Қаржы жүйесін ұйымдастырудың негізгі қағидаттары



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 Қаржы жүйесі түсінігі мен қызмет ету механизмі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1 Қаржы ұғымының экономикалық мәні мен атқаратын қызметтері ... ... ... .5
1.2 Қаржы жүйесі және оны ұйымдастыру қағидалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
.
2 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін сипаттау ... ... ... ... ... ... ..13
2.1 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің қалыптасуы мен даму жағдайын бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13 2.2 Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінің негізгі бағыттарын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16

3 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінде дағдарысқа қарсы бағдарламаны жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
Кіріспе

Қаржы – нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
“Қаржы” ұғымы ақша нысанындағы қоғамдық өнімді бөлумен байланысты болатын экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтиды. Тауар-ақша қатынастарының жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған нарықтық экономика жағдайында қаржы нақтылы және үздіксіз болып жататын ақша айналымын – ақша ағынын бейнелеп көрсетеді.
Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.
Қаржы ресурстары болмаса, қаржы механизм арқылы барлық жағдайға ықпал етудің кең мүмкіндіктерін пайдалана алмаса, мемлекет өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүзеге асыра алмайды, өзінің әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларын, қорғаныс және елдің қауіпсіздігі функцияларын қамтамасыз ете алмайды.
Қаржының пайда болуының бастапқы шарты ақша қатынастарымен ортақтастырылған тауар өндірісі болып есептеледі.
Экономикалық өмірде қаржының сыртқы көрінісі қоғамдық өндірістегі әр түрлі қатысушылар қаражаттарының қозғалысы түрінде болып жатады. Құбылыстар бетінде бұл қозғалыс ақшалай соманы шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір-бірімен қолма-қол ақшасыз жасасатын есеп айырысулары; табысты бөлу және кәсіпорындарда, фирмаларда ішкі шаруашылық арналымының қорларын қалыптастыру; мемлекеттік бюджеттің кірістеріне салық төлемдерін аудару; қайырымдылық қорларына қаражаттар төлеу және тағы басқа операциялар қолма-қол ақшасыз немесе қолма-қол ақшамен есеп айырысу түрінде бір иеленушіден басқа иеленушіге беруі болып табылады.
Қаржы ғылыми ұғым ретінде қоғамдық өмірде сан алуан нысандарда пайда болатын қызметтермен ассоциацияланады және міндетті түрде ақша қатынастарының қозғалысымен қосарларына жүреді.
Тақырыптың өзектілігі- мемлекет экономикасында қаржы жүйесінің атқаратын қызметтері өте маңызды болып табылады. Қаржы жүйесінің жағдайына қарап экономиканың жағдайын болжауға болады. Қаржы жүйесінің қызметі экономикалық қатынастар жиынтығын туғызып, ақша қаражатын ұлғаймалы ұдайы өндірісте құру, пайдалануды жүзеге асырады және басқа да қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға жұмсалады.
Курстық жұмысты жазудағы мақсат – қаржы ұғымының мәнін аша отырып, Қазақстан Республикасының қаржы жүйесіне тоқталу.
Осы мақсатқа сәйкес курстық жұмыс жазуда төмендегідей міндеттер қойылды:
- қаржының мәнін және атқаратын қызметтерін қарастыру;
- қаржының жүйесі және оны ұйымдастырудың қағидалырын талдау;
- қаржы жүйесінің қалыптасуына және дамуына шолу;
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің негізгі бағыттарын талдау;
- дағдарыс жағдайында қаржы жүйесін негізгі алғышарттары мен алдына-алу шараларын қарастыру.
Курстық жұмыс кіріспе, 3 тараудан және қорытындыдан тұрады:
Бірінші тарауда қаржы жүйесінің түсінігі мен қызмет етуінің жалпы механизмі қарастырылады, ал екінші тарауда Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі талданса, үшінші тарауда дағдарыс жағдайында Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін тиімді ұйымдастыру мен оны шешу жолдары ұсынылады.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. А. Тұрапбайұлы «2010-2012 жылдарға арналған бюджет туралы заңға өзгерістер мақұлданды» //Егемен Қазақстан №90-93 12 наурыз 2010 жыл
2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» 2008 жыл ақпан.
3. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» 2009жыл
4. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» //Ақтөбе, 2010 жыл 30 қаңтар №16
5. А.Қ. Мейірбеков «Кәсіпорын экономикасы», Алматы - 2009 жыл
6. А.Есентугелов «Қазақстан Республикасының индустриалдық – инновациялық дамуының стратегиясы нақты және болашақ», Алматы – 2003 жыл
7. Қ.А. Ермаков «Қазақстан қазіргі дүние әлемінде», Алматы – 2008 жыл
8. К.Б. Бердалиева «Қазақстан экономикасын басқару негіздері». Алматы -2010 жыл
9. Қ.Қ. Ілиясов, С. Құлпыбаев «Қаржы», Алматы 2008 жыл
10. С.С. Сахариев «Әлем экономикасы», Алматы – 2008 жыл
11. О. Сәбден, А. Тоқсанова «Шағын кәсіпкерлікті басқару», Алматы – 2009 жыл
12. Ө.Қ. Шеденов «Жалпы экономикалық теория», Алматы – 2008 жыл
13. «Экономикалық саясат», Экономика –Алматы, 2009 жыл
14. А.Х. Лобков «Қаржы жүйесінің тұрақтылығы» //Қаржы менеджменті № 1 (13) қаңтар 2009 жыл
15. Н.К. Кучукова «Дүниежүзілік қаржылық тұрақсыздық жағдайларында Қазақстанның қаржы-экономикалық дамуы» //Қаржы менеджменті №6 (6) қаңтар 2008 жыл
16. Құлпыбаев С., Ынтыкбаева С.Ж., Мельников В.Д. Қаржы: Оқулық / - Алматы. Экономика, 2010 жыл.
17.Алимбаева.А.А, Утенов.С.Б, Ахметов.С.Н, Таубаев.А.А, региональная социально – экономическая система – Караганда, Санат.2009, том 2409.с
18.Қлиясов Қ.Қ. Құлпыбаев С Оқулық. – Алматы 2010
19.Сеиітқасымов Ғ.С Ақша несие банктер” Оқулық – Алматы” Экономика 2009.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 Қаржы жүйесі түсінігі мен қызмет ету
механизмі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .5
1.1 Қаржы ұғымының экономикалық мәні мен атқаратын қызметтері ... ... ... .5
2. Қаржы жүйесі және оны ұйымдастыру
қағидалары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..9
.
2 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін
сипаттау ... ... ... ... ... ... ..1 3
2.1 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің қалыптасуы мен даму жағдайын
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .13 2.2 Қазақстан Республикасының мемлекеттік
бюджетінің негізгі бағыттарын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16

3 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінде дағдарысқа қарсы бағдарламаны
жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ...19

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

Кіріспе

Қаржы – нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты
жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін
түсіне білудің, оның іс-әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың,
Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын
неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің
маңызы зор.
“Қаржы” ұғымы ақша нысанындағы қоғамдық өнімді бөлумен байланысты
болатын экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтиды. Тауар-ақша
қатынастарының жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған нарықтық
экономика жағдайында қаржы нақтылы және үздіксіз болып жататын ақша
айналымын – ақша ағынын бейнелеп көрсетеді.
Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту
сферасы мен қоғамдық экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және
функцияларымен айқындалады.
Қаржы ресурстары болмаса, қаржы механизм арқылы барлық жағдайға ықпал
етудің кең мүмкіндіктерін пайдалана алмаса, мемлекет өзінің ішкі және
сыртқы саясатын жүзеге асыра алмайды, өзінің әлеуметтік-экономикалық
бағдарламаларын, қорғаныс және елдің қауіпсіздігі функцияларын қамтамасыз
ете алмайды.
Қаржының пайда болуының бастапқы шарты ақша қатынастарымен
ортақтастырылған тауар өндірісі болып есептеледі.
Экономикалық өмірде қаржының сыртқы көрінісі қоғамдық өндірістегі әр
түрлі қатысушылар қаражаттарының қозғалысы түрінде болып жатады. Құбылыстар
бетінде бұл қозғалыс ақшалай соманы шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір-
бірімен қолма-қол ақшасыз жасасатын есеп айырысулары; табысты бөлу және
кәсіпорындарда, фирмаларда ішкі шаруашылық арналымының қорларын
қалыптастыру; мемлекеттік бюджеттің кірістеріне салық төлемдерін аудару;
қайырымдылық қорларына қаражаттар төлеу және тағы басқа операциялар қолма-
қол ақшасыз немесе қолма-қол ақшамен есеп айырысу түрінде бір иеленушіден
басқа иеленушіге беруі болып табылады.
Қаржы ғылыми ұғым ретінде қоғамдық өмірде сан алуан нысандарда пайда
болатын қызметтермен ассоциацияланады және міндетті түрде ақша
қатынастарының қозғалысымен қосарларына жүреді.
Тақырыптың өзектілігі- мемлекет экономикасында қаржы жүйесінің
атқаратын қызметтері өте маңызды болып табылады. Қаржы жүйесінің жағдайына
қарап экономиканың жағдайын болжауға болады. Қаржы жүйесінің қызметі
экономикалық қатынастар жиынтығын туғызып, ақша қаражатын ұлғаймалы ұдайы
өндірісте құру, пайдалануды жүзеге асырады және басқа да қоғамдық
қажеттіліктерді қанағаттандыруға жұмсалады.
Курстық жұмысты жазудағы мақсат – қаржы ұғымының мәнін аша отырып,
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесіне тоқталу.
Осы мақсатқа сәйкес курстық жұмыс жазуда төмендегідей міндеттер
қойылды:
- қаржының мәнін және атқаратын қызметтерін қарастыру;
- қаржының жүйесі және оны ұйымдастырудың қағидалырын талдау;
- қаржы жүйесінің қалыптасуына және дамуына шолу;
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің негізгі бағыттарын
талдау;
- дағдарыс жағдайында қаржы жүйесін негізгі алғышарттары мен алдына-алу
шараларын қарастыру.
Курстық жұмыс кіріспе, 3 тараудан және қорытындыдан тұрады:
Бірінші тарауда қаржы жүйесінің түсінігі мен қызмет етуінің жалпы
механизмі қарастырылады, ал екінші тарауда Қазақстан Республикасының қаржы
жүйесі талданса, үшінші тарауда дағдарыс жағдайында Қазақстан
Республикасының қаржы жүйесін тиімді ұйымдастыру мен оны шешу жолдары
ұсынылады.

1 Қаржы жүйесі түсінігі мен қызмет ету механизмі

1. Қаржы ұғымының экономикалық мәні мен атқаратын
қызметтері

Қаржы (“қолма-қол ақша”, “табыс” ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын
тілінің finance сөзінен шыққан) қоғамда нақты өмір сүретін, объективті
сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін
ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі
экономикалық қатынастарды қамтып қөрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды
экономикалық категориялардң бірі болып табылады. Ол натуралдық
шаруашылықтан жүйелі тауар-ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып,
дамыды және мемлекеттің және оның ресурстарға қажеттіліктерінің дамуымен
тығыз байланысты болды.
Бүгінде қаржы терминін күнделікті қолданысқа енгізген авторды атау
қиын. Бұл терминнің авторлығын 1577 жылы “Республика туралы алты кітап”
деген жұмысын бастырып шығарған француз ғалымы Ж. Боденге қалдыруға болады.

Түрлі қоғамдық-экономикалық формациялар қаржысының айырмашылығы
негізінен мына себептерге байланысты:
әр түрлі қоғамдық формацияға қоғамның өзіне меншікті таптық құрылымы
сай келеді. Сонымен бірге қаржы ұлттық табысты мемлекеттің пайдасына қайта
бөлуді ұйымдастыра отырып, оны бөлудің қатынастарын есепке алады;
кез келген қоғамдық-экономикалық формацияларда қаржы билеуші таптың
мүдделерін қорғайтын мемлекеттің мақсаттары мен міндеттеріне бағынады;
өндірістің жаңа әдісі шаруашылық қатынастардың жаңа жүйесін тудырады.
Мәселен, құл иеленуші және феодалдық формацияларға натуралдық қатынастар
сәйкес келсе, мемлекет табысының қалыптасуы да көбінесе натуралдық сипатта
болды. Капиталистік шаруашылық тауар-ақша шаруашылығы болып табылады.
Тиісінше мемлекеттің табысы да ақша нысанында қалыптасады;
Егер мемлекет басқару органы ретінде қалыптасқан өндірістік
қатынастардың ұдайы өндірісі мен таптық құрылыстың міндеттеріне қызмет
ететін болса, онда бұл міндеттерге қаржы да қызмет етеді.
Құн категорияларының жүйесінде қаржы белгілі орын алады және өзінің
ішкі ерекшеліктерімен, сонымен бірге ұдайы өндірістегі өзгешелік рөлімен
айшықталады. Қаржының құндық бөлу стадиясында жұмыс істейтін басқа
экономикалық категориялардан – кредиттен, жалақыдан және бағадан
айтарлықтай айырмашылығы бар.
Қаржының қажеттігі объективі мән-жайдан тауар-ақша қатынастарының
болуынан және қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындайды. Мемлекет қаржы
ресурстарының объективті қажеттігін ескере отырып, оларды пайдаланудың әр
түрлі нысандарын жасай алады: төлемдердің әр түрлі түрлерін енгізеді немесе
күшін жояды,қаржы ресурстарының нысандарын өзгертеді және т.б. Шаруашылық
жүргізу сферасында үнемі өзгеріп отыратын ұдайы өндірістік қажеттіліктерін
қамтамасыз ете отырып, қаржы өндіріс үйлесімдерін тұтыну қажеттеріне
бейімделуге мүмкіндік беруі үшін қажет. Бұл мақсатты арналымының ақша
қорларын қалыптастыру арқылы болады. Қаржының басты арналымы - табыстар мен
ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шарушылық жүргізу субъектілердің
қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерін қанағаттандырып отыру және бұл
ресурстардың жұмсалуына бақылау жасау. Қоғамдық қажеттіліктердің дамуы
шаруашылық жүргізуші субъектілердің қарамағына жасалатын ақша (қаржы)
ресурстарының құрамы мен құрылымының өзгеруіне жеткізеді.
Мемлекет, дәстүрлі функциялардан басқа, шаруашылық процестерді реттеу
жөнінде едәуір экономикалық функцияларды орындайды, сондықтан, мемлекеттің
қарамағына қаражаттарды орталықтандырудың дәрежесі айтарлықтай жоғары –
мемлекеттік бюджет арқылы қазір жалпы ішкі өнімің 20 пайыздайы
бөлінеді.Мемлекет қаржысының көмегімен салалық және аумақтық аспектілерде
қоғамдық өндірістің ауқымы реттелінеді, басқа қоғамдық қажеттіліктер
қанағаттандырылады.
Қаржысыз кеңейтілген негізде өндірістік капиталдың жеке және қоғамдық
толық айналымын қамтамасыз ету, экономиканың салалық және аумақтық
құрылымын реттеу, ғылыми-техникалық жетістіктерді тезірек енгізуді
ынталандыру, баска қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкін емес.
Елде жергілікті мәні бар міндеттерді шешуге бейімделген жергілікті өзін-
өзі басқарудың дамуы да тиісті қаржымен қамтамысыз етуді, муниципалдық
құрылымдық қаржысының жұмыс істеуін талап етеді.
Сондықтан өтпелі кезеңде шаруашылық жүргізудің төменгі бойындағы мен
аймақтары ерекше көңіл аударылып, оларға қаржы ресурстарын қалыптастыруда
үлкен құқық пен дербестік беріліп отыр. Тек бұл ресурстар орталық
аймақтардың, шаруашылық жүргізудің төменгі буындарының арасында, ұтымды,
ғылыми негізде бөлінген кезде ғана жоғары қайтарымы және пайдаланылатын
қаражаттардың үлкен көлемде жаңғыруы болуы мүмкін.
Мемлекеттік сектордың қызметімен байланысты қаржы қатынастары елеулі
дәрежеде қоғамдық (немесе әлеуметтік) тауарлар деп аталынатындарды -
мемлекет қаржыландаратын және бірлесіп тұтынылатын материалдық, сонымен
бірге материалдық емес сипаттағы игіліктер мен қызметтер көрсетуді өндіру
мен бөлуді қамтамасыз етуге бағытталған. Бұған қалалар мен елді
мекендердегі абаттандыру объектілері, жол торабы, мемлекеттік биліктің,
басқарудың, құқықтық тәртіпті қорғаудың, қорғаныстың, қоршаған ортаны
қорғаудың органдары мен мекемелері, ішінара халықты әлеуметтік қорғау,
білім беру және денсаулық сақтау (кепілдемелі деңгейде) жатады.
Қаржының мәні, іс-әрекет механизмі және рөлі оның функцияларынан айқын
көрінеді. Қаржының мәнін толық ашу оның ұғымы мен қажеттігін ғана емес,
сонымен бірге қаржының қоғамдық арналымын, яғни оның функцияларын анықтауды
да талап етеді.
Қаржыға қатысты функция осы экономикалық категорияға тән қызмет тобын,
мәннің іс-қимылдағы көрінісін, сапаның өзіне тән категориялары кескінінің
айырмашылықты әдістерін білдіреді. Функцияда категорияның қоғамдық арналымы
қамтып көрсетіледі, оның экономикалық табиғаты ашылады.
Қаржы басқа тым жалпы категориядан-ақшадан туындайтын айыршалықты
экономикалық категория болып табылатындықтан және бұл экономикалық
категорияның іс-қимылының шегін сызып қоюдың мүмкін еместігіне, оның
қоғамдық, саяси және экономикалық өмірдің барлық сферасына терең дендеп
енуіне байланысты қаржы функциясы туралы мәселе ғалым – теоретиктер
арасында осы күнге дейін пікіртелес тудыруда.
Қазіргі уақытта қаржының бөлгіштік және ұдайыөндіргіштік тәрізді екі
тұжырымдамасы танылып отыр. Бірінші тұжырымдаманың жақтаушылары қаржы
қоғамдық өндірістің екінші стадиясында – ақша нысанындағы қоғамдық өнімінің
құнын бөлу процесінде пайда болады, қаржының бөлгіштік сипаты оның іс-
әрекет етуінің ерекшелігін көрсетеді деп санайды. Бұл тұжырымдамаға сәйкес
қаржы екі функция орындайды: бөлу және бақылау.
Бөлгіштік қатынастардың ерекше сферасы ретінде қаржының мәні ең алдымен
бөлгіштік функцияның көмегі арқылы қаржының қоғамдық арналымы – шаруашылық
жүргізудің әрбір субъектісін оған қажет арнаулы мақсатты ақша қорлары
нысанында пайдаланылатын қаржы ресурстарымен қамтамассыз ету жүзеге
асырылады.
Жалпы қоғамдық өнімнің құны (оның ақша нысанында), сонымен бірге ақша
нысанында тұлғаланатын ұлттық байлықтың бір бөлігі қаржының бөлгіштік
функциясының іс - әерекетінің объектілері болып табылады.
Қарамағында мақсатты арналымның қалыптасатын ұдайы өндірістік процестің
қатысушылары болып табылатын заңды және жеке тұлғалар (мемлекет,
кәсіпорындар, бірлестіктер, мекемелер, азаматтар) қаржылық бөлуде
субъектілер болып табылады.
Қаржының көмегімен бөлгіштік процесс қоғамдық өмірдің барлық
сфераларында – материалдық өндірісте, айналыс және тұтыну сфераларында
өтеді. Бөлудің қаржылық әдістері экономиканы басқарудың түрлі деңгейлерін:
жалпыұлттық, аумақтық, жергілікті днңгейді қамтиды. Қаржылық бөлініске
блінудің әр түрлі түрлерін – ішкішаруашылық, ішкісалалық, салааралық,
аумақаралық бөліністі тудратын көпсатылық тән.
Бөлу функциясы қаржы құралдарын жалпы өнім мен оның аса маңызды бөлігі
– ұлттық табысты, сондай-ақ ұлттық байлықтың бір бөлігін (мысалы, айналым
қаражаттарын, мемлекеттік мүлікті сату операцияларын шығарып тастағанда)
бөлу және қайта бөлу процесінде пайдаланаған кезде көрінеді. Бұл функцияны
қаржы өнімді өздігінше бөле береді деген мағынада емес, қаржы тек жасалған
өнімді бөлуді ғана ортақтастырып, жүзеге асырады деп түсіну керек. Былай
деп айтқан дұрыс: өнімнің науралдық-заттай құрамын бөлу ақша қорларын бөлу
арқылы жасалады. Мемелекет, кәсіпорын, фирма және халық арасаында ақша
қорларын (табыстар мен қорланымдарды) бөлуге сәйкес жасалаған натуралдық
өнім де бөлінеді.
Қайта бөлу салалық, сондай-ақ аумақтық тұрғыдағы шаруашылық жүргізуші
субъектілер бойынша қоғамдық өнімді мүшелеуден сан алуан процесін қамтиды.
Мұның нәтижесінде натуралдық-заттай нысанындағы өнімді түпкілікті тұтынуды
қамтамассыз ету үшін ұдайы өндіріс қатысушыларының ақшаға деген әр түрлі
қажеттіліктері қанағаттандырылып отырады. Бұл орайда қатысушылардың
бәрінің табыстары басқаларының шығыстары есебінен қалыптасады және ұлттық
табыс қорлану қоры мен тұтыну қорына ие болады.
Қаржы көмегімен ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу екі әдіспен жүзеге
асырылады:
Қаржылық –бюджеттік әдіс. Ол бюджетке табыстарды алғанда және
бюджеттен қаражаттарды қайтарусыз тәртіппен бергенде қолданылады.
Несиелік – банктік әдіс. Ол уақытша бос қаржы ресурстарын жұмылдыруды
және қайырымдылық негізде кредиттер беруді білдіреді.
Алғашқы бөлу кезінде қаржы басқа экономикалық категориялармен –
бағамен, еңбекақмен өзара іс-қимыл жасайды. Қаржы қолданудың негізгі
сферасы – қайта бөлу, мұнда ол тектес экономикалық категориялармен –
кредитпен өзара іс-қимыл жасайды. Қаржының бөлгіштік функциясы аумақаралық,
салааралық, ішкісалалық, ішкішаруашылық бөліністі қамтыды. Аумақаралық және
салааралық қайта бөлу мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылады, бұл кезде
ақша қаражатары шаруашылық жүргізу субъектілерінің бірінен алынып, қаржы
ресурстарының жетіспеушілігін басынан кешіріп отырған әкімшілік-аумақтақ
бірлестіктер мен салаларға беріледі. Ішкісалалық және ішкішаруашылық қайта
бөлу сферасы экономиканың қайта құрудың барысында шаруашылық жүргізуші
субъектісінің тапқан қаражаттарын пайдалануды қажет ететін комерциялық есеп
пен өзін-өзі қаржыландыру әдістерінің енгізілуімен байланысты біртіндеп
тарылып келеді.
Бақылау функциясы экономикалық категория ретіндегі қаржыға тән қасиет
және қаржының не бірінші, не екінші фунциясымен бір мезгілде жүзеге асады.
Бақылау функциясы мазмұнының нақтылы көрінісі мемлекеттің қаржы саясатын
жүргізетіе қаржы органдары қызметінің барысында іске асады.
Бақылау функциясы қаржының бөлгіштік функциясынан туындайды және
жиынтық қоғамдық өнімді, ұлттық табысты және таза табысты тиісті ақша
қорлары бойынша бөлуге және оларды мақсатты жұмсауға бақылау жасаудан
көрінеді.
Бақылау функциясы қаржылық бақылауда – жалпы ішкі өнімді тиісті
қорларға бөлуге және оларды мақсатты арналым бойынша жұмсауға бақылау
жасауда көрінеді.
Қаржының бақылау функциясының экономикалық мағынасы кәсіпорынның,
фирманың шаруашылық – қаржы қызметіне теңгемен бақылау жүргізу. Бұл бақылау
материал, еңбек және ақша ресурстарын өнімсіз әрі тиімсіз пайдалануды
анықтап қана қоймай, сонымен бірге кәсіпорындарда, фирмаларда өндіріс
рентабелділігін арттырудың резервтерін ашуға, өндірістік емес шығындарды
болдырмауға мүмкіндік береді.
Қаржының экономикалық рөлі мына бағыттардан көрінеді:
қаржы капиталдың айналымын тездете отырып, кәсіпорындардың,
фирмалардың, өндірістік қызметті тиімділігінің өсуіне жағдай жасайды;
кірістер мен шығыстарды ұдайы салыстырып отыру арқылы қаржы
кәсіпорындардың, фирмалардың коммерциялық есебін нығайтып, дамытады;
қаржы ақша қорларын бөлу және қайта бөлу арқылы экономикалық өсудің ара
салмағын қамтамассыз етеді.;
қаржы ұлттық табыстарға қорлану және тұтыну қорларының үйлесу
тиімділігін арттырудың экономикалық негізін жасайды;
қаржы ұлттық экономикада меншіктің саны алуан нысандарының және
шаруашылық жүргізу нысандарының дамуына мүмкіндік туғызады.

1.2 Қаржы жүйесі және оны ұйымдастырудың қағидаттары

Жалпы институтционалдық тұрғыдан алғанда қаржы жүйесі бұл қаржы
мекемелерінің жиынтығы, ал экономикалық тұрғыдан – ол мемлекетте іс-әрекет
ететін бір-бірімен өзара байланысты қаржы қатынастарының жиынтығы.
Критерийге сәйкес қаржы жүйесі мынадай үш бөлікті қамтиды:
1) қаржы қатынастарының жиынтығы;
2) ақша қорларының жиынтығы;
3) басқарудың аппараты.
Ақша қорларының қатынасына байланысты мемлекет, шаруашылық жүргізуші
субъектілер, салалар, аймақтар және жеке азаматтар арасында пайда болатын
экономикалық, ақша қатынастарының жиынтығы қаржы қатынастарын құрайды.
Қаржы қатынастары негізінен екі сфераны құрайды:
1) мемлекеттік бюджетке жинақталатын мемлекеттің орталықтандырылған
ақша қорларын қалыптастырып, пайдаланумен байланысты болатын экономикалық
ақша қатынастары;
2) кәсіпорындардың орталықтандырылмаған ақша қорларының толық айналымын
ортақтастыратын экономикалық ақша қатынастары.
Қаржының материалдық мазмұны өзінің көрінісін қаржы ресурсын
қалыптастырып, пайдалануда табады, бұл ресурстар бюджет, мемлекеттік және
мемлекеттік емес әлеуметтік сақтандыру және қамсыздандару, амортизация,
айналым қаражаттары, тұтыну, резерв және басқа көптеген ақша қорларын
кіріктіреді.
Қаржы жүйесі интеграциялық тұрпатты жүйе болып табылады, оған кіретін
элементтердің тығыз байланысымен және оның қосалқы жүйелерінің бірде-бірі
өзінше өмір сүре алмайтындығымен сипатталады: қаржы бір жағынан, өндірістік
қатынастардың бір бөлігін білдіреді және осы қатынастар жүйесінің элементі
болып келеді, екінші жағынан, өзінің функциялық өзіндік ерекшелігі бар
өзара байланысты элементтерден тұратын жүйе болып табылады. Функциялық
сыныптауға сәйкес қаржыларда функциялық қосалқы жүйелер ретінде мыналарды
айтуға болады: салық, бюджет, сыртқы экономикалық, қаржылық жоспарлаудың,
қаржылық бақылаудың және басқа қосалқы жүйелері. Қаржы жүйесін сыныптаудың
функциялық критерийінен басқа қаржы субъектілерінің белгісі бойынша
сыныптау қолданылады, бұл қаржы жүйесін сфералар мен буындар бойынша:
мемлекеттің қаржысына, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысына,
халықтың қаржысына шектеуге мүмкіндік береді.
Мемлекеттің қаржысы – қоғамдық өнімнің құнын және ұлттық байлықтың бір
бөлігін бөлу және қайта бөлу туралы, мемлекет пен оның шаруашылық
субъектілерінің қарамағына қаржы ресурстарын қалыптастырумен және
мемлекеттің қаражаттарын олардың олардың жұмыс істеуімен байланысты ақша
қатынастары. Мемлекеттің қаржысы өзіне мемлекеттік бюджетті, мемлекеттік
бюджеттен тыс қорларды, мемлекеттік кредитті кіріктіреді.
Мемлекеттік бюджет – экономиканы, әлеуметтік-мәдени мұқтаждарды,
қорғаныс пен мемлекеттік басқарудың мұқтаждарын қаржыландыруға арналған
елдің орталықтандырылған қорын жасаумен және пайдаланумен байланысты ұлттық
табысты бөлу және қайта бөлу туралы мемлекеттің заңи және жеке тұлғалармен
пайда болатын ақша қатынастарымен көрінетін экономикалық категория.
Мемлекеттік бюджет орталық және жергілікті бюджеттерді кіріктіреді.
Мемлекеттен бюджеттен тыс қорлар – қорлардың ұйымдық дербестігі
негізінде кешенді пайдаланылатын бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді
қаржыландыру үшін тартылатын қаржы ресурстарын қайта бөлу мен пайдаланудың
айрықшалықтың нысаны.
Қалыптасу көздері:
a) арнаулы мақсатты салықтар, қарыздар;
ә) бюджеттен берілетін субсидиялар;
б) қосымша табыстар мен үнемделген қаржы ресурстары;
в) ерікті жарналар және қайырымдылықтар.
Мемлекеттік кредит – мемлекеттік билік органдарының органдарының
қарамағына уақытша бос ақша қаражаттарын жұмылдырумен байланысты байланысты
мемлекеттің заңи және тұлғалармен, соның ішінде шетелдіктермен және оларды
мемлекеттің шығыстарын қаржыландаруға пайдаланумен байланысты пайда болатын
кредит қатынастарының жиынтығы.
Қаржы жүйесіне жиі сақтандыруды да жатқызады, бірақ көптеген ғалымдар
дербес, бірақ қаржымен өзара іс-әрекет ететін категория деп есептейді.
Сақтандыру – шаруашылық жүргізуші субъектілерге келтірілген мүмкін
болған зиянды немесе болған сақтық жағдайларының салдарына байланысты
отбасыларының кірістеріндегі ысыраптарыды өтеуге арналған ақша жарналары
есебінен мақсатты сақтық қорларын құру туралы оның қатысушылары арасындағы
тұйық қайта бөлгіштік қатынастардың жиынтығы.

Материалдық өндіріс сферасының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің
қаржысы қаржылардың негізін құрайды, материалдық өндірісте нақтылы өнім –
қоғамның қаржы ресурстанының негізгі көзі жасалынатыдықтан ол қаржы
жүйесінің бастапқы сферасы болып табылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының құрамына мыналар кіреді:
1. Материалдық өндірістің барлық кәсіпорындары және нарықтық экономика
жағдайында өзінің қызметін коммерциялық есеп негізінде жүзеге асыратын
өндірістік емес сфераның бір бөлігінің қаржысы.
2. коммерциялық емес сфераның қаржысы. Коммерциялық емес қызмет белгілі
бір табыс алуды мақсат етпейді.
Қаржы жүйесіндегі өндірістік емес сфера қаржысының орны мен рөлі оның
ұлттық табысты бөлу және пайдалану жөніндегі байланысымен айқындалады.
Халықтың қаржысы қаржы жүйесінің ерекше бөлігі. Халық өзінің қаржы
жүйесімен және меншіктің барлық нысандарының шаруашылық жүргізуші
субъектілерінің өндірістік және өндірістік емес сфераларымен қарым-қатынас
жасайды. Бұл сан алуан қатынастар халыққа еңбекке ақы төлеумен, жинақтаушы
зейнетақы жүйесінен ақша қаражаттарын төлеумен, материалдық және
материалдық емес игіліктерді алумен байланысты.
Қаржы қатынастарынң нысандары мен ақша қорлары басқарылатын материалдық
объектіні құрайды. Басқарушы субъект қаржыны басқарудың мемлекеттік және
қоғамдық аппараттарының жүйесі – қаржы аппараты болып келеді, бұл қаржы
жүйесінің үшінші бөлігі болып табылады.
Мемлекеттің қаржысы қаржы ресурстарының орталықтандырылған қорын
жасаудың экономикалық нысаны мен мемлекеттің негізгі қаржы жоспары
ретіндегі мемлекеттік бюджетте, қоғамдық құжаттары мақсатты қаржыландырудың
қосымша көзі ретіндегі бюджеттен тыс арнаулы қорларда, мемлекеттік кредитте
көрінетін қаржы қатынастарын қамтиды.
Қаржы жүйесін құрудың қағидаттары:
Қаржы жүйесінің ұйымдастыруда централизм мен демократизмнің үйлесуі.
Мемлекеттік қаржы органдары тарапынан болатын орталықтандырылған
басшылықпен бір мезгілде жергілікті қаржы органдарына және шаруашылық
жүргізуші субъектілерге кең құқық пен дербестік берілген.
Ұлттық және аймақтқ мүдделерді сақтау. Аймақтарды дамытудың әлеуметтік
жағынан қабылдауға болатын деңгейі сияқты бұл қағидаттың талаптары қаржы
қатынастарында ұлттық теңдікті қамтамассыз етуге шақырады. Қаржы жүйесін
құрудағы оның көрінісі мемлекеттік қаржы органдары құрылымының ұттық-
мемлекеттік және әкімшілік–аймақтық құрылымына сай келуі.Қаржы жүйесі
бірлігінің қағидаты орталық қаржы органдары арқылы мемлекеттің жүргізіп
отырған бірыңғай мақсаттарымен алдын ала айқындалып отырады. Қаржылардың
барлық буындарын басқару бірыңғай негізгі заңнамалық және нормативтік
актілерге негізделеді.
Қаржы жүйесінің жеке элементтерінің функциялық арналымының қағидаты
қаржының әр буыны өз міндеттерін шешіп отыратындығынан көрінеді. Оған
айрықша қаржы аппараты сәйкес келеді. Мемлекет бюджеттің ресурстарын құрып,
пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды республиканың Қаржы министрлігі
мен Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жүзеге асырады.

2 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін сипаттау

2.1 Қаржы жүйесінің қалыптасуы мен даму жағдайын бағалау

Индикативтік жоспарлау нарықтық экономиканы мемелекеттік реттеуде және
экономиканың стратегиялық ұзақ мерзімді бағыттарын анықтауда маңызды орын
алады, мұның процесінде экономиканы ойдағыдай дамтудың бүкіл шегі
анықталады.
Қазақстанда индикативтік жоспарлау 1993 жылдан бері қолданылады. Оны
жасау барысында батыс Еуропа және Шығыс Азия елдерінің тәжірибелері негізге
алынып келеді. 1996 жылдан бері ағымдағы индикативті жоспарлау негізінде
мемлекеттік бюджетті жасау жұмыстары қалыптасты.
Аудит дамуының тарихы өзінің бастауын Ұлыбританиядан алады, мұнда XIX
ғасырдың ортасында алғашқы бухгалтерлер-аудиторлар пайда болды. Ал 1862
жылы Англияда “Міндетті аудит туралы заң” шықты. Францияда мұндай заң 1867
жылы, АҚШ-та 1937 жылы жарияланды.
Қазақстан Республикасында 1998 жылдың 20-қарашасынан бастап
“Аудитарлық қызмет туралы заң” жұмыс істейді. Ол аудиторлық қызметті жүзеге
асыру процесінде мемлекеттік органдар, яғни және жеке тұлғалар, аудиторлар
мен аудиторлық ұйымдар арасында туындайтын қатынастарды реттейді.
1991 жылға дейін, яғни КСРО ыдырағанға дейін елде көбінесе экономиканы
басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге
сәйкес келетін салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттің басты кіріс көздерінің
бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда және көтерме сатып алу
бағаларын қолдануға және мемлекеттік реттеп отыруға бағытталған болатын.
Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылдаған
бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты.
1991 жылғы желтоқсанның 25-нен бастап елімізде тұңғыш салық жүйесі
жұмыс істей бастады. Ол “Қазақстан Республикасының салық жүйесі туралы”
заңға негізделді. Бүл заң салық жүйесін құрудың қағидаттарын, салықтар мен
алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгілеген алғашқы
құжат еді. Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылға қаңтардың 1-нен бастап
13 жалпы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы саясаты және қаржы механизмі
Қаржы саясатының мазмұны, міндеттері, мақсаттары және қағидаттары
Қаржылық бақылаудың түрлері бойынша сыныпталу
Коммерциялық ұйымдар мен мекемелердің қаржысы
Ұлттық Банктің кәсіпорындар мониторингі жүйесінің ұйымдық құрылымын құру
Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару
Бюджетаралық қатынастар
Қаржылық бақылау әдістерімен қаржылық бақылаудың органдары
Қаржы саясатының мақсаттары мен міндеттері
Қолма-қол ақшасыз есеп айырылысу нышандары
Пәндер