Ресей философиясы ежелден бүгінгіге дейін
Мазмұны
ХІХ.ХХ ғғ. Ресей мәдениеті аясындағыфилософия ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
§ I. Славянофилдер мен батысшылар ағымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
§ 2. В.С.Соловьевтің «бәрінің бірліктегі» философиясы ... ... ... ... ... ... ...4
§ 3. Діни экзистенциализм мен антропология ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
§ 4. Ғарыш философиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14

Философия тарихына жасаған көлемді саяхатымызда солтүстіктегі көршіміз- Ресей халқының рухани-философиялық мұрасын естен шығармауымыз керек. Қазақ халқы «Ұлы мәртебелі Тарихтың» шешімімсн ХІХ-ХХ ғғ. орыс мәдениетінің ықласында болып, қандай дегенде де, оларлың кең құндылықтарын Өз бойына сіңірді. Екінші жағынан алғанда, орыс руханиятының бүкіл дүниежүзілік философиядағы алатын өз орны қайталанбас құңдылықтары бар. Сондықтан оларды әрбір білімді азамат меңгеруі қажет. Үшінші жағынан, бүгінгі қазақ елі - көпұлтты ел, ал орыс халқының өкілдері негізгі ұлт- қазақтардан кейінгі екінші үлкен әлеуметтік-демографиялық топ, сондықтан қазақ-орыс мәдениеті және тағы басқа қатынастарының негізінде бір-бірінің дүниеге деген көзқарасын түсіну қажеттілігі жатыр, сонда ғана олар толыққанды болуы мүмкін.
Философиялық ой-пікірдің Ресейде дүниеге келуі XI ғ. басталып, негізінен, христиандық дінді қабылдаумен байланысты болды. Осы уақыттан бастап Ресейдің ойшылдары өз мемлекеттерінің Құдай нұрының шапағатына қатысты екенін негіздей бастайды. Алғашында ойшылдардың ой өрісі адамның жүріс-тұрысын ретке келтіретін мақал-мәтел, нақыл сөздерге, соңынан православие дінінің бүкіладамзат цивилизациясының дамуындағы ерекше орнын негіздеуге бағытталды.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Серік Мырзалы. Философия.- Алматы: «Бастау», 2008.- 644 б.
1. Серік Мырзалы. Философия.- Алматы: «Бастау», 2008.- 644 б.
Ресей философиясы ежелден бүгінгіге дейін
Мазмұны
ХІХ-ХХ ғғ. Ресей мәдениеті аясындағыфилософия ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .3
§ I. Славянофилдер мен батысшылар ағымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..3
§ 2. В.С.Соловьевтің бәрінің бірліктегі философиясы ... ... ... ... ... ... ...4
§ 3. Діни экзистенциализм мен антропология ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
§ 4. Ғарыш философиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
ХІХ-ХХ ғғ. Ресей мәдениеті аясындағы
философия
Философия тарихына жасаған көлемді саяхатымызда солтүстіктегі көршіміз- Ресей халқының рухани-философиялық мұрасын естен шығармауымыз керек. Қазақ халқы Ұлы мәртебелі Тарихтың шешімімсн ХІХ-ХХ ғғ. орыс мәдениетінің ықласында болып, қандай дегенде де, оларлың кең құндылықтарын Өз бойына сіңірді. Екінші жағынан алғанда, орыс руханиятының бүкіл дүниежүзілік философиядағы алатын өз орны қайталанбас құңдылықтары бар. Сондықтан оларды әрбір білімді азамат меңгеруі қажет. Үшінші жағынан, бүгінгі қазақ елі - көпұлтты ел, ал орыс халқының өкілдері негізгі ұлт- қазақтардан кейінгі екінші үлкен әлеуметтік-демографиялық топ, сондықтан қазақ-орыс мәдениеті және тағы басқа қатынастарының негізінде бір-бірінің дүниеге деген көзқарасын түсіну қажеттілігі жатыр, сонда ғана олар толыққанды болуы мүмкін.
Философиялық ой-пікірдің Ресейде дүниеге келуі XI ғ. басталып, негізінен, христиандық дінді қабылдаумен байланысты болды. Осы уақыттан бастап Ресейдің ойшылдары өз мемлекеттерінің Құдай нұрының шапағатына қатысты екенін негіздей бастайды. Алғашында ойшылдардың ой өрісі адамның жүріс-тұрысын ретке келтіретін мақал-мәтел, нақыл сөздерге, соңынан православие дінінің бүкіладамзат цивилизациясының дамуындағы ерекше орнын негіздеуге бағытталды.
§ I. Славянофилдер мен батысшылар ағымы.
Алтын Орда мемлекетінен өз дербестігін алып, Мәскеу княздігінің Шығыс жақтағы жерлерге лап берген кезінде орыс халқының ұлылығы, артта қалған Азия халықтарын православиелік дінге енгізу, орыс тілін, мәдениетін үйрету негізінде дүниежүзілік цивилизацияның шеңберіне тарту идеясына негізделген Мәскеу - үшінші Рим деген философиялық көзқарас пайда болды. Осындай идеялар ғасырлар өткен сайын шыңдалып, орыс халқының ерекше өчзндік болмысы мен мәдениеті, философиялық ой-пікірі бар деген славянофильдік (славяндықты сүю) ағымды тудырды.
Екінші бағыттағы ойшылдар Ресей моңғол-татар бодандығында екі ғасырдан артық болып, басқа Еуропа елдерінен қалып қойды, сондықтан орыс халқы Батыс өткен тарихи жолды қайталап, олардан тәлім-тәрбие, өнеге алуы керек деген ойда болды. Бұл бағыттағы ойшылдарды батысшылар деп атай бастады. Осы екі ағым арасындағы күрес өзінің шиеленісіне XIX ғ. ортасында жетті. Ақырында, большевиктер бұл шиеленісті батысшылардың пайдасына шешті. Алайда бұл екі ағым арасындағы астыртын күрес әрі қарай жүре берді.
Кеңес Одағы тараған уақытта Ресейдің алдында Біз кімбіз және қалай қарай дамуымыз керек? деген сұрақ тағы да дүниеге келіп, аз уақытта тағы да батысшылардың пайдасына шешілді. Бірақ либерализм жолы әлеуметтік құрылымда аз өте бай топпен қатар, негізгі халықтың қайыршылауына әкеліп, XXI ғ. басында саяси элитаның ауысуына, мемлекетшілдердің билікке келуіне себеп болды. Бұлардың көзкарастарының славянофилдерге жақынырақ екенін, сонымен қатар олардың Батыс тәжірибесін (әсіресе жаңа технологияларды) де игеру қажеттігін білетінін айтып өткен жөн сияқты. Ресей тарихына жасаған қысқаша экскурс осы елдегі философиялық ой-өрісті жете түсінуге мүмкіншілік бере ме деген ойдамыз.
Енді әңгімені нақтылай келе батысшыларға келер болсак, бұл ағымның негізін қалаған П.Я.Чаадаев болды. Оның ойынша, Еуропа елдері коғамның материалдық және рухани жағынан да кемеліне келген, орнықты, тәртіпті. Еуропа кұндылықтарына ол отбасы ошағына берілгендікті, парыз бен жауапкершілікті, азаматтық еріктікті қорғауды т.с.с.жатқызады. Ресейге келер болсақ, онда зорлыққа негізделген күшке табыну, соның нәтижесінде барлық адамдардың кұлға айналуы, тұлғаның абыройын таптау т.с.с. дөрекі нәрселерді көреміз. Мұның негізгі себебін П.Я.Чаадасв Ресей халкыныц дінді бишара Византиядан алып, Еуропаның католиктік бірлігінен шығып қалғанынан көреді. Ресей Еуропа халықтарының тарихи тәжірибесін игеріп, олардың жіберген қателіктерін қайталамай, өзінің болашағын ағарған зерденің негізінде кұруы керек.
П.Я.Чаадаевтің көзқарасы Ресейдің біршама зиялыларына зор әсерін тигізіп, батысшылар тобының қалыптасуына әкелді. Оларға А.И.Герцен, Н.П.Огарев, Т.Н.Грановский, В.Г.Белинский т.с.с. жатқызуға болады.
В.Г.Белинский Еуропаға сүйсіне табынғандай қарап, былай деп жазды: Еуропаның бір жылы Азияға бір ғасыр, Еуропаның бір ғасыры Азияға мәңгіліктей. Барлық ұлылық, асылдық, адами-руханияттылық Еуропа топырағында бәйшешектей гүл жарып, өзінің тамаша жемістерін берді. Өмірдің көп келбеттілігі, ер мен әйел арасындағы тазалық, әдет-ғұрыптың нәзіктілігі, ғылым мен өнердің дамуы, табиғаттың бисаналық күштерін бағындырып игеруі, материяның жеңіліп, рухтың көкке карай өрлеуі, адамның кісілігін сыйлап, оның құқтарын бұлжытпай сақтауы... - бәрі де Еуропа өмірінің дамуының нәтижелері - деп қорытады В.Г.Белинский. Әрине, ол бүгінгі Батыс руханиятын көрсе, мүмкін мұндай көзқарасқа түзету енгізер ме еді, кім біледі?
Батысшылар Ресейді византиялык-православиелік ноқтадан кұтқару керектігін, тұлғалар өз таңдауының негізінде іс-әрекет жасау мүмкіндігін алуы жөнінде біршама терең ойлар айтты. Бірақ олар Батыс Еуропа халықтары цивилизацияның бүкіл адамзаттық құндылықтары мен нормаларын іске асырды деген жалған ойда болды.
Славянофилдер қарама-қарсы бағытта болды. Олардың ойынша, Орыс мәдениеті православиелік діннің шеңберінде дамуы керек. Олар патшанікі патшаға, Құдайдікі - Құдайға деген қағиданы ұстады. Яғни мемлекет тек қана коғамды сырттай өзгерте алады, ал ішкі жаңару - православиелік халықтық мәдениеттің ісі. Тек ішкі рухани жаңарудың негізінде ғана ізгі қоғамды орнатуға болады. И.В. Киреевский мен А.С. Хомяков Еуропадағы ағартушылық өзінің ішкі мүмкіншілігін сарқыды, онда техникалық алға өрлеу рухани тоқыраумен қатар жүріп жатыр дегенкөзқараста болды.
Қоғамды реформалаудағы негізгі мәселелердің бірі Ресей қоғамы жекеліктің, я болмаса қауымдастықтьңнегізінде даму керек пе? - деген сұраққа жауап ретінде олар соңғыны таңдады. Қауымдасып өмір сүру - Ресей халқының табиғатына тән нәрсе. Қауымдастықтың шеңберінде ғана рухани бірлік бар. Қоғамның дамуының негізінде бақталастық, көре алмау т.с.с. емес, керісінше, адамды сүю, достық, өзара көмек беру жатуы қажет. Біз сүйіп сенеміз, олай болса, өмір сүреміз деген нақыл сөздің астына әрбір славянофил өз қолын қойған болар еді.
§ 2. В.С.Соловьевтіңбәрініңбірліктегі философиясы.
Владимир Сергеевич Соловьев (1853-1900 жж.) - асадарынды орыс діни философы. Адамның әлеуметтік-мәдени және діни қажеттіктерін өтей алатынфилософиялық жүйе жасауға тырысты. Христиандықдіндегі бағыттардың (католицизм, протестантизм, православие) басын біріктіріп, діни көзқарасты ең жаңа ғылымдағы ашылған деректермен толықтыру қажеттігін айтты.
В.С.Соловьевтің философиясының негізгі идеясы - дүниедегі бәрініңбірлігі. Ол оны славянофилдер сияқты, халықтың бірлігіне теңемейді, оған ғарыштық, яғни онтологиялықмән-мағына береді. Оның ойынша, болмыс, өмір сүргеннің бәрі - бірегей, бір-бірін қамтып жатыр. Болмыстың төменгі деңгейі жоғарыға өтуге, жоғарыдағы төменді бойына қамтуға тырысады. Дүниенің бірлігінің негізінде Құдай жатыр. Ол - Жаратқан мен жаратылғанның бірлігі. Бірақ В.С. Соловьев Құдайды адамға ұқсатып қарауға болмайды деген пікір айтады. Оның ойынша, Ол - ғарыштық зерде, тұлғадан жоғары, дүниеде іс-әрекет жасайтын ерекше ұйымдастырушы күш т.с.с.
Бізді айнала қоршаған жағалай ортаны кемеліне келіп, еш мінсіз жаратылған дүние деп айтуға болмайды. Оның негізгі себебі - Құдай- Абсолюттің өзінің іштей қайшылығы. Дүниедегі барлығын қамту үшін көптік қажет. Сондықтан алғашқы ғарыштық зерде сан алуан мән-мағынаға бөлініп, Аристотельдің терминімен айтсақ, әртүрлі заттардың энтелехиясын, яғни ішкі мақсатка лайықтылық дамуын қамтамасыз етеді. Ал дүниедегінің бәрін біріктіріп, рухани күш-қуат беретін дүниежүзілік жан-дүние, яғни София, ал оның өзі - Кұдайдың эманациясының туындысы. Сонымен Құдай, Дүние және Адамзат Софияның дәнекерлігі арқылы бірлікке негізделген қарым-қатынаста.
В.С.Соловьевтің дүниетаным тұжырымдары
Өзінің дүниетанымдық көзқарастарында В.С.Соловьев біртұтастық білім алу жолын кұптады. Ол үшін сезімдік тәжірибе мен рационалдық ойлауды сеніммен ұштастыру қажет. Басқаша сөзбен айтқанда, ақиқаттың үш түрі бар: материалдық, формальдық, абсолюттік. Олар ғылым, философия, діннің шеңберінде калыптасады. Акиқаттың ең жоғарғы түрі, абсолюттік білімді тек қана дін, теология бере алады. Оны ол мистицизм дейді.
Эмпиризм, яғни тәжірибелік жолмен ашылатын білім, материалдық дүниені танып-білуге бағышталған. Рационализм өзінің формальдық табиғатының арқасында барлық білімді біріктіретін дәнекерлік күшке айналады.
В.С.Соловьев таным процесінде тәжірибеге көп көңіл бөледі. Ал оның өзі екіге - ішкі және сыртқы тәжірибеге бөлінеді.
Сыртқы тәжірибеге келер болсақ, ол айнала қоршаған ортадағы заттардың біздің түйсіктерімізге тигізетін ықпалынан пайда болады.
Ішкі тәжірибені В.С.Соловьев екіге бөледі: олар психикалықжәне мистикалық. Психикалықтәжірибеге біз өз табиғатымыздың бой көрсетуінен шығатын құбылыстарды жатқызамыз.
Мистикалық тәжірибе деп біздіңжан-дүниеміздің ар жағында жатқан, өзініңбізге тигізетін ықпалымен бізді жоғарыға көтеретін, ішкі рухани еріктікті тудыратын құбылысты айтамыз.
Оларды бір-бірімен салыстыра келе, В.С.Соловьев бірінші орынға мистикалык, екіншіге - психикалық, соңына физикалық тәжірибені кояды.
Әрине, логикалык дүниетанымның өз орны бар, бірақ, ол танылатын құбылыстың идеясына жете алмайды. Ол үшін иителлектуалдық интуиция (ой аңлауы) қажет. Дегенмен логикалық таным менинтуиция бізді болмыстыңең терең құпия сырларына жеткізе алмайды. Ол үшін - шектелгеннің ар жағына, трансценденттікке өту - ерекше таным қабілетін қажет қылады. Оны ол шабыт, эрос, экстаз деген ұғымдармен береді, Сонымен өзінің танымдық көзқарастарында В.С.Соловьев ғылым, философия, діннің бірлігінің кажеттігін көрсеткісі келді.
Адам, қоғам, тарих мәселелері
В.С.Соловьев адамзат өмірінің мән-мағынасын жер бетінде Құдайдың патшалығын орнатуға бағытталған іс-әрекеттен көреді. Ал енді жеке адамға келер болсақ, ол - екіжақты пенде. Бір жағынан, ол дене ретінде айнала қоршаған дүниемен, екінші жағынан, рух ретінде Құдаймен байланысты. Соңғы адамды табиғаттағы ерекше пенде ретінде көрсетеді - ол мәңгі, өлместікке ие болған. Адам - Құдай мен материалдық дүниені бір-бірімен байланыстыратын, ғарышты тәртіпке келтіріп, ұйымдастыратын пенде.
Адам өзін тұлға ретінде тек қана коғам шеңберінде іске асыра алады. Қоғам - толықтырылған, кеңейтілген тұлға болса, онда тұлға - нүктеленген, қысылған қоғам. Қоғамға бағынып, адам жоғарыға өрлейді, ал оның өзіндік ерікті іс-әрекеті қоғамды әрі қарай дамытады.
В.С.Соловьев қоғамның тарихи дамуын үш сатыға бөледі. Олар: рулық, ұлттық, рухани-ғарыштық. Соңғыға әлі жету кажет. Ол үшін тек отбасын ғана емес, сонымен қатар экономика мен саясатты да моральдық тұрғыдан қайта өзгерту қажет.
Адамның табиғатпен қарым-қатынасына келер болсақ, ол да үш сатыдан өтеді: бірінші сатысында адам табиғаттың күштеріне тәуелді, олардан зардап шегеді, екінші сатыда - неше түрлі іс-әрекет жасап, олармен күреседі, ақырында табиғатты игеріп, өз еркіне көндіреді. Үшінші, болашақ тарихта, адамзат табиғаттың идеалдық жағдайына өтуіне көмектесуі қажет.
Адамзат тарихына көз жіберіп, В.С.Соловьев халықтардың әртүрлі сатыда екенін, адамдардың бір-бірінен алшақтанып, жаттанғанын, шынайы өмірдегі материалдықтың басымдылығын байқайды. Олай болса, негізгі мақсат - адамзаттың басын рухани жағынан біріктіру кажет.
Адамның рухани жетілуі тек қана дінмен емес, сонымен қатар адамгершілік, өнегелілікпен байланысты. Этиканың негізгі ұғымы ретінде ойшыл ізгілік, жақсылықты келтіреді. Осымен қатар, ол моральдық ұят, аяу, пір тұту сезімдеріне көп көңіл бөледі. Бұл кісінің мынандай ғажап сөздерін келтірейік: Мен ұяламын, олай болса, тек қана табиғи емес, сонымен қатар рухани өмір сүремін, өйткені мен өзімнің хайуандығымнан ұяламын, олай болса, мен адаммын. Аяу дегеніміз - басқа адамға деген адами қатынас,оның өзіндік кұндылығын мойындау, осы сезім әділеттілікті тудырады (өзіңе тілемейтінді басқаға да жасама). Соңғы пір тұту адамның әке-шешесі алдындағы сезімін көрсетеді. В.С. Соловьевтің адам мәселесіндегі негізгі идеясы - ешқашанда адамға құрал ретінде қарамау, оны әрқашанда мақсат ретінде тұту.
§ 3. Діни экзистенциализм мен антропология
Орыс философиясының антропологиялық бағыты, яғни адам мәселесіне басымырақ қарау - оның негізгі ерекшеліктеріне жатады. XIX ғ. ортасынан бастап адамның өмір сүруі, оның бостандығы мен құндылығы, тұлғаның нәзіктігі, болмыстың неше түрлі үрейлерге толылығы т.с.с. экзистенциалдық сұрақтар орыс философиясының негізгі мәселелеріне айналады. Осы бағыттағы ұлы философтар қатарына Лев Исаакович Шестовты (Шварцман) (1866-1938 жж.) жатқызуға болады. Н.А.Бердяевтің айтуына қарағанда, Л.Шестовтың философиясын экзистенциализм бағытына жаткызуға болады, оның философиясының қайнар көзі ретінде адамның қайғы-қасіреті, үрейі мен зардабы, үмітсіздік сезімі болды. Ол рациоиализм, сциентизм бағытын алғашқылардың бірі болып қатты сынға алады. Оның ойынша, өмірдегі әсемдік, өнегелілік, сенім ешқандай рационалдық, логикалық танымға жеткізбейді. Ғылыми зерттеу -заттар мен құбылыстардың жалпы жақтарын тұжырымдайды, адамға келгенде оның қайталанбас, ерекше болмысын еске алмайды. Сонымен адам өмірінің мақсат-мұраты, мән-мағынасы, қайғысы мен қуанышы, махаббаты т.с.с. сыртта қалады. Олай болса, ғылым мен философия ымыраға келмейді. Философияның негізгі мәселесі - адам, оның өмірінің мән-мағынасы.
Л.Шестовтың ойынша, ғылым мен философия ақиқаты да екі түрлі. Ғылыми ақиқат дүниедегі қажеттілікті зерттеуден шығып, барлық адамдарға бірдей болып келеді. Ал философиялық ақикатқа келер болсақ, оған әрбір адам өзінше өзінің болмысында жетуі керек. Адамзаттың негізгі мақсаты - табиғаттың қажеттілігін жеңіп, адамға бостандық, алғашқы еріктікті қайтадан әперу.
Еріктік мәселесіне келгенде, Л.Шестов оны Библияның аңызына негіздеп қарайды. Алғашында дүние мен адамды Құдай өзіне ұқсатып, оларды құдіретті, ерікті, жетілген қылып, жоқтан жаратқан болатын. Бірақ Құдай адамға ескерту жасады: Эдем бақшасындағы өсіп тұрған таным ағашының жемісін жесең - өлесің!! Жыланның сөзіне еріп, өзін Кұдаймен теңегісі келген адам тыйым салынған Жемістің дәмін татып, Білімді пендеге айналды. Біліммен бірге күнә өмірге келіп, зұлымдыққа жол ашты. Білім шындықты қажеттілікке айналдырып, еріктікті жойды. Мұндай жағдайдағы адамның алдындағы мақсат жойылған еріктікті қайтару, дүниені зұлымдықтан құтқару. Ол үшін моральдық нормалар, неше түрлі ережелерді орындау қажет емес, өйткені олардың бәрі де ғасырлар шеңберінде ақыл-ойдың таразысынан өтіп, қажеттікке айналды. Олай болса, адам моральдық нормалардың талаптарына қарсы шығып, өзін ерікті сезіну үшін ойына не келсе, соны жасауы керек, өйткені оны жаратқан Құдайдың өзі. Адам әрқашанда ішкі тебіреністе, алаңдауда болып, озінің еріктігін Құдайдан іздеп, онымен қайта кездесу жолында табуы керек. Ол үшін тек қана сенім керек деп корытады Л.Шестов. Тек қана сенім ештеңемен шектелмеген бостандықты береді. Адам таным ағашынан бас тартып, өмір ағашына кайта оралуы қажет.
Орыстың діни философиясына қомакты үлес қосқаи Николай Александрович Бердяев (1874-1948 жж.) болды. Негізгі еңбектері: Еріктік философиясы. Шығармашылық мағынасы, Тарих мағынасы, Өзіндік тану т.с.с.
Онын ойынша, философия рухты зерттейтін ілім, яғни адамның өмір сүруіне, сол арқылы болмыстың мән-мағынасын ашуға бағытталған пән. Ғылым сыртқы дүниені зерттесе, философия адамның ішкі рухани өміріне үңіледі. Сондықтан философия объективті емес, ол - әрқашанда субъективті.
Н.А.Бердяевтің ойынша, экзистенциалдық философия адамның өмір сүру диалектикасынан, сол арқылы жалпы дүниенің өзінтаниды. Таным дегеніміз субъектінің болмысты бейнелеуіндеемес. Таным әрқашанда шығармашылық жолмен жүріп, мән-мағынаға жетуге тырысады. Адамның құпиясын танып-білу болмыстың құпиясын танып-білумен тең.
Адам абсолюттік болмыстыңалдында тұрып, оны танып-білгісі келеді. Бұл мақсатка жеткізетін екі-ақ жол бар. Ол өзіндүниеніңбір бөлігі ретінде сезініп, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz