Тұлғаның қорқынышы



Кіріспе: 3.4

Теориялық бөлім

1.1. Тұлғаның қорқынышы мен мазасыздығын
табиғи апаттарда зерттелуінің психологиялық
астары 5.10
1.2. Тұлғаның қорқынышы мен мазасыздығын зерттеу теориялары мен механизмдері 11.22
ІІ. Эксперименттің зерттеу бөлімі

2.1. Эксперименттің зерттеудің мақсаты, болжамы, міндеттері 23
2.2. Эксперименттік зерттеу барысы 24.29
2.3. Зерттеу мәліметтерін өңдеу 30.33

Қорытынды 34.35

Қолданылған әдебиеттер тізімі 36.38
Кіріспе

Адам баласы табиғатпен етене өмір сүріп келеді. Табиғат бізді қоршаған орта, ол адам баласының санасынан тыс, өздігінен пайда болған дүние. Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Ол адам баласының ғасырлар бойы адамның психологиялық жетілуі табиғат пен адамның әлеуметтік – психологиялық қалыптасуына ерекше ықпалдар әсер ете бастады. Бұл табиғаттың өз мүмкіндігін көрсете, адамның ішкі дүниесіне әсер ететін құбылыстар пайда болды. Табиғат құбылыстарының апаттары : жер сілкінісі, су тасқыны, қар көшкіні адам бойында қорқыныш ұялатып, мазасыздық тудырады. Табиғат құбылыстарының адамға әсері жөнінде Кореленко И.П., Гостюшин А.В., Лебедев В.И., Черноушек М., Душков Б.А. еңбектері болса, қорқыныштың ерекшеліктерін В.А. Андрусенко, В.Б. Сапунов, Ю. Щербатых, мазасыздануды Ч. Д.. Спилбергер, Г.Н. Кассиль өз еңбектерінде қарастырған. Табиғи апаттардың адам психологиясына әсер ете, оның күнделіікті өмірде өзін ұстауы және әлеуметтік-психологиялық тұрғыдағы мінез-құлқының ерекшелігі, жеке қасиеттердің даму процесін қамтиды. Мүмкін болатын табиғат апаттарында адамның жеке қасиеттерімен бірге өзін ұстауы, саналы әрекет ете білуге қам жасау. Апаттардың болуы бұл адам психологиясына сол мезетте ғана әсер ететін ситуациялар емес, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын тіршілік бетіндегі өзгерістер. Тұлғаның барлық сферасы апаттардың әртүрлі қиындықтарын бөліседі.
Жалпы тұлғалық қорқыныш пен үрейленуге келетін болсақ, бұл қазіргі психология ғылымында әлі толықтай зерттелмеген адамның ішкі құбылыстарының бірі. Адамның табиғат пен қоғам дамуында алатын орнын, әрекетін ғылыми деректерге сүйене отырып баяндап, оның мәнін терең түсінуге болады. Жер шары бұдан төрт жарым миллиард шамасында пайда болды деген жорамал бар. Бұдан екі жарым - үш жарым миллиард жыл бұрын оның бетінде ешқандай психикалық құбылыс болмаған. Ұзақ дәуірлерге созылған эволюция нәтижесінде Жер бетінде тіршілік пайда болды. Соның арқасында тірі организмнің сыртқы ортаның әсеріне тітіркену қасиеті оянды. Бұл психика дамуында айрықша мәнді физиологиялық құбылыс. Психикалық бейнелеудің өзіндік сипаты, ең алдымен, жүйке жүйесінің қызметімен байланысты болса, екіншіден, мұндай бейнелеу адам санасында өз таңбасын қалдырып, жан дүниесінің сырына айналады. Адамның психикалық құбылыстарды бейнелеуінің тағы бір ерекшелігі – сыртқы дүние мен болмыстың адам миында қалай бейнелеуіне байланысты. Адамның басында жүйкелік әрекеттің қозуына байланысты, көңіл-күйінің өзгеріп, тамырының соғысы жиілеп кетуі қорқыныш пен мазасыздықтың белгісі. Адам көңіл-күйінің көріністері сезім мен эмоцияны ақыл-ой және сана билейді. Сана-психика дамуының ең жоғарғы сатысы. Кез-келген психикалық процесті адам санасының жемісі дейміз. Сыртқы күшті тітіркендіргіштердің организмге әсерінің күштілігі сондай, олар адамның психикасына күшті әсер етеді. Аяқ астынан қорқыныш барлық әрекетті алып тастайды. Мазасыздық адамды бір орнында тағат таптырмауы да мүмкін. Әсіресе, қалада соңғы жылдары табиғат апаттары туралы әртүрлі алып-қашпа сөздер тұрғындардың мазасын алуда.
Өзектілігі: Адам мен табиғаттың қарым-қатынасы жаңадан ХХ ғасырға аяқ басқан тарихи кезеңде аса маңызды көкейтесті, өзекті мәселелердің қатарына көтерілді. Адамның эмоциялық толғаныстарының ерекшеліктері негізінде зерттеу мәселесі психологиядағы теориялық және әртүрлі қолданыстық мәселелерді шешу өте маңызды. Бұл мәселенің маңыздылығы адамның мүмкін болатын табиғи апаттардағы қорқынышы мен мазасыздығын Алматы қаласының сейсмологиялық қауіпті зонада орналасқанына байланысты зерттеуге алынды.
Адамдардың табиғи апаттардың алдын-ала сезінуі ғылыми тұрғыдан түсіндірілмеген. Сонымен бірге, қарастырылатын жұмыс психологиялық жаңа және өзекті болып табылады.
Мақсаты: Мүмкін болатын табиғи апаттардағы тұлғаның қорқынышы мен мазасыздығын зерттеу кезінде психологиялық әдістер көмегімен қорқыныш пен мазасыздықтың психологиялық сипатын анықтау.
Негізгі міндеттері:
1. Тақырыпқа байланысты шетел және отандық психологтардың
еңбектерін қарастыру.
2. Мазасыздық пен қорқынышты психологиялық зерттеуде әдістер арқылы анықтау.
3. Ғылыми негізделген ұсыныстар келтіру.
Зерттеу пәні: Мүмкін болатын табиғи апаттардағы тұлғаның қорқынышы мен мазасыздығын зерттеу.
Жалпы болжамы: Табиғи апаттардың ықтималдығына байланысты адамдарда қорқыныш пен мазасыздық күйлері бар.
Жеке болжамдар:
1. Жас ерекшелігіне байланысты қорқыныш және мазасыздық күйлерінде айырмашылық болады.
2. Мүмкін болатын табиғи апаттар адамдарда қорқыныш пен мазасыздық тудырады.
Жаңашылдығы: Алматы қаласының тұрғындарының мүмкін болатын табиғат апатына сәйкес қорқынышы мен мазасыздығын психологиялық зерттеу болған емес.
Әдістер:
1. Сауалнама
2. Тейлер пікіртерімі
3. Тұлғаның мазасыздығын бағалау мәселелері
(Ч. Спилбергер мен О.Л. Ханин бойынша)
4. Тұлғаның А типін диагностикалайтын сауалнама

Теориялық маңыздылығы: Мүмкін болатын табиғи апаттарды және тұлғаның қорқынышы мен мазасыздығын сипаттайтын психологиялық механизмдердің талданылуы және осы мәселе бойынша әртүрлі психологиялық еңбектердің қарастырылуы.
Әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиетер:
1. Авазбакиева М.В. Влияние климата Казахстана и Киргизии на организм человека А-Ата Изд-ва АН КазССР,1958
2. Андрусенко В.А. Социальный страх (опыт философского анализа)/ Свердловск: Изд. Уральского ун-та 1992
3. Алдамұратов Ә. Жалпы психология.-Алматы: Білім,1996
4. Айдараалиев А.А., Максимов А.А. Адаптация человека в экстремальных условиях.-М., 1991
5. Бачел Андрей Как подготовить себя к жизни М:Эльф К-Пресс 1994
6. Березина Т.Н. Многомерная психика .Внутренней мир личности М: пер СЭ. 2001
7. Блум Ф. и др. Мозг, разум и поведение – М.: Мир, 1988.
8. Бодров В. А. Информационный стресс Москва 2000
9. Бурлачук Л.Ф., Коржова Е. Ю. Психология жизненных ситуаций. М., 1998
10. Вопросы психологии 6/2001
11. Волович В.Г. Человек В экстремальных условиях природной среды. М. Мысль: 1980
12. Вилюнас В.К. Психология эмоциональных явлений М; Изд-во Моск. ун-та 1976
13. Гостюшин А.В. Энциклопедия экстремальных ситуаций М: Зеркало 1994
14. Гостюшин А.В. Энциклопедия экстремальных ситуаций 3-е изд; доп.М:Зеркало 1996
15. Гофман Ирвинг Представление себя другим в повседневной жизни М: Канон-пресс Ц. 2000
16. Данилова А.Н. Крылова А.Л. Физиология высшей нервной деятельности М: Учебная литература,1997
17. Денис Кун Основы психологии. Все тайны поведения человека М.; ’’ ОЛМА-ПРЕСС’’ 2003
18. Додонов Б.И. В мире эмоции К. Политиздат Украины 1987
19. Джон Платаниа Юнг для начинающих Минск, 1998 Попурри
20. Душков Б.А. Психосоциология человеказнания М. : ПЕР СЭ, 2003
21. Душков Б.А. Психология и география. М. 1987
22. Елисеев О.П. Практикум по психологии
23. Карандашев В.Н. Как жить в условиях стресса СПб Рос.гос.пед.ун-т 1999
24. Коган Б.М. Стресс и адаптация.-М., 1980
25. Кокс Т. Стресс.-М.; 1981
26. Корчемный П.А., Елисеев А.П. Психологическая устойчивость в чрезвычайных ситуациях: Курс лекций. Части І, ІІ, ІІІ-Новогорск, 2000
27. Колесникова Т.И. Мир человеческих проблем: Психологическая концепция здоровья М.: Владос-ПРЕСС, 2003
28. Кореленко Ц.П. Психофизиология человека в экстремальных условиях Л: Медицина. Ленингр. Отд-ние 1978
29. Кирибаум Э.И. Психические состояние Владивосток: Дальневосточ. ун-та 1991
30. Котик М.А. Психология и безопасность. – Таллин, 1989
31. Китаев-Смык Л.А. Психология стресса .М., 1983
32. Кэррол Е . Эмоции человека Издательство Московского ун-та 1980
33. Кирибаум Эдуард, Еремеева Алина Психологическая защита 2-е издание М: Смысл 2000
34. Лебедев В.И. Личность в экстремальных условиях М: Политиздат,1989
35. Левитов Н.Д. О психических состояниях человека М.Просвещение,1964
36. Мир психологии научно-методич. жур № 4 (32) Октябрь-Воронеж 2002.
37. Леонтьев Д.А. Психология смысла:природа, строение и динамика смысловой реальности М: Смысл, 1999
38. Лук А.Н. Эмоции и личность М.: Знание 1982
39. А. М. Иваницкий Мир психологии № 3. 1999
40. Изард К Эмоции человека Пер с англ. М: Изд-во Моск. ун-та 1980
41. Рейковский Экспериментальная психология эмоций М: Прогресс 1979
42. Наенко Н.И. Психическая напряженность/Н. И. Наенко М.Изд-во Моск. Ун-та,1976
43. Небылицын В.Д. Избранные психологические труды. М:Педагогика, 1990
44. Небылицин В.Д. Основные свойства нервной системы человека М,1966
45. Новые исследования в психологии и возрастной физиологии:
(Сб ст /АПН СССР /составители М.Э. Боцманова,С.С.Савватаева)
М: Педагогика-1989
46. Пейсахов Н.М. Саморегуляция и типологические свойства нервной системы. Казань. Изд-во Казань ун-та 1974
47. Практикум по психологии личности Питер Санкт-Петербург Москва-Харьков-Минск 2001
48. Психология эмоции. Тексты /Под ред. В.К. Вилюнаса , Ю.Б. Гиппенрейтер / М: Изд-во Моск. ун-та 1984
49. Психология экстремальных ситуаций : Хрестоматия .-Минск, 1999
50. Психические состояния: Хрестоматия /Сост. Общ. Ред. Л. В. Куликова.-Спб., 2000
51. Позман Л.Я. Психология эмоциональных отношений М. Моск. ун-та 1987
52. В.Б. Сапунов Переживание ужаса при восприятии человеком приматов / Вопросы психология 1994. 4 , 153-156
53. Селье Г. Стресс без дистресса.-М.: Прогресс, 1982.
54. Соколов Е. Н. Теоретическая психофизиология: Учеб: метод пособие для студентов.психол. фак. гос.ун-тов/ М: Изд-во МГУ, 1986
55. Столяренко А.М. Экстремальная психопедагогика М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2002
56. Иванов-Смоленский А.Г. Очерки экспериментального исследования высшей нервной деятельности человека М, 1971
57. Филиппов М Психология человека Спб., Тип. Б.М. Вольфа Б.г.
58. Фрейд З. Сновидения: страх . А. 1990 131-148
59. В.И Фурсов Экологические проблемы окружающей среды.Алма-Ата: Ана тілі,1991
60. Ю.Щербатых Психология страха: Популярная энциклопедия
М: Изд-во ЭКСМО-Пресс 2001
61. Шингаров Г. Х. Эмоций и чувства как формы отражения действительности М: Наука 1971
62. Черноушек Михал Психология жизненной среды. М. Мысль, 1989
63. Человек. Среда. Пространство: (исслед. По психол. пробл. пространств. предм среды. [Сб. статей]/ Тарт. Гос. Ун-т, Каф философии; [Ред кол.: П. Кенкманн и др] Тарту, ТГУ 1979
64. Эверли Дж., Розенфельд Р. Стресс. Природа и лечение.-М.,1986)

Қосымша әдебиеттер:
65. Т. А. Акимова, В.В. Хаскин Экология М.; Издательское обьединение ''ЮНИТИ'', 1998
66. Байжанова Н.С. Нілдібаева Ж.Б. Валеология № 9. 2002
67. б.ғ.д.Мырзаханұлы Н. Валеология № 12. 2002
68. Егемен Қазақстан 16 наурыз 2004
69. География және табиғат № 6 2003
70. География және табиғат № 6 2003
71. Автор – составитель А. С. Степановских Общая экология ЮНИТИ М.; 2000
72. Ұлт тағылымы № 2. 2002
73. Ұлт тағылымы № 4. 2002

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе:
3-4

Теориялық бөлім

1.1. Тұлғаның қорқынышы мен мазасыздығын
табиғи апаттарда зерттелуінің психологиялық
астары
5-10
1.2. Тұлғаның қорқынышы мен мазасыздығын зерттеу теориялары мен
механизмдері 11-22
ІІ. Эксперименттің зерттеу бөлімі

2.1. Эксперименттің зерттеудің мақсаты, болжамы, міндеттері
23
2.2. Эксперименттік зерттеу барысы 24-29
2.3. Зерттеу мәліметтерін өңдеу 30-33

Қорытынды
34-35

Қолданылған әдебиеттер тізімі 36-
38

Кіріспе

Адам баласы табиғатпен етене өмір сүріп келеді. Табиғат бізді
қоршаған орта, ол адам баласының санасынан тыс, өздігінен пайда болған
дүние. Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Ол адам баласының ғасырлар бойы
адамның психологиялық жетілуі табиғат пен адамның әлеуметтік –
психологиялық қалыптасуына ерекше ықпалдар әсер ете бастады. Бұл табиғаттың
өз мүмкіндігін көрсете, адамның ішкі дүниесіне әсер ететін құбылыстар пайда
болды. Табиғат құбылыстарының апаттары : жер сілкінісі, су тасқыны, қар
көшкіні адам бойында қорқыныш ұялатып, мазасыздық тудырады. Табиғат
құбылыстарының адамға әсері жөнінде Кореленко И.П., Гостюшин А.В., Лебедев
В.И., Черноушек М., Душков Б.А. еңбектері болса, қорқыныштың
ерекшеліктерін В.А. Андрусенко, В.Б. Сапунов, Ю. Щербатых, мазасыздануды
Ч. Д.. Спилбергер, Г.Н. Кассиль өз еңбектерінде қарастырған. Табиғи
апаттардың адам психологиясына әсер ете, оның күнделіікті өмірде өзін
ұстауы және әлеуметтік-психологиялық тұрғыдағы мінез-құлқының ерекшелігі,
жеке қасиеттердің даму процесін қамтиды. Мүмкін болатын табиғат апаттарында
адамның жеке қасиеттерімен бірге өзін ұстауы, саналы әрекет ете білуге қам
жасау. Апаттардың болуы бұл адам психологиясына сол мезетте ғана әсер
ететін ситуациялар емес, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын тіршілік бетіндегі
өзгерістер. Тұлғаның барлық сферасы апаттардың әртүрлі қиындықтарын
бөліседі.
Жалпы тұлғалық қорқыныш пен үрейленуге келетін болсақ, бұл қазіргі
психология ғылымында әлі толықтай зерттелмеген адамның ішкі құбылыстарының
бірі. Адамның табиғат пен қоғам дамуында алатын орнын, әрекетін ғылыми
деректерге сүйене отырып баяндап, оның мәнін терең түсінуге болады. Жер
шары бұдан төрт жарым миллиард шамасында пайда болды деген жорамал бар.
Бұдан екі жарым - үш жарым миллиард жыл бұрын оның бетінде ешқандай
психикалық құбылыс болмаған. Ұзақ дәуірлерге созылған эволюция нәтижесінде
Жер бетінде тіршілік пайда болды. Соның арқасында тірі организмнің сыртқы
ортаның әсеріне тітіркену қасиеті оянды. Бұл психика дамуында айрықша мәнді
физиологиялық құбылыс. Психикалық бейнелеудің өзіндік сипаты, ең алдымен,
жүйке жүйесінің қызметімен байланысты болса, екіншіден, мұндай бейнелеу
адам санасында өз таңбасын қалдырып, жан дүниесінің сырына айналады.
Адамның психикалық құбылыстарды бейнелеуінің тағы бір ерекшелігі – сыртқы
дүние мен болмыстың адам миында қалай бейнелеуіне байланысты. Адамның
басында жүйкелік әрекеттің қозуына байланысты, көңіл-күйінің өзгеріп,
тамырының соғысы жиілеп кетуі қорқыныш пен мазасыздықтың белгісі. Адам
көңіл-күйінің көріністері сезім мен эмоцияны ақыл-ой және сана билейді.
Сана-психика дамуының ең жоғарғы сатысы. Кез-келген психикалық процесті
адам санасының жемісі дейміз. Сыртқы күшті тітіркендіргіштердің организмге
әсерінің күштілігі сондай, олар адамның психикасына күшті әсер етеді. Аяқ
астынан қорқыныш барлық әрекетті алып тастайды. Мазасыздық адамды бір
орнында тағат таптырмауы да мүмкін. Әсіресе, қалада соңғы жылдары табиғат
апаттары туралы әртүрлі алып-қашпа сөздер тұрғындардың мазасын алуда.
Өзектілігі: Адам мен табиғаттың қарым-қатынасы жаңадан ХХ ғасырға аяқ
басқан тарихи кезеңде аса маңызды көкейтесті, өзекті мәселелердің
қатарына көтерілді. Адамның эмоциялық толғаныстарының ерекшеліктері
негізінде зерттеу мәселесі психологиядағы теориялық және әртүрлі
қолданыстық мәселелерді шешу өте маңызды. Бұл мәселенің маңыздылығы адамның
мүмкін болатын табиғи апаттардағы қорқынышы мен мазасыздығын Алматы
қаласының сейсмологиялық қауіпті зонада орналасқанына байланысты зерттеуге
алынды.
Адамдардың табиғи апаттардың алдын-ала сезінуі ғылыми тұрғыдан
түсіндірілмеген. Сонымен бірге, қарастырылатын жұмыс психологиялық жаңа
және өзекті болып табылады.
Мақсаты: Мүмкін болатын табиғи апаттардағы тұлғаның қорқынышы мен
мазасыздығын зерттеу кезінде психологиялық әдістер көмегімен қорқыныш пен
мазасыздықтың психологиялық сипатын анықтау.
Негізгі міндеттері:
1. Тақырыпқа байланысты шетел және отандық психологтардың
еңбектерін қарастыру.
2. Мазасыздық пен қорқынышты психологиялық зерттеуде әдістер арқылы
анықтау.
3. Ғылыми негізделген ұсыныстар келтіру.
Зерттеу пәні: Мүмкін болатын табиғи апаттардағы тұлғаның қорқынышы
мен мазасыздығын зерттеу.
Жалпы болжамы: Табиғи апаттардың ықтималдығына байланысты адамдарда
қорқыныш пен мазасыздық күйлері бар.
Жеке болжамдар:
1. Жас ерекшелігіне байланысты қорқыныш және мазасыздық күйлерінде
айырмашылық болады.
2. Мүмкін болатын табиғи апаттар адамдарда қорқыныш пен мазасыздық
тудырады.
Жаңашылдығы: Алматы қаласының тұрғындарының мүмкін болатын табиғат
апатына сәйкес қорқынышы мен мазасыздығын психологиялық зерттеу болған
емес.
Әдістер:
1. Сауалнама
2. Тейлер пікіртерімі
3. Тұлғаның мазасыздығын бағалау мәселелері
(Ч. Спилбергер мен О.Л. Ханин бойынша)
4. Тұлғаның А типін диагностикалайтын сауалнама

Теориялық маңыздылығы: Мүмкін болатын табиғи апаттарды және тұлғаның
қорқынышы мен мазасыздығын сипаттайтын психологиялық механизмдердің
талданылуы және осы мәселе бойынша әртүрлі психологиялық еңбектердің
қарастырылуы.

Практикалық маңызы:
Зерттеу нәтижелері Алматы қаласында

мүмкін болатын табиғи апаттардағы

тұлғаның қорқынышы мен мазасыздығын
зерттеу жалпы психология мен
психофизиологияда сынау мүмкіндігін
береді.

І. Теориялық бөлім
1.1. Тұлғаның қорқынышы мен мазасыздығын табиғи апаттарда зерттелуінің
психологиялық астары
Эволюция процесінде адам арнайы жағдайларға қоршаған орта,
метеорологиялық - климат, әлеуметтік-психологиялық қатынастарға бейім.
Қазіргі замандағы өркениеттің даму барысында адамға жаңа міндеттер
қойылып, принципиалды жаңа әсерлердің пайда болуы, ғылыми-техникалық
революциямен байланысты, өмір қозғалысының, уақыттың бірлігінде өсу
сапасының өзгеруі, әртүрлі ситуациядағы туындайтын жағдайлар,
таптаурындардың әдеттегі шегінен аспайды. Адам баласының табиғатқа
қатынасы қашанда әдемілік негізін қалаған. (70(’’Адам табиғатсыз тіршілік
ете алмайды. Табиғат адамды қайырымды, бір мақсатқа ұмтылған, сұлу жанды
етіп тәрбиелейді. Ол денсаулық, шабыт және шығарманың қайнар көзі’’-дейді
П.И. Мариковский. (73(
Табиғаттың тозуы бұл экологиялық дағдарыс. Бұл - ғаламат опат. Адам
табиғаты қалыпты жетіліп дамуы үшін самал желді, жаңбырдың себелеген
дыбысын, құстардың дауысын, өзен ағынының дамуын тілейді. Адамзат жер
бетіндегі табиғи құбылыстардың бәрінен ләззат алады. (74( Адамдардың
климат-метеорологиялық жағдайындағы территорияларында тұруы, тұрғын үй
комплекстерінің құрылысы, өнеркәсіптің дамуы, психофизиологиялық
бейімділігіне байланысты. Адамның адаптивті ресурстарды максималды қолдану
арқылы өмір сүруі организмнің бейімділігінде қалыптасады. (21(
Табиғи апаттар адамның психологиялық көңіл-күйіне қатты әсер етуінен
қорқыныш пен мазасыздық пайда болып, жеке және топтық жүріс-тұрысқа әсер
ете, сыртқы ортаға күнделікті бейімділігімен іс-әрекетін бұзады.(11(
Мүмкін болатын табиғи апаттардың белгісіз уақытта болу ерекшелігімен
айқындалады. Апаттың мүмкін болатын табиғи түрде басталу процесінің екі
аспектісі анықталған: қауіптілігі мен катастрофаның болу мүмкіндігі.
Қауіпті апатқа адамның психологиясы мен әрекетіне әсерін тигізетін жер
сілкінулер, цунамилер, циклондар, жанар таулардың атқылауы, қар
көшкіндері, су тасқыны жатады. Қарапайым құбылыстардан “кездейсоқ
процесстер” деп, екінші эрозиялар, желдің шаңды көтеруі, құмдардың көшуі.
Мүмкін болатын табиғи апаттар адамдарды жиі өз құрбанына айналдырады.
Соңғы 100 жылда 9 млн. адам су тасқынынан, 1 млн. жер сілкінуден, 1 млн.
қатты желдерден, тайфун және тропикалық циклоннан қаза тапты. Миллиондаған
жандардың өмірін қиған эпидемиялық мүмкін болатын табиғи апаттардың
спутниктері, құрғақшылықтар. Тарихи және әлеуметтік жағдайларға
байланысты территориялардағы экономиканың деңгейі, жерді игеруі,
географиялық аудандар басқа процестермен бірігуі, орналасуы, ауа-райы
құбылысының ұзақтығы мен интенсивтілігіне орай табиғи апаттар болуы
мүмкін. (48(
Тұлға-адамның әлеуметтік сапалы жүйесі. Оның санасы, интеллектісі,
адамгершілігі, адам құндылықтарының дамуы ішкі дүниесі тұтастай сипаты
болып келеді. Адамдар арасындағы қарым-қатынас, ақпараттар тұлғаға өз
әсерін тигізбей қоймайды. Жағдайлардың туындауы, шыдамдылықты сақтау
мүмкіндігінің, әртүрлі дағдарыстарды шешуге әкеледі. (15( Субьективті
нақтылық оның сенім шегінің жоғары болу мақсатымен сәйкестендіру.
Субьективтілікті көрініс ретінде қарастырсақ, жекелей алғанда көптеген
адамдар өзгелер не істесе соны істеуге өзін көндіреді. Экстремалды
жағдайларды сезіну, оқиға барысында өзін меңгеру жағдайлары ескерілмейді.
(30(
Қазіргі өркениетте адамдар өміріндегі қиыншылықтар мен қауіптерді
мүмкін болатын табиғи апаттардың қиянаттарын үлкен мәселе етіп көтеруде.
Жер планетасын және әр адам құндылықтарын сақтауда бұкіл ғалам әрекет
етуде. Сақтауды қамтамасыз ету өздігімен емес, арнайы қызмет көрсету
орындары жүргізу тиіс. Ол адамның жеке өмірін қамтамасыз етуде үздіксіз
үзбей атқарылуы тиіс. Адамдар өмірін сақтауға байланысты міндеттер:
• Мүмкін болатын табиғи апаттардың адамға тигізетін
психологиялық әсерін анықтау;
• Мүмкін болатын табиғи апаттардағы әр адамның дайындығына байланысты
әрекеттері;
• Мүмкін болатын табиғи апаттардан адамда сенімділік пен жеке
мүмкіндіктерінің жетістіктерін мотивтер арқылы қалыптастыру;
• Апаттардың кездейсоқ екендігіне орай бойындағы сапалы қасиеттерді
дамыту (ұстамдылық, әрекетті тез игеру, өзін-өзі басқара білу және
т.б.);
• Апаттар жайында білімдер, дағдылар, іскерліктерді қалыптастыру
• Арнайы топтардың сенімді көмегін ұйымдастыру. Бұл міндеттердің
шешімі адамдардың өмірі мен іс-әрекетінің (тұрғылықты мекен-
жайы, жасы, кәсіби әрекеті, әлеуметтік ортасы, әлеуметтік
жағдайы) ықтималдығына байланысты.
Адамдарды апат болған жағдайда психологиялық тұрғыдан күйі мен
әрекетін, мінез-құлқын тану өте күрделі. Апат-обьективті-субьективті
жағдайлардың реалды жиынтығы, адам болмысының ерекшеліктеріне, оның
өмір сүру әрекетіне белгілі бір уақытқа байланысты сипаты.

Апат-әлеуметтік-табиғи тұтастылық. Қазіргі кездегі апат барысында
адамның психологиясына жүйелі бағытта ерекшелігін анықтап, уақытша
қиындаған функционалды тұтастылықты, адамның ішкі-сыртқы жүйесін
қарастыру. Өзара байланыс, өзара ұйымдасқан, бір-біріне әсер ететін –
адамның шешімі, мінез-құлқы, қылығы, әрекетінің интегралды, оның
қалыптасуының жүйелі өнімі.
Адамның апат жағдайындағы жүйесі:

Апат жағдайының компоненттері:
• Сыртқы орта, сыртқы жағдайлар;
• Тұлғалық- жағдайды бастан кешірген адамның әрекеттті таңдауы:
• Мінез-құлық-адамның жету мүмкіндігі.
Компонентер бір адамның өзінде тұрақтылықты сақтамайды. Біркелкі
оқиғалар, адамдардың индивидуалды ерекшеліктеріне қарай қабылданады.
Бұл негізгі үш компоненттің нәтижесі адамның психикасында сапалық
қасиеттері, процестері, механизмдері басты роль атқарады.(54(
Апат кезінде болған адамның психологиялық құбылыстары:
• Апаттың жеке факторларындағы адамның бағалауы, кез-келген фактор
адамға субьективті қабылданады;
• Апаттың мәнділігі және оған қарым-қатынас, критерийдің мәнділігін
адам кез-келген реакцияда көрсетеді. Апаттың мәнділігі жоғары
болған сайын адамға күнделіктен өмірден жоғары психологиялық
әсерлер күшті реакция береді.
• Апатағы мотивациялық белсенділіктер: адам қандай мақсатпен
ұмтылады, жету белсенділігі мотивацияға байланысты. Кей мотивтер
адамды жетелеп алып шығады. Ұлы қуаттар ұлы мақсатқа жету үшін
туылады, кім мақсатына жеткісі келеді тәсілдерін іздестіреді, кімге
бәрібір себебін іздестіреді.
• Мобилизациялы – жеке мүмкіндіктер, апат барысында дұрыс мінез-
құлық пен әрекет қажет, жетістік пен сақтануды қамтамасыз ету.
• Мінез-құлық, әрекетті, шешімді қабылдаудағы бейімділігін апат
кезіндегі дайындық анықтайды.
• Адамның психикалық күйі. Адамның қолайсыз күйден арылудағы
мүмкіндіктеріне тәуелді.
• Мінез-құлықты басқару- адамның өзін-өзі басқарудағы психикалық
әрекетті өзін-өзі реттеу, өзін-өзі меңгеру, қадағалау, тепе-теңдік
күйін сақтау. (61(
Апаттардың типтері:
1. Обьективті экстремалды апат: Сыртқы ортаның қауіптілігіне
адамның шамасы жетпейді. Ол қиянаттар, қауіптерден,
қиыншылықтардан тұрады.
2. Экстремалды мүмкін апат: Жабық түрдегі қауіптер. Оның обьективті
дамуына адамның тікелей әрекетінен болады. Мүмкін болатын
апаттарды болдырмас үшін байқағыштық, аңғарымпаз, апаттардың
ықтималдық пайда болуын, өсу тұстарын білу және түсіну.
3. Жеке виктимді экстремалды апат: адамның психологиялық және
әлеуметтік қалыптасуының төмендігінен пайда болады.
4. Қиялдағы экстремалды апат: адамның қылығынан емес, қиялында
болады. Олар адамға қорқыныш, мазасыздық тудырып, өзіне
сенімділігін азайтады. (62(
Табиғи апаттардың адамда психикалық күйіне өзгеріс енгізетінн 1979
жылы В.И. Медведев, ’’Апаттың ықтималдығы экстремалды ұғымның
абсолютті болуында емес’’ деп көрсеткен. Психологиялық жағымсыз
күйлердің әртүрлілігі адамның қабылдау мәнділігіне байланысты. Әр
апаттың сипаты адамның белсенділігін талап етеді.
Арнайы белсенділік – адамның қатаң түрдегі ерекше шешімінің
нәтижесінде жетістікке жету бейімділігі.
Арнайы емес белсенділік - өзін-өзі қарсылыққа дайындамау, ерік-
жігердің төмендігі. Адам тек организм ғана емес, ол тұлға ретінде
өзінің күш-қуаты сарқылғанша табиғатпен бірге өмір сүреді. Жағдайға
бағдары, шешім қабылдауы, қылықтар жасауы, әрекетті орындауы,
жеке өмірін қамтамасыз ету және реттеу адам болмысына табиғи
факторлар әсерін тигізеді. Психикалық күйлердің шегіне жетуі адамның
жүйкелік ерекшеліктеріне әсерін тигізеді. Адамның бейімділігі жоғары
болып, тұрақтылығын сақтау тиіс. (48(

1.2. Мұмкін болатын табиғи апаттардың адамзатқа тигізген әсерлері
Табиғи апаттар ішінен адамдарда ерекше қорқыныш қалдыратын жер
сілкінісі. Жер сілкінісі – кенеттен тыс болатын жер дүмпуі, жер қыртысының
кульминациялық құбылысы. Бұл процесс белгілі аймақтарда анықталған және
анықталмаған 10 жылға созылуы мүмкін, адамның психикалық күйіне күшті
әсер береді. Адам көбінесе жер сілкінісінен қорқады. Себебі, жерде өмір
сүргендіктен оның тербеліске ұшырауы, оның ең үмітті өмір сүру
әрекетінің бұзылуына әкеледі. (4(
Жылына Жерде 300 ден 600-ге дейін (7 балдан жоғары) жер сілкінулер
болады. Сейсмолог Дудтың 1867-1964 жылғы каталогы бойынша 1263 қатты жер
сілкінісінң 1004 Тынық мұхитында болғанын көрсеткен. Жер сілкінісі су
астында болған кезде бірнеше метр биіктікте үлкен толқындар болып, жақын
маңдағы аудандарды су шайып кеткен. Жер бетінде осының салдарынан 18
адамдар құрбан болған. Кейбір адамдар жер сілкінісінің қауіптілігін
ескермейді.
Жер сілкінісі қалай байқалады? Мұны халықаралық сейсмикалық шкаланы
қолдана MSSC - 1964 ж. үш фрагментін мысалға келтірейік.
4 балл. Байқалатын жер сілкінісі.
Жер сілкінісін іште отырған адамдар көп сезінеді. Ашық аспан аясында
адамдар онша сезінбейді. Ұйықтап жатқан адамдар оянады, бірақ қорықпайды.
Жүріп бара жатқан жүк машиналарына қысым түсіреді. Терезе, есік, ыдыс-аяқ
салдырлайды. Қабырға мен еден сықырлап, жиһаз қозғалады. Ашық сұйықтар
ақырын тербеледі. Тұрған машина орнында тербеліс байқалады.
7 балл. Ғимараттардың қирауы.
Адамдардың көпшілігі қорыққандықтан үйден сыртқа қашады. Аяқтарын әрең
басады. Тербеліс машина жүргізушілерге қатты білінеді. Кірпішті, үлкен
блокты және панелді үйлердің қабырғаларында жарықтар пайда болып, кесек
штукатурлар бөлінеді. Ауылдың құрылыстарында, кірпішті үйлер бұзылып
немесе қабырғалары терең жарылып, мекендерінің кейбір бөліктері қирайды.
Тасты қоршаулар, құбыр өткізгіштер бұзылады. Судың жоғарғы бетінде
толқындар пайда болып, су лайлы болып өзгеріске ұшырайды.

11 балл. Катастрофа.
Өте жақсы салынған құрылыстар, плотиналар, темір жолдар, транспорт
жолдары, құбыр өткізгіштер толық қирайды. Таулы аймақтар да өзгеріске
түседі. (21(
Әлеуметтік-психологиялық жер сілкінісінің адамның жүріс-тұрысы мен
табиғаттағы өзара қарым-қатынасының әсері қалай пайда болады? Жер сілкіну
болғанда мынандай сұрақтар адамды мазалайды: Адамдар сол өзі тұратын жерде
жер сілкінісі тұрған үйлерін қирататынын біле тұра, неге сол жерде өмір
сүреді?
Мұндай катастрофалардан кейін тірі қалған адамдар сол жерге тұрғын
үйлер салуы?
Маманға сұрақ түсінікті: бірінші адамдар өз тәжірибелерінен біледі,
катастрофаның қайталану ықтималдығы нөлге тең, практикалық тұрғыдан бір
ұрпақтың өмір сүруіне болады.
Екіншіден адамдар туған жерінен кеткісі келмейді. Өз туған жерінен
кетпеуі, алыстамауы бұл экономикалық емес, психологиялық мінез. Туған
жерінен кету, тіпті бұл үй жер сілікінісінен құласа да, туған үйіңді
мәңгілікке тастау. (20(
Адамдардың жер-сілкінісін алдын-ала сезінуі ғылыми тұрғыдан
түсіндірілмеген. Қандай көрінбейтін біздің күнделікті сезімдеріміздің
себептері – адамның жер сілкінісін алдын-ала сезінуінде болуы ықтимал.
(34( Жапонияда жыл сайын жүздеген жер сілкінулер болып тұрады. Ақырын
жер сілкінулер күнде деуге болады. Ал күшті жер сілкінулер жылына бірнеше
рет өте күшті жер сілкіну азырақ болады. Ондай кезде адамдар өліп, көп
шығын шығып, ғимараттар қирап, өртенеді, темір жолдар істен шығады. 1955
жылы жер сілкінуден Кобе қаласы қирап, 5 мың адам өлді. Сондықтан бүкіл
елде оқушыларға, жұмысшыларға жер сілкіну кезінде өздерін қалай ұстауы
керек, қайда тығылу керектігін үйретеді. Жапониядағы ескі және жаңа
ғимараттар жер сілкінісін есепке алынып салынған. Ауа райына сәйкес тірек
ретінде тереңге биік бағана орнатылады. Ал қазіргі кездегі көп қабатты
үйлердің қабырғалары қалың, болат қаңқамен бекітілген болады. Ең алдымен,
электромагниттік өріске көңіл аудару керек. Көптеген жер сілкінісі алдында
жердің бетінде және ауада электромагниттік сәулелердің импульсивті
көрінісі тіркелген.(69( 1948 жылы Ашхабадта үйлердің нашар салынуына
байланысты 110 мың адам құрбан болған. 1966 жылы Ташкентте жер сілкінісінен
кейін алдыңғы және соңғы жылдармен салыстырғанда, стенокардия, инфаркттің
миокардасы, гипертония, мидағы қан айналым бұзылысы, эндокринді аурулардың
көбейгені байқалған. Жердің дүмпулерінің жиілігінен тамыр ауруларының саны
өскен. Тіпті медициналық сейсмологиялық термин – жер сілкінісі синдромы
көрсетілген. 7 желтоқсан 1988 жылы Арменияның Спитен қаласында болған жер
сілкінісі салдарынан 25 мың тұрғын жер жастанып, 17 мың адам
жарақаттанған. 28-29 мамыр 1995 жылы Нефтогорск Сахалин халқының 70%
жойылып кеткен. Болгар ғалымдарының байқауынша, кейбір тіпті сау адамдар
жер сілкінісіне дейін есепсіз қорқыныш, бастың айналуы, әлсіздікті
сезінген. Жер сілкінісінен адамдарда бас сүйегінің, кеуде клеткалары мен
жамбас жұмсақ тканьдерінің соғылуынан зақымданған. (54( Өкінішке орай,
әлеуметтік-психологиялық түрткі адамдардың жүріс-тұрысында аз көрінеді.
Әлеуметтік-психологиялық жер сілкінісінің эффектісі халықаралық ғалымдар
бірлестігінің интенсивті және кең түрде қарастырмаған. (28( Адамның
интенсивті әрекеті табиғи апаттарда жоғарылайды, қауіптенушілігі артады.
Жер бетінің экосистемалары аудандарында жоғары температура әсерінен
біркелкі табиғи процестер бұзылып, экосистема компоненттері өмір сүруін
тоқтатады, өзгеріске ұшырайды. Табиғи өрт болу салдарынан адамдар күйік
және механикалық жарақаттар алады. Әртүрлі географиялық ортада өзінің
арнайы жағдайы туындауына мүмкін болатын апаттың қауіптілігін адам
ескермейді. Таулы аудандардағы көшкіннің қауіптілігі өткір мәселе тудырып
отыр. Көшкіндердің құбылысы адамда паникалық қорқыныш шақырады.
Көшкіндер 200 кмсағ жылдамдығы, тебу күшінің жоғарылауы 100 т-м2, қар
көшкінінің көлемі 2-3 млн м3 дейін жетеді. (26(
Әдебиеттерде көшкіндермен байланысты аз айтылмаған. 16 наурызда 2004
жылы Алматы облысы, Талғар ауданы, Талдыбұлақ ауылындағы қалың жауған қар
мен жаңбырдан болған табиғат апаты 28 адамның өмірін қиған. Мұндағы табиғат
апатын тұрғындар былай сипаттаған: ‘’Арт жақтағы биік дөңнің ортасы
қуыстанып жарылғанына бірталай уақыт болған. қар суы мен жаңбыр суы оның
ішіне әбден сіңіп, тұла бойын кернеген. Қара топырақты қой тасты жыныстың
жапсары сөгілген сәтте ол дес бермейтін өте жойқын лай тасқынына айналған.
Қысқасы таудың қия беткейі сырғып, екі қабатты тұрғын үй мен оның
алдындағы пәкене құрылысты құрдымға жіберді. Бірінші қабатта
орналасқандардан тірі қалған жан жоқ. Олармен бірге көрші тоғыз қытай
азаматы да опат болды. Мұндай алапат лай көшкіні бұрын-соңды ел өмірінде
ешқашан тіркелмеген екен. Қаралы хабар тек жетісулықтарды ғана емес, күллі
алаш баласын аһ ұрғызып, қабырғасын қайыстырды’’. (68( Бірінші дүние
жүзілік соғыста, австро-италиялық соғыста 50 мың сарбаз қар көшкінінен
қайтыс болған. Австрияда қар көшкінініен бірнеше ауылдар жоғалып кеткен.
Таулы аймақтарда өмір сүретін адамдарда қар көп жиналған сайын қорқыныш
пайда бола бастайды. Көшкіннен қорғану екі категорияға - инженерлік және
профилактикалық болып бөлінеді. Инженерлік қорғауда көшкіндерден қауіпті
құбылыс орындардан қашу мүмкіндігі жоқ кезде қолданады. Көшкіннен қорғануға
галерея, көшкінді тоқтату, бетонды тосқауылдар, қар ұстағыш шиттар, тас
қамалдар. Профилактикалық тұрғыда қорғану көшкіннің қауіптілігін болжау
туралы ауа-райы, көшкіннен сақтану шаралары, вибраторларды қолдану.
Жанар таулар атқылауы. Жер бетінде 80-ге жуық жанар таулар атқылауы
адамдар психологиясына әсер етеді. Негізгі қойылған міндет адамдардың
жүріс-тұрысының қалыптылығын және жанар таулар атқылайтын аудандарда
адамның шаруашылық әрекетін сақтау. Жанар таулардың атқылауы адамдардың
өміріне қауіп төндіреді. Адамдардың тұратын жерінің алдымен геологиялық
орнын ескеру керек. Осыдан кейін жанар таулардың физикалық сипатын және
атмосфералық жағдайын атқылау кезін байқау ерек. Басты мәселе жанар
таулардың атқылау белсенділігінің бастамасын анықтау. Аймаққа насихат
жүргізуде дұрыс қарым-қатынас қолдану.
Тропикалық циклондар. Тропикалық циклондар адамға әсер етеді.
Тропикалық циклондардың бірі қатты дауылдар, жаңбыр, толқындар.
Тропикалық циклондарға тән атмосфералық қысымның 60-тан 100 мбар кенеттен
өзгерісі, циклондардың болуы атмосфералық қысымның желмен бірге теңіз
суындағы толқынды 14 м. биіктікке көтеруі мүмкін. Тропикалық
циклондардың адамдардың өлімімен ғана емес, экономикалық шығын әкеледі.
Жыл сайын мұхиттарда 80-нен 100-ге дейін тропикалық циклондар болады.
Цунами. Су асты жер сілкінулері, ұзақ мерзімді мұхит толқындары.
Тынық мұхитттағы көптеген елдердің өмірі теңізбен байланысты. Солтүстік
және Оңтүстік Америкада, солтүстік-батыс Еуропа жағалауында және
сейсмикалық белсенді зона Кариб теңізінің шығыс бөлігінде көптеген
адамдар өміріне қауіп әкелген табиғат апаттары болды. Тарихи және
статистикалық мәліметтер бойынша әлеуметтік-экономикалық және
психологиялық тұрғыдан емес қоғамға өз әсерін тигізді. Осындай
құбылыстардың аймақтарға байланысты белгілі психологиялық ахуалды
түсіндіруге әлі психологиялық мүмкіндік жоқ.
Өрттің ролі. Өрт жердегі маңызды экологиялық фактордың бірі. Адамның
интенсивті әрекеті жоғарлайды, адамдардың денсаулығына, шаруашылық
әрекетіне зиян келтіреді. Өрттің температурасы 700-900 градусқа дейін
болса, 1500-2000 килокалорий денені шарпиды. Бұған қоса улы түтін,
жарылыстардың жер бетінің геологиялық құрамында өсімдіктерге тигізетін
зияндылығы көп. Ол адамның даму мен қоршаған ортаға әсері бар. Жер
бетінің көптеген экосистемалы аудандарында өрт маңызды рол атқарады. Өрттің
салдарынан жоғары температурада бір процестер бұзылып, кейбіреуі өзінің
өмір сүруін тоқтатып, толық өзгеріске ұшырауы мүмкін. Өрттің салдарынан
адамдар зардап шегіп әртүрлі механикалық жарақаттар алуы мүмкін, сонымен
қатар күйген тамақтармен улануда кедеседі. Мұның бәрі адамдарға жүйкесіне
ауырлық түсіріп, организмнің жалпы қызметінің бұзылысына әкеледі. Адамның
психологиялық күйіне әсері өте зор. (28(
Адам түрлі географиялық ортада өзінің арнайы жағдайын жасай, табиғат
апаттарын қай уақытта болатынын білмей қапы қалады. Адамның мінез-құлқы
мен қабылдауы, эмоционалды ерік-жігеріне тәуелді. (56(
Әртүрлі жағдайлар адамға жағымсыз психологиялық әсерлер мүмкіндігін
қамтиды. Көп нәрселер адамның тұлғалық ерекшеліктеріне, қолайсыз
факторларға қатынастың тұрақтылық дәрежесі, өзін-өзі басқарудың жеке
мүмкіндіктеріне тәуелді. (35(
Мүмкін болатын апаттарға әрекет пен мінез-құлықтың нашар дайындығы қолайсыз
әсер туғызады. Мүмкін болатын апаттарға дайын әрекет пен мінез-құлықтың
ұстамдылығы жағымды әсер туғызады. Сондықтан мүмкін болатын табиғи
апаттарға субьективті-обьективті даралық-құбылыс пайда болады. Көптеген
бұқаралық ақпараттарда мүмкін болатын табиғи апаттардың жағымсыз
жағдайлары көп. Жағымды-жағымсыз алғышарттары жиіленіп, бірақ ол
адамдардың өзінде аз дайындалады. Арменияда жер сілкінісінен кейін 86%
азаматтар дәрігерлер мен психологтар зерттеуінше алғашқы 5-10 күнде
бойкүйездік пайда болып, 36% есін жоғалтып алған. (54(
Мүмкін болатын табиғи апаттар адамның денсаулығына ұзақ әсер етуі
мүмкін. Адамдардың жарақат алуы мен бұзылысы жүйкелік-психикалық
реакцияға реактивті психоздар тудыруы, психикалық әрекетке уақытша
бұзылушылығы нәтижесінде психикалық жарақаттар пайда болады. Адамның
әлеуметтік-психологиялық қысымы мен мінезінің айырмашылығына байланысты.
Адамға табиғи апаттар құбылысының әсері психикалық қысым түсіреді. Жер
сілкінісі немесе қатты жел адамның психикасына қатты әсер ете, әртүрлі
қорқыныш пен мазасыздану туғызады. (12(
Катастрофалық мазасыздану – кездейсоқ апаттардағы жоғары күштің
әсерінің жиынтығы, адамдарда ұйымдаспаған қысымның түрі. Катастрофалық
мазасызданудың даму жағдайы адамдардың әрекетінде болмаған процестердің
әсері, олардың мінез-құлқына өзгеріс әкеледі. Адамның бейімделмеген
жағдайында жүріс-тұрыс реакциясы қажетсіз болып табылады. Табиғи апаттағы
болған әрекеттер, адамның жүріс тұрысындағы ерекшеліктердің айтылуы,
экстремалды жағдайлардың әсерінен көңілде қорқыныш ұялайды. (26( Мұнда жас
ерекшелігі, денсаулығы, білімі, жанұялық жағдайы, аналогиялық
ситуациялардағы тәжірибесі мен басқа факторлар ерекше роль атқарады.
Адамдардың жүйкесінің бұзылуынан организмнің қызметі өзгереді. Адам уақыт
кеңістігінде тұрады. Қандай уақытта тұрмасын адамда өткені мен болашағынан
өмір сүріп отырған уақыты қорқыныш пен мазасыздық тудырады. (17(

2.1. Тұлғаның қорқынышы мен мазасыздығын зерттеу теориялары мен
механизмдері
Механизмдерге түсетін қысымның көп болуы, организмнің төзімділік
бейімділігі бұзылып, өзгеріске әкелуі мүмкін. Психофизиологиялық саулықтың
рамкасындағы өзгерулер оның психикалық деңгейіне тиісті. Сондықтан мұны
психологиялық әдістер арқылы зерттейді. (18( Психикалық теңдіктің
өзгерулерін алдымен фрустрациядан бастаған жөн. Психологиядағы қиын
ситуациялардың әсерін фрустация зерттейді. Фрустация термині психологияда
екі мағына береді:
1. Қолайсыз жағдайда, белгілі мақсатқа жету жолындағы кедергі немесе
бас тартуы;
2. Туындайтын кедергілер күйі (Хилгард, 1962).Фрустациялық оқиғалар
жүріс-тұрыстың нақты типін көрсетеді. Фрустация жағымды және
жағымсыз реакциялар деп екіге бөлінеді.
Жағымды реакциялар конструктивті шешім, жетістікке жетудегі кедергіні
бөлісу. Мәселені шешудегі бағытты күшейтуге ұмтылу. Көптеген техникалық
дамытудағы ғылыми жаңалықтар, жетістіктер, мәдениет адамдарының өміріне
фрустрация стимул болған.
Жағымсыз реакциялар фрустрациясы конструктивті емес жүріс-тұрыстың
әртүрлі формаларын шақырады. (29(
Фрустрацияны психологиялық тұрғыда анықтай, мұның бәрі психологиялық
стресске әкеледі. Психологиялық стресті соңғы 4-5 жылда шетел және
еліміздің ғалымдары адамның әлеуметтік өмірі мен еңбек әрекетінде
қарастыруда.(25( Стрестің физиологиялық негізі-американдық физиолог
У.Кенноның (1871-1945) гомеостазис (бұл терминнің мәні-ішкі организм
қызметінің қалыпты жағдайы дегенді білдіреді) туралы ілімі мен Канада
ғалымы Г. Сельенің организмнің сыртқы күшті тітіркендіргіштерге өздігінен
икемделіп қорғану жөніндегі зерттеуі. (27( Мұндай тітіркендіргіштердің
организмге әсерінің күштілігі сондай, олар адамның денесіне, жүйке
жүйесіне, психикасына күшті әсер етіп, сезімдік – эмоциялық жағдайын
шиеленістіреді. Стрестік жағдай адамның мінез-құлқына күшті әсер етіп,
қалыпты жағдайларды ауытқуға ұшыратады, ол бей-берекет қимыл-қозғалыстар
жасайды. Адамның психикалық процестері-қабылдау мен ес, зейін әдеттен тыс
қателіктер жібереді. Адам ашушаң қызба болады. (3(
Жасыратыны жоқ қазіргі кезде адамдарға стресогенді факторлар әсер етуі
өсу үстінде. Стресс сөзі көбіне адамның денсаулығына жағымсыз әсерде
қабылданады. Стресс – организмнің бейімделу реакциясы, оның психикалық
тепе-теңдігін қалпына келтіруге бағытталған. Бірақ, кейбір жағдайларда
әсері өте күшті стрессогенді факторлар мен стресс-реакциясының жауабы
организм жүйесі мен жүйелердің зақымдалуына әкелуі мүмкін. Әр адамның
индивидуалды психологиялық ерекшелігіне байланысты бірдей оқиғалар әртүрлі
және әрқалай қабылданады. Дәрігерлердің бақылауының нәтижесінде аурудың
шығуы психоэмоционалды стрестегі мазасызданумен өзара байланысты деп
көрсетеді .(41(
Зерттеу барысында, өмірдегі оқиғаларға дәрігерлер балмен есептеу
жүргізгенде, ауруға бейімі бар адамдар тобы анықталды. Басқа
зерттеулердің нәтижесінде тәуекелге бел буған адамдарда белгілі бір әсерге
жауап беруі байқалған. Мұндай жағдайда, тұлғаның стресс – коронарлық
профилін айтуға болады. Адамның психологиялық реакциясы, оның иммундық
жүйесі мен өмірдегі маңызды жүйе реакцияларымен тығыз байланысқан. Бұл,
психоэмоционалды стресс эмоционалды мазасыздануға жауап береді. Стресті
шығару стресс факторының аяқталуының бастапқы іс-әрекетіне әсер етуі.
Адам организміндегі стрестің биохимиялық және физиологиялық өзгерулерін
қарастырамыз. Канадалық ғалым Ганс Селье: стресс – организмнің кез-келген
талабына тәуелді емес – деген. Организмде пайда болған арнайы емес
белгілерге тойтарыс береді, оны Сельенің үштігі деп атады Олар мыналар:
Бүйрек үсті безінің ұлғаюы;
Тимус көлемінің кішіреюі (иммун жүйесі);
Асқазан мен ішек жарасының пайда болуы
Стресс дамуын Г.Селье 3-ке бөлген:
Үрейлену 2. Төзімділік (резистенттік) 3. Әлсіреу
Әр кезеңнің өзіне тән айырмашылығы бар. Стрестің дамуында үлкен роль
гормондарға қатысты. Негізгі гормондары адреналин, кортизол және инсулин
болып табылады. Үрейлену кезеңінде гипоталамус либеринді, гипофиз
аденокортикотропт гормонын бөліп шығарады. Бүйрек үсті бездерінде кортизол
синтезі ұлғайып, ал гипоталамуста – адреналин аденокортикотропт түзіледі.
Гипофиз әсерінен қанда вазопрессин гормонының бөлінуі ұлғаяды.
Адреналин мен вазопрессин қан тамыры саңылауларын қысып, артерия қысымы
жоғарлайды. Қан айналымының таралымы жүректе, тыныс жолдарында, мида
ұлғаятын болса, құрсақ ішінде (көк ет, бауыр) мүшелерінде азаяды. Үрейлену
кезінде энергия қоры бауыр гликогені, содан кейін энергия қоры липидтер
және олардың ыдырау өнімдері – бос майқышқылдары болып табылады. Бұл бос
май глюкозаға қарағанда алты есе энергияны көп бөлгендіктен дене
температурасы жоғары болады. Липидтердің жетіспеуінен адреналин ақуызға
айналып глюкоза түзіледі. Бірінші кезекте құрылымсыз ақуыз, оларға
лимфоцит ақуызы – иммундық жүйенің жасушасы қолданылады.
Лимфоциттері жойылған генетикалық бөгде жасушалар (микробтар, вирустар,
рак жасушалары) антигендер деп аталады. Антигендерге жауап ретінде антидене
– ақуыз-иммуноглобулин бөлінеді. Антидене антигенмен байланысады, кейін
бұл комплексті фагоцит-жебір жасушалары жояды. Негізгі жолы олар бос май
қышқылдарына ыдырап, тотығады, ал екінші жолда липидтің қышқылдана тотығуы
түзіледі Бірінші жолда – АТФ-энергияның басты қоры, екінші –жоғары
химиялық белсенділігі бар бос радикалдар. Бос радикалдар фосфолипидті
мембрана жасушаларына тойтарыс бере, нәтижесінде қышқылдар бірігіп,
липидтердің қышқылдана тотығу процесі түзіледі.(24)
Үрейлену деңгейі әсерінен кортизолдың иммунды жасушалары бұзылып,
иммунитет төмендейді, асқазанда, бауырда, жүрек бұлшық еті мүшелерінде
қабыну процесі мен зақымдану жүреді. Бұл кезде организмнің өз ұлпасында
ақуыздарға қарсы антидене өңделеді, оны аутоантидене деп аталады. Әсіресе
аутоантидене саны липидтердің қышқылдана тотығу нәтижесінде жоғары
деңгейде болады, бұл кезде аутоантидене ми және көздің торлы жасушаларына
қарсы түзіледі. Резистенттік кезеңінде лимфоциттер саны көбейіп, қалыптасу
процесі басталады. Егер резистенттік кезеңінде организмнің гомеостаздық
күйі қалпына келмесе, әлсіреу кезеңіне өтіп, ұлпалардың жойылуы тән.
Адреналин мен кортизол максималды, инсулин минимальды бөлінгенде организм
әлсіреп, өлімге соғуы мүмкін. (16( Адамдар стрессорлар әсерінен шешім
таба алатынына қабілеті мен мүмкіндігінің бейімділігіне байланысты екені
сезінеді. Ондай күйде эффективті жауап беру және когнитивті реакциялардағы
жағымсыз эмоциялардан алыстату. Біз стрессорларды қарастырғанда негізгі
кілті болып қорқыныш табылады. (32( Шынында қорқыныш физикалық,
эмоциялық және когнитивті реакцияларға толық комплестің жауабы. Физикалық
деңгейде біз терлейміз, тыныс алуы жиілеп, бұлшық еттері жиырылып және
жүректің соғуы жиілейді. Өңі сұрланып, денесінде бірнәрсе жүргендей,
еріндері дірілдеп, құсқысы келеді. Егер ситуация қауіпті болған жағдайда,
біз мынандай эмоцияны сезінеміз, яғни адамның денесі мұздап, үрейленеді.
Сонымен қатар, қорқыныш дүниені қабылдауға әсер етіп шоғырландыруға кедергі
жасайды. (60(
Нейрофизиологиялық деңгейде қорқыныш нейрондардың белсенділігіін тез
жоғарлатады. Томкинс бойынша эмоцияның үш түрі интенсивтілікке байланысты:
таңдану-шошу; қорқыныш-қауіп; қызығу-қозу. Туғаннан және жүре қабылдаған
бұл үш эмоцияның айырмашылығында адамды күтпеген стимуляцияның жоғары
мәнділігіне әкеледі. Күтпеген және кенеттен болған оқиғалар таңдану мен
шошудың белсенділігін арттырып, нейронды стимуляцияның интенсивтілігін
жоғарлатады. Одан да жоғарлау қорқынышқа әкеліп, ең жоғарғы сатысы қозуға
әкеледі. (38(
Боулби және Грэй қорқынышты детерминанттар немесе ‘’табиғи стимулдар
кілті’’ қауіптілікті көрсеткендей, қорқыныш белгілі роль стимуляция
деңгейінде емес, селективті белсенді рецепторлы органдарда белсенділігі
артады деп көрсеткен. Шошу, қорқыныш және қызығу-қозу жекеленген
компоненттерде пайда болады. Олардың арасындағы тұрақсыз теңсіздік,
теориялық тұрғыда маңызды мағына болып, мазасыздықты зерттеуге жол табады.
Қорқыныштың себептері әртүрлі оқиғалар, қауіптер.
Боулби бойынша қорқыныштың себебі, қауіптің болуы және алдын-ала
қамтамасыз ету.
Грэй қорқыныш деп оқиға күткен уақытта немесе сол орында болмайды деп
көрсеткен. Алдын-ала туындайтын қорқыныш контекстке тәуелді,
темпераменттегі индивидуалды айырмашылыққа және орналасуына, тәжірибеге,
тұлға жасына байланысты деп қарастырған. (33(
Қорқынышта кез-келген адам немесе обьект өзінің заты болып көрінеді.
Кейде қорқыныштар нақтылықпен байланысты емес болып, мұндай қорқыныштар
түсініксіз күйде қалады. Қорқыныш кейде уайым, балалық шақта қалыптасқан
сезімдердің байланысы. Жиі болған уайымның арқасында қорқынышпен байланысты
мазасыздық туындайды. Қорқыныштың себептері төрт класқа бөлінеді:
1) сыртқы оқиғалар және процестер;
2) еліктеу және қажеттіліктер;
3) эмоциялар;
4) субьектінің когнитивті процестері.
1. Сыртқы оқиғалар мен процестер. Бұл бөлім оқиғаның бастысы, қорқыныш
шақыра және нейрон процестерін қоса эмоцияның белсенділігін арттырады.
Қорқыныш өзінің интенсивтілііне тәуелді бола алдын-ала сезіну,
сенімсіздік, толық түрде өзін қорғай алмайды. Үміттің көрінбеу сезімі,
қауіптілік сезімі және бақытсыздық болып көрінеді. Адам өзінің
психологиялық ‘’Меніне’’ қауіптің келуін сезінеді.
2. Еліктеу және қажеттіліктер. Адамның уақыт бірлігіне байланысты туындаған
қорқыныштар. Қорқыныштың себебі ретінде еліктеу және гомеостатикалық
процестердегі эмоциялық пен когнитивті процестерді салыстыра гомеостазиске
еліктеу және сақтау қорқыныштың маңызын арттырады. Еліктеу соншалықты
маңызды, ол өсу дәрежесіне түскен кезде, эмоция тудырады. Кейде қажеттілік
ауада сондай күшті, еліктеу белсенділігін туғызады, қорқыныш глобалды
реакция бола, ашу тудырып, ауырсынуды күшейтіп, реакцияны белсендіреді.
2. Эмоциялар. Эмоциялық күйлер. Қорқыныш эмоциялық үлкен күшті,
индивидтің мінез-құлқына, ойына, қабылдауына, байқамай әсер етеді. Басқа
эмоцияларға қарағанда адамға ұстамды әсер етеді. Қорқынышта қабылдау
шектеліп, адамның перцептивті өрістегі үлкен қабылдау мүмкіндігінің
қызметі тоқтайды. Ойды баяулатып, көлемін ригидтейді. Бұлшық еттер
қысымға келіп, индивид мелшиіп қатып қалып, қозғалмай тұрып қалады.
Қорқыныш мінез-құлықтағы еркіндік дәрежесін тоқтатады.
3. Субьектінің когнитивті процестері. Таным процестерінде қорқыныш болған
жағдайдағы күйі. Когнитивті процестер қорқыныштың себептерін қарастыра,
еске түсіру мен елестер қорқыныш тудыруға жетеді. Егер адам қателікті
қауіптің негізі деп санаса, ол қорқыныш. Кез келген оқиға болжам
қалыптастыру және антисипация, тікелей кездесу арқылы қорқыныш негізін
тудырады. (47(
Томкинс бойынша қорқыныш ’’кенеттен тыс бостандық күшті және ұзақ болса
қорқыныш, толық болса қуаныш, ал толық емес түрде мазасыздық әкеледі’’.
(38(
Қорқыныштың детерминанттары:
1. Туа пайда болған детерминанттар. Грэй қорқыныштың барлық себептерін
төрт категорияға бөлген:
1) интенсивті;
2) жаңашыл;
3) эмоционалды өңделген синалдар себептері;
4) әлеуметтік өзара әрекетте туындаған.
Ауруды сезіну немесе қатты дыбыс, интенсивті стимулдар, бей таныс адамдар,
жаңа нәрселер адамдарда қорқыныш шақырады. Грэй стимуляцияның аздығы,
белгілі уақытта стимулдың жоқ болуы қорқыныштың анықталған сипаты деп
көрсеткен. Кез-келген ситуация немесе жағдайлар, жаңа стимулдың ұзақ
уақыттағы түрлердің мүшелердің белгілі бөліміне қауіп төндіруі
қауіптіліктің эмоциясы-өңделген сигналдар болып табылады. Мұның негізгі
себебі, жоғары қызмет ету мүмкіндігі, яғни ашу мен қиянаттың айқындығы
стимулды иллюстрациялайды.
Боулби туа туа пайда болған детерминанттарды жіктей ‘’табиғи стимулдар’’
деп өңдеді. Ырықты стимулдар, табиғи стимулдарға қарағанда тәжірибелік
түрлердің өзгертілуіне орай, психоаналитикалық көзқарасқа қарсы, қорқыныш
қайғыру кезеңінде қауіптілікті бастан кешіреді. Табиғи қорқыныштар:
жалғыздық, таныс емес, кенеттен жақындық, стимулдың өзгеруі, биіктік пен
ауруды сезіну. Барлық ситуацияларда қорқынышты сезіну тенденциялары,
патология немесе инфантилді табиғи түрде қарастырылу керек. Бұл адамның
туғаннан бастап кәрілік шаққа дейін тән. Қорқыныштың пайда болуы түрлері
ситуациялармен байланысты шын мәнінде қауіптіліктің жоғары ықтималдығына
ие болады. Бұл мәдени немесе жинақталған қажетті белгілер болып
табылмайды.
Қорқыныш стимулдары табиғаттан туындаған қараңғы, бөтен, жануарлар және
т.б. таныс емес нәрселерден қорқу.
Қорқыныштың табиғи стимулдары жас ерекшелігімен байланысты, дамуы мен
жетілу процестеріне тәуелді.
2. Қорқыныштың мәдени детерминанттары.
Кейбір қорқыныштың себептері, алдыңғы бөлігінде қарастырғандай мәдени
жағдайлар мен тәсілдердің әсеріне бейімделген, мағыналық ұғымы пайда
болып, мазасыздану білінеді. Қатты емес сигналдағы бос үрей қорқыныш
тудырады. Көптеген мәдени детрминанттағы қорқыныштар табиғи
детерминанттармен бірге рационализация және проекция арқылы, әртүрлі
формаларын бейнелейді. Жай түскеннен қорқыныш, найзағайдан болған
қорқыныштар рационализациядағы қорқыныштар.
3. Қорқыныштың дифференциясы. Экспрессивті және моторлы актілерді
қарастыра, қорқыныштың индикаторлары: қозғалыстың бәсең болуы, айқын
қорыққан бейне, дірілдеп немесе үрпие қарау, қарым-қатынасқа түсуден
бас тарту.
Чарлсворт қорқыныштың индикаторларын қысқа уақытта немесе ұзақ
мерзімдегі мініез-құлықтың тоқтауы, бәсеңдеуі, жоғары ұстамсыздық,
салмақты, қорыққан бейне, тіпті жақсылап үңілсе, күлкі мен жымиюды көре
аламыз деген.
Қорқыныш сенімсіздік сезімімен байланысты бола біріншіден, қауіптіліктің
қарым-қатынасын, нағыз табиғи тұрғыдан, бұл қауіптіліктің қалай әсер
етуінде көрінеді. Ситуациядағы жоғарыда импульсивті бейімделген реакция
ретінде әрекетке дайын болуы тиіс. Екіншіден, импульсивтік
бейімделмеген мінез-құлық осы ситуациядағы реакциядағы шақыратын ашу
эффективті емес форма. Белсенділігі жоғары ситуациядағы айқындалған
қорқыныш күшті болып келеді. Қорқыныштың күштілігі мінез-құлықтың типіне,
оған көмеккке келу формасын тауып алады. Қорқыныштың әлеуметтік
гуманизациялау, әлеуметтік тәсілі, аффективті, когнитивті бағдарға әсері,
адамгершілік тану идеологиясына түйсіну дәрежесіне әкеледі.
Қорқыныштың себептері мен салдары: Қорқыныш пен бастан кешіру арасындағы
өзара байланыс индивидтің даму процесінде ата-аналарынан, достарынан,
жақын адамдарынан, бөліну уайым әкеледі. Бұл уайымнан қосымша барлық
даму процесінде қауіптіліктің болуы, мазасыздықтың туындау тәсілінің
бірнәрсеге байланысы, тыныш айлақ тәрізді жалғыздықтан және басқалардан
құтқару. (47(
Қорқыныштың елестермен және жеккөрінішті заттармен өзара қатынасы:
Мұнда өзін кінәләйтін ‘’Мен’’ жексұрын көрініп, мұндай жағдайда кінәлі
‘’Мен’’ кінәлаған ‘’Меннен’’ қауіпеніп дұрыс деп таниды. Адам өзінен
қорқады.
Қорқыныш пен ар-ұят арасындағы байланыс: Егер әлеуметтену қорқынышы, ар-
ұяттың көмегімен жетсе индивид әруақытта қауіпті сезінгенде ұятқа
ұшырайды. Қорқыныш пен ар-ұят арсындағы өзара байланыс жоғары дәрежеде
психологиялық энтропияға әкеледі. Балл зерттеу жүргізе, гипноздық ұйқыда
өзінің зерттелінушілеріне ’’таза’’ сүйсіну әдісін қолданады.
Зерттелінушілер өздерінің қорқыныш сезімдерін айта келіп, гипноз күйінен
шыға алмай эмоциялық интенсивтілігі төмен түскен. Мазасыздықтың жалпы
белгісі дененің сууы мен қысымы көтерілген. Осыдан кейін
зерттелінушілерде қорқыныштан жасыру тілегі пайда болған. Зертеу
қорытындысын да негізігі белгілер конфликтісі бұл адам өзінің сезімін
қарапайым формадағы екі жақты мінез көрсете, өзінің табиғи қорғану қызметін
атқара, инстинктімен өзін-өзі сақтайды. Бұл екі қарама-қарсы тенденция
қорқыныштың алғашқы сәттегі таңданыс пен мінез-құлықтың арнайы
бейімділігінен көрінеді.
Опара Бальзак: Қорқыныш - организмге өте күшті және ауыр әсер ететін
құбылыс, адамның барлық қабілетінің артуы немесе толық құлдырауы. Сонымен
бірге қорқыныш организмнің қауіптілікке қалыпты реакциясы. Сыртқы ортаға
дайындықсыз адамда тұрақты түрде қорқыныш болады.
Фобия- гректің (phobos) қорқыныш –нақты мазмұны бар, субьектіні белгілі
бір фобиялық жағдайда ұстайтын және вегатативті дисфункцияларымен (жүрек
қағысы, қара терге түсу) жанасатын қорқыныштарды бейімделмеген түрде
үздіксіз сезіну. (49(

2.2. Адамда қорқыныш пен мазасыздықтың туындау себептері
Адамға қауіпті ситуацияларда жағымсыз сезім мазасыздық туындайды. Адам
мазасыздықты сезіне тынышсызданып, бір орында тұра алмайды. Адамға
эмоционалды қолдау беріп, психологиялық шынайы көмек жасау керек. Шектен
тыс мазасыздық адамның психикалық іс-әрекетіне әсер етіп, өзінің мінез-
құлқыны бақылау жоғалтып, дүниені тек ‘’қара көзілдірікпен’’ көреді. Жиі
мазасыздану мен қорқыныштар адамның тұлғалық сапасына әсер етіп, бұзады.
Адамның жиі бойкүйездігі, депрессия қажытып, комулятивті эффект береді.
Қорқыныш басқа жағымсыз мазасыздану тәрізді адам үшін зиянды. Қоршаған орта
мен әлеуметтік ортада кез-келген эмоция белгілі функцияны орындайды.
Қорқыныш адамды артық қауіптен, әрекетті, жүріс-тұрысты реттеп, жарақат
алу мүмкіндігінен сақтайды. Қорқыныштың ,,қорғаныш,, қызметі инстинктивті
жүріс-тұрысты сақтай, өзін-өзі сақтауды қамтамасыз етеді. (2(
Қорқыныш жүріс-тұрысты қалыптастыруға көмектессе, мазасыздану психиканың
мынандай қалыпты қызметтеріне қажет:
• Адам ресустары –әртүрлі мәселелерді шешудегі оның жалпы мүмкіндігі.
• Нақты мәселені шешу үшін жеке энергетикалық мүмкіндігі.
• Мәселенің кенеттен туындауы оның өту барысы.
• Таңдап алуы - қорғану. (33(
Қорқыныш сезімінде реакцияның заңдылық құбылысы толық орындалмаса, адамның
барлық ойлары мен қылықтарын өзіне тәуелді етеді. Қорқыныш кез-келген
қарапайым мәселені күрделіге айналдырып, күрделіні шешілмейтіндей көреді.
Қорқыныш күйінде адам өзінің іс-әрекетін бақылау және дұрыс шешім қабылдау
қабілетін жоғалтады. Қорқыныш күйі ауруды, суық пен ыстықтың әсерін, аштық
пен құрбандыққа сезінуді күшейтеді. Сол уақытта қорқыныш адамның әрекетін
басқара алатын стимулятор бола, оны тез және белсенді қимылдауы мен тез
ұғынуы мүмкін. Қорқыныш сезім органдарының қабылдауына күш бере, шешімді
нақтылауға көмектеседі. Қорқыныш құтқару сәттерін азайтып қоймай, оған күш
түсіреді.
Қоршаған ортаға үйренуге көмектесетін және табиғатпен дұрыс қарым-қатынасты
анықтауға мүмкіндік беретін түрлі эмоциялармен қатар қорқыныш
бабаларымыздың мұрасы. Биология ғылымының кандидаты В.Б.Сапуновтың болжамы
бойынша, ежелгі жабайы адам эволюциялық іріктеу кезінде тек сол
қорыққанының арқасында аман қалып өз ұрпағын жалғастыра алған дейді.
Адамның кейде сезінетін, қиялдайтын, ойлайтын толғаныстары сияқты
қорқынышта оның ішкі өмірінде көп көрініс табатын феномендердің бірі болып
табылады. Қорқыныш адамның қауіптілікті сезінуі қауіптіліктің көзі,
өмірге және денсаулыққа қауіп төнуі. Мүмкін болатын табиғи апаттарда
қорқыныштың туындауын стимулдайды. Адам үшін қоршаған дүние-бұл әлеуметтік
дүние, көптеген әлеуметтік қорқыныштар адам үшін жауапты және мәнді
оқиғалар, өзіндік шешім қабылдау, күтпеген қиыншылықтарға кездесу. Үрей-
қорқыныштың дамуына жеткен кезеңі, ауыр психологиялық жарақат. Бұл
кездейсоқ апаттарда (жер сілкінісінде, ірі катастрофаларда) болады. Табиғи
және заңдылықты өлім қаупіне реакция деп қабылдау. Адамда абсолютті
тұрғыда қорқыныштың болмауы мүмкін емес. Патология-қорқынышты жекелегенде
емес қорқыныштың болмау жағдайындағы өлім қаупі. Адамдардың тұлғалық
қасиеттерінің жеткілікті дайындығы, қауіпті ортада өзін ұстау қабілеті,
психикадағы басқа ойларға жол бере, сезім, түрткілерге нұсқау береді.
Француз саяхатшысы Э. Бишоп өмірде қорқынышпен шыныққан атлеттен, өзінің
моралдық тұрақтылығын сақтаған әлсіз артық деген.
Адамдар арасында мазасыздық бұзылыстарда көптеген дәлелсіз қорқулар.
Миллиондаған адамдар әр күн сайын бақытсыздық болғанына мазасызданады.
Оқиғалардың көпшілігі біз қорқатын ықтималды заңдылықтармен өмір сүруге
үйренеміз.Қорқынышпен азаптанған адамдар оларды өздерінің қауіптенетін
ситуацияларын сезінеді, бірақ, өздеріне ондай ой келгенше өздерін керемет
сезінеді. Біздің әрқайсымызды ерекше сендіретін қорқыныш бар.
1. Қорқыныш бұл абыржу қатаң туындайтын жауап.
К.Г. Юнг бойынша қорқыныш – бұл түсініксіз сансыз құбылыс, күтпеген
қауіптер мен өлшемге толы деген. (19(
,, Бірақ кім өмірдің барлық сынақтарынан бас тартса, оның өмір сүруін
тұншықтырған жөн,, .
Қорқыныштар
1. Табиғи қорқыныштар
2. Әлеуметтік қорқыныштар
3. Өзіміз жасайтын қорқыныштар
4. Өлім мен кәріліктен қорқу(15(
Қорқыныш қашанда адамның қара көлеңкесі сияқтанып, өне бойы оның серігі
болып келді. З.Фрейд өзіне тән үлкен сеніммен : ,,Қорқынышты адамның
туылу актісі кезінде басталады, ,,-дейді, яғни туылу процесінде жағымсыз
сезімдер бірігіп, соматикалық түйсіктерден бастауын алған өлім қаупі мен
қорқыныш біздің өмірімізде өне бойы қайталанып отырады екен. (57(
Табиғи қорқыныштар адам тарихымен құрдас. Адамзат демі таусылғанша
қорқыныштың бұл түрлері жұмбақ болып, өз бейнесін сақтап жалғасын таба
бермек. (
Табиғи қорқыныштар-атмосфералық, астрономиялық, ауа-райы құбылыстары,
жанар таулар және жер сілкінісі, сел, найзағай, тасқын, өрт, жыртқыш
жануарлардан қорқу. 4(
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТҰЛҒАНЫҢ ҚОРҚЫНЫШЫ МЕН МАЗАСЫЗДАНУ КҮЙЛЕРІНІҢ ТАБИҒИ АПАТТАРДА ЗЕРТТЕЛУІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ
Мектеп жасына дейінгі бала бойындағы қорқыныш және оны түзету
Кішкентай мектеп жасындағы балалар қорқынышының пайда болуы және одан құтылудың жолдары
Тұлға денсаулығының психологиясы
: Тұлға денсаулығының психологиясы. Аурулардың пайда болуы мен денсаулықты нығайтудың психологиялық факторлары
6-7 жастағы балалар - психологиялық көмектің объектісі ретінде
Психологиядағы балалар қорқыныштары мәселесін зерттеу жайында
Қорқыныш сезімінің пайда болуы және түрлері
Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктері
Үрей
Пәндер