Бактериялардың жеке топтарының сипаттамасы (1 бөлім – gracilicutes)
Бактериялар – табиғатта ең көп тараған, негізінен бір клеткадан тұратын, оқшауланған ядросы жоқ, ең қарапайым организмдер тобы. Алғаш рет бактерияларды (грекше bakterіon – таяқша) 17 ғасырда голланд ғалымы, микроскопты жасаушы – Антони ван Левенгук байқаған. 19 ғасырда бактериялардың құрылысы мен табиғаттағы рөлін француз ғалымы Луи Пастер, неміс ғалымы Роберт Кох және ағылшын ғалымы Джозеф Листер зерттеді. Бактериялардың клетка құрамында тұрақты клетка қабаты, цитоплазмалық мембрана, цитоплазма, нуклеоид, рибосома болады. Ядроның қызметін дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) атқарады. Бактериялар ядросы мембрана қабығымен оқшауланбаған және онда хромотин жіптері түзілмейді. Бактериялар қарапайым бөліну арқылы көбейеді. Мысалы, 1 г қара топырақта 2 – 3 млрд. бактериялар, 1 г құмды топырақта 150 мың бактериялар, адам көп жиналған бөлме ауасының 1 м3-інде он мыңдай бактериялар тіршілік етеді. Олардың пішіндері әр түрлі: шар тәрізділерін – кокк, қосарланғандарын – диплококк, таяқша тәрізділерін – бациллалар, үтір тәрізділерін – вибриондар, таға тәрізділерін терроидтар, жүзім тәрізді шоғырланғандарын – стафилококтар деп атайды. Бактериялардың ұзындығы 1 – 20 мкм, ені 0,1 – 10 мкм, ал жіп тәрізділерінің ұзындығы 50 – 100 мкм-ге жетеді. Қолайсыз жағдай туғанда сырты қалың қабықпен қапталып спора түзеді. Бактериялар өте төменгі температурада (–190ӘС-та, ал споралары –253ӘС-та) тіршілік ете береді. Оларды өте жоғары температурада (+100ӘС-та) кептіргенде, кейбір түрлері (мысалы, гонококтар) тіршілігін тез жойса, дизентерия таяқшалары жеті тәулік, дифтериянікі отыз тәулік, туберкулездікі тоқсан тәулік, ал түйнеменің бациллалары он жылға дейін тіршілігін жоймайды. Бактерияларды ультракүлгін сәулелері ерітіп жібереді. Қышқылды, қантты, тұзды ортада тіршілік ете алмайды. Бактериялардың көпшілігі зиянсыз, ал зиянды түрлері көптеген жұқпалы аурулар (туберкулез, тырысқақ, көкжөтел, т.б.) тудырады. Бактериялар клеткасында өсімдіктер мен жануарлардың клеткасында болатын элементтердің барлығы кездеседі. Бактериялардың тіршілігінде ферменттердің атқаратын рөлі зор. Олардың бір бөлігі (эндоферменттер) бактерияларда синтез, тыныс алу процесін реттесе, ал екіншілері (экзоферменттер) бактериялар арқылы қоршаған ортаға бөлініп шығады. Сондай-ақ олардың тіршілік етуі үшін көміртек пен азот өте қажет. Бактериялар азотты белоктан, амин қышқылдарынан, аммоний тұздарынан, нитраттардан алады, кейбіреулері атмосфера азотын сіңіреді. Бактериялар көміртекті көптеген көмірсулардан, спирттерден, органикалық қышқылдардан, т.б. алады. Органикалық қосылыстардағы көміртекті сіңіретін бактерияларды гетеротрофты, ал атмосферадағы көміртекті сіңіретіндерді автотрофты бактериялар деп атайды. Бактериялар ауа бар жерде де (аэробты бактериялар), жоқ жерде де (анаэробты бактериялар) өсіп-өнуге бейімделген. Өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарын минералдандыру арқылы бактериялар табиғаттағы зат айналымына қатысады. Мысалы, бактериялар өсімдік қалдығына әсер еткенде, оның құрамындағы крахмал, пентозандар, целлюлоза, пектин заттары су мен көмір қышқылына ыдырайды. Тірі организмдерге шіріту бактериялары әсер етсе, ондағы азот қосылыстары аммиакқа айналады. Ал топырақтағы нитрификациялаушы бактериялар аммиакты азот қышқылы тұздарына дейін тотықтырады. Бактериялар топырақ құнарлылығын қалыптастыруға, химиялық элементтердің геохимиялық жолмен алмасуына қатысады, антибиотиктерді, амин қышқылдарын, витаминдер мен ферменттерді, т.б. қосылыстарды түзеді. Бактериялар тамақ және жеңіл өнеркәсіптерінде (сүт тағамдарын әзірлеу, зығырды жібіту, т.б.) кеңінен пайдаланылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
В.Т.Емцев, Е.Н.Мишустин «Микробиология» / Москва, 2005, 446 с.
М.Х.Шығаева, Ә.Т.Қанаев «Микробиология және вирусология» Алматы, 2008ж., 43-77бб.

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Биология және биотехнология университеті
Биотехнология кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: БАКТЕРИЯЛАРДЫҢ ЖЕКЕ ТОПТАРЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ (1 БӨЛІМ –
GRACILICUTES)
05070100 – Биотехнология мамандығы
Орындаған 3 курс студенті Әбілқасымова Б.
Тексерген б.ғ.к.,
биотехнология каф. доценті Қайырманова Г.Қ.
Алматы, 2015
Бактериялар – табиғатта ең көп тараған, негізінен бір клеткадан
тұратын, оқшауланған ядросы жоқ, ең қарапайым организмдер тобы. Алғаш рет
бактерияларды (грекше bakterіon – таяқша) 17 ғасырда голланд ғалымы,
микроскопты жасаушы – Антони ван Левенгук байқаған. 19 ғасырда
бактериялардың құрылысы мен табиғаттағы рөлін француз ғалымы Луи Пастер,
неміс ғалымы Роберт Кох және ағылшын ғалымы Джозеф Листер зерттеді.
Бактериялардың клетка құрамында тұрақты клетка қабаты, цитоплазмалық
мембрана, цитоплазма, нуклеоид, рибосома болады. Ядроның қызметін
дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) атқарады. Бактериялар ядросы мембрана
қабығымен оқшауланбаған және онда хромотин жіптері түзілмейді. Бактериялар
қарапайым бөліну арқылы көбейеді. Мысалы, 1 г қара топырақта 2 – 3 млрд.
бактериялар, 1 г құмды топырақта 150 мың бактериялар, адам көп жиналған
бөлме ауасының 1 м3-інде он мыңдай бактериялар тіршілік етеді. Олардың
пішіндері әр түрлі: шар тәрізділерін – кокк, қосарланғандарын – диплококк,
таяқша тәрізділерін – бациллалар, үтір тәрізділерін – вибриондар, таға
тәрізділерін терроидтар, жүзім тәрізді шоғырланғандарын – стафилококтар деп
атайды. Бактериялардың ұзындығы 1 – 20 мкм, ені 0,1 – 10 мкм, ал жіп
тәрізділерінің ұзындығы 50 – 100 мкм-ге жетеді. Қолайсыз жағдай туғанда
сырты қалың қабықпен қапталып спора түзеді. Бактериялар өте төменгі
температурада (–190ӘС-та, ал споралары –253ӘС-та) тіршілік ете береді.
Оларды өте жоғары температурада (+100ӘС-та) кептіргенде, кейбір түрлері
(мысалы, гонококтар) тіршілігін тез жойса, дизентерия таяқшалары жеті
тәулік, дифтериянікі отыз тәулік, туберкулездікі тоқсан тәулік, ал
түйнеменің бациллалары он жылға дейін тіршілігін жоймайды. Бактерияларды
ультракүлгін сәулелері ерітіп жібереді. Қышқылды, қантты, тұзды ортада
тіршілік ете алмайды. Бактериялардың көпшілігі зиянсыз, ал зиянды түрлері
көптеген жұқпалы аурулар (туберкулез, тырысқақ, көкжөтел, т.б.) тудырады.
Бактериялар клеткасында өсімдіктер мен жануарлардың клеткасында болатын
элементтердің барлығы кездеседі. Бактериялардың тіршілігінде ферменттердің
атқаратын рөлі зор. Олардың бір бөлігі (эндоферменттер) бактерияларда
синтез, тыныс алу процесін реттесе, ал екіншілері (экзоферменттер)
бактериялар арқылы қоршаған ортаға бөлініп шығады. Сондай-ақ олардың
тіршілік етуі үшін көміртек пен азот өте қажет. Бактериялар азотты
белоктан, амин қышқылдарынан, аммоний тұздарынан, нитраттардан алады,
кейбіреулері атмосфера азотын сіңіреді. Бактериялар көміртекті көптеген
көмірсулардан, спирттерден, органикалық қышқылдардан, т.б. алады.
Органикалық қосылыстардағы көміртекті сіңіретін бактерияларды гетеротрофты,
ал атмосферадағы көміртекті сіңіретіндерді автотрофты бактериялар деп
атайды. Бактериялар ауа бар жерде де (аэробты бактериялар), жоқ жерде де
(анаэробты бактериялар) өсіп-өнуге бейімделген. Өсімдіктер мен жануарлар
қалдықтарын минералдандыру арқылы бактериялар табиғаттағы зат айналымына
қатысады. Мысалы, бактериялар өсімдік қалдығына әсер еткенде, оның
құрамындағы крахмал, пентозандар, целлюлоза, пектин заттары су мен көмір
қышқылына ыдырайды. Тірі организмдерге шіріту бактериялары әсер етсе,
ондағы азот қосылыстары аммиакқа айналады. Ал топырақтағы нитрификациялаушы
бактериялар аммиакты азот қышқылы тұздарына дейін тотықтырады. Бактериялар
топырақ құнарлылығын қалыптастыруға, химиялық элементтердің геохимиялық
жолмен алмасуына қатысады, антибиотиктерді, амин қышқылдарын, витаминдер
мен ферменттерді, т.б. қосылыстарды түзеді. Бактериялар тамақ және жеңіл
өнеркәсіптерінде (сүт тағамдарын әзірлеу, зығырды жібіту, т.б.) кеңінен
пайдаланылады.
Идентификацияның практикалық жұмысын жеңілдету үшін бактериялардың
Берги анықтағышы жасалды. Ол 1923 жылы Американың бактериологиялық
қоғамының бірінші авторы және редакторы атымен аталған. Бактериялардың жаңа
туыстары мен түрлері жөнінде мәліметтердің жиналуына байланысты бұл нұсқа
бірнеше рет қайта басылып шықты. Оның үшеуін (1925, 1930, 1934) Берги өзі
шығарды, ал кейінгілері ол қайтыс болғаннан кейін шықты. Ең соңғы 9-шы
басылым 1997 жылы орыс тілінде шықты. Бұл анықтамада барлық прокариоттар 35
топқа бөлінген.
Берги анықтағышы бактериялар идентификациясы принципі бойынша практикалық
бактериологиядағы кеңірек таралған барлық белгілі бактерияларды жүйелейді.
Және оларды клетка құрылысындағы айырмашылықтары мен Грам әдісі бойынша
бояуға байланысты ерекшеліктеріне қатысты ажыратады. Берджи бактерия
анықтағышы 9 басылымы бойынша бактериялардың жіктелуі олардың клетка
қабықшасы құрылымы ерекшіліктеріне қарай (Грам әдісімен бояу) 4 бөлімге
топтастырылған (1978 ж. — Н. Гиббонс және Р. Мурей):
1. Gracilicutes, жұқа қабатты, грам-теріс;
2. Firmicutes, қалың қабатты, грам-оң;
3. Tenericutes, клетка қабықшасы жоқ, микоплазмалар;
4. Mendosicutes, клетка қабырғасы дефектті,архебактериялар.
Клетка қабықшасы клетканың бетін түгелдей жабады. Ол өте жұқа,
иілгіш. Одан су, тұз және төмен молекулалы қосылыстар оңай өтеді. Клетканың
ішіндегі тұздар мен қанттың мөлшері оны қоршаған қоректік ортадан әлдеқайда
жоғары екендігі белгілі. Ал осмос заңы бойынша су әрдайым сұйықтықтан
қоюлыққа қарай ұмтылады, сондықтан ол қоректік ортадан клеткаға өтуге
тырысады. Әдетте, клеткаға өтетін су мөлшері қабықшаның созылғыштығына
байланысты. Клеткада судың мөлшері тым асса, қабықша жыртылады, тіпті
клеткатолығымен еріп кетуі де мүмкін. Ол плазмолиз деп аталады. Ал егер де
клетканың ішінен гөрі оның сыртындағы еріген заттың мөлшері жоғары болса,
клетка өзінің бойындағы суды жоғалтып, жиырылып, плазма қабықшасы клетканың
сыртқы қабықшасынан бөлінеді. Бұл құбылысты плазмоптис деп атайды.
Бактерия қабықшасының химиялық құрамы мен құрылысы әр түрлі, осы
қасиеттеріне байланысты оларды екі топқа бөледі. Оларды анықтау үшін Грам
бояу тәсілі қолданылады. Бұл тәсіл бойынша заттық шыны бетіндегі жұғындыны
алдымен арнайы күлгін-көк бояумен (генцианвиолет), одан кейін йод
ерітіндісімен өңдейді. Бояу мен йод қосылып, суда ерімейтін қосынды түзеді
де, барлық клеткалар көк түске боялады, ал спиртпен немесе ацетонмен
шайғанда, кейбір клеткалар түсін жоғалтады. Мұндай клеткаларды анық көру
үшін, оларды фуксинмен қызыл түске бояйды. Фуксинмен қызыл түске түске
боялатын бактерияларды грам-теріс, ал кұлгін көк түсте сақталып
қалатындарды грам-оң деп атайды. Дегенмен жұғынды өте қалың болса, немесе
түссіздендіру толық жүрмесе, грам-теріс бактериялар көк болып көрінуі
мүмкін.
Эубактериялардың Грам бойынша әр түрлі боялуы, алдымен клетка
қабықшасының құрылысына байланысты болғандықтан 1978 жылы Н.Гиббонс және
Р.Мурей грам теріс бактерияларды грациликуттар, ал грам-оң бактерияларды
фирмакуттар деп атау керек деп ұсыныс жасады.
Барлық бактериялардың қабықшасының құрамы гетерополимерден тұрады,
олар гликопептид, гликоаминопептид, мукопептид, пептидогликан, муреин деп
аталады. Соңғы екі атау жиі қолданылады. Гетерополимер гликаннан және
пептидтен тұрады. Гликанның өзі N-ацетил-N-глюкозамин және N-ацетилмурам
қышқылдарының қосылысын құрайды, олар кезектесіп орналасады. Муреиннің
карбоксил тобына 4-5 аминқышқылынан тұратын аминқышқылынан тұратын пептид
бөлігі қосылады. Амин қышқылының құрамына D- және L-аланин, D-глутамин
қышқылы мен диаминқышқылының біреуі кіреді. Көп жағдайда мұндай аминқышқылы
лизин болып табылады.
Аминқышқылдары пептидте белгілі бір ретпен орналасады. Мурам
қышқылының карбоксил тобымен, әдетте, L-аланин, кейде глицин немесе L-серин
байланысады. Аланиннен соң D-глутамин қышқылы орналасады, ол бір карбоксил
тобы арқылы диамин қышқылымен байланысады, ал екінші тобы бос күйінде
қалады немесе оған қосымша аминқышқылы қосылады. Гликопептидтік тізбектің
соңында D-аланин орналасады. Көршілес пептидтік тізбек көлденең тігістермен
немесе аминқышқылынан тұратын қосымша көпіршенің көмегімен байланысады.
Полисахарид тізбектері осылайша байланыса отыра, ерекше ұялы құрылыс
құрайды. Көршілес тізбектер арасындағы көлденең тігістер, көбінесе, 3-ші
орындағы диаминпимелин мен L-лизинмен байланысады.
Грациликутты (грам-теріс) және кейбір фирмакутты (грам-оң)
бактериялардың бір пептидтеріндегі ДАП-ы басқа пептидтегі D-аланинмен
тікелей байлансады. Бірқатар фирмакуттарда пептидтік тізбек арасындағы
байланыс қосымшапептидтік көпіршелер арқылы да жүзеге асады. Олардың
аминқышқыл құрамы пептидогликанның тетрапептидтік орналасу ретіне сәйкес
келеді. Мысалы, Micrococcus luteus-те осындай көріністі байқауға болады.
Тетрапептидті жалғастыратын қосымша көпірше глицин немесе
монокарбонды L-аминқышқылдарынан тұруы мүмкін. Мәселен Staphilococcus
aureus –тегі муреин құрылысы.
Streptococcus faecium-нің амин қышқылының көпіршесі дикарбон қышқылы
D-аспарагиннен тұрады. Кейде тетрапептид байланысы 2- және 4-орында
орналасқан аминқышқылдарының арасында жүреді, ал байланыстырушы көпірше L-
немесе D-диаминқышқылынан тұрады. Сонымен, фирмакутты бактерияларда
муреиннің бірнеше түр өзгерістері табылды. Олардың классификациясын 1972
жылы К.Шлайфер және О.Кандлер жасақтады және орналасуына байланысты
муреинді А және В хемотиптік топқа бөлді. Ал олардың өздері пептидтің
құрамындағы аминқышқылдың және байланыстырушы көпіршенің түріне қарай
бірнеше топшаларға бөлінеді.
Грациликуттылардың клетка қабықшасы бактериялардың құрамына кіретін
компоненттердің мөлшерімен ғана емес, жалпы компоненттердің санымен де
ерекшеленеді. Мысалы, грам-оң бактерияларға қарағанда, грам-теріс
бактерияларда пептидогликан және полисахарид бірнеше есе аз, ал белок пен
липидтер, керісінше көп мөлшерде кездеседі.
Грам-теріс бактериялардың клетка қабығының құрылысы күрделі. Ол
қалыңдығы 1-2,5 нм бір қабат муреиннен тұрады. Оның үстінде сыртқы мембрана
орналасқан, қалыңдығы 7,5-8,0 нм, құрамына кіретіндер: 45-50 % протеиндер,
20-25 % фосфолипидтер, 30 % липополисахаридтер. Грам-теріс бактерияның
клетка қабығының жалпы қалыңдығы 10-15 нм.
Грациликуттарда (грам-теріс) клетка қабықшасы көп қабатты. Ішкі
цитоплазмалық және сыртқы екі мембрананың болуы - солардың өздеріне ғана
тән ерекшелік.
Сыртқы мембрананың негізі – липидті биқабат. Оның құрамында
фосфолипидтер, липополисахаридтер, липопротеин және белоктар болады.
Липополисахарид мембрана бетінің 30-40 %-на жуығын алып жатады және
мембрананың сыртқы жапырақшасына шоғырланып, молекуланың полисахаридті
бөлігімен сыртқы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz