын. Көшеге шығатын қабырғада әйнек болмайтын.
Үйлердің көше беттегі есіктері көбінесе болған жоқ, көшеден қақапа арқылы
алдымен сыртқы аулаға – ташкари кіретін (кедейлерде ауладан қоршалған
өтетін жер болды). Содан ғана үйдің ішіне және ер адамдарға кіруге тыйым
салынған ішкі аулаға (ичкари) кіруге болатын [9, с. 114-148].
Енді аулалардың жоспарлары, үйлердің түрі мен орналасуы күрт өзгерді.
Киіз үйлер мен каптар жоғалып, ағаш еденді, темір шатыры, голландық пештері
бар жаңа үйлер пайда болды. Көп үйлердің әйнектері көшеге қарайды; оларда
көше беттегі есіктері бар; ауланың ішкі және сыртқыға бөлінуі жойылды; биік
балшықтан соғылған албарлар (дувалдар) жоққа шықты.
Қазіргі кезде кең таралған оазистік түрлі үй – ашық террасасы (айван)
бар көпбөлмелі үй. Жиі оған қосымша құрылысты – балаханды – қосады, мұнда
жазғы уақытта демалады. Кірпіш немесе балшықтан соғылған дуалмен қоршалған
аула баққа айналанған. Бұл жерде супа бар – балшықтан соғылған кішкене
көтеріңкі жер – мұнда отбасы таңғы асын, түскі тамағын, кешкі шайын ішеді.
Аулалардың көбінде жеміс ағаштарының немесе жүзім шағының көлеңкесінде сури
құрылған – тіреулердегі ағаш алаң, оған саты апарады, алаңның үсті тапал
шарбақпен қоршалған. Сури – кешкі демалыс, қонақ күту орны.
Суы аз аудандарда үйлердің ерекше түрі пайда болды. Онда үйлерді
балшықтан қабырғалары қалың және тегіс балшық шатырымен салады. Осындай үй
– 40-градустық аптапта және аязда өте тиімді, жазда бөлмелерде салқын, ал
қыста жылу жақсы сақталады.
Өзбекстан – көне және жас қалалардың елі. 39 қала мен 79 ауылдарда
республика халығының 35 % орналасқан. Өзбекстанның ең ірі қаласы – астанасы
– көне Ташкент. Ол, сонымен бірге Самарканд, Бухара, Коканд суару егіншілік
аудандарында сауда керуен жолдарында біздің заманға жейін немесе ерте және
орта ғасырларда пайда болды. Жас қалалар – Чир-чик, Ангрен, Бекабад,
Алмалык – пайдалы қазбаға және гидроэнергоресурстарға бай жерлерде
көтерілді, ал Янгиюль, Гулистан және Янгиер – мақта, жібек пен жеміс өңдеу
орталықтар ретінде жаңа игерілген жерлерде пайда болды.
Қалалардың ішінде көбінесе кішкентай 10-25 мың халқы бар қалалар
басым. Ташкентте, Самаркандта, Андижанда, Наманганда, Кокандта –
республиканың ең ірі қалаларында – қала халқының 60% өмір сүреді.
Өзбек қала құрылысшыларында өз маңызды мәселесі бар – жер сілкінісін
жақсы көтеретін берік, сенімді құрылыстарды салу. Өйткені республиканың
барлық қалалары сейсмикалық зонада орналасқан.
Оларды кішкентай қалалардың кейінгі даму жолдары да алаңдатады,
республиканың үлкен өндірістік орталықтарын жеңілейту үшін мұнда кейбір
фабрикалар мен зауыттарды көшіру мәселелері.

2 Өзбектердің рухани-діни дамуы

2.1 Өзбектердің мәдени-тұрмыстық дәстүрлері

Өзбекстандағы қоғамдық құрылымының дәстүрлі түрі – махалля - жақын
көршілер мен туыстардың кең көршілік қауымдығы, олар өзара көмегімен
(хашар) барлық мекенді біріктіреді, өз мешіті бар, жергілікті өзін-өзі
басқаруымен, дәстүрлер мен мәдениетімен. Махалля деген сөздің мағынасы
өте кең, ол елдің жергілікті өзін-өзі басқарудың маңызды бөлігі болып
саналады.
Жергілікті өмірдің шайқалмас дәстүрлерінің бірі – қонақжайлылық.
Қонақты қарсы алу өзбек қоғамында дастарқанның өзі мен отбасы молшылығынан
биік бағаланады. Түскі немесе кешкі астан бас тартурға тиіс емес, қонақ
үшін ұқыптылық өте маңызды. Қонаққа барған кезде өзімен бірге кішкентай
сыйлықтар немесе балаларға тәттілер алыға абзал. Қадірлі қонағын далада
қақпаның алдынан күтіп алады, сәлемдеседі, хал-жағдайды сұрап, үйге кіруді
ұсынады. Қонақтарды кең орталық бөлмеде қарсы алады, немесе аулаға кіруді
ұсынады – жергілікті климат дастарқан шараларын жылына сегіз ай аулада
өткізуге мүмкіндік береді. Үйге кірген кезде міндетті түрде аяқ киім
шешіледі. Стол (дастархан) бөлменің ортасында немесе, аулада болса,
ағаштың астында немесе басқа көлеңке жерде жайылады. Қонақ үй иесінің
айтқанын істеу керек, бірақ мұнда қарсылық болып қалады, өйткені үй иесі де
қонақтың көңілін табуға тырысады! Бұл жағдайда әзіл және бұл театралдық
процестің қатысушыларына деген әдептілік жоғары бағаланады. Бірақ еске
сақтау керек, ең құрметті орындар – ол босағадан немесе қақпадан алыс
орындар. Әйелдер ер адамдармен бірге бір дастарқанға отырмайды, бірақ
қалалық жерлерде бұл ереже сақталмайды. Үстел басында әйелді мақтап оған
қадалып қарау тиіс емес. Бірақ отбасының жағдайын және оның мүшелерінің
денсаулығын сұрауға болады [10, с. 4].
Өзбек асханасы көптүрлілігімен ерекшеленеді. Өзбектердің тамағы
көптеген түрлі өсімдік, сүт, ет өнімдерінен құралады. Тамақтануда нан
маңызды рөл атқарады, ол бидай (сирек – басқа – жүгері және т.б.) ұнынан
түрлі қалаш түрінде пісіріледі (оби-нон, патир және т.б.). Дайын ұн
тағамдары да кең таралған (оның ішінде – десерттік). Тамақтардың
ассортименті өте көп түрімен ерекшеленеді. Күріштен (шавля) және бұршақтан
(машкичири) жасалған кеспе, көже және ботқа өсімдік немесе сиыр майымен,
ұйыған сүтпен, қызыл және қара бұрышпен, түрлі шөптермен (аскөк, ақжелкен,
киндза, райхан және т.б.) дәмделеді. Сүт өнімдері де әр түрлі – қатық,
қаймақ, ірімшік, сүзбе, пишлок, құрт және т.б. Ет өнімдерден көбінесе қой,
сирегірек сиыр, құс (тауық және т.б.) еті, қазы етін көп пайдаланады.
Тимақтануда ең аз қолданылатын өнімдердің ішінде балық, саңырауқұлақтар
және т.б.
Кең таралған тағам – палау, оның 100-ден астам түрлері бар.
Тамақтануда үлкен орын көкөністер мен жемістер алады, бұл жүзім, қарбыз,
қауын, жаңғақ дақылдардың әр түрлері (ең алдымен жер және грек жаңғақтары).

Ең басты сусын – шай, жиі жасыз шай. Өзбек ыдысы мен дастархан
басындағы әдеп сырлы ұлттық колоритті сақтайды.
Қандай тамақтану болса да мұнда шай ішумен басталады да бітеді де.
Алдымен дастарқанға тәттілер, тоқаштар, кептірілген жемістер және
жаңғақтар, жеміс-жидектер беріледі, одан кейін басытқы, соңында – міндетті
түрде палау және басқа ауыр тамақ. Жергілікті палау өте кенеулі, ол
күрделі рецептура бойынша дайындалады, сондықтан оны бір бастан көп жеуге
жағымсыз. Тамақтағы майдың көптігі ас қорытуға жағымсыз, сондықтан жасыл
шайды көбірек ішкен абзал (оны өзбектер ғасырлар бойы ішеді). Міндетті
түрде дастарқанда ыстық шелпек болуы керек, оларды қандай жағдайда болса да
аударуға болмайды. Шелпектің үзімін жерге түсіріп алу немесе оны онда қою,
қағаз немесе матаға оралған бетінде де жаман ырым.
Өзбек өмірі мен тұрмысында маңызды орынды шай мен шай құю рәсімі
алады. Бұл елдің басты сусынын демдеу және қонақтарға құю – ерлердің, ең
алдымен үй иесінің дәргейі. Шайды кішкентай шәйнектерде демдеп кішкентай
пиалаларға құяды. Қонақжайлылықтың дәстүрлі элементі мұнда шайды аз құю –
қонақ құрметіне қарай шай аз құйылады. Бұл парадокс жай түсіндіріледі –
үйге деген құрмет үй иесіне жиі үстеме сұрағанымен көрсетіледі. Жартылай
бос пиала оған себеп болады. Сондықтан үй иесіне бос пиаламен жиі өтіну
отбасыға деген құрметті көрсетеді. Егер пиаланың түбінде шай қалса, үй иесі
оны төгіп пиаланы қайтадан толтырады. Оған сәйкес, шақырылмаған қонаққа
шайды толтырып құяды.
Шайхона (шайхана) – жергілікті дәстүрдің шаймен қатар тұрақты
дәстүрдің элементі. Қоғамдық өмір мұнда мешіттерде, базарда және шайханада
шоғырланады. Мұнда сөз байласады, сөйлеседі, демалады және жаңалықпен
бөліседі, таңғы және түскі асты ішеді, өмір мен әлем жағдайларын,
мәселелерін талқылайды. Шайхонаға орынды ағаштың көлеңкесінде және суға
жақын таңдайды, бұл шаймен қатар әңгімеге тыныштық және әуре-сараңдықсыз
береді. Шайхона жабдықтары дәстүрлі – аласа үстелдер сондай аласа және
міндетті түрде кілемдермен жабылған дивандармен айналған. Бір бұрышта үй
иесі немесе қызметші әбігерленеді, ал ортасында ошақ тұрады, оның үстінде
су қайнатады немесе тамақ әзірлейді. Шай ішкендегі рәсімдер күрделі де
білмейтін адамға түсініксіз, сондықтан жерлігікті тұрғындарға қарап олардың
істегенін істеу керек – осындай олардың дәстүріне деген құрметті олар
бағалайды.
Исламның қатал ғұрыптарына қарамастан өзбектердің көбі алкоголь ішеді,
әсіресе қонақтармен бірге. Егер сіз алкогольдік ішімдіктерді ішпесеңіз, оны
ертерек ескеріңіз, сізді ешкім зорламайды. Рамадан айында алкогольді ішуге
тыйым салынады [11, с. 162-171].
Қатынаста өзбектер қарапайым және демократияшыл. Амандасқанда қолды
беріп бәрімен, танымайтын адамдармен де амандасады (әйелдерден басқа). Қол
бергенде дәстүрлі денсаулықты , жұмыс пен үй жағдайын сұрайды. Әйелдермен
оң қолды жүрекке жақындатып және әдепті бас июмен сәлемдеседі. Күніне
бірнеше рет жақсы танитын адаммен де сәлемдесу - әдеттегі ереже.
Үйге немесе шайханаға кіргенде аяқ киімді шешу керек. Киім кию стилі
демократияшыл, бірақ ғибадат орындарына барған кезде ашық немесе өте қысқа
киім киюге дұрыс емес. Ештеңеге қарамастан шорты киюге болмайды, әсіресе
ауылда.
Өзбектердің тұрмыс ерекшеліктерінің қалыптасуына қаумдық дәстүрлер
терең ықпал етті – ғасырлар бойы құрылған ұжымдық жұмыстарды ұйымдастыру,
жер және су пайдаланудың қатаң ережелері. Қалаларда және ірі сауда-кәсіптік
ауылдарда орам қаумдық пен кәсіп бойынша кәсіпкерлер бірлестіктері құрылды.
Қауымдық мүшелері өзара көршілік арқылы емес, туыстық арқылы да
байланысқан. Ру-тайпалық бөлінуді сақтаған жартылай көшпелі өзбектерде
қаумдық сырттай қарағанда рулық түрде болды. Бірақ көршілік сияқты рулық
қауымдықта да терең әлеуметтік бөліну де әдетті болды. Қоғамдық
дәстүрлердің сақталуына бөлінбеген отбасы себеп болды, жер мен малды бөлмеу
үшін үйленген ұлдарын олар жеке шығармайтын. Қалым мен жасауға шығынданбас
үшін, жиен арасында және өте ерте жаста неке қию. Отбасындағы қарым-қатынас
кішілердің үлкендерге, отбасы басына (әдетте әкеге) және оның әйеліне
бағынуда қалыптасқан. Әйелдердің құқықсыздық пен еріксіздігі, әсіресе
отырықшыл өзбектер арасында көп таралды. Бірақ отбасы мен орам қауымдықтың
ішкі өмірін реттеу жағдайда жеке әйелдер (жұбайы, отбасы басының немесе
діни тұлғаның жесір әйелі, немесе ерекше қабілетімен айрықшаланған әйел)
маңызды рөл атқарып беделді болатын.
Қазіргі отбасының басты түрі – ата-ана мен баладан тұратын кішкентай
жанұя. Бірақ ұлдары үйленгеннен кейін әкесінің үйінің жанында тұруға
тырысады, олар бір-біріне және ата-анасына (олармен әдетте кіші ұл бірге
тұрады) болысуға тырысады. Әр отбасы жақсы құрылған туыстық байланысты
мақтан тұтады, сондықтан балаларында туыстық сезімді тәрбиелеуге көп мән
береді. Тұратын мекен арасында туыстыққа қарамастан тығыз байланыста тұру
дәстүрі де сақталған (кишлак, ірі ауыл және қалаларда – орам (махалля). Бұл
дәстүр өзбектердің ұлттық мәдениетінің бір нышанына, олардың мінезі мен
психологиясына айналды. Сондықтан әр ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1920-1930 жж. ғылым мен ғылыми мекемелердің дамуы
“Этнос” туралы ұғым
Қазақ ұлтының және Қазақ мемлекетінің құрылуы мен нығаюы
Қазақтар мен казактар
Қазақ халқының және қазақ хандығының құрылуы
Этнография -этнология ғылымының дамуы
Қазақ атауының мән - мағынасы туралы
Тарихи әдебиеттердегі «қазақ» этнонимының тарихы
Қазақстанның ұлтаралық келісімі мен достығын нығайту
Махмұд Қашқаридің өмірі мен шығармашылығы
Пәндер