Кәсіпорынның негізгі капиталының пайдалануын талдау


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   

Дипломдық жұмыс

Тақырыбы: Кәсіпорынның негізгі капиталының пайдалануын талдау.


Мазмұны:

Кіріспе

Бөлім 1. Кәсіпорынның негізгі қорларының амортизациялық саясаттың қалыптасуының теоретикалық негіздері

  1. Кәсіпорынның негізгі қорларының мазмұны және құрылымы

1. 2 Амортизациялық саясаттың мәні және элементтері

1. 3. Амортизациялық саясатты таңдаудың мәні және міндеттері

Бөлім 2. «Ақтаугазсервис» Акционерлік қоғамының негізгі өндірістік қорларының пайдалануын талдау.

2. 1 . «Ақтаугазсервис» АҚ - ның негізгі өндірістік қорларымен қамтамасыз етілуін және қолданылуын талдау . . . 2. 2. «Ақтаугазсервис» АҚ-ның н егізгі қорларын қолдану қарқындылығын және тиімділігін талдау . . .

2. 3. Зерттелетін ұйым үшін амортизацияны есептеудің оңтайлы әдісін таңдау

Бөлім 3. «Ақтаугазсервис» АҚ - ның амортизациялық саясатының тиімділігін талдау

3. 1. Негізгі қорларды тиімді пайдалануды көтеру резервтері

3. 2. «Ақтаугазсервис» АҚ - ның 2006-2008 жылдарға арналған негізгі қорларын тиімді пайдалану жолдарын жоғарылату жоспары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


Кіріспе

Нарықтық қатынастарға өтумен байланысты әрбір қоғам даму жолдарын таңдау алдында тұрады. Нарықтық экономикада шынайы экономикалық процестердің қиындығы, олардың қайшылығы және біртекті еместігі қоғамның прогрессивті тенденциялардың дамуына жауап беретін экономикалық саясаттың бағыттарын таңдау үшін айтарлықтай қиындықтар туғызады.

Қазіргі экономика - бұл бір-біріне қайшы келетін топтар қатынасы: нарықтық қатынастар жүйесі және барлық экономиканың саналы реттелуі.

Бұл мәселелерді шешу үшін кәсіпорынды тек қана техникалық потенциалмен қамтамасыз етіп қоймай, сонымен қатар оларды пайдаланудың тиімділігін көтеру қажет.

Өнім өндірісі және қызмет көрсету процесінде келесі экономикалық ресурстардың түрлері пайдаланылады: табиғи ресурстар (жер, сулы және тоғайлы, жер қойнауы) ; еңбек ресурстары (адамдар және олардың қызмет көрсету және тауарларды шығару мүмкіндігі) ; өндіріс қорлары (өндірістік ғимараттар, құрылыстар, станоктар, тасымал құралдары, материалдар, шикізат, энергия, запас бөлшектер және т. б. ), адамдардың кәсіпкерлік қабілеттілігі.

Өндірістің заттанған құралдары кәсіпорын капиталы деп аталады. Капитал өндіріс құралы ретінде өнімді шығаруға қатысатын, бірақ өндіріс процесінде олардың функциясы бойынша ажыратылатын еңбек құралдары және еңбек заттары болып бөлінеді.

Еңбек құралдары негізгі өндірістік қорлардың заттай мағынасын құрайды, яғни негізгі капиталды, ал еңбек заттары айналым капиталын құрайды.

Негізгі қорлар өндіріс сферасында республиканың ұлттық байлығының басты бөлігін құрайды. Олар республиканың, кәсіпорынның техникалық потенциалын анықтайды, олардың құрамының сапалығынан және жағдайынан өндіріс қарқының өсуі байланысты.

Негізгі қорлар деп өндіріс барысында ұзақ уақыт бойы (1 жылдан артық) пайданылатын өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығаратын өнімге, орындайтын жұмысқа, көрсетілетін қызметке, есептелетін амортизациялық аударым мөлшері ішінде біртіндеп ауысып отыратын еңбек құралдарын айтамыз.

Негізгі қорларға көзделген мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар, машиналар мен жабдықтар және кітапхана қорлары жатады.

Нарықтық жағдайда кәсіпорын меншік формасына байланыссыз өзінің меншігінің, амортизациясының, пайдасының, несиелерінің есебінен құрал-жабдықтарды алады, цехтар салады. Өндіріс тиімді болу үшін, сонымен қатар негізгі өндірістік қорларды құруға және сатып алуға жұмсалған қаражаттар бекерге жоғалтылмауы үшін негізгі қорлар толық және тиімді пайдалануы қажет. Кәсіпорын негізгі қорларын қалай пайдалануына қарай олардың пайдасы байланысты болады, демек кәсіпорынның ары қарай дамуы да осыған байланысты.

Осыдан дипломдық жұмыс тақырыбы ретінде «Кәсіпорынның негізгі капиталының пайдалануын талдау» таңдалады. Кәсіпорынның негізгі капиталын пайдалануды талдау және негізгі қорлар есебінің мәселесіне келесі экономист ғалымдардың Е. Е. Савицкая, Л. А. Виногоров, Г. В. Снитко және т. б. жұмыстары арналған, олардың еңбектері осы жұмыста тақырыпты ашу үшін пайдаланылған. Осы ғалымдармен негізгі қорлардың есебі және талдауы облысында теориялық және методологиялық сұрақтарға айтарлықтай еңбектер енгізген.

Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде «Нарықтық жағдайдағы негізгі қорлардың мәні және мағынасы» таңдалған тақырыптың теориялық негіздері беріледі, яғни негізгі қорларға сипаттама беріледі, кәсіпорынның техникалық потенциалы, негізгі қорлардың классификациясы, құрамы және құрылымы зерттеледі және қазіргі жағдайға негізгі қорлардың мағынасы және мақсаттары келтірілген. Негізгі қорлардың амортизациясы оның жәй-жәй қалпына келу процесі ретінде зерттеледі. Кәсіпорынның негізгі қорларының әр түрлі бағалануы қарастырылады.

Дипломдық жұмыстың екінші бөліміне талдау жасауда база ретінде «Asia cargo» ЖШС-денегізгі қорлары талдауға пайдаланылды. Талданып отырған кәсіпорын қызметін көрсету үшін екінші бөлімнің кәсіпорынның негізгі өндірістік қорларымен қамтамасыз етілуіне және қолданылуына талдау жүргізілді. Кәсіпорынның 3 жылдық мәліметтерін пайдаланып олардың абсолютті өзгеруін, көрсеткіштердің өсу қарқынын, оларды тиімді пайдалану жолдары және резервтерін анықтауға болады. Кәсіпорынның дамуына байланысты болатын оның техникалық потенциалын тереңірек зерттеу үшін, кәсіпорынның негізгі қор бойынша құрылымының бөлімшелерін, жалпылағыш және жеке көрсеткіштер бойынша олардың қолданылу деңгейін анықтау, олардың деңгейінің өзгеру себептерін белгілеу үшін, олардың пайдалануындағы әлсіз жақтарын шығару үшін, негізгі қорлардың қозғалысына, динамикасына, техникалық жағдайына талдау жүргізіледі. Негізгі қорлардың тиімді пайдалану көрсеткіштерінің талдауы, олардың ішінде негізгі қорлардың қор қайтарым және қор сыйымдылық көрсеткіштері бар. Олардың өзгеру себептері, оларды өзгертетін факторлар зерттеледі.

Дипломдық жұмыстың үшінші бөлімінде кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді пайдаланудың негізгі жолдары және бағыттары келтірілген. Оларды пайдаланудың талдауын және есебін жүргізуді жетілдіру жолдары ұсынылған. Кәсіпорынның негізгі қорларының активті бөлігін құрайтын және оларды тиімді пайдалануды арттыру кәсіпорынның экономикалық жағдайын жақсартуға және оның дамуына алып келетін, талданатын кәсіпорын үшін газ өндірісінің даму перспективалары және тенденциялары қарастырылады.

Дипломдық жұмыстың методологиялық негізі болып кәсіпорында негізгі қорлардың есебі және талдау сұрақтарын қамтитын нормативтік, заңдылық, арнаулы, кезеңдік әдебиеттер табылады. Осы дипломдық жұмысты жазуда Е. Е. Савицкая, Любушин, Мейірбеков А. Қ., Әлімбетов Қ. Ә. Кәсіпорын экономикасы, Жолдасбаева Г. Ө. Кәсіпорын экономикасы және т. б. әдебиеттер мен басылымдар басшылыққа алынды.


Бөлім 1. Кәсіпорынның негізгі қорларының амортизациялық саясаттың қалыптасуының теоретикалық негіздері

  1. Кәсіпорынның негізгі қорларының мазмұны және құрылымы

Кәсіпорынның негізгі белгісі - оның өз бетінше шаруашылықты жүргізу немесе белгілі бір мүлікті жедел басқару. Дәл осы кәсіпорынның материалдық-техникалық мүмкіндігін бақылауды, экономикалық дербестілігін және тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Анықталмаған мүлкінсіз үлкен немесе шағын кәсіпорындар, жеке кәсіпкерлер өз қызметін жүзеге асыры алмайды.

Негізгі қорлар - ұзақ кезең бойына қызмет ететін материалдық-заттай құндылықтардың жинтығы. Олар осы кезең бойында өндіріске қызмет көрсете отырып, өзінің табиғи-заттай нысанын сақтайды, сонымен бірге өз құнының бір бөлігін жаңадан өндірілген өнім мен көрсетелген қызметтерге көшіреді.

Өз кезегінде өндірістік қорлар қайта өндіруді кеңейту процесіне тигізетін үлесінде өндірістік және өндірістік емес негізгі қорларға бөлінеді.

Негізгі өндірістік қорлар өндірістің материалдық сферасын қалыптастырып, соның ішінде өндіріс процесіне бірнеше рет қатысатын, соның нәтижесінде баяу істен шығатын, бірақ олардың құны жаңадан пайда болған өнім құрамына қолданылуы шегіне қарай көшіріп отырады және де олар капиталдық салымдардың арқасында толығып отырады.

Негізгі өндірістік емес қорлар - кәсіпорынның балансы болып есептелінетін тұрғын үйлер, балаларға арналған және спорттық мекемелер және де басқа мәдени-техникалық қызмет көрсететін объектілер табылады. Негізгі өндірістік қорларға қарағанда негізгі өндірістік емес қорлар, өндіріс процесіне қатыспайды, сонымен бірге өзінің құнын басқа өнімге көшірмейді, немесе ол қалыптаспайды. Ал олардың құны қолдануда жоғалады, қайтарым қоры қалыптаспайды, соған орай ұлттық табыстың ңәтижесінде қайта өндіріледі.

Осыларға қарамастан негізгі өндірістік емес қорлар өндіріс көлеміне және еңбектің өндіргіштігінің көтерілуіне әсер етпейді, олардың күнделікті жоғарылауы кәсіпорындағы жұмысшылардың өмір сүруіндегі материалдық немесе мәдени деңгейінің жоғарылауы мен жалпы жағдайының жақсаруымен байланысты. Соңында бұлар кәсіпорынның қызметінің нәтижесіне әсер етеді.

Негізгі өндірістік қорлар - қоғамдық өндірістік материалды-техникалық базасы. Олардың көлемі кәсіпорынның өндіріс қуаттылығы, еңбектің техникалық қамтылу деңгейімен байланысты. Негізгі қорлардың жинақталуымен және еңбектің техникамен қамсыздануының жоғарылауы еңбек процесін жетілдіреді, оған творчестволық қасиет береді және қоғамның мәдени-техникалық деңгейін жоғарылатады.

Нарықтық экономика жағдайында негізгі қорлар -болашақтағы ең басты экономиканың өндіріс қарқындылығы жоғарылауының алғышарты. Негізгі қорлар құрамына маңызды бір бөлім енеді, ол - қоғамның материалдық ресурстары.

Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары - бұл еңбектегі ауқымды қаражаттар, олар экономиканың біріңғайлығына қарамастан, өзінің қызмет ету мерзімімен айырықшаланады. Осыдан белгілі бір топтар бойынша негізгі қорлардың қажеттілігі мен әртүрлі өндіріс саласындағы спецификаны ескеру қажеттілігі туындайды.

Кәсіпорындағы негізгі өндірістік қорлардың қолданылуының түрлері көрсетілген. Олар топтар бойынша былай бөлінеді:

  • кәсіпорынның меншігіндегі жер учаскелері және табиғи қолданыстағы

объектілер (су, жер қыртысы, т. б табиғи ресурстар) ;

  • ғимараттар (өндірістік-техникалық, қыметтік және т, б) ;
  • құрылыс ғимараттары (өндіріске қызмет көрсететін инженерлік-құрылыс объектілері) ;
  • тасымалдау құралдары (электржелілері, жылу жүйелері) ;
  • машиналар және құрал-жабдықтар;
  • лабораториялық құралдар, өлшеуіш және бақылау құралдары;
  • есептеу техникалары;
  • еңбекақының орташа құны, яғни 50 ден жоғары құнды құрайтын құралдар мен құрал-жабдықтары;
  • көлік құралдары (ішкі және өндірістік емес) ;
  • өндірістік және шаруашылық құралдар;
  • ішкі шаруашылық жолдар. ;
  • жерді және арендаға берілген ғимараттарды, құрылыстарды, құралдарды және тағыда басқа негізгі құралдар жағдайын жақсартуға бағытталған капиталдық салымдар.

Жекелеген негізгі қорлар топтарының байланысы ортақ көлемде түрлік (өндірістік) негізгі қор құрылымын құрайды. Қоғамға қай негізгі қорлардың кейбір топтары өз үлесін қаражаттарға қосатыныны бәрібір емес. Ол машина мен құрал-жабдықтардың меншікті салмағының оптималды жоғарылауына қызығушылық танытады. Бұлар қордың - активті бөлігін құрайды, сонымен қоса кәсіпорынның әрбір бұйымдарын жасауда өндірістік учаскелерді қамтамасыз етуде маңызды орынға ие.

Ғимараттар, құрылыс ғимараттары, құралдар негізгі қорлардың активті элементтері негізгі қордың - пассивті бөлігіне қарағанда қамсыздандырады.

Негізгі өндірістік қорлардың құрал-жабдықтарының құны жоғары болған сайын, тепе-теңдік жағдайда өнім шығару көбейедіде, қор қайтарымының көрсеткіші жоғары болады. Сондықтан негізгі қордың құрылымының жақсаруы өндірістің өсуі жағдайымен, өзіндік құнның төмендеуімен, кәсіпорынның ақша салымдарының көбеюімен қарастырылады.

Негізгі өндірістік қорлардың түрлік құрылымы әртүрлі өндіріс саласындағы кәсіпорындарда бірдей емес. Мысалы, негізгі қордағы ғимараттардың ортақ құны жеңіл және азық-түлік өндірісі саласында (44%), құрылыс ғимараты мен жанармай өндірісінде (17%), электр энергетикасында (32%), машина мен құрал - жабдықтар -машина құрастыратын кешенді кәсіпорындарда (45% жоғары) салымдарының көбеюімен қарастырылады.

Негізгі өндірістік қорлардың құрылымына әсер етуші маңызды факторлар болып:

  • шығарылған өнім сапасы;
  • шығарылған өнім көлемі;
  • автоматтандыру және механикаландыру деңгейі;
  • мамандандыру және кооперацациялану деңгейі;
  • кәсіпорынның климаттық және географиялық орналасу жағдайлары табылады.

Алғашқы фактор ғимараттың құны мен оның көлеміне, транспорттық құралдарға әсер етеді. Өнім шығару көлемі (екінші фактор) жоғары болса, онда арнаулы прогресивті жұмыс машиналары мен құрал-жабдықтарының меншікті салмағыда жоғары болады. Мұндай көрініс мінездемесі үшінші және төртінші факторлардың қор құрылымына да тән. Ғимараттар мен құрылыс ғимараттарының үлесі климаттық жағдайларға да байланысты.

Негізгі өндірістік қорлардың құрылымын жақсарту мыналарға байланысты:

  • құрал - жабдықтарды модернизациялау мен жаңарту;
  • ғимараттар мен құрылыс ғимараттарын тиімді қолдану үшін қосымша құрал-жабдықтарды бос аумақтарда орналастыру;
  • құрылыс жобасын дұрыс жасау мен кәсіпорынның құрылыс жоспарының жоғарғы дәрежеде орындау;
  • артық және аз қолданылатын құралдар мен оларды орнатуды жою.

Негізгі қорларды есепке алу мен жоспарлау натуралды және ақшалай формада жүреді. Негізгі қорларды натуралды формада бағалау кезінде машиналардың саны, олардың өндіргіштігі, қуаттылығы, өндірістік аумақтың көлемі және де басқа да сандық көлемдер анықталады. Бұл аталғандар кәсіпорын мен оның әртүрлі саласындағы өндіргіштік қуатын есепке алуда және өндіргіш программасын жобалауда, құрал-жабдықтар резервтерін жоғарлатуды орындауда және де балансын құрастыруда қолданылады. Бұл мақсатпен құрал-жабдықтарды құжаттау (паспорттау) мен жабдықтау, оның келуі мен кетуін есепке алу жүргізіледі. Құжат негізінде кәсіпорын және оның цехтарын өнідірістік профилі бойынша: материалды-техникалық мінездемелерді, жұмыстың техника-экономикалық көрсеткіштерді, құралдардың құрамын анықтауға болады. Құжатта сонымен бірге құралдардың эксплуатациялау мерзімі, тозу деңгейі, техникалық аумақтармен, машиналар және құрал-жабдықтардың техникалық мінездемесі толықтай көрсетіледі. Негізгі өндірістік қорларды ақшалай немесе өзіндік құн бойынша бағалау негізгі қорды қайта өндіру кезінде кеңейтуді жоспарлау үшін, істен шығып қалу дәрежесі мен амортизациялық аударым көлемін анықтау үшін, жекешелендіру көлемін анықтау үшін қолданылады.

Негізгі қорларды бағалауда өндіріс процесіне ұзақ жылдар бойы қатысып, тозуына байланысты және осы уақыт аралығындағы қайта өндірудің жағдайына байланысты бірнеше түрі бар. Олар - бастапқы (номиналды) құн К Б , қайта қалпына келтіру құны К Қ және де қалдық құндар К қал .

Негізгі өндірістік қорлардың бастапқы құны - бұл қорды жасаумен немесе сатып алумен, оларды жеткізу мен монтаждауға кеткен шығындар сомасы. Ол амортизация нормасын және амортизациялық аударым көлемін анықтауда, кәсіпорынның табысы мен рентабельділігінің активтерін, олардың қолданылу көрсеткіштерін есептеуде қолданылады.

Кәсіпорын тұтынатын барлық негізгі қорлар, бастапқы құн бойынша оның балансына енеді. Бұл бағалаудың экономикалық мағынасы негізгі өндірістік қорларды пайдалану кезінде нақты шығындар арқылы көрінеді. Осы әдістің бір кемшілігі - бірдей (біртектес) негізгі қорлар әртүрлі уақытта өндірілген, қолданылған және сатып алынған. Бұл ғылыми -техникалық прогреспен байланысты.

Қайта қалпына келтіру құны - негізгі қорларды қайта өндіруге кеткен шығындардың жиынтығы.

Қалдық құн - негізгі қорлардың тозуды алып тастағандағы бастапқы немесе қалпына келтіру құны.

1. 2 Амортизациялық саясаттың мәні және элементтері

Амортизациялық саясат мемлекеттің экономикалық саясатының құрамдас бөлігі. Ол елдегі экономикалық процестерге мемлекеттік әсер етудің маңызды тетігі ретінде қызмет етеді. Ен алдымен амортизациялық саясат негізгі өндірістік қорлардың жаңару процесіне, ғылыми техникалық прогресстің қарқындауына, инвестициялық қызметке әсер етеді, кейін осы арқылы қоғамдық өндірістің тиімділігіне әсер етеді.

Экономикалық әдебиеттердің көздерін талдау көрсеткендей, ғалым экономисттердің арасында амортизациялық саясат мәнін макроэкономикалық және микроэкономикалық денгейде тұтас жүйе ретінде түсінуде бірдей көзқарас, тұрғы жоқ. Экономиканың ғылыми техникалық прогресін анықтайтын салалар үшін, мемлекет жедел амортизацияны белгілейді, ол қолданатын енбек құралдарын тез істен шығаруға, оларды неғұрлым жетілген түрлерімен алмастыруға мүмкіндік береді. Оларды енгізу өз алдына физикалық жағынан әлі тозбаған құрал жабдықтарды істен шығарғаннан гөрі тиімді болады. Бұл жаңа техника өндірушілерді жаңа модельдерді өндіріп, шығаруға ынталандырады.

Сатып алушы сатып алынған техниканың жоғары өнімділігі және аз енбек сыйымдылы сияқты жоғары параметрлері есебінен ұтады. Бірақ оның жағымсыз жағы да бар: істен шыққан техника, оның негізінде сұранысы бар өнім өндіретін кәсіпорындарға сатылуы мүмкін.

Бұл схеманы іске асыру үшін белгілі бір шарттар қажет. Біріншіден машина жасау кешені өндіріс құралдарына сұранысты қанағаттандыру керек. Екіншіден жаңа техниканың тұтынушылық сапасының өсу қарқыны амортизация қарқынын озу керек. Бағалау бойынша жаңа құрал жабдық алмастырылатын жабдықтан 40-50% жоғары әрі күшті болуы керек. Бұл шектен төмен болса, реновацияның ешқандай мағынасы болмайды: жұмыс атқарып тұрған станокты дәл сондай станокпен алмастыру үшін оны үш жыл бұрын істен шығарудың қажеттілігі болмайды. Амортизациялық саясат бұл -

шаруашылық субъектілердің дамуына қолайлы шарттар туғызу, ғылыми техникалық прогрессті жеделдету және мемлекеттің экономикалық саясатын іске асыру мақсатымен, амортизацияланатын мүліктің жай және кенейтілген ұдайы өндіріс саласында мемлекеттің іске асыратын ғылыми негізделген және мақсатты шаралар жүйесі.

Амортизациялық саясат ғылыми техникалық, инвестициялық, қаржы несиелік саясаттармен тығыз байланысты, бірақ олардың барлығы да мемлекеттің жалпы экономикалық саясатының құрамдас бөліктері болып табылады.

Амортизациялық саясат мақсаты - ғылыми техникалық прогрессті жеделдету, инвестициялық қызметті белсендендіру, айналымнан тыс активтердің ұдайы өндіріс және жаңару процестері үшін шаруашылық субъектілерге қолайлы шарттар, жағдайлар жасау. Амортизациялық саясат экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі болғандықтан, ол өндіріс тиімділігін арттыруға және отандық экономиканы көтеруге бағытталады.

Амортизациялық саясат келесі бағыттар бойынша міндеттерді шешуге бағытталуы керек:

  • Ғылыми техникалық прогрессті дамыту;
  • Негізгі капиталдың жаңару процесін жеделдету және елдің ұлттық байлығын аттыру;
  • Мүліктің пайдалы қолдану мерзімін оңтайландыру;
  • Жай және кенейтілген ұдайы өндіріс процесі үшін құралдар жинақтау;
  • Негізгі өндірістік қорларды объективті бағалау және қайта бағалау үшін шарттар жасау.

Амортизациялық саясатты жасаған кезде мемлекет келесі принциптерді ұстануы керек:

  • Негізгі қорларды қайта бағалауды іске асырудың өз уақыттылығы және дұрыстығы, әсіресе инфляция шарттарында;
  • Негізгі қорлардың жай және кенейтілген ұдайы өндіріс поцесін амортизациялық аударымдар есебінен қамтамасыз ету;
  • Барлық меншіктегі және ұйымдық құқықтық фопмадағы кәсіпорындарда амортизациялық аударымдардың қолданылуының мақсатты сипатын қамтамасыз ету;
  • Барлық кәсіпорындардың жедел амортизация саясатын өткізу мүмкіндігі;
  • Негізгі қорлардың өз уақытында жаңаруын ынталандыру және ғылыми техникалық прогерессті жеделдету;
  • Амортизациялық саясатты өткізу облысында кәсіпорындарға үлкен құқықта беру.

Амортизациялық саясаттың мәні, мақсаттары және міндеттерінен шыға отырып, амортизациялық саясат әрбір мемлекеттің экономикасында маңызды роль атқарады деген нәтиже жасауға болады.

Тиімді амортизациялық саясатты өткізе отырып, мемлекет келесі міндеттердің шешілуіне ықпалын тигізеді:

  • Ғылыми техникалық прогресс қарқынының жеделдеуі;
  • Елдің ұлттық байлығын арттыру;
  • Негізгі қорлардың сапалық жағдайын жақсарту;
  • Инвестициялық қызметті жандандыру;
  • Отандық өнімдердің бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ету;
  • Ұлттық экономиканы дамыту.

Қазіргі кезде мемлекет амортизацияланатын мүліктің пайдалы қолданылу мерзімін қысқату, сонымен қатар амортизациялық аударымдарды есептеудің жаңа тиімді механизмдерін қолдану бағытында, халықаралық стандарттарға негізделген жаңа амортизациялық саясат өткізуде.

Амортизациялық саясаттың негізгі элементтері:

  1. Амортизациялық саясаттың инвестициялық және инновациялық саясаттармен тығыз байланысы. Амортизациялық аударымдар -инвестицияларды қаржыландыру көздерінің бірі және амортизацияланатын активтердің ұдайы өндірісін қамтамасыз етеді. Амортизациялық аударымдардың мөлшері елдегі инвестициялық қызметті анықтайды. Амортизациялық аударымдар мен жалпы инвестициялар арасындағы қатынас экономиканың даму қарқынын сипаттайды. Егер жалпы инвестициялар амортизациялық аударымдардан көп болса, экономика жағдайы көтеріледі. Бұл жағдайда тек негізгі капиталдың ұдайы өндірісі қамтамасыз етіліп ғана қоймай, қаржыландырудың басқа көздері есебінен, әсіресе пайда есебінен оның өсімі қамтамасыз етіледі. Соңғы жылдары Қазақстан экономикасы үшін өндірістің төмендеуі тән болды, амортизациялық аударымдар айналым құралдарын қаржыландыруға жұмсалды, нәтижесінде өндірістік қорлардың ескіруіне әкелді. Қазіргі кезде амортизациялық аударымдар негізгі қорлардың жай ұдайы өндірісін қамтамасыз ете алмайды. Инвестициялау бағыттары инвестициялық ресурстардың қалыптасуына әсер етеді. Осыған байланысты амортизациялық аударымдарды ен алдымен инновацияларды енгізуге бағыттау керек, себебі нарықтық қатынастар шарттарында бәсекелестік күшейеді, технологиялық инновациялады игеру нәтижесінде негізгі қорларға көп шығын жұмсамай ақ енбек өнімділігін, өнім сапасын көтеруге болады.
  2. Амортизацияланатын мүліктің пайдалы қолдану мерзімін экономикалық жағынан өндеу. Пайдалы қызмет мерзімі-компания активтерін қолданудың күтілетін (есептік) мерзімі немесе активтерді қолдана отырып, компания өндіретін бұйым саны. Сонымен бірге активтерді эксплуатациялаудан алынатын тиімділікті максимизациялауға кері әсер тигізетін бірнеше факторлар бар. Сондықтан активтің пайдалы қызмет мерзімін анықтаған кезде жоғарда аталған стандартқа сәйкес келесі факторлар есепке алынады:
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚОРЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН КӨТЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Айналым қаражаты
Кәсіпорынның айналым капиталын пайдалануды жақсартудың теориялық мәселелері
2013 жылғы кәсіпорынның қаржылық есептілігі
Айналым капиталының мәні мен құрлымы
Компанияның айналым капиталы
Кәсіпорынның қаржы тұрақтануына жетудің теориялық негіздері
ҚАЗАҚМЫС КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ БАЛҚАШТҮСТІМЕТАЛ ӨНДІРІСТІК БІРЛЕСТІГІНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ БӨЛІМШЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ҚОРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУЫН ТАЛДАУ
Кәсіпорынның айналым қаражаттарын басқару
Кәсіпорын қаржысын ұйымдастыру мен басқару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz