Ақша жүйесінің түсінігі және оның типтері


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 Ақша теориясының эволюциялық дамуы . . . 5
1. 1 Ақшаның пайда болуы және даму процесі . . . 5
1. 2 Ақшаның мәні мен атқаратын қызметтері . . . 8
1. 3 Ақша түрлерінің экономикалық орны . . . 15
Қорытынды . . . 36
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 38
Кіріспе
Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт өнім болып табылады. Тауар - бұл сату айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі, оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналлуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер (нақты еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Сондықтан да әрбір тауар қажетті тұтыну құнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді. «Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша».
Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның құны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен табылады. Тауарлар және ақшалар бір және осы тауар формасының нақты қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесінде бір-бірін табады және өзара бір - біріне ауысады.
Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде бір тауардың басқа бір тауарға кездейсоқ айырбасталануы барысында, айырбас құнның жай немесе кездейсоқ формалары қолданылады.
Тауар өндірісінің дамуы барысында кездейсоқ айырбас жиіленді. Жалпы тауар массасының ішінен барынша жиі айырбасталатын тауардың бөлініп шығуымен құнның жай формасы толық формаға өте бастады.
Тауар өндірісінің өсуіне байланысты неғұрлым жиі айырбасталатын тауар - барлық басқа тауарлардың бір-бірімен өзара айырбасталу құралы бола бастады. Осыдан келіп, құнның толық немесе кең көлемдегі формасын жалпы құндық формасына жасырын түрде өту басталды. Бірақ оның рөлі бір туарға нық бекітілмеген еді. Біртіңндеп жалпы құндық эквивалент ролін белгілі бір тауарлар көптеп атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Құнның жалпы құндық формасы ақша формасына айналды.
Сонымен, ақша - бұл барлық тауарлардың құнын өлшейтін, жалпыға балама айрықша тауар.
Ақшаның оьъективті қажеттігі тауар өндірісі және айналысының болуына сәйкес қалыптасты. Ақша - бұл тауар айналысының құралы және ізбасары. Тауар мен ақша бір - бірінен бөлінбейді, себебі ақша айналыссыз тауар айналысының да болуы мүмкін емес. Ақша тауардан бөлініп шыққанымен де, ло айрықша тауар ретінде қала береді. Ақшаның жалпыға бірдей балама рөлін аплтынға жүктеледі. Сондықтан алтынның басқа тауалардың құнын бейнелеуі, оның ең бастысы мынадай табиғи қасиетіне байланысты: біріншіден, алтынның табиғи сапалығы, яғни оның оңай бөлінетіндігі, әдемілшігі және тозбайтындығы; екіншіден, құны өте жоғары, сондай-ақ, оның қорының сиректігі мен өндіруге кететін еңбек шығыны жоғары болуы.
Ақша - өндіріс және бөлу пролцесіндегі адамдар арасындағы қатынасты бейнелейтін, тарихи түрде дамып келген экономикалық категория. Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні, оның мынадай үш қасиетінің біртұтастығынан байқалады:
- жалпыға тікелей айырбасталу формасы;
- айырбас құнның дербес формасы;
- еңбек өлшемінің заттай (материалдану) формасы;
Жалпыға тікелей айырбасталу формасы, оның кез келген материалдық бағалы затқа айырбасталатынын сипаттайды. Екінші тауарларды сатумен байланыссыз. Соңғы қасиеті тауар өндіруге жұмсалған еңбектің ақша көмегімен өлшеуге болатын құнын сипаттайды.
Курстық жұмыстың мақсаты, ақша жүйесінің және ақша айналымының теориялық мәселелері, олардың нарықтық қатынастар жағдайында қызмет етуінің заңдылықтары мен ағымы, сондай-ақ экономикалық нарықтық тұрғыдан түрлендірілуі, Қазақстандағы банктік реформалар, банктің қызметі мен операцияларының жаңа жағдайда өзгеруі, халықаралық валюталық несиелік қатынастар қарастырылған.
Ал курстық жұмыстың міндеті, ақша жүйесі және ақша айналымы теориясы. Ақша жүйесі, ол барлық ақша түрлерінің және валюталық бағамның басты элементі болып табылады. Ақша жүйесінің негізгі міндетіне ресми ақшалардың бірлігі, ақша белгілерінің эмиссиясы сонымен қатар монеталарды жасау кіреді. Ал ақша айналымының міндетіне, қолма-қол және қолма-қол емес түрінде үзіліссіз қозғалыста жүретін ақша белгілері кіреді.
Курстық жұмыс тек қана ақша жүйесінің және ақша айналымының теориялық бағытта қарастырып қоймай, сондай-ақ олардың практикалық жақтарын қарастырады. Курстық жұмыс негізінен үш тараудан тұрады.
Бірінші, тарауда ақша теориясының эволюциялық дамуы жазылған. Мұнда ақшаның пайда болуы мен даму процесі, ақшаның атқаратын қызметі, ақша түрлерінің экономикадағы орны қарастырылады.
Екінші, тарауда ақша жүйесінің теоретикалық аспектілері туралы жазылған. Мұнда ақша жүйесінің элементтері және типтері, ақша айналымының құрлымы, ақша айналысының заңы және мәні қарастырылады.
Үшінші, таруда Қазақстан Республикасының 1993 жылғы ақша реформасы, ақша түрлері зерттелген. Мұнда металл ақшаның, қағаз және несие, сондай электрондық ақшалардың пайда болу себептері мен қазіргі жағдайы қарастырылады.
1 Aқша теориясының эволюциялық дамуы
1. 1 Ақшаның пайда болуы және даму процесі
Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Тауар - бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі (зат), оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез-келген тауар зат тауар бола алмайды. Егер (нақты еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Сондықтан да әрбір тауар қажетті тұтыну құнын алу құралы болып отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді. “Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша”.
Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның құны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға таңестіру жолымен табылады. Тауарлар және ақшалар бір және осы тауар формасының нақты қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесінде бір-бірін табады және өзара бір-біріне ауысады.
Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде бір тауардың басқа бір тауарға кездейсоқ айырбасталынуы барысында, айырбас құнның жай немесе кездейсоқ формалары қолданылады (1 балта = 1 құмыра, 1 қой = 1 қап бидай және т. б. )
Тауар өндірісінің дамуы барысында кездейсоқ айырбас жиіленді. Жалпы тауар массасының ішінен барынша жиі айырбасталатын тауардың бөлініп шығуымен құнның жай формасы толық формаға өте бастады. Мысалы, бидайды етке, майға, жүнге және т. б. айырбастауға мүмкін болды.
Тауар өндірісінің өсуіне байланысты неғұрлым жиі айырбасталатын тауар - барлық басқа тауарлардың бір-бірімен өзара айырбасталу құралы бола бастады. Осыдан келіп, құнның толық немесе кең көлемдегі формасынан жалпы жалпы құндық формасына жасырын түрде өту басталды. Бірақ оның ролі бір тауарға нық бекітілмеген еді. Біртіндеп жалпы құндық эквивалент ролін белгілі бір тауарлар көптеп атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды.
Тауар айналысының тарихи эволюциалық даму процесінде жалпы құндық эквивалент немесе ресімделінбеген ақша формасын, әр түрлі тауарлар қабылдады. Әрбір тауарлы шаруашылық уклад өз эквивалентін алға тартады. Бір халықтың өзінде әр түрлі уақыттарда және әр түрлі халықтарда бір мезгілде әр түлі эквиваленттер болды. Сонымен, бірінші, ірі еңбек бөлінісінің нәтижесінде мал бағушылардың бөлініп шығуымен мал (ірі қара) айырбас құралына айналды. Олардың белгілі түрлері табиғи-климаттық жағдайларға байланысты нақты сол ортада айырбас құралы болды. Шалғынды аудандарда - жылқы, сиыр және қой; ал шөл және шөлейт аудандарда - түйе; тундрада - бұғы жалпы құндық эквивалент қызметін атқарады. Малды жалпы эквивалент ретінде пайдаланылғаны туралы нақты дәлелдер әр түрлі қолжазбаларда, қазба жұмыстарының нәтижелерінде табылған заттарда, поэзияларда кездеседі. Гомердің көне Троя батырлары туралы поэмасында өгізді құн өлшемі ретінде пайдаланғаны жайлы айтылады. Осы уақыттарда металдан жасалынған ақшаларда “өгіз” деген атау ойып өрнектелініп жазылып жүрді. Латынның сөзі “пекуния” (ақша) “пекус” (“мал”) сөзінен шыққан. “Рупа” (“мал”) сөзі үнділердің ақша бірлігінің атауы “рупия” негізінде жатыр. Ежелгі Русьтарда да ақша металл ақшаларға ауысқаннан кейін де “мал” деген атуға ие болды. Ярослав Мудрый 1018 ж. Былай деген “біздің жинаған малдарымыз: ерлерден 4 кун, старостылардан 10 гривен және боярлардан 18 гривенен тұрады”. Ол кездегі қазынашы “малшы”, қазына, қазына жинау орны - “мал ұстайтын орын” деп аталынды.
Капитал сөзінің шығуы да малменен байланысты, өйткені ескі герман тілінде бұл сөз мал басы санының көптігін білдіре отырып, меншік иесінің байлығын көрсетті.
Солтүстік халықтар ең бірінші тауар ретінде айырбас үшін жүнді пайдаланды. Ежелгі скандинавтар көлемі бойынша әр түрлі тауарлар сатып алу барысында құстардың, аңдардың жүндерін пайдаланды (үкі, түлкі және т. б. ) . Құс жүндері Солтүстік Сібір халықтарында, ал аң жүндері Солтүстік Америка халықтарында жалпы құндық эквивалент ретінде қолданылды. Жүн ақшалар Монғолияда, Тибетте және Памир аудандарында кең көлемде таралды. Ежелгі Русьтардың арабтармен, хазарлармен, Византиямен сауда-саттық жасауы барысында жүн ең басты құралдардың бірі болды. Ежелгі Русь елінде жүн ақша жүиесінің бүгіні болып саналды. 1610 жылы жаулап алынған орыстардың касасында 5450 руб. Күміс пен 7000 руб. жүн табылды.
Жылы теңіздердің жағасын мекендеген тайпалар айналыс құралы ретінде бақалшақ (раковинді) ақшаларды пайдаланды. Тарихта бақалшақ алқалардың келесі атаулары сақталынды, бұлар: чангос, цимбис, бонгез, хайква және т. б. Көлемі түймедей ақшыл-қызғылт бақалшақ Кари көптеп таралды. Безендірулер түрінде жіпке тізілгендері Ежелгі Үнді елінде, Қытайда, Үндіқытайда, Африканың Шығыс жағалауларында, Цейлонда және Филиппин аралдарында алғашқы ақшалардың қызметін атқарды. Американдық үнділердің белдіктерінде бақалшақ ақшалар құстардың, жыртқыш аңдардың келбет-кескінін көрсете өрнектеліп, былғары белдіктерге көрік берді. Бақалшақтарды Солтүстік Американың Тынық мұхит жағалауларында, Полинезияда, Каролин және Соломон аралдарында айырбас құралы ретінде пайдаланылды.
Бақалшақ ақшалар тауар ақшалардың ең бір тұрақты формасы болып табылады. Біздің бүгінгі күндерімізге дейін өмір сүре отырып, олар ешқандай өзгеріске ұшыраған жоқ. ХХ ғасырдың 70-жылдарының басында Соломон аралдарының кейбір тұрғылықты тұрғындарының ақша айналысы ретінде бақалшақтардың үш түрі: ең арзаны - қара түсті (курила), ақ түсті (галиа), аса қымбат - қызыл түсті (ронго) пайдаланылды.
Әлемде әр түрлі “экзотикалық” ақшалар болған. Каролин аралдары тобында Яв аралында осы күнге дейін феи ақша айналысында қызмет етеді. Олардың формасы дөңгелекше тас түрінде келе отырып, диірменнің тасын еске түсіреді. Мұндай “монеталардың” диаметрі бірнеше метрге, ал массасы тоннаға дейін жетеді. Сауда мәселесі орындалғаннан кейін сатушы феяға бұрынғы иесінің белгісін өшіріп, өзінің белгісін соғады.
Юлий Цезарь патшалығының тұсында ақша ретінде құлдарды пайдаланды. Сонымен, бір құлдың құны үш сиыр, алты бұзау, он екі қойға теңестірілді.
Өнер мен жер игерушілердің бөлінуімен эквиваленттің жетілуі жалғасты. Бөлінушілік, бірігушілік, біркелкілік мінездемелері бар эквиваленттер пайда болды. Бұл аз бұзылатын өсімдік өнімдері - зәйтүн майы, күріш, кофе, какао, құйма түріндегі тұздар, т. б.
Адамзат металл ақшаларға дейін жүздеген ақша түрлерін пайдаланған. Ежелгі Месопотамия және Египет мемлекеттерінде айырбас кезінде металл құймаларын байланыстырушы ретінде пайдаланған. Кейде осы металл ақшаларды дөңгелек, жарты дөңгелек формасында жасаған. Біртіндеп адамдар құймаларды белгілі салмақта жасау және бағалы металдар - алтын мен күмістен жасау тиімдірек екенін түсінді. Құйманы таза алтын мен күмістен жасамай, оған қорғасын, қалайы немесе басқа да арзан металл араластыруға болатын болды. Сыртқы көрінісінен таза құйманы жасанды құймадан ажырату қйын болды. Ол үшін металл пробасын, салмағын тексеру қажет болды. Жасанды ақша шығаруға, бағалы металға арзан металды араластыруға шек қою үшін, мемлекет металл ақшаларды таңбалай бастады. Осылайша алғашқы монеталар пайда болды.
Қазіргі кезде ежелгі монеталар б. з. д. 17 ғасырда малазиялық мемлекет Лидияда пайда болғаны анықталған. Бұл монеталар алтын мен күмістің электр-қорытпасынан болған. Кейінірек Лидиядан тәуелсіз күмістен соғылған монеталар Эгина аралында пайда болды. Себебі дәл сол жерде монета түріндегі ақшаны қажет еткен ұсақ сауда дамыған.
Көп уақыт өтпей қарапайым лидиялық және эгиндік монета соғу техникасынан біршама жетілген түріне көшті: әдетте құю арқылы алынатын монеталық дөңгелекшелер, оны екі цилиндрлік немесе квадраттық мөрі бар қимаға салған және астыңғы жағын төске бекітіліп, үстінен балғамен ұрған. Билеуші немесе билеуші халық, кейбір қалалық құдайлар немесе әулиелер туралы жазулар мен кескіндер әрқашанда монета түрінің негізгі бөлігі болған. Себебі монета - бұл салмағы мен тазалығы мемлекетпен куәландырылған, кепілдік берілген металл бөлігі. Монета басылған кескін - оны жасап шығарған мемлекет немесе қаланың мөрі сияқты.
Сирек те болса мемлекетпен емес, шіркеу немесе жеке тұлға атынан шығарылған монеталар кездеседі. 16-17 ғасырларда Англияда, Солтүстік Америкада, Канадада жеке монеталар соғылған. Мысалы, Бэтсрел деген банкир өзінің Сесарфордтондағы (Солтүстік Каролина) шеберханасында алтынмен 11 млн. Франк монета шығарған. Монеталарда олардың салмағы, банкирдің аты-жөні мен тұрғын-жайы көрсетілген. Бірақ бұндай жеке ақшалар сирек болған.
17 ғасырдың екінші жартысында қағаз ақшалар шықты, ал 19 ғасырда олар алдыңғы орынға шықты. Металл ақшалар айырбас үшін, көмекші ролге ығыстырылды. Монеталардың өзі экономика тарихында маңызды қайнар көз болуды доғарды.
1. 2 Ақшаның мәні мен атқаратын қызметтері
Ақша экономикадағы ролін өзінің атқаратын негізгі қызметтері арқылы орындайды. Ақшаның әр қызметі тауар айырбас процесінен туындайтын тауар өндірушілердің формасы ретінде ақшаның әлеуметтік және экономикалық мазмұнының белгілі бір жақтарын сипаттайды.
Қазіргі экономикадағы ақшаның атқаратын мынадай бес қызметі бар:
- құн өлшем және баға масштабы
- айналыс құралы
- төлем құралы
- қорлану және қор жинау құралы
- дүниежүзілік ақша
Ақшаның кез-келген тауарларға теңгерілу қызметі ақшаның тауар өндірісі жағдайында құн өлшемі қызметін атқаруынан. Бұл ақшаның алғашқы қызметі. Ақша қоғамда ең алдымен өндірілген барлық тауарлардың құнын өлшейтін құрал, яғни тауарлардың бағасын белгілегенде айырбас құралы қызметін атқарады. Себебі әр түрлі тауарлардың құны бір-бірімен теңгермелі, ал сан жағынан салыстырмалы. Бірақ тауарда болатын ішкі қарама-қарсылық өндіріс кезінде тікелей құнның көрінуіне мүмкіндік бермейді. Тауардың құны тек айырбас процесінде ақшаның делдалдық етуімен ғана көрінеді. Алайда тауарларды бір-біріне теңестіретін ақша емес, керісінше, толыққұнды ақшаны (алтынды) қоса алғанда бүкіл тауарларды өндіруге жұмсалатын қоғамдық еңбек қана айырбаста тауарларды теңгермелі етеді. Тауарлар құнының алтынмен өлшенетін себебі оны өндіруге өнімнің құнын құрайтын көп қоғамдық еңбек жұмсалады. Тек өз құны бар тауар ғана құн өлшемі бола алады. Ақша еңбектің табиғи өлшемін (жұмыс уақытын) емес, осы еңбекпен құралатын құнын көрсетеді.
Сонымен ақшаның бірінші атқаратын қызметі - ол өндірілген өнімнің құнын өлшеуші құрал. Тауар құнын өлшеу үшін алтын ақшаның қолда болуының қажеті жоқ. Ақша құн өлшемі қызметін қолдағы ақша емес, қиялдағы, яғни ойдағы ақша ретінде орындайды. Себебі тауардың құнын өлшеу оны ақшаға айырбастаудан бұрын өтеді, ал құнның тауарлы формасын ақшалай формасына айналдыру үшін тауардың бағасын белгілеу жеткілікті. Таурдың бағасын белгілеу үшін қолда ақша ұстап тұрудың қажеті жоқ, себебі еңбек өнімі ойда бағаланады. Срндықтан тауарларды біріне-бірін теңгеретін ақша емес, ақшаның көмегімен барлық тауарлар өзара теңгермелі. Себебі ақша сияқты басқа тауарлар - адам еңбегінің өнімі, ол өнімлерді біріне-бірін теңестірудің біріңғай негізі - абстрактылы еңбек.
Тауардың ақша болып көрінетін құны - тауар бағасы. Баға деген құнның ақшалай көрінетін бейнесі. Енді өндірілген өнімнің құнын ақшамен анықтау керек делік, яғни оны айырбасқа түсіру үшін бағасын белгілеу керек. Ол үшін баға масштабын қолдану қажет. Баға масштабы деп ақша өлшемі ретінде мемлекет белгілеген белгілі бір металдың (алтын, күміс, мыс) мөлшері мен массасын айтады. Алғашқы монета соғылған кезде баға масштабы оның салмағына тең келді. Бұл ресми баға масштабы еді. Ақша түрлерінің өзгеруіне байланысты баға масштабы ақшаның салмағына сай келмейді.
Ақшаның құн өлшемі ретіндегі қызметі мен баға масштабының арасында айтарлықтай өзгешеліктер бар. Құн өлшемі - ол ақшаның экономикалық қызметі яғни құн өнімді шығаруға жұмсалған еңбек шығынын анықтайды. Ал баға масштабы тауардың құнын анықтау үшін емес, оның бағасын белгілеу үшін мемлекет заңды түрде бекіткен - құқықтық сипаттамадағы техникалық құрал.
Тауардың мемлекет бекіткен бағасының өз құнынан ауытқуы салдарына металл (алтын, күміс) ақша айналымы кезінде бекітілген ресми баға масштабы өзінің экономикалық маңызын жоятынын айта кеткен жөн. Қазір әр мемлекеттің өзінің нарықтық бағаға негізделіп жасалған іс жүзіндегі баға масштабы бар. Соның негізінде ақшаның құн өлшемі қызметі жүзеге асады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz