Салалық әлеуметтану


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Салалық әлеуметтану

Орындаған:

Тексерген:

ЖОСПАР

  1. Тұлға жүйедегі тұлға және оның қалыптасуы. Әлеуметтену процесіӘлеуметтік мәртебе мен рөлТұлғаның әлеуметтік тәртібі
  2. Отбасы әлеуметтануыОтбасы түсінігі, құрылымы мен қызметтеріОтбасының тарихи қалыптасу формасыОтбасы типологиясы
  1. Тұлға жүйедегі тұлға және оның қалыптасуы. Әлеуметтену процесі

Адам көптеген ғылымдардың зерттеу нысаны болып табылады. Адамның мәнін қарастырмастан бұрын «адам», «индивид», «тұлға» түсініктерін қарастырып алайық. Адам - қоғамды құрушы, онда саналы іс-әрекет ететін, ойлай білетін, алдына мақсат қойып, оған жетуге тырысатын, барлық индивидтерге тән ортақ қасиеттер және ерекшеліктерімен сипатталатын тіршілік иесі. Индивид - биологиялық жолмен дүниеге келіп, әлеуметтік ортада өмір сүретін жеке адам. Тұлға - адамдардың әлеуметтік қасиеттерінің тұтастығы, индивидтердің қоғамдық дамуының және белсенді іс-әрекетпен араласу арқылы әлеуметтік қатынастар жүйесіне енуі.

Индивид қоғаммен әлеуметтік қауымдастықтар, институттар арқылы ықпалдасқанда, әлеуметтік маңызы бар мәселелерді, байланыстарды жүзеге асырғанда барып тұлға дәрежесіне көтеріле алады.

Тұлғаны әлеуметтік талдау оның құрылымын анықтаудан басталады. Бұл мәселені З. Фрейд «ол», «мен» және «супер эго» деген элементтерді енгізу арқылы қарастырады. «Ол» - бұл біздің түйсіктеріміз басым, айсбергтің көрінбейтін бөлігі сияқты сана түкпіріміз. «Мен» - бұл түйсіктермен байланысты, дүркін-дүркін оған кіріп отыратын сана. «Эго» санасыздықты қоғамға ыңғайлы қалыпта ұсынуға тырысады, «меннен» жоғары, моралдық нормалар мен принциптердің жиынтығын құратын, адамгершіліктің «қадағалаушысы», ішкі бақылаушысы іспетті.

Сондықтан да біздің санамызда барлық уақытта, бір жағынан, оған кіретін түйсіктермен, екінші жағынан, «меннен жоғары» талап қоятын моралдық тыйым салулар арасындағы тартыс жүріп жатады. Фрейд «Біздің психикалық тіршілік иесін «ол», «мен» және «меннен жоғары» деп бөліп қарастыруымыздың өзі осы психикалық тіршілік иесі жайындағы ұғымымыздың алға жылжуын көрсетеді, осы бөлу психикалық өмірдің динамикалық арақатынастарын бұдан да тереңірек түсінудің, жақсылап сипаттаудың құралы болуы тиіс» деп жазған екен.

Тұлға әлеуметтік қауымдастықпен араласып, одан ерекшеленетін, өзінің творчестволық жекешелігін танытып, болашақ өмірінің жобасын жасайтын, алдына мақсат қойып, оған қол жеткізу үшін барлық күш жігерін жұмылдыратын, әлеуметтік құралдарда, байланыс жүйесінде тұрақты өзгерістерге қол жеткізетін, өзін-өзі жетілдіріп, мазмұнын анықтайтын қоғамдық қатынастардың субъектісі, әлеуметтік жүйенің белсенді құрамдас бөлігі, биологиялық пен әлеуметтіктің шегінде орналасқан күрделі нысан.

Тұлға құрылымындағы екі сипатты бөліп көрсетуге болады: сыртқы байланыстар жиынтығы мен әлеуметтік өмірмен көбіне өзара ықпалдастық сипатын анықтайтын ішкі идеалдық байлық.

Орталығы индивид болып саналатын сыртқы әлеммен әртүрлі бағыттағы байланыстардың жиынтығы тұлғаның базисі болып табылады.

Нәрестедегі адам болу мүмкіндіктері басқа адамдармен қарым-қатынас жасап, қоғамдық қатынастар жүйесіне енуінің нәтижесінде ғана адамдық қасиеттерге айналады. Демек, адамның адам болып қалыптасуы оның физиологиялық және психологиялық дамуына сәйкес табиғи нышандардың негізінде жүзеге асады (К. Маркс теориясы) . Әлеуметтануда адамның, тұлғаның бұндай қалыптасу механизмі әлеуметтену процесімен ашылады.

Әлеуметтену - адамды әлеуметтік өмірге енгізетін, индивидтерге символ, құндылық, норма сияқты мәдени элементтерді игертетін, әлеуметтік «менін» қалыптастыратын, индивидті мәдениет, білім, тәрбиеге қатыстыра отырып, оның әлеуметтік табиғатын құратын күрделі процесс.

Дәлірек айтсақ, әлеуметтену дегеніміз - қоғамда қалыптасқан рухани байлықтар мен мінез-құлық нормаларын белсенді түрде меңгеру және жетілдіру жолымен жас ұрпақты сол қоғамның әлеуметтік және экономикалық құрылымдарына сәйкес қоғамдық рөлдер системасына қосу болып табылады.

Осы процестерді игеру негізінде адам әлеуметтік сипатын, қасиетін, іскерлігін, білімін қалыптастыра отырып, әлеуметтік өзара қатынастардың мүшесі болады.

Әлеуметтануда әлеуметтену процесінің 2 деңгейі болады:

1) алғашқы әлеуметтену деңгейі - тұлғааралық, кішігірім топ аралық қатынастар сферасында, индивидтің ең жақын ортасында өтеді;

2) кейінгі әлеуметтену деңгейі - үлкен әлеуметтік топтар мен институттардың деңгейінде өтеді.

Бұл деңгейлердің әрқайсысында әлеуметтену процесінің агенттері мен институттары іс-әрекет етеді. Әлеуметтену агенттері - мәдени тәжірибені беруге жауапты нақты адамдар, әлеуметтену институттары - әлеуметтену процесіне әсер етіп, оған бағыт-бағдар беретін мекеме.

Әлеуметтену процесі барысында адамдар әлеуметтік рөлдерін алмастырып, жаңа әлеуметтік мәртебені меңгеріп, бұрынғы әдеттерінен ажырап отырады. Ол әлеуметтануда деәлеуметтену және реәлеуметтену деп аталады. Деәлеуметтену - ескі, бұрынғы құндылық, норма, тәртіп үлгілері мен рөлдерден ажырау процесі. Реәлеуметтену - ескінің орнына жаңа құндылықтар, норма, рөл мен тәртіп үлгілерін қалыптастыру процесі.

Тұлғаны әлеуметтендіру процесі - бұл тек индивидтің бойындағы табиғи қасиеттерді біртіндеп анықтап, қалыптастыру ғана емес, сонымен бірге қоғамдық орта, әлеуметтік институттар, қоғамдық ұйымдар мен құқықтық құрылымдар ықпалының нәтижесі. Осындай тәсілмен ғана әлеуметтендіру процесі құрылымын, оның объективті және субъективті факторларын, механизмін ашуға, адамның тұлға ретінде өмір сүру аясын анықтауға мүмкіндік туады.

1. 2. Әлеуметтік мәртебе мен рөл

Қоғамда өмір сүріп жатқан кез-келген адам әртүрлі әлеуметтік топтарға, институттарға қатысады. Бұл топтардың әрқайсысында адам нақты бір әлеуметтік орынды иеленіп, жаңа мәртебені қалыптастырады.

Әлеуметтік мәртебе - топтағы индивидтің немесе топтың басқа да топтармен өзара қарым-қатынастарындағы рангы мен бағыты.

Әлеуметтік мәртебеде негізінен мынаны ескеру керек:

- әлеуметтік мәртебелер бір-бірімен өзара байланысты, бірақ өзара әрекеттеспейді;

- өзара бір-бірімен тек мәртебе субъектілері ғана әрекеттеседі;

- әлеуметтік қатынасқа мәртебе емес, олардың тасымалдаушысы түседі;

- әлеуметтік қатынас бір-бірімен мәртебелерді байланыстырады.

Бір адам көптеген ұйымдар мен топтарға қатысатындықтан бірнеше мәртебеге ие болады. Бір адамның иеленген барлық мәртебелерінің жиынтығын мәртебе жиыны деп атайды (Р. Мертон) .

Мәртебенің түрлері:

а) басты мәртебе - адамның өмірлік стилі мен бейнесін анықтайтын қандай да бір адамға тән мәртебе;

ә) әлеуметтік мәртебе - топтағы индивидтің немесе топтың басқа да топтармен өзара қарым-қатынастарындағы рангы мен бағыты;

б) жеке мәртебе - қандай да бір кіші топ мүшелерінің индивидтің жеке басына тән қасиеттерін қабылдап және бағалауға негізделген, индивидтің сол топтағы алатын орны;

в) белгіленген мәртебе - индивидтер қабілеттерімен тырысуына қарамастан оларға қоғам мен топ алдына ала белгілеп қойған әлеуметтік бағыт;

г) қол жететін мәртебе - индивидтермен айналысып оларды жеке таңдауы, қажыр-қайраты және басқа да индивидтермен бәсекеде нығайа түсетін әлеуметтік бағыт;

д) аралас мәртебе - белгіленген және қол жететін мәртебелердің сипатындағы бағыт.

Сонымен, мәртебе дегеніміз - индивидтің қоғамдағы немесе топтағы позициясы. Адамдардың кейбір мәртебелері гармонияда болса, кейбірі - қарама-қайшылықтарда болады, яғни бұл мәртебелердің сәйкессіздігін көрсетеді. Мәртебелер адамзаттың өзара қарым-қатынастарының (тұлғааралық, әлеуметтік т. б. ) сипатын, мазмұнын, ұзақтығын немесе интенсивтілігін анықтайды.

Әлеуметтік рөл - тұлғаның әлеуметтік мәртебесімен және сол қоғамдағы тиісті мәртебенің адамдар үшін әдеттегідей болуымен байланысты тұлғаның күткен мінез-құлқы. Оны нақты бір мәртебеге қатысты құқық пен міндеттерді атқаруға бағытталған тәртіп түрі ретінде анықтауға болады.

Әлеуметтік нормалар - тәртіптің белгіленген ережесі - мәртебені емес, рөлді сипаттайды. Рөлді мәртебенің динамикалық жақтарымен атайды. «Динамикалық», «тәртіп», «норма» сөздері рөлдің әлеуметтік қарым-қатынастармен емес, әлеуметтік өзара әрекеттермен байланысын көрсетеді. Сондықтан мына сипаттаманы меңгеру керек:

- әлеуметтік нормалар мен әлеуметтік рөлдер әлеуметтік өзара әрекеттесуге жатады;

- әлеуметтік мәртебе, құқық пен міндеттер, мәртебенің өзара қызметтік байланысы әлеуметтік қарым-қатынасқа жатады;

- әлеуметтік өзара әрекет қоғамның динамикасын, ал әлеуметтік қарым-қатынас оның статикасын сипаттайды.

Бұдан нақты бір мәртебеге байланысты, топ мүшелерінің күткен талаптарына сай іс-әрекет, тәртіп түрі әлеуметтік рөл екенін көруімізге болады. Яғни, рөл - индивидтің өзінің мәртебесіне сай жекеше тәртібінің түрі болып табылады.

Біз жоғарыда Р. Мертон енгізген «мәртебе жиыны» түсінігімен таныстық. Р. Мертон осы түсінікпен тығыз байланысты «рөлдік жиын» түсінігін де қарастырды. Рөлдік жиын - белгілі бір мәртебемен ассоциацияланатын (байланыстырылатын) рөлдер жиынтығы.

Әрбір мәртебе әртүрлі рөлдерден тұрады. Мысалы, университет профессорының мәртебесіне оқытушы, зерттеуші, жастарды үйретуші, өнеркәсіп фирмаларының кеңесшісі, администратор, ғылыми мақалалар авторы, білім саласының маманы т. б. сияқты рөлдер кіреді.

Рөлдік жиындағы әрбір рөл тәртіптің ерекше үлгісін талап етеді.

Кейбір рөлдер адам үшін жекеше мәнге ие болмайды. Адам олардың бар-жоғын байқамай қабылдайды. Ондайларға мысалы жаяу жүргінші, пациент, сатып алушы, кәсіподақ мүшесі т. б. жатады.

Керісінше, басқа рөлдер, әсіресе басты мәртебемен байланыстылар «мен» бөлігі ретінде қабылданады. Олардан айырылу адамды үлкен қайғыға душар қылады. Мысалы: ер адам - материалдық жағдаймен қамтамасыз етуші, отбасын асыраушы. Жұмысынан айырылу ол үшін тұлғалық сипатын жоғалтумен пара-пар. Осыған орай, жұмыссыздың өмір сүру стилі, туғандарымен және жақындарымен қарым-қатынастары, құндылықтар жүйесі өзгереді. Осылайша жұмыссыз мәртебесі оның барлық мәртебе жиынына өзгеріс енгізеді. Сөйтіп, ер адамның тұлғалық негізгі құндылығы - өзін-өзі сыйлауы мен өзіндік бағасы құлдырайды.

Қорыта келгенде, кез-келген адамның өзіндік рөлдік жүйесі болады, және әрбір рөл басқалардың одан күткен талаптарына соған қатысты мәртебесіне сай болуы тиіс.

1. 3. Тұлғаның әлеуметтік тәртібі

Тәртіп - бұл басқа индивидтер бақылауында болатын индивидтер қозғалысының, актілері мен іс-әрекеттерінің жиынтығы.

Адамдардың әлеуметтік мінез-құлқын зерттеуге Америка социологтары Ч. Кули мен Г. Мид еңбектерінде қалыптастырылған «символдық интеракционизм тәртібі» тұжырымдамасы үлес қосты.

Ч. Кули әлеуметтік ортаны алғашқы және кейінгі деп бөлуді ұсынды. Ол алғашқы ортаны (отбасы, құрдастар, көршілер, жергілікті орта) жеке тұлға қалыптасып, әлеуметтенетін, ал тәртібі жекелік, тұлғалық сипатта болып, қарапайым байланыстармен, іс-әрекеттермен ерекшеленетін негізгі әлеуметтік ұя санады.

Кули ғылымға «мен - айна» тұжырымын ұсынды. Бұл тұжырым бойынша, адамдар өз тәртібін қалыптастыру процесінде, әсіресе басқалармен жасайтын қарым-қатынастарын өзіне сырт көзбен, яғни «айнада өзіне қарайды». Тәртіп актілерінде адамдар бір-біріне ерекше бір айна ретінде қызмет етеді. Сондықтан адамдардың өздері туралы пікірлері олардың басқа индивидтермен болған қарым-қатынастарына байланысты.

Г. Мид адамдардың іс-әрекеттерін әлеуметтік байланыстарға негізделген әлеуметтік тәртіп түрінде қарастырады. Ғалымның пайымдауынша, адамға басқа адамдардың іс-әрекеттері ғана емес, олардың ой-ниеттері де әсер етеді. Ол басқа адамға жауап берместен бұрын алдымен оның іс-әрекетінің сырына үңіледі. Адам бір нәрсеге мән берген кезде ол символға айналады, яғни адамның басқа адамдармен қарым-қатынастарындағы ұғым баға іс-әрекет басқа іс-әрекеттердің, ұғымдардың мәнін білдіреді.

Сонымен, біздің тәртібіміз жағдайға сәйкес болуы үшін алдымен символдық түсінуді үйреніп, белгілі бір ептілікті, дағдыларды игеруіміз керек. Осыдан кейін барып Г. Мид әлеуметтену жүйесіндегі адамдардың тәртіптік әрекеттеріндегі екі негізгі құрамдас бөлікті атап көрсетеді: ақыл және «мен өзім». Өзің «өз» болып қалуың үшін, тұлға ретінде әлеуметтенуің, басқа адамдармен дұрыс қарым-қатынастарда болуың үшін символдарды дұрыс түсініп, оларды орынды пайдалануды үйрену керек.

Г. Мидтің тұжырымдамасы бойынша, біз өзімізді басқалармен қарым-қатынастар барысында дамытып, білімімізді, іскерлігімізді, тәртібімізді жетілдіреміз, бірақ осының барлығы да өзімізді өзіміз тәртіпке келтіру арқылы ғана мүмкін болады.

Адамдардың тәртібі басқа адамдармен үздіксіз сұхбаттан тұрып, адамдар осы процесс барысында көп бақылаулар жасайды, символдарды ұғыну арқылы бір-бірінің ой-ниеттерін ақыл елегінен өткізеді дей келіп, Г. Мидтің шәкірті Г. Бумер бұл әлеуметтік тұжырымдаманы «символдық интеракционизм тәртібі» деп атады.

Қоғамдағы индивидтердің әлеуметтік тәртібі нормативтік және нормативтік емес болып екіге бөлінеді. Нормативтік тәртіп - индивидтің қоғамда үстемдік етіп отырған норма, ереже, мәдени құндылықтарға сәйкес іс-әрекет етуі. Нормативтік емес тәртіп - индивидтің қоғамда қалыптасқан норма, ереже, мәдени құндылықтарды орындаудан бас тартуы немесе оны қасақана бұзуы. Қоғамдағы нормалардан ауытқып, оны бұзатын индивидтердің тәртібі девианттық қылық деп аталады. Девианттық мінез-құлық немесе Девиация (лат. deviatic - ауытқу) адамдардың немесе олардың топтарының барша жұрт мойындаған әлеуметтік әрекет пен қылық нормаларынан ауытқушылық, бұл нормаларды бұзуға соқтыратын және әлеуметтік топтар немесе қоғам тарапынан оған назар аудартатын ауытқушылық.

Психоаналитикалық теория бойынша, ауытқыған тәртіптің негізі адамдардың санасында туындайтын тартыстарда жатыр. З. Фрейдтің теориясы бойынша, әр адамның сана қатпарының астарында санасыздық аймағы болады. Санасыздық дегеніміз - адам бойындағы аяушылықты білмейтін барлық табиғи қасиеттер жинақталған психикалық энергия және мәдениеттің әсерін басынан өткізбеген адамның болмысы. Осындай индивидтің санасыздық әрекеті әлеуметтік ортада қалыптасқан мәдени нормалардан ауытқуды, яғни девианттық қылықты тудырады. Девианттық қылықтарды төмендегідей жүйемен жіктеуге болады:

а) әлеуметтік-адамгершілік, моральдық нормаларға сай емес іріткі қылықтар (дөрекі сөйлеу, балағаттау, қоғамдық орындарда өзін-өзі дұрыс ұстамау) ;

ә) қоғамды жайлап алған, оған үлкен зиян мен зардаптар әкелетін әлеуметтік індеттер(маскүнемдік, жезөкшелік, нашақорлық т. б. ) ;

б) қоғамды құлдырататын құқыққа қарсы бұзақылықтар (ұрлық-қарлық, зорлық, кісі өлтіру т. б. қылмыстар) .

Өкінішке орай, Қазақстан Республикасында зиянды қылықтар мен қылмыстық әрекеттердің қатары күннен күнге көбеюде. Ерлер мен әйелдер, жасөспірімдер мен балалардың арасында ұрлық, кісі өлтіру, нашақорлық, маскүнемдік, жезөкшелік, шылым шегушілік т. б. сияқты тәртіп бұзушылық әрекеттер кеңінен таралуда. Бұндай ауытқушылық тәртіптер орны толмас зардаптарға, қоғамның рухани, мәдени, әлеуметтік құндылықтарының құлдырауына әкеп соқтыруда.

Қоғам оның мүшелерінің көпшілігі орныққан нормаларды, мәдени құндылықтарды қабылдап, басқа индивидтердің күткеніне сай іс-әрекеттер жасағанда ғана орнықты өмір сүре алады. Сондықтан кез-келген азамат өзінің қоғамның бір мүшесі екенін саналы зерделеп, ондағы нормаларға бағынып, мәдени құндылықтарды дұрыс меңгеріп, басқа индивид, қоғам алдындағы жауапкершілігін түсініп, соған орай өмір сүріп қызмет етуге міндетті.

Сонымен, әлеуметтік тәртіп дегеніміз индивидтердің іс-әрекеттері көрінісінің сыртқы түрі. Әлеуметтік тәртіп арқылы жеке адамның тұлғалық сапалары, оның мәдени деңгейі, мінезі, қажеттіліктері, наным-сенімі, көзқарасы, талғамы, сондай-ақ оны қоршаған әлеуметтік өмірге, басқа индивидтерге және өзіне өзінің қарым-қатынастары көрініс береді.

  1. Отбасы әлеуметтануыОтбасы түсінігі, құрылымы мен қызметтері

Француз ғалымы О. Конттың пікірінше, қоғамды қарастыру барысында бірінші кезекте отбасына көңіл бөлу қажет. Ол отбасын - индивид бағынып, басқарылатын кішкентай қоғам, әлеуметтік өмір мектебі, қоғамды құрушы негізгі элемент деп атап көрсетті. Ол отбасылық қарым-қатынастарға «құштарлық пен бірін-бірі ұнатуға негізделген адамгершілік-сезімдік одақ» деп анықтама берді.

Отбасы адамзат пайда болуымен қатар қалыптасқан ежелгі қоғамдық формалардың біріне жатады.

Отбасы - неке мен қандас туыстық қатынасқа негізделген, ортақ мекен-жайы, өндіруші формасы, экономикалық мүддесімен сипатталатын және балалардың әлеуметтенуіне жауапкершілікпен қарайтын әлеуметтік топ болып табылады.

Отбасы - индивидті туыстарымен байланыстырып, жас ұрпақты тәрбиелеп, оның бойындағы эгоизмді жеңуге баулитын, аға ұрпақтың тәжірибесін, салт-дәстүрді сақтап, алға апаратын, индивидті әлеуметтендіріп, қоғамға қызмет ету үшін қажетті қасиеттерді игертетін, табиғи индивидуализмнен арылтып, басқалар үшін өмір сүруге үйрететін, ұрпақтар арасындағы жақсы қарым-қатынасты, қоғамдық тепе-теңдікті, аға ұрпақ пен жастар арасындағы дәстүр мен жаңашылдық балансты сақтайтын әлеуметтік институт.

Кез-келген қоғамда отбасы екі жақты сипатқа ие болады. Бір жағынан отбасы - әлеуметтік институт, екіншіден - кішігірім әлеуметтік топ ретінде сипатталады. Отбасы институттарымен неке институты тығыз байланысты. Неке - еркек пен әйел қарым-қатынастарының ресми нормалар арқылы реттеліп, жұбайылық пен ата-аналық құқықтар мен міндеттердің белгіленіп отыратын тарихи формасы.

Отбасы шағын әлеуметтік топ ретінде индивидтің мүдделерін қоғамдық мүдделермен байланыстырады. Осылайша жеке мүдделер қоғам тарапынан қабылданған әлеуметтік құндылықтар, нормалар мен тәртіп үлгілері негізінде ретке келтіріліп отырады. Сонымен қатар, отбасы кішігірім әлеуметтік топ ретінде туыстық байланыстарға, жұбайлар, ата-аналар мен балалар, жақын туыстары арасындағы қарым-қатынастарды реттеуге негізделеді.

Отбасы атқаратын міндеттеріне, отбасындағы билікке, өркениетті даму типіне қарай дәстүрлі (патриархалды) және эгалитарлы болып бөлінеді.

Дәстүрлі отбасы - авторитарлық басқару үрдісіндегі сияқты бір адамның билігіне негізделеді. Яғни, отағасының беделі үстем, отбасылық өмірдегі барлық маңызды мәселелерді өзі шешіп, отбасы мүшелерінің қауым алдындағы тәртібіне де өзі жауап береді және сыртқы ортада отбасының өкілі болып есептеледі. Отбасылық қарым-қатынастар отбасы мүшелерінің қалыптасқан иерархиялық рөлі негізінде құрылады.

Эгалитарлы отбасы - демократиялық қарым-қатынасқа, әйел мен еркек арасындағы теңдікке, әріптестікке негізделген.

Отбасы қызметтері:

1) репродуктивті қызметте - іштен өсе отырып, өзін қайталап өндіру механизміне ие болады. Яғни, баланың дүниеге келуі арқылы отбасы қоғамның биологиялық үздіксіздігін қамтамасыз етеді;

2) тәрбиелік қызметте - баланың өміріндегі ең жауапты кезеңде отбасы оны әлеуметтендіріп, орнықты дамуыны жағдай жасайды, қабілетін, талабын, қажеттіліктерін айқындайды. Ішкі адамгершілік, сезімдік, қамқорлық, сыйластық факторларын игеріп, бала өзінің жоғары «менін» қалыптастыратын мінез-құлық нормаларын меңгере бастайды;

3) шаруашылық тұрмыстық қызмет - отбасы мүшелерінің сұраныстарын қамтамасыз ету, олардың денсаулықтарын қолдау, балаларға қамқор болуымен сипатталады;

4) экономикалық қызмет - кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз отбасы мүшелерін материалдық жағынан қамтамасыз ету, оларға қолдау көрсетуге негізделеді;

5) алғашқы әлеуметтік бақылау - әлеуметтік өмірдің әртүрлі салаларында отбасы мүшелерінің тәртібін моральдық жағынан қалыптастыру, жұбайлар қарым-қатынастарындағы міндеттер мен жауапкершіліктерді, балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынастарды ретттеу қызметін атқарады;

6) рухани қатынасты дамыту қызметі - отбасы мүшелерінің тұлғасын қалыптастыруға, олардың рухани құндылықтарын байытуға, некелік одақтың достық негізін бекітуге негізделеді;

7) әлеуметтік мәртебе беру қызметі - отбасы мүшелеріне белгілі бір әлеуметтік мәртебе беретін қоғам құрылымын ұдайы жетілдіріп отыруға арналады;

8) әлеуметтік және сезімдік қорғау қызметі - адамға жақын туыстары тарапынан қолдау көрсетіп, адамның өзін отбасында қадірлі, сүйікті сезініп, өміріне араша түсетін жандардың барын ұғынуы оның қамқорлық, қауіпсіздік сезімін оятып, бойына рухани күш-жігер, сенімділік береді;

9) фелициотологиялық қызмет - отбасындағы сүйіспеншілік, махаббат пен бақытқа негізделеді.

Сонымен, отбасы әлеуметтік институт ретінде адамзат тарихында маңызды рөл атқарады. Ол баланың дүниеге келіп, өсіп-жетілуін қамтамасыз етіп, отбасы мүшелерінің тіршілігін қолдап, ұрпақтардың физикалық және әлеуметтік мәдени жалғастығы арқылы социумның өмір сүруінің базалық алғышарттарын жасайды.

Отбасы өзінің отбасылық және демографиялық құрылымы арқылы әлеуметтік-тарихи дамуға өзіндік ықпалын тигізеді.

  1. Отбасының тарихи қалыптасу формасы

Отбасы адамдардың әлеуметтік қауымдастығының ежелгі формаларының бірі. Ол дін, мемлекет сияқты әлеуметтік институттардан әлдеқайда бұрын пайда болған.

Отбасы өзіндік процестері, атқаратын қызметтері арқылы әлеуметтік топ ретінде дамып отырады. Отбасының тарихи дамуы туралы мәселе әртүрлі қоғамдық ғылымдардың зерттеу өзегі болды.

Америка ғалымы Льюис Морган (1881-1881) өзінің этнологиялық зерттеуінің нәтижесінде (солтүстік Америка тайпаларындағы индеец-ирокездерді зерттеген) «Ежелгі қоғам» деген еңбегін (туыстық отбасылық қатынастар туралы) жарыққа шығарды. Ол еңбегі бойынша, ежелгі отбасының пайда болуы ешқандай нормалар арқылы реттелмейтін қауымдастықтар мүшелерінің арасындағы жыныстық қатынастардан басталды деп көрсетті. Кейіннен ғалымдар Морганның зерттеуіне сүйене отырып, отбасының даму тарихын мынадай фазаларға бөлді:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтану ғылымы жайлы
Әлеуметтану және әлеуметтік философия
Әлеуметтанудың құрылымы мен қызметтері
Теориялық әлеуметтану түсінігі
Зерттеудің деңгейі
Қазіргі қоғамды әлеуметтанудың рөлі
Социология пәні мен қызметтері
Арт терапиясы арқылы жасөспірімдердегі девиантты мінез құлықтың алдын алу
Нақты әлеуметтанулық зерттеу жұргізудің әдісі мен техникасы
Басқару ұғымы, қоғамдағы басқару салалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz