Альдегиттер


Альдегиттер.
Құрылысы. Альдегидтер класының қарапайым өкілі - құмырсқа алльдегиді (формальдегид) СН2О - өткір иісті, түссіз газ. Оның судағы концентрациялы ерітіндісі формалин деген атпен белгілі. Құмырсқа альдегидін бір ғана құрылымдық формуламен жазуға болады:
Н
С = 0
Н
Егер формальдегид молекуласындағы сутегінің бір атомьга көмірсутек радикалымен алмастырса, онда осы альдегидтер класы-ның келесі өкілдеріне ауысуға болады (5-кесте) . Олардың жалпы қүрылымдық формуласы:
Альдегидтердің гомопогтық қатары
Егер сутегінің екі атомын да көмірсутек радикалдарымен алмастырса, онда кетондар класына өтуге болады. Олардың жалпы қүры-лымдық формуласы:
O
Кетондардың қарапайым өкілі - ацетон СН 3 -С-СН 3 . Бұл өзіне тән жеміс тәрізді иісі бар сұйықтық.
O
Альдегидтер мен кетондардың молекулаларында -С- карбонил тобының болуы осы қосылыстарды туыстастырады, сондықтан олардың химиялық қасиеттерінде кеп ұқсастықтар болады.
Молекулаларында көмірсутек радикалы мен сутегі атомымен байланысқан карбонил тобы бар органикалық заттарды альдегидтер дейміз.
Альдегидтерді молекуласында көмірсутек радикалымен функционалдық топ (альдегид тобы) байланысқан заттар деп
қарастыруға болады. (Құмырсқа альдегидінің молекуласында карбонил тобы екі сутегі атомымен байланысқан.
Спирттерден айырмашылығы альдегидтерде молекулааралық сутектік байланыс түзілмейді, өйткені олардың молекуласында альдегидтің басқа молекуласындағы оттегі атомымен сутектік байланыс түзетін, жеткілікті мөлшерде оң заряды бар сутегі атомы жоқ. Осының салдарынан альдегидтердің қайнау температурасы молекуласында дәл сондай мөлшерде көміртегі атомдары бар спирттерге қарағанда төмен. Гомологтық қатардың алғашқы мүшелерінің суда ерігіштігін, олардың су молекулаларымен сутегі атомдары арқылы сутектік байланыс түзуімен түсіндіруге болады.
АЛЬДЕГИДТЕРДІҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ, ҚОЛДАНЫЛУЫ ЖӘНЕ АЛЫНУЫ
Химиялық қасиеттері. Альдегидтердің химиялық қасиеттері ең алдымен молекулаларында карбонил тобының болуына байланысты. Қос байланыс орны бойынша оларда қосып алу реакциясы жүре алады.
Егер, мысалы, ацетальдегид буын сутегімен қыздырылған никель катализаторы арқылы өткізсе, қанықпаған көмірсутектердегі сияқты сутегін қосып алу реакциясы жүреді, этил спирті түзіледі:
Қос байланыстың полюсті сипаты альдегидтердің басқа реакцияларына себеп болады. Мысалы, олар суды қосып алуы мүмкін. Әсіресе бұл судағы ерітіндісінде толықтай гидратталған формальдегидке тән:
![]()
Егер таза пробиркаға тотықтырғыш ретінде күміс оксидінің аммиактағы ерітіндісін құйып (күміс оксиді суда ерімейді), оған альдегидтің ерітіндісін қосып, қоспаны ептеп қыздырса, көп кешікпей пробирканың қабырғасына жылтыраған күміс қонғаны байқалады. Бұл тотығу-тотықсыздану реакциясында альдегид қышқылға айналады, (аммиактың артық болуынан аммоний тұзы түзіледі), ал күміс бос күйінде бөлініп шығады:
![]()
Бұл реакция күміс айна реакциясы деп аталады.
Альдегидтерге тотықтырғыш ретінде мыс гидроксидін Сu(0Н) 2 де пайдалануға болады. Егер мыс (II) гидроксидіне альдегид ерітіндісін құйып, қоспаны қыздырса, ең алдымен, мыс (I) гидроксидінің СuОН сары түсті тұнбасы түзіледі, біраздан кейін ол қызыл түсті мыс (I) оксидіне Сu2H айналып кетеді. Мұнда мыс (II) гидроксиді альдегидті қышқылға тотықтырады, ал өзі мыс (I) оксидіне дейін тотықсызданады.
Осы реакциянық теңдеуін жалпы түрде былай көрсетеміз:
Күміс (I) оксидінің аммиактағы ерітіндісі мен мыс (II) гидроксиді альдегидтерді табуға пайдаланылады.
Қолданылуы. Альдегидтер арасында формальдегид пен ацетальдегид (сірке альдегиді) көп қолданылады. Формальдегидтің негізінен судағы ерітіндісі - формалин пайдаланылады.
Тұрмыста формалин зарарсыздандыру үшін пайдаланылады. Ауыл шаруашылығында тұқымды дәрілеуге қолданылады. Формалин былғары өндірісінде кең түрде қолданылады, өйткені ол терінің ақуыздарын қатайтып, шірімейтіндей етеді. Формалиннің биологиялық препараттарды сақтауға қолданылуы осыған негізделген. Формальдегидті аммиакпен әрекеттестіріп, кең таралған дәрілік зат - уротропин алады.
Формальдегидтің негізгі мөлшері фенолмен реакцияластырып фенолформальдегидті пластмасса алу үшін пайдаланылады, одан электротехникалық бұйымдар, машина бөлшектері, т. б. жасалады. Пластмассалармен кейін толық танысамыз.
Ацетальдегид (сірке альдегаді) сірке қышқылын ендіруде және басқа да синтездерде қолданылады. Оны тетрамеризациялау арқылы құрғақ спирт деп аталатын - оңай жанатын қатты зат алады, ол мектептің химия кабинеттерінде, жорыққа шыққанда тағам дайындау кезінде пайдаланылады.
Алынуы. Альдегидтерді алудың жалпы әдісі спирттерді тотықтыру болып табылады. Бұл әдісті түсіну үшін, мынадай тәжірибе жасаймыз. Мыстан жасалған жіңішке оралма сымды спирт шамының жалынына қыздырып, пробиркадағы спиртке батырайық. Қыздырғанда қоңыр түсті мыс (II) оксидімен қапталған сымды спиртке салғанда, қайтадан жылтырап шыққаны байқалады, сонымен бірге альдегидтің иісі сезіледі:
Осындай реакциямен өнеркәсіпте мыс немесе күмістен жасалған қыздырылған торы бар реактор арқылы метил спиртінің буы мен ауа қоспасын өткізе отырып, формальдегидті алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz