Баланы қамқорлыққа алудың маңызы



Тақырыбы: «Баланы қамқорлыққа алудың маңызы»

Мақсаты: Отбасы – адамның өз бақытын табатын орта, ұрпақтың жалғасуына себепкер, қоғамдағы жаман әрекеттерден қақпалайтын алтын қазық екенін түсіндіру.
Бала асырап алу — адам өміріндегі күрделі әрі жауапты қадам. Бөтен бала үшін шынайы ата – ана болу оңай емес. Әдетте, бұл процесс бала асырап алу, қамқорлық пен патронаттық бойынша қажетті ақпарат жинаудан, заңнамамен танысудан, ата – ана қамқорынсыз қалған балаларды орналастырудың барлық ықтимал нысандары бойынша түсініктемелерден басталады. Көптеген аспектілер бойынша оларға тиімді ресурс – балалар деректерінің Интернет – банкі көмектесе алады.
Қазақстанда «Жетім балалар және ата – ана қамқорлығынсыз қалған балалардың ашық деректер базасы» жобасы іске қосылды. www.usynovite.kz сайтында балалар үйлерінде және нәрестелер үйіндегі балалардың шағын сауалнама ретінде туынды деректері берілген. Әлеуетті бала асырап алушылар, қамқоршылар үшін кез келген ақпарат құнды, бұл балаларға өздерінің ата – аналарын кездестіруге мүмкіндік беруі мүмкін.

Бала асырап алу үшін қажетті құжаттардың тізімі:
- бала асырап алу тілегі туралы жазбаша өтініш;
- тұрғын үй – тұрмыстық жағдайын тексеру туралы өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- бала асырап алуға жақын туыстарының жазбаша келісімі;
- достарынан немесе көршілерінен кем дегенде үш ұсыныс хат;
- жиынтық табыс көлемі туралы анықтамалар;
- отбасы жағдайы туралы анықтамалар;
- денсаулық жағдайы, оның ішінде психикалық саулығы, есірткіге (уытқұмарлыққа), алкогольге тәуелді еместігі туралы анықтаманы;

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Баланы қамқорлыққа алудың маңызы

Мақсаты: Отбасы - адамның өз бақытын табатын орта, ұрпақтың жалғасуына себепкер, қоғамдағы жаман әрекеттерден қақпалайтын алтын қазық екенін түсіндіру.
Бала асырап алу -- адам өміріндегі күрделі әрі жауапты қадам. Бөтен бала үшін шынайы ата - ана болу оңай емес. Әдетте, бұл процесс бала асырап алу, қамқорлық пен патронаттық бойынша қажетті ақпарат жинаудан, заңнамамен танысудан, ата - ана қамқорынсыз қалған балаларды орналастырудың барлық ықтимал нысандары бойынша түсініктемелерден басталады. Көптеген аспектілер бойынша оларға тиімді ресурс - балалар деректерінің Интернет - банкі көмектесе алады.
Қазақстанда Жетім балалар және ата - ана қамқорлығынсыз қалған балалардың ашық деректер базасы жобасы іске қосылды. www.usynovite.kz сайтында балалар үйлерінде және нәрестелер үйіндегі балалардың шағын сауалнама ретінде туынды деректері берілген. Әлеуетті бала асырап алушылар, қамқоршылар үшін кез келген ақпарат құнды, бұл балаларға өздерінің ата - аналарын кездестіруге мүмкіндік беруі мүмкін.

Бала асырап алу үшін қажетті құжаттардың тізімі:
oo бала асырап алу тілегі туралы жазбаша өтініш;
oo тұрғын үй - тұрмыстық жағдайын тексеру туралы өтініш;
oo жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
oo бала асырап алуға жақын туыстарының жазбаша келісімі;
oo достарынан немесе көршілерінен кем дегенде үш ұсыныс хат;
oo жиынтық табыс көлемі туралы анықтамалар;
oo отбасы жағдайы туралы анықтамалар;
oo денсаулық жағдайы, оның ішінде психикалық саулығы, есірткіге (уытқұмарлыққа), алкогольге тәуелді еместігі туралы анықтаманы;
oo сотталмағаны туралы анықтама;
oo тұрғын үйінің бар - жақтығын растайтын құжат;
oo бала асырап алуға үміткер ретінде тіркелген жер бойынша органның бала асырап алушы болу мүмкіндігі туралы берген қорытынды.
Бала асырап алудың құпиялығы - бала асырап алудың құпиялылығы заңмен корғалады. Бала асырап алу туралы шешім шығарған судьялар немесе бала асырап алуды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған лауазымды адамдар, сондай-ақ бала асырап алу туралы өзгедей түрде хабардар болған адамдар бала асырап алудың құпиялылығын сақтауға міндетті. Бала асырап алудың құпиялылығын оны асырап алушылардың еркіне қарамай жария еткен адамдар заңда белгіленген тәртіппен жауапқа тартылады.
Бала асырап алу туралы тұңғыш заң 1851 жылы АҚШ - тың Массачусетс штатында қабылданған. Бұл заң бойынша асырап алынған бала биологиялық балаға тиесілі құқықтарға ие болған. Судья бала асырап алушы ата-аналардың баланы тамақтандыра алу мүмкіндігін ғана емес, сондай-ақ оған білім беру мүмкіндігінің де бар - жоқтығын анықтауға міндетті болатын.
Францияда баланы заңдық асырап алу 18 - ғасырдың басында Наполеон кодексінде, ал Ресейде 1 Александрдің патшалық етуі кезінде пайда болған.
2012 жылғы 17 қаңтарда күшіне енген "Неке (ерлі - зайыптылық) және отбасы туралы" ҚР Кодексімен шетелдік азаматтармен бала асырап алу үрдісі тұжырымдамалы түрде өзгертілді: Егер бұрынырақ шетелдік бала асырап алушылар тікелей асырап алатын болса, онда қазір асырап алу мәселелеріне тек заңды тұлғалар - агенттіктер, ҚР аумағындағы өздерінің филиалдары мен өкілдіктері арқылы жіберілетін болады.
Бала асырап алушыларды іздеу және бала асырап алу үрдісін рәсімдеу бойынша қызметті жүзеге асыратын агенттіктерге Қазақстанда олардың құқық қабілеттілігін ресми түрде тану үшін балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі комитетте аккредиттеу рәсімінен өтуі қажет болады.
Баланы тәрбиелеп - өсіру ата - ана міндеті. Ал, жанұядан, анасынан бөлек тәрбиеленіп жатқан баланың психикалық тұрғыдан дамуы өз қатарлылардан кем түсетіні бала бір жасқа толар кездің өзінде - ақ байқалады. Бүгінде жанұя дағдарысы жиі кездесетін құбылыс болып тұр. Өйткені, Казахстанда 46 мыңдай бала ата - анасының қамқорлығынсыз қалғаны, бұлардың 16 мыңы балалар үйінде тәрбиеленіп, ал 3 мыңдай бала ата - анасы жоқ жетімдер қатарында екені байқалады.
Осы жетім балалардың көбі ата - анасы бас тартқан балалар. Баласынан бас тартқан ата - ананың жүректері қалай ауырмайды деген ой әркімді мазалайтын шығар. Сондықтан, біздің қоғам мемлекетпен қатар ата - анасыз қалған жетімдерді жанұясы болуы жолында, бала мүддесіне сәйкес адамдар оларды асырап алу үшін жұмыс жасауымыз қажет.
Егер заңдарға назар аударсақ, Бала құқығы туралы Конвенция бала құқығының, мүддесінің басты назарда болуын нақтылап, бекіткен.
Ал, Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңының 28 - бабына сәйкес отбасында өсiріп - жетiлдiру мен тәрбиелеу үшiн жағдайлар жасау мақсатында ата - анасының қамқорлығынсыз қалған бала Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен асырап алуға берiлуi мүмкін деп көзделген.
Қазақстан Республикасында жетім, ата - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қорғаншылық және қамқоршылықтың жалпы түсінігі
Қорғаншылық және қамқоршылық
Қорғаншылар мен қамқоршылар түсінігі және оның құқықтары мен міндеттері
Балалық шақ адамның бастапқы өмірінің белгілі бір бөлігі
Шетел азаматтарының бала асырап алуды құқықтық реттеу
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеу
Қорғaншылық және қaмқоршылық ұғымы
Неке және отбасы құқығы жайлы
Әлеуметтік педагогтың жетім балалармен жұмысы
Бала құқығы жайлы
Пәндер