С.М.Соловьевтің тарихшы ретінде қалыптасуы


Жоспар.
I-тарау. С. М. Соловьевтің тарихшы ретінде қалыптасуы.
1. 1. Балалық, жасөспірім шағы.
1. 2. Ғылыми жолы, тарихшы ғалым.
II-тарау. С. М Соловьевтың тарихи көзқарастары.
2. 1. С. М. Соловьевтың «Ежелгі заманнан бергі Ресей тарихы» еңбегіне сипаттама.
2. 2. Ресейдің нақты-тарихи даму жолы туралы.
2. 3. Этникалық проблемалар мен мемлекеттің рөлі туралы.
2. 4. Теориялық-методологиялық проблемалар.
Қорытынды.
I-тарау. С. М. Соловьевтің тарихшы ретінде қалыптасуы.
1. 1. Балалық, жасөспірім шағы.
С. М. Соловьев Мәскеу қаласында заң мұғалімінің (діни мұғалім) Мәскеу коммерциялық училищесінің нұсқаушысының отбасында 1820жылы 5(17) мамырда дүниеге келді. Ол балалық және бозбалалық шағында әр түрлі таптағы; қаланың қарапайым халқымен шаруалардың, мещандардың, саудагерлердің балаларымен бірге өсті. Олар коммерциялық училищеде көп болатын. Оның ата-аналары әр түрлі сословиенің өкілдері еді. Болашақ тарихшының әкесі діни қызметкер соңынан протоиерей Михаил Васильевич Соловьев - діни сословиеден еді. (1) С. М Соловьев былай деп жазды: «Менің әкемнің туыстары діни қызметкерлер, дьякондар селода қалды, әкем селодан қалаға көшті . Оған қалаға келуіне Мәскеудің беделді метрополиті Платон Левшин көмектесті. Ол оны жаһан түздегі селодан қалаға алып келіп, демалыста жүрген граф И. А. Остерманның үйіне орналастырды. (2)
Соловьевтың әкесі өз заманының білімді діни қызметкері болды. Ол французша өте жақсы сөйледі, грек тілін білді. Үйінде өзінің кітап қоры аз жеке кітапханасы болды.
Михаил Васильевич дворян атағын алған чиновниктің қызы Елена Ивановна Шатроваға үйленді. «Мен бозбала шағымда, -деп еске алады С. М. Соловьев, - кейбір діни қызметкер отбасыларында өздерінің тұрмыс жағдайына деген нарзылықтарды байқадым, олар бұл жағдайдан құтылғысы келетін әрекеттер жасады. Біздің отбасы да сондай күй кешті, тұғырықтан шығу үшін анам белсенділік танытты» . Соловьевтың анасының көпшілік туыстары мен таныстары діни адамдар емес еді. Бірақ бірен-саран туыстары діни қызметкерлер болатын. Анам оларды жек көретін. Ол М. В. Соловьевті діни қызметті тастап басқа жұмысқа, яғни діни емес училищеге кір деп итермелеп отырды. (3)
Діни отбасылардың дәстүрі бойынша әкесі С. М. Соловьевті Мәскеу діни училищесіне оқуға жазып қояды. Бұл училище Петровск монастырінде болатын. Соловьев училищеге тек емтихан тапсыру үшін ғана баратын құқыққа ие болды. Әкесі оны дін заңдарына, латын және грек тілін оқытуды өзі жүргізді. Басқа пәндер бойынша ол сабақ тыңдауға коммепция училищесінің сыныбына барды. Ол училищедегіжәне әкесінің беретін сабақтарын қиындықпен меңгерді. «Коммерциялық училищеде оқуды нашар өткізетін еді, бірақ та онда кітаптар өте көп болатын, мен үйге әкеліп оқитын едім» деп еске алады С. М. Соловьев. «Петровск монастыріне емтихан тапсыруға барған күндерім менің бозбалалық шағымдағы бейшаралық күндерім еді» (4)
Әкесі болашақ тарихшының тарих пен саяхатқа деген қызығушылығына көзі жеткен соң, діни училищеден шығарып гимназияға оқуға береді. Оның тарихқа деген қызығушылығын ата-аналарымен тарихи маңызы бар, Ресей тарихында алатын орны зор қалалар мен жерлерге жасаған саяхаттары тудырып, толықтырды.
Анасының ықпалды туысы Ярославль және Ростов архиепископы Авраам Шумилин болатын(1844ж қайтыс болды) .
«мен гимназияға оқуға түспестен бұрын және онда оқып жүрген кезімде ата-анаммен Ярославльге үш рет бардым. Онда анамның ағасы архирей болып қызмет істейтін. Мәскеуден Ярославльге дейін 240 шақырым болатын. Біздер үш ат жеккен кибиткамен төрт тәулік жүретінбіз. Осылай мен Тройцк лаврасымен, Переяславль-Залесскиі таза көлімен, Ростовпен, Ярославль және Волгамен танысып, көрдім»- деп еске алады С. М. Соловьев(5) . Ол бұл саяхаттарды алғаш рет сегіз-тоғыз жасында жасады. Соловьев Мәскеу-Петербург жолындағы сәулетті қалалардың - Тверь, Торжок, Вышний Волочок, орыс венециясы Валдай, Новгород және т. б қалалар үстінен өтті. (6)
Болашақ тарихшының тарихқа, саяхатқа қызығушылығының тууына бірден-бір әсер еткен оның тәрбиешісі еді. Тәрбиеші крепостнойлы деревняда туып-өсіп Ресейдің көп жерлерін аралаған. Ол Соловьевтің ең жақын досы болып, оның ой-санасының қалыптасуына мол әсерін тигізді. Қарапайым, қайырымды, халық арасынан шыққан әйелдің жас тәрбиеленушінің айтулы тұлға болып қалыптасуына да әсер етті.
Гимназияға түсер алдында бала көптеген кітаптармен таныс болды. Кітап оқу- оның діни уездік училищеде де, гимназияда да бос уақытындағы ермегі болды. «Менің мінезімнің қалыптасуына әкемнің тып-тыныш үйінде өмір сүруім әсер етті, апаларым пансионда оқитын еді. Сондықтан мен күн бойы жалғыз болғандықтан, кітаптарды қызыға оқитын едім. Кітап оқу мені ляззат пен рахатқа бөлейтін»(7) .
Соловьев бастапқыда кітаптардың барлығын сыр-сипатына қарамай оқыды. Кейіннен ол тарихи оқиғалар жазатын жазушылардың кітаптарын оқитын болды. Гуак, Радклиф, Вальтер Скотт, Нарежный мен Загоскиннің, яғни тарихи темаға жазған романдарын оқи бастады. «Мен әкемнің кітаптарының арасынан Басалаевтың «Жалпы тарих» деген кітабын тауып алдым. Бұл кітапты сүйсіне оқыдым, оның бір бетін қалдырмай бірнеше рет қайталап оқыдым. Мені әсіресе рим тарихы қызықтырды»(8) . Кітапты құрастырушы Мәскеу университетінің қайырымдылық пансионының тарих пәнінен сабақ беретін мұғалімі И. Н. Басалаев болатын. Мен Басалаевтың кітабын оқып болғаннан кейін Аббат Милоттың тарихи кітабын оқуға кірістім. Мен оны бірнеше рет оқып шықтым. Оған қоятын қарсы бірнеше қарсы сұрақтарым да жеткілікті»(9) . XYIIIғасырда Ресейде француз жазушыларының кітаптарының аудармасы халық алдында кең танылымға ие болды.
«Маған Милоттың тарихи кітабымен бір мезгілде Кармзиннің тарихы қолыма түсті. Мен оның кітабын гимназияға түскенге дейін он екі рет оқып шықтым»(10) . Кейін ер жеткен шақта Соловьев Карамзиннің бұл шығармасына сын айтып бағалайды.
«Тарихи кітаптарды оқудан кейінгі менің жақсы көретінім саяхатқа шығу бола-тұғын. Бірнеше рет «саяхатқа шығу тарихы», «Бүкіләлемдік саяхатқа нұсқау» кітаптарын әлденеше рет оқыдым»(11) . Жоғарыда айтылған кітаптар Ресейде бірнеше рет баспадан шыққан болатын. «Саяхатқа шығу тарихы» Соловьевтің есінде көп томдық әдебиет болып қалды. «Бүкіл әлемдік саяхатқа шығу немесе ескі немесе жаңа әлемді түсіну» кітабын Жозеф де Порте (1713-1779) 27 том етіп шығарған. Бұл география және этнография туралы әдебиеттерді Соловьев сүйсініп оқыды.
С. М. Соловьев он үш жасында үшінші сыныпқа Бірінші Мәскеу академиялық гимназиясына оқуға алынды. Гимназия Мәскеу университетімен тығыз қарым-қатынаста болды. Гимназияны университеттің мұғалімдері келіп, тексеріп тұрды. Мысалы, ғалым-педагогтар М. Г. Павлов, Н. И. Надеждин. Гимназияда университет мұғалімдері де сабақ берді, атап айтсақ физика мен математика мұғалімі П. Н. Погорельский, орыс тілінің мұғалімі П. Н Павлов және т. б.
Соловьев гимназияда 1833-1838жылдары бес жыл, яғеи үшінші сыныптан жетінші сыныпқа дейін оқыды. Ол барлық сабақты барлық пәннен өте жақсы оқыды. Тек математика пәні қиындық туғызды. Ол пәнді кішкентайынан жақтырмады.
XIXғасырдың 30-шы жылдарының ортасында Мәскеу оқу округінің басшысы болып адал және қатал С. Г. Строгонов қызметке келеді. Ол өз оқу округінде ғылым, білім, педагогиканы көтеруге қажырлы еңбек сіңірді.
С. Г. Строгонов гимназияны кезекті рет көруге келген кезде, оған С. М. Соловьевті бірінші оқушы ретінде таныстырды. Строгонов сол кезден бастап Соловьевті назардан тыс қалдырмады(12) .
Соловьев оқу бітіру емтихандарын жақсы тапсырды. 1838 жылдан бастап бұл емтихандар университетке тапсырылған деп есептелінді. Соловьевке бірінші окушы ретінде гимназия туралы шығарма жазуға сенім білдіріледі. Соловьев салтанатты жиналыста шығармасын оқыды.
Ол: «Өз ана тіліңді жақсы білгің келсе, ертедегі тілдерді әсіресе грек тілін үйрену қажет»-деп айтты(13) . Он сегіз жасар болашақ тарихшыға күміс медаль берілді, шығармасы ресми басылымдарда жарыққа шығатын болды. Осылай орыс баспасында бірінші рет Соловьев тің фамилиясы басыла бастады. 1904 жылы Бірінші Мәскеу гимназиясының 100жылдық тойында, оның ғимаратында С. М. Соловьевтың есімі жазылған мемориалдық тақта ілінді(14) .
1. 2. Ғылыми жолы, тарихшы ғалым.
Мәскеу университетіне Соловьев 1838 жылы күзде түсті. Университет бұл кезде жаңадан күшейіп келе жатқан еді. 1835 жылы бекітілген устав бойынша университетте отыз тоғыз кафедра болды. Жаңа кафедралар: заңтанудың энцеклопедиясы, славян тілдері мен әдебиеті, орыс тарихы, жалпы тарих ашылды. Студенттердің сандары көбейді. Оқу нәтижесін жақсарту шаралары жүргізілді. Кафедраларда жұмыс істеу үшін жас ғалымдарды дайындауға аса көңіл бөліне бастады. Қарт, скептикалық көзқарастары қалыптасқан оқытушылар М. Т. Каченовский, М. П. Погодин, И. И. Давыдовтың және т. б сабақ беру тәсілдері жас тарихшылар мен философтарды қанағаттандыра алмады. Студенттер бұл мұғалімдерді ұнатпады. 30жылдардың аяғы мен 40жылдардың басында университетке жаңа буындағы жас мұғалімдер (оқытушылар) келе бастады: тарихшылар Д. Л. Крюков, Т. Н. Грановский, К. Д. Кавелин және П. Н. Кудрявцев; политологэкономист А. И. Чивилев; юрист П. Г. Редкин; зоолог
К. Ф. Рулье және т. б. Бұл жас оқытушылар либералды-буржуазиялық идеяның жақтастары болды. Жаңа буындағы оқытушыларға студенттер үйір болды.
С. М. Соловьев өз заманының қоғамдық идеяларынан тез орын ала алмады. Алғашқыда ол славянофильдік үйірмелердің ықпалында болды. К. С. Аксаковпен дос болды, Погодиндік «Москвитянин» журналында мақалалары басыла бастады. Бірақ та ол студенттік кезінің өзінде батыстық көзқарастағыларға (западниктер) көңіл бөлетін еді. 40жылдардың ортасы мен екінші жартысында ол западниктердің үйірмелеріне кірді. Оның басшысы Т. Н. Грановский болды.
Соловьев барлық лекцияларға қатысып, жақсы оқыды. Әр уақытта лекцияны ұқыпты жазды, әдеттегідей көп оқыды. Сабақтан кейін студенттердің ортасында көп болды. С. М. Соловьев мұнда студенттер, кейін белгілі адамдар болған А. А. Фет(1840-1844жылдары оқыды), А. А. Григорьев(1840-1842жылдары), Я. П. Полонский(1839-1844ж. ж), М. Ф. Орловпен және т. б. танысты. Бұл үйірменің басшысы Апполон Григорьев болатын. Үйірмеде әдебиет, саясат, философия туралы жарыссөздер өтетін еді.
С. М Соловьев 1840 жылдары орыс жастарының сана-сезімін жаулап алған Гегельдің философиясына көңіл аудара бастады.
«Бізде Гегельдің философиясы жарай бастады, оның барлық шығармаларын оқымасақ та ол біздің басымызды баурап алды. Біз ол туралы тек жас оқытушылардың лекцияларынан естіген болсақ та, студенттер Гегель терминдерін ауыздан тастамайтын болды. Мен Гегельдің «тарих философиясын ғана оқып шықтым, ол маған өте қатты әсер етті»-деп жазады Соловьев(15)
Ұлы философтың диалектикасы Соловьевтың санасына толығымен ене бастады. Кейіннен ол оның тарихқа деген көзқарасының дамуына әсер етті. Студенттік жылдары Ж. Сисмондидің «француз тарихы», У. Робертсонның «Шотландия тарихы», П. Шафариктің «Славян ертедегілері» деген әдебиеттерді оқып шықты. Ол сол кездері аты шыққан неміс жас гегельшісі Д. Штраустың «Иисустың өмірі» атты кітабын оқыды. Бұл кітап заманындағы дінге қарсы жазылған белгілі шығармалардың бірі болатын. Батыс Европалық тарихшылардың ішінде С. М. Соловьевке қатты әсерін қалдырған Франсуа Гизо болатын. Соловьев «өмір бойы Гизоның шығармаларына табынушымын» деп есептеді(16) .
М. П. Погодин оқыған орыс тарихы туралы лекциялар С. М. Соловьевты қанағаттандырмады. Оның білімі кеңтарамды болатын. М. П. Погодин лекцияда Карамзиннің «орыс мемлекетінің тарихын» оқушы еді. Соловьев Погодиннің лекциясына жиі қайталанатын эпизодты ирониямен еске түсіретін еді: «Ол лекциясын былай болды деп бастағанда, мен Михаил Петрович мына ескертуде маңызды ұсыныс бардейтінмін. Жолдастарым мені Погодиннің суфлері деп атап кетті, Погодиннің өзі маған назар аударатын еді. . »(17) . Профессор Соловьевке өзінің кітапханасына оқуға рұқсат етті. Оның жинаған көптеген ертедегі қолжазбалар қоры болатын. Емтихандарда Погодин Соловьевтің жауаптарын тыңдап отырып, қатысып отырған бастықтарға: «Соловьев курстық орыс тарихы бойынша ең үздік оқушы, ол менің қызмет еткен жылдарымдағы ең озат оқушы»-дейтін(18) .
Соловьев аздаған толқыныстан кейін отандық тарихты зерттеуге белін буды. Погодиннің сен қандай мәселемен шұғылданғанды ұнатасын деген сұрағына, Соловьев: «Барлық орыстармен, орыс тарихымен, орыс тілімен, орыс әдебиетімен шұғылдануды»-деп жауап берді. Д. Л. Крюков пен Т. И. Грановскийдің ертедегі және орта ғасыр тарихынан оқыған лекциялары Соловьевтың жанына терең із қалдырды. Ол өмір бойы өзін Ресей тарихына арнаса да, жалпы тарихпен халықаралық қатынастар тарихына аса көңіл бөлді. Погодиннің ұсынысы С. Г. Строгонов үшін жаңалық емес еді. Ол қарт ғалымдарды жақтырмады, оған олардың сервелизмі ұнамады. Олардың ғылыми көзқарастары өзгерген деді. Строгоновтың әуелден Соловьевті ғылыми жұмыстармен шұғылданып, Мәскеу университетінің орыс тарихы кафедрасына Погодиннің орнына басшы етіп қойғысы келетін жоспары бар болатын. Профессор қызметіне дайындалған кезінде кандидат батыс елдерінің мәдениетімен, тұрмыс салтымен таныс болуы қажет болатын. Бірақ та Строгонов Соловьевті батыс елдеріне іссапарға ғылыммен шұғылдану үшін жібере алмады. Орыс тарихымен шұғылданушыларға мұндай іссапар қажет емес болатын. Өз қаражатымен Соловьев батыс европа елдеріне баруға мүмкіндігі жоқ еді. Бірақ та Строгонов бұл сұрақтың шешімін тапты. гимназия мұғалімі П. М. Попов университетке емтихан тапсыруға дайындалып жүрген Соловьевті өзіне шақырып алып Строгоновтың ұсынысын айтты. Ол: «Соловьев шетелге С. Г. Строгоновтың ағасы А. Г. Строгоновтың балаларын оқыту үшін үй мұғалімі болып баратындығы жөнінде және оның алдағы уақыттағы еңбекақысының 1200 франк көлемінде болатындығы» туралы ұсыныс тастады. Соловьев оған өз келісімін берді. ол былай ойлады: «Менің шетелге оқуға баратын өз қаражатымның болмағандығы және қазыналық есептен ешбір көмек бұйырмайтындығын білген соң, тіпті Мәскеуде магистратураға түсе алмайтындығымды сезген соң немен шұғылданатындығымды білмедім» («Записки» 270 б. ) Ол барлық магистратура жөніндегі ойларын тәмамдап, ендігі жерде жас балаларды соның ішінде ірі байлардың балаларын оқытуға арнады. Тек 1842 жылы маусым айының соңына қарай жергілікті жердегі пошта таситын каретамен жолға шығып 3 күн жүріп, Мәскеуден Петербургке келеді кейін пароходпен Травемюнге содан Любек порты арқылы Берлинге келеді. Батыс Европада 2 жыл болған уақытында Соловьевтің ой өрісі кеңейіп, санасы өсті. А. Г. Строгоновтың балаларына сабақ аз болды. Соловьев өзінің қызығушылығын герман жерлерінде, Австрияда, Белгияда, Францияда болды. Ол көне тарихи орталықтар болып саналатын Париж, Брюссель, Берлин, Страсбург, Прага, Регинсбург, Мюнхин, Дрезден, Гейделберг, Аахен, Веймар, қалаларында болды. Ол Италияда бола алмағандығына өкінді.
Шетелдерде Соловьев атақты ғалымдардың дәрістеріне қатынасып тыңдады. Олар философ Шеллинг; тарихшылар Крейцер, Неандер, Ранг, Рау, Траумер, Шлоссер; географ Риттер т. б. болатын. Францияда тарихшылар Ленорман Мишле, әдебиет тарихшылары Эдгар Ким, атақты франсуа Гизо, Ұлы поляк ақыны Адам Мицкеевич көрді. Соловьев Берлиннің, Париждің, Гейдельбергтің, Сорбонның ескі университеттерінде болды. ол Париждің королдық кітапханасымен танысты. Прагада чехтардың қайта өрлеу қозғалыстарының өкілдері В. Ганкпен, Ф. Палацкимен және П. Шафарикпен таныс болды. ол бұл жерде «славян қозғалысымен жақын танысқысы келді». Францияда Соловьев француз академиясының салтанатты мәжілісіне қатынасты. Оған атақты француз тарихшысы Мениенің «Шілде монархиясы қарсаңында қалыптасқан француздардың тұрмыс саясаты» деген ойлы сөздері қатты әсерін тигізді. Николайлық Ресейдің әскери полицилік тәртібіне үйренген Соловьевке Францияның буржуазиялық Конституцияға сүйенген тәртібі қызық болып көрінді.
Соловьев Мәскеумен өзара хат алысып тұрды. Ол Погодиннің кафедраны тастайтындығымен хабардар болып, елге қайтуға бел буды. Строгонов Соловьевті жылы қарсы алып, оның болашақта Погодиннің орнына отыратындығы жөнінде хабардар етті. Сондықтан бұл орынға келу үшін алдымен магистр емтихандарын тапсырған жағдайда, кафедра меңгерушісі ретінде тағайындалуға толық мүмкіндігі болды. Соловьев магистр атағын алу үшін өз дайындығын күшейтті. Оның қорғайтын дисертациясының тақырыбы: «Ұлы Новгородтың ұлы княздарымен қарым-қатынасы» турасында ой түйіндеді. («Записки» 286 бет) Жиырма төрт жасар ғылыми ізденуші Соловьевтің басшылыққа келуіне Строгоновтан басқа батысшыл-ғалымдар місе тұтпады, алайда Погодиннің орыннан кетуіне де батысшыл топтар тіптен де өз қарсылықтарын білдірмеген еді. («Записки» 287 бет)
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz