Сұйық мұнай газды пайдалану


№16 КОЛЛЕДЖ МКҚК
САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІ
«БЕКІТЕМІН»
ДиректорЗ Талбидин
«»20___ж
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Ф-ӨОБ-03/20
Тақырыбы : Сұйық мұнай газды пайдалану
Түсіндірме хат 1 бет
Графикалық бөлім 35 парақ
Дипломдық жұмысты орындаушы Қазақбаев Изаттула
(қолтаңбасы) (аты-жөні)
Қызмет бабында пайдаланылатын басылым
Шардара
Алғы сөз.
Мұнай. Мұнай - сұйық, жанғыш қоңыр түсті пайдалы қазба, тығыз-дығы - 700-1040 кг/м³ судан жеңіл әрі суда ерімейді. Мұнай сұйық көмірсу-тегілердің күрделі қоспасы. Мысалы СН4 метаннан С85Н65 көмірсутектері кіреді. Көмірсутектерден басқа мұнай құрамында оттекті және күкіртті орга-никалық қосылыстар, кальций, магнийдің еріген тұздары бар су кездеседі.
Сондай-ақ мұнай құрамында механикалық қоспалар -құм, саз болады.
Мұнайлардың құрамы бірдей емес, ол оның шыққан жеріне байланыс-ты. Бірақ олардың бәрінде де көмірсутектердің үш түрі - парафиндер (алкан-дар), циклоалкандар (нафтендер), аромат көмірсутегілер болады. Бұл көмір-сутегілердің мөлшері әр мұнай кендерінде әр түрлі болады.
Мысалы, Маңғыстау және Қызылорда мұнайы қаныққан көмірсутегілерге бай ал, Орал, Ембі мұнайы аромат көмірсутегілерге бай, Баку мұнайы цикло-алкандарға бай келеді Мұнай - жоғары сапалы мотор отындарын алатын бағалы шикізат. Су мен қоспалардан тазартқаннан кейін мұнайды өңдеуге жібереді. Мұнайды өң-деудің негізгі әдісі -айдау.
1823 жылы ағайынды Дубининдер алғаш мұнай айдайтын құрылғыларды құрады. Осылайша ағайынды Дубининдер көптеген мыңдаған пұт «фотоген» (керосинді) Моздока қаласынан басқа жаққа тасымалдайды.
Америкада 1833 жылы Силлиман алғаш мұнайды өңдеудің тәжірибесін ойлап тапты.
Мұнайды өңдеудің бірінші ретті және екінші ретті үрдістері бар.
Айдау - негізгі яғни бірінші ретті өңдеу процесі болып табылады. Бұл тұрақтандырғаннан, сусыздандырғаннан, тұзсыздандырғаннан кейін жүргізі-летін үдеріс.
Мұнайды айдау дегеніміз оны құрамды бөліктер немесе фракцияларға бөлуге негізделген термиялық ыдырату. Бұның нәтижесінде келесідей мұнай өнімдерін алады: авиациялық немесе автокөлік бензині, лигроин, реактивті немесе газотурбиндік отын, керосин, дизелдік отын және мазут.
Осындай айдау нәтижесінің қалдығы мазут - майлағыш майлар парафин, гудрон, кокс және басқа да мұнай өнімдерінің шикізаты болып табылады.
Мұнайды айдағаннан қалған қалдықтар мен дистиляттар екінші ретті өң-деу кезінде шикізат есебінде қолданылады. Мұнайды өңдеудің екінші ретті үдерістеріне термиялық крекинг, катализдік крекинг, риформинг, гидрори-форминг, платформинг, алкилдеу, полимерлеу, гидрогендеу, пиролиз, кокс-теу кіреді.
Мұнайды айдау кезінде әртүрлі температурада қайнайтын көмірсуте-гілер алынады, бұл - физикалық құбылыс. Ал крекинг кезінде мұнай көмір-сутектері кіші молекулалы ұшқыш заттарға айналады. Бұл - химиялық құ-былыс.
Табиғи газ. Табиғи газдың негізгі компоненті метан болып табылады.
Кіріспе
Бүгінгі таңда Қазақстанның көп салалы өнеркәсібінің даму тарихы мәселелерін тарихи-экономикалық тұрғыдан қарастырудың зор маңызы бар. Қазақстан тарихшылары елдегі өндіріс саласының даму тарихы барысын зерттеуде біршама табыстарға жетті, әсіресе,
өнеркәсіптің пайда болуы мен дамуы жөнінде құнды жұмыстар жарық көрді. Дегенмен жекелеген мәселелер әлі де тереңірек талдау мен ғылыми айқындауды талап етеді, яғни Кеңестік тарихнамаға сайанықталған жағдайларды баяндаумен ғана шектелу жеткіліксіз.
Қазіргі өнеркәсіп ошақтарының тарихын зерттеу, жеткен жетістіктерін айқындау, орын алған мәселелерді, қиыншылықтарды, қателіктерді жүйелеу алдағы уақытта одан шығу жолдарын талдау аса маңызды.
КСРО кезінде Қазақстанның өнеркәсібі жалпы Одақтық маңызы бар көп салалы ірі өнеркәсіп кешендерінің бірі ретінде қалыптасты.
Қазақстанның ұлттық өнеркәсібінің пайда болуы мен дамуы, кен орындарын жаңа технологиямен жабдықтау мәселелеріне Одақ басшылығы көңіл бөлді. 1970 жылдары Маңғыстау аймағында ірі жаңа мұнай-газ кен орындарының ашылуы кешенді өнеркәсіптен мұнай-газ өндірісінің бөлініп, өз алдына бөлек қалыптасуына әкелді.
Осы тұста Қазақстанның ірі төрт мұнай-газ орталығы - Атырау, Оңтүстік Маңғыстау, Үстірт, Ақтөбе, Орал және Батыс Мұғаджар өңірлерінің атағы шықты. Кейіннен мұнай-газ кеніштерінің тұтас бір шоғыры - Теңге, Тасболат, Қаражанбас, Қамысты, Құмкөл, Алтыкөл, Таңатар, Қара арна кен орындары ашылды және олар еліміздің мұнай-газ өнеркәсібін өркендетуде орасан зор маңыз атқарды. 1970-ші жылдардың соңы 1980-ші жылдардың бас кезінде Қазақстанның
мұнай-газы туралы бүкіл дүние жүзі тамсана сөз ете бастады. Кен орындарын игеру тез қарқынмен жүргізілді. Алайда, осы саланың дамуы бір жақты саясаттың негізінде жүргізіліп, кеніштер тек шикізат өндіруші ретінде жұмыс істеді. Олардан алынған шикізаттың негізгі
бөлігі ақырғы өңдеу үшін және одан дайын өндіріс құралдары ментұтыну заттарын алу үшін басқа республикаларға шығарылды.
Қоғамның даму кезеңдеріне байланысты өндірістік мекемелер бірнеше құрылымдық өзгерістерге ұшырады. Одақ басшылығы республикадағы мұнай-газ саласының барлық ірі кен орындарын
тікелей өз қарамағына алды. Экологиялық жағдай қатты шиеленісті.
Жергілікті халық-қазақтардан жұмысшы-мамандарды даярлау мәселесі барынша күрделіленіп, өз шешімін таппады. Өнеркәсіп саласының артта қалушылығына бір жағынан себеп болған арнайы білімі бар ұлттық жұмысшы-мамандар мен инженер-техник қызметкерлердің санының аздығына байланысты еді. Осы мәселені республика басшылары түрлі курстар, орта және жоғары оқу
орындарын ашу арқылы шешуді көздеді. Республиканың өндіріс орындарының дамуына байланысты Қазақстан халқының құрамы да әлеуметтік-демографиялық өзгерістерге ұшырады. Миграциялық қозғалыс нәтижесінде басқа ұлт өкілдері, негізінен орыстар өндіріс
ошақтары дамыған өлкелерге көптеп ағылды. Сырттан келгендерге барлық жағдай жасалды, ал жергілікті халық көзден таса қала берді.
Негізгі бөлім
ХХ ғасырдың 30-40 жылдарына дейін Қазақстанның мұнай-газ өндірісі Жайық-Ембі аймақтарында ашылған кен орындарымен шектелді. Ғылыми тұрғыдан геологиялық барлау жұмыстары тек Ұлы Отан соғысынан кейін ғана қолға алына бастады. Соның нәтижесінде
Каспий маңы, Маңғыстау мен Үстірттің топырақ қабаттары зерттеліп, мұнай мен газдың мол қоры бар жаңа кен орындары табылды. 1950 жылы Ленинградтағы Бүкілодақтық геологиялық ғылыми-зерттеу, барлау институты Маңғыстауға кешенді экспедиция жібереді. Жалпы
Батыс Қазақстанның қазба байлықтарын зерттеуді жүйелі түрде жүргізуде академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың еңбегі зор.
Оның ұсынысымен 1949 жылы Атырауда Қазақ КСР Ғылым Академиясының филиалы ашылды. Сөйтіп зерттеу, барлау жұмыстарына көп мөлшерде қаржы бөлінді. Экспедиция Бозашы
түбегін, Қызанды, Орталық Маңғыстаудағы Түбіжік пен Қошанайды, Оңтүстік Маңғыстаудағы Жетібай мен Өзенді, Қарасаз-Таспасты картаға түсіріп, аталған өңірлерді терең бұрғылап барлауға кірісті.
Алғашқы зерттеу жұмыстары Жетібай жерінде мол мұнай бар екенін көрсетті. Енді Жетібайдағы мұнайдың нақты қоры мен көлемін анықтау үшін бұрғылау жұмыстарын одан әрі жүргізу мақсатымен жан-жақтан бұрғылаушы бригадалар шақырылды. 1964 жылы шілде
айында №6 ұңғыны барлау барысында оның алдындағы екі ұңғы көрсеткен қабаттарда тағы да мұнай қатпарлары бар екендігі белгілі болды. Бұл хабарды естіген елдің жоғарғы басшылары Жетібайға жетті. Мәскеуден бір топ ғалымдар, Алматыдан министірлер Б. Ерофеев пен Ш. Есенов келді. Ол өз кезінде Маңғыстау аймағын терең бұрғылап, барлауды бірінші ұсынған тұрғын. 1966 жылы сәуірде КСРО Министрлер Кеңесі ғылым мен техника саласында үздік жетістіктері, Маңғыстаудағы Жетібай және Өзен мұнай кен орындарын барлап, ашу жұмыстарына тікелей үлес қосқан бір топ ғалым, геологтарға сол кездегі Отанның ең жоғарғы марапаты -
Лениндік сыйлықтың лауреаттары атағын берді. Олардың қатарында Маңғыстаудағы барлау-бұрғылау жұмыстарына тікелей басшылық жасаған Қазақ КСР Геология министрі Ш. Есенов, Қазақстан мұнай бірлестігінің бастығы Ж. Досмұхамбетов, Батыс Қазақстан геология
басқармасының бас геологы Н. Имашев, Маңғыстау мұнай-газ барлау тресінің басқарушысы Х. Өзбеққалиев, осы трестің бас геологы В. Токарев және тағы басқалары бар еді. Ұзақ жылдар бойы Кеңестер Одағының экономикасында, әлеуметтік-саяси өмірінде қалыптасқан
әкімшілдік-әміршілдік басқару жүйесінің тікелей әсері басқа республикалар сияқты Қазақстанға да қатысты болды. Мұндай қатаң қалыптасқан жүйе жеке ұжым, кәсіпорын түгел тұтас өнеркәсіп
аймағының мүддесімен де санаспады. Одақтық бюджет Одақтас республикаларды қаржыландырып отырды. Сонымен қатар кен орындарын дамытуға да қажетті қаржы бөлу құқы да осы орталықтың құзырында еді. Тоқырау жағдайында тұрған өндіріс орындарына
қаржы тым аз бөлінді. Жақсы көрсеткіштерге жетіп, сапалы өнім алған кәсіпорындарға қаржыны көп мөлшерде бөлді, бірақ та кәсіпорындардың тапқан табысын өз қажетіне жаратуға еш құқы болмады. Шығарған өнімнің бағасы әлемдік деңгейдегі нарықтық бағадан әлдеқайда төмен еді. Ынталандыру мүмкіндіктерінен айрылған өнеркәсіп өндірістері құлдырап, дағдарысқа ұшырады.
Кеңес Үкіметі орнағаннан кейінгі алғашқы жылдардағы халық шаруашылығының жағдайы туралы жазылған бірқатар ғылыми зерттеу еңбектерде біз қарастырып отырған салаға көңіл бөлген Т. Елеуов, А. С. Елагин, К. Нұрпейісов, З. А. Алдамжаровтардың зерттеулерінде осы саланың қалыптасуындағы алғышарттар көрсетілген. Сонымен қатар бұл еңбектерде Қазақстанның
экономикасының дамуына ұлттық өнеркәсіптік мекемелердің қосқан үлесі, олардың жұмыс барысы жайлы статистикалық мәліметтер берілген.
Алғашқы бесжылдық жылдарындағы Қазақстанның өнеркәсібінің даму нәтижелері, соның ішінде, мұнай-газ саласының қызметін бағалаған ғалымдар Г. Чуланов, Н. Кийкбаев, С. Нейштадт,
В. Кольцовтардың еңбектерінен көрініс тапқан. С. М. Лисичкин, Е. Д. Шашиннің зерттеулерінде мұнайлы мол Орал-Ембі ауданының даму барысы кен орындарының өзіне тән ерекшеліктері айтылады. Аталмыш монографиялар жалпы КСРО-ның мұнай өнеркәсібінің дамуына аса көңіл бөліп, Қазақстандағы кен орындарының даму тарихын нақты көрсетпейді, әрі баяндау, сипаттау бағытындағы жазылған еңбектер болып табылады.
Кеңес Өкіметі жылдарында жазылған еңбектердің басым көпшілігі коммунистік партия идеологиясына негізделгендіктен оның ролін нығайту үшін арнайы жазылған еңбектер тобы да жинақталды.
Өнеркәсіп орындарының қол жеткен жетістіктері сол идеологияның арқасында мүмкін болды деп ой қорытқан ғалымдар қатарында Е. Д. Сафранов, С. Б. Бейсембаевтар бар. Ол еңбектерден мұнайлы өнеркәсіпті аудандардың даму барысы, мемлекеттік жоспардың орындалуы жайлы статистикалық мәліметтер алуға болады. Алайда, бұл еңбектердегі деректер бір жақты болып келеді. Сондықтан да зерттеулерді пайдаланғанда деректерге тыңғылықты көңіл аударған
жөн.
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібінің даму барысына тарихшылар М. Қ. Қозыбаев, А. Д. Будаков пен Л. А. Будаков, П. Р. Букаткин өз еңбектерінде назар аударды. Бұл зерттеу жұмыстарында Одақ экономикасының соғыс жағдайына бейімделуі, аталмыш саланың Ұлы жеңіске жету жолындағы қосқан үлесі, өндірістік мекемелердің, жұмысшылардың жеткен жетістіктері, қиыншылықтары баяндалған. Соғыстан кейінгі жылдардағы халық шаруашылығын қайта қалпына келтіру мақсатында жүргізілген көптеген шаралардың
қабылданып, орындалуы, мұнай-газ өнеркәсіп салаларының хал-ахуалына сараптау жүргізіп, бір тұжырымға келген ғалымдар К. Кетебаев, В. Кольцов, К. Симаковтардың еңбектерін мысалға алуға
болады. Тарихшы ғалымдар Т. Жолдасбеков, С. Сарсенбаев, Н. Қисметов, В. В. Кисляковтардың ғылыми диссертациялық зерттеу жұмыстары да осы саланың одан әрі терең зерттелуіне өз үлестерін қосты. Олар Одақ кезіндегі мұнай кешенінің даму тарихына, жеткен жетістіктеріне, шешімін таппай жатқан мәселелерге көңіл бөлінгенмен халықтардың әлеуметтік-экологиялық жағдайларына тоқталмаған. 1960 жылдардан бастап Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібінің даму тарихына арналған арнайы монографиялық еңбектер жарыққа шыға бастады. Тарихшы-ғалымдар Т. Шәукенбаев, Е. И. Сауткин, К. Е. Темірғалиевтер өз еңбектерін алғашқылардың бірі болып жариялаған. Осы еңбектердің арасынан К. Е. Темірғалиевтың еңбегіне тоқталсақ, автор тұнғыш рет қазақ мұнайының жарты ғасырға жуық (1920-1970 ж. ж. ) даму, өркендеу кезеңін нақты тарихи деректер арқылы баяндайды. Ал Ш. Есенов басшылығымен жарық
көрген еңбекте кен орындарының сол кездегі Одақ экономикасындағы алатын орыны көрсетілген. Республиканың мұнай-газ саласының даму тарихын арнайы бір тарау етіп берген.
Өкінішке орай, бұл кезеңдерде жарық көрген еңбектердің басым көпшілігі кеңестік саясат негізінде жазылғандықтан, олар тек біржақты бағаланды және тек жоғарғы жақтың рұқсатымен
жарияланды.
1980 жылдың екінші жартысында жарық көрген ғылыми еңбектердің мазмұны тарихтағы «қайта құру» кезеңімен тұспа тұс келді. Үкімет тоқырау жылдарында жіберілген кемшіліктерді
қайталамау үшін жаңа бағдарламалар жасай бастады. Енді ғалымдар жаңа бағыттағы ғылыми зерттеу жұмыстарын қолға алды. Осындай бетбұрыс жаңаша ойлау тұрғысынан жазылған тарихи еңбектердің пайда болуына өз септігін тигізді. Әсіресе, Қазақ КСР-інде ХІІ бесжылдықтың жоспары бекітілгеннен кейін тек сапалы өнімдер алудың жолдарын қарастырған басылымдар жарық көре бастайды.
Осы бағытта ғалым Ж. Әбутәліповтың еңбегі жазылды. Сонымен бірге осы мазмұндас әр жылдық статистикалық орталықтың жоспарлы жинақтары да жарық көрді. Бұл еңбектер тек жоспарлау
көрсеткіштері негізінде жазылған. Ол еңбектерде өндіріс орындарында қалыптасқан қиыншылықтардан шығу жолдары қарастырылмаған және өндірістік мекемелердің жылдық
қорытындылары жөнінде мәліметтер жоқ. Ғалым Т. З. Рысбековтың еңбегінде еліміз тәуелсіздікке қол жеткеннен соң өндіріс орындарының өткен тарихына жаңаша көзқарас тұрғысынан баға
берген еңбектері жарық көрді. Онда ғалым нарықтық экономикаға бейімделген елдің, өнеркәсіптік дамуы, елдегі шетел компанияларының қызметі туралы ой өрбіткен. ХХғ. 80 жылдарының ортасындағы республиканың қоғамдық-саяси өміріндегі өзгерістер,
елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы және еліміз егемендік алғаннан кейінгі қоғамның барлық саласының дамуын ой елегіненөткізген К. Рысбайұлы мен Ч. Мусиннің еңбектері оң бағаланды. Бұл еңбектерде Одақ экономикасының құлдырау себептері мен Қазақстанның халық шаруашылығының даму барысы жайын қамтып, жан-жақты жазылған және еліміз егемендік алғаннан кейінгі «өтпелі кезеңнің» қиыншылықтары, елді нарықтық экономикаға бейімдеу жолдары қарастырылған.
А. Ш. Алтаев Қазақстан өнеркәсібіндегі 1970-1990 жылдар аралығындағы жұмысшы табының қалыптасу мәселелерін қарастырған. Б. Г. Аяғанов, С. З. Баймагамбетовтың ірі өндіріс
орындары дамыған аймақтардағы әлеуметтік жағдайы, өндіріс орындарының қоршаған ортаға тигізіп жатқан залалы, елдегі демографиялық өзгерістер, ұлтаралық қарым-қатынастар жайлы ой
өрбіткен. Алайда бұл екі құнды монографияларда біз қарастырып отырған батыс аймаққа қатысты мәлеметтер келтірілмеген.
Одақ кезіндегі Қазақстанның батыс аймағының әлеуметтік-демографиялық даму барысы жайлы ғалымдар Б. Қ. Бірімжаров, М. Н. Сыдықовтың зерттеу-жұмыстары жазылды. Авторлар бұл
аймақтардың әлеуметтік-демографиялық дамуын жан-жақты қарастырды. Т. З. Рысбековтың басшылығымен ғалымдарБ. К. Бірімжаров, С. Б. Құрманалин, Ж. Ж. Жақсығалиевтің ұжымы
бірлесіп жазған еңбекте де батыс өңірдің Кеңес үкіметі және егемендік алғаннан кейінгі жылдардағы тарихи, әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері қарастырылғандығын айтып кету
қажет.
Ұлттық жұмысшы-мамандардың, соның ішінде мұнай-газ саласындағы жұмысшылардың қалыптасуы кезеңдері тарихшы ғалымдар аса көңіл бөлді. Қазақстанда ХХ ғасырдың басындағы
жұмысшы табының қалыптасуы мен даму барысының тарихы жайлы жан-жақты жазған ғалым А. Нүсіпбековтың еңбегі ерекше бағаланды. Еңбекте автор Қазақстандағы жұмысшы табының түп-тамырына терең үңіліп, оның Қазан төңкерісіне дейінгі дәуірдегі қалыптасутарихына, жұмысшылардың құрамы мен санын талдауға көңіл бөлген. Одан кейінгі жалпы өнеркәсіптегі жұмысшы мамандардың қалыптасу жағдайы Н. А. Абдоллаев, Ж. М. Асылбеков, Ә. Қ. Мұқтар,
М. У. Есалиева, М. Төлекованың, ғылыми-зерттеу жұмыстарында көрініс тапқан. Бұл еңбектерде жұмысшы-мамандардың қызмет барысындағы объективті және субъективті жағдайларына талдау
жасалып, олардың шешу жолдары іздестіріледі. Х. А. Ғабдуллиннің еңбегінде республиканың мұнай-газ саласының ғасырдан астам даму кезеңіне қатысты деректер, кен орындарында өз жұмыс жолын бастап, бар өмірін тек бір салаға ғана арнаған атақты мұнайшылардың өмірбаяны, естеліктері жинақталған. З. Б. Байдосов басшылығымен авторлар ұжымы бірлесіп жазылған еңбекте Ақтөбе облысындағы мұнай өнеркәсібінің пайда болуы мен даму кезеңдері, мұнайшы жұмысшы табының қалыптасу тарихы баяндалған. Г. И. Көбенованыңғылыми-зерттеу жұмысы «Ақтөбе мұнай-газ» кәсіпорынның өткен және қазіргі даму жолдарына арналған.
Егемендік алғаннан кейінгі Қазақстанның мұнай-газ саласына шет ел компанияларының қызығушылық танытуы жаңа бағыттағы еңбектердің жазылуына негіз болды. Шетел компанияларының өз елдерінде пайда болу тарихы, осы кезге дейін жүріп өткен жолдарын
саралап, болашаққа болжам жасап, аталмыш салаға тартылған инвестицияның барысы жайлы да көптеген зерттеулер жүргізіле бастады. Бұл бағыттағы ғылыми зерттеу жұмыстарын алғашқыда
экономист мамандар жүргізді. Кейіннен бұл мәселеге басқа сала мамандары көңіл бөлді. Бұны саясаткер, тарихшы ғалымдар М. Ж. Садықова, Қ. Б. Дауылбаев, Б. С. Бабаева, В. В. Белоусов,
М. Т. Чердабаевтың еңбектерінен көруге болады. Жалпы бұл еңбектер негізінен шетел инвестиясына жалпы түсінік беру бағытында жазылған. Тарихшы Л. Н. Нұрсұлтанова, А. К. Нұрша кандидаттық диссертацияларында ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның мұнай өнеркәсібіндегі алғашқы жеке меншік яғни шетел қожалықтардың, бірінші акционерлік қоғамдардың пайда болу және ХХ ғасыр мен ХХІ ғасырдың басындағы Каспий теңізінің айналасындағы мәселелер мен оның қызметіне қатысты зерттеулер жүргізген.
Мүнай-газ кәсіпшілік геологиясының негіздері 1, 2. 1. Литосфераньщ тау жыныстары
Жер бірнеше қабаттардан түрады деп есептелінеді: литосферадан - сыртқы қатты қалыңдығы 50-70 км-ге дейін; мантиядан (аралық 2850-2900 км-ге дейін терең-діктегі) ; ядродан (2900-6380 км тереңдікте) . Қабаттар-дың химиялық қүрамы, физикалық күйі жөне қасиет-тері әр түрлі.
Жер қыртысы деп аталатын литосфера басқа қабат-тармен салыстырғанда көп дәрежеде зерттелген; ол маңызды қүрамды бөліктері минералдар болып келетін тау жыныстарынан қүралған.
Минералдар - жер қыртысында жүретін физика-хи-миялық үдерістердің нәтижесінде түзілетін химиялық қүрамы мен физикалың қасиеттері шамамен біртектес болатын табиғи заттар.
Тау жыныстары - жер қыртысын ңүрайтын, өздігінше геологиялық денелер түзетін, айтарлыңтай түрақты ми-нералогиялың және химиялық қүрамы болатын минерал-дың агрегаттар. Жаратылысы бойынша олар үш топқа бөлінеді: магмалық немесе атқыланған, шөгінді жене метаморфтық немесе түрөзгерген.
Атқыланған жыныстар негізінен кристалдық қүры-лыстағы, жер бетінде немесе жер ңыртысының қойнауында магма деп аталатын силикаттың балқымалардың суу нәтижесінде түзіледі. Атқыланатын жыныстардың көдімгі екілдері - базалъттар, граниттер. Бүл жыныс-тарда жануарлар мен өеімдіктердің қалдықтары болмай-ды.
Шөгінді тау жыныстары органикалың және бейоргани-калық заттардың су бассейндерінің түбінде жөне материк-тердің бетінде шөгу нәтижесі тт де түзілген. Атңыланған жыныстардың, сондай-ақ жануарлар мен өсімдіктер ағза-ларының қалдықтарының су мен желдің әсерінен үнтақ-талған үсақ бөлінектері шөге отырып, біртіндеп түздар мен ңаттар түзді. Бүл жыныстар түзілу тесілі бойынша сының (механикалық шөгінділер), органикалық, химиялық және, аралас шығу текті жыныстар болып бөлінеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz