Оқушылардың ақыл-ой тәрбиесі мен дамуы. Олардың өзара баланысы.


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1. ТӘРБИЕ ТЕОРИЯСЫ
1. 1. Тәрбие әлеуметтік құбылыс . . . 5
1. 2. Тәрбиенің принциптері . . . 9
2. ОҚУШЫЛАРДЫҢ АҚЫЛ-ОЙ ТӘРБИЕСІ МЕН ДАМУЫ
2. 1. Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытуға психологиялық бағыттау13
2. 2. Оқушылардың ақыл-ой тәрбиесінің үрдісі және тәсілдері . . . 20
3. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕЙІНІН ДАМЫТУ АРҚЫЛЫ ӨЗІН-ӨЗІ ТӘРБИЕЛЕУ
3. 1. Оқушыларды тұлғалық қасиеттерін дамытуға психологиялық бағыттау. . 23
3. 2. Оқушылардың ақыл-ой, сана тәрбиесі мен олардың өзара байланысының
психологиялық құрлымы . . . 26
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 32
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында болашақ, келесі ғасырға, жаңа мыңжылдыққа, қашық болашаққа өтетін құндылықтар туралы айтты: "Біз өзіміздің болашағымызды және балаларымыздың болашағын қандай күйде көргіміз келеді, осыны айқындап алатын уақыт жетті. Біз ненің іргесін тұрғызғымыз келетінін, таңдап алған мақсатымызға алып келетін өз дамуымыздың траекториясы, даңғылы қандай болуға тиіс екенін анық білуге және ұғынуға тиіспіз"[1] . Курстық жұмыста: Оқушылардың ақыл ой тәрбиесі мен дамуы. Олардың өзара баланысы. Тәрбие үрдісі жағдайындағы психикалық іс-әрекеттер заңдылықтарын, оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуінің психологиялық негізін, зейін қасиеттерін зерттеу және дамыту жолдарын іздестіре отырып, тұлғаны қалыптастырудағы ықпалы қарастырылды. Жеткіншектердің жаңа психологиялық мүмкіндіктерін қалыптастыруға бағыттау, баланың психикалық дамуы, оны ілгері өрбіту, мақсатқа бағдарлай ұйымдастыру, тәрбиелеуді басқару және өзін-өзі тәрбиелеу үрдісін ұйымдастыруға кең өрісті жағдай туғызады. Сондықтан біздің зерттеуімізде оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің теориялық-әдіснамалық негіздері зейін қасиеттерін дамыта отырып қарастырылған. Бұл мәселелер Л. С. Выготскийдің адам тұлғасының жалпы дамуында «интеллект және аффект» байланыс идеялары арқылы зерттелді. Қазіргі кезде білім беру жүйесіндегі психологиялық-педагогикалық үрдісте оқушының өзін-өзі тәрбиелеу мәселесі ерекше маңызды. Бұл зерттеу, өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің теориялық-әдіснамалық және эксперименталды әдістемелік мүмкіндіктерін қарастыруға бағдарланған. Педагогикалық психологияда қазіргі кездегі негізгі ағымдарды, жаңа тұжырымдамаларды негіздей отырып, жеткіншектердің өзін-өзі тәрбиелеу үрдісін белсендендіріп, өнегелілік қасиеттерін қалыптастыру білім беру жүйесінің өзекті мәселелерінің бірі.
Бүгінгі әлеуметтік-психологиялық жағдайлар, білім беру жүйесінде тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуіне психологтардың, педагогтардың және физиологтардың ерекше назар аударуларын қажет етеді. Тұлғаның өнегелілік - еріктік өрісін, адамгершілік санасын, түсініктерін, ұғымын, принциптерін, сенімдерін, қылығының адами негіздерін, басқаларға өзінің эмпатияларын, әлеуметке деген қатынасын көрсететін мінез-құлық сапалары мен әдеттерін дамытудағы психологиялық механизмдерді аша отырып, балалық шақтың түрлі кезеңдеріндегі тәрбиелеу үрдісін ұйымдастырудың шарттары мен ерекшелігі. Жалпы осы заңдылықтарды қарастыру жұмысымыздың өзектілігіне дәлел.
Қазіргі психологиялық-педагогикалық үрдістің арнайы толығырақ міндеттерін бейнелейтін құбылыстардың ішінде өзін-өзі тәрбиелеу, әсіресе психикалық әрекеттердің (зейіннің қасиеттерін арнайы дамыту жолдарымен),
маңызды мәселенің бірі деуге болады. Бұл бағытта мәдени құндылықты, психологиялық-педагогикалық және жалпы ғылыми категорияларының әлеуметтік өмір аумағында дәстүрлі және жаңашыл байланыстары ерекше қалыптасуда. Өскелең ұрпақты дамытуда соңғы жылдары өзін-өзі тәрбиелеу мәселесі жалпы тәрбиенің өзекті саласы ретінде әр түрлі ғылыми зерттеулердің объектісіне айналуда. Тұлғаны мақсатты түрде қалыптастырудағы айқын заңдылықтарды табу, оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуін ғылыми негізде құру, сонымен бірге психологиялық теорияның даму мүмкіндіктерін ескеру бүгінгі күннің талабына сәйкес жалпы тәрбие үрдісін қамтамасыз етеді. Тұлға дамуының әлеуметті түрде ұйымдастырылатын оқыту шарттарына байланысты ақыл-ой сияқты саласын дамытуда психикалық әрекеттердің шешуші міндеттері, оның ішінде зейіннің рөлі жетекші екені көптеген психологиялық зерттеулерден Л. С . Выготский, Н. Ф. Добрынин, И. В. Страхов, Ж. Ы. Намазбаева жане т. б. еңбектерінен белгілі. Адамның саналы белсенді іс-әрекеті - оның тұлғалығының психологиялық өзгешеліктерін дамытудың негізі. Қалыптасқан жеке адам өзінің көзқарасы, ұғымы, өнегелілік талаптары, бағалауымен, саналы қойған мақсатымен, өзінің қылығын, іс-әрекетін басқара білуімен сипатталады.
Өзін-өзі тәрбиелеудегі өзіндік сананың теориялары Л. С. Выготский, В. В. Столин, ИС. Кон, В. С. Мерлин, И. И. Чеснокова, М. И. Лисина, Ч. Кули, Дж. Г. Мид еңбектерінде жан-жақты қарастырылып талданған, ал педагогикалық психология саласында өзін-өзі тәрбиелеу мәселесін зерттегендер: В. И. Селиванов, Н. С. Ликин, А. Г. Ковалев, Ю. М. Орлов т. б.
Жұмыста Б. Г. Ананьевтің, С. Л. Рубинштейннің тұлғаны дамытуда кешенді қатынас жүйелері, және Н. Ф. Добрынин, П. Я. Гальпериннің зейінге байланысты зерттеулерінің эксперименталды бөлімдері, Ж. Ы. Намазбаеваның тұлғаны кешенді жүйемен дамыту теориясы басшылыққа алынды.
Сонымен бірге зейінің әр түрлі аспектерін профессор Ж. Ы. Намазбаеваның жетекшілігімен қазақстандық психологгар О. С. Сангилбаев, Ш. С. Сатиева, И. В. Андреев, С. В. Тихомирова зерттеген.
Жұмыстың негізгі мазмұнын оқушылардың ақыл-ой тәрбиесі мен дамуы. Олардың өзара баланысы, тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу үрдісін зейіннің қасиеттерін зерттеу және олардың негізінде психологиялық көмекті ұйымдастыру құрайды. Өзін-өзі тәрбиелеу механизмдері жас ерекшелігін ескере, қойылған міндеттерге сәйкес реттей білу керек және психологиялық-педагогикалық зерттеулерді жүйелі қатынас бағытымен жүргізуді талап етеді.
Курстық жұмыстың мақсаты: Оқушылардың ақыл-ой тәрбиесі мен дамуы. Олардың өзара баланысы. Тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу үрдісін зейінің қасиеттерін зерттеу және олардың негізінде психологиялық көмекті ұйымдастыру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, еңбектерді
теориялық талдау;
- өзіндік сананың және өзін-өзі тәрбиелеудің теориясын зерттеп ашу;
- өзін-өзі тәрбиелеу үрдісін және тәсілдерін теориялық талдау;
- зейін теориялары және зейіннің түрлері мен қасиеттерінің мазмұнын
сипаттау;
- тұлғаның талаптану деңгейінің контексінде зейіннің қасиеттерін
эксперименталды зерттеп, солардың негізінде оқушыларға, ата-аналарға,
педагогтарға өзін-өзі тәрбиелеу үрдісін зейіндерінің қасиеттерін дамыту
арқылы психологиялық көмек көрсетуге нұсқа-кеңестер құру.
Курстық жұмыстың негізгі кезеңдері. Жұмыс бір-бірімен байланысты үш кезеңнен тұрады.
Бірінші кезеңде: жұмыстың зерттеу тақырыбы нақтыланып, «оқушылардың ақыл-ой тәрбиесі мен дамуын және олардың өзара байланысы» ұғымының мәні ашылып, құрылымдық-мазмұндық моделі жасалды.
Екінші кезеңде: зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізі айқындалып; сол арқылы анықтау және қалыптастыру эксперименттері ұйымдастырылып, оның құрылымдық-мазмұндық моделі құрастырылады. «оқушылардың ақыл-ой тәрбиесі мен дамуын және олардың өзара байланысын» бағдарламалық жобасы дайындалып, жүзеге асырылды.
Үшінші кезеңде: Тәрбиенің заңдылықтары мен принциптері қаралып, өзін-өзі тәрбиелеу-өзімен жұмыс істеуді бастаған оқушымен жұмыс атқарудағы күрделі үрдіс, осы жағдайда оқушыда сырттан көмек күту мәселесі қаралып мәні ашылды [2] .
1. ТӘРБИЕ ТЕОРИЯСЫ
1. 1. Тәрбие әлеуметтік құбылыс.
Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдыдтарихи өмірде жинаңталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді. Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш жеке тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардық өмір сүру тәртібін меңгереді. Педагогика баланы оқыту, тәрбиелеу тәжірибелерін қорытып, тәрбие және даму үшін қажетті жағдайларды анықтайды. Қорыта айтқанда, тәрбие - қоғамның тарихи әлеуметтік-экономикалық жағдайларынан туатын объективтік процесс. Тәрбие процесінде бала өзінің дамуына қажетті жағдайларды пайдалануға тиіс. Табиғи және әлеуметтік орта оның көзқарасын дамытады. Мақсат дегеніміз - бір нерсеге ұмтылу, іске асыру. Бұл тұрғыдан алғанда тәрбие мақсаты - жастарды өмірге әзірлеу мақсатымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының нәтижесін ерте болжау.
Тәрбиенің мақсаты мен жүйесі мемлекеттің саясаты мен экономикасына тәуелді. Тәрбие мен қоғам бір мезгілде пайда болды. Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз қоғам өмірі ілгері дамымайды. Алғашңы қауымдық құрылыста ересектер балаларды еңбекке дағдыландыру үшін қауымның әдет-ғұрпын, салтын үйретті. Таптық қоғамда тәрбие мақсатын анықтау қоғамның ең негізгі мақсатына айналды. Құл иеленуші қоғамдық құрылыста құлдар, өндіріс құралдары (жер, еңбек құралдары) - құл иеленушілерінің жеке меншігі болды. Тәрбиенің мақсаты құл иеленушінің мүддесіне бағындырылып, балаларды басқыншылық соғыс өнеріне тәрбиеледі. Әрбір мемлекетте балаларға білім беру мен тәрбиені ұйымдастырудық нақтылы мәселелері мен әдістері қарастырылады. Мұғалім қандай адамды қалыптастыратынын дәл білуі керек. К. Д. Ушинский өз қызметінің айқын мақсатын көрмейтін тәрбиешіні құрылыс материалдарын бір жерге үйіп тастап, одан не алғысы келетінін білмейтін архитектормен салыстырады. Тәрбиеші жас ұрпаққа берілетін білім, іскерлік, дағдыны, тәрбиелейтін сезімді біліп, жоспарлы, мақсатты тәрбие жұмысын жүргізеді. Я. А. Коменский "Тәрбие мақсаты және міндеттері, маңызы, жүзеге асыру жолдары адамның қоғамда алатын орнымен анықталу керек", "Келесі ғасырдық қандай болатындығы сол ғасыр үшін тәрбиеленген азаматтарға байланысты. Дүние - даналар-дық көптігімен баңытты" - деген ойлар айтты. Осы ойларын "Ана мектебінің" кіріспесінде өрбітеді. "Тәрбие - адамды қалыптастыратын және жетілдіретін үйлесімді процесс" - деп Коменский тәрбие мақсатын төмендегідей негізгі элементтерге бөлді:
- адамға барлық заттарды білгізу-"ғылыми білім";
- заттардың және өзінің қожасы ету - "адамгершілік";
- құдайға, заттарға құлшылық ету - "діни тәрбие";
- тән саулығы - "дене тәрбиесі".
И. Г. Песталоцци тәрбиенің мақсаты балаға бастауыш білім, еңбек, ақыл-ой, дене тәрбиесін беріп, жан-жақты және үйлесімді дамыту деген.
Неміс педагогы А. Дистервег педагогикалық мәселелерді шешудегі сословиелік және шовинистік саясатқа қарсы күресіп, "Мектептің міндеті - адамзатты және өз халқын сүйетін саналы азаматтарды тәрбиелеу" - деген.
К. Д. Ушинский тәрбиенің мақсаты қоғамға пайдалы, адамшылығы бар адамды тәрбиелеу деген. Ол адамгершілік тәрбиесін ақыл-ой, еңбек тәрбиесімен тығыз байланысты қарастырады. П. П. Блонский тәрбие мақсаты балаға жалпы адамзаттың және ұлттың мәдениетті меңгеруге көмектесу, жеке тұлғаның жалпы адамзаттық идеалдарын қалыптастыру деген. 1941-1990 жылдардағы педагогикалық әдебиеттерде "жан-жақты даму" ұғымына ақыл-ой, политехникалық оқу және өндірістік еңбек, адамгершілік тәрбиесі, дене және эстетикалық тәрбие салалары енгізілді. А. С. Макаренко тәрбиенің мемлекеттік міндеті негізінде педагогикалық міндет қойып, педагогтардың жұмысын бақылауға алуға болатындығын атап көрсетті. Ол "Тәрбиенің негізгі мақсаты баланы жан-жақты дамыту" - деген ұсынысты қолдады, В. А. Сухомлинский оны жүзеге асырды. Тәрбие мақсаты қазақ тәлім-тәрбие тағылымына да қойылды. Ұлы ұстаз Әбу Насыр әл-Фараби "Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие берілуі керек. Онсыз берілген білім - адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі" - деді. Ы. Алтынсарин "өмірдің негізгі мәні - еңбек, ол адамның адамгершілік қасиетін мәртебелендіреді, өмірдің шын қадірін тек еңбексүйгіш адам ғана түсіне алады [3] . Мәнсіз еңбек, мағынасыз бейнетқорлық адамның жігерін мұқалтады, өз еңбегінің қызығын, рақат-ләззатын көре білу - кісіліктің басты белгісі" - деген. Абай Құнанбаев талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым сынды жеке тұлғалық жақсы сапаларды қалыптастыру мақсатын қойып, өсек, өтірік, маңтаншақтың, еріншектік, бекер мал шашпақ сияқты зиянды әдеттерді жоюға шақырады. М. Жұмабаев "Көркем денелі, түзу ойлайтын, дәл пішетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден . ляззат алып, жаны толқынарлық болса, баланың дұрыс тәрбие алып шын адам болғандығы" - деп жазды. Мәтжан Мақсымұлы Тілеужанов өзінің "Қазақ тағылымы" атты монографиясында (1994) қазақ тағылымының негізгі бағыттарын атап көрсетті. Олар: ар-ождан тазалығын сақтау; ақыл-ойлы, парасатты болу; барлық әрекетінен, сөйлеген сөзінен, қарым-қатысынан, көзқарасынан ғибрат иісі аңқып тұру; ерте тұрып, кеш жату; аз сөйлеп, көп тыңдау; иманды, инабатты, қайырымды болу; жас ұрпаққа тәрбие беруден жалықпау; халық дәстүріне берікболу; оны жаңарту; әдет-ғұрыпта жоқ нерселерден алулақ болу; сегіз қырлы, бір сырлы болу; халқының рухына кір салмау; ел берекесін сақтап, оның баюына үлес қосу.
Сонымен дәстүрлі педагогикада жас ұрпақты тәрбиелеудің негізгі мақсаты "жан-жақты үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру" - деп жазылды.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы "Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тәрбие тұжырымдамасы" халықаралық адам құқығы туралы нормаларға сәйкес жазылған. Қазақстан Республикасында халыққа білім, тәрбие берудің негізгі мақсаты: Қазақстанның егемендігін қамтамасы ететін, оны бүкіл дүние жүзіне мойындататын, онымен тең қарым-қатынас жасап, Қазақстандық патриотизмді, саяси бостандықты қамтамасызыз ететін нарықтың іргетасын қалап, экономикалық бостандыққа қол жеткізетін, жан-жақты дамыған адамдарды тәрбиелеу. Тәрбиенің мақсатынан міндеттер туындайды. Дүниетаным - тәрбиенің маңызды міндеттерінің бірі. Дүниетаным - адамның табиғат пен әлеуметтік орта, қарым-қатынас, іс-әрекетінің бағыты туралы көзқарастары. Дүниеге көзқарас ғылым негізінде дүниенің даму заңдылықтарын танып білу. Ақыл-ой тәрбиесі - оқушылардың ойлау қабілетін, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, ғылыми білім жүйесін меңгерту. Ақыл-ой тәрбиесінің басты міндеттері: оқушыларды табиғат және қоғам жайындағы ғылыми білімдермен қаруландыру; ойлау қабілеттерін жетілдіру арқылы (абстракттілі, ой операциялары талдау, синтез, салыстыру, жинақтау, саралау, т. б. ) таным іс-әрекетін (іскерлік, дағды, бақылау, жазып алу, өзін-өзі бақылау, т. б. ) дамытып, ғылыми көзқарасын қалыптастыру.
Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері:
- гуманизм, адалдық, батылдық, төзімділікті қалыптастыру;
- адамға сүйіспеншілік, құрмет, қайырымдылық сезімін дамыту; оқушыларды өз міндетіне, өзгенің мүддесіне байыпты қарауға үйрету;
- өз Отанын сүюге, ұлттар достығын құрметтеуге тәрбиелеу;
Еңбек тәрбиесінің негізгі міндеттері:
- оқушыларды іскерлікке, еңбек дағдысына үйрету;
- оқушыларды халық шаруашылығының басты салаларымен, еңбек түрлерімен таныстырып, мамандық таңдауға тәрбиелеу;
- озық еңбек дәстүріне тәрбиелеу.
Эстетикалық тәрбие міндеттері:
- бейнелеу өнері (кескіндеме, графика, мүсін) көркемөнер шығармашылығы (көркем өдебиет, музыка, театр, кино) арқылы баланың сезімдері мен талғамдарын дамытып, сұлулық туралы ұғымдарын қалыптастыру;
- эстетикалық құралдарды пайдалануға дағдыландыру;
- әсемдікке үлесін қосуға тәрбиелеу;
- дене тәрбиесі міндеттері: оқушылар ағзасын дамыту; жастарды еңбекке;
- Отанды қорғауға даярлау, төзімділікке, батылдыққа, ептілікке, іскерлікке, тәрбиелеу.
Тәрбие процесінің мәні - баланың ұжым және қоғаммен қатынастарының жүйесін құру, педагогикалық жағдайлардың, тәрбиелік әсерлердің нәтижесін талдау, жоспарлау жұмысын реттеу; Тәрбие процесінің жобасын құру және жүзеге асыру; тәрбиелік ықпалдарды реттеу және оларға түзетулер енгізу; қорытынды, есепке алу және бақылау.
Тәрбие диалектикасы сыртқы ықпалдық (объективті) адам санасына (субъективті) өтіп, іс-әрекет барысында көрінетін құбылыс. Адамның қоғамдық мәнінің қалыптасуында әлеуметік іс жағдай маңызды рөл атқарады. Тербие процесінде адамның қоғамдық мәнінің қалыптасуына сыртқы және ішкі қарама-қайшылықтар ықпал етеді.Сыртқы қарама-қайшылықтар:
- Қоғамдық ережелер мен адамдардық тәртібі арасындағы сәйкессіздік.
- Мұғалімнің талабымен оқушының тәртібінің арақатынасы.
Ішкі қарама-қайшылықтар:
- Тәрбиешінің талабы мен тәрбиеленушінің мүмкіндігінің ара- қатынасы.
- Тәрбиеленушінің қажеттіліктері мен қанағаттандыру тәсілдерінің ара қатынасы.
Тәрбиенің негізгі зандылықтары. Педагогикалық құбылыс пен үрдіс арасындағы байланысты заңдылықтар деп атайды.
1. Тәрбиенің қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына, демократиялық принципті іске асыруына, адам құқығын қорғау мәселелеріне тығыз байланыстылығы. Осы заманғы тарихи жағдайларға байланысты халықаралық қауымдастық дүниежүзі тарихында халықаралық стандарт болып табылатын жалпы адамзаттың құндылықтар мен адамның негізгі құқығы, бостандығы ашылып көрсетілген ("БҰҰ адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы" "Бала құқығының Конвенциясы") құжаттарын жасады. Олар осы заманғы тәрбие теориясы мен әдістемесіне, тәрбие мұраттары мен рухани құндылықтарға жаңаша бағыт береді. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" (1999) Зақына сәйкес бұл құжаттар еліміздің білім саласындағы мемлекеттік саясатыныңнегізі болды.
2. Тәрбиенің оқыту мен білім берудің сапасына байланыстылығы. Оқыту - тұлғаны қалыптастырудық құралы. Тәрбиенің мазмұны, түрі және әдісі тәрбиеленушілердің даму дөрежесіне байланысты іріктеледі.
3. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеу бірлігі. Жеке адамның дамуы мен қалыптасуында белсенділіктің рөлі зор. Іс-әрекет барысындағы белсенділіктің түрлері: қарым-қатынас белсенділігі, таным белсенділігі, өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі. Қарым-қатынас белсенділігі тұлғаның мінез-құлқын, жүріс-тұрысын қалыптастырады. Таным белсенділігі - заттар мен құбылыстардың мәнін, ғылыми ұғымдар мен заңдылықтарды терең түсінуге, оны тәжірибеде қолдана білуге үйретеді. Егер ересек адамдар балалардың сұрақтарын қостап, таным белсенділігінің дамуына бағыт беріп отырса, онда олардың талпынғыштық және бақылағыштық қасиеттері қалыптасады.
Өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі - тәрбиеші өзін-өзі тәрбиелеуге баланың ынтасын оята алғанда тәрбие жұмысы нәтижелі жүреді.
4. Педагогикалық процестегі ұжым мен жеке адамның өзара байланысы. Ұжымның басты борышы - әрбір адамның шығармашылық өсуіне қамқоршы болу [4] .
1. 2. Тәрбиенің принциптері.
Принцип дегеніміз - адамның іс-әрекетінде басшылыққа алатын алғы шарты, негізгі ережесі. Бүгінгі күннің талабына сай ұрпақ тәрбиесінің мазмұнын, әдіс тәсілдерін және ұйымдастыру жүйесінің іргетасын қалайтын негізгі қағидалар:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz