Дағдарыс жағдайында мұнай өнімдері нарығының жағдайы мен даму болашағын талдау


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

Дағдарыс жағдайында мұнай өнімдері нарығының жағдайы мен даму болашағын талдау

1. Қазақстанның мұнай нарығы: экономикадағы орны және ролі

1. 1 Қазақстан Республикасының экономикасында мұнай газ кешенінің қазіргі орны және ролі

1. 2 Саланы кешенді дамытудың ғылыми-әдістемелік мәселелері

  1. Әлемдік мұнай дағдарыстарының негізгі кезеңдері

2. Қазақстан Республикасының мұнай және газ өндірудің ресурстық базасын талдау

2. 1 Қазақстан Республикасының мұнай және газ өндірудің негізгі аймақтары бойынша ресурстық базасын талдау

2. 2 Қазақстан Республикасының мұнай және мұнай өнімдері нарығын талдау

2. 3 Қазақстан Республикасында мұнай-химиялық өндірістің дамуын талдау

3. Мұнай өнімдері нарығының дағдарыс жағдайындағы даму болашағы

3. 1 Әлемдік мұнай нарығының жағдайы және оның даму болашағы

3. 2 Қазақстан Республикасында шикізат ресурстарын кешенді пайдалану болашағы

3. 3 Мұнай-газ кешенінің дағдарыстан шығу жолдары

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазақстанның мұнай газ кешені Қазақстан экономикасын тұрақтандырушы маңызды бір буын болып табылады. Оның жұмысы еліміздің кемелдене түсуіне, азаматтардың тұрмыс деңгейін жақсартуға көмегін тигізеді.

Мұнай өндірудің бүгінгі деңгейі теория жүзінде Қазақстанның минималды ішкі қажеттілігін қанағаттандырып отыр. Сонымен бірге Қазақстанның ішкі нарығының географиясы, соның ішінде мұнай өнімін тұтынатын негізгі ауданның алшақтығы экономиканы мұнай ресурстарын өз бетімен қамтамасыз етуге проблемалар туғызды. Бірақ сыртқы нарыққа шығу үшін Қазақстан мұнай өндіру көлемін көтеру бойынша бірнеше шаралар қолданылды және ең алдымен батыс инвесторларын тартуда.

Қазіргі кезде қазақ жерінің батыс өлкесі мұнай және көгілдір отын қорымен әлемге танылып отыр. Каспий теңізінің атырабында және жанақтың жағалауында ашылған жаңа кен орындар атауы қазақ, орыс тілдерінде ғана емес, әлемді аузына қаратқан ағылшын тілінде де жиі айтылады.

Мұнай-газдық сала эканомиканың басқа да салаларын дамытуына себеп болды, яғни халықтың өмірлік деңгейінің өсуіне себептелді. Себебі мұнай-газдық өнеркәсібінің дамуы тек тікелей мұнай және газбен байланысты салаларының эканомикалық өсіміне ғана әсерін тигізіп қоймай, солмен бірге ұлттық энергетиканың, транспорттық машина құрлымының, химия және мұнай-химия, жеңіл өнеркәсіп, транспорттық байланыстар, жолдардың құрлымдары, сервис және басқа да салаларының дамуы үшін алғы шарттар тудырды. Көмірсутек қорына байланысты Қазақстан дамуының жаңа этапы дәл осы мұнай-газдық комплексінің дамуына байланысты болып келеді.

2030 жылға дейінгі Қазақстанның ұзақ мерзімді даму стратегиясында мұнайгаз саласын дамыту мен оны тиімді пайдалану көз жетерлік болашақтағы ел экономикасының өсуінің негізгі факторы болады.

Дипломдық жұмыс кіріспе, қорытынды және үш бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлімде Қазақстанның ұзақ мерзімді даму стратегиясында мұнай-газ саласын дамыту мен оны тиімді пайдалану көз жетерлік болашақтағы ел экономикасының өсуінің негізгі факторы қарастырылған.

Екінші бөлімде Қазақстан мұнай - газ кешенінің көмірсутек ресурстарының қоры алты облыста анықталған және Қазақстан Республикасы территориясында теңсіз бөлінген. Елдін негізгі мұнай газ өндіруші ауданы Батыс Қазақстан, оның территориясы төрт әкімшілік орталықты қамтиды: Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстары. Ағымдық және перспективті дамудың қайнар көзі -игерудің әр түрлі стадиясындағы көмірсутек шикізатының үлкен қорлары. Жер қойнуын пайдалану сферасындағы мұнай газ секторының экономикалық потенциалының өсуі, республикада мұнай өндіру динамикасының өсуімен, инфрақұрылымдық өндіріс желісінің құрылуымен, маманданудың жаңа салаларының қалыптасуына талдау жүргізілді.

Үшінші бөлімде әлемдік мұнай нарығының жағдайы және оның даму болашағы туралы айтылған, ҚР - да шикізат ресурстарын кешенді пайдалану болашағы қарастырылған және дағдарыс жағдайында одан шығудың негізгі шаралары ұсынылған . Қазіргі кезде Қазақстандық және шетелдік мамандар лицензиялаушы және мұнай химиясы технологиясын жасаушы компанияларды таңдау, құрылыс жұмыстарын жүргізу туралы айтылған. . Полиэтилен, полипропилен алу мұнай химиясы саласының басқа өнімдерін шығаратын кәсіпорындарымен тікелей және дәйекті байланыста жүргізілетіндіктен де табиғи және басқа қорларды тиімді пайдаланудың жолдарын табу жұмыстары қарастырылған.


1. Қазақстанның мұнай нарығы: экономикадағы орны және ролі

1. 1 Қазақстан Республикасының экономикасында мұнай газ кешенінің қазіргі орны және ролі

Қазақстанның мұнай газ кешені Қазақстан экономикасын тұрақтандырушы маңызды бір буын болып табылады. Оның жұмысы еліміздің кемелдене түсуіне, азаматтардың тұрмыс деңгейін жақсартуға көмегін тигізеді.

Елбасының халыққа алғашқы жолдауы жарияланған 1996 жылдан бастап ол республиканың ішкі және сыртқы міндеттерін айқындайтын маңызды құжат болды. 1997 жылы “Қазақстан - 2030 ” стратегиялық бағдарламасын ұсынды. Онда еліміздің өркендеуін, қазақстандықтардың тұрмыс жағдайының жақсаруын қамтамасыз ету жолдары көрсетілген.

Аз ғана уақыт ішінде Қазақстан Еуразия аймағында ауқымды салмағы бар тәуелсіз мемлекетке айналды. Еліміз қысқа мерзімнің ішінде аса маңызды экономикалық реформаларды жүзеге асырды.

Енді міне, Елбасының “Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында ” атты жаңа жолдауы қолымызға тиді.

Жолдауда атап көрсетілгендей, қазіргі кезде Қазақстанның экономикалық дамуының негізгі көзі - еліміздің шикізат қорын пайдалану. Бағдарлап қарасақ, бұл жағдай “ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясының жұмысына қатысты болмақ. Өйткені, Үкімет еліміздің мұнай ресурстарын игеруге сол арқылы тікелей қатысып отырады. өнімді бөлу келісімі жобасы бойынша тағайындалған өкілетті органы ретінде Үкімет біздің копания арқылы Қарашығанақ, Қашаған сияқты ірі мұнай кен орындарына бақылау жасайды.

Елбасының халыққа жолдаған жолдауында келтірілген мәліметтерге көз салатын болсақ: “Көмірсутегі шикізатын өндіру көлемін 1985 жылмен салыстырғанда біз 225 пайыз ұлғайтуға қол жеткіздік, ал әлемде оның көрсеткіші 1, 3 есе ғана өсті”

Мұнай өндірудің бүгінгі деңгейі теория жүзінде Қазақстанның минималды ішкі қажеттілігін қанағаттандырып отыр. Сонымен бірге Қазақстанның ішкі нарығының географиясы, соның ішінде мұнай өнімін тұтынатын негізгі ауданның алшақтығы экономиканы мұнай ресурстарын өз бетімен қамтамасыз етуге проблемалар туғызды. Бірақ сыртқы нарыққа шығу үшін Қазақстан мұнай өндіру көлемін көтеру бойынша бірнеше шаралар қолданылды және ең алдымен батыс инвесторларын тартуда.

Қазіргі кезде қазақ жерінің батыс өлкесі мұнай және көгілдір отын қорымен әлемге танылып отыр. Каспий теңізінің атырабында және жанақтың жағалауында ашылған жаңа кен орындар атауы қазақ, орыс тілдерінде ғана емес, әлемді аузына қаратқан ағылшын тілінде де жиі айтылады.

Мұнай-газдық сала эканомиканың басқа да салаларын дамытуына себеп болды, яғни халықтың өмірлік деңгейінің өсуіне себептелді. Себебі мұнай-газдық өнеркәсібінің дамуы тек тікелей мұнай және газбен байланысты салаларының эканомикалық өсіміне ғана әсерін тигізіп қоймай, солмен бірге ұлттық энергетиканың, транспорттық машина құрлымының, химия және мұнай-химия, жеңіл өнеркәсіп, транспорттық байланыстар, жолдардың құрлымдары, сервис және басқа да салаларының дамуы үшін алғы шарттар тудырды. Көмірсутек қорына байланысты Қазақстан дамуының жаңа этапы дәл осы мұнай-газдық комплексінің дамуына байланысты болып келеді.

Өнеркәсіптік мамандандыру бойынша республиканың мұнай-газдық саласы өз алдына 4 негізгі салалық бөлімшелерге бөлінеді: мұнай өндіретін, мұнай өңдейтін, газ өндіруші және газ өңдейтін. Бұл салалық бөлімшелер өзара байланысқан және өндіру және өңдеу процесінде бір-бірін өзара толықтырушы болып келеді.

Әлемдегі запастың көлемі жағдайын біздің еліміз мұнай бойынша 12-ші орын (каспий шельфтерін есептемегенде), газ және конденсат бойынша - 15-ші, ал өңдіру деңгейі бойынша 23-ші орын алады. Қазақстан үлесіне барланған бекітілген әлемдік мұнайдың 1, 5 пайыз тиесілі, бұлар 207 мұнай және газ кен орындарына 2, 2 милиард тонна мұнай запастарын, 690 милион тонна конденсатын және 2 трилион метр куб газ запастарын өндіреді

Экономиканың старатегиялық маңызды саласы ретінде мұнай өңдіру ұзақ бойына елге дамудың тұрақты сипатын, ірі валюталық түсімдері қамтамасыз етіп отыр.

Әсіресе, нарықтық қатысушыларға өту периоды мұнай өндіру жағдайында көп әсер тигізеді. СССР-дің күйреуімен, қалыптасқан байланыстардың үзілуімен, жалпы және мұнай салаларындағы кризистік құбылыстың өсуімен алғашқы рет 1993 жылы мұнай және газ өндіру төмендей бастады.

Қазіргі уақытта республикамыздағы жалпы өнім көлеміндегі мұнай- газ өнеркәсібінің үлкен үлесі 30 пайызды құрап отыр. Мұнайдың Қазақстандағы бастапқы және қалдық қоры 2 млрд. тонна шамасында болса, еліміздің батыс бөлігінде табылған мұнай қорларын қоса есептегенде оның көлемі 6 миллиард тоннадан асқан. Ел аумағында 70 мұнай кеніші әлі игерілу үстінде. Ал зерттеу нәтижелері әлемдік экономикада сенсациялық құбылыс ретінде танылған Қашаған кенішіндегі болжамды мұнай қоры 7 миллиард баррельге жететінін ескерсек, көрсеткіш бағанасы бірден 13 миллиард баррлельге көтерілмек. Сондықтан да елімізді әлемдегі ірі мұнай державаларының біріне айналдырып отырған Каспий қайраңындағы осы кенішті қазіргі уақытта игеруге қатысты барлық шаралар жүзеге асырылуда.

Мұнай өндірудің бүгінгі деңгейі теория жүзінде Қазақстанның минималды ішкі қажеттілігін қанағаттандырып отыр. Сонымен бірге Қазақстанның ішкі нарығының географиясы, соның ішінде мұнай өнімін тұтынатын негізгі ауданның алшақтығы экономиканы мұнай ресурстарын өз бетімен қамтамасыз етуге проблемалар туғызды. Бірақ сыртқы нарыққа шығу үшін Қазақстан мұнай өндіру көлемін көтеру бойынша бірнеще шаралар қолданылды және ең алдымен батыс инвесторларын тартуда.

Мұнай - газ кешенінің құрамына мұнай өндейтін және газ өңдейтін кәсіпорындар кіреді. Қазіргі кезде Қазақстанда үш мұнай өңдейтін заводтар қызмет етуде, олар: Атырау, Павлодар, Шымкент заводтары. Олардың суммалық, фактілік жетілген қуаты, өңделудің орташа тереңдігі 65, 3 % бойынша жылына 18, 5 млн. т. мұнайды құрап отыр.

Мұнай өндіруші салалар сияқты, өңдеуші салаларда да жағдай күрделі болып қалып отыр.

Инвестициялар бойынша Мемлекеттік комитеттің мәліметтері бойынша қазіргі уақытта қызмет етіп отырған мұнай өңдеу заводтары Қазақстан қажеттілігін қамтамасыз етіп отырған жоқ. Өңделінетін қуаттың суммалық жұмсалуы 60 % - дан аспайды. Негізгі себеп - көмірсутек шикізатын өңдірудің, тасымалдаудың және қайта өңдеудің бірдей технологиялық кешені болмай отыр.

Мұнай газ кешенінің дамуында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының алатын рөлі өте зор. Әдепкіде компанияның құрылуына байланысты жұртшылық арасында алыпқашты әңгімелердің туындағанында жасыруға болмайды. Қоғамда болып жататын құбылыстарға әртүрлі көзқарастардың айтылатынына ет үйренді ғой. Дей тұра мәселеге тура келсек, бұл жағдайды өмірдің өзі тудырғанын айту керек. Мұнай-газ саласында біртұтас мамлекеттік саясатты жүзеге асыру бүгінгі таңда өзекті мәселеге айналып отыр. Бұл бірігуді ұйымдық тұрғыдан емес, барлық техникалық ресуртарды бір жерге шоғырландыру тұрғысынан қабылдау қажет. Шынында да бұл жерде эканомикалық мүдде жоғары тұр. Мұндай интеграция - әлемдік тәжірибеде кездесіп жүрген құбылыс. «ҚазМұнай Газды» ұйымдастыру барысында құрылымы ұқсас норвегиялық «Статойл», Қытай Ұлттық мұнай компаниясы және Әзірбайжан мемлекеттік компаниясының тәжірибелері есепке алынды. Сондықтан да компания алғашқы күннен өзінің жағымды инвестициялық имиджін қалыптастыруға ұмтылып келеді. Ол сонымен қатар өздерінің стратегиялық әріптестері үшін ашық жұмыс жағдайын қамтамасыз етуге құлшынады. Осындай саясат ұстанудың нәтижесінде компания республиканың мұнай-газ секторында қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастырып үлгерді.

Біз бұдан он жылғы уақытқа қарағанда біраз алға жылжыдық. Төрткүл дүниенің тәжірибесіне сүйене отырып, көп нәрсені үйрендік. Біз қазір халықаралық стандарттарға сай жұмыс істейтін дәрежеге жеттік. Өзіміздің байлығымызды өзіміз игеретін күнге келдік. Өнім өндірумен оны тасымалдауды бір ретке келтіріп отыратын жеткілікті дәрежедегі заңдық база қалыптасқан. Қазір елімізде менеджментті толық меңгерген мамандардың шоғыры пайда болды. Біз ендігі жерде Қазақстанда жұмыс істеп жатқан шетелдік мұнай компанияларымен үзеңгі қағыстыра алатын хәлге жеттік.

Біз компания Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы мұнайлы блоктарды игеруге қатысуға ыңғай танытып отыр. Ол үшін тиісті нормативтік актілерді дайындау және қабылдау қажет. Аталмыш жобаға қатысу үшін республикадағы бірден бір мұнай компаниясы ретінде «Қаз Мұнай Газдың» жеткілікті дәрежеде материалдық активі, кадырлық әлеуеті және технологиясы бар.

Көптеген басқа салаларында көрініп отырған өндірушінің құлдырауы кезінде соңғы жылдары мұнай-газ кешеннің жағдайын оптимальды болып отыр. Мысалы, 1991-95 жылдар арасында алғашқы рет 1995 жылы өндіріс деңгейін тұрақтандыруға қол жеткізіп, ал 1996жылы мұнай және газ конденсаттың өндірісі 3, 3 миллион тонна өсіп, ол 23, 3 миллион тонна құрады, табиғи газ өндірісінің көлемі 1996 жылы 6, 4 милиард тонна мұнай өңделінеді.

Республиканың өнеркәсіптік өндірушілердің жалпы көлемінде шикі мұнайды өндіру 16 пайыз жоғары мөлшерді құрайды және 4 пайыз мұнайдан жасалынған өнімнің шығарылуына жұмсалды.

Қазақстанда мұнай өндірумен 1998 жылы 25 кәсіпорын айналысты, олардың орташа жылдық қуаты 1997жылы 30 миллион тонна құрады. алайда қуаттың тек ¾ бөлігін жұмсау арқылы, олар 1997 жылы 23 миллион тонна өндірді, бұл оның жалпы әлемдік өндірудің 0, 7 пайызын құрады. 1998 жылы мұнай өндіру Қазақстанда 1997 жылғы деңгейіне қарағанда 101, 7 пайыз құрады. Өндірілген мұнайдың ең үлкен көлемін Атырау обылысның кәсіпорындары жасады. Маңғыстау облысы өндірген мұнайдың 30 пайыз, Қызылорда облысы-13 пайыз, Ақтөбе-11 пайызге ие болды.

Жалпы экономикада байқалған өндірістің құлдырауы ішкі тұтынушылардың төлем қабілетсіздігіне әкеліп, сәйкесінше мұнай өндірушілердің қаржылық жағдайын нашарлатып жібереді. Қалыптасқан өндірістік жағдай, солмен қатар қаржылық құралдарың болмауы, скважиналарды бұрғылау бойынша жұмыстың жүргізілмеуіне, жаңа қуаттарды енгізу және объектілерді құрастыру бойынша құрлымдық-монтаждық жұмыста көлемнің жойылуына алып келеді. Бұйымдарды толықтыратын құралдардың және ескергендерін ауыстыру үшін запас бөлшектің тапшылығы мұнай өндіру құралдар жиынтығының құрлымы мен құрамын нашарлатты.

Халықаралық Консорциум шетелдік мұнай барлаушыларының теңіздегі іс - тәжірибесін алып келді. Техникалық және қаржылай мол мүмкіндіктің арқасында ғана мемлекет кешенді бағдарламалар жүзеге асты. Солтүстік Каспий өңірінде мұнай мен газдың өте сирек кездесетін мол қоры барлығы ғылыми тұрғыдан және дау туғызбайтындай нақты зерттеулердің арқасында дәлелденіп отыр. Тұңғыш рет Каспий теңізі қайраңындағы қазақстандық сектордың блоктары картаға сызылды. Консорциумның келісіміне сәйкес алғаш игерілетін блоктар айқындалды, оны «» бірлесіп игеру, қатысушы компа-ниялардың үлесіне тиетін алаңдардың алдағы ағымдағы жұмыс жоспары бекітілді.

1. 2 Саланы кешенді дамытудың ғылыми-әдістемелік мәселелері

2030 жылға дейінгі Қазақстанның ұзақ мерзімді даму стратегиясында мұнай-газ саласын дамыту мен оны тиімді пайдалану көз жетерлік болашақтағы ел экономикасының өсуінің негізгі факторы болады. Шикізат ресурстарына бай кейбір дамушы елдер, тұрақты экономикалық дамуға қол жеткізе алмағандарын және шикізаттың дүниежүзілік тауар нарықтарындағы конъюнктурасының өзгеруіне байланысты екенін дүниежүзілік тәжірибе көрсетуде. Экономиканың шикізат секторынан айтарлықтай табысқа ие бола отырып, мемлекет пен жеке меншік секторларының экономиканың жаңа салаларын дамытуға ынталылықтарының жоқтығы, ал шамалы немесе кедей ресурстары бар елдер, тұрақты өміршеңдік шегінде бола түра, экономиканың жаңа секторларының дамуы үшін тұрақты әрекеттерге шаралар қолданады. Дегенмен, ұзақ мерзімді болашақта шикізат қорлары сарқылады, бұл пайдалы қазбалардың кен орындарының толық пайдаланылғаннан кейін тұрақты даму бағытында елеулі проблемаларды туғызуы мүмкін. Осы орайда, көз жетерлік болашақта тұрақты даму проблемалары материалдық ресурстарды, ең алдымен мұнайгаз ресурстарын тиімді пайдаланумен байланысты болатындығы жөнінде пікірлер қалыптасты.

Қазақстанның бүгінгі экономикасындағы келесі проблемаларды атауға болады: экономиканың біржақты шикізаттық бағытталуы; елдің ішіндегі салааралық және аймақаралық экономикалық бірігулердің әлсіздігі; өңдеуші өнеркәсіп өнімділігінің төмендігі; өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның жетілмегендігі; кәсіпорындардың жалпы техникалық және технологиялық артта қалушылығы; ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыс үлесінің төмендігі, ғылым мен өндіріс арасындағы өзара іс-қимыл мен тағы басқалардың болмауы. Осы проблемаларға орай, 2003 жылғы наурызда республика үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы ұсынылды. Бағдарламаның маңыздылығы экономиканы әртараптандыру және оның қазіргі шикізатқа бағытталуын отандық кәсіпорындардың қосылган құны жоғары болатын өнімдерді шығаруға бағыттаудың жолдарын әзірлеу, сондай-ақ ұзақ мерзімді жоспарда серівистік-технологиялық экономикаға көшу үшін жағдайлар жасалуда. Бағдарлама мемлекеттің ұзақ мерзімді тұрақты экономикалық дамуға белсенді араласқан кезінде жүзеге асады. Негізгі міндеттердің ішінде өңдеуші өнеркәсіпте орташа жылдық өсуді 8, 4 пайыздан кем емес, еңбек өнімділігін 2015 жылы 2000 жылмен салыстырғанда 3 еседен кем емес артуын және ЖІӨ-нің энергия жұмсалуын 2 есе төмендетуді қамтамасыз ету есептеледі.

Экономиканы тиімді дамыту шарттарының бірі болып жанар-жағар отындары мен химиялық заттардың көп ассортиментін алу мақсатында мұнайгаз шикізатын кешенді қайта өңдеу арқылы ұтымды пайдалану есептеледі. Сондықтан қазіргі уақытта химия өнеркәсібі үшін еліміздің қуат көзі және жартылай өнімдермен қамтамасыз ету мақсатымен мұнайгаз шикізатын кешенді қайта өңдеудің жаңа технологиясын әзірлеу маңызды проблема болып табылады. Еліміздің шикізат базасын зерттеудің бұл бағытын басымды бағыттардың бірі ретінде қарауға мүмкіндік береді. Мұнай газ шикізатын терең және кешенді қайта өңдеу, жоғары технологиялық, ғылымды қажетсінетін өндірістерді пайдалану жоғары экономикалық нәтижелер мен экологиялық мәселелерің азаюына әкелуге қабілетті.

"Шикізатты кешенді пайдалану" үғымы қазіргі кезде бір мәнді түсіндірілмейді. Оны тек өндірілген шикізатты ғана емес, сонымен бірге қоса өндірілетін пайдалы қазбаларды да жатқызуға болады. "Өнеркәсіпте шикізатты кешенді пайдалану" монографиясының авторы В. М. Андриянов, "шикізатты кешенді пайдаланудың бірлескен технологиялық сүлбасын практикада жүзеге асырудың негізгі мақсаты еңбекті затқа айналдыруға, ең алдымен, өндіруге, сондай-ақ тасымалдауға әрі мүмкіндігі бойынша шикізатты қайта өңдеуге шығындарды мейлінше азайту, өнімнің тұтыну тиімділігін мейлінше өсіру" екенін атайды. Біздің көзқарасымызша, шикізатты кешенді пайдалану бұл әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін жақсартуга бағытталған бастапқы шикізат құрамында болатын негізгі және ілеспе компоненттерді, өндірістік үдерістің барлық сатыларындағы қалдықтарды мейлінше толық, әрі тиімді пайдалану болып табылады. Шикізатты кешенді пайдалану мұнай газ ресурстарын тиімді пайдалануды арттырудағы шеуші бағыттардың бірі болып есептеледі, әрі зерделенген санатқа жатады. Сонымен бірге бұл проблеманы шешу ерскше күрделі және сондықтан да оның көптеген тсориялық, өрі практикалық аспектілері бүгінгі күнге дейін әлі де шешілмеген.

Мұнай-газ ресурстарын кешенді пайдалану қажеттілігі келесі себептермен нсгізделген: біріншіден, тұтынылатын аталмыш ресурстар колемінің прогрессивті өсуі қалпына қайтып келмейтін шикізат ресурстарына біршама шектеулі қорлар кезінде жүреді. Сондықтан сліміздің экономикасының оскелең қажетсінуін қанағаттандыру үшін осы ресурстарды өнеркәсіптік айналымға біршама жолы қиын жәнс сапасы томен шикізат көз дсрін қатыстыруға тура келеді, бұл оның өндірілуінің қымбаттай түсуіне әкеледі. Екіншіден, қазіргі уақытта біздің елімізде табиғат ресурстарын пайдаланудың ысырапқоршылдық деректері байқалады. Мұнай өнеркәсібінде аса бағалы мұнай химия шикізатымен жүретін ілеспе газдың алаулап жағылып, атмосфераға жіберілуде. Аталған себептердің негізінде мұнай газ шикізаты мен ілеспе элементтердің кешенді және ұтымды пайдалану тәсілі ерекше мәнділікке ие болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұнай газ өндіруші өнеркәсіп және оның Қазақстан Республикасының әлеуметтік экономикалық дамуындағы ролі
Қазақстанда сақтандыру нарығының қалыптасу кезеңдері және қазіргі жағдайы»
Мұнай-газ саласының бәсеке қабілеттілігінің техника-экономикалық көрсеткіштерін талдау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МҰНАЙ НАРЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - ӘДІСТЕМЕЛІК ТӘСІЛДЕРІ
Қазақстан Республикасының мұнай-газ бизнесіндегі мұнай нарығының жағдайын талдау
Мұнай өндірісінің тиімділігін көтеру
Өнеркәсіптік маркетингтің мәні
Қазақстан Республикасында қаржы нарығы
Қазақстан Республикасының қаржы секторларының негіздерін талдау
Жауапкершілікті сақтандырудың мақсаты залал келтірушінің экономикалық мүддесін сақтандыру арқылы қорғау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz