Ақпараттық технологияны қолдану ерекшеліктері


М. Әуезов атындағы №7 орта мектеп

Дайындаған:Исабаева А. М.

ІІ санатты математика пәнінің мұғалімі

Атырау-2012ж

Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесі саясатының басты мақсаттарының бірі жан-жақты, жоғары білімді шығармашылық қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. «Білім туралы» заңда білім беру жүйесінің басты міндеті «Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін жағдайлар жасау» делінген. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында мектеп бітіруші түлектердің біліміне қойылатын талаптардың ішінде былай делінген:

- Өз еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыра білу кәсіптік қызмет саласында қажет ақпаратты жинақтау, сақтау мен сұрыптаудың компьютерлік әдістерін меңгеру;

-Өзінің кәсіптік қызметінің түрі мен сипатының өзгеруінің пәнаралық жобалары мен жұмыс істеуге әдістік және психологиялық жағынан дайын болу .

Бұл талаптар-маманға қойылатын талаптар. Педагогикалық қызмет-қоғамдық құбылыс. Қоғамдық қарым-қатынастардың өзгеруі, жақсы білімнің жинақталуы, өндірістің жетілдірілуі, әлеуметтік прогресс педагог қызметінің мазмұндық сипатын өзгертуді талап етеді, себебі ол қоғамның әлеуметтік сұранысын қанағаттандыруы тиіс. Қазіргі кезде мектепте жас ұрпақ тәрбиесі, оның жеке тұлғасының жаңаша қалыптасуы, әлеуметтік дүниеге көзқарасы, жалпы болмысы, ең алдымен, мұғалімге байланысты.

ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Ал бұл сауаттылықтың алғашқы баспалдағы мектептен басталады. Мектеп қабырғасынан теориялық біліммен қатар практикалық білімнің алғышарттарын меңгеру қажет. Ал теориялық білімді практикамен ұштастыру үшін компьютердің қажет екендігі даусыз. Түрлі елдерде болып жатқан жаңалықтармен танысуда, ақпараттар ағымынан қалыспауда интернет, электрондық пошта құралдарын пайдалануға болатыны дәлелденді. Сондықтан білім беруді ақпараттандырудың тағы бір басты бағыттарының бірі оқушылардың интернет желісінде жұмыс істей білуіне жағдай жасау. Интернет желісінде жұмыс істеу оқушыларға әлемдік жаңалықтардан хабардар болып, білімін тереңдетуге септігін тигізеді.

Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты: «Оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту». Білім берудің кез-келген саласында электронды оқулықтарды пайдалану оқуышлардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймайойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен жұмыс істеуге жағдай жасайды.

Қазіргізаман талабына сай барлық мектептерде оқушыларға электрондық оқулықпен білім берілуде. Жаңа оқыту технологияларын қолдану инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай талап етілуде. Компьютерді тиімді пайдалану кейінгі жылдары айтарықтай оң тәжірибе беріп отыр.

Білім жүйесін ақпатараттандыру үрдісін дамыту-отандық оқытуға бағытталған бағдарламалық құралдар дайындау мүмкіндігін ашты. Олардың ауқымы кең болып табылады. Бұлар-бақылау және тестілеу бағдарламалары, компьютерлік ойындар, ақпараттық бағдарлама жүйелері, оқыту орталары, электрондық оқулықтар және мультимедиялық бағдарламалар. Педагогика және техника ғылымдарының қол жеткентабыстары негізінде оқытуға арналған бағдарламалық құралдардың әр түрлерін жасау және дайындау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің республикалық білімді ақпараттандыру ғылыми-әдістемелік орталығының негізгі қызметі болып табылады.

Сонымен қатар электрондыоқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Әрбіроқушы таңдалған тақырып бойынша тапсырмалар орындап, тестілер шешіп, карта және сызбалармен жұмыс істеуге дағдыланады.

Электрондық оқулық арқылы түрлі түсті суреттер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине, мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқуышыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады.

Оқуышлар үшін электрондық оқулық мектеп қабырғасында жүрген жылдарында өздігінен білімін толықтырып отыруға және мақсатты түрде бітіру емтихандарына дайындалуа мүмкіндік беретін ақпарат көзі. Оқущы бұл кезде тапсырманы қызыға орындайды, сонымен қатар өз қатесін табады. Оқушының жас ерекшелігіне сай және әркім шамасына қарай тапсырма орындайды.

Оның тиімділігіне тоқталатын болсақ, оны төмендегідей атап өтуге болады:

- Анықтамалы оқыту элементі арқылы ағымдағы сабақ бойынша анықтамалыққа мүмкіндік алу;

-Мультимедиялық ақпараттық технологияны пайдалану;

-Ағымдағы сабақ бойынша ішкі және сыртқы тексеруді жүзеге асыру;

-Компьютерлік сауаттылығын қалыптастыру;

-Сабаққа деген қызығуышылығын ояту негізінде білім сапасын арттыру.

Электронды оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артқаны байқалады. Сондай-ақ мұғалімдер де өзіне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды сабаққа пайдалану-оқытудың жаңа технологиясының бірі ретінде қарастыруға болады. Ой -өрісі дамыған, шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу үшін, бір-бірімізбен тәжірибе алмасып, кемшілік-жетістіктерді айтып отырсақ жұмысымыз өнімді болады деп ойлаймын.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. «Математика және физика» журналы №5, 2004ж
  2. «Математика» журналы №1, 2006ж
  3. «Математика және физика» журналы №3, 2007ж
  4. «Математика және физика» журналы №2, 2011ж
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпараттық коммуникативтік технологияны пайдаланудың тиімділігі мен ерекшеліктері
Технологияның артықшылықтары
Орта мектепте біріктірілген сабактарда компьютерлік технологияларды пайдалану
Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері
Негізгі мектепте планиметрия курсын оқытуды ақпараттық технология негізінде жетілдіру әдістемесі
Интерактивті тақтаны пайдалану
Оқыту процесін компьютерлендіру проблемалары және перспективалары
Visual basic ортасында сағат бейнесін құру программасы
Физика сабағында ақпараттық технологияны қолданудың тиімділігі
Компьютерлік оқытудың ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz