Мұнай- газ өндіру кәсіпорындарының инвестициялық қызметі


Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   

Дипломдық жұмыс

Тақырыбы: Мұнай- газ өндіру кәсіпорындарының инвестициялық қызметі
Мазмұны

Кіріспе . . . 3

Бөлім I. Мұнай саласындағы инвестициялардың теориялық аспектілері және экономикалық маңызы

  1. Инвестициялардың мәні, маңызы және түрлері мен қызметі . . . 7
  2. 1. 2. Инвестициялық салымдардың тиімділігін бағалау көрсеткіштері . . . 15
  3. Кәсіпорындағы қаржы инвестициялық салымдарының жіктелуі . . . 19

2. Бөлім. Мұнай - газ кәсіпорындарының инвестициялық қызметін талдау («ӨзенМұнайГаз» ӨФ мысалында)

2. 1. Кәсіпорыннның қаржылық жағдайын, өндірістік деңгейін талдау . . . 28

2. 2. Мұнай -газ саласы кәсіпорынның инвестиция салымдары деңгейін талдау . . . 39

2. 3. Кәсіпорынның инвестициялық саясатын талдау . . . 47

3. Бөлім. Қазақстандағы инвестицияны басқару және мұнай саласындағы инвестицияны пайдалануды жетілдіру

3. 1. Шетел инвестициясын Қазақстан экономикасына тартудың

жолдары мен бағыттары . . . 55

3. 2. Шетел инвестицияларын мемлекеттік басқару жәие оның

ерекшеліктері . . . 61

Қорытынды . . . 68

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 69

Қосымшалар


Кіріспе

Қазақстан Республикасының мұнай жэне газ ресурстарын шығаруды игеру есебінен үлкен даму перспективасы бар. Әлемнің мұнай державаларының ішінде барланған мүнай қорларының көлемі бойынша 13 орын, газ жэне конденсат бойынша 15 орынды алады. Қазіргі жэне болаша0 уақытта өнім шығаруды көтерудің негізгі бастауы болып Батыс Қазақстан табылады. Қаспий шельфінде жаңа бастаулар есебінен өнім шығаруды көтеру алдағы 10-15 жылда ұлттық экономикада мұнай және газ саласындағы басым рольді сақтайды.

Жоғарыда айтылғандай, негзгі қорлар Батыс Қазақстан территориясында орналасқан, ал мұнай қорларын өнеркәсіпте меңгеру үшін аса ірілері Қарағанды мен Қызылорда облыстарында орналасқан. Қызылорда облысындағы Құмкөл жерінің ашылуы мұнай өнеркәсібінде стратегиялық маңызды үлкейтеді. Құмкөл жерін игеру мүнай-химияны дамытуда шынайы перспективалармен мұнайды қайта өңдеу өнеркәсіп аймағында дамуға түрткі бо лды.

Қазақстан аймақтарындағы мүнай және газ потенциалының экономикалық даму динамикасының талдауы жаңа жерлерде шикізат қорларын алуға дайындалған сомалы көлем, геология-барлау зерттеулер сатысында түрған мұнай жэне газ қүрылымы жөніндегі болжам, сонымен қатар ескі жерлердегі кешеніндегі қорларды көбейту жөніндегі алғышарттар толық сеніммен анықтауға рұқсат беру жақын және алыс шетелдердің мұнай және газ саласына өздерінің капиталдарын салуға біздің республика көз тартатын мемлекеттердің қатарына тұруына жеткілікті негіз болып табылады.

Сондықтан мұнай саласындағы инвестициялар - өндірістік қызметтің нәтижесінде пайда (табыс) құралатын немесе өндірістік тиімділікке қол жеткізілетін қызметтің басқа да түрлерінің объектілеріне жұмсалған мүліктік және интеллектілік құндылықтардың барлық түрлеріне, капиталдың ел ішіндегі және шетелдегі экономикаға мерзімді жұмсалымы.

Инвестор, өзінің өндірістік капиталының көлемін - өндірістік негізгі қорлар мен айналым қорларын молайтуға бағыттайды. Инвестор бағалы кағаздардан дивидент алу аркылы өзінің қаржы капиталын ұлғайтады.

Қазақстан Республикасындағы «Мұнай саласындағы тікелей инвестицияларды мемлекеттік қорғау» Заңы бойынша тікелей инвестициялар - республиканың тәуелсіздік кепілдігіне байланысты және арнайы техникалық көмек пен грантқа арналған инвестиция түрлері. Әрбір өндірістік іс-әрекетінің маңызды бір бөлігі инвестициялық операциялар болып табылады, яғни жобаларды іске асырудағы жіберілген ақша - қаражаттары туралы операция. Коммерциялық тәжірибеде мұндай инвестициялар мыналарға жұмсалады: табиғи активтерге инвестициялар, ақша активтеріне инвестициялар, материалдық емес активтерге инвестициялар.

Инвестициялық іс-әрекеттердің субьектілеріне инвесторлар (инвестициялық іс-әрекет жүргізетін жеке және заңды тұлғалар), тапсырыс берушілер , жұмысты орындаушылар инвестициялық іс-әрекеттің обьектілеріне қолдаушылар сонымен бірге жетекшілер, заңды тұлғалар (банкілер қамтамасыздандыру ұйымдары, инвестициялық қорлар) және басқа да инвестициялык процестің қатысушылары жатады. Тапсырыс берушілерге -инвесторлар және басқа да инвестициялық жобаны іске асырушы жеке және заңды тұлғалар жатады. Қазақстан Республикасында кәсіпорындардың инвестициялык іс-әрекеттері: «Нақты иывестицияларды мемлекетті қолдау туралы», Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар «Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Салықтар және бюджетке міндетті түрдегі төлемдер туралы», «Шетел инвестициялары туралы» Заңдар мен және де «Банкроттық жайлы», «Бағалы қағаздар марығы жайлы», «Қазақстандағы инвестициялық қорлар жайлы» Заңдар мен т. б. да актілермен реттеледі.

Мұнай саласындағы тікелей инвестицияларды - кәсіпкерлік қызметтің нәтижесінде пайда құралатын немесе әлеуметтік тиімділікке қол жеткізілетін қызметтің басқа да түрлерінің объектілеріне жұмсалған мүліктік және интеллектік құндылықтардың барлық түрлері, капиталдың ел ішіндегі және шетелдегі экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы.

Мұнай саласындағы инвестициялушы елдерге шетелден басқару және техникалық тәжірибелер алуға мүмкіндік береді. Бұндай технология беру артықшылығы капитал ағынының келуінен де басым түседі.

Инвестиция әлемдік экономика және оның жүрегі халықаралық бизнеске елеулі әсер етеді. Экономикалық көзқарас және кәсіпорындар тарапынан оған мыналар жатады:

  • өзі үшін тұрақты нарықты тікелей қамтамасыз ету;
  • өзінің ішкі нарығын құру, оның кейбір секторлары басқа елдердеорналасуы мүмкін; өз мүддесін аймақтық және кең ауқымды халықаралык қатынастарға енгізу.

Экономиканың қай саласында болсын қаржысыз дамымайды. Оны табу, толықтыру мүмкіндіктері түрліше қиындықтар кездестіруде. Ел экономикасын дамытуда ішкі қаржының маңызды екені белгілі, бірақ, ол жеткіліксіз болып отыр. Осыған байланысты шетел қаржыларын тарту басты мақсатқа айаналуда. Алдағы уақыттарда шетелдік инвестицияларды тиімді пайдалану жолдары тұрақты іске айнала бастады.

Қазақстандағы саясат шетел капиталын көбірек тартуға бағытталған.

Инвестициялық саясатты дұрыс шешу, кәсіпорындардың дамуына жағдай жасау, республикамыздың халқын жұмысқа орналастырумен, олардың хал-ахуалының жақсаруымен тығыз байланысты. Отандық өндірісті дамытуға керекті инвестиция табу - еңбекке орналасу дәрежесін көтереді, калаларда жұмысқа орналасуға мүмкіндік туады.

Дипломдық жұмыс кіріспе, қорытынды және үш бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлімде инвестиция, инвестицияны пайдалану, инвестиция түрлері мен маңыздылығы жан- жақты қарастырылады, екінші бөлімде мысалға алынып отырған кәсіпорын қызметіне, капиталды пайдалану жағдайына талдау жүргізіледі, үшінші бөлімде инвестицияның еліміздің элеуметтік- экономикалық дамуына қосқан үлесі және оның элемдік шаруашылықта бөлінуі туралы қарастырылады.

Дипломдық жұмысты жазу барысында мынадай авторлардың әдебиеттері қолданылды: В. В. Бочаров, «Инвестиционная деятельность», А. М. Сейтказиева «Инвестиционная деятельность предприятия»,

Бөлім I. Мұнай саласындағы инвестициялардың теориялық аспектілері және экономикалық маңызы

  1. Инвестициялардың мәні, маңызы және түрлері мен қызметі

Инвестиция - Қазақстан экономикасының нарықтық экнонмикаға өтуі кезінде пайда болған жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлау жүйесінің шеңберінде “Жалпы капиталдық салымдар” деген түсінік қолданылатын, осы түсінік бойынша жаңа құрылыс пен қайта өңдеуге, шаруашылық жүргізіп отырған кәсіаорындардың кеңеюі мен техникалық қайта (өндірістік капиталдық салымдар), тұрғын үй мен тұрмыстық-мәдени құрылысқа (өндірістік емес капиталдық салынымдар) жұмсалынатын барлық қаржылық құралдар түсіндіріледі.

Инвестициялар ақша құралдары, мақастты банкілік салымдар, пайлар, акциялар және де басқа құнды қағаздар, технологиялар, машиналар, қондырғылар, лицензиялар, соның ішінде тауар белгісіне, пайда табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектісіне салынатын интеллектуалды бағалықтар, несиелер кез-келген мүлік немесе мүліктік құқықтар ретінде анықталады және осының бәрі - пайда табу мен әлеуметтік жақсы әсерлерге жету мақстаында. Осы тұрғыда инвестиция түсінігі нарықтық тәсілге жақын келеді. Келтірілген анықтамалар нарықтық және жоспарлық жүйелерде инвестицияның мәнін түсінудегі айырмашылықты көрсетеді. Ресурстардың бөлінуі әкімшілік жүйесі жағдайында меншіктің бір түрімен жүзеге асатындықтан, инвестицияландырудың қаржылық және басқа түрлерінің бар екендігін отандық эконоимкалық ғылым қарастырмады. Жоспарлық экономика жағдайына инвестициялар ағымдағы шығындардан тек бір уақыттық сипатымен ғана айырықшаланатан залал ретінде көрінеді.

Жалпы инвестициялардың жіктелуі:

Инвестициялар нақты инвестициялар және қаржы инвестициялары больш бөлінеді.

Нақты инвестициялар - капиталдың өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына, құрылысқа және т. б. жұмсалымы.

Қаржы инвестициялары - мемлекеттен, басқа да кәсіпорындардан, инвестициялық қорлардан бағалы қағаздар мен акцияларды сатып алуға бағытталған.

Сызба 1. 1. Жалпы инвестициялардың жіктелуі

Бірінші жағдайда инвестор, өзінің өндірістік капиталының көлемін -өндірістік негізгі қорлар мен айналым қорларын ұлғайтады. Екінші жағдайда инвестор бағалы қағаздардан дивиденд алу арқылы өзінің қаржы капиталын ұлғайтады.

Сонымен қатар, инвестициялар тікелей және жанама болып бөлінеді.
Қазақстан Республикасындағы «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қорғау»
Заңы бойынша тікелей инвестициялар - республиканың тәуелсіздік

кепілділігіне байланысты және арнайы техникалық көмек пен грантқа арналған инвестициялардан басқа барлық инвестиция түрлері.

Жанама инвестициялар -қоржындағы инвестициялар, басқаша айтқанда құнды қағаздар мен мүліктік бағалы заттар. Инвестициялық қоржынға кіретін бағалы қағаздар олардың атқарымдық мақсатына қарй ірі банкілердің инвестициялық қоржынына жетекші рольге ие болып отырған меншікті инвестицияларға және қайталама өтімді резервтер дейтінге, яғни өтімді активтерге ең алдымен мемлекеттік міндеттемелерге бөлінеді.

Инвестицияның негізгі түрлері әрбір кәсіпорынның іс-әрекетінің маңызды бір бөлігі инвестициялық операциялар болып табылады, яғни жобаларды іске асырудағы жіберілген ақша қаражаттары жайлы операция.

Инвестициялық капитал салымдарының түрлері:

Сызба 1. 2. Инвестициялық бағыттағы капитал салымдарының жіктелуі

Ақша активтеріне -басқа да жеке және заңды тұлғалардан ақша қаражатын алуға болатын құқық жатады. Мысалы, банкіде -депозиттер, облигациялар, акциялар несиелер, қарыздар, кепілдіктер т. б.

Материалдық емес активтерге -кәсіпорындардың жұмысшыларының қайта жеке оқыту жэне біліктіліктерін жоғарылату арқылы, сауда белгілерін жасау тапқыштық патенттер мен лицензия алу, сонымен қатар жерді қолдануға құқық алу арқылы алынған құндылықтар жатады.

Нақты активтерге байланысты инвестициялар мынадай топтарға бөлінеді:

Тиімділікті арттыруға бағытталған инвестициялар:

Олардың негізгі мақсаты -жабдықтарды ауыстыру, персоналды оқыту және өндіріс қуаттарын өндірістің тиімді жағдайы бар аймақтарға қарай ауыстыру арқылы кәсіпорынның шығындарын азайтуға жағдай жасау.

Өндірісті кеңейтуге бағытталған инвестициялар: Негізгі мақсаты -өндіріс орындарының нарыққа тауар шығару қабілеттілігін кеңейту. Жаңа өндіріс орындарын ашуға бағытталған инвестициялар. Жаңа өнімдер, тауарлар шығара алатын жаңа кәсіпорындар салуға бағытталады. Мемлекеттік басқару ұйымдарының талаптарын орындауға бағытталған инвестициялар: Бұл инвестициялар кәсіпорындардың, мемлекеттік ұйымдардың экологилық стандарттар, өнімнің қауіпсіздігі және басқа да жағдайларға байланысты талаптарын орындауға мәжбүр болған жағдайында қолданылады. Инвестициялардың бұл сыныптамасы тәуекелшілдік деңгейімен байланысты. Инвестициялардың түрлері мен тәуекелшілдік деңгейі төменгі кестеде көрсетілген.

Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық іс-әрекетінің маңызды бір бөлігі өзінің өндірістік-экономикалық потенциялын сақтау және ары қарай дамыту. Кәсіпорынның бұл саладағы іс-әрекеті - инвестициялық іс әрекет деп аталады. Қаіақстан Республикасының «Нақты инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» Заңы бойынша инвестициялық іс-әрекетке инвестицияларды атқаруға байланысты кәсіпкершілік іс-әрекет жатады.

Инвестициялық іс-әрекеттердің субъектілеріне инвесторлар (инвестициялық іс-әрекетті жүргізетін жеке және заңды тұлғалар), тапсырыс берушілер, жұмысты орындаушылар, инвестициялық іс-әрекеттің объектілерін қолданушылар, ге жеткізушілер, заңды тұлғалар (банкілер, қамсыздандыру ұйымдары, инвестициялық қорлар) және басқа да инвестициялық процестің қатысушылары жатады. Тапсырыс берушілерге - инвесторлар және басқа да инвестициялық жобаны іске асырушы жеке және заңды тұлғалар жатады.

Қазақстан Республикасында кәсіпорындардың инвестициялық іс-әрекеттері «Нақты инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы», Қазақстан Республикасы президентінің заң күші бар «Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Шетел инвестициялары туралы» Заңдармен, тағы басқа да нормативтік актілермен реттеледі.

Жоспарланған, іске асырылған инвестициялар инвестициялық жобалар формасын қабылдайды. Инвестициялық жоба - капиталдарын ұлғайту мақсатымен экономиканың әртүрлі салалары мен сфераларына құюға бағытталған, жоспарланған және орындалатын шаралар жиынтығы.

Инвестиция деңгейі қоғамның ұлттық табысының көлеміне ықпал етеді, ұлттық экономиканың көптеген макро-пропорциялары инвестиция қозғалысына тәуелді. Кейнсияндық теория бойынша инвестиция мен жинақ ахуалы (яғни көзі немесе инвестиция резервуары) әр түрлі процестер мен жағдайлар арқылы анықталады. Ел аумағындағы инвестициялар (күтделі қаржы) ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесін анықтайды. Жаңа кәсіпорындар құрылысы, үй тұрғызу, жол салу соларға байланысты жаңа жұмыс орнын жасау инвестициялық процестерге немесе капиталдың құрылуына тәуелді.

Инвестиция көзі - жинақ, жинақты бір шаруашылық агенті жүргізіп, ал инвестицияны басқа адамдар немесе шаруашылық етуші субъектілер жүргізуі мүмкін.

Инвестиция мынадай факторларға тәуелді:

Біріншіден, инвестиция процесі күтіліп отырған пайда нормасына немесе күрделі қаржылық рентабельділігіне тәуелді. Егер инвестордың пікірінше рентабелділік төмен болса, онда қаржыландыру жүзеге аспайды.

Екіншіден, (мұның өзі бірінші жағдаймен байланысты) инвестор шешім қабылдау кезінде күрделі қаржының альтернативті мүмкіндіктерін есепке алады және мұндағы шешуші фактор процент ставкасының деңгейі болады. Инвестор ақшасын жаңа зауыт, фабрика құрылысына жұмсауы мүмкін, немесе ақша ресурстарын банкке орналастыруы да ықтимал. Егер процент нормасы күтіліп отырған пайда нормасынан жоғары болса, инвестиция жүзеге аспайды, керісінше, егер процент нормасы күтіліп отырған пайда нормасынан төмен болса, кәсіпкерлер күрделі қаржыны іске қосады.

Үшіншіден, инвестиция сол елдегі немесе аймақтағы салық салудың деңгейі мен ахуалына тәуелді. Салық деңгейінің жоғары болуы инвестицияны ынталандырмайды, сонымен қатар салықтың қандай ставкасы жоғары немесе төмен деп үзілді-кесілді айтуға да болмайды.

Кәсіпорынның өндірістік -шаруашылық іс -әрекетінің маңызды бір бөлігі өзінің өндірістік -экономикалық потенциалын сақтау жэне әрі қарай дамыту.
Кәсіпорынның бұл саладағы іс -әрекеті -инвестициялық іс-әрекет деп аталады. Қазақсьан Республикасының «Нақты инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы заңы бойынша инвестициялық іс -әрекетке инвестицияларды атқаруға байланысты кәсіпкершілік іс -әрекет жатады.

Инвестициялық процестің қатысушылары:

Сызба 1. 3. Инвестициялық процестің қатысушыларының жіктелуі

Инвестициялық іс -әркеттердің субъектілеріне инвесторлар, тапсырыс берушілер, жұмысты орындаушылар, инвестициялық іс -әрекеттің объектілерін қолданушылар, сонымен бірге жеткізушілер, заңды тұлғалар және басқа да инвестициялық процестің қатысушылары жатады.

Кесте 1. 1.

Инвестиция түрлері мен тәуекелшілдік деңгейінің байланысты жіктеу

3-ТҮРІ:

3-ТҮРІ

2-ТҮРІ:

2-ТҮРІ

1-ТҮРІ:

1-ТҮРІ

4-ТҮРІ:

4-ТҮРІ

3-ТҮРІ:

Жаңа өндірістерді

2-ТҮРІ:

Өндірісті

1-ТҮРІ:

Тиімділікті

4-ТҮРІ: Мемлекеттік
3-ТҮРІ:

салуға

2-ТҮРІ: кеңейтуге
1-ТҮРІ:

арттыруға

4-ТҮРІ: ұйымдардың
3-ТҮРІ:

инвестициялар

2-ТҮРІ: инвестициялар
1-ТҮРІ: инвестициялар
4-ТҮРІ: талаптарын
3-ТҮРІ:
2-ТҮРІ:
1-ТҮРІ:
4-ТҮРІ:

орындауға бағытталған

3-ТҮРІ:
2-ТҮРІ:
1-ТҮРІ:
4-ТҮРІ: инвестициялар
3-ТҮРІ:

Тәуекелшілдіктің

2-ТҮРІ: жоғарғы деңгейі
1-ТҮРІ:

Тәуекелшілдіктің төменгі деңгейі

Тапсырыс берушілерге -инвесторлар және басқа да инвестициялық жобаны іске асырушы жеке және заңды тұлғалар жатады.

Қазақстан Республикасында кәсіпорындардың инвестициялық іс -әрекеттері «Нақты инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы», Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар «Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Салықтар және бюджетке міндетті түрдегі төлемдер туралы» Заңдармен, тағы басқа да нормативтік актілермен реттеледі. Жоспарланған, іске асырылған инвестициялар инвестициялық жобалар формасын қабылдайды. Инвестициялық жоба -капиталдары ұлғайту мақсатымен экономиканың әртүрлі салалары мен сфераларына қүюға бағытталған, жоспарланған және орындалатын шаралар жиынтығы.

Инвестициялық жобаларды құру және іске асыру мынадай кезеңдерден тұрады:

  • Инвестициялық ұғымды қалыптастыру;
  • Инвестициялық мүмкіншіліктерді зерттеу;
  • Жобаны техникалық -экономикалық негіздеу;
  • Жер учаскесін алу немесе жалға алу;
  • Келісім құжаттарын дайындау;
  • Қүрылыс -монтаж жұмыстарын жүргізіп іске беру;
  • Объектіні қолдану, экономикалық көрсеткіштердің мониторингі.

Қандай да болмасын инвестициялық жобаны іске асыруда, соңғы нәтижелерге жетуде белгісіздік және тәуекелшілдік кездеседі. Олар жобаны іске асыру жағдайларына берілген бастапқы берілімдердің, соның ішінде шығындар мен нәтижелердің көлемдері жайлы ақпараттарды толық еместігіне, жобаны іске асыру жолында болған жоспарланбаған жағдайларға байланысты және т. б. Инвестициялық жобаларды іске қосудағы белгісіздік пен тәуекел шіл діктің түрлері мен себептері:

  • экономикалық заңдылықтар мен экономикалық , пайданы қолданудың тұрақсыздығынанпайда болған тэуекелшілдік;
  • стихиялық жағдайлардың мүмкіндігі;
  • Елдегі саяси жағдайдың белгісіздігі;
  • баға динамикасы техника жэне технология параметрлеріжайлы ақпараттың толық еместігі;
  • әртүрлі сауда операциялары мен жеткізушіліктерге ттиым салумүмкіндігінен, шекараның жабылу мүмкіндігінен туған сыркыэкономикалық тэуекелшілдік;
  • нарық конъюктурасы, валюта курсының, несие беружағдайларының ауытқуы;

♦ қатысушы кэсіпорындардың қаржы жағдайлары жэне іс репутациялар жайлы ақпараттың жеткіліксіздігі.

Инвестициялық жобаларды іске асыруда болатын белгісіздік жағайлары мен тәуекелшілдік аяқ астынан болатын құбылыстар. Инвестициялық жобаға қатысушылардың инвестицияға тәуекелшілдіктің әсер етуін тоқтататын екі жолы бар: әртүрлі тәуекелшілдіктерден қамсыздандыру, тәуекелшілдікті бақылау мүмкіндіктерін анықтау. Жобаны іске асыру барысында, шаруашылық жағдайларында, экономикалық заңдылықтарда толассыз өзгерістер болып тұрады. Сондықтан да инвестициялық жобаны іске асыру схемасында осындай өзгерістерді инвестициялық жобаны орындау жағдайындағы ақпаратты қадағалап отыруды көрсету қажет.

Инвестиция тиімділігін арттырудың басты құралы техникалық прогрес болып табылады. Жаңа техниканы ендіру оны экономикалық тиімділігн анықтау қажеттілігін қарастырады және оның пайдалы тиімділігінің ескісімен салыстырғанда мына көрсеткіштермен айқындалмақ; машина станоктың қуаты мен өнімділігі, ондағы деталдары дәл өңдеу және т. б. Сондай -ақ, пайдалы тиімділігінің басты элементі еңбек қауіпсіздігі, қызмет жасаудың ыңайылығы, еңбек тиімділігін арттыру және оны жеңілдету болып табылады.

Кәсіпорын тәжірибесінде жаңа техниканы таңдау мүмкіндігі жоғарыда көрсетілген көрсеткіштермен ғана шектелмейді, онда өндірілген өнімнің бағасы өзіндік құны бойынша да жағдайлар ескеріледі. Инвестициялык ахуал капитал салымының тәуекелдік дәрежесін анықтайтын және оны тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін саяси экономикалық, әлеуметтік және басқа да факторлар жиынтығы. Ең бастысы шетел иевестициялары үшін тартымды инвестициялық ахуал туғызу үшін, тұрақты және болашағы бар шетел инвесторларын табу және оның капиталын басымдылықты салалар, өндірістер, қызмет түрлеріне бағыттау қажет.

Қазақстан экономикасы үшін жақын арадағы он жыл мерзімге шетел инвестициясына деген сұранысты негіздеу, шетел инвесторлары үшін инвестициялық қауіпті азайту, олардың құқығын қорғау және инвестициялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тікелей және портфельдік инвестиция келу ушін ынталандыру, оларды пайдаланудың құқықтық негізін жасау керек. Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан экономикасына шетел инвестициясының тек қана тікелей, портфельдік инвестиция, несие және үкімет заемі түрінде келу көлемі 10 млрд доллардан асты. Жарияланған деректер бойынша инвестиция қүрылымының 49 пайызын -тікелей шетелдік тікелей инвестиция, 1 пайызын портфельдік, 28 пайызын несиелер, 22 пайызын халықаралык қаржы ұйымдарының заемы құрады. Тікелей инвестицияньщ 60 пайызы, мұнай өңдеуге, 5 пайызы газ саласына, 10 пайызы түсі металлургияға салынды.

1. 2. Инвестициялық салымдардың тиімділігін бағалау көрсеткіштері

Инвестициялық салымдардың тиімділігін анықтау және бағалауды, материалдық және заңды түрде тікелей жауап беретен инвесторлар жүргізеді. Қазақстан Республикасында инвестициялық салымдардың тиімділігін анықтаудың методологиясы мен әдістері, меншік формасына қарамастан, жасалынған және 31 март 1994 жылы бекітілген, инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтау және оларды қаржыландыруға таңдап алу жайлы Методикалық нұсқауларды қолдану арқылы негізделеді.

Осы Методикалық нұсқауларға байланысты инвестициялық салымдардың экономикалық тиімділігін бағалауда: коммерциялық (қаржылық) тиімділік - қатысушылар үшін жобаны іске асырудың қаржылық нәтижелерін; бюджеттік тиімділік - жобаны іске асырудан түскен қаржылық түсімдердің жергілікті және аймақтық бюджетке түсімдерін; экономикалық тиімділік - жобаны іске асыруға байланысты долған шығындар мен соңғы нәтижелерді анықтауда қолданылады.

Инвестициялық салымдардың тиімділігі көрсеткіштер жүйесімен анықталады. Ондай көрсеткіштерге:

  • таза дисконтталған құн (ТДҚ) немесе таза дисконтталған табыс (ТДТ) ;
  • инвестициялардың рентабельділігі (ИР), табыс индексі (ТИ) ;
  • табыстың ішкі нормасы (ТІН) ;
  • қайтарым уақыты (Тқай) .

Осы көрсеткіштермен - пайданың жай нормасы, капитал беру, шығындардың интегралдық тиімділігі көрсеткіштері де қолданылады. Инвестицияланған капиталдың айналымдылық коэффициенті кәсіпорынның өзінің дамуына салған инвестицияны қоса есептегенде, оның ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді инвестицияларының айналымжылдамдығын көрсетеді. Алымында - сатудан түскен табыс, бөлімінде - кезеңдегі инвестицияланған капиталдың орташа шамасы:

К О И. К = Д N / Д И + К И

Мұнда: Д И - және К И - сәйкес ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді инвестициялар.

Инвестициялық салымның коммерциялық (қаржылық) тиімділігі табыс нормасын қаржы шығындарымен толтыратын нәтижелердің арақатынасымен анықталады және жоба бойынша толық түрде немесе жобаны инвестициялау үлесіне байланыста жеке қатысушылар үшін де есептелінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының өнеркәсібі мұнай-химия саласы
Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясының түсінігі
«БИАР» ЖШС-нің АҚША ҚАРАЖАТТАРЫ МЕН ОЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ БӨЛУ МЕХАНИЗМІН ТАЛДАУ
Әлемдік мұнай нарығының даму үрдістері
Мұнайгаз саласындағы басқару негізіндегі теориялық аспектілер
Қазақстанның мұнай-газ саласында машина құрастырудың дамуын мемлекеттік реттеу
Материалдық ресурстар - жер немесе шикізат материалдары және капитал
«Қазақстан Республикасының мұнайгаз секторындағы шетел инвестициялары»
ҚАЗАҚСТАННЫҢ МҰНАЙ СЕКТОРЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫ
Кәсіпорынның логистикалық тұжырымдамаларының мәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz