Дене шынықтыру және спорт педагогикасы – педаогикалық білімдер саласы және жалпы мәселелері
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І БӨЛІМ. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ ПЕДАГОГИКАСЫ . ПЕДАОГИКАЛЫҚ БІЛІМДЕР САЛАСЫ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1. Педагогика тәрбие туралы ғылым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2. Жаттықтырушының педагогикалық шығармашылығының мәні ... ... ... ..10
1.3. Ғылыми педагогикалық зерттеулер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
ІІ БӨЛІМ. ЖАТТЫҚТЫРУШЫНЫҢ ЕҢ МАҢЫЗДЫ ҚЫЗМЕТТЕРI ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.1. Тәрбие жүйесін құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.2. Сынып жетекшiсiнiң қызметтерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30

Қазіргі замандағы ғылымның әдіснамасы білімнің жеке бір саласы ретінде дамып келе жатыр, оған нақты-ғылыми деңгейде өкізілген зерттеулер сүйенеді.
Әдіснама дегеніміз әдістер туралы ілім, оларды зертттеушінің ойлау сипатын, оның танымдық процесінің дамуының жолын анықтаушы ретінде қарастыру қажет. Таным процесіндегі әдіске антикалық философияда-ақ үлкен мән берген, онда алғаш рет зерттеу нәтижесі мен ғылыми таным әдісі арасындағы өзара қатынас айқындалған болатын. Қазіргі уақытта таным әдістері, олардың қалыптасуы мен даму процесі зерттеу объектісін тану мен өлшеудің анық ғылыми нәтиже бере алатын нақты әдістерін талап ететін деңгейге жақындап келеді. Сондықтан ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістерінің дамуы мен жетілдіру процесі тұтас педагогикалық ғылымның дамуының ең басты құрамды бөлігі болып табылады.
Ғылыми зерттеудегі әр түрлі әдістердің өзара байланысы мәселесі көкейкесті мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе аспектілерінің бірі ғылыми танымдағы философиялық әдістердің орны туралы мәселе болып отыр. Зерттеушінің теориялыќ ойлауының негізінде материалистік диалектика әдісі жатыр, ол ізденушіні ғылыми фактілерді жинастыру мен түсіндірудегі субъективті көзқарастан, олардың біржаќтылығынан босатып, зерттеушіні зерттеу мәселесіне тарихи анализ жасауға , оның дамуының тенденциясы мен заңдылықтарын табуға, таным мен болмысты қарама-қайшылықтарды шешудің тәслдерін ашуға шақырады. Бұл объективті заңдылықтармен анықталатын білім мен ақиқаттың әр түрлі формаларының өзара байланысын анықтауға, қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарының ілгері дамуына икемделген ойлаудың басқа да диалектикалық әдістерін тереңірек түсінуге көмектеседі.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Педагогическая диагностика (Под ред. А. И. Кочетова – Минск: Нар. асвета, 1987).
2. Введение в научное исследование по педагогике М., 1988.
3. Скалова Я. Методология и методы педагогических исследований. М., 1989.
4. Радугина А.А. Психология и педагогика. М.: Издательство Центр. 1999.
5. Монахов Н.И. Изучение эффективности воспитания: теория и методика – М.: Педагогика, 1981.
6. Скаткин М.Н. Методология и методика педагогических исследований - М. 1986.
7. Успенский В.Б., Чернявская А.Г. Введение в психолого-педагогическую деятельность. М.:Издательство Владос – Пресс. 2003.
8. Бейсембаева А.А. Теория и практика гуманизации школьного образования. – Алматы, 1998.
9. Джадрина М.Ж. Дидактические аспекты дифференциации содержания школьного образования. – Алматы, 2000.
Дидактика средней школы. (Под ред. М.Н. Скаткина

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ ПЕДАГОГИКАСЫ - ПЕДАОГИКАЛЫҚ БІЛІМДЕР САЛАСЫ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І БӨЛІМ. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ ПЕДАГОГИКАСЫ - ПЕДАОГИКАЛЫҚ БІЛІМДЕР САЛАСЫ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.1. Педагогика тәрбие туралы ғылым ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2. Жаттықтырушының педагогикалық шығармашылығының мәні ... ... ... ..10
1.3. Ғылыми педагогикалық зерттеулер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
ІІ БӨЛІМ. ЖАТТЫҚТЫРУШЫНЫҢ ЕҢ МАҢЫЗДЫ ҚЫЗМЕТТЕРI ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
2.1. Тәрбие жүйесін құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.2. Сынып жетекшiсiнiң қызметтерi ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..30
КІРІСПЕ
Қазіргі замандағы ғылымның әдіснамасы білімнің жеке бір саласы ретінде дамып келе жатыр, оған нақты-ғылыми деңгейде өкізілген зерттеулер сүйенеді.
Әдіснама дегеніміз әдістер туралы ілім, оларды зертттеушінің ойлау сипатын, оның танымдық процесінің дамуының жолын анықтаушы ретінде қарастыру қажет. Таным процесіндегі әдіске антикалық философияда-ақ үлкен мән берген, онда алғаш рет зерттеу нәтижесі мен ғылыми таным әдісі арасындағы өзара қатынас айқындалған болатын. Қазіргі уақытта таным әдістері, олардың қалыптасуы мен даму процесі зерттеу объектісін тану мен өлшеудің анық ғылыми нәтиже бере алатын нақты әдістерін талап ететін деңгейге жақындап келеді. Сондықтан ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістерінің дамуы мен жетілдіру процесі тұтас педагогикалық ғылымның дамуының ең басты құрамды бөлігі болып табылады.
Ғылыми зерттеудегі әр түрлі әдістердің өзара байланысы мәселесі көкейкесті мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе аспектілерінің бірі ғылыми танымдағы философиялық әдістердің орны туралы мәселе болып отыр. Зерттеушінің теориялыќ ойлауының негізінде материалистік диалектика әдісі жатыр, ол ізденушіні ғылыми фактілерді жинастыру мен түсіндірудегі субъективті көзқарастан, олардың біржаќтылығынан босатып, зерттеушіні зерттеу мәселесіне тарихи анализ жасауға , оның дамуының тенденциясы мен заңдылықтарын табуға, таным мен болмысты қарама-қайшылықтарды шешудің тәслдерін ашуға шақырады. Бұл объективті заңдылықтармен анықталатын білім мен ақиқаттың әр түрлі формаларының өзара байланысын анықтауға, қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарының ілгері дамуына икемделген ойлаудың басқа да диалектикалық әдістерін тереңірек түсінуге көмектеседі.
І БӨЛІМ. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ ПЕДАГОГИКАСЫ - ПЕДАОГИКАЛЫҚ БІЛІМДЕР САЛАСЫ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1. Педагогика тәрбие туралы ғылым
Педагогика өзінің атауын гректің paidagogas баланы жетектеуші сөзінен алған. Ең алғашқысында бұл сөз қожасвның баласын мектепке жетектеп апарушы дегенді білдірсе, кейін ол тәрбие туралы ғылымның аты ретінде қалды. Тәрбие - қоғамның кейінгі ұрпақтарда өзін қайта көрсетумен байланысты атқаратын негізгі қызметтерінің бірі. Әрбір келешек ұрпақтың қоғамдағы орнын табуы ең алдымен өткен ұрпақтардың жинаған әлеуметтік тәжірибесін меңгеру деген сөз. Адамзат есейген сайын, мазмұны жағынан әлеуметтік тәжірибеде күрделене түседі. Сондықтан уақыт өткен сайын еңбектің қоғамдық бөлінісінде қоғамның тәрбиенің қызметін жүзеге асырумен байланысты кәсіби іс-әрекет бөлініп шықты. Өсіп келе жатқан балалардың әлеуметтік тәжірибені игеруі үшін - делдал - ұстаз, мұғалім керек. педагогика басқа ғылымдар сияқты, белгілі бір ақиқат саласындағы білімдерді жүйеге келтіреді. Қандайда болса ғылымның дамуы ұғымдар жүйесі арқылы ғылыми білімнің тұрақтануымен байланысты. Ғылымның негізгі ұғымдары категориялар деп аталады. Педагогикада негізгі ұғымдар категориялар) жүйесі жүзжылдық бойында қалыптасты. Ол кездейсоқ емес, өйткені алдымен педагогикалық білімдер философия төңірегінде жинақталған, педагогика философиядан бөлінуі педагогикалық ғылымның объектісінің (насынасынысң) анықталуымен байланысты.
Категориялар мазмұндарында объективті шындықтың маңызы жақтары бейнеленуі, яғни уақыт анықталған категорилар құрамы, ос ығылым зерттейтін, объектвиті шындықтың толық бағалы сипаттамасын жасауға мүмкіншілік береді. Бірақта бұл үшін зерттеліп отырған шындықтың шекарасын білу керек. ғылымдарды олардың нысанасы мен пәні бойынша ажыратау,а болады. Ғылымдарды олардың ақиқатының нақтылы сол ғылым зерттеуге латын саласы. Пән - бұл нақтылы ақиқаттың мәнін құрайтын негізі. Педагогика қоғамның тәрбиелік қызметін жүзеге асырумен байланысты ғылым. Демек, педагогикалық іс-әрекет іске асырылатын объективтік шындықтың жақтары, педагогиканың насынасы болады.
Ал педагогика пәні - индивидтің өткен ұрпақтардың әлеуметтік тәжірибесін меңгертетін оқу және оқудан тысуақыттың бірлігіндегі тұтас педагогикалық процесс болып табылады. Ұстаздар әлеуметтік тәжірибенің мазмұны мен оқушылар арасындағы келістіруші делдал болып табылады, тұлғаның қалыптасуы олардың белсенді қайта өзгерткіш әрекетіне байланысты.
Сонымен қатар, педагогикада жалпы ғылыми басқада адам туралы ғылымдар пайдаланатын ұғымдар пайдаланады.
- тұлға, іс-әрекет, даму, қалыптасу, педагогикалық болмысқа қатысты іс-әрекет мағналы болады, егерде ол табысты болса, өйткені осы жағдайда тұлға өзін-өзі ұйымдастыра алатын жүйе ретінде өмір сүре алады. Яғни іс-әрекет табыстылығы, қазіргі кезеңдегі білім берудің тұлғаға бағытталған парадигмасы тұрғысынан, педагогикалық негізгі категориялар құрамына кіретін ұғымға жатады.
Демек, педагогика теориясы педагогикалық шындықтың толық бағалы сипаттамасын жасау үшін тәрбие, білім беру, педагогикалық процесс, оқыту, әлеуметтендіру, іс-әрекет табысьтылығы сияқты негізгі ұғымдарын категорияларын) пайдалана алады, олар шындығында әртүрлі педагогикалық құбылыстарды танып білуде қолданылады
Педагогиканың негізгі ұғымдары (категориялары) өзара тығыз байланысты - мазмұнды түрде бір-бірін өзара толықтырады, әртүрлі жақтарын бейнелейді. Толық бағалы теориялық білім дәл негізгі ұғымдар рақылы бекітіледі.
Педагогикалық ғылымдар және олардың мазмұны. ХІХ ғасырға дейін ғылыми ізденістердің пәндік саласын анықтауға байланысты ғылымдардың бөлінуі(даралануы) белсенді жүрып жатты. Сонымен бірге білімдер аумағының өсуі жеке пәндерінің бөлінуіне алып келеді, яғни пәннің өзінің ішінде бөлініп даралануы басталды. Педагогика да бірте - бірте жалпы пәнмен байланысты бола отыра, мақсатары, жаса ерекшеліктері, оқу-тәрбиелеу, оқу орындарындағы типтері бойынша ерекшелегі бар салалар айқындала түсті.
Педагогика ғылымдарының жүйесіне, жалпы педагогика, жас ерекшелік педагогикасы, мектепке дейінге педагогика, кәсіби педагогика, педагогика мен білім берудің тарихы, салалық педагогика, корекциялық педагогиика, салыстырмалы педагогика, жеке пәндер әдістемесі және т.б. жатады. Кейінгі кезде педагогикалық білімнің дербес салалары ретінде әлеуметтік педагогика және т.б. бөліне бастады.
Жалпы педагогика педагогиклық процесс пен білім берудің негізгі заңдылықтарын зерттейді.
Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесінде. Педагогика білім беру, педагогикалық шындық туралы ғылым ретінде педагогикалық процестің дамуы мен қызмет етуінің заңдылықтарын зерттейді, теориялық білімдерді жинақтайды және жүйеге келтіреді, педагогоикалық шындық тәжірибесін зерттейді, яғни практика үшін педагогикалық шындықты қайта құру үшін негіз жасайды. Сондықтан осы саладағы ғылыми зерттеулер практикалық бағытталған сипатта болады. Міне осыдан педагогиканың гуманитарлық білімдер жүйесімен байланысы басталады. Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесіне кіргеніне қарамастан, ол педагогикалық мақсаттылық және тұлғаның қалыптасуына педагогикалық басшылықты зерттейтін бірден бір ғылыми пән.
Педагогикалық ой алғашында жалпы философиялық білімдер жүйесінлде, діни ілімдерде, саясатануда, заңда, әдебиетте дамиды. Педагогиканың дербес ғылым ретінде бөлініп шығуы (дифференциалдануы) белгілі бір уақыт кезеңінде ішкі ғылыми дифференциалдануға,педагогика ғылымдары жүйесінің түзелуіне алып келді. Бірақ ХІХ- ХХ ғасырлардағы зерттеулер педагогиканың ғылым аралық байланыстарының жоғарыда мәні болғанын көрсетеді. Қазіргі замандағы педагогика психологиямен тығыз байланысты. Психология адам психикасының дамуының заңдарын, ал педагогика - тұлғаның дамуын басқаруды зерттейді. Ойлаудың, іс-әрекетті мақсаттылықпен өзгерту психологиялық білімдерсіз мүмкін емес. Мұндай білімдерсіз тұлғаның оқығанын және тәрбиелілігін бағалуға мүмкін болмайды. Сондықтан педагогикада психологиялық білімдер ғана емес сонымен бірге педагогиклық міндеттерді шешу үшін тұлғаны зерттеу әдістері (рейтинг, психометрия, жұптық слыстыру және тағы басқалар) пайдаланылады.
Педагогика ол ағзаның материалды-энергиялық түрлілігін ашып көрсететін физиологияға, соның ішінде жоғарғы нерв қызметінің заңдылықатырна (И.П.Павлов, П.К.Анохин) сүйенеді. Мұндай білімдерді меңгеру танымдық іс-әрекет және тұлғаның әлеуметтену процестері табиғатын терең түсінуге мүмкіндік береді.
Педагогиканың социологиямен жан-жақты байланысының өте маңыздылығы ол қоғам туралы біртұтас жүйе ретіндегі және оның бөліктерінен тұратын ғылым болып табылады. Міне осыдан, педагогикның социологияның білім социологиясы, студенттер социаологиясы және т.б. тарауларына деген қызығушылығы туған, себебі тек қана социологиялық зерттеулер арқасында педагогтар, ұстаздар және қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, демографиялық және мәдени ортаның жағдайы туралы біле алады.
Педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы. Әдіснама грек тілінен аударғанда әдіс туралы ғылым деген мағынаны береді. Метод әдіс термині тікелей нақты бір нәрсеге деген жол ретінде анықталады, яғни методология мағынасы жағынан бір нәрсені тану туралы ғылым болады. Сондықтан әдіснама - зерттеу процесі туралы ілім ретінде де түсіндіріледі. Бұл ілім жалпы әдіснама, ғылыми ұғымның, теориялық нгізі, ретінде дамуы мүмкін. Сонда бұл нақтылы философиялық жүйемен байланысты. Ғылыми әдіснаманы жетілдірудің бастамасын және негізін Гегель салды, ол өз назарын бірінші болып философиялық әдістің ерекшелік сипатына, оның нақтылы ғылымдар әдістерінен айырмашылығына және әдіснаманың олармен үйлесімсіздігі назар аударды. Гегель әдіс дегеніміз мазмұның қозғалысы, құбылыстың мәнін ашып көрсету және оның мазмұнынан тыс жасалмайтындығын баса көрсетті.
Материалистік диалектика объективті шындықты тану әдістері негізінде табтғат, қоғам және адам ойлауының заңдары жатқанын негізге алады. Таным әдісі табиғат пен қоғамның объективті заңдарын көрсеткнеде ғана ғылыми бола алады. Сондықтан ғылыми танымның принциптері, оның категориялары мен ұғымдары адамның ақылымен жасалған кездейсоқ ережелерінің қосныдысыемес, ол табиғат, адам және қоғам заңдылықтарының бейнесі болып табылады.
Педагогикадағы жалпы теориялық зертетулерге педагогикалық процестің мәнін, заңдылықтарын, биологиялық пен әлеуметтіктің ра қатынасын; педагогикалық процесте тұлғаны қалыптастыру; тұлға және ұжым; ұжым тұлғаны қалыптастырудың әлеуметтік ортасы ретінде; педагогиклық процестің принциптері, оны ұйымдастырудың формалары мен әдістері және т.б. жатады.
Әрине, қазіргі педагогиканың кең көлемдегі сұрақтары пәнаралық және ғылым аралық байланыстарын дифференциаландыру мен интеграцияландыру негізінде педагог - зертетушілер мен праткиктардың зерттеу процесін ұйымдастырудағы дайындыығна байланысты тиімді жасалуы мүмкін.
Қандай да салада болмасын ғылыми таным, таным субъектісі (зерттеуші) зерттеу процесінің барлық элементтерін білуін талап етеді;
тақырыпты үйлестірудегі және оның көкейкестілігін дәлелдей білуді;
ғылымдағы тақырыптың зерттелу жағдайын дәне пайда болған қайшылықатрын анықтай білуді;
зерттеу мәселесін үйлестіре білуді (яғни жауапты талап ететін сұрақты);
мақсат (қандай нәтиже алуға болатындығын) нысана және зерттеу пәнін анықтай алуды.
Ғылыми зерттеуге тән нәрсе, сол мәселеде үйлестірілген сұрақ және болжамды белгілін бір жобаланған жауап ретінде бейнеленеді. Осыдан зерттеудің міндеттері шығады: зерттеу пәнінің теориясын негіздеу (теориялық сипаттама) және зерттеудің теориялық моделін жасау, эмпирикалық тәжірибені меңгеруді анықтаушы эксперимент және пелагогикалық шындықты қайта құруды қамтамасыз ету қлыптастырушы эксперимент.
Қойылған міндеттерді шешу зерттеушінің соған сай ғылыми әдічтерді қолдауын талап етеді. Теориялық және теориялық қолданбалы міндеттерді шешу үшін - теориялық деңгейдегі әдістер (теориялық және салыстырмалы талдау, нақтыдан абстрактылық және абстралылықтан нақтылыққа көтерілу, моделдеу, ойша эксперимент) қолданылады. Теориялық қолданбалы және қолданбалы сипаттағы міндеттерді шешу үшін: бақылау, әңгімелесеу, анкеталық педагогикалық құжаттарды оқып танысу, эксперимент қолданылады.
Ғылыми зерттеулердің басты белгісі қолдантын терминдердің біртектілігі (бір мағыналылығы) болып табылады, себебі басынан бастап, басты ұғымға қандай мағына мән берілетіндігі, не туралы екендгі айқын болуы керек.
Бір терминді (сөзді) бірнеше мағынада қолдануға болмайды. Бұның маңыздылығы сонда, зерттеу пәнінің ұғымдық сиапттамасы зерттейтін құбылыстың мәнін мазмұнды ашып көрсетудің оның теориялық моделін жасаудың кепілі болады.
Соңғысы арқылы зерттеу құбылытарының нақытлы педагогикалық шындықтағы жағдайын және практикалық іс-әректетер үшін берілетін нұсқаулардың тиімділігі бағаланады, олар праткика үшін қажетті әдістемелік материалдар мен нұсқаулар пакеті ретінде болашақ педагогикалық іс-әректетер жобасыда қаланады.
1.2. Жаттықтырушының педагогикалық шығармашылығының мәні
Педагогикалық техника түсінігіне анықтама. Жаттықтырушының жеке әсері, қарым-қатынас формалары, мінез-құлық стилі. Өз зейінін, эмоциясын, дауыс ырғағын басқара білуі.
Дене шынықтыру пәні мұғалімі және жаттықтырушының тіл техникасының негіздері.
Тұлғаға бағытталған гуманистік оқу-тәрбие процесінің мәні. Жас спортшы мен жаттықтырушы спортсаласындағы біртұтасас процесі субъектілері ретінде.
Дене шынықтыру пәні мұғалімі және жаттықтырушы тұлғасының гуманистік бағытталуы - педагогикалық шеберліктің бөлігі ретінде. Оқытушыға қойылатын тұлғалық талаптар. Мұғалім-жаттықтырушының гумандық педагогикалық позициясын қалыптастырудың жолдары мен құралдары.
Дене шынықтыру пәні мұғалімі және жаттықтырушыың білімдері - педагогикалық элементі ретінде. Жаттықтырушы білімінің құрылымы. Дене шынықтыру пәні мұғалімі және жаттықтырушының психологиялық-педагогикалық білімі мәні. Спорт түрлері бойынша жаттықтырушының арнаулы білімдері. Сабақ беру және оқыту жаттықтыру процесін ұйымдастыру әдістемесін игеру. Кәсіби мәселелерге шешім таба білу және педагогикалық жағдайларды талдау икемдері.
Педагогикалық қабілеттілік туралы түсінік.Дене шынықтыру пәні мұғалімі және жаттықтырушы қызметінің кәсіби тұрғыда маңызды тұлғалық қасиеттері.Педагогикалық әдеп дене шынықтыру пәні және жаттықтырушы шеберлігінің көрсеткіші ретінде. Оқытушының педагогикалық әдептілігі мен толеранттығы. Жанжалды шеше білу мәдениеті. Дене шынықтыру пәні мұғалімі жаттықтырушының беделі.
Мұғалім-жаттықтырушының шығармашылық қызметінің балалар спорт ұжымының шығармашылық қызметімен арақатынасы - педагогикалық шығармашылықтың маңызды кәсіби-этикалық принципі.
Дене шынықтыру пәні мұғалімі және жаттықтырушының шығармашылық көңіл-күйі.
Шығармашылық спорттағы жеке-дара еңбектің нәтижесі ретінде.
Озат оқушылардың тәжірибелерін зерттеп, жинақтау - мұғалім-жаттықтырушының педагогикалық шығармашылығының шарты ретінде.
1.3. Ғылыми педагогикалық зерттеулер
Әдіснама ғылыми таным әдістері туралы философиялық ілім ретінде. Әдіснама, әдіс пен теория әрқашан бір-бірімен тығыз байланысты. Теория педагогикалық құбылыстардың кез-келген әдіснаманың негізі болып табылады және сол әдістеменің көмегімен табылған фактілер арқасында кеңейеді. Теория - таным процесінің нәтижесі, ал әдіснама болса осы танымға жету мен оны құру тәсілі болып табылады. Бұл - теориялық және практикалық ғылыми-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру мен құрастырудың негізі мен тәсілдер жүйесі, бұл - осы жүйені тану жолы. Таным теориясы тұтас таным іс-әрекеті процесін және ең алдымен оның мазмұндық негізін зерттейді. Әдіснама шынайы және практикалық түрде тиімді білімге жетудің әдістері мен жолдарына көп көңіл бөледі, осы білімді дамытудың тәсілдерін іздестіреді.
Кез-келген әдіснамалық мәселелерді шешу белгілі бір гносеологиялық принциптер негізінде құралған бастапқы әдіснамалық тұжырымда жүзеге асады. Адамның танымдық іс-әрекетінің жалпы заңдылықтарын, оның даму заңдарын қалыптастыру философия ғылымының мәселесі. Білімді философиялық, аксиологиялық түсіну философияға тән және ол ғылыми білім туралы түсініктердің қалыптасуына шешуші ықпал етеді. Алайда зерттеушінің әдіснамалық тұжырымына жалғыз философия мен оның гносеологиялық негіздері ғана әсер етпейді. Зерттеушінің әдіснамалық тұжырымдама, көбінесе, ғылыми білімді құру мен дамыту теориясы болып табылады, өйткені ол психологиялық-педагогикалық ғылымға және оның тарихына бағытталады. Осыған орай, әрбір әдіснамалық тұжырымдама психологиялық- педагогикалық теориялар негізінде құрылып, соларға сүйенеді, өйткені олар осы тұжырымға жақын және оның ең басты құрылымдары болып табылады.
Әдіснамалық тұжырымдар ғылымның философиялық негіздері мен педагогикалық ғылымның зерттелетін саласының жетістіктеріне байланысты ажыратылады. Зерттеушінің әдіснамалық тұжырымының қалыптасуына бұған дейін қалыптасқан және басқа да психолгиялық-педагогикалық тұжырымдар әсер етеді. Жаңа әдіснамалық тұжырым оған дейінгі пайда болған әдістемелік концепциялар желісінде пайда болып, дамиды, ол нені іздеу керек және қалай іздеу керектігін дәл анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қоса, олар зерттеушіні тежеп, оның еркін ойлауына кедергі жасауы да мүмкін.
Зерттеушіге, кейде, ғылымдағы көпшілік қабылдаған, тұрақты ережелер туралы, әдістемелік көзқарастар, ғылыми мектептер бағыттары туралы ұмытып, олардан бас тартып, оларды дәлелді түрде жоққа шығарудың пайдасы көп болады. Сондай-ақ, әр түрлі тұжырымдарға, олардан шығатын мәселелерге және оларды шешудің ерекше тәсілдеріне сын көзбен қараудың да пайдасы зор. Іске осылайша қарау теориялық материалға деген өзіндік қатынасты қалыптастыруға, белгілі бір тұжырымдарға сүйеніп, бір жағынан философиялық ережелер ықпалындағы, ал екінші жағынан ғылыми-педагогикалық танымның белгілі бір саласына бағытталған кейбір тұжырымдарды сынауға көмектеседі.
Зерттеу жұмыстарына жаңадан араласқан зерттеушіге ғылыми талдау жүргізіп, ғылымдағы тұрақты философиялық және теориялық тұжырымдар мен қортындыларға сүйенудің пайдасы мол. Бұл зерттеліп жатқан саладағы жаңа жүйелік тұтастық білімдерін алуға көмектеседі. Эмпирикалық деңгейдегі білім қайта құрылып, теориялық білім мен нақты шындықтың өзара қатынасы саласындағы теориялық қортындылар мен нақтыландырулардың негізін құрастыру қажет. Теориялық білім дегеніміз сөздің, жалпы мағынасында, белгілі бір педагогикалық құбылысты талқылауға, қолдануға және түсіндіруге бағытталған ғылыми көзқарастар, түсініктер, идеялар жиынтығы. Ал, тар және арнайы мағынасында, ол дегеніміз педагогикалық іс-әрекеттің зерттелініп жатқан саласының заңдылықтары мен байланыстары туралы тұтас түсінік беретін ғылыми білімді ұйымдастыру формасы. Бұл тұтас білім жүйесіндегі ішкі шектеу, ол бір элементтердің басқа элементтерге тәуелділігін сипаттайды, ал теория мазмұны пікірлер мен түсініктер жиынтығынан тұрады. Теория көбінесе жеке тұлғаны тәрбиелеу, оқыту мен қалыптастырудың қалыптасқан тәжірибесін шығармашылықпен қайта құрумен байланысты. Осылайша, ол педагогикалық тәжірибені қортындылап, жеке тұлғаның болашақта қалыптасуы мен дамуының жоспарын анықтайды.
Теория өзара байланысты білімдер жиынтығы ғана емес, сонымен қатар, ол - осы білімдердің белгілі бір зерттеу бағдарламасы түрінде құралуының механизмі. Теория шынайы өмірде жоқ, бірақ теориялық-әдіснамалық білімдерге сүйеніп жүзеге асыруға болатын нәрсені құрастыруға көмектеседі. Осының бәрі ғылыми білімдердің жалпы жүйесі ретінде педагогикалық теорияның тұтастығын құрайды.
Теориялық білім зерттеушіге оның не нәрсені біле алатынын көрсетсе, практикалық білім оның не істеу керектігіне бағыттайды. Кез-келген теорияның ақиқаттылығының белгісі - болмыстың практикалық өзгерісі. Практика теориялық түсінікке қарағанда әлдеқайда кең және күрделі. Алайда, басқа жағынан қарағанда, теориялыќ болжамдар, мысалы, Д.И. Менделеевтің химикясы практикаға белгісіз жаңа химиялық элементтердің ашылуын болжаған. Осылайша Нептун ғаламшарының ашылуы да бірінші теория жүзінде болжанып, практика жүзінде заманға сай телескоптар пайда болған кезде ғана оны көре алған. Іс жүзінде таза теория болмайды, өйткені ол әрқашан зерттелінетін пәннің әдістемесімен өзара тығыз байланыста болады және зерттеу іс-әрекетінің бағытын анықтайтын бастапқы нүкте болып табылады.
Тарихи материализм әдісі барлық қоғамдық ғылымдар үшін жарамды және ол әлеуметтік, педагогикалық және басқа да заңдылықтар мен олардың дамуының ерекшеліктерін танудың негізі болып табылады. Ғылыми танымның осы әдістері шешуші мәнге ие, зерттеудің бағыты мен оның тағдырын анықтайды, ал оның таным объектісін зерттеудегі принциптік ыңғайы зерттеу нәтижелері мен олардың әдістемелік құндылықтары бағасының дүниетанымдық көрсеткіштері болып табылады.
Таным процесінде белгілі бір, нақты ғылымдарды (физика, математика, химия, тіл білімі) зерттеудің жекелеген, арнайы әдістері бар. Нақты ғылымдардың әдістерімен қатар жалпы ғылыми сипаттағы әдістер де кездеседі, олар барлық дерлік ғылымдарда қолданылады: байқап-бақылау, теңеу, талдау және жинақтау, дәріптеушілік, өлшеу, эксперимент, абстрактіден нақтыға қарай өрлеу, индукция мен дедукция; бұлардың әрқайсысы жеке ғылымдарда нақтылана түседі. Сонымен қатар, ғылыми әдістер ғылыми танымның эмпирикалық және теориялық әдістері болып екіге бөлінеді.
Сонымен, зерттеу әдісі дегеніміз күрделі танымдық әдістемелер, ал олар болса зерттеудің таным операцияларының іске асуының белгілі бір тәртібін белгілейтін әр түрлі әдіс-тәсілдерінің жиынтығынан тұрады.
Зерттеу әдістері педагогикалық ғылым дамуының басты құрамды бөлігі болып табылады. Педагогикалық ғылым мен тұтас педагогикалық білімнің дамуы педагогикалық зерттеу әдістерінің даму деңгейіне байланысты. Ғылыми нәтижелердің анықтығы алғашқы ақпаратарды алудың жолдары мен тәсілдеріне және зерттеу әдістерінің сенімділігіне байланысты. Кез-келген педагогикалық зерттеу белгілі ғылыми білімдерді дәлелдеу емес, ол - жаңа білімдерді табу процесі. Ол адамның зерттеу объектісі, заттары мен құбылыстарының мәнін ашуға бағытталған жан-жақты танымдық іс-әрекетінің бір түрі.
Эксперименталды-эмпирикалық деңгей әдістері. Педагогикада зерттеудің үш деңгейі бар: эмпирикалық, теориялық, әдіснамалық. Эксперименталды-эмпирикалық деңгей әдістерінің тұтас бір тобы бар (гр. Empeiria - тәжірибе).
1. Бақылау - заттар мен құбылыстарды мақсатты зерттеу, мағлұматтарды іріктеп жинау, көзбен көргенді сезім мөшелерімен қабылдау және санада бұл ақпаратқа талдау жасау; зерттеу объектісінің сыртқы жақтары, қасиеттері мен белгілері туралы мәлімет алу. Бақылау, ең алдымен, бақылаушының өзі, зерттеу объектісі, бақылау шарттары, сондай-ақ құралдары - видеоаспаптар, аспап-құралдар мен өлшеу құрал-саймандары жатады.
Бақылаушының бастапқы ұстанымы нені бақылау керек және қандай құбылыстарға көңіл бөлу керектігін анықтайды. Түйсік, сезім арқылы қабылдау мен түсініктерден басқа бақылап-зерттеуде зерттеушінің ұтымды жақтары да қатысады. Мысалы, геолог-зерттеуші мен тәжірибесі жоқ адам бір тасқа қарап тұрып, оны әр түрлі қабылдайды: біреуі құнды минерал деп қараса, екіншісі оған жай тас деп қарайды. Бұны мынандай әйгілі нақылмен түйіндеуге болады: ғалым адам көзімен көреді, басымен түсіндіреді: Зерттеу барысында бақу түрлерінің әр алуан жіктемесін ажырата алады:
- тікелей бақу, зерттеуші- мұғалім оқу-тәрбие жұмысының тікелей басшысы; сонымен қатар ол тікелей куәгер бола тұраып бейтарап адам және зерттеу мүшесі ретінде зерттеушілер тобына кірген кезде тікелей бақылау жүзеге асырылады. Мұғалімнің рөліне байланысты эмпирикалық фактілерді жинақтаудың техникасы мен әдісі таңдалып алынады;
- жанама баылау, ол тікелей бақылауы толықтырады және зерттеушімен бірге, оның бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін өкілдер арќылы жүзеге асады. Зерттеуші біреу туралы немесе бір нәрсе туралы жанама деректер алады;
- жасырын немесе елеусіз бақылау тұйық теледидар желісі және сынып бөлмелерінде телекамералары бар мектептерде жүргізіледі. Сабақты жасырын бақылап-зерттеу оқушылардың танымдық іс-әрекетінің және мұғаліммен ара қатынасы туралы шынайы мәлімет алуға мүмкіндік береді. Жасырын бақылап-зерттеу зерттеушіге құнды мәліметтер береді, оқушылар өздерін бақылап отырғанын көрсе өздерін басқаша ұстайды.
- үздіксіз бақылау оқыту процесін, екі-үш оқушының сабақтағы, ойындағы, сыныптан тыс, мектептен тыс мінез-құлқын зерттеуге қолданылады;
- дискретті (үзік-үзік) ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz