Сиыр лейкозын балау


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ВЕТЕРИНАРИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
Індеттану және ветеринария ісін ұйымдастыру кафедрасы
Тақырыбы : « Сиыр лейкозын балау»
Беттер саны 27
Сызбалар мен көрнекі
материалдар саны 9
Қосымша 3
Кафедра меңгерушісі
Жетекші
Сарапшы
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
1 Әдебиетке шолу . . . 4
1. 1 Лейкоз туралы түсінік . . . 4
1. 2 Сиыр лейкозын балау әдістері 5
1. 2. 1 Серологиялық балау. . 7
1. 3 Әдебиетке шолуды қорытындылау. 9
2 Өзіндік зерттеулер . . . 9
2. 1 Зерттеу нысандары мен әдістері . 9
2. 2 Зерттеу нәтижелері9
2. 2. 1 ҚР АШМ “Республикалық ветеринариялық зертхана” РМҚК Алматы өңірлік бөлімшесіне сипаттама . . . . . . 9
2. 2. 2 2004-2006 жж. Алматы өңірі бойынша сиыр лейкозын балау нәтижесін талдау . . . ………. . 12
2. 2. 3 “Адал” АӨК-не сиыр лейкозына індеттанулық талдау . . . 14
2. 2. 3. 1 “Адал” АӨК сиырларын лейкозға серологиялық балау18
2. 3 Экономикалық тиімділікті есептеу . . . 20
3 Қорытынды . . . 22
4 Ұсыныс . . . 23
5 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. 24
Еңбекті қорғау25
Қосымша . . . 26
КІРІСПЕ
Сиыр лейкозы үлкен экономикалық шығынға ұшыратады. Малдың өнімділігі төмендейді, малды ерте жарамсыздыққа шығаруға, сонымен қатар міндетті түрде лажсыз сойылған малдың ұшасын жоюға тура келеді. Қазіргі уақытта лейкоз мәселесі бірінші орында тұр. Ең алдымен жоғары өнім беретін сиырлар зақымдалады. Әсіресе қазіргі нарықтық жағдайда айтарлықтай зиян келтіруде. Лейкозбен күрес шараларының басты буыны балау.
Осыған байланысты жұмыстың мақсаты ҚР АШМ “Республикалық ветеринариялық зертхана” РМҚК Алматы өңірлік бөлімшесі зертханасында сиыр лейкозын серологиялық балау әдістерін меңгеру болды. Бұл мақсатты шешу үшін төмендегідей міндеттер қойылды:
1. ҚР АШМ “Республикалық ветеринариялық зертхана” РМҚК Алматы өңірлік бөлімшесі зертханасы жұмысына талдау.
2. Алматы өңірі бойынша сиыр лейкозын балау нәтижелерін талдау.
3. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы “Адал” АӨК-де сиыр лейкозына індеттанулық талдау жүргізу.
4. “Адал” АӨК сиырларының қан сарысуын лейкозға тексеру.
1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1. 1 Лейкоз туралы түсінік
Сиырдың лейкозы (Leucosis bovum, лейкоз крупного рогатого скота) -қатерлі ісік шалу негізінде жетілмеген қан түзу және лимфоидты торшалардың шамадан тыс көбейіп, әртүрлі ағзаларды жайлап алуы және ісікті ұлпалардың пайда болуымен ерекшеленетін жұқпалы ауру [1] .
Ең алғаш лейкозды неміс патоморфологы Р. Вихров 1845 ж 55 жастағы әйел мәйітін сойып зерттегенде анықтаған. Ол талақтың үлкейгенін және жүрек пен қан тамырларда іріңге ұқсас массаның жиналғанын көрген. Микроскоппен қарағанда масса лейкоциттен тұрған [2] .
Қоздырушысы - Bovine leucosis oncovirus Retroviridae туыстастығының Oncarnoviridae туыстық тармағына жатады. Құрамында РНҚ бар, көбейгенде
ДНҚ көшірмесі бар провирус түзеді. Провирус иесінің торшасындағы хромосоммен бірігіп, торшаның негізгі қалпын өзгертіп трансформацияға
ұшыратады. Сиыр лейкозының вирусы (СЛВ) онковирустардың С типіне жатады. СЛВ сыртқы ортада төзімсіз. Жоғары температураға сезімтал. Дезинфекциялау үшін күйдіргіш натрий, формальдегид және тағы басқа дезинфектанттар әдеттегі концентрациясында пайдаланылады. СЛВ сиырмен қатар буйвол, қой мен ешкі бейім [1] .
Лейкозбен сиыр малының барлық тұқымының қай жастағысы болмасын ауырады. Әйтседе ауру 4-8 жас аралығында жиі байқалады.
Лейкоздың қоздырушысының бастауы ауырған жануарлар. Ауруға шалдыққан сиыр ауру белгісі біліне бастаған мезеттен бастап вирусты сүт пен уыз арқылы бөліп шығарады. СЛВ табиғи жолмен жұққанда сиырлардың
сүті мен уызындағы торшаларда орын тебеді, ал сілекей, танаудан аққан сора, несеп пен шәуеттен вирусты бөліп алу мүмкіндігі дәлелденген жоқ.
Ауру бұқаның шәуетінде СЛВ болмайды, бірақ жыныс жолдарында қабыну процесі болса, шәуетке вирус алып жүретін лимфоциттер өтіп кетеді.
Табиғи жағдайда СЛВ инфекциясы туғанға дейін және туғаннан кейін беріледі. Туғанға дейінгі вирустың гамета арқылы генетикалық немесе хромосомдық трансмиссия, ал бөтен вирион эпигенетикалық немесе экстрахромосомдық трансмиссия жолымен, ал туғаннан кейін сүтпен немесе жанасу арқылы беріледі.
1. 2 Сиыр лейкозын балау әдістері
Сиыр лейкозына диагноз індеттанулық деректерді ескере отырып, клиникалық белгілері бойынша қойылады. Клиникалық балаудың басты әдісі - гематологиялық тексеру .
Әдістің негізгі шеткері қандағы лимфоидты қатардағы көп мөлшердегі лейкоциттерді, әлсіз дифференцияланған торшаларды, сонымен қатар полиморфты, тән емес түрдегі қан түзетін мүшелер торшаларын айқындауға негізделген (1 кесте) .
Кесте 1 - Лейкозға сау, күдікті және ауру сиырдың 1мм 3 қанындағы лейкоциттер мен лимфоциттер саны
Егер жануардағы лейкоциттер саны кестеде көрсетілген көрсеткіштен
төмен болса, нәтиже теріс деп саналады.
Егер лейкоциттер саны кестеде көрсетілген көрсеткіш деңгейінде болса, нәтижені күдікті деп санайды, егер кестедегі ең аз көрсеткіштен төмен болса, нәтижені теріс деп санайды. Егер 1см 3 қандағы лимфоциттер саны кестедегі көрсеткіштен көп болса, нәтижені оң деп бағалайды.
Лейкозға күдікті жануарларды екі-үш рет, арасына 30 күн салып, зерттейді. Егер 2-ші және 3-ші қосымша зерттеулер кезінде теріс нәтижелер алынса, мұндай жануарларды теріс деп таниды, ал қанда күдіктілерге тән өзгерістер анықталса, оларды ауру деп санайды.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістер . Энзоотиялық лейкоздың екі патологиялық-анатомиялық түрі болады. Біріншісі лимфоциттердің қан түзу ағзаларына шоғырланып, дерттің сүйек майына шабуымен сипатталады. Мұндай лейкоз қан торшаларының басым түрлеріне байланысты лимфоидты, миелеоидты, шала түрленген (гемоцитобластоз), түрленбеген (дифференцияланбаған) деп аталады. Екінші түрі лимфосаркома, ретикулосаркома, лимфогранулеметоз түрінде сөл түйіндерін, көк бауырды және басқа да лимфоидты ұлпаларды зақымдайды. Өлексені сойғанда қан түзу мүшелерінде, сірі қабықтарда, ішекте, жүректе, бауырда, бүйректе, жатырда және басқа ағзаларда ошақты немесе шашыранды пролиферация (азғындаған) торшалардың шоғырлануы байқалады. Көк бауыр ісінеді, пульпаның консистенциясы жұмсақ, қызыл түсті (1-сурет) .
Сурет 1- Сиыр талағы: 1- ауырған малдан, 2- сау малдан
Лимфа түйіндері ісініп, пульра болбыр, кесіп көргенде сұр түсті қан құйылу болады (2-сурет) .
Сурет 2- Сиыр ұшасының лимфа түйіндеріндегі ісіну
Лейкозбен ауырған сиырда клиникалық белгілер аса байқалмайды. Сондықтан, нақты диагноз қою үшін серологилық әдіс қолданылады.
1. 2. 1 Серологиялық балау
Лейкозды балау үшін диффуздық преципитация реакциясы, иммунды флуоресценция реакциясының тура және тура емес нұсқалары, латексагглютинация реакциясы, радиоиммундық талдау қолданылады [3] .
Иммунды флуоресценция реакциясы (ИФР) . Алғаш бұл әдісті Tolle мен Gillette cиыр лейкозы әлі табылмай тұрып қолданған. ИФР-ң тұра емес нұсқасы флуоресцинмен коньюгацияланған адам комплементіне қарсы антиденені пайдаланғанда өте сезімтал.
Комплемент байланыстыру реакциясы (КБР) . СЛ анықтау үшін КБР-ын J. M. Miller ұсынған [4] . КБР-ын малдың гематологиялық көрсеткіштерімен салыстырғанда, лейкозбен ауырған малдың қан сарысуындағы титры жоғары, лимфоцитоз жоғарылаған сайын антидене титрі көбейеді. КБР-на қатысатын антиденелер 4 структуралы белокқа қарсы бағытталған: gp 51, gp 35, p 24, p 15. КБР-ң белгілі бір артықшылығына қарамастан, бұл әдістің ИДР-ға қарағанда сезімталдығы әлсіздеу.
Иммуноферментті талдау (ИФТ) . Ең алғаш Engvall мен Perlmann ұсынған. ИФА вирусқа қарсы антиденені анықтайтын серологиялық әдістің бірі. 1978 ж. Ressang ИФТ-ы СЛВ антиденесін анықтау үшін қолдануды ұсынылды [5] .
ИФТ-ң телімділігін арттыру үшін Todd қан сарысуын тексеру үшін вирустық антигенмен қатар бақылау антигенін қолдануды ұсынды. Бақылау қан сарысуын дайындағанда ауру жұқпаған қой эмбриоының бүйрек торшасын пайдаланған ИФТ-да фосфотаза қолданады. Авторлар пікірінше, ИФТ-ң сезімталдығы ИДР gp 51-ге қарағанда 100 есе жоғары деп есептейді.
Иммунодиффузды реакция (ИДР) 1972 ж. J. M. Miller мен J. F. Ferrer СЛВ-ын анықтау үшін ИДР-ын лейкозбен ауырған сиырдың қан сарысуынмен вирион тұнбасынан немесе залданған торшаны эфирмен өңдеп жасалған препаратты қолданып қойды. Эфирмен өңдегенде бөлініп шыққан антиген молекулалық массасы 24 кД ішкі протеид болып табылады.
1975 ж. M. Onuma CЛВ-ң гликопротеидті антигеніне қарсы антиденені анықтау үшін ИДР-і қолданғаны жайында хабарлады. J. M. Miller мен M. J. van der Maaten СЛВ гликопротейдті антигенін FLK торша өсінділерінен бөліп алу әдістерін сипаттаған. Бөлініп алынған антигенді препаратты 30% (NH 4 ) 2 SO 4 ерітіндісімен преципитацияланған соң gp 51 және p24 антигенінің екеуі де болған. Алғашқы зерттеулер gp 51 ИДР-ға оң нәтиже берген қансарысуы p24 ИДР-ға теріс нәтиже бергенін көрсетті. Осыған байланысты гликопротеидті антигені бар ИДР-ң сезімталдығы p24 ИДР-ға қарағанда жоғары деген тұжырым жасалды.
1. 3 Әдебиетке шолуды қорытындылау
Сиырдың лейкозы- қатерлі ісік шалу негізінде жетілмеген қан түзу және лимфоидты торшалардың шамадан тыс көбейіп, әртүрлі ағзаларды жайлап алуы және ісікті ұлпалардың пайда болуымен ерекшеленетін жұқпалы ауру. Сиыр лейкозына диагноз індеттанулық деректерді ескере отырып, клиникалық белгілері бойынша қойылады. Клиникалық балаудың басты әдісі - гематологиялық тексеру. Патологиялық-анатомиялық әдістің жұқпалы лейкозға диагноз қою үшін көмегі зор. Лейкозға тән өзгерістер қан түзу мүшелерінде, сірлі қабықтарда, ішекте, жүректе, бауырда, бүйректе, жатырда және басқа ағзаларда ошақты немесе шашыранды пролиферация торшалардың шоғырлануы байқалады. Көк бауыр ісінеді, пульпаның консистенциясы жұмсақ, қызыл түсті болады. Бірақ лейкоз кезінде клиникалық белгілері біліне бермейді. Сондықтан нақты диагноз қою үшін серологиялық әдіс қолданылады. Оған диффуздық преципитация реакциясы, иммунды флуоресценция реакциясының тура және тура емес нұсқалары, латексагглютинация реакциясы, радиоиммундық талдау, иммуноферментті талдау, комплемент байланыстыру реакциясы қолданылады. Осы реакциялардың ішінде қазіргі кезде ДПР-ы ең арзан, қойылуы оңай, сезімталдығы жоғары. Сондықтан сиыр лейкозын осы әдіспен анықтайды. Әдістің мәні жануардың қан сарысуында иммунодиффузия реакциясы көмегімен ірі қара малдың онковирусын С түріндегі антигендерге қарсы преципитирлеуші антиденелерін анықтауға негізделген.
.
2 ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУЛЕР
2. 1 Зерттеу нысандары мен әдістері
Зерттеулер Алматы қаласы “Республикалық ветеринариялық зертхана” РМҚҚ Алматы өңірлік бөлімшесінде жүргізілді. Зертхананың құрлымы анықталды, ондағы сиыр лейкозын балау жұмыстарына талдау жасалды. 2004-2006жж. зертханалық есебі пайдаланылды. ДПР СЛ балау әдісін меңгердік. Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, “Адал” АӨК СЛ-на індеттанулық талдау жасалды.
2. 2 Зерттеу нәтижелері
2. 2. 1 ҚР АШМ “Республикалық ветеринариялық зертхана” РМҚК Алматы өңірлік бөлімшесіне сипаттама
ҚР АШМ (індеттанулық саулықты қамтамасыз ету) бағдарламасының 018 101-ші малдардың ауруын балаудың под программасымен ауданның материалдарын тексереді.
Зертхана Алматы қаласы, Райымбек даңғылы 199 үйде орналасқан. Жалпы көламі 200 шаршы метр. Ол жерде әкімшілік корпус, зертханалық корпус, виварии, сойып зерттеу корпусы, қойма бар. Зертханалық корпус екі қабат ғимарат. Жалпы өңірлік бөлімшесіне 2003-2007 ж. ремонт жүргізілуде. Еден, қабырғалары кафельмен қапталған. Зертхана толығымен соңғы талаптарға сай жабдықталған Зертханада 5 бөлім бар: cерологиялық, бактериологиялық, вирусологиялық, ветеринарлық-санитарлық сараптау, стандарттау-сертификаттау бөлімі.
Зертханада 90% жоғары білімді мамандар қызмет етеді. Жыл сайын білімдерін жетілдіруге басқа қалаларға барып тұрады (2-кесте) .
Кесте 2 - Алматы өңірлік филиалының қызметкерлерінің көрсеткіштері
Астана, 2004
Тараз, 2005
Ленинград, 2006
Тараз, 2005
Ленинград, 2006
Астана, 2004
Тараз, 2005
РВЛ, Астана, 2004
Тараз, 2005
Ленинград, 2006
АЗВИ, 1993
АЗВИ, 1998
КазҰАУ, 2002
10 жыл
8 жыл
4 жыл
Тараз, 2005
Астана, 2004
АЗВИ, 1987
АЗВИ, 1995
13 жыл
6 жыл
Серология бөлімінде қан қабылдайтын, реакция жүргізілетін, пробирка жуатын бөлме, бокс, асхана, құжат толтыратын бөлме бар. Реакция жүргізетін бөлмеде 2 термостат, су моншасы, тоңазытқыш бар. Серология бөлімінде бруцелез, лептоспироз, маңқа, листериозға қан сарысуын тексереді.
Бактериология бөлімінде паталогиялық материал қабылдайтын, реакция қоятын бөлме бар. Аулада сойып зерттеу бөлмесі бөлек орналасқан.
Вирусология бөлімінде құтырық, лейкоз, аусыл, жылқы анемиясы, Ньюкасл ауруы, құс тұмауы, жылқы ринопневманиясына материал тексеріледі. Вирусология бөлімінде ИФА зертхана, бокс, реакция жүргізетін, құжат толтыратын бөлме бар.
2. 2. 2 2004-2006 жж. Алматы өңірі бойынша сиыр лейкозын балау нәтижесін талдау
Зертханада жылына екі рет жүйелі түрде Алматы өңірі шаруашылықтарының малдарының қаны лейкозға тексеріліп отырады.
2004-2006 жылдар аралығында Жамбыл ауданынан 2053 қан тексеріліп, теріс нәтиже алынған. Қарасай ауданынан 2394 қан тексеріліп онда да теріс нәтиже алынған (3-кесте) .
Кесте 3 - Алматы өңірі бойынша 2004-2006 жж. сиыр лейкозына қойылған ИДР нәтижелері
Ескерту: с. с. - сынама саны; н. - нәтиже.
2004 ж. Іле ауданынан 570 қан сарысуы тексеріліп, 14-і оң нәтиже берді. 2005 ж. 450 қан сарысуы өткізіліп, оның 37 оң нәтиже берді. 2006 ж. 597 қан сарысуы тексеріліп, 58-і оң нәтиже берген. Яғни, 3 жылдың ішінде 1617 мал басы лейкозға тексеріліп, 109-ы (6, 7%) оң реакция берген. Талғар ауданында 2004ж. 687 малдың 70-і, 2005ж. 594 малдың 38-і, ал 2006ж. 705 малдың 86-ы лейкозға оң нәтиже берген. 3 жылда 2056 малдың 194-і (9, 4%) лейкозға шалдыққан. Қапшағай қаласында 2004ж. 745 малдың 35-і, 2005ж. 694 малдың 7-і, 2006ж. 379 малдың 19-ы оң реакция берген. 3 жылда 1818 бастың 61-і (3, 3%) лейкозға оң нәтиже берген. Еңбекшіқазақ ауданынан 2004ж. 1200 бастың 280-і, 2005ж. 1600 бастың 375-і, 2006ж. 2000 бастың 520-ы лейкозға оң нәтиже берген. 3 жыл ішінде 4800 сиыр қан сарысуының 1175-і (24% ) оң нәтиже берген. Барлық Алматы өңірі бойынша 2004ж. 4627 малдың 399-ы (8, 6%), 2005ж. 6615 малдың 457-і (6, 9%), 2006ж. 4961 малдың 683-і (13%) лейкозға шалдыққан.
Ең көп оң нәтиже берген Еңбекшіқазақ ауданының сиырлары (24%) .
Еңбекшіқазақ ауданында бірнеше ферма бар. Атап айтсақ, Есік қаласында “Фуд Мастер”, Космос елді мекенінде орналасқан “Адал” АӨК. және т. б.
Осыған байланысты “Адал” АӨК сиыр лейкозына індеттанулық талдау жасадық.
2. 2. 3 “Адал” АӨК-де сиыр лейкозына індеттанулық талдау
1. “Адал” АӨК Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласынан 31 км, Алматы-Көкпек-Көктал трассасынан 15 км қашықтықта, жазық жерде орналасқан. Кеңес одағы кезінде “Асыл” колхозы болған. Сүт бағытындағы сиырларды өсіреді.
2. Шаруашылық 3 базадан тұрады. Бірінші база Космос елді мекенінде орналасқан (3-сурет) .
Сурет 3 - Космос елді мекеніндегі №1 база
Ол жерде АӨК-ң кеңсесі, ферманың төменгі жағында сүт зауыты бар. Сауын сиыр саны 753 бас, ал жаңа тұған бұзау саны 250. Космос ауылының солтүстік шығысында орналасқан Жаңашар елді мекеніндегі 2-ші базаға 4 айдан асқан құнажындар жіберіледі. Бұл фермада құнажындарды жасанды жолмен ұрықтандырып, буаздықтың 5-ші айында Космос ауылының оңтүстігінде орналасқан Базаргелді ауылындағы 3- ші базаға ауыстырады (4 - кесте) .
Кесте 4- Шаруашылықтағы малдың саны
3. Малдың қора жайы. Сиыр қораларында көп қатарлы мал орындары қолданылған. Бір қатарда жиырма орыннан бар. Әрбір секциядан серуендету алаңына ыңғайлылығы қамтамасыз етілген. Қора бір қабатты етіп салынған. Еден бетондалып, резина төсеніш төселген. Мал тұратын орынның әрбір қатарының ішкі жағында оттықтар орналасқан. Қораның төбесінен су өтіп, көгерген. Қораның оңтүстік жағында серуендету алаңы бар. Қора табиғи жолмен желдетіледі.
Фермада жаңа тұған бұзау үшін профилакторийлер бар. Профилакторийда бұзау жеке клеткада ұсталады. Профилакторийдың әрбір секциясы жаңа тұған (айырмашылығы 3-4 күндік) бұзаулармен толтырылады. Олар 8-12 күннен соң, секциядан топтап күтіп-бағуға арналған бұзау қораға көшіріледі.
Секциялар босатылған соң, жеке клеткалар, еден, қабырға, төбе жуылып, ластан тазартылады да күйдіргіш натрийдың 3-4% ыстық ерітіндісімен дезинфекцияланады. 1 м 2 ауданға 1литр ерітінді жұмсалады, экспозиция - 3сағат. Бір тәуліктен соң бәрі сумен қайта жуылады .
Профилакторий секциялары бұзаудың жаңа тобымен олар әбден тазартылып, кептіріліп және ауа температурасы +18-20 0 С-ға дейін жылытылған соң толтырылады (4-сурет) .
Сурет 4 - Бұзауларға арналған профилакторий
4. Малдың жаз айларындағы күтімі. Шаруашылықта малды қолда - жайылымда үстайды. Қолда бағу кезеңінде мал қора - жайда, ал жайылым кезеңінде табиғи өрісте ұсталады. Малдәрігерлік гигиена тұрғысынан ол малдың физиологиялық жағдайына толық сай келеді. Себебі мұндайда мал еркін жүріп күн сәулесіне қыздырынады, белокқа, витаминге, микроэлементке бай аса құнды шөпке жайылады. Жазда тұяқ ауруларының алдын алу үшін креалинді ваннаға түсіреді (5-cурет) . Малды суару жүйесі Қан сорғыш буынаяқтылар көп кездеседі, Оларға қарсы инсектицидтер қолданады Малды суару үшін автосуат бар.
5. Малды азықтандыру. Жаз айларында көк шөп құрама жем, қыста сүрлем, пішендеме береді. Бұзауларды сүтпен қоректендіреді.
6. Шаруашылықтың ветеринарлық-санитарлық жағдайы:
Ферманың қоршауы. Шаруашылық 3 аймақтан тұрады: өндіріс аймағы, шаруашылық әкімшілігі, тазалау немесе көң сақтау аймақтары.
Өндірістік аймағында сиыр қора, төл үйшіктері, сауын және мал тудыратын бөлімшелер жатады.
Әкімшілік шаруашылық аймақтарына кеңсе, көлік қоятын орын орналасқан. Сонымен қатар ветеринарлық санитарлық өткізу пункты, көлік құралдары үшін зарарсыздандыру блогы кіреді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz