Инвестициялық саясаттың мемлекеттік реттеу құралы



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1 Қазақстанның инвестициялық саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.1 Инвестициялық саясат түсінігі, мақсаттары мен міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Инвестициялық саясаттың рөлі мен қағидалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.3 Қазақстан Республикасындағы шетелдік инвестициялар ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2 Инвестициялық саясаттың мемлекеттік реттеу құралы ретінде ... ... ... ... ...
2.1 Инвестициялық саясатты жүзеге асыру механизмі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2 Мемлекеттің инвестициялық саясаттың негізгі бағыттарын талдау ... ... ... ... ..
2.3 Инвестициялар жөніндегі комитеттің қызметін сипаттау ... ... ... ... ... ... ... ... ...

3 Қазақстандағы инвестициялық саясатты жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қосымшалар
Кіріспе

Экономиканың нақты секторларының дамуы бiздiң Қазақстанның болашағына зор ықпал eтeтiнi белгiлi. Әрбiр елдiң экономикалық өcyi жаңа ірі масштабты жобалардың көмегiнсiз, инвестиция және инновация, саяси тұрақтылықтан және қаржылық жүйенiң тұрақтануынан, инвесторлардың сенiмдiлiгiмен, ұлттық өндiрiстiң тиiмдi дамуынсыз қалыптасуы мүмкін емес. Олар үшiн жетілген саяси құрылым, кәсіпорындар үшін кешенді стратегияны өңдеу, бәсекелiк жағдайын ғылыми-техникалық прогреске сай орындау, елдiң қауiпсiздiгiн нығайту, адамның тұлғa екендiгiн көрсете бiлу, инвестицияны дұрыс пайдалану қажет.
Курстық жұмыстың тақырыбы: Мемлекеттің құрылымдық – инвестициялық саясаты.
Курстық жұмыстың мақсаты: мемлекеттің инвестициялық әрекетін, яғни шетелдік және отандық инвестицияларды біздің кәсіпорындарға тарту мәселесін ашу болып табылады.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Инвестициялық саясат және оның сферасы сұраныспен, ұсыныспен және инвестициялық бағасымен анықтау, инвестициялық нарықтың конъюктурасы инвесторлар үшін өте маңызды. Әсіресе, ол дамушы елдер үшін. Өйткені жаңа ғана тәуелсіз алған елдердің саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайлары табыс көзін іздеп жүрген шетелдік инвесторларға жаңа тұтыну нарығы керек. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының экономикасы негізінен мұнай экспорттау және инвестицияның ағылуы арқасында жоғарғы қарқынды дамып келеді.
Курстық жұмыстың бірінші тарауында кәсіпорынның инвестициялық саясатының түсінігін, мақсаттары мен міндеттері, әдістері көрсетілген.
Екінші тарауда инвестициялық саясатқа талдау жүргізілді. Яғни, инвестициялық саясаттың жүзеге асыру механизмі, негізгі бағыттарын сипаттау қарастырылған.
Үшінші тарауда мемлекеттің инвестициялық саясатын жетілдіру жолдары. Яғни, Қазақстандағы мемлекеттік инвестициялар жүйесін оңтайландыру мақсатымен инвестицияларды басқарудың негізгі бағыттары көрсетілген.
Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бастап экономикалық жағдайын тұрақтандыру, ішкі экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және инвестициялар тарту жөніндегі саясаты белсенді түрде жүзеге асырылуда шетел инвестициясын тарту республиканың инвестициялық процесінің жедел әрі тиімді дамуының бірден бір жолы болып табылады. Шетелдік инвестицияларды тарту отын энергетика, мұнай өндіру және өңдеу, алтын өңдеу өнеркәсіптері, көлік және коммуникация сияқты басты салаларда құрылымдық - инвестициялық саясатты жүргізу қаржының жетіспеушілігімен ішкі нарықты тұрақтандырумен байланысты.
Инвестициялық саясат елдің стратегиялық экономикалық мақсаттары мен мәселелерін анықтайтын ең маңызды элемент. Экономикалық реформаларға сәйкес халықаралық капиталмен инвестиция тартудың мемлекеттік саясаты дағдарыс пен инфиляцияны тежеуге, жеке инвесторлардың инвестициялық белсенділігін арттыруға және өндірістік құрылымдық өзгерістерге септігін тигізуде. Шетел инвестицияларының Кен өндіру өнеркәсіптеріне келіп түсуі Қазақстан экономикасының шикізат секторын дамытуға жағдай жасайды. Республиканың өнеркәсіп құрылымында шикізат кешенінің үлесі 65% - ды құрайды. Мемлекет саясаты осы сектордағы шикізат ресурстарын ұлғайту мақсатында инвестиция тартуды, қосымша ынталандыруды жақсартуға негізделеді.
Экономиканың тепе–теңдік дамуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттің экономикалық басым секторларына қаржы салған инвесторларға жеңілдіктер мен преференциялар бере отырып шикізаттық емес саланың дамуына да қолдау жасайды. Осы мақсаттарды жүзеге асыруға байланысты үкімет тарапынан стратегиялық бағдарламалар мен заң жобалары құрылуда. Тікелей инвестицияларды жүзеге асыратын орган инвестиция бойынша мемлекеттік комитет болып табылады. Инвестициялық қаржыларды ел экономикасына жүзеге асыру әртүрлі нысанда жүзеге асырылады. Оған шетелдік банктері мен халықаралық ұйымдардан қарық алудан бастап кәсіпорындарды тікелей шетел инвесторларының меншігіне сатуға дейінгі әрекеттер жатады.
Шетел капиталын ұлттық экономикаға тарту өте пайдалы процесс. Біріншіден шетелдік инвестициялар елдің өндіріс базасын жедел жетілдіруге және оның өндірістік мүмкіндіктерін артыруға көмектеседі. Екішіден шетел фирмалары жаңа өндірістік кәсіпорындар шаруамен қатар капиталдық бәсекелестікте мыңдаған еңбекпен өндірісті ұйымдастыру тәжірибесін ала келеді.
Кәсіпорынның инвестициялық саясаты елдің экономикалық жағдайына және мемлекеттің қаржы саясатына да сонымен қатар, кәсіпорынның таңдап алған экономикалық және қаржылық стратегияның белсенділігіне де тәуелді болып келеді. Сондай-ақ, олар өзара байланысты болғандықтан кәсіпорын басшылары инвестициялық басқаруына көп көңіл бөлу керек. Ұйымдардың, компаниялардың, холдингтердің саланың және жалпы елдің тиімділік дәрежесі инвестицияның дұрыс жүргізілуіне тәуелді. Сондықтан тәжірибеде инвестицияны тиімді ұйымдастыру ең бірінші орында.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. «Жаңа 10 жылдық жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіншілігі» ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауы
29 қаңтар 2010 жыл
2. 2003-2015 ҚР Индустриалды – инновациялық даму стратегиясы
3. «Инвестиция туралы» ҚР 8 қаңтар 2003 №373-ІІ (19.03.2010жылы өзгерту енгізілді)
4. «Қаржы лизинг туралы» ҚР 05.07.2000 №78-ІІ заңы
5. «Бағалы қағаздар туралы» ҚР 02.07.2003 жыл №461-ІІзаң
6. «Инвестициялық қорлар туралы» ҚР 07.07.04 №376-ІІзаң
7. Омарова А.К. «Инвестицияларды қаржыландыру және несиелеу»: оқулық–Алматы: ТауГуль Принт 2009–236б
8. Әлжанов Н.Ш «Инвестициялық жобалу» Алматы 2006жыл
9. БохавД « Инвестицияларды қаржыландыру және несиелеу»экономика негіздері 2006жыл
10. Кадерова « Финансирование кредитование инвестиций» 2008 жыл
11. Касьяненко П.Г , Маховикова Г. А « Инвестици» 2009 жыл
12. Кадерова Н.Н., Макенова А.А., Абуова Ж.И. «Инвестицияларды қаржыландыру және несиелеу»: оқулық–Алматы: ТОО «Print-S» 2011-570б,
13. Асилова А.С. «Инновацияларды қаржыландыру және несиелеу»: оқулық–Алматы: экономика 2011-580б.
14. Мамырова М.К. эффективность инвестиций в промышленном производстве –Алматы: Экономика. 2008.
15. Шакбутова А.Ж., Абдрахманова Г.Т. Оценка финансовых решений в условиях инвестирования -Алматы. 2009.
16. Жапарбеков С.А. Обзор состояния иностранных инвестиции в США//Вестник КАЗГУ №3-4 –Алматы, 2000.
17. Садвакасова А.Б., Рахматуллаева Д.Ж. Исследование влияние факторов внешней среды на состояние «Портфельных инвестиции».//Вестник
18. Рахматулаева Г.А.«Шетел инвестицияларын экономикаға тарту нысандары »Қаржы –қаражат №2 –Алматы, 2001.
19. Шөптібаева Г.Б. «Шетел инвистицияларын тартудың әлеуметтік алғы шарттары» Вестник КАЗГУ №2 –Алматы, 2009.
20. www.rambler.kz
21. www.nationalbank.kz
22. www.afn.kz
23. www.yandex.kz
24. www.kdb.kz
25. www.stud.kz
26. ru.goverment.kz
27. www.akorda.kz
28. www.fond-damu.kz

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1 Қазақстанның инвестициялық
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Инвестициялық саясат түсінігі, мақсаттары мен
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ..
1.2 Инвестициялық саясаттың рөлі мен
қағидалары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...
1.3 Қазақстан Республикасындағы шетелдік
инвестициялар ... ... ... ... ... .. ... ... ... .

2 Инвестициялық саясаттың мемлекеттік реттеу құралы
ретінде ... ... ... ... ...
2.1 Инвестициялық саясатты жүзеге асыру
механизмі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...
2.2 Мемлекеттің инвестициялық саясаттың негізгі бағыттарын
талдау ... ... ... ... ..
2.3 Инвестициялар жөніндегі комитеттің қызметін
сипаттау ... ... ... ... ... ... ... ... ...

3 Қазақстандағы инвестициялық саясатты жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ..

Қосымшалар

Кіріспе

Экономиканың нақты секторларының дамуы бiздiң Қазақстанның болашағына
зор ықпал eтeтiнi белгiлi. Әрбiр елдiң экономикалық өcyi жаңа ірі масштабты
жобалардың көмегiнсiз, инвестиция және инновация, саяси тұрақтылықтан және
қаржылық жүйенiң тұрақтануынан, инвесторлардың сенiмдiлiгiмен, ұлттық
өндiрiстiң тиiмдi дамуынсыз қалыптасуы мүмкін емес. Олар үшiн жетілген
саяси құрылым, кәсіпорындар үшін кешенді стратегияны өңдеу, бәсекелiк
жағдайын ғылыми-техникалық прогреске сай орындау, елдiң қауiпсiздiгiн
нығайту, адамның тұлғa екендiгiн көрсете бiлу, инвестицияны дұрыс пайдалану
қажет.
Курстық жұмыстың тақырыбы: Мемлекеттің құрылымдық – инвестициялық
саясаты.
Курстық жұмыстың мақсаты: мемлекеттің инвестициялық әрекетін, яғни
шетелдік және отандық инвестицияларды біздің кәсіпорындарға тарту мәселесін
ашу болып табылады.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Инвестициялық саясат және оның сферасы
сұраныспен, ұсыныспен және инвестициялық бағасымен анықтау, инвестициялық
нарықтың конъюктурасы инвесторлар үшін өте маңызды. Әсіресе, ол дамушы
елдер үшін. Өйткені жаңа ғана тәуелсіз алған елдердің саяси, экономикалық
және әлеуметтік жағдайлары табыс көзін іздеп жүрген шетелдік инвесторларға
жаңа тұтыну нарығы керек. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының
экономикасы негізінен мұнай экспорттау және инвестицияның ағылуы арқасында
жоғарғы қарқынды дамып келеді.
Курстық жұмыстың бірінші тарауында кәсіпорынның инвестициялық
саясатының түсінігін, мақсаттары мен міндеттері, әдістері көрсетілген.
Екінші тарауда инвестициялық саясатқа талдау жүргізілді. Яғни,
инвестициялық саясаттың жүзеге асыру механизмі, негізгі бағыттарын сипаттау
қарастырылған.
Үшінші тарауда мемлекеттің инвестициялық саясатын жетілдіру жолдары.
Яғни, Қазақстандағы мемлекеттік инвестициялар жүйесін оңтайландыру
мақсатымен инвестицияларды басқарудың негізгі бағыттары көрсетілген.
Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бастап экономикалық
жағдайын тұрақтандыру, ішкі экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және
инвестициялар тарту жөніндегі саясаты белсенді түрде жүзеге асырылуда
шетел инвестициясын тарту республиканың инвестициялық процесінің жедел
әрі тиімді дамуының бірден бір жолы болып табылады. Шетелдік
инвестицияларды тарту отын энергетика, мұнай өндіру және өңдеу, алтын өңдеу
өнеркәсіптері, көлік және коммуникация сияқты басты салаларда құрылымдық -
инвестициялық саясатты жүргізу қаржының жетіспеушілігімен ішкі нарықты
тұрақтандырумен байланысты.
Инвестициялық саясат елдің стратегиялық экономикалық мақсаттары мен
мәселелерін анықтайтын ең маңызды элемент. Экономикалық реформаларға сәйкес
халықаралық капиталмен инвестиция тартудың мемлекеттік саясаты дағдарыс пен
инфиляцияны тежеуге, жеке инвесторлардың инвестициялық белсенділігін
арттыруға және өндірістік құрылымдық өзгерістерге септігін тигізуде. Шетел
инвестицияларының Кен өндіру өнеркәсіптеріне келіп түсуі Қазақстан
экономикасының шикізат секторын дамытуға жағдай жасайды. Республиканың
өнеркәсіп құрылымында шикізат кешенінің үлесі 65% - ды құрайды. Мемлекет
саясаты осы сектордағы шикізат ресурстарын ұлғайту мақсатында инвестиция
тартуды, қосымша ынталандыруды жақсартуға негізделеді.
Экономиканың тепе–теңдік дамуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттің
экономикалық басым секторларына қаржы салған инвесторларға жеңілдіктер мен
преференциялар бере отырып шикізаттық емес саланың дамуына да қолдау
жасайды. Осы мақсаттарды жүзеге асыруға байланысты үкімет тарапынан
стратегиялық бағдарламалар мен заң жобалары құрылуда. Тікелей
инвестицияларды жүзеге асыратын орган инвестиция бойынша мемлекеттік
комитет болып табылады. Инвестициялық қаржыларды ел экономикасына жүзеге
асыру әртүрлі нысанда жүзеге асырылады. Оған шетелдік банктері мен
халықаралық ұйымдардан қарық алудан бастап кәсіпорындарды тікелей шетел
инвесторларының меншігіне сатуға дейінгі әрекеттер жатады.
Шетел капиталын ұлттық экономикаға тарту өте пайдалы процесс.
Біріншіден шетелдік инвестициялар елдің өндіріс базасын жедел жетілдіруге
және оның өндірістік мүмкіндіктерін артыруға көмектеседі. Екішіден шетел
фирмалары жаңа өндірістік кәсіпорындар шаруамен қатар капиталдық
бәсекелестікте мыңдаған еңбекпен өндірісті ұйымдастыру тәжірибесін ала
келеді.
Кәсіпорынның инвестициялық саясаты елдің экономикалық жағдайына және
мемлекеттің қаржы саясатына да сонымен қатар, кәсіпорынның таңдап алған
экономикалық және қаржылық стратегияның белсенділігіне де тәуелді болып
келеді. Сондай-ақ, олар өзара байланысты болғандықтан кәсіпорын басшылары
инвестициялық басқаруына көп көңіл бөлу керек. Ұйымдардың, компаниялардың,
холдингтердің саланың және жалпы елдің тиімділік дәрежесі инвестицияның
дұрыс жүргізілуіне тәуелді. Сондықтан тәжірибеде инвестицияны тиімді
ұйымдастыру ең бірінші орында.

1 Қазақстанның инвестициялық саясаты
1.1 Инвестициялық саясат түсінігі, мақсаттары мен міндеттері

Ел экономикасына капиталды тарту маңыздылығын мойындағандықтан, біздің
мемлекетіміз қаражатты шоғырландыру бойынша сәйкесінше саясат жүргізіп
отыр. Осыған байланысты, Қазақстанның инвестициялық саясаты мемлекеттің
әлеуметтік-саяси және экономикалық саясаттардың құрамдас бөлігі болып
табылады. Өз кезегінде, Қазақстанның инвестициялық саясатына жатқызылады:
- аймақтық инвестициялық саясат;
- салалық инвестициялық саясат;
- шауашылық субъектілердің инвестициялық саясаты.
Инвестициялық саясаттың барлық түрлері бір бірімен байланысты. Жалпы
мемлекеттік инвестициялық саясаттың маңыздылығы – бұл
елдегі инвестициялық белсенділікті жандандыруға мүмкіндікті беру.
Аймақтық инвестициялық саясат – бұл шетелдік, отандық инвесторлар
үшін аймақтың инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету және инвестицияны
тиімді қолдану мақсатындағы мемлекет жүргізетін шаралар кешені. Аймақтың
инвестициялық белсенділігіне келесідей факторлар әсер етеді:
- табиғи ресурстар;
- экономикалық әлеует;
- табиғи-климаттық жағдайлар.
Салалық инвестициялық саясат келесідей мақсаттарда жүргізіледі:
1. басыңқы салаларды таңдау мен қолдау;
2. төмен табысты салаларға инвестициялау мақсатындағы мемлекеттік
құрылымдық саясатты ж.ргізу;
3. ғылыми-техникалық прогресті жылдамдату және өндіріске жаңа
технологияларды, еңбектің жаңа формаларын ендіру.
Шаруашылық субъектілердің инвестициялық саясатының мақсаты –
бұл инвестиция көздерін іздеу; оларды жаңа құрылысқа тиімді жұмсау, қызмет
ететін өндірісті жөндеу, ұлғайту; инвестициялаудан нақты табыс алу.
Кәсіпорындардың инвестициялық қызметі мемлекеттік экономикалық, соның
ішінде инвестициялық саясаттарға тікелей тәуелді. Бұл саясат арқылы
мемлекет өндіріс көлемінің қарқынына, ҒТП-тің жеделдетуіне, қоғамдық
өндірістің құрылымын өзгертуге және көптеген әлеуметтік мәселелерді шешуге
ықпал етеді. Микро деңгейде жүргізілетін инвестициялық саясаттың
тиімділігінен мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік-саяси саясатының
соңғы мақсатқа жетуіне байланысты. Мұнда соңғы мақсат ретінде Қазақстан
халқын барлық діни және материалдық игіліктермен қамтамасыз ету болады.
Қазақстанның мемлекеттік инвестициялық саясатының мақсаты – бұл
экономикалық өсуді қамсыздандыру мен еңбек өнімділігін жоғарылату үшін
маңызды салаларды қолдау.
Әрбір елдің мемлекеттік инвестициялық саясатының міндеттері қойылған
мақсаттарға байланысты. Мысалға,егер мемлекеттік экономикалық саясатының
басыңқы саясаты ретінде ауыл шаруашылығын дамыту болса, онда мемлекеттік
инвестициялық саясатының негізгі міндеті ауыл шаруашылығын қолдау мен
дамыту болды. Егер, мемлекеттің саясатының негізгі мақсаты елдің қорғаныс
қабілетін күшейту болса, онда мемлекеттің инвестициялық саясатының міндеті-
қорғаныс өнеркәсібін қолдау.
Қазақстанның инвестициялық саясатты жүзеге асыру үшін басыңқы
мақсаттарды таңдау келесі жағдайлармен байланысты:
1. басқа өндірісті инвестициялау үшін валютаның түсуін қамтамасыз
ететін экспорттық әлеуетті дамыту;
2. елдің өмірге маңызды жүйені құрайтын салаларды мемлекеттік қолдау;
3. ішкі мен сыртқы нарықтарда сұранысы жоғары болатын өнімнің
салаларын және өндірісін инвестициялау;
4. жоғары сападағы өнімдердің өндірісін инвестициялау.
Осыған байланысты, инвестициялық саясаттың басты мақсаты – бұл
экономикалық өсуді қамтамасыз ету деп белгіленеді. Н.Назарбаевтің
Қазақстан – 2030 атты халыққа Жолдауында қазақстандықтардың материалдық
негіздеріне, көркею көздеріне, қауіпсіздігіне және әл-ауқатының жақсаруына
көңіл бөлінетіні аталады. Мұнда, тұрақты даму ретінде қоғамның әлеуметтік
тұрақтылығын, экологиялық қауіпсіздігін және экономикалық тиімділігін
қамтамасыз ететін даму мойындалады.
Макроэкономикалық тепе-теңдікке жету және тұрақты экономикалық өсуге
шығу көп уақытты талап етеді. Кезеңнің ұзақтығы бастапқы әлеуметтік-
экономикалық жағдайларға байланысты.
Қазақстандық ғалым-экономистер мемлекеттік экономикалық саясаттың
мақсаты ретінде жалпы экономикалық тепе-теңдікке жетуді анықтайды. Бұл
келесідей жағдайларды орындауды қарастырады:
- тұрақты экономикалық өсу – өндірістің инновациялық
технологиясын игеру нәтижесінде жалпылай және халықтың бір жанға шаққандағы
нақты ЖІӨ-нің өндірісін жоғарылату;
- экономикалық тұрақтылық – бағалардың, ұлттық валютаның сатып
алу қабілетінің тұрақтылығы, инфляция мен бюджет тапшылығының төмен
деңгейі;
- сыртқы экономикалық тепе-теңдік – елдің оң төлем балансын
қолдау, сыртқы сауданың кері қалдығының өсуін алдын алу, елдің сыртқы
қарызын бір деңгейде қолдау;
- экономикалық әділдік – ел Конституциясымен кепілдендірілген
көлемде балық азаматтарды материалдық құндылықтармен, игілік қызметтермен
қамтамасыз ету; барлық шаруашылық субъектілері үшін бірдей экономикалық
жағдайларды құру; нарықтық бәсекелестікті дамыту және монополистердің
қызметтерін реттеу.
Инвестициялық саясат экономикалық стратегияларды жасауға
бағытталған басыңқы көрсеткіштерді және елдің даму жолдарын бекітеді.
Қазақстанның қазіргі экономикасы дамыған елге тән сипаттамалары бар.
Олар: жалпы халықтың сауаттылығы, ғылыми-зерттеу мекемелер желісі,
космостық зерттеулер. Өз кезегінде, дамушы мемлекеттерге де тән құбылыстар
бар. Атап айтқанда, экономиканың шикізаттық бағыттылығы, көптеген
аймақтардың экологиялық ластануы, шетел инвестицияларына қажеттілік, жаңа
технологиялардың жеткіліксіздігі, инфрақұрылымдардың қарқынды дамымауы.
Қазақстанның даму жоспары Стратегия – 2030, 2015 жылға дейінгі
Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму Бағдарламасында, Қазақстанның
қаржы нарығының даму Тұжырымдамасында, сондай-ақ көптеген бағдарламалық
құжаттарда көрініс табады. Бұл құжаттар жетекші мемлекеттік қаржылық,
валюталық органдардың біздің мемлекетімізді әлемдік нарықта орынды бекіту
саясатын жүргізуін және әлемдік экономикаға Қазақстанның интеграциялау
үдерісінің жүзеге асыруын куәландырады.

1.2 Инвестициялық саясаттың рөлі мен қағидалары

Инвестициялық саясат мемлекеттің экономикалық саясатының бір бөлігі,
сонымен қатар, мемлекеттің экономикасына, шаруашылық субъектілерінің
кәсіпкерлік қызметіне әсер етуші құрал болып табылады.
Мемлекеттің инвестициялық саясаты – бұл инвестициялық қызметті
жандандыру, экономиканы көтеру, өндірістің тиімділігін арттыру, әлеуметтік
мәселелерді шешу және басқа да әр түрлі жағдайларды жасау бойынша шаралар
жиынтығы.
Мемлекеттің инвестициялық саясаты арқылы өндіріс саласын кеңейтуге,
ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуге, қоғамдық өндіріс құрылымын
өзгертуге және басқа да көптеген әлеуметтік мәселелерді шешуге болады.
Сондықтан да, инвестициялық саясат бюджет тапшылығын болдырмауға,
орталықтандырылған инвестиция көздерін қысқартуға, керісінше
орталықтандырылмаған көздер есебінен инвестицияларды қаржыландыруға
бағытталуы тиіс. Себебі, еліміздің өндірістік әлеуетінің өсуі, еркін
экономикалық аймақтардың дамуы, экологиялық мәселелердің шешілуі,
өндірістік материалдардың және рухани игі көздер көлемінің ұлғаюы және
сапалы болуы, сонымен қатар нарықтық инфрақұрылымның жеке дамуы осы
инвестициялық саясатқа тікелей байланысты болып келеді.
Мемлекет келесідей саясаттар арқылы инвестициялық белсенділікке әсер
етеді:
- амортизациялық саясат;
- ғылыми-техникалық саясат;
- шетелдік инвестицияларды тарту бойынша саясат;
- салық саясаты.
Амортизациялық саясат дегеніміз – мемлекеттің амортизациялық
аударымдарды есептеу мен пайдалану тәртібін бекіте отырып, ұдайы өндіріс
жылдамдығын және сипатын реттеуі болып табылады.
Амортизациялық саясатты жүргізу барысында мемлекет келесідей
қағидаларға сүйенуі тиіс:
- инфляция жағдайында негізгі қорлардың қайта бағалануы (дұрыс және
уақытында жүргізілуі);
- амортизация нормалары негізгі қорлардың функционалдық мағынасына
байланысты әр түрлі болуы және олардың моральдық, физикалық тозуы
дұрыс есептелуі;
- амортизация нормалары тек жай өндіріске ғана емес, сонымен қатар ұдайы
өндірісті кеңейтуге арналуы;
- амортизациялық саясат негізгі қорларды жаңартуға және ғылыми-
техникалық прогресті жеделдетуге жағдай жасауы.
Мемлекеттің ғылыми-техникалық саясаты деп – ғылыми-техниканың
дамуы және олардың нәтижелерін халық шаруашылығына енгізетін шаралар
жүйесін айтамыз.
Инвестициялық саясат ғылыми-техникалық саясатпен өте тығыз
байланысты. Ғылыми-техникалық үдерісті жеделдету экономикалық өсудің
негізгі факторы болып табылады және мемлекеттік индустриялық мемлекетке
өзгеруіне мүмкіндік береді. Мысалы, Жапонияның қысқа мерзімде әлемдегі
алдыңғы қатарлы мемлекет болуына дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңдердегі
ғылыми-техникалық прогресті жеделдету және мемлекет саясатының дұрыс
жүргізілуімен байланысты.
Шетелдік инвестицияларды тарту бойынша саяссат дегеніміз – қолайлы
инвестициялық климат құру арқылы елімізге шетелдік инвестицияны тарту болып
табылады.
Қазақстан өзінің шетелдік инвестицияларын тарту бойынша саясатында
инвесторлармен қарым қатынаста тұрақтылық және ашықтық қағидаларын,
инвесторлардың мүдделерін қорғау, жергілікті және шетелдік инвесторлар үшін
теңдей жағдай жасау, жасалған келісімшарттардың тұрақтылық қағидаларын
жетік қарастырған.
Салық саясаты деп – белгілі бір жеңілдіктер беру арқылы инвестициялық
саясатқа әсер ету, сонымен қатар салықтық және кедендік баж салығы бойынша
ынталандыру мен жеңілдіктер беруді айтамыз.
Қазақстан Республикасы Президентінің экономиканы орнықты дамытудың
іргетасы ретінде экономиканы одан әрі жаңғырту және әртараптандыру бойынша
жолдауына сәйкес салық жүйесінің ынталандырушы сипатын күшейту бағытында
өзгерістер енгізілді.
Отандық инвесторларды қолдау мақсатында 2007 жылдан бастап салықтық
жүктеме жеке табыс және әлеуметтік салықтар, қосылған құн салығы, арнаулы
салық режимдеріндегі салықтар деңгейін жалпы төмендетуге, экономиканың жеке
секторларының әлеуетін іске асыруға, сол сияқты кейбір әкімшілік
мәселелерді шешуге бағытталған салықтық босатулар жиынтығын көздеген, онда:
- қосылған құн салығының мөлшерлемесі азайтылған (2007 жылдан бастап
14%; 2008 жылдан бастап 13%; 2009 жылдан бастап 12%);
- барлық жеке тұлғалар үшін жеке табыс салығының 10% деңгейінде
тіркелген мөлшерлемесі енгізілді;
- 2008 жылдан бастап әлеуметтік салық мөлшері орта есеппен 30%-ға
азайтылды;
- патент негізінде және жеңілдетілген декларация негізінде шағын бизнес
субъектілері үшін арнаулы салық режиміндегі салық мөлшерлемелері
азайтылды;
- ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуші кәсіпорындардың қосылған құн
салығын төлеуінің ерекше тәртібі енгізілді (70%-ға азайтуға);
- дивидендтерге қосылған салық салу жойылды (бұл өзгерісті Дүниежүзілік
банк жоғары бағалады).
Мұның бәрі экономиканың шикізаттық емес секторын дамыту және
оны әртараптандыру үшін ынталандыруға айналуы тиіс. Бұл жеңілдіктер
жойылмай және салық салынатын база кеңейтілмей, салықтық жүктемені азайту
есебінен ғана іске асырылады.
Қазіргі уақытта дамыған елдердің салық саясаты экономикаларды
жаһандандыру және салықтық бәсекені күшейту жағдайларында капиталдан
алынатын кіріске салық салуды төмендету үрдісімен және салық салу
ауыртпалығының неғұрлым аз объектілерге тұтыну мен материалдық меншікке
ауыстырумен сипатталады.
Осыған байланысты салық саясатын одан әрі дамыту оның халықаралық
бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, оның жаһандық үдерістерінің тиімділігіне
бағытталуы тиіс.
Алдағы кезеңде шаруашылық жүргізуші субъектілердің іскерлік
белсенділігінің өсуін ынталандыруға, экономикаға салықтық жүктемені
оңтайландыруға, салықтық рәсімдерді оңайлатуға және арттыруға бағытталған
салық саясатында жаңа, қазіргі заманғы ұстанымды бастау жоспарланып отыр.
Салық саясатын жетілдірудің негізгі бағыттары:
- салық салудың қолданыстағы жүйесін талдау және бағалау негізінде
әлемдік тәжірибені ескере отырып, экономика секторларында қолданыстағы
жеңілдіктер мен преференцияларды қайта қарау және тиімсіз
жеңілдіктерді, өз мақсаттарына жеткен жеңілдіктерді, сондай-ақ салық
жүйесінің бейтараптығын бұзатын жеңілдіктерді жою жөніндегі
ұсыныстарды тұжырымдау;
- кәсіпкерлік орта үшін маңыздылардың бірі болатын корпорациялық табыс
салығын азайту;
- инвестициялық преференцияларға қол жетімділікті оңайлату.
Бұл Қазақстанның халықаралық деңгейдегі салықық бәсекеге
қабілеттілігін, экономиканың шикізаттық емес секторы қызметінің тиімділігін
арттыруға мүмкіндік береді.
Инвестицияларды мемлекеттік қолдау шараларын ұсынудың қолданыстағы
тетігі бірқатар маңызды басымдықтарға ие. Инвестициялар туралы ҚР Заңында
тең дәрежеде отандық та, шетелдік те инвесторларды қолдау мен ынталандыру
көзделген, инвестициялық преференцияларды беру тәртібі жеңілдетілген, оған
сәйкес инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінішті қарау
мерзімі елеулі қысқартылған.
Инвестициялық саясаттың негізгі мақсаты – отандық экономиканың өсуіне
және қоғамның өндіріс тиімділігін көтеруге бағытталған инвестициялық
қызметті белсендіру болып табылады.
Мемлекеттік инвестициялық саясаттың қағидалары:
- инвестициялық басымдылықты таңдау;
- экономикалық мақсаттағы сәйкестік және қауіпсіздіктің болуы;
- инвестицияларды қаржыландыру көздерінің көптігі, жеке капитал рөлінің
өсуі;
- бюджеттік қаржы қайтарымдылығының жоғары болуы, яғни инвестицияларды
қайтарымсыз бюджеттік қаржыландырумен несиелеу және қарыз беруге өтеу;
- әлеуметтік-экономикалық тиімділік пен қайтарымдылықтың болуы;
- меншіктің түрлі нысандарының дамуы негізінде инвестициялық саланы
орталықсыздандыру;
- инвестициялық белсенділікке экономикалық және ұйымдастырушылық ықпал
етуді қолдану.
Инвестициялық саясаттың міндеттері:
- қаржы-несие саласын түрлендіру, инфляцияға қарсы шараларды жүзеге
асыру және төлемсіздік дағдарысын шешу;
- жекешелендіруді аяқтау және бәсекелі экономикалық ортаны құру;
- құрылымдық қайта құруды жүзеге асыру, тиімді ұлттық экономиканы құру;
- жоғары технологияларды енгізу негізінде өндірісті жетілдіру;
- нарық инфрақұрылымының дамуы, институционалдық түрлендіру;
- инвестициялық климатты жақсарту және қор нарығын дамыту мақсатында заң
шығаруды жетілдіру;
- салық жүйесін, несиелерді, кеден, баж салықтарын пайдалана отырып,
инвестициялық белсенділікті экономикалық реттеудің жаңа және нарықтық
әдістерін енгізу.
Мемлекеттік инвестициялық саясатының стратегиялық мақсаты
экономикалық өсудің нақты, тұрақты және үдемелі қарқынын, прогрессивті
құрылымдық жылжуды, өндірістің модернизациясын қамтамасыз ете алатын,
әлеуметтік мәселелерді және елдің экономикалық қауіпсіздігі мәселесін шеше
алатын инвестициялық ресурстарды құру мен тиімді пайдалану үшін
ұйымдастырушылық-экономикалық және нормативтік-құқықтық жағдай туғызу болып
табылады.
Инвестициялық саясаттың құрылымы келесілерден тұрады:
- салықтар және салықтық жеңілдіктер;
- несие саясаты;
- кәсіпорындар мен ұйымдардың инвестициялық қызметін реттеу нысандары
мен құралдарын таңдаудағы банктің функцияларын кеңейту;
- амортизациялық саясат;
- монополияға қарсы шаралар;
- инвестициялармен танысу;
- орталықтандырылған инвестициялау;
- жер мен жер қойнауы ресурстарын пайдалану шарттары;
- бағалы қағаздар шығару және олардың айналымы.
Инвестициялық белсенділікті ынталандыру тетігі салықтық,
бюджеттік және қаржы-несиелік реттеу құралдарының жиынтығына ие болуы және
экономиканы инвестициялау үшін қажетті қаржыны көбейтуге ықпал етуі қажет.
Инвестициялық саясаттың тиімділігі – инвестициялық климатты жағымды
жағына қарай өзгерту дәрежесімен анықталады.
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енуі үшін
жаңа инвестициялық толқынның берері мол. Қазіргі уақытта Қазақстан шетелдік
инвестицияның адам басына шаққандағы түсімі бойынша ТМД елдері арасында ең
алдыңғы орынды иемденіп отыр. Экономикалық үдерістерді басқару қағидасының
жаңа жүйесі Қазақстанның инвестициялық саясатының үлкен басымдылықтарға ие
екендігін көрсетеді.

1.3 Қазақстан Республикасындағы шетелдік инвестициялар

Шетелдік инвестициялар – бұл ҚР аумағында кәсіпкерлік қызметтің
объектісіне шетелдік инвесторға тиесілі азаматтық құқықтардың, соның ішінде
ақша қаражаттарының, бағалы қағаздардың, мүліктік, интеллектуалдық
құндылықтардың және ақпарат нәтижелеріне ерекше құқықтардың ақшалай
бағасына ие мүліктік құқықтар объектісі түрінде шетелдік капитал салу.
Шетел инвесторы - шетелдік заңды тұлғалар, шетел азаматтары , шетел
мемлекеттері , халықаралық ұйымдар , шетелде тұрақты тұрғылықты мекені бар
Қазақстан Республикасының азаматтары , егер олар шаруашылық қызметін
жүргізу үшін азаматтығын алған немесе тұрақты тұрғылықты мекені бар елде
тіркелген жағдайда.
Шетелдік инвестициялардың елдер мен өнеркәсіп салалары арасында
бөлінуі қазіргі халықаралық экономиканың құрамына айтарлықтай әсер етеді.
Шетелдік инвестицияларын тарту саясаты 1991 жылдан басталып, оң
нәтижелер беруде. Шетел капиталын басқаратын Қазақстан эксимбанкі, сырттан
қарыз алу жөніндегі комитет және инвестициялар жөніндегі комитет тәрізді
органдар құрылды. Сөйтіп Қазақстанда шетел капиталы үшін қолайлы ахуал
қалыптасты. 
Шетел инвестицияларын тартудың басты бағыттарына тіршілікті қамтамасыз
ету салалары мен экспорт бағдарындағы өндірістер – мұнай-газ және мұнай –
химия салалары, электр энергетикасы, металлургия, коммуникация және де
Қазақстан дәнді дақылдапр, жүн, мақта т.б. ірі өндіруші болу себепті,
ароөнеркәсіп кешені жатады. Мұнай-газ саласында күш-қуат мұнай мен газ
өндіріп , экспорттқа шығаруды арттыруға сыртқы мұнай құбырлары мен ішкі газ
құбырларын салуға жұмсалады.   
Сыртқы инвестициялаудың негізгі көзі шетелдік тікелей инвестициялар
болып табылады.
Шетелдік тікелей инвестициялар тек ішкі капитал салымдарының қосымша
көзі ретінде ғана емес, сонымен қатар жаңа жетілдірілген технологияларға,
сыртқы қарыздарды өткізу жүйесіне, қаржыландырудың жаңа көздеріне қол
жеткізу әдісі ретінде қарастырылуы және жаңа өндірістерді құруға көмектесуі
мүмкін.
Шетелдік тікелей инвестициялар – шетелдік инвесторлардың салған
капиталының болуымен, отандық кәсіпорыннан артықшылығымен түсіндіріледі.
Шетелдік тікелей инвестициялар трансұлттық компаниялар, халықаралық
институттар, шетелдік банктер есебінен құрылған.
Негізгі шетелдік инвесторлар – АҚШ, Оңтүстік Корея, Жапония,
Ұлыбритания, Қытай, Еуропа мемлекеттері болып табылады.
Әлемде 20000-нан астам трансұлттық компания бар. Қазақстан аумағында
олардың қызметтері біріккен кәсіпорындардың құрылуымен байланысты дамыды.
1. Ең ірі трансұлттық компаниялар – Шеврон, British gas, Қытай
Ұлттық компаниясы, Тексака, Филип Морис болып табылады.
2. Халықаралық қаржы институттары:
1) халықаралық қайта құру және даму банкі;
2) Азия қайта құру және даму банкі;
3) Еуропа қайта құру және даму банкі;
4) Жапонияның Эксим банкі;
5) Жапонияның халықаралық серіктестік қоры.
3. Шетелдік коммерциялық банктер.
Мемлекеттік портфельді инвестициялау кезінде олардың иесі үшін тек
табыс маңызды болады, ал кәсіпорындарды бақылау олардың мүддесіне жатпайды.
Қазақстан экономикасына шетелдік инвесторларды тарту келесідей әлеуметтік
экономикалық дамудағы мәселелерді шешуге көмектеседі:
- қазақстандық тауарлар мен технологияларды сыртқы нарыққа шығару;
- әр түрлі салаларда экспорттық әлеуетті кеңейту және импорттың орнын
басатын өндірісті дамыту;
- еңбек күші көп аймақтарға және табиғи ресурстарға бай аудандарға
капитал құюға көмектесу;
- жаңа жұмыс орындарын құру және өндірісті ұйымдастырудың алдыңғы
қатарлы орындарын игеру;
- кәсіпкерлік саладағы өркениетті қатынастардың нәтижесін игеру;
- өндірістік инфрақұрылымның дамуына көмектесу.
Шетелдік инвестиция тартудың объективті алғышарты: нарықтық
қатынастарға өту халықаралық қатынастардың қамтылуын және ұлттық
экономиканың әлемдік экономикалық кеңістіктегі интеграциясын анықтайды.
Осыған байланысты 1994 жылы 27 желтоқсанда Шетелдік инвестициялар туралы
Заң қабылданды. Бұл заң шетелдік инвесторлардың құқығын және ҚР аумағында
инвестициялық қызметті ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекітті. Осы
заңға байланысты шетелдік инвестицияларды тартудың негізгі мақсаттары
келесілер болып табылады:
- өндірісті дамыту және экономиканы көтеру үшін инвестицияны
ресурстармен қамтамасыз ету;
- жаңа техника мен технологияны енгізу және өндіріс тиімділігін
арттыру үшін еңбекті ұйымдастырудың жаңа нысандарын енгізу;
- әлемдік шаруашылықтың жаһандануымен байланысты шаруашылық
байланыстарды дамыту.
Сонымен қатар, шетелдік инвестицияларды тартудың негізгі
қағидалары да анықталған:
1) экономикалық мақсаттылық қағидасы;
2) экономикалық және экологиялық қауіпсіздік қағидасы, яғни инвестицияны
жүзеге асыруда келесі талаптар бұзылмауы керек:
- табиғи ресурстарды тиімді пайдалану;
- экологияға қауіп туғызуға жол бермеу;
- мемлекеттен заңсыз түрде капиталды алып шығуға тыйым салу;
- ескі техника мен технологияны енгізуге тыйым салу.
Қазақстан Республикасында шетелдік инвестицияларды тарту 1992
жылдан басталды. Алғашқы экспорттау кешенін Австрия мен Германия үкіметтері
берді.
1992-1995 жылдары ҚР шетелден техникалық көмек түрінде 270 млн доллар
алды. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін 1994 жылы қаржылық экономикаға өту
кезінде біздің экономикалық жағдайымыз келесі факторлармен сипатталды:
- инфляцияның 15-50%-ға кемуімен;
- ірі компаниялардың банкротқа ұшырауымен.
1993-1995 жылдар аралығында республика экономиканы жүйелі қайта құруды
жүргізу және макроэкономикалық тұрақтылық пен форманы қамтамасыз ету
бағдарламасы бойынша Халықаралық валюта қорымен келісім жасады.
Парламент 1994 жылы қазанда Инфляция туралы Заң қабылдады. Осы заң
біздің экономикалық салаларымызға байланысты инвесторларға келесідей
құқықтар берді:
- пайданы еркін қолданып, шетелдік банктерде шот ашуларына рұқсат
етілді;
- оларға өздерімен бірге мамандарды шетелден әкелуге рұқсат берді;
- жабдықтарды, компьютерлерді әр түрлі салық салулардан босатты.
Тікелей инвестицияның алғышарты оның мемлекеттік қарызға әсер
етпеуінде, ал халықаралық органдардан алынған займдар үкіметтің
кепілдігімен алынады.
Шетелдік инвесторлардың саяси қағидалары:
- экономикалық паданың тиімділігі;
- экономикалық және экологиялық қауіпсіздендіру;
- экологияға зиян келтірмеу;
- капиталды мемлекеттен шығару;
- ескірген техникамен жұмыс жүргізбеу;
- инвестордың сенімді серіктесі болу.
Игерілген шетелдік тікелей инвестициялардың едәуір бөлігі мұнай, газ,
түсті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялық банктердің ұсынатын қызметтері
Кәсіпорынның инвестициялық саясаты туралы
Экономика пәнінен дәрістер
ӨҢІРДІҢ КЕШЕНДІ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫН ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ
Қазақстан Республикасындағы инновациялық қызметті дамыту
Транзиттік экономика
Үкіметтің макроэкономикалық саясатын талдау
Аймақтағы инвестициялық іс-әрекетті басқару
Фискалдық саясаттың қабылданатын шараларының уақыттылығы
Кәсіпорынның инвестициялық саясатын талдау
Пәндер