Заманауи мемлекетіндегі инвестициялардың ролі


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   


Бөлім I. Инвестициялардың теориялық аспектілері және экономикалық маңызы

  1. Инвестициялардың мәні, маңызы мен түрлері

1. 2. Капитал салымдарының тиімділігін бағалау көрсеткіштері

Бөлім II Қазақстан Республикасында инвестициялық салымдардың негізгі көрсеткіштерін талдау

2. 1 ҚР- сы инвестициялық саясатын жүзеге асыруда инвестициялық қордың маңызы

2. 2. Казақстан Республикасы экономикасының салаларына инвестициялық салымдардың тартылуын талдау.

2. 3. Қазақстан Республикасының перспективті салаларына инвестициялық ресурстарды тартуды талдау.

Бөлім III Қазақстан Республикасында инвестицияны басқару және жетілдіру жолдары

3. 1. Қазақстан экономикасына шетел инвестицияларын тартудың

жолдары мен бағыттары

3. 2Қазақстан Республикасында инвестицияларды мемлекеттік- құқықтық реттеу механизмі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер


Кіріспе

Ұлттық экономиканың тұрақты дамуы үшін ең маңызды шарттарының бірі инвестициялық қызметті жандандыру болып табылады. Ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ететін, инвестициялық жобаларды талдайтын, өндіріс көлемін ұлғайтуға мүмкіндік беретін шаруашылық кешенінің жұмыс жасауы инвестициясыз мүмкін емес.

Қазіргі таңдағы әлемдік экономикаға халықаралық еңбек бөлінісін және өндірістің дамуының негізгі заңдылықтарын обьективті түрде анықтайды. Жиынтық процесс көбінесе елге тартылады, ал әлемдік сауда ұлттық шаруашылықтың экономикалық өсуінің ең маңызды факторының біріне айналады. Сыртқы экономикалық байланыстың ерекше ролін ғаламданудың бірігу процесінде атқарады. Бүкіл әлем бойынша тауардың, адамның, капиталдың гиганттық ағымының қозғалысы және технологиямен, ақпаратпен қарқынды алмасуы «ғаламдану» терминімен жинақтап көрсетілген. Әлемдік экономикада бұл процесс елдер арасында экономикалық байланыстың дамуымен келген сауданың ырықтандыруымен, қазіргі ақпаратты телекоммуникациялық жүйелерінің құруымен, әлемдік техникалық стандарттар мен нормалар, 3 негізгі факторлармен анықталады: нарықтық механизмнің пайдасына мемлекеттік реттеуден ауытқу, бірігу процесіне енуде ұлттық шекараны жеңіп шығу және ақпараттық технологияны дамыту болып табылады.

Экономиканың қай саласы болсын қаржысыз дамымайды. Оны табу, толықтыру мүмкіндіктері түрліше қиындықтарға кездеседі. Ел экономикасын дамытуда ішкі қаржының маңызды екені белгілі, бірақ, ол жеткіліксіз болып отыр. Осыған байланысты шетел қаржыларын тарту басты мақсатқа айналуда. Алдағы уақыттарда шетелдік инвестицияларды тиімді пайдалану жолдары тұрақты іске айнала бастады. Шетелдік қаржыны алғашқы алған жылдары біздің борышымыз 1, 2 -1, 3 млрд. доллар болса, соңғы кезде ол 5, 8 млрд. долларға жетіп отыр. Жыл сайын шетел капиталын пайдаланғанымыз үшін салық өсе беретін болады. Оны уақытымен толық мөлшерде төлеу үшін еліміздің өндіріс орындары, шаруашылық салалары өз жұмыстарын жандандыруы керек.

Қазақстандағы саясат шетелдік инвестициялық капиталын көбірек тартуға бағытталған.

Инвестициялық саясатты дұрыс шешу, кәсіпорындардың дамуына жағдай жасау, республикамыздың халқын жұмысқа орналастырумен, олардың ахуалының жақсаруымен тығыз байланысты. Отандық өндірісті дамытуға керекті инвестиция табу - еңбекке орналасу дәрежесін көтереді, калаларда жұмысқа орналасуға мүмкіндік туады.

Дипломдық жұмыс кіріспе, қорытынды және үш бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлімде инвестиция түрлері мен маңыздылығы жан- жақты қарастырылады, екінші бөлімде мысалға алынып отырған кәсіпорын қызметіне, капиталды пайдалану жағдайына талдау жүргізіледі, үшінші бөлімде инвестицияның еліміздің әлеуметтік- экономикалық дамуына қосқан үлесі және оның элемдік шаруашылықта бөлінуі туралы қарастырылады.

Бөлім I. Инвестициялардың теориялық аспектілері және экономикалық маңызы

  1. Инвестициялардың мәні, маңызы мен түрлері

Инвестиция - Қазақстан экономикасының нарықтық экномикаға өтуі кезінде пайда болған жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлау жүйесінің шеңберінде “Жалпы капиталдық салымдар” деген түсінік қолданылатын, осы түсінік бойынша жаңа құрылыс пен қайта өңдеуге, шаруашылық жүргізіп отырған кәсіаорындардың кеңеюі мен техникалық қайта (өндірістік капиталдық салымдар), тұрғын үй мен тұрмыстық-мәдени құрылысқа (өндірістік емес капиталдық салынымдар) жұмсалынатын барлық қаржылық құралдар түсіндіріледі.

Инвестициялар деп - кәсіпкерлікке, ауыл шаруашылығына, құрылысқа және өндірістің басқа да саладағы шаруашылық субъектілерінің мүліктей, заттай, сондай-ақ ақша қаржаты түріндей, яғни капитал түрінде салынып, ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін, жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтады.

Инвестициялар ақша құралдары, мақсатты банктік салымдар, пайлар, акциялар және де басқа құнды қағаздар, технологиялар, машиналар, қондырғылар, лицензиялар, соның ішінде тауар белгісіне, пайда табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектісіне салынатын интеллектуалды құндылықтар, несиелер кез-келген мүлік немесе мүліктік құқықтар ретінде анықталады және осының бәрі - пайда табу мен әлеуметтік жақсы әсерлерге жету мақсатында. Осы тұрғыда инвестиция түсінігі нарықтық тәсілге жақын келеді.

Келтірілген анықтамалар нарықтық және жоспарлық жүйелерде инвестицияның мәнін түсінудегі айырмашылықты көрсетеді. Ресурстардың бөлінуі әкімшілік жүйесі жағдайында меншіктің бір түрімен жүзеге асатындықтан, инвестицияландырудың қаржылық және басқа түрлерінің бар екендігін отандық экономикалық ғылымдар қарастырды. Жоспарлық экономика жағдайына инвестициялар ағымдағы шығындардан тек бір уақыттық сипатымен ғана айырықшаланатан залал ретінде көрінеді.

Жалпы инвестициялардың жіктелуі:

Инвестициялар нақты инвестициялар және қаржы инвестициялары болып бөлінеді.

Нақты инвестициялар - капиталдың өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына, құрылысқа және т. б. салаларға жұмсалымы.

Қаржы инвестициялары - мемлекеттен, басқа да кәсіпорындардан, инвестициялық қорлардан бағалы қағаздар мен акцияларды сатып алуға бағытталған.

Сурет 1 Жалпы инвестициялардың жіктелуі

Бірінші жағдайда инвестор, өзінің өндірістік капиталының көлемін -өндірістік негізгі қорлар мен айналым қорларын ұлғайтады. Екінші жағдайда инвестор бағалы қағаздардан дивиденд алу арқылы өзінің қаржы капиталын ұлғайтады.

Сонымен қатар, инвестициялар тікелей және жанама болып бөлінеді.
Қазақстан Республикасындағы «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қорғау»
Заңы бойынша тікелей инвестицияларға - республиканың тәуелсіздік

кепілділігіне байланысты және арнайы техникалық көмек пен грантқа арналған инвестициялардан басқа барлық инвестиция түрлері жатады.

Жанама инвестициялар -қоржындағы инвестициялар, басқаша айтқанда құнды қағаздар мен мүліктік бағалы заттар. Инвестициялық қоржынға кіретін бағалы қағаздар олардың атқарымдық мақсатына қарй ірі банкілердің инвестициялық қоржынына жетекші рольге ие болып отырған меншікті инвестицияларға және қайталама өтімді резервтер дейтінге, яғни өтімді активтерге ең алдымен мемлекеттік міндеттемелерге бөлінеді.

Инвестицияның негізгі түрлері әрбір кәсіпорынның іс-әрекетінің маңызды бір бөлігі инвестициялық операциялар болып табылады, яғни жобаларды іске асырудағы жіберілген ақша қаражаттары жайлы операция.

Коммерциялық бағыттағы капитал салымдарының түрлері:

Сурет 2 Коммерциялық бағыттағы капитал салымдарының

жіктелуі

Ақша активтеріне -басқа да жеке және заңды тұлғалардан ақша қаражатын алуға болатын құқық жатады. Мысалы, банкте -депозиттер, облигациялар, акциялар несиелер, қарыздар, кепілдіктер т. б.

Материалдық емес активтерге -кәсіпорындардың жұмысшыларының қайта жеке оқыту жэне біліктіліктерін жоғарылату арқылы, сауда белгілерін жасау тапқыштық патенттер мен лицензия алу, сонымен қатар жерді қолдануға құқық алу арқылы алынған құндылықтар жатады.

Нақты активтерге байланысты инвестициялар мынадай топтарға бөлінеді:

Тиімділікті арттыруға бағытталған инвестициялар :

Олардың негізгі мақсаты -жабдықтарды ауыстыру, персоналды оқыту және өндіріс қуаттарын өндірістің тиімді жағдайы бар аймақтарға қарай ауыстыру арқылы кәсіпорынның шығындарын азайтуға жағдай жасау.

Өндірісті кеңейтуге бағытталған инвестициялар : Негізгі мақсаты -өндіріс орындарының нарыққа тауар шығару қабілеттілігін кеңейту. Жаңа өндіріс орындарын ашуға бағытталған инвестициялар. Жаңа өнімдер, тауарлар шығара алатын жаңа кәсіпорындар салуға бағытталады. Мемлекеттік басқару ұйымдарының талаптарын орындауға бағытталған инвестициялар : Бұл инвестициялар кәсіпорындардың, мемлекеттік ұйымдардың экологилық стандарттар, өнімнің қауіпсіздігі және басқа да жағдайларға байланысты талаптарын орындауға мәжбүр болған жағдайында қолданылады.

Инвестициялардың бұл сыныптамасы тәуекелшілдік деңгейімен байланысты. Инвестициялардың түрлері мен тәуекелшілдік деңгейі төменгі кестеде көрсетілген.

Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық іс-әрекетінің маңызды бір бөлігі өзінің өндірістік-экономикалық потенциялын сақтау және ары қарай дамыту. Кәсіпорынның бұл саладағы іс-әрекеті - инвестициялық іс әрекет деп аталады. Қаіақстан Республикасының «Нақты инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» Заңы бойынша инвестициялық іс-әрекетке инвестицияларды атқаруға байланысты кәсіпкершілік іс-әрекет жатады.

Инвестициялық іс-әрекеттердің субъектілеріне инвесторлар (инвестициялық іс-әрекетті жүргізетін жеке және заңды тұлғалар), тапсырыс берушілер, жұмысты орындаушылар, инвестициялық іс-әрекеттің объектілерін қолданушылар, жеткізушілер, заңды тұлғалар (банктер, қамсыздандыру ұйымдары, инвестициялық қорлар) және басқа да инвестициялық процестің қатысушылары жатады. Тапсырыс берушілерге - инвесторлар және басқа да инвестициялық жобаны іске асырушы жеке және заңды тұлғалар жатады.

Қазақстан Республикасында кәсіпорындардың инвестициялық іс-әрекеттері «Нақты инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы», Қазақстан Республикасы президентінің заң күші бар «Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Шетел инвестициялары туралы» Заңдармен, тағы басқа да нормативтік актілермен реттеледі.

Жоспарланған, іске асырылған инвестициялар инвестициялық жобалар формасын қабылдайды. Инвестициялық жоба - капиталдарын ұлғайту мақсатымен экономиканың әртүрлі салалары мен сфераларына құюға бағытталған, жоспарланған және орындалатын шаралар жиынтығы.

Инвестиция деңгейі қоғамның ұлттық табысының көлеміне ықпал етеді, ұлттық экономиканың көптеген макро-пропорциялары инвестиция қозғалысына тәуелді. Кейнсияндық теория бойынша инвестиция мен жинақ ахуалы (яғни көзі немесе инвестиция резервуары) әр түрлі процестер мен жағдайлар арқылы анықталады.

Ел аумағындағы инвестициялар (күрделі қаржы) ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесін анықтайды. Жаңа кәсіпорындар құрылысы, үй тұрғызу, жол салу, осыларға байланысты жаңа жұмыс орнын жасау инвестициялық процестерге немесе капиталдың құрылуына тәуелді.

Инвестиция көзі - жинақ. Мәселе мынада, жинақты бір шаруашылық агенті жүргізіп, ал инвестицияны басқа адамдар немесе шаруашылық етуші субъектілер жүргізуі мүмкін.

Инвестиция мынадай факторларға тәуелді маңыздылары:

Біріншіден, инвестиция процесі күтіліп отырған пайда нормасына немесе күрделі қаржылық рентабельділігіне тәуелді. Егер инвестордың пікірінше рентабелділік төмен болса, онда қаржыландыру жүзеге аспайды. Екіншіден (мұның өзі бірінші жағдаймен байланысты) инвестор шешім қабылдау кезінде күрделі қаржының альтернативті мүмкіндіктерін есепке алады және мұндағы шешуші фактор процент ставкасының деңгейі болады. Инвестор ақшасын жаңа зауыт, фабрика құрылысына жұмсауы мүмкін, немесе ақша ресурстарын банкке орналастыруы да ықтимал. Егер процент нормасы күтіліп отырған пайда нормасынан жоғары болса, инвестиция жүзеге аспайды, керісінше, егер процент нормасы күтіліп отырған пайда нормасынан төмен болса, кәсіпкерлер күрделі қаржыны іске қосады.

Үшіншіден, инвестиция сол елдегі немесе аймақтағы салық салудың деңгейі мен ахуалына тәуелді. Салық деңгейінің жоғары болуы инвестицияны ынталандырмайды, сонымен қатар салықтың қандай ставкасы жоғары немесе төмен деп үзілді-кесілді айтуға да болмайды.

Кәсіпорынның өндірістік -шаруашылық іс -әрекетінің маңызды бір бөлігі
өзінің өндірістік -экономикалық потенциалын сақтау және әрі қарай дамыту.
Кәсіпорынның бұл саладағы іс -әрекеті -инвестициялық іс-әрекет деп
аталады. Қазақстан Республикасының «Нақты инвестицияларды мемлекеттік
қолдау туралы заңы бойынша инвестициялық іс -әрекетке инвестицияларды атқаруға байланысты кәсіпкершілік іс -әрекет жатады.

Инвестициялық процестің қатысушылары:

Сурет 3 Инвестициялық процестің қатысушыларының жіктелуі

Инвестициялық іс -әркеттердің субъектілеріне инвесторлар, тапсырыс берушілер, жұмысты орындаушылар, инвестициялық іс -әрекеттің объектілерін қолданушылар, сонымен бірге жеткізушілер, заңды тұлғалар және басқа да инвестициялық процестің қатысушылары жатады.

Кесте 1

Инвестиция түрлерін тәуекелшілдік деңгейіне байланысты жіктеу

3-ТҮРІ:

3-ТҮРІ

2-ТҮРІ:

2-ТҮРІ

1-ТҮРІ:

1-ТҮРІ

4-ТҮРІ:

4-ТҮРІ

3-ТҮРІ:

Жаңа өндірістерді

2-ТҮРІ:

Өндірісті

1-ТҮРІ:

Тиімділікті

4-ТҮРІ: Мемлекеттік
3-ТҮРІ:

салуға

2-ТҮРІ: кеңейтуге
1-ТҮРІ:

арттыруға

4-ТҮРІ: ұйымдардың
3-ТҮРІ:

инвестициялар

2-ТҮРІ: инвестициялар
1-ТҮРІ: инвестициялар
4-ТҮРІ: талаптарын
3-ТҮРІ:
2-ТҮРІ:
1-ТҮРІ:
4-ТҮРІ:

орындауға бағытталған

3-ТҮРІ:
2-ТҮРІ:
1-ТҮРІ:
4-ТҮРІ: инвестициялар
3-ТҮРІ:

Тәуекелшілдіктің

2-ТҮРІ: жоғарғы деңгейі
1-ТҮРІ:

Тәуекелшілдіктің төменгі деңгейі

Тапсырыс берушілерге -инвесторлар және басқа да инвестициялық жобаны іске асырушы жеке және заңды тұлғалар жатады.

Қазақстан Республикасында кәсіпорындардың инвестициялық іс -әрекеттері «Нақты инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы», Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар «Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Салықтар және бюджетке міндетті түрдегі төлемдер туралы» Заңдармен, тағы басқа да нормативтік актілермен реттеледі.

Жоспарланған, іске асырылған инвестициялар инвестициялық жобалар формасын қабылдайды. Инвестициялық жоба -капиталдары ұлғайту мақсатымен экономиканың әртүрлі салалары мен сфераларына қүюға бағытталған, жоспарланған және орындалатын шаралар жиынтығы.

Инвестициялық жобаларды құру және іске асыру мынадай кезеңдерден түрады:

  • Инвестициялық ұғымды қалыптастыру;
  • Инвестициялық мүмкіншіліктерді зерттеу;
  • Жобаны техникалық -экономикалық негіздеу;
  • Жер учаскесін алу немесе жалға алу;
  • Келісім құжаттарын дайындау;
  • Құрылыс -монтаж жұмыстарын жүргізу;
  • Объектіні қолдану, экономикалық көрсеткіштердің мониторингі.

Қандай да болмасын инвестициялық жобаны іске асыруда, соңғы нәтижелерге жетуде белгісіздік және тәуекелшілдік кездеседі. Олар жобаны іске асыру жағдайларына берілген бастапқы берілімдердің, соның ішінде шығындар мен нәтижелердің көлемдері жайлы ақпараттарды толық еместігіне, жобаны іске асыру жолында болған жоспарланбаған жағдайларға байланысты және т. б. Инвестициялық жобаларды іске қосудағы белгісіздік пен тәуекелшілдіктің түрлері мен себептері:

  • экономикалық заңдылықтар мен экономикалық , пайданы қолданудың тұрақсыздығынанпайда болған тәуекелшілдік;
  • стихиялық жағдайлардың мүмкіндігі;
  • Елдегі саяси жағдайдың белгісіздігі;
  • баға динамикасы техника жэне технология параметрлеріжайлы ақпараттың толық еместігі;
  • әр түрлі сауда операциялары мен жеткізушіліктерге тиым салумүмкіндігінен, шекараның жабылу мүмкіндігінен туған сырткыэкономикалық тәуекелшілдік;
  • нарық конъюнктурасы, валюта курсының, несие беружағдайларының ауытқуы;

♦ қатысушы кәсіпорындардың қаржы жағдайлары және іс репутациялар жайлы ақпараттың жеткіліксіздігі.

Инвестициялық жобаларды іске асыруда болатын белгісіздік жағайлары мен тәуекелшілдік аяқ астынан болатын құбылыстар. Инвестициялық жобаға қатысушылардың инвестицияға тәуекелшілдіктің әсер етуін тоқтататын екі жолы бар: әр түрлі тәуекелшілдіктерден қамсыздандыру, тәуекелшілдікті бақылау мүмкіндіктерін анықтау. Жобаны іске асыру барысында, шаруашылық жағдайларында, экономикалық заңдылықтарда толассыз өзгерістер болып тұрады. Сондықтан да инвестициялық жобаны іске асыру схемасында осындай өзгерістерді инвестициялық жобаны орындау жағдайындағы ақпаратты қадағалап отыруды көрсету қажет.

Инвестиция тиімділігін арттырудың басты құралы техникалық прогресс болып табылады. Жаңа техниканы ендіру оны экономикалық тиімділігн анықтау қажеттілігін қарастырады және оның пайдалы тиімділігінің ескісімен салыстырғанда мына көрсеткіштермен айқындалмақ; машина станоктың қуаты мен өнімділігі, ондағы деталдары дәл өңдеу және т. б. Сондай -ақ, пайдалы тиімділігінің басты элементі еңбек қауіпсіздігі, қызмет жасаудың ыңайылығы, еңбек тиімділігін арттыру және оны жеңілдету болып табылады.

Кәсіпорын тәжірибесінде жаңа техниканы таңдау мүмкіндігі жоғарыда көрсетілген көрсеткіштермен ғана шектелмейді, онда өндірілген өнімнің бағасы өзіндік құны бойынша да жағдайлар ескеріледі. Инвестициялык ахуал капитал салымының тәуекелдік дәрежесін анықтайтын және оны тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін саяси экономикалық, әлеуметтік және басқа да факторлар жиынтығы. Ең бастысы шетел иевестициялары үшін тартымды инвестициялық ахуал туғызу үшін, тұрақты және болашағы бар шетел инвесторларын табу және оның капиталын басымдылықты салалар, өндірістер, қызмет түрлеріне бағыттау қажет.

Қазақстан экономикасы үшін жақын арадағы он жыл мерзімге шетел инвестициясына деген сұранысты негіздеу, шетел инвесторлары үшін инвестициялық қауіпті азайту, олардың құқығын қорғау және инвестициялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тікелей және портфельдік инвестиция келу ушін ынталандыру, оларды пайдаланудың құқықтық негізін жасау керек. Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан экономикасына шетел инвестициясының тек қана тікелей, портфельдік инвестиция, несие және үкімет заемі түрінде келу көлемі 10 млрд доллардан асты. Жарияланған деректер бойынша инвестиция қүрылымының 49 пайызын -тікелей шетелдік тікелей инвестиция, 1 пайызын портфельдік, 28 пайызын несиелер, 22 пайызын халықаралык қаржы ұйымдарының заемы құрады. Тікелей инвестицияньщ 60 пайызы, мұнай өңдеуге, 5 пайызы газ саласына, 10 пайызы түсі металлургияға салынды.

1. 2. Капитал салымдарының тиімділігін бағалау көрсеткіштері

Инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтау және бағалауды, материалдық және заңды түрде тікелей жауап беретен инвесторлар жүргізеді. Қазақстан Республикасында инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтаудың методологиясы мен әдістері, меншік формасына қарамастан, жасалынған және 31 март 1994 жылы бекітілген, инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтау және оларды қаржыландыруға таңдап алу жайлы Методикалық нұсқауларды қолдану арқылы негізделеді.

Осы Методикалық нұсқауларға байланысты инвестициялық жобалардың экономикалық тиімділігін бағалауда: коммерциялық (қаржылық) тиімділік - қатысушылар үшін жобаны іске асырудың қаржылық нәтижелерін; бюджеттік тиімділік - жобаны іске асырудан түскен қаржылық түсімдердің жергілікті және аймақтық бюджетке түсімдерін; экономикалық тиімділік - жобаны іске асыруға байланысты долған шығындар мен соңғы нәтижелерді анықтауда қолданылады.

Инвестициялық жобалардың тиімділігі көрсеткіштер жүйесімен анықталады. Ондай көрсеткіштерге:

  • таза дисконтталған құн (ТДҚ) немесе таза дисконтталған табыс (ТДТ) ;
  • инвестициялардың рентабельділігі (ИР), табыс индексі (ТИ) ;
  • табыстың ішкі нормасы (ТІН) ;
  • қайтарым уақыты (Тқай) .

Осы көрсеткіштермен - пайданың жай нормасы, капитал беру, шығындардың интегралдық тиімділігі көрсеткіштері де қолданылады. Инвестицияланған капиталдың айналымдылық коэффициенті кәсіпорынның өзінің дамуына салған инвестицияны қоса есептегенде, оның ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді инвестицияларының айналымжылдамдығын көрсетеді. Алымында - сатудан түскен табыс, бөлімінде - кезеңдегі инвестицияланған капиталдың орташа шамасы:

К О И. К = Д N / Д И + К И

Мұнда: Д И - және К И - сәйкес ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді инвестициялар.

Инвестициялық жобаның коммерциялық (қаржылық) тиімділігі табыс нормасын қаржы шығындарымен толтыратын нәтижелердің арақатынасымен анықталады және жоба бойынша толық түрде немесе жобаны инвестициялау үлесіне байланыста жеке қатысушылар үшін де есептелінеді.

Инвестициялық жобаның коммерциялық тиімділігін есептегенде инвестордың - инвестициялық, операциялық, қаржылық іс-әрекеті қаралып, есепке алынады. Мұнда нақты ақшалардың ағыны мен сальдосы анықталып, талданады.

Нақты ақшалардың ағыны - инвестициялық жобаны орындау барысындағы, инвестициялық және операциялық іс-әрекеттен болған, ақша қаражатының құйылымымен шығысының арасындағы айырма. Нақты ақшалардың сальдосы (қалдығы) - инвестициялық жобаны іске асыру уақытындағы, барлық үш бірдей (инвестициялық, операциялық, қаржылық) іс-әрекеттен болған ақша қаражаттарының құйылуы мен шығуының арасындағы айырма. Инвестициялық жобаны қабылдаудың қажетті критерийі ретінде нақты ақшалардың жағымды сальдосы (қалдығы) есептеледі. Ал егер сальдо (қалдық) - жағымсыз болған жағдайда инвесторлар өз қаражаттарынан қосымша қаражат бөлуі, не болмаса қарызға қаражат алуы тиесілі.

Инвестициялық жобаның коммерциялық тиімділігін қосымша бағалау үшін, қарызды толық өтеу уақыты және инвестицияның жалпы көлеміндегі инвестициялық жобаға қатысушылардың үлесі есептелінеді.

Қарызды толық өтеу уақыты, инвестициялық жобаны іске асыруда несие және қарызға алған қаражаттар болған жағдайда ғана анықталады.

Инвестийиялық жобалардың коммерциялық тиімділігіне әсер ететіндер:

  • жалпы инфляция - экономикадағы өндіріс ресурстарына (шикізат, капитал, қызмет, еңбек т. б. ) және шығарылатын өнімге бағаның жалпы деңгейінің өсуі;
  • инфляцияның әртектес болуы (яғни оның әртүрлі көлемі) - өнім түрлері және өндіріс ресурстары бойынша;
  • инфляция деңгейінің шетел валютасы курсынан жоғары болуы.

Бюджеттік тиімділіктің көрсеткіштері - жобаны іске асырудың нәтижелерінің жергілікті және аймақтық бюджеттің кірісі мен шығысына әсерін анықтайды.

Бюджеттік тиімділіктің негізгі көрсеткіші болып - бюджеттік әсер (эффект) есептелінеді.

Интегралдық бюджеттік әсер - жылдық дисконтталған бюджеттік әсерлердің қосындысы түрінде есептелінеді немесе бюджеттің интегралдық шығыстарынан асып түсуі түрінде қарастырылады.

Бюджеттің шығыстарының құрамына кіретіндер:

  • жобаны бюджеттік қаражаттандыруға тікелей бөлінген қаражаттар;
  • ұлттық, аймақтық және басқа да банкілердің жобаны іске асыруға жеке қатысушыларға берген несиесі. Олар беріледі де, бюджет арқылы жабылады;
  • отын мен энергия тасымалдаушылардың нарықтық бағасына қосымша бөлінген тікелей бюджеттік асситновациялар;
  • жобаны іске асыру барысында жұмыссыз қалған адамдарға жәрдемақылар төлеу;
  • мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша төлемдер;
  • шетелдік және өз еліміздің қатысушыларына, инвестициялық тәуекелшілдіктен мемлекеттік, аймақтық кепілділік;
  • жобаны іске асыру барысында туындауы мүмкін қатерлердің әсерлерін кетіруге бюджеттен бөлінген қаражаттар.

Бюджеттің кірістерінің құрамына кіретіндер:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Несие жүйесі туралы түсінік
Саяси және мемлекеттік тәртіптер
Аймақтық өндірістік аөк инфрақұрылымының құрылуымен қалыптасуының теориялық және әдістемелік негізі
Қазақстан Республикасындағы ойын-сауық индустриясының заманауи жағдайы
Қоғамтану пәнін оқыту әдістері
Қазіргі экономикалық жағдайда ҚР бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы шетелдік инвестициялардың рөлі
Инвестициялар және олардың экономикадағы маңызы
Қазақстанның туристік кластерінің дамуын қозғалтқан инвестициялық жобалар
Туризм менеджменті
Қазақ халқының этникалық даралығын нығайту бойынша жасалған шаралардың тиімділігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz