Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 Зейнетақымен қамсыздандыру халықты әлеуметтік қорғаудың элементі ретінде
1. 1 Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің мәні мен маңыздылығы . . . 5
1. 2 Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің шетелдік тәжірибелері . . . 8
1. 3 Зейнетақымен қамсыздандырудың Чили моделі . . . 122 Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін талдау. 16
2. 1 Қазақстан Республикасындағы зейнетақы реформасы . . . 16
2. 2 «ҰларҮміт» жинақтаушы зейнетақы қоры жабық акционерлік
қоғамының үлгісімен жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылымы
мен қызметін ұйымдастыруы . . . 20
2. 3 Жинақтаушы зейнетақы қорлары қызметінің негізгі көрсеткіштерін
және зейнетақы активтерін пайдалануды талдау . . . 24
3 Қазақстан Республикасындағы жинақтаушы зейнетақы жүйесінің даму бағыттары . . .
3. 1 Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің проблемалары мен оларды шешу жолдары . . . 28
Қорытынды31
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 34
Кіріспе Қазақстан Республикасы үлкен мүмкіншіліктер мен ауқымды экономикалық өзгерістер кезеңінде тұр. Бірақ экономикалық өсудің жоғарғы қарқынына жету саяси тұрақтылықты, мықты және мақсатты реформаларды қажет етеді. Осындай маңызды реформалардың бірі - зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің реформасы. 1998 жылы Қазақстан ТМД аймағындағы зейнетақымен қамсыздандырудың жинақтаушы жүйесіне жоспарлы түрде көшуді бастаған алғашқы ел болғаны белгілі. Қазіргі күні Қазақстанда “ынтымақтастық” (қазіргі зейнеткерлер мен 1998 жылдың 1 қаңтарында 6 айдан кем емес еңбек жолын өткен адамдарға арналған) және “жинақтаушы” (1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап жинақтаушы зейнетақы қорларына өз еңбекақысынан 10% міндетті зейнетақы жарналарын аудара бастаған адамдарға арналған) зейнетақы жүйелері қызмет етеді.Қазақстанда демографиялық жағдайдың өзгеруіне байланысты, яғни алпыс жастан асқан адамдардың саны күрт артып, ал халықтың жұмыс істейтін бөлігінің төмендеп кетті, бір зейнеткерге 1, 8 жұмыскер келетіндей жағдай қалыптасқан, ал 1990 жылы бұл көрсеткіш бірге 3 адам болатын. Бұл жағдай одан ары да нашарлауына байланысты мемлекет үш миллионға жуық зейнеткерлерді ескі жүйе бойынша қамтамасыз ете алмады. Сондықтан да, зейнетақы реформасы өте актуалды болып отыр.
Шетел мамандары мен алыс-жақын шет мемлекеттері Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесіне аса назар аударып отыр. Батыс сарапшыларының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне негізделген зейнетақы реформасын өткізудегі әлемдік төжірибені қорытындылаған зерттеулерінде Қазақстанның бұл бағыттағы қызметі жоғары бағаланған. Егер Қазақстандағы реформа оңтайлы нәтиже берсе, Ресей, Қырғызстан мен Өзбекстан зейнетақы жүйесін реформалауға ниет білдірген.
Реформа басталғалы бес жыл ішінде бұл жүйе айтарлықтай жақсы нәтижелерге қол жеткізіп, жоғарғы көрсеткіштерге ие болды. Сөйтіп, Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы жүйесі сәтті жүзеге асты деуге болады. Бірақ, зейнетақы реформасына қатысушылардың алдында туындаған проблемалар жетерлік, заңның әлсіздігі мен кайшылықтары, үлкен қаржылық шығындар, тәжірибе мен кәсіби мамандардың жоқтығынан бастап, қазақстандықтардың көп бөлігінің жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі өз орны туралы толық білмеуі және бұрын болған қаржылық эксперименттердің нәтижесінде халықтың зейнетақы жүйесіне сенімсіздік танытуы. Сұрақтар көп.
Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа кіріп, халықаралық стандарттарға көшуіне байланысты бұл мәселенің актуалдылығы артып отыр. Сол себептен қазақстандық жағдайда қолдану аспектісінде жинақтаушы зейнетақы жүйесінің халықаралық тәжірибесін зертеу қажет екені айқын.
Тақырыптың өзектілігі - Қазақстандағы зейнетақы жүйесінің ондан өркениетті түрде жылдам дамуына кедергі болып отырған негізгі проблема - халықтың зейнетақы жүйесінің механизмі, мақсаттары мен қызметі туралы толық, шынайы, дұрыс мәліметтерді, қорлар жайлы ақпараттарды, өздерінің құқықтары мен міндеттерін нашар білуі.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты жалпы “Зейнетақы жүйесі” және “Зейнетақы қоры” нарық инфраструктурасының маңызды элементтерінің бірі ретінде мазмұнын ашу, бұл түсініктерге анықтама беру, олардың қызмет етуінің механизмін, нарықтың басқа қатысушыларымен ара-қатынасын көрсету, даму тенденциялары мен нарық экономикасындаға ролін анықтау болып табылады. Сондай-ақ, әлемдік тәжірибемен салыстырмалық талдау жасай отырып, Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы жүйесінің теориялық негізін зерттеп, проблемалық сұрақтарды анықтап оларды шешу амалдарын қарастыру және зейнетақы жүйесін одан ары кемелдендіру ұсыныстарын таңдау.
Курстық жұмыстың осы мақсаттарына сәйкес зерттеу объектісі ретінде халықаралық тәжірибе мен “ҰларҮміт” Жинақтаушы зейнетақы қорының қызметі және қаржы көршеткіштері басшылыққа алынған. Дипломдық жұмыста реформаның нәтижелері, жетістіктері мен кемшіліктері зерттелініп, талдау жасалынды. Ең өзекті деген мәселелер қарастырылып, халық негізінен қойятын сүрақтар мен оларға жауаптар келтірілген.
1 Зейнетақымен қамсыздандыру халықты әлеуметтік қорғаудың элементі ретінде
1. 1 Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің мәні мен маңыздылығы
Зейнетақы - бұл жұмысшының тапқан табысының бір бөлігін арнайы құрылған қорға зейнетақы жасына келгенде жұмысшының өзіне зейнетақы төлемі ретінде қайтарылып берілетін жарна түрі. Зейнетақыны зейнет жасына келген адамдардың қартайған шағында дұрыс өмір сүруінің кепілдік полюсы деп атауға да болады. Сондықтан әрбір азамат зейнетақы жүйесінің дұрыс жұмыс істеуіне, оған ай сайынғы жарналарының уақытында төленілуіне өздері мүдделі. Зейнетақыға әсер етуші негізгі екі факторды ерекше бөліп қарастыруға болады, осы екі фактор елдің қандай зейнетақы жүйесін таңдау керек екендігіне көп әсер етеді, олар:
- Экономикалық - экономиканың даму деңгейі, жұмысшылар мен жұмыссыздар ара қатынасы, жаңа жұмыс орынының пайда болу жылдамдығы көрсеткіштеріне көп көңіл бөлу керек.
- Демографиялық - халықтың өсу карқыны, болашақ жұмысшылар мен бүгінгі жұмысшылардың сандық қатынастарына көңіл бөлінеді.
Әр бір мемлекетте халықты әлеуметтік қамсыздандыру программалары бар. Олар әртүрлі институттарды қолданады, әртүрлі инструменттер, тәсілдер мен әдістерді пайдаланады. Бірақ, осы шаралардың барлығы бір ғана мақсатқа бағытталған - халықты әлеуметтік қорғау, осы программаның маңызды бөлігі болып табылады. Әсіресе бір экономикалық жүйеден екінші экономикалық жүйеге өту кезеңінде зейнетақы жүйесін тиімді, әрі дүрыс қызметі мемлекет экономикасының тығырыққа тірелмей, экономикалық дағдарыстан кейін экономиканы тез оңалдыруға көп жағдай жасайды. Егер экономикалық дағдарыс ұзақ уақытқа созылса, халық қатты күйзеліске ұшырайды. Осыны болдырмау әрбір мемлекеттің ең басты мақсаты. Бұл зейнетақы жүйесінің қажеттілігінің бір жағын ғана көрсетеді. Зейнетақы жүйесінің басты мәні халықты әлеуметтік қорғау, қоғамның басты байлығы - адамның өмірін жеңілдетіп, игілігі мен ынтымақтастығына жұмыс жасау [1] .
Қазіргі кездегі әлемдік практикада өртүрлі мемлекеттерде олардың экономикалық жағдайына, демографиялық барысына, тарихи алғы шарттарын және басқа да факторларына сүйеніп, қолданылатын зейнетақымен қамтамасыздандырудың көптеген жүйелері бар. Осындай жүйелердің бірі өткен ғасырдың соңында Бисмарк енгізген "ынтымақтастық" жүйесі, бұл жүйе тек бұрынғы КСРО мен Орта және Шығыс Еуропа елдерінде ғана емес, сонымен қатар жоғарғы дамыған елдерде де пайдаланылады.
"Ынтымақтастық" жүйесі мынадай принципке негізделген: ең алдымен, осы жылы жұмысшылардан бөлінетін қаржы зейнетақы болып осы жылы теленуі керек. Бұл принцип бойынша мемлекеттік зейнетақылық бағдарламалар жасалынады. Экономисттер мен әлеуметтанушылардың айтуы бойынша жақын болашақта "ынтымақтастық" жүйесі тіркелген зейнеткерлердің зейнетақымен толық қамтамасыздандыру мәселесін шеше алмайтын болады, өйткені, дамыған елдерде және ауыспалы шақтағы мемлекеттерде зейнеткерлер саны күрт өсуде. Егер бұл мемлекеттер болашақта да "ынтымақтастық" жүйесіне сүйенетін болса, онда ол зейнеткерлер санының өсуін қадағалай алмай қалады. Оған қоса, бүкіл халыққа қатысты үлкен адамдар, яғни қарттардың үлесінің өсуі ретінде бұл жүйе мемлекеттік бюджетке қымбат түседі. Саяси факторды да атап өткеніміз жөн, әртүрлі себептерге байланысты болатын (сайлау, халықтың қарсылық акциялары және т. б. ) саяси қысым болғанда, мемлекет ешқандай экономикалық негізсіз-ақ, тек қана саяси сахнадан ұпай жинауға талпынып, зейнетақыны көбейтеді. Шын мәнінде ол әлеуметтік мұқтаждықты шешпейді [2] .
"Ынтымақтастық" жүйесі еңбек стажына және бір мезгілдегі пайда мөлшерін есепке алып, ал жұмысшының барлық еңбек жолында жинаған пайда мөлшерін санамай, экономика дамуына әр зеинеткердің қосқан үлесін ескермейді. Бұл жағдай зейнеткерлердің еңбек стажы бірдей болса да, олардың барлық зейнетақысы бір деңгейде болмайтындығын көрсетеді. Алайда бір жұмысшы өзінің кәсібімен бүкіл еңбек жолында экономикаға елеулі үлес қосса, келесі жұмысшы тек зейнетақы белгілеу жылдарында ғана үлкен табыс табады. "Ынтымақтастық" зейнетақы жүйесінде зейнетақы тағайындау үшін жұмысшының экономикаға келтірген пайдасына берген бағасы ішінара қажетін таба алмайды. Бұл жүйе, сонымен қатар, ұлттық пайданың көлемін елеулі түрде азайтуы мүмкін, экономикалық дағдарыстарға себеп болады, өйткені жұмысшылардың еңбекақысынан бөлінетін қордың көлемінің азаюы зейнетақының уақтылы төленбеуіне өкеліп тірейді, содан соң еңбекақыдан бөлінетін қордың мөлшерінің өсуі көлеңкелі экономиканың өріс алуына әсерін тигізеді.
«Жинақтаушы зейнетақы» жүйесінде жұмысшы өзі еңбекақысынан және ерікті жарна телеу арқылы арнайы қор жинайды. Жұмысшы зейнеткерлікке шығысымен бұл қорды жинақтаушы зейнетақы қорынан ала алады немесе сақтандыру компаниясынан аннуитетке аудару арқылы өмірлік зейнетақысын қамтамасыз ете алады. Мұндай зейнетақылық бағдарламалар еңбек жолында жеке жинақ және сақтандыру полисін (аннуитет) жасайды. Бұл принцип көптеген жеке зейнетақы бағдарламаларының негізінде жатыр. «Жинақтаушы зейнетақы» жүйесінің бірнеше түрлері бар:
1) Алдын-ала төленетін жарналар жүйесі: бұл жүйедегі жеке жұмысшының зейнетақысы өзінің еңбекақысынан бөлініп жиналған қордың мөлшеріне байланысты болады. Зейнетақы активтерінен түсетін пайда нормасынының тұрақсыздығымен байланысты қауіп, және қорға енген жарналардың құнсыздануымен байланысты қауіп болашақ зейнеткердің қорына енеді.
2) Алдын-ала белгіленген телем жүйесі: бұл жүйе компаниялар мен салалар деңгейінде құрылған, жеке зейнетақы, ең алдымен өндіріс немесе берілген салалардағы еңбек стажына байланысты және зейнеткерлікке шығар алдында тапқан еңбекақысының мөлшеріне қарай белгіленеді. Бұл бағдарламадағы жұмысшы зейнеткерлікке шыққаннан кейін төлемнің мөлшерін және төлену мерзімін анықтайды. Бұл жүйедегі қор зейнетақы активтеріне түсетін пайда нормасының түрақсыздығымен байланысты қауіптің бір бөлігін өз мойнына алады.
3) Жеке жинақтаушы зейнетақы қорларының бағдарламаларына төмендегі факторлар жатады:
а) олар мемлекеттік зейнетақылық бағдарламалардың орнына зейнетақы төлеміне қажетті бюджет шығынының азаюына өсер етеді, бірақ мемлекеттік зейнетақы бағдарламаларының жекеменшікге ауысу барысында бір мезгілде бюджеттің шығынына көбейеді.
б) қор жинақтаушы зейнетақылық бағдарламалар елдің жинақ деңгейін өсіреді, бұрын мемлекеттің деңгейін өсіретін, яғни халықтың зейнетақысының немесе зейнетақымен қамсыздандырудың дамуына жол ашатын экономикалық жоғары көрсеткіштер болады.
в) жеке зейнетақы бағдарламалары нарық капиталының дамуына және жекеменшіклендіру процесінің ілгері жылжуына мүмкіндік береді;
г) бұл бағдарламалар мемлекетті саяси қысымнан қорғайды, өйткені, қор жинақтаушы зейнетақы жүйесі, зейнетақы төлемінің өсуі болашақта қазіргі уақыттағы еңбекақыдан бөлінетін төлем мөлшерінің өсуімн байланысты болады. Ұрпақтар ынттымақтастығы жүйесіне сәйкес тіркелген зейнеткерлерге зейнетақыны көбейту қажеттілігі төңірегінде туындайтын талас пен шарттар жұмысшылардың еңбекақысынан белінетін төлемін бекітумен байланысты салаға көшеді. Қор жинақтаушы зейнетақы жүйесі арқылы пайда болатын негізгі проблемалар темендегідей:
- жинақтың жалпы соммасынан емес, қор қызметіне есер ететін әртүрлі факторлар есебімен алғанда өзінің қордағы жинағы жайлы тұтынушылардың жеткіліксіз хабардар болуы (нарықтағы жағдай, қорға түсетін пайда, құнсыздану есебінен бөлінетін жинақ мөлшерінің жалпы құны) .
- құнсызданудың салдары және бюджетке жеке зейнетақы бағдарламалырының әсері, жинақ пен экономика өсімінің деңгейі.
Зейнеткерлікке шыққаннан кейінгі зейнетақы төлемін индексикациялау жинақтаушы зейнетақы бағдарламаларына қиындық туғызады. Жалпылай алғанда, жеке сектордың активтері жоқ. Батыстағы жеке зейнетақы бағдарламалары құнсыздану мәселесіне ұшырады. Кептеген елдерде "ынтымақтастық" жүйесінде құнсыздануға байланысты қиындықтар туындайды. Дегенмен, бұл жүйедегі ең басты мәселе құнсыздану емес, өйткені, зейнетақының мөлшерін кез-келген уақытта көбейтуге болады, мұндағы ең басты мәселе - уәделі зейнетақы төлемін көбейтуге берілген артық уәде мен қазіргі уақыттағы бюджеттік дефицит құнсыздану елеулі болған сайын (энергетикалық дағдарыс) оған "жинақтаушы зейнетақы" бағдарламалары да қарсы тұра алмайды. Жоғарыда айтылғандай, "жинақтаушы зейнетақы" жүйесі мемлекеттік бюджетке қатты өсер етеді. Егер "жинақтаушы зейнетақы" жүйесінің бағытында елеулі қозғалыс болса, бюджеттік шығын күрт өседі, мұның себебі ұрпақтар ынтымақтастығы жүйесіндегі жұмысшыларының тіркелген жарналары зейнеткерлердің зейнетақысы ретінде төленеді, сондықтан да "жинақтаушы зейнетақы" жүйесінің ауысымында пайда болуы мүмкін жүйе жұмысшылардың зейнетақы қорын құрай алмайды. Бұл тіркелген зейнеткерлерге зейнетақысын қамтамасыз етумен қатар, жұмысшылардың өздерінің жеке қорын құруға көмек беретін қосымша жарналар төлеуді қажет етеді. Қазіргі жұмысшы қауымын саяси түрде еңбекақысынан екі бірдей мөлшерде жарна телеуге бағындыру мүмкін еместігінен (жалпы және өз қорына), қайта құрудың алғашқы жылдарында мындаған бюджеттік трансферттер қажет. Мемлкет аз мөлшердегі зейнетақы немесе құнсыздану мен басқа да қауіптерге кепілдік беретін болғандықтан, бюджеттік шығын деңгейі қандай жағдайда да төмен болмайды[3] .
"Ынтымақтастық" және жинақтаушы зейнетақы жүйелері бір ғана мәселені шешеді, яғни жұмысшылар мен зейнеткерлер арасында ұлттық пайданы бөлісу мәселесін шешеді. Мемлекеттік "ынтымақтастық" жүйесі үлкен шығын шығара отырып, көпшілікке мүлдем аз зейнетақы төлейді. Ал жинақтаушы зейнетақы жүйесінде құнсыздану зейнетақы бөлігінің қаржы саласын жоққа шығарып, зейнетақы қорының капиталын төмендетеді. Бұл мәселеге Латын Америкасының кейбір елдері тап болған.
1. 2 Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің шетелдік тәжірибелері
Зейнетақымен қамсыздандырудың қазақстандық моделі ашық және түсінікті болуы үшін, оны басқа елдердегі жүйелермен салыстыру қажет, себебі әр мемлекет, оның зейнетақы жүйесі бірегей болып табылады.
Зейнетақымен қамсыздандырудың деңгейі мен сапасы - бұл ел халқының экономикалық және әлеуметтік жағдайының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Әр мемлекет өзінеде қалыптасқан экономикалық, саяси, моральдық, діни сенімдік және тағы басқа да, қоғамының даму ерекшеліктеріне байланысты өз азаматтарын әлеуметтік қорғаудың өзіндік жолдары мен тәсілдерін таңдайды. Мұндай тәсілдер мен әдістер әртүрлі себептерге байланысты әр мемлекетте өзгеше, бірақ жалпы бір мақсатты көздейді - өз азаматтарын барынша әлеуметтік қорғау мен өмір сүру деңгеінің лайықты болуын қамтамасыз ету.
Дамыған мемлекеттердің көбінде әдеуметтік және зейнетақымен қамсыздандырудың негізгі үш қайнар көзі бар1:
- Мемлекеттік зейнетақы жүйесі (әлеуметтік сақтандыру шеңберінде) ;
- Зейнетақы қорлары;
- Сақтандыру компаниялары және басқа да қаржы ұйымдары.
Мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі елдің барлық халқына немесе тек мемлекеттік жұмыскерлерге, қарулы күштерге, ал кейде теміржол қызметкерлеріне қызмет көрсетеді. Көптеген елдерде жасына, жұмыс қабілетін жоғалтуына байланысты халықтың басым бөлігін зейнетақымен қамсыздандыру компаниялардың, фирмалардың, кәсіп орындардың, халықаралық ұйымдардың зейнетақы қорларына жүктелген. Мұндай қорларды «жекеменшік» немесе «өндірістік» деп атайды. Сақтандыру компаниялары өз қызметтерінің бір түрі ретінде жеке және топтық зейнетақыны сақтандырумен айналысады.
Бір елдегі жекеменшік зейнетақы қорлары мен зейнетақыны сақтандырудың даму деңгейі, мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің халық мұқтаждығына қаншалықты жауап беретіндігімен тікелей байланысты. Жекеменшік зейнетақы қорлары негізінен АҚШ-та кең тараған, керісіншне, мемлекеттік жүйе жақсы дамыған елдерде аз кездеседі, мысалы, Скандинавия мен Австрияда [4] .
Қазіргі уақытта зейнетақымен қамсыздандыру жүйелерін реформаландыру тек қана дамушы елдерге ғана емес тіпті жоғары дамыған елдерге де қажет. Барлық өндірістік дамыған елдерде зейнетақымен қамтамасыздандырудағы мемлекеттік шығын айтарлықтай үлкен қаржыны қажет етеді, мемлекеттік бағдарламалар жалақы деңгейіне байланысты әлеуметтік сақтандыруға бөлінетін ішкі өнімнің жалпы төлемімен қаржыландырылады.
Дамыған елдердегі зейнетақы төлеміне бөлінетін қаржының мөлшері орта есеппен алғанда жалпы ішкі өнімнің үлесі 10 пайызын құрайды. Өндірістік дамыған елдерде жеке түрде қаржыландырылатын зейнетақымен қамтамасыздандырудың бағдарламаларын мемлекеттік бағдарламалар толықтырады, олар көбінесе алдын-ала төленетін жарналардың жүйесіне негізделеді.
Латын Америкасының Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі. Қазіргі таңда жинақтаушы зейнетақы жүйесіне негізделген реформалар Латвияда, Польшада, Венгрияда, Ресейде (ерікті түрі), Испанияда және Латын Америкасының 16 мемлекетінде жүріп жатыр. Ең алғашқылардың бірі және мінездемелі болғандықтан Латын Америкасының тәжірибесіне кеңінен тоқталайық.
Латын Америкасынынң ескі зейнетақы жүйелеріннің мынандай ортақ сипаттамалары болған:
- Зейнетақы бағдарламалары тарату режимінде қызмет етті;
- Жүйелердің принципті әмбебаптығына қарамастан, зейнетақы бағдарламалары географиялық орналасуы мен халықтың деңгейіне байланысты бірдеййболмады (Перу, Чили, Уругвай т. б. ) ;
- Мемелекеттік реттеу көптеген ведомстволар мен субжүйелер арқылы жүзеге асты. Олардың әрқайсысына арналған заңдар болды және өздерінің басқармасы, қаржыландыру жүйесі мен қамсыздандыру бағдарламалары болды. Нәтижесінде зейнетақы жүйесін мемлекеттік басқару пирамида тәріздес болып, оның таңдаулы, бай топтар үшін арнайы субжүйелері мен халықтың көпшілігі үшін кедей субжүйелері болды;
- Сексенінші жылдардағы экономикалық дағдарыс нәтижесінде жұмыссыздық пен ресми емес еңбек нарығының өсуі;
- Активті және пассивті еңбек етушілердің қатынасының күрт азаюы (жұмыскерлер/зейнеткерлерлер), нашар демографиялық жағдай;
- Салық түсімдері азайып, үкіметтің әлеуметтік міндеттемелері көбейді;
- Зейнетақы төмен болды;
- Төленген жарналар мен зейнетақының сәкес болмауы;
- Әкімшілік басқарудың әсерсіздігі мен қабілетсіздігі, бюрократизмнің өсуі, қызмет көрсетудің сапасыздығы;
- Әлеуметтік жүйнесінің қаржылық перспективасының болмауы.
Осы және басқа да факторлардың нәтижесінде Латын Америкасының көп елдерінде әлеуметтік жүйе мен зейнетақы жүйесінде дефицит өсті. Мысалы, 1982 жылы Уругвайда әлейметтік сақтандыру жүйесінің тапшылығы елдің барлық табысының 81%-на дейін жетті. Жалпы тапшылықтың 79% зейнетақы бағдарламасына тиесілі болды. Инфлияцияға байланысты зейнетақы автоматты түрде қайта есептелінбегендіктен төмендеді. Зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі үнемі өсіп отырды. Жеке жағдайларда ол жалақының 50% (Чилиде) және 65% (Уругвайда) құрады.
Зейнетақы реформасы барлық елдерде бір уақытта басталған жоқ. Бұл елдер бірінің тәжірибесін бірі ескере отырып, жаңа жүйеге күдікпен қарады. Алғашқы болып, 1981 жылы Чили бастаса, қалған елдер 90-шы жылдары жаппай зейнетақы жүйесін реформалауға бет бұрды. Сондықтан да, олар ерекше сипаттамаларға ие, мемлекеттің қатысуы да әртүрлі және көрсеткіштері де өзгеше[5] .
Инвестициялық саясат зейнетақы қорларының қызметінде өте маңызды мәселе болып табылады. Қазақстандық зейнетақы активтерін басқаратын ұйымдардың және зейнетақы қорларының инвестициялық қызметінің үрейлі жағдайын ескерсек, менің ойымша, Латын Америкасындағы қорлар зейнетақы активтерін қайда және қандай мөлшерде инвестициялайтынын талдау өте қажет. Бұл елдерде қорлар жинақталған активтерді мемлекеттік құнды қағаздарға, мерзімді депозиттерге, бондарға, ипотекалық вексельдерге, акцияларға, сондай-ақ, шетелге инвестициялауға мүмкіндіктері бар. Мемлекет тарапынан заңды түрде белгіленген инвестициялаудың нормативтері, яғни шектеулері аймақтағы барлық елдерде бірдей емес. Мысалға Боливияда зейнетақы активтері 100 пайыз мемлекеттік құнды қағаздарға салынуы тиіс. Әрине, мемлекеттік құнды қағаздар бойынша табыс аз болса да, олардың мемлекеттік кепілдемесі болады. Сондықтан да, бұл елдердің көбінде мемлекеттік құнды қағаздарға деген сұраныс та, норматив те жоғары. Чили мен Бразилияда ипотекалық вексельдерге көп көңіл бөлу арқылы, тұрғын үй мәселесін жақсы шешуде. Перудің зейнетақы қорлары керісінше акциялар мен бондарға, сәкесінше 34, 9 % және 37, 6% салып, мемлекеттік құнды қағаздар мен ипотекалық вексельдерге тек 0, 4%-дан инвестициялаған[6] . Қорыта айтқанда, Латын Америкасындағы зейнетақы реформасы нәтижесінде, сол елдерде инвестициялық жобаларды қаржыландырудың және жұмыс орындарының жаңа қайнар көздері пайда болды. Олар капитал нарығының дамуына, халық жинақтарының көбеюіне, жұмыссыздықтың азаюына және жалпы экономиканың нақты секторының өсуіне игі әсер етті. Бұл салымшылардың қартайғанда бүткіл еңбек өміріне сәйкес әділетті зейнетақы алуына мүмкндік жасайды. Шығыс Европа елдерінің зейнетақы жүйесі. Енді Қазақстан сияқты экономиканы қайта жаңартуға, социализмнен қалған жүйеге әлеуметтік жағдай жасауға межбүр Шығыс Европа елдерінің зейнетақы жүйесіне тоқталайық. ... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz