Мұнай газ өндіруші өнеркәсіп және оның Қазақстан Республикасының әлеуметтік экономикалық дамуындағы ролі


Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   

Дипломдық жұмыс

Тақырыбы: «Мұнай газ өндіруші өнеркәсіп және оның Қазақстан Республикасының әлеуметтік экономикалық дамуындағы ролі»

МАЗМҰНЫ

Кіріспе
Кіріспе: 1. ЭКОНОМИКА МЕН МҰНАЙ-ГАЗ КЕШЕНІНІҢ ӨЗАРА
БАЙЛАНЫСТА ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
АСТАРЫ
Кіріспе: 1. 1 Мұнай-газ өнеркәсібінің маңызы және оның экономикалық
жүйедегі орны
Кіріспе:
Кіріспе: 1. 2 Мұнай-газ кешенінің дамуын болжаудың қажеттілігі мен
Кіріспе: маңызы
Кіріспе:
Кіріспе: 2. МҰНАЙ-ГАЗ КЕШЕНІНІҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІН
ҚҰРЫЛЫМДЫҚ- ҚАРҚЫНДЫҚ ЖАҒЫНАН ТАЛДАУ
Кіріспе:
Кіріспе:

2. 1. Қазақстан Республикасының мұнай секторы:

жалпы экономикаға әсер етудің көлемі

Кіріспе:
Кіріспе:
  1. Мұнай-газ кешенінің салалық құрылымы және оның жалпы отын-энергетикалық баланс көрсеткіштеріне әсері
Кіріспе:
Кіріспе: 3. ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА МҰНАЙ-ГАЗ ӨНЕРКӘСІБІН
КЕШЕНДІ ДАМЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ МЕН ЖОЛДАРЫ
Кіріспе:
Кіріспе: 3. 1 Мұнай-газ саласын кластерлік бағытта дамытудың тиімділігі
Кіріспе: 3. 2 Қазақстанның мұнай - газ комплексінің даму жолдары
Кіріспе:
Кіріспе: ҚОРЫТЫНДЫ
Кіріспе:
Кіріспе: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Кіріспе

Экономиканы дамытуда және экономикалық өсуді қамтамасыз етуде мұнай газ кешенінің алатын рөлін айрықша атап өтуге болады. Қазақстанның мұнай газ өнеркәсібі елдің экономикасын дағдарыс жағдайынан шығаратын күш деген көзқарас тұрақталып отыр. Президенттің 2030 ел экономикасын дамыту жөніндегі Қазақстан халқына стратегиялық жолдауында да мұнай газ саласының дамуы республикамыздың экономикалық өсуінің негізгі приоритетіне жатқызған.

Мұнай-газ саласы экономиканың басқа да салаларын дамытуына себеп болды, яғни халықтың өмірлік деңгейінің өсуіне себеп болды. Себебі мұнай-газ өнеркәсібінің дамуы тек тікелей мұнай және газбен байланысты салаларының экономикалық өсіміне ғана әсерін тигізіп қоймай, сонымен бірге ұлттық энергетиканың, транспорттық машина құрылысының, химия және мұнай-химия, жеңіл өнеркәсіп, транспорттық байланыстар, жолдардың құрылымдары, сервис және басқа да салаларының дамуы үшін алғы шарттар тудырды. Көмірсутек қорына байланысты Қазақстан дамуының жаңа этапы дәл осы мұнай-газ комплексінің дамуына байланысты болып келеді.

Өнеркәсіптік мамандандыру бойынша республиканың мұнай-газ саласы өз алдына 4 негізгі салалық бөлімшелерге бөлінеді: мұнай өндіретін, мұнай өңдейтін, газ өндіруші және газ өңдейтін. Бұл салалық бөлімшелер өзара байланысқан және өндіру және өңдеу процесінде бір-бірін өзара толықтырушы болып келеді.

Әлемдегі запастың көлемі жағдайын біздің еліміз мұнай бойынша 12-ші орын (Каспий шельфтерін есептемегенде), газ және конденсат бойынша - 15-ші, ал өңдіру деңгейі бойынша 23-ші орын алады. Қазақстан үлесіне барланған бекітілген әлемдік мұнайдың 1, 5 пайыз тиесілі, бұлар 207 мұнай және газ кен орындарына 2, 2 милиард тонна мұнай запастарын, 690 милион тонна конденсатын және 2 трилион метр куб газ запастарын өндіреді.

Экономиканың старатегиялық маңызды саласы ретінде мұнай өндіру ұзақ бойына елге дамудың тұрақты сипатын, ірі валюталық түсімдері қамтамасыз етіп отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Дағдарыс арқылы жаңару және даму» дағдарысқа қарсы бағдарлама ұсынды. Берілген бағдарламада ел басшысы дағдарысқа қарсы шаралардың негізгі үш бағытына аса назар аудартады. Оның сөзі бойынша басты міндет - елде болып жатқан экономикалық дағдарыс шарттарында Қазақстан халқына ауыртпалықтың түспеуі. Президенттің айтуы бойынша қазіргі дағдарыс Қазақстан үшін алғашқы емес. 90-ші жылдардың басында республикада өтпелі кезең дағдарысы болды. Жылына инфляцияның бірнеше мың пайызы, экономиканың 60%- ға күйреуі сол кездегі дағдарыстың негізгі сипаты болды. 90-ші жылдардың соңында пайда болған дағдарыс Қазақстан экономикасына үлкен соққы тигізді. Бұл кезеңде мұнай бағасы бір баррель үшін 9 долларға дейін қысқарған. Мұнай -республика экспортының негізі екенін есепке ала отырып, елдегі экономикалық күйзеліс көлемін елестетуге болады. Бұл кезенде енбекақы және зейнетақы төлеуге қаржы жеткен жоқ.

Бірақ Қазақстан оның барлығын жеңді. Ел экономикасының жанданауында 2030 жылға дейін мемлекеттің даму жолын анықтайтын, Қазақстан-2030 стратегиясы үлкен роль ойнады. Жаңа бағдарламаны ұсына отырып, Ел Президенті Н. Ә. Назарбаев былай деді: «Қалыптасқан жағдайдан шығу үшін және жаңа өсуге дайын болу үшін біздің қолымызда барлық мүмкіндіктер бар. Дағдарыстар қайталана береді, біздің мақсатымыз-оларды басқара білу». Елдің жетекші экономикалары дағдарысты жеңу үшін он триллион доллардан астам қаржы жұмсаған, ол бүкіл әлемдік ЖҰӨ-нің 15% құрайды. Ал жағдай әлі өзгерген жоқ. 2000 жылы республикада Ұлттық қордың құрылуына байланысты жинақтаудың мақсатты саясаты өткізілді. Қазіргі кезде бюджетке жинаулар 20% ға төмендеген, елде енбекақы және зейнетақы төлеумен байланысты проблемелар жоқ. Ұлттық қор құра отырып, Қазақстан басқа елдерден бір қадам алға жылжып, әлемдік дағдарыс алдында экономикасын тұрақтандырды. Дағдарысқа қарсы шаралар ел экономикасын жай тұрақтандыруға бағытталып ғана қоймай, әлемдік қоғамдастықта өз позицияларын сақтап, дамыған мемлекет ретінде дағдарыстан шығуды қарастырады. Қазақстан Президентінің айтуы бойынша дағдарысқа қарсы шаралар мақсатында қосымша екі триллион 700 миллиард тенге жұмсалған, бұл өз алдына әлемдік экономикалық дағдарысты женуде күшті стимул болып табылады. Қазақстанның мұнай-газ кешені елге триллиондаған қаржы әкеледі. Бұл Қазақстанның отандық өнеркәсіптік өнімінің барлық көлемінің жартысын, жалпы ұлттық өнімнің 30%, республикалық бюджеттің 60% құрайды. Сондықтан бұл сферада мемлекеттің әрбір шешімі көптеген талқылау және шиеленістердің объектісі болады.

Дипломдық жұмыс кіріспе, қорытынды және үш бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлімде Қазақстанның ұзақ мерзімді даму стратегиясында мұнай газ саласын дамыту мен оны тиімді пайдалану көз жетерлік болашақтағы ел экономикасының өсуінің негізгі факторы қарастырылған. Экономиканың шикізат секторынан айтарлықтай табысқа ие бола отырып, мемлекет пен жеке меншік секторларының экономиканың жаңа салаларын дамытуға ынталылықтарының жоқтығы, ал шамалы немесе кедей ресурстары бар елдер, тұрақты өміршеңдік шегінде бола тұра, экономиканың жаңа секторларының дамуы үшін тұрақты әрекеттер мен шаралар қолданады.

Екінші бөлімде Қазақстан мұнай - газ кешенінің экономикаға тигізетін әсеріне талдау жасалған. Қазіргі уақытта республикамыздағы жалпы өнім көлеміндегі мұнай- газ өнеркәсібінің экономиканы құрайтын үлесі туралы айтылған. Қазақстан Республикасының маңызды міндеттерінің бірі - табиғи газға деген қажеттілігін қамтамасыз ету. Қайта өңделетін мұнай сапасы мен мұнай өнімдерін алу жолдарына талдау жүргізілді.

Үшінші бөлімде мұнай газ саласын кластерлік бағытта дамытудын тиімділігі мен Қазақстанның мұнай - газ комплексінің даму жолдары қарастырылды. Отандық қайта өңдеу салалары мұнай газды қайта өңдеу және мұнай химиясы бәсекелестікке қабілетті болуы үшін перспективті бағыттар қарастырылған.

1. Экономика мен мұнай газ кешенінің өзара байланыста дамуының теориялық астары

1. 1 Мұнай-газ өнеркәсібінің маңызы және оның экономикалық жүйедегі орны

Экономиканы дамытуда мұнай газ кешенінің алатын рөлін айрықша атап өтуге болады. Қазақстанның мұнай газ өнеркәсібі елдің экономикасын дағдарыс жағдайынан шығаратын күш деген көзқарас тұрақталып отыр. Президенттің 2030 ел экономикасын дамыту жөніндегі Қазақстан халқына стратегиялық жолдауында да мұнай газ саласының дамуы республикамыздың экономикалық өсуінің негізгі приоритетіне жатқызған.

Мұнай газ саласы экономикадан басқа салалардың дамуына әсер етті, яғни халықтың өмірлік деңгейінің өсуіне себепші, себебі мұнай газдық өнеркәсіптің дамуы тек тікелей мұнай және газбен байланысты саланың экономикалық өсіміне әсерін тигізіп қана қоймай, басқа да саланың дамуының алғы шарттары болып табылады.

Дипломдық жұмыста Қазақстан Республикасы мұнай газ кешенінің дамуы, мұнай газ кешенінің қалыптасуы, Қазақстанның мұнай газ кешенінің қазіргі жағдайын талдау сияқты сұрақтар төңірегіндегі мәселелер қозғалды.

Мұнай газ өндірісі Қазақстан экономикасының қазіргі кездегі тұз көзірі. Рас негізгі өндірістік процестің тізгіні шетелдік компаниялардың иелігінде болғанымен, аталмыш салаға отандық мекеме, кәсіпорындарды көптеп тарту біздің үкімет үшін бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр.

Мұнай-газ саласында біртұтас мамлекеттік саясатты жүзеге асыру бүгінгі таңда өзекті мәселеге айналып отыр. Бұл бірігуді ұйымдық тұрғыдан емес, барлық техникалық ресуртарды бір жерге шоғырландыру тұрғысынан қабылдау қажет. Шынында да бұл жерде эканомикалық мүдде жоғары тұр. Мұндай интеграция- әлемдік тәжірибеде кездесіп жүрген құбылыс.

Біз бұдан он жылғы уақытқа қарағанда біраз алға жылжыдық. Төрткүл дүниенің тәжірибесіне сүйене отырып, көп нәрсені үйрендік. Біз қазір халықаралық стандарттарға сай жұмыс істейтін дәрежеге жеттік. Өзіміздің байлығымызды өзіміз игеретін күнге келдік. Өнім өндірумен оны тасымалдауды бір ретке келтіріп отыратын жеткілікті дәрежедегі заңдық база қалыптасқан. Қазір елімізде менеджментті толық меңгерген мамандардың шоғыры пайда болды. Біз ендігі жерде Қазақстанда жұмыс істеп жатқан шетелдік мұнай компанияларымен үзеңгі қағыстыра алатын хәлге жеттік.

Бүгінгі күні еліміз халқының өмір сүруінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуде тиімді экономиканы құру және де әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің ішінде Қазақстанның лайықты орынга ие болуы жоғары ұлттық басымдылық болып табылады. Оны жүзеге асыру үшін еліміздің дүниежүзілік нарықта сұранысқа ие болып отырған минералды-шикізат ресурстары, көптеген дамушы елдермен салыстырғанда айтарлықтай қарқынмен дамыған өндірістік-экономикалық әлеуеті және оған қоса халықтың жалпы білімінің жоғары деңгейі мен білікті кадрлар әбден жеткілікті. Осы факторларды еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуының ұзақ мерзімді стратегиясы шеңберінде тиімді пайдалану оның тұрақты даму траекториясына шығуына және қоғамның әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығы мен экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жағдай туғызатыны белгілі.

Тұрақты даму мәселелері жаһандық және аймақтық болжаулармен байланысты көптеген зерттеулерде орталық мәселе болуы әбден табиғи процесс. Осыған орай ұзақ мерзімді болашаққа экономикалық өсудің тұрақты дамуы мен шектеулерін қарастыру мәселелері мүлдем бос және дерексіз емес. Өсу шегі жөніндегі осы күнгі саяси пікір сайыс өткен ғасырдың 60-ші жылдарының ортасында басталды. Бұл жылдары Батыстың дамыған елдерінде ресурстық қамтамасыз етілу және қоршаған ортаның нашарлау мөселелеріне жан-жақтылы көңіл аударылды. Дамушы елдерде "жаһандық экономикалық әділетсіздік" пен "батыстың ресурстық империализмі" фактісіне сыни көзқарастың пайда болуымен тура келді. Ал осы уақытта ең дамыған елдерде "алтын миллиард" түжырымдамасы пәрменді дамыды, оған тек халқының жалпы саны бір миллиардқа жуық кейбір елдерде "тұрақты даму" жетістігінің негізі салынды.

Жаһандану жағдайында өркениеттің дамуының жаңа парадигмасы ретінде "тұрақты даму" үғымы бірінші рет 1992 жылы Рио-де-Жанейродағы халықаралық конференцияда қоршаған орта мен даму жоніндегі БҰҰ баяндамасында қарастырылды. 1994 жылгы БҰҰ-ның "Адам әлеуетін дамыту туралы" баяндамасында "тұрақты даму" ұғымының келесідей түсіндірмесі келтірілді; "бұл тек экономикалық өсуді тудыратын ғана емес, сонымен бірге оның нәтижелерін әділ үйлестіретін, қоршаған ортаны бұзғаннан гөрі, ең үлкен мөлшерде қалпына келтіретін, адамдарды кедейлендірмей, олардың мүмкіндіктерін арттыра түсетін даму" Тұрақты даму стратегиясының негізгі қағидалары да тез арада қалыптастырылды, адам өмірінің сапасы; ғаламшарда биологиялық әр түрлілікті сақтау; қалпына келмейтін ресурстардың сарқылмауын болдырмау; құндылық және тәртіптемелік өзгерістерді тану қажеттілігі; қоршаған ортаны қорғау бойынша экономикалық және әлеуметтік даму әрі мәдени мұраның түрлі деңгейлері болатын аймақтар арасында жаһандық ымыраларды іздестірулер сияқты пікірлерді қамтыды. Осыған сәйкес тұрақты даму тұжырымдамасы шеңберінде азды-көпті үш дербес бағыт бөлініп шығады -экономикалық, экологиялық және әлеуметтік, олар, біздің пайымдауымыз бойынша, табиғи түрде біртұтас болып бірігуге тиіс.

Әрбір елдің тұрақты дамуы бойынша аталмыш даму траекториясына шығу үшін қандай себептер мен факторлар ең маңызды болатыны туралы өзінің түсінігі болады. Осыған орай, біздің көзқарасымыз бойынша, еліміздің бірсыпыра әлеуметтік мүмкіндіктері бар. Біріншіден, қоғамдық санада біз ұмтылған нарық экономикасының тұрпаты әлеуметтік бағдарланған нарық шаруашылығы қалыптасқан. ХХ-шы ғасырдың соңындағы нарық экономикасының откен кезеңнің аталмыш экономикадан сапалы айырмашылығы бар екенін іс жүзінде барлық ел жете түсінді. Жаһандану үдерісі нарық экономикасының барлық элементтеріне жаңа сапа беріп, мәні мен роліне әлсулі түзетулер енгізді. Екіншіден, еліміздің дамуындағы мақсаттары мен оны жүзеге асырудың стратегиясын айқын сезінуімен үздіксіз байланысты. Республикада стратегиялық ұзақ мерзімді құжаттардың тұтастық жүйесі әзірленді, ол барлық экономикалық агенттердің шаруашылық қызметі үшін тек сандық және сапалық бағдарлар көрсетіп қана қоймайды, сонымен бірге мақсаттар мен міндеттердің сабақтастығын, оларды жүзеге асырудың тізбектілігін қамтамасыз етеді. Еліміздің тұрақты даму траекториясына шығу мен оны баянды ету үдерісі жеке түсінілетін және басқарылатын болуы тиіс. Мұнда мемлекеттік реттеу мен ұлттық жоспарлаудың ролі өте маңызды. Үшіншіден, Қазақстанның жеткілікті табиғи-ресурстық әлеуеті бар.

Өндіріс пен экспортқа бағытталған шикізат ресурстары ұлттық шаруашылықтың дағдарыстан өткендігін және соңғы жылдардағы жоғары экономикалық өсімді қамтамасыз етуге себепкер болып келе жатқандығын ескерсек, осы өсім болашақта экономикамызды постиндустриалдық дамудан қызмет көрсету мен технологиялық даму жолына шығарудың негізгі факторына айналды. Экономикамызды сыртқы қолайсыз факторлардан сақтау үшін де елімізде жоғары технологиялық өндірісті жеделірек дамыту керек. Елбасы атап көрсеткендей, еліміз көмірсутегі шикізаты мен қара және түсті металлдардың дүниежүзілік нарығында берік орнықты және сонымен қатар республика экономикасының жоғары қосымша қүнды өнімдермен халықаралық еңбекті бөлуде де лайықты орын алуы үшін ұмтылатын болады. Осы орайда мұнай газ өнеркәсібі сияқты экономиканың күретамары саналатын саланы кешенді дамыту мәселесінің күн тәртібіне қойылуы бекер емес. Бұл саланың маңыздылығын айқындайтын бірнеше факторларды атап көрсетуге болады: біріншідсн, экономиканың болашағы бар салаларының қарқынды және тиімді дамуының шикізаттық негізін жасау; екіншіден, халықтың еңбек ету мәдени-тұрмыстық жағдайларын жақсарта түсу; үшіншіден, республикамыздың экспорттық және жалпыэкономикалық әлеуетін арттыру. Енді әлеуметтік-экономикалық жүйені тұтастай алып қарастырсақ, оны жеделдете дамыту, сол арқылы замана көшінен қалыспау міндеті де осы мұнай газ саласының жан-жақты өркендеуінсіз мүмкін емес. Еліміздегі табиғи байлықтар көзінің молдығы олардың өркендеуіне негіз болары сөзсіз. Шынында да, республиканың 80-85 пайызы табиғи-ресурстық әлуетке жатады. Алдымызда тұрған стратегиялық маңызды басымдылықтардың (Қазақстан-2030, индустриялық-инновациялық стратегия және т. б. ) ішінде мұнайгаз саласы алдыңғы қатардан орын алуы жайдан-жай емес. Өйткені бұл сала мен оның өнімдері экономикалық "организмнің" күретамыры іспеттес болғандықтан оның тұтастай және дұрыс қызмет жасап тұруын қамтамасыз етеді. Басқаша айтқанда бұл сала әлеуметтік-экономикалық өсуіміз бен макроэкономикалық тұрақтылығымызды сақтап тұруда шешуші рол атқаратындықтан да ішкі және сыртқы саясатымызды пәрменді жүргізудің бірден-бір кепілі болып табылады.

Тәуелсіз Қазақстанның мұнайы. Өткен ғасырдың 90-шы жылдарының басында республикадағы мұнай мен газдың дайындалған қорлар көлемін ұлғайта алатын ірі кен орындарын ашуды Каспий теңізінің су айдынын игеру есебінен ғана жүзеге асыру мүмкін екені анық болды. Кеңес кезеңінде теңіздің осы аумағында екі рет геофизикалық зерттеулер жүргізілді. Теңіз су деңгейінің түсуіне байланысты оның беті қысқарғанда, теңіз суынан босатылған кеңістікте де іздеу және егжей-тегжей геофизикалық жұмыстар орындалды. Теңіздің суы таяз аумағының едәуір бөлігінде жерүсті геофизикалық зерттеулер жүргізілді. Осы зерттеулердің қорытындыларын кешенді интерпретациялау арқылы қазіргі Қашаған, Центральная, Құрманғазы, Оңтүстік Жамбай құрылымдар тобының контурларына сәйкес келетін ірі құрылымдар белгіленді. Олар ХХ ғасырдың 80-ші жылдарының аяғында «Қазгеофизика» бірлестігінде салынған шағылдыратын бет бойынша Каспий маңы ойпатының жиынтық құрылымдық картасында бірінші рет көрсетілді. 1993 жылы осы карталар CGG француз компаниясымен бірлесіп, жете әзірленді және Атлас түрінде шығарылды. Атласқа түсіндірме жазбада аталған құрылымдардың үлкен перспективалары болжанды. Карталардың атласын сол кездегі ҚР Геология министрлігі мақұлдады, одан кейін ол таратылып, шетелдік мұнай компанияларына, оның ішінде Қазақстанда жұмыс істеуге ниет білдірген «Қазақстанкаспийшельф» ААҚ-қа да берілді. 1988-1989 жылдары осы материалдар КСРО-ның Мемлекеттік жоспарында қаралды және бүкіл аудан КСРО-ның стратегиялық резервтерінің аймағына жатқызылды. 1992 жылдың желтоқсанында Қазақстан Каспийде іздеу жұмыстарын бастау ниеті туралы бүкіл әлемге жариялады. Осы жылдың екінші жартысында қазақстандық мамандар тобы «Каспий теңізінің қазақстандық бөлігін игерудің мемлекеттік бағдарламасын» әзірледі. Каспийдің су айдынындағы мұнай-газ кен орындарын геологиялық-геофизикалық зерттеу және игеру жөніндегі бағдарламаны іске асыру үшін ҚР Үкіметінің 1993 жылғы 13 ақпандағы № 97 қаулысымен «Қазақстанкаспийшельф» мемлекеттік компаниясы құрылды.

1993 жылдың 3 желтоқсанында ҚР Үкіметі SHELL (Голландия), STATOIL (Норвегия), MOBIL (АҚШ), BP (Англия), TOTAL (Франция), AGIP (Италия) шетелдік компанияларымен операторы «Қазақстанкаспийшельф» МК, ал консорциумның директоры Ж. Н. Марабаев болған халықаралық консорциумды құру туралы халықаралық келісімге қол қойды. 1994-1996 жылдары кемінде 100 мың. шаршы км алаңындағы су айдынында сейсмикалық, экологиялық, инфрақұрылымдық және басқа да зерттеулер жүргізілді. Сейсмикалық жұмыстармен Каспийдің қазақстандық секторының аймақтық құрылымы зерттелді, өте көп локалдық тұтқыштар, оның ішінде Қашаған, Құрманғазы, Қаламқас-теңіз және басқалары анықталды, олардың үлкен бөлігі іздеу бұрғылауды орнату үшін нақтыланды. 1997 жылы Қазақстанның Үкіметі ОКИОК консорциумымен өнімді бөлу туралы келісімге (ӨБК) қол қойды және 1999 жылы іздеу бұрғылау басталды. 20 жылдың шілдесінде Консорциум Шығыс Қашағандағы №1 ұңғымада мұнайдың табылғаны туралы жариялады. Сол кезде, ұңғымадан алынған мұнайы бар капсуланы қолында ұстап тұрып, Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Бүгін Қазақстан халқы үшін бақытты күн. Қашағанда мұнайдың ашылуы - біздің тәуелсіздігіміз, болашақта гүлденуіміз, халқымыздың өмірін жақсарту үшін үлкен көмек. Қазақстандықтардың үміттері ақталды» деді.

Шығыс Қашағаннан кейін Батыс Қашаған, Қаламқас-теңіз, Қайраң, Ақтоты мен Оңтүстік-Батыс Қашаған, ал ресейлік секторда Широтное және Хвалынское кен орындары ашылды. Ашылған Қашаған кен орны республикадағы мұнай қорын 35%-ке өсіруге мүмкіндік берді. Қашаған кен орнында алғашқы мұнай 2008 жылы шығуы керек. Қазір Қашағанда және Каспийдің бірқатар басқа да кен орындарында дайындық және барлау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

1. 2 Мұнай -газ кешенінің дамуын болжаудың қажеттілігі мен маңызы

2030 жылға дейінгі Қазақстанның ұзақ мерзімді даму стратегиясында мұнайгаз саласын дамыту мен оны тиімді пайдалану көз жетерлік болашақтағы ел экономикасының өсуінің негізгі факторы болады. Шикізат ресурстарына бай кейбір дамушы елдер, тұрақты экономикалық дамуға қол жеткізе алмағандарын және шикізаттың дүниежүзілік тауар нарықтарындағы конъюнктурасының өзгеруіне байланысты екенін дүниежүзілік тәжірибе көрсетуде. Экономиканың шикізат секторынан айтарлықтай табысқа ие бола отырып, мемлекет пен жеке меншік секторларының экономиканың жаңа салаларын дамытуға ынталылықтарының жоқтығы, ал шамалы немесе кедей ресурстары бар елдер, тұрақты өміршендік шегінде бола тұра, экономиканың жаңа секторларының дамуы үшін тұрақты әрекеттерге шаралар қолданады. Дегенмен, ұзақ мерзімді болашақта шикізат қорлары сарқылады, бұл пайдалы қазбалардың кен орындарының толық пайдаланылғаннан кейін тұрақты даму бағытында елеулі проблемаларды туғызуы мүмкін. Осы орайда, көз жетерлік болашақта тұрақты даму проблемалары материалдық ресурстарды, ең алдымен мұнайгаз ресурстарын тиімді пайдаланумен байланысты болатындығы жөнінде пікірлер қалыптасты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономиканы дамытудағы өнеркәсіптің рөлі жайлы
Мұнай газ өндіру саласындағы инвестициялық саясат
Қазақстандағы инвестициялық қызметтің дамуы
Экономиканы дамытудағы өнеркәсіптің рөлі
Аймақтық өнеркәсіптік саясат
Мұнай секторындағы құлшыныс
Экономиканың инновациялық дамуы жайлы
Инвестициялық саясат пен басқару
Лизинг операциялары
Мұнай өндіру саласының пайдалылық деңгейіне әсер етуші инвестиция көрсеткішінің тренд үлгісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz