Жетім балалардың тұлғалық әлеуметтенуінің педагогикалық шарттары
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Кейінгі жылдары әлеуметтік-экономикалық себептерге байланысты және әртүрлі себептер тұрғысынан әлеуметтік жетім балалар саны артуда. Осыған байланысты жетімдер мәселесі және оларға білім беру тәрбиелеу үдерісі, сонымен қатар, психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз ету, тек арнайы педагогикада ғана емес жалпы педагогика, психология, әлеуметтік педагогика және тағы басқа ғылымдардың ғылыми білім саласында көкейтесті болып отыр. Бұл жағдайда аталмыш балалар тобы психологтар мен педагогтар, дәрігерлердің зерттеу нысанына айналуда.
Қазақстан Республикасында соңғы жылдары жетім балалар мен ата-анасынан ажыратылған, яғни олардың қамқорлығынсыз қалған балалардың жағдайы көпшілікті толғандыруда. Әртүрлі жағдайларға байланысты ата-ананың қамқорлығы мен сүйіспеншілігінен тыс қалғандардың мәселелері өзекті болып отыр. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының «Қазақстан-2030» даму стартегиясына сай жетім балалар үйіндегі тәрбиелініп жатқан әрбір ұрпақтың жеке адам ретінде қалыптасуының шешуші факторы ұлттық тәрбие деп көрсеткен. Жетім балалар тәрбиесіне қазіргі кезде ұлттық тәрбие тұрғысынан да көңіл бөліп, оларды тұлғалық қалыптастыру мәселесі бүгінгі күн талабы.
Балалар үйінде тәрбиеленуші баланың жеке тұлғасының әлеуметтік қалыптасуының өзіндік ерекшелігі бар. Оның іс-әрекеті толығымен тәртіпке салынып қадағаланылады, бұл бала дамуында артта қалушылықты, масыл-дықты, жеке басы еркін ұйымдастырудың төменгі деңгейін туындатады.
Сонымен қатар, әлеуметтендіруге байланысты ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде әлеуметтендіру деңгейлері мен факторлары және «әлеумет-тендіру», «бейімдеу» ұғымдары бөліп қарастырылады. Жетім балаларды әлеуметтендіру мәселесін шетелдік, отандық ғалымдардың зерттеулеріне, тәжірибелерге сүйене отырып, теориялық, практикалық тұрғыда сипаттау қазіргі педагогика іліміндегі мұндай өзекті мәселені шешуге себеп болады.
Айталық, жетім балалар үйінде тәрбиеленушілердің ерекшеліктерін және олардың педагогикалық-психологиялық даму өзгешеліктерін Е.М.Рыбиновский Д.Янхольц, И.В.Дубровина, А.Г.Рузская, Дж.Боулби, И.М.Бгажнова, С.А.Беличева, Ю.В.Василькова және т.б. ғалымдар қарастырды. Жетім балаларды тәрбиелеудегі дене мәдениетінің мәнін Н.И.Пономарев, В.И.Жолдак, С.Б.Тихвинский, И.М.Воронцов, О.Ю.Фадеева және т.б. өзіндік тұрғыдан ашқан. Бұл мәселені зерттеуде А.М.Прихожан, Н.Н.Толстых және О.Ажнина отбасында және отбасынан тыс тәрбиеленетін жасөспірімдердің психикалық дамуындағы ерекшеліктерін қарастырған. М.В.Осорина жетім баланың жеке дамуын және даму барысындағы өзгерістер байланысын

Жетім балалардың тұлғалық әлеуметтенуінің
педагогикалық шарттары
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Кейінгі жылдары әлеуметтік-экономикалық
себептерге байланысты және әртүрлі себептер тұрғысынан әлеуметтік жетім
балалар саны артуда. Осыған байланысты жетімдер мәселесі және оларға білім
беру тәрбиелеу үдерісі, сонымен қатар, психологиялық-педагогикалық тұрғыдан
қамтамасыз ету, тек арнайы педагогикада ғана емес жалпы педагогика,
психология, әлеуметтік педагогика және тағы басқа ғылымдардың ғылыми білім
саласында көкейтесті болып отыр. Бұл жағдайда аталмыш балалар тобы
психологтар мен педагогтар, дәрігерлердің зерттеу нысанына айналуда.
Қазақстан Республикасында соңғы жылдары жетім балалар мен ата-
анасынан ажыратылған, яғни олардың қамқорлығынсыз қалған балалардың жағдайы
көпшілікті толғандыруда. Әртүрлі жағдайларға байланысты ата-ананың
қамқорлығы мен сүйіспеншілігінен тыс қалғандардың мәселелері өзекті болып
отыр. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының Қазақстан-2030 даму
стартегиясына сай жетім балалар үйіндегі тәрбиелініп жатқан әрбір ұрпақтың
жеке адам ретінде қалыптасуының шешуші факторы ұлттық тәрбие деп көрсеткен.
Жетім балалар тәрбиесіне қазіргі кезде ұлттық тәрбие тұрғысынан да көңіл
бөліп, оларды тұлғалық қалыптастыру мәселесі бүгінгі күн талабы.
Балалар үйінде тәрбиеленуші баланың жеке тұлғасының әлеуметтік
қалыптасуының өзіндік ерекшелігі бар. Оның іс-әрекеті толығымен тәртіпке
салынып қадағаланылады, бұл бала дамуында артта қалушылықты, масыл-дықты,
жеке басы еркін ұйымдастырудың төменгі деңгейін туындатады.
Сонымен қатар, әлеуметтендіруге байланысты ғылыми-педагогикалық
әдебиеттерде әлеуметтендіру деңгейлері мен факторлары және әлеумет-
тендіру, бейімдеу ұғымдары бөліп қарастырылады. Жетім балаларды
әлеуметтендіру мәселесін шетелдік, отандық ғалымдардың зерттеулеріне,
тәжірибелерге сүйене отырып, теориялық, практикалық тұрғыда сипаттау
қазіргі педагогика іліміндегі мұндай өзекті мәселені шешуге себеп болады.
Айталық, жетім балалар үйінде тәрбиеленушілердің ерекшеліктерін және
олардың педагогикалық-психологиялық даму өзгешеліктерін Е.М.Рыбиновский
Д.Янхольц, И.В.Дубровина, А.Г.Рузская, Дж.Боулби, И.М.Бгажнова,
С.А.Беличева, Ю.В.Василькова және т.б. ғалымдар қарастырды. Жетім балаларды
тәрбиелеудегі дене мәдениетінің мәнін Н.И.Пономарев, В.И.Жолдак,
С.Б.Тихвинский, И.М.Воронцов, О.Ю.Фадеева және т.б. өзіндік тұрғыдан ашқан.
Бұл мәселені зерттеуде А.М.Прихожан, Н.Н.Толстых және О.Ажнина отбасында
және отбасынан тыс тәрбиеленетін жасөспірімдердің психикалық дамуындағы
ерекшеліктерін қарастырған. М.В.Осорина жетім баланың жеке дамуын және
даму барысындағы өзгерістер байланысын анықтаса, В.С.Мухин балалар
үйіндегі жетім балалардың мінез-құлқындағы ауытқушылықтың негізгі
себептерін зерттеген.
Ал, Л.С.Славина мен Г.М.Сысоева балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан жетім
балалардың өз мүмкіндіктерінің бағасын жоғарылату үшін жасайтын іс-
әрекеттерін сипаттаған.
Отандық ғалымдар арасында, мінез-құлықтың ауытқуын Г.А.Уманов,
В.В.Трифонов, Л.К.Керимов және т.б. педагогикалық тұрғыдан қарастырған.
Мысалы, Л.К.Керімов өз еңбегінде қиын оқушыны жеке-дара қайта тәрбиелеу
тұжырымдамасын және ондағы педагогтың іс-әрекеттің белгілі жүйесін жасап
көрсеткен. Ш.Е.Жаманбалаеваның еңбектерінде девиантты мінез-құлықтың
әлеуметтік аспектілері қарастырылған. Бұл зерттеулер әрине, біздің
мәселеге де қатысты, өйткені жетім балаларды, девиантты, қиын балалар
қатарына да жатқызады. Қазақстандағы балалар үйі мен интернаттарда
тәрбиеленуші жетім балалардың дамуы мен тарихын Л.Г.Ақжаркенова зерттей
келе ондағы оқыту мен тәрбиелеудің теориясы мен әдістемесін дамытуға
өзіндік үлес қосты. Ал, ол жердегі дене тәрбиесі арқылы ұлттық ойындарды
ендіру әдістемесін Қ.Т.Жаңабаев зерттеген. Балалар үйіндегі еңбек
тәрбиесін Н.Н.Семеренко қарастырған.
Белгілі психологтар Б.Г.Ананьев, А.Т.Асмолов, А.А.Бодалев, В.В.Давыдов,
М.Кле, А.Н.Леонтьев, отандық ғалымдар З.У.Кенесарина, М.М.Мұқанов,
Ж.Н.Намазбаева т.б зерттеулерінде жалпы жасөспірімдердің әлеуметтік және
жеке даралық білімдері мен өмір тәжірибелерінде адамзат қоғамының
жетістіктерін, рухани байлықтарын игеріп, мінез-құлқын, дүниетанымын
қалыптастырып, күнделікті жүріс-тұрыстарын басқарып отыруға өз биліктері
мен бостандығының алатын орнын айқындаған. Ю.И.Юричка жасөспірімдер
арасындағы құқық бұзушылықтың диагностикасын қарастырған.
Ғылыми зерттеу жұмыстарын талдау нәтижесінде жалпы білім беретін
мектептердегі оқушылар мен жетім балалар үйіндегі жетім балалардың
әлеуметтік дамуының ерекшелігі олардың біреулері отбасында, ал екіншілері
отбасынан тыс мекемелерде тәрбиеленуінде ғана емес, сондай-ақ олардың
қоғамдағы белгілі бір орынды иеленулеріне де байланысты екені байқалды. Ал,
бұл жайлы жинақталып, бір жүйеге келтірілген мәліметтер өте аз. Осыған
байланысты отбасынан тыс мекемелерде тәрбиеленіп жатқан жасөспірім
тұлғасының педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік- педагогикалық даму
мәселелеріне тоқталып, жан-жақты зерттеу қажеттілігі байқалды.
Біз зерттеу барысында жетім балалар үйінде тәрбиеленушілердің
ерекшеліктерін, даму өзгешелігін зерттеген психолог ғалымдардың еңбектеріне
сүйене отырып, балалар үйінде тәрбие алып жатқан жетім балаларға тек
психологиялық ғана емес, сонымен қатар оларды әлеуметтендіруде “әлеуметтік-
педагогикалық” білімдермен, жұмыстар жүйесінің, ақпараттық көмектің қажетті
екендігін көрдік. Бұл мәселенің нақты зерттелуіне келер болсақ, А.Лиханов,
Е.В.Стребелова, Н.М.Михайлицкая және т.б. еңбектерін ерекше атап өтуге
болады.
Жоғарыдағы ғылыми әдебиеттерді талдай келе, біз әлеуметтендіру
бейімдеу арқылы іске асырылатынына және адамдардың әлеуметтік тәжірибесі,
қоғамдағы әдебі, нормаларымен байланыстылығына көз жеткіздік.
Әлеуметтендірудің нәтижесі, қоғам талабын қанағаттандыратын әлеуметтену
үдерісі болып табылады. Бірақ та, бұл үдеріс жетім балаларды
әлеуметтендіруде өзіндік қиындық туғызады. Көптеген теориялық деректерді
талдау барысында біздің тарапымыздан қазіргі жағдайда жетім балаларға көмек
көрсету жүйесінде жетім балалар тәрбиеленетін мекемелер қызметінің бірнеше
жұмыс бағыттары айқындалды. Атап айтар болсақ, әлеуметтік, медициналық,
психологиялық, ұйымдастырушылық-тәрбиелеушілік. Мұндағы тәрбиелену-шілердің
қоғамдық ортаға бейімделуі баланың әлеуметтік статусына сай емес,
медициналық тұрғыдан бұл типтегі балалар тұқым қуалаушылық тұрғысынан
дертке шалдыққан немесе нерв жүйкелері тозу арқылы ашушаң, ызақор болып
келеді. Мұның барлығы айналып келгенде олардың әлеуметтенуіне кедергі
келтіріп, әлеуметтендірудің тиімділігін төмендетеді яғни, балалар шынайы
өмірге даярланбайды. Оларды қоғамдық өмірге даярлауда өздерімен қатар бірге
алып жүретін адамдардың қажеттігі туындайды. Біздің ойымызша олар ең
алдымен әлеуметтік педагогтар, содан кейін психологтар, жалпы педагогтар.
Оларды әлеуметтендіруге қиыншылық тудыратын себептерге тоқталар болсақ,
олар әлеуметтік бейімделу деңгейлерінің, әлеуметтік белсенділік-терінің,
әлеуметтік құзыреттіктерінің, әлеуметтік құндылықтарының қалыпта-суы
төмендегідей болып отыр. Оларды әлеуметтендіру әлеуметтік педагогтар-
тәрбиеші-педагог-қоғам жүйесі арқылы іске асырылуы тиіс деген тұжырым
жасауға болады. Демек, жетім балаларға әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан
көмек көрсету, өмір сүруге үйрету, өзімен қатар алып жүру әлеуметтік
педагог, психологтардың, тәрбиешілердің, кәсіби іс-әрекеттерінің жүйесі
болып табылады. Бұл жетім балаларды өзімен қатар алып жүру баланың
бойындағы жеке қасиеттерге сүйену арқылы іске асырылады. Жетім балалардың
тұлғалық әлеуметтенуіне бағытталған педагогикалық алғы шарттар жасалуы және
теориялық тұрғыдан жүйеге келтірілуі, әдістемелік тұрғыдан нақты қарастыру,
кезек күттірмейтін мәселе деп айтуға болады.
Балалар үйіндегі тәрбиеленушілер шектеулі қарым-қатынастың шеңбе-
ріндегі әлеуметтік байланыстардың тұйық жүйесінде өмір сүреді. Отбасының,
білім беру жүйесінің әлеуметтендіру әсері барынша кемиді, достарымен,
құрдастарымен қарым-қатынас шеңбері тарылады. Қоғам мекемедегі баланы
шеттетіп, оны өзінен және де мәдени құндылықтар мен заңдылықтардан
алшақтатады. Балаға қоғамнан алшақтату жағдайында әлеуметтік мәдени
тәжірибені жеткізу қиындайды, ол ересек болған кезде де орны толмас
тапшылық болып қалады.
Осы айтылғандарды және жоғарыдағы аталған ғалымдардың еңбектерін
саралай келе, біз аталмыш мәселенің терең өз дәрежесінде зерттелмегенін
айқындадық. Демек, жетім балалардың жеке тұлғасына қойылатын қоғам
талаптары мен олардың әлеуметтік тұрғыдан қалыптасуына қоғамдық ортаға
толық тартылмауы, жетім балаларды тәрбиелеудің ғылыми-педагогикалық
негіздерінің толықтай ашылмауы мен әлеуметтік педагогтардың ойлардың дара
ерекшеліктерін ескеріп оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудағы кәсіби білік-
тіліктерінің жеткіліксіздігі аралығында қарама-қайшылық туындайды. Бұл
қарама-қайшылықты шешу мақсатында зерттеу жұмысымыздың тақырыбын Жетім
балалардың тұлғалық әлеуметтенуінің педагогикалық шарттары деп таңдадық.
Зерттеудің мақсаты: жетім балаларды тұлғалық қалыптастыруды әлеуметік-
педагогикалық тұрғыдан негіздеу және оларды әлеуметтендірудің тиімді ғылыми-
әдістемелік жүйесін жасау.
Зерттеудің нысаны: жетім балалардың әлеуметтену үдерісі.
Зерттеудің пәні: жетім балалардың тұлғалық әлеуметтендірудің
педагогикалық шарттары.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер:
– жетім балалардың әлеуметтенуі теориялық тұрғыдан негізделсе;
– Жетім балалардың әлеуметтенуі ұғымының мәні ашылса;
– жетім балаларды әлеуметтендірудің педагогикалық шарттары анықталса;
– бағдарламалар мен әдістемелік нұсқаулар тәжірибелік-эксперименттен
өткізіліп, жүйелі түрде жетім балаларды оқыту, тәрбиелеу үдерісіне
ендірілсе, онда қоғамға, ортаға тез бейімделетін, өзін-өзі құрметтей
алатын, жоғары қажеттіліктерін сезіне алатын, яғни өзін-өзі
белсендендіретін Мен ұғымы қалыптасқан тұлға қалыптасады, өйткені бұл
қазіргі күнгі қоғам талабы.
Зерттеудің міндеттері:
– жетім балаларды тұлғалық қалыптастырудың әлеуметтік-педагогикалық
негіздерін анықтау;
– Жетім балалардың әлеуметтенуі ұғымының мәнін ашу;
– жетім балалардың әлеуметтенуінің педагогикалық шарттарын айқындау;
– жетім балалардың әлеуметтенуі туралы ғылыми-әдістемелік жүйені
даярлау және эксперимент жүзінде тексеруден өткізу.
Зерттеудің жетекші идеясы: жетім балалардың әлеуметтенуі қоғамның
әлеуметтік-мәдени-экономикалық ерекшеліктеріне тәуелді және ол әлеуметтік
педагог, тәрбиеші-педагог жүйесінің ықпалы арқылы іске асырылады. Оларды
әлеуметтендіру үрдісі арқылы қоғамға дұрыс бейімделген, бойында рухани
құндылықтар сіңірілген ізгілікті, өзіне сенімді, толыққанды жеке тұлғалар
қалыптастыруға мүмкіндіктер тудырады.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негізі: Жетім балаларды жеке
тұлға ретінде қалыптастырудағы іс-әрекеттің диалектикалық қағидалары,
қоғам, табиғат пен ой-пікірдің даму заңдылықтары, философия, психология,
педагогика, мәдениеттану, әлеуметтану, физиология, медицина ғылымдарының
ілімдері.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы,
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 10 шілде 2000 жылы №
708 бұйрығы, Біріккен Ұлттар Ұйымы Балалар құқығы туралы конвенциясы,
Қазақстан Республикасының Бала құқығы туралы Заңы, Қазақстан
Республикасының Отбасы типті балалар ауылы (деревня) және жастар үйі
туралы Заңы, Үкіметтің білім беру саласына арналған қаулы қарарлары мен
бағдарламалары, конституциясы, этномәдени білім беру тұжырымдамасы және
басқа құжаттар мен ресми материалдар, оқу әдістемелік құралдар, философ,
психолог, педагог, мәдениеттану, әлеуметтану-шылардың дүниетанымы, білім,
даму негіздері туралы ғылыми еңбектері.
Зерттеудің әдістері: зерттеу проблемасы бойынша философиялық,
психологиялық, педагогикалық, медициналық әдебиеттерге теориялық талдау
жасап, зерттеу, жүйелеу, жетім балаларды әлеуметтендіру мәселесін талдап,
қорытындылау, сауалнама жүргізу, әңгімелесу, байқау, эксперимент нәтиже-
лерін саралау, тиімділігін тексеру.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
1. жетім балаларды тұлғалық қалыптастырудың әлеуметтік-педагогикалық
негіздері зерттеу деңгейлерін талдау арқылы сипатталды.
2. Жетім балалардың әлеуметтенуі ұғымының мәні зерттеудің теориялық
базасы ретінде ашылды;
3. жетім балалардың әлеуметтенуінің педагогикалық шарттары айқындалды;
4. жетім балалардың әлеуметтенуі туралы ғылыми-әдістемелер жүйесі
ұсынылып, тәжірибелік-экспериментте тексеріліп, ұсыныстар жасалды;
Зерттеудің практикалық мәні:
Зерттеу мазмұны, қорытындылары және әдістемелік ұсыныстарды жоғары оқу
орындарында, колледждерде әлеуметтік педагогтар, психологтар, яғни
педагогикалық кадрлар даярлау жүйесінде және білім беру жүйесінде кадрларды
қайта даярлау, мұғалімдердің біліктілігін арттыру институттарында, жетім
балалар тәрбиеленетін мекемелердің оқу-тәрбие үдерісінде қолдануға болады.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
- жетім балаларды әлеуметтендіруге берілген өзіндік анықтама:
Жетім балаларды әлеуметтендіру олардың әлеуметтік қасиеттерді, тәжірибені
меңгеру барысында өздері әлеуметтік тәжірибеге ене отырып, өзіндік жеке
өмірде әрекет етуге бағытталған көпқырлы қиын үдеріс;
- жетім балалаларды тәрбиелейтін мекемелердің оқу-тәрбие жүйесінде
оларды әлеуметтендіруге тиімді ықпал ететін ұйымдастырушылық-педагоги-калық
негіздер жиынтығы;
- жетім балалардың әлеуметтенуінің педагогикалық шарттары;
- жетім балаларды әлеуметтендірудің тәрбиеші-педагог-қоғам жүйесі
мен әдістемесі.
Зерттеу кезеңдері:
Алғашқы кезеңде (2004-2005жж.) зерттеу мәселесі бойынша материалдар
жиналып, теориялық негіздері жүйеге келтіріліп, зерттелу жәйі қарастырылды.
Тарихи, философиялық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтану,
мәдениеттану салаларындағы әдебиеттерге талдау жасалып, библиографиялық-
материалдар жинақталды. Зерттеу жұмысының жүйесі, ғылыми аппараты
жасалынды, айқындаушы іс-тәжірибе жүргізіліп, жетім балалардың әлеуметтену,
бейімделу деңгейлері айқындалды.
Екінші кезеңде (2005-2007жж.) жинақталған деректер қазіргі педагогика
ғылымының теориялық негіздері тұрғысынан талдауға алынды. Мәселеге
байланысты әр саладағы ғалымдардың еңбектеріндегі жетім балаларды тәрбиелеу
туралы көзқарастары жүйеленді. Жетім балаларды тұлғалық қалыптастырудың
әлеуметтік-педагогикалық негіздері анықталып, теориялық моделі
құрастырылып, жетім балалар, әлеуметтік жетімдер ұғымдарының жаңаша
педагогикалық тұрғыдан мәні ашылып, мазмұны нақтыланды. Педагогикалық
шарттар айқындалып, әдістемелер ұсынылды. Жүргізілген іс-тәжірибенің
нәтижелері, көрсеткіштері айқындалды.
Үшінші кезеңде (2007-2008жж.) жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижелері
қорытындыланып жүйеге келтірілді. Жетім балаларды әлеуметтендіру
ерекшеліктері тақырыбына арнайы курс бағдарламасы құрастырылып,
тәжірибеден өткізіліп, оның нәтижелері шығарылды.
Зерттеу базасы: Шымкент қаласындағы № 3 балалар үйі, Төлеби ауданы №2
балалар үйі, Арыс қаласындағы №1 балалар үйі.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
- жетім балалардың әлеуметтік қасиеттерді, тәжірибені меңгеру барысында
өздері әлеуметтік тәжірибеге ене отырып, өзіндік жеке өмірде әрекет етуге
бағыттаудағы көпқырлы қиын үрдісі ретіндегі жетім балаларды
әлеуметтендіруге берілген анықтама;
- жетім балалаларды тәрбиелейтін мекемелердің оқу-тәрбие жүйесінде оларды
әлеуметтендіруге тиімді ықпал ететін ұйымдастырушылық-педагогикалық

- жетім балаларды әлеуметтендірудің әлеуметтік педагог, тәрбиеші-педагог,
қоғам жүйесін арнайы мекемеде іске асыру тәжірибесі.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі: Жетім балаларды
әлеуметтендіру туралы мәселелеріне арналған философиялық, психологиялық,
әлеуметтік, тарихи және педагогикалық еңбектердегі қағидалар басшылыққа
алынып, жасалған эксперимент жұмыстардың нәтижелері өңделді, алынған
деректер сарапталып, қорытындысы қамтамасыз етілді.
Зерттеудің нәтижелерін сынақтан өткізу және тәжірибеге ендіру:
Зерттеу мәселелері эксперимент барысында сынақтан өткізілді және Мәскеу
қаласында өткізілген ғылыми конференция мен Жалпыресейлік педагогикалық
конгресте, Қаракөл (Қырғызстан Республикасы) қаласында өткізілген ғылыми-
практикалық конференцияда, сондай-ақ Алматы, Шымкент қалаларында өткізілген
халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференцияларда
баяндалып, мерзімді басылымдарда жарық көрген ғылыми мақалаларда (әл-Фараби
атындағы КазҰУ Хабаршы, Ізденіс, Ұлт тағылымы, Қазақстан жоғары
мектебі және Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университетінің хабаршысы
журналдарында) көрініс тапты.
Кіріспеде: зерттеудің көкейкестілігі негізделіп, нысаны, пәні, ғылыми
болжамы, зерттеу міндеттері, зерттеу көздері, әдіснамалық негізі мен
зерттеу әдістері айқындалып, зерттеудің ғылыми жаңалығы, практикалық
мәнділігі қорғауға ұсынылған тұжырымдар, зерттеу кезеңдері.
“Жетім балаларды тұлғалық қалыптастырудың әлеуметтік-педагогикалық
негіздері” атты бірінші бөлімде мәселенің тарихи даму генезисі, зерттелу
деңгейлері сипатталды. Негізгі ұғымдардың мәні ашылды, оларға өзіндік
тұрғыдан анықтама берілді. Жетім балалармен жұмыс жасайтын әлеуметтік
педагогтардың қызметі, мақсаттары, міндеттері, ұстанымдары сипатталады,
жетім балаларды тұлғалық әлеуметтендірудің психологиялық-педагогикалық
ерекшеліктері анықталды.
“Жетім балаларды әлеуметтендірудегі тәжірибелік-педагогикалық жұмыстар”
тақырыбына жазылған екінші бөлімде жетім балалардың тұлға-лық
әлеуметтенуінің мазмұны түсіндіріліп, жетім балаларды әлеуметтенді-рудің
әлеуметтік педагог, тәрбиеші-педагог – қоғам жүйесін іске асыру тәжірибесі
сипатталды, педагогикалық алғы шарттар айқындалды. Жетім балаларды
әлеуметтендірудің әдістері берілді. Қалыптастыру, қортынды эксперименті
арқылы жетім балаларды әлеуметтендіру үрдісі, нәтижелері көрсетілді.
Қорытындыда зерттеу жұмысының нәтижесінде жетім балалардың тұл-ғалық
әлеуметтенуінің нақты тұжырымдары мен ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу
нәтижесінен туындаған қорытындылар мен ұсыныстар беріліп, зерттеу
мәселесінің болашағы көрсетілді.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Қазақстан Республикасында білім берудің ұлттық моделін жасау және
дамыту жайындағы құжаттарда, білім беру жүйесін модернизациялауға арналған
тұжырымдамаларда өскелең ұрпақтың әлеуметтенуіне ықпал ететін пәндердің
ролі мен ұлттық тәрбиенің мәнін арттыруға ерекше талаптар қойылып отыр.
Қазіргі кезеңдегі қоғамның даму жағдайы бала тұлғасының әлеуметтенуі
балалар іс-әрекеттерінің ерекше ұйымдастырылған, әлеуметтік тұрғыдан
тәуелді, қоғамдық және тұлғалық маңызға ие болатын баланың өзін-өзі
анықтауға, ұсынуға бағытталған әлеуметтік-педагогикалық құбылыстармен
түсіндіріледі.
Жалпы, Жетім балаларды әлеуметтендіру сөзінің мағынасын
Қазақстандағы балалар үйі мен ондағы жетім балаларды әлеуметтендірудің жай-
күйін сараптау арқылы түсіндіруге болады. Қоғамнан ауқымды орын алып
отырған ең өзекті мәселелердің бірі – жетім балалар мәселесі. Олардың
өмірге даярлық процесі тар шеңберде өтетіндіктен, бұл балалардың
әлеуметтенуі де өзіндік ерекшелікке ие. “Жетім” ұғымының анықтамасына
келетін болсақ, бұл да бір тарихи сипатқа ие термин (Сурет 1).
Қазақстан Республикасында (ҚР) жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған
балаларды кәмелетке толғанша мемлекет тікелей қамқорлығына алады, сондай-ақ
кәмелетке жеткеннен кейін де олардың жоғары оқу орындарына қабылдануына,
жұмысқа орналасуына, баспанамен қамтамасыз етілуіне заңдарда белгіленген
негіздерде түрлі жеңілдіктер көрсетіледі.
Жетім ұғымымен қатар кейінгі кезде Әлеуметтік жетім ұғымы қолданыста бар.
“Әлеуметтік жетімдер” дегеніміз белгілі бір себептерге байланысты ата-
аналары құқығынан айырылғандардың балалары және тастанды балалар.
Әлеуметтік жетімдер балалардың ерекше категориясы. Олардың рухани және
адамгершілік құндылықтары, тәртіп мәдениеті туралы түсініктері теріс,
себебі
Сурет 1 - Х-ХХІ ғасыр аралығындағы жетім ұғымының анықтамасы
олар толық жанұялық тәрбие көрмеген. Оларға тән қасиеттер: агрессия,
алаңдаушылық, мінездегі жат қылықтар. Аталып отырған мәселе қоғамда кеңінен
орын алуда, сондықтан да одан сырт айналу қажет емес. Бұл мәселе жөнінде
мемлекет тарапынан атқарылып жатқан іс-шараларды жүздеген мектеп-
интернаттардың, балалар үйі мен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған
мекемелердің және т.б. ұйымдардың жұмысынан байқай аламыз. Жетім балалар
мәселесіне байланысты қабылдаған бірқатар норматив-тік құжаттарда ата-ана
қамқорлығынсыз қалған балалардың уақытша, түпкілікті отбасында
тәрбиеленулері, рухани-адамгершілік, еңбек тұрғысынан жан-жақты дамуы,
білім алуы және әлеуметтік жағынан қамтамасыз етілуі қадағаланады.
ҚР интернаттық білім беруді ұйымдастыру тәртібі туралы
ережесінде интернаттық ұйымдар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған, жетім,
панасыз балалар мәселесі көтерілген. Атап айтқанда онда Интернаттық
ұйымдар – белгілі бір категориядағы азаматтарға тұратын орын беріп, білім
алу құқығына мемлекеттік кепілдікті қамтамасыз ететін орта, білім беру
жүйесінің мекемелері – деп анықтама беріледі. Бұл интернаттардың қазіргі
кезде бес түрі бар: жалпы типті мектеп-интернат, яғни ол ата-аналардың
қамқорлығынсыз қалған және жетім балалардың, көп балалы және тұрмысы төмен
отбасылары, жалғыз басты аналар (әкелер) мен денсаулық жағдайы, еңбегі,
өмір жағдайына байланысты қоғамдық тәрбиені қажет ететін ата-аналарының
(олардың орнын ауыстырушылар) балаларына тұратын орын беріп, білім алу
құқығына мемлекеттік кепілдікті қамтамасыз ететін орта, білім беру
жүйесінің мекемесі; санаториялық типтегі мектеп-интернаттар, мұнда
денсаулықтарына байланысты атап айтқанда, туберкулез-өкпе ауруына душар
болған балалардың емделуі, оқуы, тәрбиесі қамтамасыз етіледі; девиантты
мінез-құлықты балаларға арналған мектеп-интернаттар, сот пен кәмелетке
толмағандардың құқықтарын қорғау жөнінде комиссияның шешімімен балалар мен
жасөспірімдерді әлеуметтік оңалту; жалпы білім беретін мектеп жанындағы
интернат; жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға
арналған ұйымдар – білім мен тәрбие алуда отбасы жағдайына жуықтайтын
қолайлы жағдай жасап, мамандық таңдауға көмек көрсететін және оларды өз
бетінше өмір сүруге дайындауды қамтамасыз ететін білім беру мекемелері.
Статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ, соңғы жылдары ата-ана
қамқорлығынсыз қалған балалар саны қарқынды өсуде, әсіресе әлеуметтік
жетімдер саны көбейіп келеді. Жетімдер үйіндегі балалардың 95%-ы әлеуметтік
жетімдерді құрайды. Бұл мекемелерде балаларға бірдей талап қойылып,
нәтижелері де бірдей болуы көзделуімен, әрқилы көрсеткіштерге ие. Сонымен
қатар, көбіне белгілі бір жасқа дейін сол мекемелер көлемінде ғана қарым-
қатынасқа түсетіндіктерінен қоғаммен бетпе-бет тікелей келгенде көпшілігі
тығырыққа тіреледі. Олардың әлеуметтенулері де осы тұрғысынан ерекше-
ленеді.
Қазіргідей елімізде экономикалық жағдай жақсарып, елдің тұрмысы түзеле
бастаған тұста бала мен отбасылық мүдделер ескеріліп, интернат типтес
балалар үйлерінен басқа да қамқорлықтың баламалы түрлері көбейе бастады.
Мысалы, патронаттық тәрбие. Патронат - ата-анасыз қалған баланы өз отбасына
аламын деген адам мен мемлекеттік ұйым арасындағы келісім-шарт арқылы
жүзеге асырылатын тәрбие формасы. Содан кейін патронаттық келісім-шарттарға
көрсетілген уақыт бойында баланы патронаттық ата-анасы тәрбиелейді.
Патронаттық тәрбие - балалар үйіндегі жетім балаларды әлеуметтендірудің
және оларға отбасы жағдайында тәрбие берудің бірден-бір көзі.
“Әлеуметтендіру” ұғымы алғашқы рет өткен ғасырдың орта шенінде
американдық психология мектебі өкілдерінің еңбектерінде қолданыла бастады.
Сондықтан да болар бұл ұғымды ғылымға ендірушілердің алдыңғы санатында
американдық психолог ғалымдар А.Бондураның, Д.Доллэрдтің, Дж.Кольман-ның,
А.Парктің, В.Уолтерстің және басқалардың аттары атала бастады. Жетім
балаларды әлеуметтендіруді біз арнайы схема арқылы талдап көрсетуімізге
болады (Сурет 2).
Әлеуметтену – (латын сөзінен шыққан socialis - қоғамдық) тұлғаның
қалыптасу үрдісі, индивидтің тілді меңгеруі, әлеуметтік құндылықтар,
тәжірибе
және т.б. Э.Дюркгейм әлеуметтену процесін қарастырып, оның белсенді
бастамасы қоғамға тән, сол себепті ол әлеуметтену субъектісі болады деген.
Сондықтан қоғам адамды өз үлгісіне салып қалыптастыруға талпынады.
Т.Парсонстың ойынша, әлеуметтену бала дүниеге келген қоғам мәдениетіне
қатысты болса, ролдерді қанағаттандырушы қызмет үшін бағыт-бағдар
реквизитін игеру қажет. Әлеуметтенуде, дейді Э.В.Ильенков тәрбиемен қатар
алдын-ала әдейі дайындықсыз, өздігінен туындаған ықпал арқылы адамның
қоғамның толыққанды, толық құқылы мүшесі болуы байқалады.
Сонымен, әлеуметтену: индивидтің әлеуметтік топқа, қоғам өміріне
араласуы; адамның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі; әлеуметтік доктринаға сай
адамдардың әлеуметтік рөлдерді атқаруы және т.б. Осы анықтамаларға сүйене
отырып, біз өзіміздің жетім балаларды әлеуметтендіру анықтамамызды ұсындық.
Жетім балаларды әлеуметтендіру дегеніміз олардың әлеуметтік қасиеттерді,
тәжірибені меңгеру барысында өздері әлеуметтік тәжірибеге ене отырып,
өзіндік жеке өмірде әрекет етуге бағытталған көпқырлы күрделі үдеріс.
Әлеуметтендіру ұғымы көбінесе әлеуметтенудің негізгі механизмдері арқылы да
түсіндіріледі.
Атап айтқанда, психологиялық және әлеуметтік-психологиялық механизмдер
(импринтинг, еліктеу, экзистенциалды қысым көрсету, идентификация,
рефлекция), әлеуметтенудің әлеуметтік-педагогикалық механизмдері
(әлеуметтенудің дәстүрлі механизмі, әлеуметтенудің институционалды
механизмі, әлеуметтенудің стильді механизмі, әлеуметтенудің тұлға аралық
механизмі) (Сурет 3).
Әлеуметтену процесін төртке бөліп қарастыруға болады: адамның
стихиялық әлеуметтенуі; тікелей әлеуметтену; әлеуметтенудің әлеуметтік
бақылауы адамдардың өзін-өзі өзгертуі.
Осы механизмдер мен процестер әлеуметтік-педагогикалық жұмыстар жүйесі
бола отырып, тікелей әлеуметтік педагогтың қызметімен айқындалады.
Әлеуметтік-педагогикалық қызмет – баланың, жасөспірімнің отбасында,
мектепте, қоғамда т.б. орталармен қалыпты қарым-қатынасқа түсуі үшін, өзін-
өзі ұйымдастыра білуі. Ал әлеуметтік педагог болса, төмендегідей негізгі
бағыттарда жұмыс жасауы қажет: диагностикалық қызметі; өз құзырлығы шеңбері
бойынша көмекті қажет ететін балаларды әлеуметтік қорғау; кәмелетке
толмағандардың, кәмелет жасындағы, тәрбиешілердің құқықтық тәрбиесін
ұйымдастыру; Ерекше назардағы балалар мен Ерекше назардағы тәрбие
субъектілерімен жұмыс; тәрбиешілер, медициналық қызметкерлері, басқа да
қызметкерлермен, балалар комитетімен, құқық бұзушылықтың алдын алу
кеңесімен, балалардың өзін-өзі басқару органымен, құқықтық оперативті
топпен, кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссиямен,
қоғамдық ұйымдармен өзара қарым-қатынасты үйлестіру.
Әрбір бала өзінің ерік-жігеріне және бітіміне қарай өзіндік
адамгершілік-имандылық іс-әрекеттерімен танылады. Ол қоғамның бір мүшесі
бола отырып, жеке қарым-қатынастан, өз ұстаздарының айтқан ережелеріне
сүйенеді, сонымен бірге, өздеріне ұнаған тәжірибелерді мұра етіп ала
отырып, сол
негізде өзінің жеке басын қалыптастырады. Тәжірибені талдай келе біз жетім
балалар үйлері, ауылдары, интернаттарда әлеуметтік-педагогикалық қызметтің
маңызды екендігі анықталды. Бұл қызметте жетім балалардың әлеуметтенуі
арнайы тапсырыстар арқылы іске асырылады. Тапсырыс берілген соң оның
мақсаты, міндеттері, мазмұны айқындалады. Арнайы бағдарламалар
құрастырылады. Одан кейін түрлері, әдістері мен құралдары таңдалып алынып,
белгілі кезеңдер арқылы жүргізіледі. Дегенмен, жетім балаларды
әлеуметтендіру іс-әрекеттерін жүргізуден бұрын олардың мінез-құлқындағы
психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерді талдау әрбір орындалатын
жұмыстың оң нәтижесін береді.
Осылайша, зерттеу жұмысының бірінші бөлімінде жетім балаларды
әлеуметтендірудің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерінде де тоқталып,
мұндай балаларды тұлғалық қалыптастырудың әлеуметтік-педагогикалық
негіздері анықталды.
Ал, енді жұмыстың екінші бөлімінде жетім балаларды тұлғалық
әлеуметтендіруге байланысты біз ұсынған педагогикалық шарттар сипатталып,
әдістер ұсынылып нәтижесі эксперименттер арқылы тексерілді.
Жетім балаларды жан-жақты әлеуметтендірудің негізгі мақсаты етіп енді
ғана қалыптасып келе жатқан мемлекеттік құрылыстың демократиялық прин-
циптеріне берілген, білімді меңгерген, келер ғасыр талабына жауап бере
алатын, жоғары рухани ұлттық сезімі оянған, өз бетімен ғылыми тұрғыдан
ойлауға қабілетті, адам құқығын құрметтеудің маңызын түсінетін, өздігінен
денсаулығын нығайтуға, эстетикалық талғамын қалыптастыруға, әрдайым
әлеуметтік белсенділік танытуға дайын, нарықтық қатынастар жағдайындағы әр
қилы өмірде өз бетімен іс істеуге мүмкіндігі мол интеллекті, мақсат-мұраты
және мүдделері, адамгершілік пен мінез-құлық мәдениеті толық жетілген
дүниеге берік көзқарастағы өзін де, өзгені де құрметтейтін, өзіне-өзі
сенімді жеке тұлға үлгісіндегі жаңа ұрпақты даярлау мақсаты қойылады.
Бұл міндеттің ойдағыдай іс-жүзіне асуы үшін, қажетті шарттар туындайды
және оны іске асыру қажет. Олар:
1. Жалпы білім беретін мектеп ұжымы, мұғалімдер мен тәрбиешілер жас
ұрпақты әлеуметтендіру мәселелеріне қатысты тәлім-тәрбиелік шараларды іс-
жүзіне асыру барысында жалпы мемлекеттік, жалпыұлттық мәні бар және белгілі
бір ұлтқа тән әлеуметтік қасиеттерді, сапаларды, рухани құндылықтарды және
мүдделерді меңгертудің үйлесімді сабақтастығының сақталу заңдылығын үнемі
басшылыққа алып отыруы шарт.
2. Жас ұрпақтың адамдық бітім-болмысының, қадір-қасиеттері мен
сапаларының жан-жақты және үйлесімді қалыптасып, дамуына ықпал ететін
әлеуметтік тәжірибенің озық үлгілерінің, рухани құндылықтар мен ой-
пікірлердің, идеялар мен мақсат-мұраттардың, мүдделер ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz