Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің құрылымы мен ұйымдастыру ерекшеліктері


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

>Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 Қаржы жүйесінің мәні және қажеттілігі . . . 5

1. 1 Қаржы жүйесінің ұғымы және оның құрылымы . . . 5

1. 2 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін дамытудың алғышарттары . . . 7

1. 3 Қаржы жүйесін ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі . . . 8

2 Қаржы жүйесінің құрылымы немесе 2010 - 2011 жылдардағы қызметін талдау . . . 13

2. 1 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің құрылымын сипаттау . . . 13

2. 2 Жалпы мемлекеттік қаржылар - қаржы жүйесінің негізгі буыны ретінде . . . 15

2. 3 2010-2011 жылдардағы қаржы жүйесінің даму тенденциясын талдау . . . 19

3 Қазақстан республикасының қаржы жүйесін дамыту мәселелері және жетілдіру бағыттары . . . 23

3. 1 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін жетілдіру мәселелері мен оларды шешу жолдары . . . 23

Қорытынды . . . 25

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 27

Қосымша

</h3>
<h4>Кіріспе

Мемлекет экономикасында қаржы жүйесінің атқаратын қызметтері өте маңызды болып табылады. Қаржы жүйесінің жағдайына қарап экономиканың жағдайын болжауға болады. Қаржы жүйесінің қызметі экономикалық қатынастар жиынтығын туғызып, ақша қаражатын ұлғаймалы ұдайы өндірісте құру, пайдалануды жүзеге асырады және басқа да қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға жұмсалады.

Президенттің Қазақстан халқына жолдауында қойған біздің мемлекеттің кең ауқымды мақсаты - тәуелсіз гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды орнату үшін шекті ұзақ мерзімді басымдылықтарды жүзеге асыру керек: ұлттық қауіпсіздік, ішкі саяси тұрақтылық және қоғамның үйлесімі, шетелдік инвестициялар мен ішкі жиналымдардың жоғарғы деңгейімен бірге ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өркендеу, республика азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл - ауқаты, инфрақұрылымы, әсіресе көлік пен байланыс, кәсіби мемлекет. Осы басымдылықтарды іске асыру мемлекеттен орасан зор қаржылық ресурстарды жұмылдыру мен тиімді қолдануды талап етеді. Яғни қаржы экономиканың даму процесін қамтамасыз етуге бағытталады. </h4>

Экономикалық өмірде қаржының сыртқы көрінісі қоғамдық өндірістегі әр түрлі қатысушылар қаражаттарының қозғалысы түрінде болып жатады. Құбылыстар бетінде бұл қозғалыс ақшалай соманы шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір-бірімен қолма-қол ақшасыз жасасатын есеп айырысулары; табысты бөлу және кәсіпорындарда, фирмаларда ішкі шаруашылық арналымының қорларын қалыптастыру; мемлекеттік бюджеттің кірістеріне салық төлемдерін аудару; қайырымдылық қорларына қаражаттар төлеу және тағы басқа операциялар қолма-қол ақшасыз немесе қолма-қол ақшамен есеп айырысу түрінде бір иеленушіден басқа иеленушіге беруі болып табылады.

Мемлекеттік қаржылар ұлттық табысты қайта бөлуде, қоғамдық ұдайы өндірісті дамытуда, қоғамның экономикалық құрылымын қалыптастыруда, өндіргіш күштерді жетілдіруде маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік қаржылар әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыруға, мемлекеттік басқару аппараты мен қорғанысқа, тәртіп сақтау күштерін қаржыландыруға, сыртқы экономикалық қызметті атқаруға жұмсалады.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы материалдық және материалдық емес игіліктер жасалатын және елдің қаржы ресурстарының негізгі бөлігі қалыптасатын қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет көрсетеді. Экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес бұл қаржылар ұлттық шаруашылықты одан әрі дамытуға қажетті ақшалай табыстар мен қорланымдарды бөлу және пайдалану үшін қолданылады. Ал халықтың қаржысы шаруашылық, еңбек қызметтерінің (жалақы, акция дивиденті, банк салымының проценті және тағы басқалар) негізінде, коммерциялық және халықтық банктегі сақталған қаржылардың, зейнеткерлік қорды мемлекеттің іске қосуының нәтижесінде ақшалай қаражатты құрайды. Бұл құрылымдардың қызметі экономикалық қатынастар жиынтығын туғызып, ақша қаражатын ұлғаймалы ұдайы өндірісте құру, бөлу, пайдалануды жүзеге асырады және басқа да қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға жұмсалады.

Тақырыптың өзектілігі - Еліміздің ең басты экономикалық мазмұны орталықтандырылған жоспарлы жүйеден нарыққа өту болды. Қаржы ең алдымен бюджет жүйесінің дамуына айтарлықтай ықпал жасайды және қаржы жүйесі арқылы экономиканың жағдайын болжауға болады. Егемендігі жарасқан тәуелсіз еліміздің қаржы жүйесінің дамуы шаңдалып, дамыған елдер қатарында болуы мақсатқа алынды.

Курстық жұмыстың мақсаты - қаржы жүйесінің мәні мен маңызын ашу, Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің негізгі буындарымен таныстыру, сонымен қатар шет мемлекеттердің қаржы жүйесінің құрылымын еліміздің қаржы жүйесімен салыстыра отырып, оның негізгі мәселелері мен осы мәселелердің шешу жолымен таныстыру.

Курстық жұмыстың мақсатына сәйкес, осы жұмысты жазуда келесідей міндеттер қойылады:

  • Қаржы жүйесінің ұғымын ашу және Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің құрылымымен таныстыру;
  • Қаржылардың атқаратын қызметтерін және басқа экономикалық категориялармен байланысын ашу;
  • Дамыған шет мемлекеттердің қаржы жүйесінің құрамы мен құрылымымен таныстыру;
  • Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің негізгі элементтерінің маңызын ашу;
  • 2010-2011 жылдардағы қаржы жүйесінің даму тенденциясын талдау;
  • Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің дамыту мәселелерімен таныстыру;
  • Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін дамытудың алғы шарттарының маңызын ашу.

Қалыпты әлеуметтік-экономикалық дамудағы қаржылардың маңыздылығы ерекше. Сондықтан бірінші бөлімде мен қаржының мән-мағынасын, экономикалық мазмұнын, оның атқаратын қызметтері жайындағы мәселелерді және шет мемлекеттің қаржы жүйесін, дәлірек айтсақ, АҚШ мемлекетінің қаржы жүйесін қарастырамын. Екінші бөлімде қаржы жүйесінің құрылымын қарастырамын, 2010-2011 жылдардағы қызметіне талдау жасалады және соңғы үшінші бөлімде Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің даму мәселелерін және жетілдірудің бағыттарын қарастырамын. </h4>

1 Қаржы жүйесінің мәні және қажеттілігі

1. 1 Қаржы жүйесінің ұғымы және оның құрылымы

Қаржы (орта ғасырдағы латын тілінің «financia» сөзінен пайда болған «қолма қол ақша», «табыс» деген ұғымды білдіреді) қоғамда өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Қаржы әрқашанда мемлекеттің өсіп дамуымен тығыз байланысты және мемлекеттермен бір уақытта пайда болған. Қаржылар мемлекеттің атрибуты болып табылады және мемлекеттің материалдық тірегі ретінде көрініс табады. Негізінде қаржылар ақша түріндегі қоғамдық өнімді бөлуге байланысты экономикалық (ақшалай) қатынастардың айтарлықтай аумағын қамтиды және ақшалай сипатта болады. </h4> Қаржылар өте мол ақша қаражаттары қорлары ретінде әрқашанда мемлекет меншігінде болады және жалпы мемлекеттік мұқтаждықтардан қанағаттандыру процесінде басты рөл атқарады. Қаржылар мемлекеттің өсіп дамуының материалдық негізі және оның өзіне тән міндеттері мен функцияларын ақшалай қамтамасыз етудің қайнар көзі болып есептелінеді. Бұл терминнің авторын 1577 жылы «Республика туралы алты кітап» деген еңбегін жазған француз ғалымы Ж. Боден деп есептеуге болады . [8. 6-б]

Қаржының мәні оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің функцияларымен айқындалады. Қаржының пайда болуынын бастапқы шарты ақша қатынастарымен ортақтастырылған тауар өндірісі болып есептеледі. Тауар өндірісінің негізі тауар өндірушілердің экономикалық оқшауланушылығын шарттастыратын қоғамдық еңбек бөлінісі болып табылады. «Қаржы» термині екі мағынадан тұрады: материалдық мағынада және экономикалық категория ретінде.

Материалдық (ақшалай) мағынада қаржы деп мемлекеттің өз қармағындағы, меншігіндегі ақша қаражаттары қорларының жиынтығын айтады. Бұл жерде айта кететін бір жәйт, азаматтар көбінесе қаржыны ақша деп түсінеді. Қаржы өте мол ақша қаражаттары қорлары ретінде тек мемлекет қолында болады және ешқандай айырбас процесіне араласпайды. Ал азаматтардың қолында күнделікті өмірде жұмсалатын жалпыға бірдей құндылық баламасы - ақшалар болып табылады. Ал экономикалық категория ретінде қаржы деп мемлекеттің ақшалай ресурстарын жоспарлы түрде қалыптастыратын және бөлетін, сондай-ақ олардың пайдалануын ұйымдастыратын экономикалық қатынастардың жүйесін айтады. Қаржының ақшадан мазмұны жағынан да функциялары жағынан да айырмашылығы бар. Ақша - бұл ең алдымен өндірушілердің еңбек шығындары өлшенетін жалпыға ортақ балама, ал қаржы - жалпы ішкі өнім мен ұлттық табысты бөлудің және қайта бөлудің экономикалық тетігі, ақша қорларын жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы. Ол өндіруге, бөлуге және тұтынуға ықпал жасайды және объективті сипатта болады. Қаржының мәні ақша нысанындағы құн қозғалысынан туындайды. Мұндай қозғалыстың шарты тауар ақша қатынастарының болуы және экономикалық заңдардың іс-әрекеті болып табылады. Қаржының қажеттігі объективті мән-жайдан тауар-ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындайды .

«Қаржы жүйесі» ұғымы қаржы ұғымының одан әрі дамуы және нақтылана түсуі болып табылады. «Қаржы жүйесі» ақша қаражаттарының қорларын құру және пайдалану негізіндегі қатынастардың жиынтығын және де осы қатынастарды үйымдыстыратын органдарды қамтиды. Өзінің тарихи дамуында қаржы жүйесі ұзақ эволюциядан өтті. Қаржы қатынастарының пайда болуы кезінде қаржы жүйесі тек бір ғана буынмен мемлекеттік бюджетпен шектелді. Классикалық капитализм жағдайында батыстың көптеген өркениетті елдерінің, соның ішінде КСРО-ның қаржы жүйесін екі негізгі буын - мемлекеттік бюджет пен жергілікті қаржылар құрады. Олар ақша қорларын қалыптастыруға мүмкіндік берді, бұл буындардың көмегімен мемлекет өзінің саяси және экономикалық функцияларын орындап отырды. Қаржының мәнділік сипаттамасын, оның қоғамдық-экономикалық процестегі орнын негіздей отырып, қаржы жүйесін сыныптаудың қағидалы үлгісі қойылған. Осы критерийге сәйкес қаржы жүйесі мынандай үш бөлікті қамтиды: қаржы қатынастарының жиынтығы, ақша қорларының жиынтығы және басқарудың қаржы аппараты. [7. 52-б]

Ақша қорларының қозғалысына байланысты мемлекет, шаруашылық жүргізуші субъектілер, аймақтар және жеке азаматтар арасында пайда болатын экономикалық, ақша қатынастарының жиынтығы қаржы қатынастарын құрайды. Қаржы қатынастары негізінен екі сфераны қамтиды: мемлекеттік бюджетке жинақталатын мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорларын қалыптастырып, пайдаланумен байланысты болатын экономикалық ақша қатынастары және кәсіпорындардың орталықтандырылмаған ақша қорларының толық айналымын ортақтастыратын экономикалық ақша қатынастары.

Қаржы жүйесі оған кіретін элементтердің тығыз байланысымен және оның қосалқы жүйелерінің бірде-бірі өзінше өмір сүре алмайтындығымен сипатталады: қаржы бір жағынан өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдіреді және осы қатынастар жүйесінің элементі болып келеді, екінші жағынан өзінің функциялық өзіндік ерекшелігі бар өзара байланысты элементтерден тұратын жүйе болып табылады. Функциялық сыныптауға сәйкес қаржыларды функциялық қосалқы жүйелер ретінде мыналарды жатқызады: салық, бюджет, сыртқы экономикалық, қаржылық жоспарлаудың, қаржылық бақылаудың және басқа қосалқы жүйелер. Сонымен қаржылар ақшалай құралдар қорының қалыптасу, бөлу және пайдаланумен байланысты қатынастарды көрсетеді. <h4>

1. 2 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін дамытудың

алғышарттары

Қоғамның саяси және әлеуметтік өмірін демократияландыру, экономикалық реформа шаруашылық қызметті мемлекеттік құқықтық реттеуге көзқараста түбегейлі өзгертулерді қажет етеді. Бұл талаптарға экономикалық реформалардың дамуындағы жаңа кезеңді ашуға, өндірістік қатынастарды түбірлі өзгерту үшін негіз жасауға шақыратын негіз қалаушы заңнамалық актілер сай келеді: меншік туралы, мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру туралы, кәсіпорындар туралы, бюджет және салық жүйесі туралы, шаруашылқ қызмет бостандығы және кәсіпкерлікті дамыту туралы, сыртқы экономикалық қызметті ұйымдастыру туралы, банктер және банктік қызмет туралы, сақтық қызмет туралы, банкроттық туралы, шетелдік инвестициялар туралы, азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңдар және басқалар. </h4>

Аталған заңдардың қаржы қатынастарын да қоса, қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық қатынастарды құқықтық реттеуді жасау үшін база болып табылады. өзінің табиғаты бойынша бұл заңдар нарықтық экономиканың жаңа үлгісін жасауға, өндіріс тиімділігін ұзақ мерзімдегі және тұрақты факторлар ретіндегі қаржы қатынастарын дамытуға бағдарланған шаруашылық тіршілігі, экономикалық өзара қатынастар, қаржылық қызметі аймақ кәсіпорындар мен ұйымдардың және шаруашылық жүргізуші субъектілердің нақтылы дербестігін қамтамасыз ететін жаңа заңнамалық негізбен реттеліп отыруы тиіс.

Қазіргі кезде қаржы жүйесі терең өзгерістерге ұшырап, қайта құрылуда. Қаржы жүйесін қайта құрудың басты міндеті - оның Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақтандырып, одан әрі тездетуге ықпал етуді күшейту, ұлттық табыстың үздіксіз өсуін қамтамасыз ету, өндірістің барлық буындарында шаруашылық-коммерциялық есепті нығайту болып табылады.

Нарықтық қатынастарға көшу барысында қаржы жүйесінің рөлі мен маңызы шұғыр артады. Қаржы-несие нарықтық механизмдердің неғұрлым тиімді жұмыс істейтін секторлардың біріне айналуы тиіс.

Қаржы және ең алдымен бюджет жүйесі жалпы ішкі өнімнің өсуіне және оның басты бөлігі - ұлттық табысқа, макроэкономика және микроэкономика кәсіпорындардың, фирмалардың және салалардың дамуына және халықтың көптеген жігінің хал-ахуалына айтарлықтай ықпал жасайды.

Қоғамда істің жайы қаржы ахуалымен анықталады, сондықтан тұрақтану мен дамудың бағдарламасы бірінші кезекте экономиканың тиімділігін арттыру жөніндегі жалпы экономикалық шараларды іске асыруды қарастыруы тиіс.

Бұл шаралардың қатарында - өндірісітк қатынастарды жетілдіру, экономиканы әлеуметтік қайта бағдарлау, ұлттық шаруашылықтың құрылымын жаңғырту, ғылыми-техникалық прогресті тездету.

Сыртқы экономикалық қызметті жандандыру, ішкі өндіріс есебінен тұтыну рыногын толықтыру проблемасын шешу шаралары тұрақты қаржы шараларының ішінде инвестицияларды оңтайластыру, басқару аппаратын ұстауға жұмсалатын шығындарды азайту, шаруашылық жүргізудің барлық деңгейінде үнемдеу режимін қатаңдандыру қажет; экономиканың төменгі деңгейінде - залалдылықты болдырмау, коммерциялық есепті дамыту, қаржы жүйесінің барлық буындарында қаржылық өзара қарым-қатынастарды индикативтік реттеу қажет.

Қорытындылай келе, Қазақстан нарықтық және демократиялық реформаларды жүзеге асырды, саяси-әлеуметтік тұрақтылығын сақтады, әр түрлі салада көптеген жетістіктерге жетті - осындай қиын жодардан өтті.

Республикадағы макроэкономикалық тұрақтылыққа жеттік, құрылымдық реформалар өткізілді.

Ақырғы бес жылда Қазақстан Орта Азия мемлекеттерінің арасында жалпы ішкі өнімнің өсуі бойынша алдыңғы қатарда және де Еуропа мен Азия арасындағы көпірге айналды. Енді, Қазақстан тұрақты, сенімді серік болып табылады.

Негізгі инвестициялар пайдалы қазбалар, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, әлеуметтік сферадағы объектілердің дамуына және туризмнің дамуына бағытталған. Қазақстан өзінің тиімді географиялық орналысуына байланысты ірі аймақтық мемлекет ретінде, яғни соңғы жылдарда ноу-хау және қажетті қаржыларды өзіне қарата алады.

Таяудағы 25 жыл ішінде шетел инвесторлары 100 млн АҚШ долларынан жоғары болатын келісім шартқа отырды.

Қазақстан әлі де еуропалық мемлекеттермен экономикалық серіктесуге тырысады. [19. 3-б]

«Бүгінгі күнде біз, яғни Қазақстан мемлекеті алдымызға шамданушылық мәселе қоямыз - бәсекеге тұрақты дамыған 50 елдің қатарына қосылу», - деп Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев айтқан.

H 4> 1. 3 Қаржы жүйесін ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі

Американдық федерациясында бюджеттік құрылым АҚШ Конституциясымен қабылданды. Бұл құжат бойынша штаттар федеративті одаққа басқа өкілдіктермен қоса мемлекеттік шығындарды шығаруға құқықты тапсырды. ХХ ғасырда АҚШ-тың бюджетік құрылымы және федеративті бюджет көптеген өзгерістерге ұшырады. Негізінен, мемлекеттік бюджеттің мөлшері өсті, сонымен бірге мемлекеттің жалпы ішкі өнім, табыстар мен шығыстардың құрылымы, қаржылардың қатынасы да өзгерістерге ұшырады.

Басқа дамыған мемлекеттердегідей АҚШ-тың бюджеті де үш негізгі функцияларды орындайды:</h4>

  • мемлекеттік құралдарды ұстау (басқару аппараты, әскер, соттар және тағы басқалар) ;
  • әлеуметтік қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік топтардағы тұрғындар мен территориялар арасындағы табыстарды қайта бөлу;
  • экономикалық өсуге жағдай жасау, кәсіпкерлікті қолдаудағы шарттарды қалыптастыру үшін бюджетті құрал ретінде қолдану.

АҚШ-тың бюджеттік құрылымы федеративті болып саналады және үш деңгейден тұрады:

  1. федеративті бюджет;
  2. 50 штаттардың бюджеттері - федерация мүшелері;
  3. әкімшілік, шаруашылық-кәсіпкерлік, мәдени және басқа бөлімшелердің 12, 7 мың бюджеттері.

АҚШ-тағы федеральды бюджет - бұл негізгі бағыттар және бағдарламаларға сай түсімдердің көздері бойынша барлық мемлекеттік табыстар мен шығыстардың сметасы. Бюджеттік табыстар негізін салықтық және салықтық емес түсімдер құралады, сондағы біріншісі үлкен бөлігін құрайды.

Федеральды бюджеттің табыстар мен шығыстар құрылымы негізінен мемлекеттің бюджеттік-қаржылық саясатына байланысты жыл сайын өзгеріп отырады. АҚШ-тың феральды бюджеттің құрылымына саяси оқиғалар күшті әсер етеді. Сондықтан мемлекеттің қаржылық стратегиясын президенттің әкімшілігі анықтайды.

Әлеуметтік бағдарламалар маңызды екі функцияны орындайды:

  1. адамның капиталына инвестициялардың түсуін қамтамасыз етеді;
  2. қоғамдағы әлеуметік тұрақтылыққа кепілдік ретінде болады.

2002 жылғы бюджетте аса маңызды мән болып АҚШ-та білім жүйесін жетілдіру саналды. Бұл бюджет бойынша қаржы-қаражатты үш еседей бөлу, яғни 5 жылға 5 млрд доллар бөлінді. Президент әскери бюджетті 4, 8%-ке ұлғайтуды ұсынды. АҚШ-тың 2004 жылға бюджеті 2 трлн 230 млрд долларды құрады және американдық экономиканы ынталандыру бойынша жоспарларды қамтиды.

Федеральды үкіметтің бюджеттік жылы 1 қазаннан басталып, келесі жылдың 30 қыркүйегінде аяқталады, көптеген штаттарда - 1 шілдеден келесі жылдың 30 маусымына дейін. Штаттардың жартысынан көбі бюджетті екі жылға тәжірибелейді.

АҚШ-тағы штаттардың және жергілікті органдардың бюджеттері едәуір дербес немесе тәуелсіз деп айтуға болады. Оларды әкімшілік бірліктердің басқару органдары құрастырады, қабылдайды және орындайды. Федеральды өкімет штаттардың бюджеттерін бақыламайды. Штаттардың өкіметі қаржы және бюджет бойынша федерация алдында жауап бермейді. Шығыстардың сметасын бюджеттік және қаржылық бюролар құрастырады, ал табыстар сметасын - салықтық әне басқа органдар. Бюджеттің проекті жергілікті заңнамалық органдарға тапсырылады.

Штаттардың ең ірі шығыстары: ағарту (35% бюджеттің шығыстық бөлігі), әлеуметтік қамтамасыз ету (13%), денсаулық сақтау (9%), қоршаған ортаны қорғау, үй құрылысы.

Жергілікті бюджеттер мемлекеттік игіліктерді қаржыландыру мақсатында жұмсалады: тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатып алу, мемлекеттік ұйымдар мен кәсіпорындардағы жұмысшылар мен қызметкерлерге жалақыны төлеу.

Жергілікті өкімет органдарының бюджеттері бөлектенген және әрбір мемлекеттік басқару бөлімшесі өзінің бюджеті өзі құрастырады, қарастырады және орындайды.

Мемлекеттік қаржылар жүйесінде маңызды орынды дербес қаржылық мекемелер ретінде қалыптасқан арнайы қорлар атқарады. Олар мақсатты мағынасы бар аұшалай ресурстардың жиынтығын көрсетеді. Табыстары салықтық және салықтық емес түсімдер, сонымен қатар федеральды бюджеттің қаражаттары есебінен қалыптасады. Арнайы қорларға жатқызылады:

  • әлеуметтік сақтандыру қорлары - қартайғанда, денсаулығын жоғалтқан жағдайда және басқалар;
  • шаруашылық өмірді реттеуге бағытталған экономикалық қорлар;
  • ғылыми-зерттеушілік қорлар;
  • әскери-саяси қорлар - президенттің қарамағындағы резервтер.

Салықтық төлемдердің жүйесін көбінесе бюджеттің табыстық бөлігі анықтайды. Сондықтан АҚШ-тың салықтық жүйесі өзінің құрылымы жағынан бюджеттік жүйеге ұқсас және федеральды бюджеттің, штаттар мен жергілікті органдардың бюджеттердің табыстарының басты көзі болып есептеледі. Федеральды үкімет барлық салықтық түсімдердің 70% алады, штататрдың үкіметі - 20%, жергілікті өкімет - 10%. [17. 4-б]

Қазіргі федеральды салықтар құрылымына сегіз бағыттар (түрлер) кіреді:

  1. жеке табыс салығы (2001 жылы федеральды бюджеттің табыстық бөлігінің 48%) ;
  2. әлеуметтік қамтамасыз ету қорларына салықтық аударымдар (34%) ;
  3. корпоративті табыс салығы (10%) ;
  4. акциздік жиналымдар (4%) ;
  5. мұрагерлікке және сыйға салынатын салық;
  6. кеден баждары;
  7. тұтыну тауарларының көтермелік сатудан салығы;
  8. жылжитын және жылжымайтын мүлікке салық.

Соңғы үш салық түрлерінің сомасы 2001 жылғы федеральды бюджеттің 4% құрайды.

Тура салықтар американдық салық жүйесінде маңызды орынға ие, яғни олар: өзіндік табысқа салық (жеке табыс салығы), әлеуметтік қамтамасыз ету қорларына мақсатты аударымдар, корпоративті табыс салығы.

АҚШ-та жеке табысқа салық салудың келесі қасиеттері танылады:

  • салық салудың прогресивті мәні;
  • салықтық аударымдардың дискреттығы - әрбір үлкен ставка тек қана анықталған соманың нақты бөлігіне пайдаланылады;
  • салық салу ставкасының заңдылық тәртібіндегі үздіксіз өзгерістер;
  • салық салудың әмбебаптығы - табыстың теңдік сомасында әдетте бірдей салықтық ставкалар болады;
  • мақсатты жеңілдіктер мөлшерінің көптігі;
  • әлеуметтік қамтамасыз ету қорларына салықтық жиналымдардың ерекшеленуі;
  • салық салуға түспейтін жеке табыстардың белгіленген минималды деңгейі.

Федеральды салық салу жүйесіндегі өзінің көлемі жағынан екінші орындағы - әлеуметтік қамтамасыз ету қорларына жарналар - бірнеше компоненттерден тұрады. Оған кіретіндер: әлеуметтік сақтандыру үшін салық; медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін салық; жұмыссыздыққа жеке салық ретінде федеральды жәрдемақы қорындағы төлемдер.

Жергілікті салықтар үш негізгі топтарға бөлінеді.

Бірінші топ - жергілікті ооргандардың тура және жанама салықтары. Тура салықтарға: мүліктік және кәсіптік салықтар, мұрагерлікке және сыйға салынатын салықтар жатады, жанама салықтарға - сату үшін, жанармайға, темекі және ішімдік заттарына салынатын салықтар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттің қаржы жүйесінің қызметі
Қазақстан Республикасы бюджет жүйесін ұйымдастырудың теориялық негіздері
Қазақстан Республикасының мемлекет нысандарының жүйесі
Ақша саясаты
Мемлекеттік мекемелердегі бюджеттік есеп
Несиелік механизмнің экономикалық мағынасы
Ресейдің қаржы жүйесі
Қаржы механизмінің жүйесі
Мемлекеттің қаржы жүйесі және оның экономиканы реттеудегі рөлі
Пәннің оқу-әдістемелік кешенін дайындау бойынша ереже
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz