Ақша тауардың жалпы эквиваленті



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І бөлім Ақша сұранысы: теория ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 5
1.1
1.2
1.3 Келісімдер жөніндегі сұраныс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Ақша сұранысының икемділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Монетарлық жиынтық құрауыштары ... ... ... ... ... ... ... ... .. 10
13
14
ІІ бөлім
2.1 Ақша қаржы жаңалығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Ақша тауардың жалпы эквиваленті ... ... ... ... ... ... ... ... . 16
19
2.2 1993 жылғы Қазақстан Республикасындағы ақша реформасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 29
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
Кіріспе

Ақша адамдарға ежелден таныс. Бірақ оның қалай пайда болғандығы туралы құпия сыры және қоғам өміріндегі мәні көп уақытқа дейін беймәлім болды. Бұл сұрақтарға қоғам өмірін зерттей келіп, оқымыстылар ақшаның тауар айналымында атқаратын маңызын жан-жақты ашып, жауап берді. Ақша – тауарлы өндірістің өнімі. Сонда өнім мен тауардың айырашылығы неде? Тауардың ақшаның пайда болуына, оның қолдануының өрістенуіне әсер ету жағдайларын тарихи тұрғыдан қарап өтелік.
Қоғамдық дамудың алғашқы қауымдық құрылысы жағдайында бір қауым өз тұтуынан ауысқан өзінің қандай да болсын еңбек өнімін анда-санда кездейсоқ кездескенде басқа бір қауымның өніміне айырбастайды. Сонда, адам еңбегінің нәтижесі - өнім (зат). Ал оны өндірушілердің белгілі бір қоғамдық қатынастарын, яғни өнімді сату - сатып алу қатынастарын дәлелдейтін түрі – тауар. Тауар дегеніміз сату-сатып алу жолымен айырбасқа түскен еңбек өнімі, немесе тауар – еңбек өнімінің айырбасқа арналған формасы. Тауар ең алдымен өндірушінің басқа өнімдерге айырбастау мақсатымен жасалған еңбек өнімі түрінде айырбас кезінде, яки нарықта көрінеді. Егер өнім өндірушінің өзінің тұтынуы үшін жұмсалса, ондай еңбек өнімі тауар сипатын алмайды. Мәселен, етікші өзі тіккен етікті өзі пайдаланса, онда ол тауар емес, тұтыну заты.
Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер нақты еңбектің нәтижесі - тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса, қоғам оны мойындамағаны, онда оны жасауға жұмсалған уақыт болса кеткен уақыт болған да, зат тауар түріне ие бола алмағаны, себебі ол қоғамға керексіз зат. Тауардың басқа адамдардың қажетін қанағаттандыратын қасиеті тауардың тұтыну құны болады, яғни тауардың қоғамдық тұтыну құны болып табылады. Тұтыну құны тауарды өндірушінің өз қажетін емес, басқа өндірушінің тауарына айырбастау арқылы басқа адамдардың қажетін өтейді. Тауардың басқа тауарға айырбасталу қасиетін оның айырбас құны деп атайды. Айырбас құнын тауарлар сатылғанда ғана ілесе жүретін бағалық көрсеткіш айқын көрсетіледі. Сонымен тауардың тұтыну құны басқа адамдардың қажетін қанағаттандыру қасиетінен айырбас құны шығады. Әрбір тауар өзінің өндірушісіне айырбас құны ретінде тұтыну құнын алатын құрал болады. Айырбас құны, яғни тұтыну құндары айырбасталуының пропорциясы, ол – құнның айырбас актісіндегі сыртқы көрінісі.
Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Экономинка теория негіздері. Әубакиров А.
2. Б. Көшенова. «Ақша, несие, банктер валюта қатынастары», Алматы. Экономика 2000 ж.
3. М.С. Биханұлы. «Ақша айналысы және несие», Алматы. ИздатМаркет 2004 ж.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе 3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ..
І бөлім Ақша сұранысы: теория 5
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...
1.1 Келісімдер жөніндегі 10
1.2 сұраныс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 13
1.3 Ақша сұранысының 14
икемділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Монетарлық жиынтық
құрауыштары ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІ бөлім Ақша қаржы 16
2.1 жаңалығы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 19
... ... ... ..
Ақша тауардың жалпы эквиваленті
... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2 1993 жылғы Қазақстан Республикасындағы ақша реформасы
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 22
... ... ... ... ... ...
Қорытынды 29
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ...
Қолданылған әдебиеттер тізімі 32
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .
Кіріспе

Ақша адамдарға ежелден таныс. Бірақ оның қалай пайда болғандығы
туралы құпия сыры және қоғам өміріндегі мәні көп уақытқа дейін
беймәлім болды. Бұл сұрақтарға қоғам өмірін зерттей келіп, оқымыстылар
ақшаның тауар айналымында атқаратын маңызын жан-жақты ашып, жауап
берді. Ақша – тауарлы өндірістің өнімі. Сонда өнім мен тауардың
айырашылығы неде? Тауардың ақшаның пайда болуына, оның қолдануының
өрістенуіне әсер ету жағдайларын тарихи тұрғыдан қарап өтелік.
Қоғамдық дамудың алғашқы қауымдық құрылысы жағдайында бір қауым
өз тұтуынан ауысқан өзінің қандай да болсын еңбек өнімін анда-
санда кездейсоқ кездескенде басқа бір қауымның өніміне айырбастайды.
Сонда, адам еңбегінің нәтижесі - өнім (зат). Ал оны өндірушілердің
белгілі бір қоғамдық қатынастарын, яғни өнімді сату - сатып алу
қатынастарын дәлелдейтін түрі – тауар. Тауар дегеніміз сату-сатып алу
жолымен айырбасқа түскен еңбек өнімі, немесе тауар – еңбек өнімінің
айырбасқа арналған формасы. Тауар ең алдымен өндірушінің басқа
өнімдерге айырбастау мақсатымен жасалған еңбек өнімі түрінде айырбас
кезінде, яки нарықта көрінеді. Егер өнім өндірушінің өзінің
тұтынуы үшін жұмсалса, ондай еңбек өнімі тауар сипатын алмайды.
Мәселен, етікші өзі тіккен етікті өзі пайдаланса, онда ол тауар
емес, тұтыну заты.
Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер нақты еңбектің
нәтижесі - тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса, қоғам оны
мойындамағаны, онда оны жасауға жұмсалған уақыт болса кеткен уақыт
болған да, зат тауар түріне ие бола алмағаны, себебі ол қоғамға
керексіз зат. Тауардың басқа адамдардың қажетін қанағаттандыратын
қасиеті тауардың тұтыну құны болады, яғни тауардың қоғамдық тұтыну
құны болып табылады. Тұтыну құны тауарды өндірушінің өз қажетін
емес, басқа өндірушінің тауарына айырбастау арқылы басқа адамдардың
қажетін өтейді. Тауардың басқа тауарға айырбасталу қасиетін оның
айырбас құны деп атайды. Айырбас құнын тауарлар сатылғанда ғана
ілесе жүретін бағалық көрсеткіш айқын көрсетіледі. Сонымен
тауардың тұтыну құны басқа адамдардың қажетін қанағаттандыру
қасиетінен айырбас құны шығады. Әрбір тауар өзінің өндірушісіне
айырбас құны ретінде тұтыну құнын алатын құрал болады. Айырбас
құны, яғни тұтыну құндары айырбасталуының пропорциясы, ол – құнның
айырбас актісіндегі сыртқы көрінісі.
І бөлім. Ақша сұранысы: теория

Ақша - төлем немесе халықаралық айырбас құралы.
Ақша сұраныспен талқылағанда біз оны нақты баланстарға сұраныс
тұрғысынан қарастырамыз. Бұдан мынадай тұжырымдар шығады: ақша
сұранысы жеке адамдардың иемденетін ақшаларының сатып алу
қабілетіне байланысты:
1. Нақты ақша сұранысы баға деңгейі өскен кезде өзгеріссіз
болады.
2. Атаулы ақша сұранысы баға деңгейімен бірдей атрады. Онда
жоғарыдағыдай өзгерістер болмайды.
Өзгерістер байқалмаған жағдайды төмендегіше айтамыз. Егер баға
деңгейіндегі өзгерістер жалпы басқа өзгерістерді тұрақтандырса, жеке
адам ақша сұранысына ие болмайды. Бұған керісінше, жеке адам
баға деңгейінің өзгеруіне орай әрекет еткенімен, барлық нақты
өзгерістер сол күйінде қалады да, ол бәрібір ақша салымынан зиян
шегеді.
Жинақталған тәжірибеге сүйене отырып, ақша сұранысының нақты
баланс сұранысымен бірдей екенін, ондағы өзгерістер баға деңгейіне
пропорционалды болатынын көреміз.
Теориялық тұрғыдан алғанда, ақша сұранысы қызметі өзекті
мәселенің бірі болып келеді. Ол нақты табыс өскенде артуы тиіс,
ал атаулы пайыз мөлшерлемесі өскенде ол қысқаруы тиіс.
Ақша сұранысын айқындайтын негізгі үш себеп бар. Табыстағы
өзгерістер мен пайыз мөлшерлемесіндегі өзгерістердің ақша сұранысына
әсерін көруге болады.
Сөйтіп, төмендегі үш теория Кейнстің ақша ұстаудағы үш
теориясымен сабақтас келеді:
- Келісімдер мотиві, мұнда ақша сұранысы әрдайым төлем ретінде
қолданылады;
- Сақтық аргументі: ақша сұранысы күтпеген кездейсоқтыққа тап
болады;
- Жалдаптық дәлел: жеке адамдар қолындағы активтер мен ақша
құнына сенімсіздік білдіреді.
Келісімдер мен сақтық дәлел туралы сөз болғанда, біз негізінде М1
жөнінде айтамыз себебі М2 мен М3 жалдаптық дәлелге жатады.
Ақша сұранысын талқылағанда 2 тұжырымға сүйенеді:
- монетарлық;
- кейнстік.
Классиктер ақша сұранысын мына теңдеу арқылы түсіндіреді:

М – айналымдағы ақша көлемі;
V – ақша айналымының жылдамдығы;
P – баға деңгейі;
Y - өнім шығару көлемі.
Сандық теория тұрғысынан ақшаға сұраныс екі мотивке негізделеді.
1-мотив бойынша адамдар мен фирмалар ақшаны төлем құралы ретінде қажет
етеді.
Мәміле жасау үшін керекті ақша көлемі:
- тауар жиынының көлемі;
- баға,
- жиынтық табыс;
- ақша айналымының жылдамдығына тәуелді болады.
Бірақ басты фактор табыс болып саналады, сондықтан

Бұл жерде - ақшаға трансакциялық сұраныс;
- жиынтық табыс.
Сұраныстың 2-мотиві сақтық мотиві бойынша сұраныс деген атқа ие
болды. Ол адамдарда көзделмеген төлемдерге кез болғанда пайда
болады. Бұл үшін оларда белгілі бір ақша қоры болуы керек. Оның
көлемі көзделмеген шығындар көлеміне байланысты болып, ал оның
өзі ұлттық табысқа тура пропорционалды болуы керек:

- сақтық мотиві бойынша ақша сұранысы.
Бұл 2 сұраныс пайыз мөлшерлемесіне тәуелсіз болғандықтан, 34-
суретте ол тік сызық ретінде көрсетіледі.
Дж. Кейнс ақша сақтаудағы үшінші мотиві – жалдаптық мотиві бөліп
көрсетті. Бұл жағдайда ақша қорының дивиденд әкелмеген кезі
қарастырылады.
Жалдаптық сұраныс кезінде ақша қаржы активтерін сату және қайта
сату арқылы табыс әкеледі. Келесі формула жоғарыда айтылғандарды
суреттейді:

34-сурет. Ақша сұранысы
а – трансакциялық, ә - жалдаптық, б – жалпы

Классиқалық және кейнстiк тұжырым ақша сұранысында келесi факторларды
бөлiп шығарады:
- табыс көлемi Ү;
- пайыз мөлшерлемесi i.

Классикалық теория ақша сұранысын табыспен, ал кейнстiк керiсiнше пайыз
мөлшерлемесiмен байланыстырады.
Инфляция факторын жою үшiн ақшаға нақты сұраныс көрсеткiшiн пайдаланады
, ал сұраныс функциясында атаулы пайыз мелшерлемесi i
пайдаланылады.

34 (б)-суретiнде жалпы ақшаға сұраныс қисығы трансакциондық және
жалдаптық сұраныстарды горизонталды қосу арқылы алынған. Ақшаға сұраныс
i осiн қиып өтпейдi, өйткенi трансакциялық сұраныс және ақшаға
сұраныс мотивi бойынша пайыз мөлшерлемесiнен байланыссыз, ол табыс
деңгейiмен анықталады.
Мұқтаждықты қанағаттандыратын ақша басқаға да пайдасын тигiзедi.
Адамдардың алыпсатарлық жасауы үшiн бiрқатар қаражаты болғанымен, олар
кездейсоқ мұқтаждықтарға, яғни сақтауға жұмсалуы мүмкiн. Жоғарыда айтылған
үш дәлелдiң әрқайсысы, егер басқа активтерге пайыз мөлшерлемесi артса, онда
ақша сұранысы төмендейдi.
Ақша басқа активтерге қарағанда аз пайыз түсiредi: доллар пайызының
түсуi көп болған сайын жеке адам аз ақша ұстайды. Ақшаның пайыз
мөлшерлемесi артқан сайын ақша сұранысы да артады, ал балама активтерге
пайыз жоғары болған кезде ол азаяды. Iс жүзiнде бiз ақша құнын ақшаға
аламыз және де басқа активтерге, мысалы, сақтау мекемелерiндегi депозит
немесе бiрлестiктердiң депозит куәлiгi немесе коммерциялық iс-қағаздарға
төленген пайыз арқылы да өлшеп аламыз. Ақшаның пайыз мөлшерлемесi - дербес
пайыз мөлшерлемесiне жатады.
Бұл тұстағы ақша құны басқа активтерден түскен табыс пен дербес пайыз
мөлшерлемесi аралығындағы айырмашылыққа тең болады.

1.1 Келiсiмдер жөнiндегi сұраныс

Келiсiмдер жөнiндегi сұраныс қашанда ақшаның тауар және қызметке
төленуi барысында пайда болады.
Келiсiмдер жөнiндегi сұранысты қарастыра отырып, бiз пайыз
мөлшерлемесiнiң сомасы мен ақшаны аз ұстаудағы қолайсыздықтар арасындағы
айырмашылыққа кезiгемiз. Бұл түсiнiктi болу үшiн мынадай мысал келтiрейiк.
Әлдекiм ай сайын, салық төлегеннен кейiн, 1800 долл. алады делiк. Ал бiр
күнде ол ай сайын алатын 1800 доллардан 60 долларды жұмсайды немесе бiр
күнде 60 долл. жұмсап, қалған 1,740 долларды үнемдеуiне болады. Бiрақ оның
қүн сайын банктен 60 долл. алып тұруына тура келедi. Салымшы ай сайын
сақтық кассасында қалып отыратын ақшасына пайыз алады.

35-сурет.

Мұны ақшадан түскен табыс деймiз. Келiсiм арқылы қанша ақша ұстауды
бiлу үшiн жеке адам қолдағы ақшасының құнын бiлуi тиiс. Жеке адамның ай
сайынғы атаулы табысы делiк. Сол кассадағы есепке ай сайын
төленедi; оны жұмсау үшiн ол кассадан валюта немесе чек түрiнде қаражат
алады. Кассада қалған депозиттен әр ай сайын i пайыз мөлшерлемесi пайда
ретiнде түседi. Ал қолдағы ақшадан ондай пайда түспейдi. Жеке адамның
қолындағы және сақтық кассасындағы есебi арасындағы басқа келiсiм құны
(tс). Ол күн жеке адам уақыты немесе басқа адам аударымының құны болуы
мүмкiн.
Ай сайынғы қолда бар ақша сомасының шегерiлгендегi сомасына жақындығы
35(а)-суретiнде жеке адам бiр айда бiр келiсiмге сақтық кассасынан қолма-
қол ақша алғаны көрсетiледi. Айдың басында жеке адам бар сомасын -дi
қолма-қол алады да, оны сол бiр ай бойы жұмсайды. 35(ә) суретiнде ақшаны
екi келiсiм жасағаны үшiн ұстайды, бiрiншiсi айдың басында, ал екiншiсi
айдың орта шенiнде жүзеге асады. (а)-да бiр айдағы кассадағы ақша -
2; (ә)-де - 4.

36- сурет.
Кассаны үйлесімді реттеу - орынды шығын санын анықтайды. Басқа
келісім құны - tc - тұрақты сома, ол МС сызығымен қескiнделген. Шектi
табыс - МВ - аз мөлшердегi ақша балансының пайыздық сомасы. Шектi табыс
шығын саны көбейген сайын азая бередi. Е нүктесiнде ақша құны азайған Е
нүктесiне сәйкес n* шығын санын үнемдеу есебiнен ақшаға айналады.
36-суреттен екi маңызды мәселе туындап отыр. Бiрiншiден, делдалдық құны
артты делiк. Ол МС қисық сызығын жоғары қозғалтып, шығын дар санын
азайтады, сондықтан n ақшаны арттырады. Екiншiден, пайыз мөлшерлемесiнiң
өсуi МВ қисық сызығын қозғалтады. Сондықтан артқан n ақшаны азайтады: пайыз
мөлшерлемесi жоғары болған қезде жеке адам жоғары пайыз мөлшерлемесiн алу
үшiн банкке жиi баратын болады. Сол себептi 36-сурет ақша сұранысы пайыз
мөлшерлемесiне қатысты екенiн көрсетедi.
Табыстың өсуiмен алғанда, 36-суреттен көрiнiп тұрғандай пайдасы аз.
Табыстың өсуi МВ қисық сызығын жылжытып, келiсiмдер санын арттырады.
(1) формуласы бойынша (оны дамытқан Фильям Пауман мен Джеймс Тобин)
табыстың ақша сұранысына еқi жақты әсерi бар. Ол формулада жалпы өзiндiк
құн бойынша алынған ақша сұранысы және қасса балансы тендеуi қарастырылады.
(1)
Теңдеу келісімдердің ақша сұранысы делдалдыққа, келісім құнына
және табыс деңгейіне қарай аратынын көрсетеді. Ақша сұранысы пайыз
мөлшерлемесімен бірге қысқарады.

1.2 Ақша сұранысының икемділігі

Теңдеуде табыстың өсуіне қарай ақша сұранысы пропорционалды
артатыны көрсетілген. Басқаша айтқанда, табыстың ақшаға коэффициенті
- табыс деңгейіне қарай артады. Табысы жоғары адам шамамен
ақшаны аз мөлшерде ұстайды. Бұл жерде кассаны басқаруда экономика
деңгейi орын алады. Яғни ақша сұранысының икемдiлiгi 1-ден аз [ол теңдеуде
12-ге тең].
Табыс икемдiлiгi ақша сұранысының пайыздық өзгеруiн өлшейдi. Ондағы
өзгерiс табыстағы бiр пайыздық өзгерiсте болуы тиiс. Сонымен, тендеу ақша
аударымының икемдiлiгi делдалдыққа 12 екенiн және пайыз мөлшерлемiсiне де
12 екенiн көрсетедi.
Табыс артқан кезде адам қолдағы бiр долларын жұмсаған тұста қандай
жағдай туындайды? Табыс жоғарылағанда кассаны басқару нәтижелi болады.
Өйткенi келiсiмнiң әрбiр долларының құны жоғары келiсiмдерге қарағанда
төмендеу. Табыстың сұранысқа икемдiлiгi:

Бұдан пайыздық икемдiлiк:

Бұл өз кезегiнде келiсiмдердiң төменгi құны — делдалдық келiсiмiнiң
нәтижесi болып отыр. 10 долл. аударымның құны 10 млн. долл. аударыммен
шамалас, яғни бұл аударылған әр доллардың құны көп мөлшердегi аударымдар
кезiнде төмен болады.
"Делдалдық құны" (tc - кассадан алу құны) уақытқа байланысты. Табыс
артқанда tc -мен бiрге артады. Ол кезде табыстың өсуi ақша сұранысының
артуын көрсетедi де, ол -ден көп болады. Өйткенi tc --пен қатар
жүредi.

1.3 Монетарлық жиынтық құрауыштары

Төмеңде монетарлық жиынтық құрауыштары қысқаша түрде берiлген.
1. Валюта ақшадан жене айналымдагы банкноттардан тұрады.
2. Сұраныстағы депозиттер - коммерциялық банктердегi пайызсыз
тексерiлетiн есептер, бiрақ онда басқа банктердiң, үкiмет және шетел
банктерiнiң депозитi болмайды.
3. Саяхатшылардың чегi банкте емес, мекемеде шығарылады. Банктерде
шығарылған саяхатшылардың чек қағазы қажеттi депозитке жатады.
4. Басқа тексерiлетiн депозиттер - пайызды тексеретiн есептер, оған АТS
есептерi жатады. АТS сақтық кассадағы есептен аударымды дагдылы түрде
жүргiзедi. Сақтық кассасына ақша салушы АТS-пен бiрге өз активтерiн
жинақтау есебiне салады, сонан кейiн оны банк төлемiнен соң дағдылы түрде
есепке аударады.
М1 = (1) + (2) + (3) + (4)
5. Тез арадағы қайта сатып алуға келiсiмдер. Банк бұл тұста клиенттен
қарыз алады. Банк валютаны (немесе қазыналық вексельдi) бiрiн клиентке
сатады да, оны ертесiне қайтадан тұрақты бағаға алуға уәде бередi.
6. Жедел жұмсалатын еуродолларлар, пайыз төлейтiн, келесi күнi дайын
болатын депозиттер АҚШ банктерiнiң кариб фирмаларында сақталады.
7. Ақша нарығындағы жалпы қор акциялары. Жалпы пайыздық қор депозиттерi
қысқа мерзiмдi активтердi инвестициялайды. МММF акциялары кейбiр
мекемелерде бар, бұлардың қорыңда М3 бар да, М2 жоқ.
8. Ақша нарығындағы депозит есептерi МММF 25 банктерi арқылы
жүргiзiледi. Мұның артықшылығы - олар 100000 долларды қамтамасыз етедi.
9. Сақтық кассасындағы депозиттер. Банктегi және басқа да сақтау
мекемелерiндегi депозиттер чек арқылы аударылмайды, мұнда сақтық кассасына
ақша салушыда жеке банктiк есеп айырысу кiтапшасы болады.
10. Аз мерзiмдi депозиттер. Пайыздық депозиттердiң белгiлi бiр уақыты
бар, ол соған дейiн төленуi тиiс. Оны "аз" деп 100000 доллардан кем
болғанда айтамыз.
М2 = М1 + (5) + (6) + (7) + (8) + (9) + (10)
11. Үзақ мерзiмдегi депозиттер деп бағасы 100000 доллардан асқан
депозита айтамыз. Мұнда МММF-тiң жалпы саны қосылмайды, яғни актив ақша
жиынтығында екi рет саналмайды.
12. Қайта сату келiсiмi - төмендегi үнемдеу мекемелерi сатқан
МЗ = М2 + (11) + (12) + мекемелердегi МММF.
13. Басқа да еуродоллар депозиттерi - ұзақ мерзiмдегi еуродоллар.
14. Сақтаулы облигациялар - АҚШ үкiметiнiң ақша салатын салымдағы
сататын облигациялары.
15. Банктiң акцептерi - ерекше соманы, банк облигациясын сол уақытта
төлеу жөнiндегi тапсырысы, әдетте ол халықаралық сауда кезiнде болады.
16. Коммерциялық iс-қағаздар бiрлестiктердiң қысқа мерзiмдi пассивтерi.
17. Қысқа мерзiмдi қазыналық бағалы қағаздар - АҚШ-та шығарылатын
бағалы қағаздар (12 айдан аз мерзiмде шығарылған қазыналық қағаз).

L – М3 + (13) + (14) + (15) + (16) + (17).
ІІ бөлім. Ақша қаржы жаңалығы

Ақша ұсынысы анықтамасындағы өзгерiстердiң себебiн қысқаша түсiндiруге
болады.
Ақша жүйесiндегi жаңалық жалпы банктегi активтердiң табиғатын өзгерттi.
Мысалы, депозиттерге пайыз төлейтiн сақталымдар NOW есебiне тыйым салу
ретiнде ойлап табылды. NOW - rәдiмгi чек. Банктер бiр-бiрiмен пайыз
мөлшерлемесiн төлеу жолын табуда өзара бәсекеге түстi. Тыйым салу
төңiрегiнен сақтау депозиттерiне жол ашьшуына орай олар ендi мұны NOW
сұраныс депозитi деп атады, сөйтiп оның анықтамасы өзгердi. Сонымен, ақша
нарығындағы өзара қор тек 1973 жылы ашыла бастады. 1982 жылға дейiн
банктерге ақша нарынғына активтер шығаруға рұқсат берiлмей келсе, кейiннен
мұндай депозиттер банктерге жедел түрде құйыла бастады.
Ақша - кең қодданылатын төлем құралы. Қазiргi экономиканы ақшасыз көзге
елестету қиын. Экономикада ақша жоқ жағдайда әрбiр келiсiм екi жақты
келiсушiлiк бойынша тауар айырбасы арқылы жүзеге асады. Айырбас қиындықтары
туралы мысалдар шексiз көп. Экономиске шашын кидыруы үшiн өзiнiң дәрiсiн
тындайтын шаштаразды iздеуi; ал жақсы көйлектi қажет ететiн әртiске өзiнiң
өнерiн ұнататын тiгiншiнi табу қажет. Айырбас құралынсыз қазiргi қездегi
экономика дәрменсiз.
Ақша айырбас құралы бола тұра, айырбастағы қажеттiлiктiң екi жақты
үйлесуiн жояды. Екi жақты үйлесiм деп жоғарыдағы мысалды айтамыз. Екi жақты
адамның қажеттiлiктерi айырбасқа лайық болуы керек. Мысалы, кино
билеттерiн сатушы өзiне қажеттi көйлектi сататын адамды, ал көйлек сататын
әйел, керiсiнше, билет үйлестiрушiнi табуы тиiс.
Әдетте ақшаның төрт түрлi қызметi бар. Халықаралық есеп қүралы болуы
оның бiрiншi қызметi, қалған үшеуi — баға қоры, есеп бiрлiгi және
ұзартылған төлем. Бұл халықаралық есеп құрамының аздаған ерекшелiктерiмен
ғана ерекшеленедi.
Баға қоры дегенiмiз - уақыттан тыс бағадан құралған актив. Сонымен,
жеке адамда ақша қоры болса, оны ол алдағы уақытта бiр зат сатып алуға
жұмсайды. Егер актив құны болмаса, ол халықаралық есеп құралы болып
саналмайды. Мысалы, сiзде балмұздақ бар, бiрақ тоңазытқыш жоқ деп
елестетiңiз, сiз одан ақша жасағыңыз келедi. Егер сатушының балмұздағынан
ақша түспесе, оңда ол есеп құралы бола алмайды. Алайда ақша қорының басқа
да түрлерi жеткiлiктi - облигациялар, бағалы қағаздар және үйлер.
Ақшаның есеп бiрлiгiнде баға тағайындалып, есеп кiтапшасына жазылады.
Баға доллармен, центпен берiледi, ал олар ақша қорының өлшем бiрлiгi болып
табылады. 1922-1923 жж. Германиядағы гиперинфляцияда доллар тек қана кейбiр
фирмаларда есеп бiрлiгi ретiнде болды, марка негiзгi есеп құралы болып
саналды.
Қоғамдық енбек бөлiнiсiнiң одан әрi дамуы адамдардың қолөнер
кәсiбiмен шұғылданып, ендi еңбек құралдарының дамуымен байланысты
олардың еңбек дағдылары да жетiле бастады. Бұл кез, яғни егiншiлiктен
қолөнер кәсiпшiлiгiнiң бөлiнiп шығуы ғылымда екiншi iрi қоғамдық еңбек
бөлiнiсi деп аталады. Осының нәтижесiнде өндiргiш күштер дамудың жаңа
сатысына көтерiлдi. Кәсiпшiлiкте тас қалаушылар, ағаш ұсталары, кұмыра
жасаушылар, металл өңдейтiн шеберлер және с.с. мамандықтар мен
кәсiптер пайда болып, өндiрiсте ұста көрiгi, құмыра, арба, тоқыма станогi,
қол диiрмен, ат-тұрмандары сияқты көптеген еңбек кұралдары
әзiрленiп, пайдалана басталды.
Сөйтiп, тауар өндiрiсiнiң өсуi, айырбастың жиiлiгi мен жүйелiлiгi
барлық тауарлар арасынан бiр тауардың бөлiнiп шығуына әкеп соқтырды. Бұл
тауарға басқа тауарлар көбiрек, әрi жиi алмастырылып, ол қалған тауарлар
ушiн эквивалент, яғни жалпыға ортақ балама тауар болды. Сөйтiп, кұнның
кеңейтiлген формасы бiртiндеп құнның жалпыға ортақ формасына айналды. Оның
формуласы мына сипатқа ие болды:
4 қап астық
1 б алта
1 құмыра = 1 қой
және т.б.
Жалпыға ортақ эквивалент ролiн атқаратын тауар үшiн әр түрлi халықтарда
және сол бiр халықтың өзiнiң тарихының әр түрлi даму кезеңдерiнде жалпыға
бiрдей құн эквивалентiн әр түрлi өнiмдер (мысалы, аң терiлерi, пiл сүйегi,
балық, мал және т.б.) атқарды.
Қорыта айтқанда, өндiргiш күштерiнiң жетiлуi айырбас процесiн үздiксiз
кұбылысқа айналдырып, тауар айырбасталуының өмiрлiк мәнге ие болуы жалпыға
ортақ құн эквивалентiнiң қажеттiлiгiн туғызды. Бiрақ ондай роль көп уақытқа
дейiн тек бiр тауарға ғана бекiтiлген жоқ.
Уақыт өте келе және тауар өндiрiсiнiң өрiстеуi айырбасты ұлғайтып, оның
жергiлiктi нарықтың шегiнен шығуына әкеп соқтырды. Бұл кезде құнның жалпыға
ортақ эквивалент қызметiн белгiлi бiр тауар атқара бастады. Ол тауар -
ақша. Нәтижесiнде құнның жалпыға ортақ формасы кұнның ақшалай формасына
ауысып, айырбас процесiне нақты орнықты. Оның формуласы:
1 қой
4 қап астық
1 балта = 1 ақша өлшемi
1 құмыра
және т. б.
Сөйтiп, ақша пайда болды. Ақша деген тауардың жалпы эквивалентiнiң
тиянақталған түрi, құнның эквиваленттiк формасымен тұтыну құны бiте
қайнасқан ерекше тауар. Немесе ақша деген тауар өндiру мен оны айрыбастау
процесiнде басқа тауарлардан бөлiнiп шыққан ерекше тауар, оның айырықша
қызметi - барлық тауарларға ортақ балама (эквивалент) ролiн атқару.
2.1 Ақша - тауардың жалпы эквиваленті

Ақша кез келген тауар құнын бiлдiретiн ерекше тауар ролiн атқарады.
Осыдан қелiп ақшаның жаппай өктем күшi пайда болды. Ақшаның қоғамдағы мәнiн
К.Маркс "индивид өзiнiң қоғамдық билiгiн де, қоғаммен байланысын да өзiнiң
калтасына салып жүредi" деген афоризммен сипаттады. Ол мынадан айқын
қөрiнедi:
Бiрiншiден, тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар коғамдық
еңбектiң нәтижесi екенiн ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша қызметі
Ақша түрлерінің өзгеруі
Ақшаның айналысының заңы ақша массасы
Акшаның дамуы және нарықтағы маңыздылығы
Ақшаның жалпы эквивалент және экономикалық категория ретіндегі түсінігі
Ақша теориясы және ақшаның экономикадағы ролі
Ақша жүйесі туралы мәлімет
Ақшаның айналысының заңы ақша масссасы
АҚША АЙНАЛЫМЫНЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ
Ақшаның мәні және шығу тегі
Пәндер