Ұлттық спорт түрлерінен тарихта аты қалған ұлы тұлғалар



ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І БӨЛІМ. ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН ТАРИХТА АТЫ ҚАЛҒАН ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1. Қажымұқан Мұңайтпасұлы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. Қажымұқанның әлемдік деңгейдегі палуан болып қалыптасуы ... ... ... ...10
ІІ БӨЛІМ. АТ ОЙЫНЫНЫҢ ТҮРЛІ ТӘСІЛІН МЕҢГЕРГЕН ӨНЕРПАЗ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
2.1. Баймырзаұлы Балуан Шолақ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.2. Балуан Шолақ . отаршылдыққа қарсы күрескер тұлға, теңдесі жоқ палуан ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
Егемен Қазақстан жағдайында халқымызды дене тәрбиесі оның ішінде ұлттық спорт пен ойындар арқылы салауаттық өмірге баулу, денсаулығын жақсарту, бұқаралық спортты дамыту, салт-дәстүрді сақтау, елін-жерін сүюге тәрбиелеу жолдарын ғылыми негіздеу осы жұмыстың өзекті бағыты болып табылады. Бұл жұмыстарды іске асыру Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 30 қаңтар 2010 жылғы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген «Қазақстанда бұқаралық спортты дамытуды 2020 жылға дейін 30 пайызға көтеру қажет» деген тапсырмасын орындауға бағытталып отыр.
Ұлттық ойындар мен спорт түрлерінің жалпы педагогикада, оның ішінде, этнопедагогикадағы алатын орнын анықтау, қазақ халқының ұрпақ тәрбиесі ішінде дене тәрбиесіне өте үлкен мән бергендігін, оған ұлттық ойындарды ұтымды қолдана білгендіктерін көрсетіп, жалпы тәрбиенің сан-саласына өзіндік үлкен үлестерін қосқан ойшылдар, ағартушылар еңбектерінің көп екендігін, оларға қазақ халқының рухани-тәрбие көсемдері Асанқайғы, Шалкиіз, Жиембет, Бұқар жырау, Тәуке, Әйтеке, Қазыбек, Төле билердің педагогикалық көзқарастары, оның ішінде дене тәрбиесіне байланысты еңбектері әлі зерттелмегендігін атап өту керек.
Сонымен қатар, этнопедагогикалық ойдың дамуына үлкен үлестерін қосқан ал-Фараби, А.Құнанбаев, Ш.Уалиханов, Ә.Диваев, С.Торайғыров, Ы.Алтынсарин, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Х.Досмұхамедов, т.б. халқына тәрбие құндылықтарын, оның ішінде дене тәрбиесіне байланысты айтқандарын ашу да осы еңбектің өзектілігін айқындайды.
Қазіргі заман талабына сәйкес дене тәрбиесі және спорт саласында ұлттық ойындар мен спорт түрлерін ұтымды қолдана білу жолдарын қарастыру, тарих толқынында жоғалған, шеттетілген, ұмытылған дәстүрлі ұлттық ойындарымызды халқымыздың мәдени, рухани құндылықтары негізінде қайтадан қалпына келтіру де осы жұмыстың өзекті тақырыбы болып саналады.
Болашақ ұрпақ тәрбиелеуде оның ішінде дене тәрбиесі бағытында өзінің қолайлы тәрбие құралдардың бірі екендігін дәлелдеп келе жатқан ұлттық ойындар мен ұлттық спорт түрлері қазіргі егемен Қазақстан халқы үшін атқарылып жатқан істердің ішінде өзінің пайдалы жақтарымен көрінуде. Ұлттық ойындар мен спорт халықтың тарихи қалыптасқан салт-дәстүрлерін жеткізуші ретінде, ұлттық тілді дамытуда қажеттілігі, барлық жастағы адамдардың денесін шынықтыру істеріндегі пайдалылығы, салауатты өмір сүруді насихаттауы, спортшылар дайындау жағынан маңыздылығымен ерекшеленеді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Қалмақан Әбдіқадыров “Қажымұқан” . Алматы. “Жалын” 1981.
2. “Ордабасы оттары” 1996ж 20 шілде № 53.
3. “Ордабасы оттары” 1996ж № 89 (16609) сәрсенбі, 16 қазан.
4. “Ұлан” газеті № 36 4 қыркүйек, 2001ж.
5. Хаджы мукан “Алимкул Буркитбаев” . Алматы 2003ж.
6. Мұрат Керегібай “Мұқан” . Астана 2004ж.
7. Естеліктер. “Күш атасы” . Алматы. Қазақстан 1990ж.
8. Оңтүстік спорт. “Қажымұқан қанағаты” № 20 (52), 30 қазан 2004ж.
9. Қазақ әдебиеті “Қажымұқанның туғанына 125 жыл” № 5. 30 қаңтар. 1996ж.
10. Барыс. “Қажымұқан балалары әлемнің түкпір - түкпірінде жүр”. 22.04.2003ж.

Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН ТАРИХТА АТЫ ҚАЛҒАН ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАР

ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І БӨЛІМ. ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН ТАРИХТА АТЫ ҚАЛҒАН ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
0.1. Қажымұқан Мұңайтпасұлы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Қажымұқанның әлемдік деңгейдегі палуан болып қалыптасуы ... ... ... ...10
ІІ БӨЛІМ. АТ ОЙЫНЫНЫҢ ТҮРЛІ ТӘСІЛІН МЕҢГЕРГЕН ӨНЕРПАЗ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.1. Баймырзаұлы Балуан Шолақ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.2. Балуан Шолақ - отаршылдыққа қарсы күрескер тұлға, теңдесі жоқ палуан ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 25

КІРІСПЕ

Егемен Қазақстан жағдайында халқымызды дене тәрбиесі оның ішінде ұлттық спорт пен ойындар арқылы салауаттық өмірге баулу, денсаулығын жақсарту, бұқаралық спортты дамыту, салт-дәстүрді сақтау, елін-жерін сүюге тәрбиелеу жолдарын ғылыми негіздеу осы жұмыстың өзекті бағыты болып табылады. Бұл жұмыстарды іске асыру Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 30 қаңтар 2010 жылғы Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері атты Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген Қазақстанда бұқаралық спортты дамытуды 2020 жылға дейін 30 пайызға көтеру қажет деген тапсырмасын орындауға бағытталып отыр.
Ұлттық ойындар мен спорт түрлерінің жалпы педагогикада, оның ішінде, этнопедагогикадағы алатын орнын анықтау, қазақ халқының ұрпақ тәрбиесі ішінде дене тәрбиесіне өте үлкен мән бергендігін, оған ұлттық ойындарды ұтымды қолдана білгендіктерін көрсетіп, жалпы тәрбиенің сан-саласына өзіндік үлкен үлестерін қосқан ойшылдар, ағартушылар еңбектерінің көп екендігін, оларға қазақ халқының рухани-тәрбие көсемдері Асанқайғы, Шалкиіз, Жиембет, Бұқар жырау, Тәуке, Әйтеке, Қазыбек, Төле билердің педагогикалық көзқарастары, оның ішінде дене тәрбиесіне байланысты еңбектері әлі зерттелмегендігін атап өту керек.
Сонымен қатар, этнопедагогикалық ойдың дамуына үлкен үлестерін қосқан ал-Фараби, А.Құнанбаев, Ш.Уалиханов, Ә.Диваев, С.Торайғыров, Ы.Алтынсарин, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Х.Досмұхамедов, т.б. халқына тәрбие құндылықтарын, оның ішінде дене тәрбиесіне байланысты айтқандарын ашу да осы еңбектің өзектілігін айқындайды.
Қазіргі заман талабына сәйкес дене тәрбиесі және спорт саласында ұлттық ойындар мен спорт түрлерін ұтымды қолдана білу жолдарын қарастыру, тарих толқынында жоғалған, шеттетілген, ұмытылған дәстүрлі ұлттық ойындарымызды халқымыздың мәдени, рухани құндылықтары негізінде қайтадан қалпына келтіру де осы жұмыстың өзекті тақырыбы болып саналады.
Болашақ ұрпақ тәрбиелеуде оның ішінде дене тәрбиесі бағытында өзінің қолайлы тәрбие құралдардың бірі екендігін дәлелдеп келе жатқан ұлттық ойындар мен ұлттық спорт түрлері қазіргі егемен Қазақстан халқы үшін атқарылып жатқан істердің ішінде өзінің пайдалы жақтарымен көрінуде. Ұлттық ойындар мен спорт халықтың тарихи қалыптасқан салт-дәстүрлерін жеткізуші ретінде, ұлттық тілді дамытуда қажеттілігі, барлық жастағы адамдардың денесін шынықтыру істеріндегі пайдалылығы, салауатты өмір сүруді насихаттауы, спортшылар дайындау жағынан маңыздылығымен ерекшеленеді.

І БӨЛІМ. ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН ТАРИХТА АТЫ ҚАЛҒАН ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАР
0.1. Қажымұқан Мұңайтпасұлы

Қажымұқан Мұңайтпасұлы - қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілген Қажы Мұқан бабамыз.
Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы! Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 54 мемлекетте күреске түсіп, 48 медаль олжалаған Қажымұқандай мықты XX ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде қазақта ғана болды. Ресейдің балуандар тобында Қажымұқаннан күші асқан ешкім болмағанын да айтуға тиіспіз. Дүние жүзінің чемпиондары Иван Поддубный, Иван Шемякин, Алекс Аберг, Иван Заикин, Георг Лурих, Георг Гаккеншмидт, Поль Понс, Вейланд Шульц сынды жампоздармен қатар жүру, боз кілемдегі айқастарда осы балуандарды шетінен жығып, бәйге алу -- сол заманда нағыз ерлік еді. Ол кезде империяның буына семірген Ресей күресінің қожайындары қазақты шын мәнінде менсінбеуші еді. Қажымұқан сондай ортада намысын жатқа берген жоқ. Кеудесін ешкімге бастырмады. Күрес қожайындарының, төрешілердің сан мәрте әділетсіздігіне белі бүгілмеді, еңсесі түспеді.
Тарихи деректерге сүйенсек ол 1871 жылғы 7 сәуірде Ақмола уезі, Қараөткел деген ауылда дүниеге келген. Кейбір зерттеулерде, оның 1886 жылы туғандығы айтылады. Қажымұқан кедей шаруаның баласы болғандықтан, орыс байларына және дәулетті адамдарға жалданған. Сөйте жүріп, күреске түсіп, той томалақтарда елге көрініп, бала балуан деген атқа ие болған.

Былай басталатын өлең жолдары оның сал-серілігінен де хабардар етеді:
Атандым Мұқан палуан, бала жастан.
Ішінде күштілердің болдым астам.
Талай-талай жерлердің дәмін татып,
Өтті дәурен осылай біздің бастан
Сонда сол циркте жеңген палуан, ең соңында жеңген палуан мен Қажымұқан күреске түседі. Оны жыға алмайды, дегенменен халық арасына танылады. Злобин деген цирктің қожасына ұнайды да, бұл жаңағы барлық зерттеулерде жазады ол Ваня ағай деген атақты алғашқы кәсіби Санкт-Петербургдағы мектепті ашқан атақты Лебедевке хат жазып жібереді. Сол арқылы ол сол жаққа барады. Сол жақта үш жылдай дәріс алады. Содан кейінгі өмірі Қажымұқанның үлкен өрісте болады, биіктей түседі жылдан жылға.
Талас аға жалғайды. Сонда ол орыстың көптеген палуандарымен танымсып, дос болады. Олардың ішінде Иван Поддубный, Иван Шемякин сияқты мықты мықты дүние жузіне белгілі жауырыны жерге тимеген, Иван Зайкин тәрізді балуандар бар, Шульц деген палуан осылармен тек қана күресіп қана қойған жоқ, рухани жағынан жақындасып, ұзақ жылдар дос болды.
Қажымұқанның тұңғыш рет әлемдік деңгейде көрінген шағы -- 1906 жыл. Алманияда өткен дүниежүзілік сайыста ол әлем чемпионы атанады. Бірақ орыс әкімшілігіне бұратана халықтың атын шығарған палуан онша ұнай қоймайды. Сол үшін де Қажымұқан орыс палуандарының атымен күресуге мәжбүр болды. Қажымұқанға неше түрлі лақап аттар беріледі. Сол кездегі саясат бойынша, бізде тек орыстар ғана емес, жапондықтар да күреседі деген жарнамалар жасалып, Қажымұқанды Ямагата Мухунури деген лақап атпен күрестіреді. Сонымен қатар, Мухан, Иван Чёрный сияқты лақап есімдері болған.
1909 жылғы халықаралық палуандар жарысына ол Қара Мұстафа деген атпен шыққан. Сөйтіп бүкіл дүние жүзіне Мұқанның неше түрлі лақап аттары тарай бастайды.
1910 жылы Мұқан тұңғыш рет Оңтүстік Америка құрлығына табан тірейді. Аргентинаның астанасы Буэнос-Айрес қаласында өткен еркін күрестен болған біріншілікте ол Америка чемпионы атанады.
1911 жылы Мұқан Мұңайтпасов Ыстамбұлға барады. Сол кезеңде әлемде түрік палуандарынан мықты палуандар жоқ сияқты көрінетіндігі соншалық , ол жаққа орыс палуандары аяқ баспайтын-ды. Осы ретте намысқой Қажымұқан өзі түркі халқының өкілі ретінде Түркияға баруға бел буады.
Ол поляк қызымен отау құрған. Омбыда мешітке апарып, оған Бәтима деген ат беріп, мұсылман дініне кіргізген. Патша үкіметі құлаған соң, балуанның отбасы азамат соғысы мен аштықтың салдарынан біраз сергелдеңге тап болады.
1937 жылы Қажымұқанның ізіне ІІХҚ қызметкерлері түсіп: Бұл патшаның адамы, оның қолынан медаль алған, сыйлық алған сыбайласы -- деп қудалауға ұшыратады. Сол себепті Қажы Мұқан отбасын тастап, Түркістан мен Өзбекстанда бас сауғалайды. Өмірінің соңғы кезеңі Түркістан жерінде өтеді.
Ұлы Отан соғысы басталған кезде Қажымұқан ҚКСР Жоғарғы кеңестің төрағасы Қазақбаевқа жолығып, оған Ел аралап, цирк өнерін көрсетсем, сол арқылы ақша тауып, майданға көмектессем -- деген ұсыныс айтады. Бұл ұсынысты үкімет қолдап, екі жылға жуық жүріп цирк өнерін көрсетіп, 100 мың сомдай ақша табады.
Егер ол өз заманында тәуелсіз елдің азаматы болса, оның Мұқан Мұңайтпасұлы деген шын есімі әлемдік спорт тарихында алтын әріптермен жазылар еді. Өмірінің 55 жылын күрес пен цирк өнеріне арнап, 50 шақты медальдің иесі болып, жеңіс тұғырынан түспеген дара тұлға -- қазақтың нағыз хас батыры.
Ол 1948 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген ауданы, Ленин туы колхозында қайтыс болды. Темірлан деген ауылда, қабырының басына ескерткіш орнатылған. Оның төрт әйелінен тараған ұрпақ Түркістан мен Ақмола өңірінде өмір сүруде.
Қосымша Ол ағамыз ең алғашқы лақап аты Муханура, Лебедев мырзада дәріс алып күрес өнерін дамытқан еркін күрестен әлемнің бірнеше дүркін жеңінпазы француз күресінен өзімен бірдей дәрежеде күресетіндер еркін күрестен бәрі бастарын идірген.
Ең алғаш рет ірі табысқа Қажымұқан Харбин қаласында өткізілген Халықаралық турнирде қол жеткізеді. Мұнда ол бірінші орынға ие болып, өңіріне алтын медаль тақты. Кейбір деректерде бұл турнир 1905 жылы өтті делінеді. Белгілі басты оқиға -- Қажымұқан Жиу-Житсу бойынша күресіп, турнирде бірде-бір рет жеңілмегені, үлкен алтын медаль жеңіп алғаны.
Харбин сапары Қажымұқанның даңқын аспанға көтереді. Енді оны Маньчжурия чемпионы деп атап кетеді, әрі Мухинура деген лақап ат беріледі. Қажымұқанның мұнан басқа да бірнеше лақап аттары болған. Солардың ішінде Октябрь революциясына дейін осы Мухинура деген лақап аты сақталып келді. Революцияға дейін ол қатысқан чемпионаттарды ұйымдастырушылар, сол замандағы жағымпаз баспасөз өкілдері, біресе жапон деп, біресе маньчжур деп, мүмкіндігінше қазақ екенін айтпауға тырысты. Мәселен, 1909 жылы Қажымұқан атақты эстон балуаны, әлем чемпионы Георг Лурихтың тобында күресіп жүреді. Лурих өз тобының жетекші балуандары жөнінде айта келіп, Қажымұқан туралы: Шығыс ұлы жапон „Мухинура" ол сирек кездесетін мықты балуан, күресте қайтпайтын бірбеттігі, далаға тән қайсарлығымен және ызақорлығымен ерекшеленеді -- деп жазған.
1910 жылы Америкаға, Еуропаға орыс балуандарының үлкен бір тобы аттанады. Сөз арасында айта кететін бір жайт, -- бұл сапарда Қажымұқанға еріп, әйелі Надежда Николаевна Чепковская да бармақ болған. Бірақ аяғы ауыр болуына байланысты Португалия порты Лиссабонда кемеге көтерілуіне рұқсат етілмейді. Жергілікті тәртіп бойынша, екіқабат әйелдерді мұхит кемелеріне мінгізбейді екен. Қажымұқанның өзі Бәтима деп атап кеткен Чепковская цирк актрисасы болған, әрі ерінің кәсіби күрестегі талай тамаша жеңістерін өз көзімен көрген.
Осы сапарда Америкаға барған балуандар бірнеше шағын топтарға бөлініп, әр жерде күреседі. Оңтүстік Американың ірі-ірі қалаларында күш сынасады. Олардың әсіресе Аргентина астанасы Буэнос-Айреске барған сапары сәтті болады. Қажымұқан бұл сапардан үлкен алтын медальмен оралады. Бірақ Қажымұқанның Америкада күрестің қай түрінен өнер көрсеткенін анықтаудың әзірше сәті түскен жоқ. Оның Американың еркін күрес түрі бойынша сайысқа түсу әбден ықтимал деген пікір бар. Себебі олай деуге негіз бар. Қажымұқан өзін әрқашан да еркін күрестен мықты сезінген де, франсузша күрестің техникасына шорқақтау болыпты.
Қажымұқан Оңтүстік Америкадан 1910 жылдың аяғына таман оралған сияқты. Олай дейтін себебіміз: ол 1910 жылдың желтоқсанында, 1911 жылдың қаңтарында Мәскеуде өткен Халықаралық чем-пионатқа қатысады. Бұл жолы Қажымұқан Разумовтың, Шнейдердің, Иогансанның, Винтердің, Апполинның жауырындарын қысқа уақытта кілемге тигізген. Осы чемпионатта сол заманда аты дүрілдеп тұрған Циклоппен ұзақ алысады. Айқас 20 минутқа созылып, тең аяқталған. Чемпионаттың жетінші күні Қажымұқан Әлем чемпионы Лурихпен кездеседі. 20 минутқа созылған бұл қиын белдесу еш нәтиже бермей, тең аяқталады. Ертеңіне Лурих қазақ балуанын тағы да кілемге шақырады.
Белгіленген уақытта Лурих тағы да жеңіске жете алмайды. Әккі Лурих қулыққа көшеді, ақыры ақшаға сатылған төрешілер Лурих жеңді деп хабарлайды. Күресті тамашалауға жиналған көпшілік бұл шешімге келіспейтіндіктерін білдіріп, үлкен шу шығарады. Жарысты ұйымдастырушылар кілемді тастай қашады. Төрешілердің Қажымұқанға қарсы ойлап тапқаны -- ол жарыс ережесін бұзды деген сылтау.
1911 жылдың сәуірінде Петербургте күреске қатысады. Бұл жолы чемпионатқа қатысушылар арасында Рауль де Раун мен Георг Лурих та болады. Әділетсіздік бұл жолы да Қажекеңнің алдынан шығады. Чемпионаттың жарты жолында баяғы әуен қайталанып, жарыс ережесін бұзды деп тағы да жарыстан шығарып тастайды. Петербург чемпионаты аяқталар-аяқталмастан, оны Польшаның астанасы Варшавада өтуге тиісті Халықаралық жарысқа шақырады.

1.2. Қажымұқанның әлемдік деңгейдегі палуан болып қалыптасуы

Қажымұқанның әлемдік деңгейдегі палуан болып қалыптасуына Санкт-Петербургтағы Иван Владимирович Лебедевтің күрес мектебі айтарлықтай үлес қосты. Бұл мектепке оны 1904 жылы Қызылжар базарында Мұқанмен күресіп, оны жыға алмаған атақты орыс палуаны Злобин жіберген-ді. Ол осы Лебедевке арнайы хат жазып, оның Мұқанды өз мектебіне қабылдауын өтініп сұраған еді. Мектеп табалдырығын осылайша аттаған қыр бозбаласы білікті маманнан дәріс алып, шеберлігін шыңдағаннан кейін әлемдік деңгейде алғаш рет 1906 жылы көрінді. Осы жылы Германияда өткен дүниежүзілік сайыста қазақ палуаны өңіріне әлем чемпионының алтын медалін қадады. Бірақ ол кездері орыс әкімшілігіне бұратана халықтардың атын шығарған палуандар ұнамайтындықтан, Қажымұқан бозкілем үстіне неше түрлі лақап атпен шығуға мәжбүр болды. Патшалық Ресейдің саясатына сәйкес, байрақты бәсекелер өтетін қалалардың көшелеріне бізде орыстар ғана емес, жапондар да өнер күреседі деген жарнамалар ілініп, Қажымұқанға "Ямагата Муханури", Мухан, "Қара Мұстафа" т.б. лақап аттар берілді. Амал жоқ, Мұқанға жарысты ұйымдастырушылардың айтқанына көніп, айдағанына жүруге тура келді. Мұқан 1910 жылы тұңғыш рет Оңтүстік Америка құрлығына аяқ басты. Аргентина астанасы Буэнос-Айрес қаласында еркін күрестен өткен әлем біріншілігінде топ жарған ол Америка чемпионы атанды. 1911 жылы Мұқан Ыстамбұлға барды. Ол кездері әлемде түрік палуандарынан мықтылар жоқ деген ұғымның қалыптасқандығы сондай, ол жаққа басқаны былай қойғанда, орыс палуандарының өздері аяқ баспайтын. Бұған іштей намыстанған Мұқан түркі халқының өкілі ретінде Ыстамбұлда өтетін додалы жарысқа қайтсе де қатысуға бел буады. 1912 жылы король Сегизмундтың белдігін жеңіп алды. Шәкір пашаның ұсынысымен Меккеге барып "қажы" атанып келгеннен бастап, оның есімінің алдына қажы сөзі қосылып, палуан жарыстарға Қажымұқан деген атпен қатысты. Ол поляк татарының қызы Надеждаға үйленіп, оны Омбыдағы мешітке апарып мұсылман дініне енгізіп, есімін Бәтима (Фатима) деп өзгерткізді. 1915 жылы Қажымұқан Харбин қаласында жапон палуаны Саракики Джиндофумен каратэ күресі бойынша күш сынасты. Ол өзінің бір құлағының жартысын жұлып әкетіп, ернін жырған Саракикиді кілем үстінде жұлынын үзіп, таза жеңіске жетті. Ауруханада 6 ай жатып адам болмаған Саракикидің денесі Харбиндегі зиратқа жерленді.
Патша үкіметі құлағаннан кейін палуанның отбасы 1920 жылдардағы азамат соғысы мен 1931-1932 жылдардағы аштықтың салдарынан бірқатар уақыт бойы сергелдең күйге тап болып, күйзеліске ұшырады. 1937 жылы ІІХҚ қызметкерлері Қажымұқанның ізіне шам алып түсіп, оған: "Бұл -- ақ патшаның адамы, оның қолынан медаль, сый-сияпат алған, соның сыбайласы", -- деген жалған жала жауып, айыптаумен қудалауға ұшыратты. Сол себептен Қажымұқан отбасын тастап, Түркістан мен Өзбекстанға барып бас сауғалады. Палуанның өмірінің соңғы кездері осы Түркістан өңірінде өтті. Екінші дүниежүзілік Ұлы Отан соғысы басталған кезде палуан ҚКСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы Қазақбаевқа жолығып, оған: "Ел аралап, цирк өнерін көрсетсем, сөйтіп, тапқан ақшаммен майданға көмек көрсетсем", -- деген ұсыныс жасады. Ол ұсынысқа Үкімет қолдау көрсеткеннен кейін Қажымұқан екі жыл бойы ел-елді аралап цирк өнерін көрсетіп, 100 мың сомдай қаражат тапты. Бұл сол кез үшін аз ақша емес-тін. Осы қаражатты Сталиннің атына жолдаған хатымен бірге Мәскеуге жіберіп, әлгі қаражатқа жасалған әскери ұшақпен қазақстандық ұшқыш Қажытай Шалабаев неміс фашистеріне қарсы шайқастарда жауға әуеден соққы берді. Тек жау оғы құйрығын жұлып кеткен ол ұшақ әлі күнге дейін соғыс ескерткіші ретінде сақталып келеді. Өмірінің 55 жылын күреспен және циркте өнер көрсетумен өткерген, төрткүл әлем бозкілемдерінде өткізген белдесулерде 56 медальды жеңіп алған Қажекең -- жеңіс тұғырынан түспеген дара тұлға ғана емес, қазақтың нағыз қас батыры деп атауға тұрарлық бірегей жан.
Күресімен қазақ халқының атын жер жаһанға паш еткен Қажымұқан атамыз Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген ауданы, Ленин туы колхозында 1948 жылы ауырып-сырқамай, кенеттен қайтыс болды. Дәл осы ауылда атақты палуанға арналған мұражай жұмыс істеп тұр. Одан тараған ұрпақ Түркістан мен Ақмола өңірлерінде күні бүгінге дейін ел қатарлы өніп-өсіп, өмір сүріп жатыр. Солардың бірі Жәнібек деген ұлы күні кешеге дейін Алматы қаласындағы Спорт және туризм Академиясында ауыр атлетика кафедрасында жұмыс істеп, бертінде ғана көз жұмды. Қажымұқанның арғы атасы -- Тоқтарбай, одан Қобыланды, Қобыландыдан Терлікбай. Терлікбайдан Ойбас, Ойбастан Ұзын, Ұзыннан Алтыбас, Алтыбастан Қарыс, Қарыстан Жоламан, Жоламаннан Сонай, Сонайдан Шәді, Шәдіден Ернақы, Ернақыдан Мұңайтпас, Мұңайтпастан Қажымұқан тарайды. Мұңайтпастың інісі Тәшімнен Ескермес атты ұл туған. Ал Ескерместің жұбайы Мінәйімнен Есбол және Есалы атты екі ұл көреді. Есболдан (жұбайы Науат) Түймехан, Әсілхан, Мұратхан, Уәлихан, Қуанышбек тарайды. Ал Есалы жұбайы Ханшайымнан тоғыз бала көреді: олардың бесеуі -- ұл, төртеуі -- қыз. Рысхан, Қыздархан, Тәжіхан, Дүйсенкүл, Әділхан, Тәжікүл, Жұмахан, Өмірхан, Темірхан. Ескермес қайтыс болғаннан кейін, Мінәйімға Қажымұқан әмеңгерлік жолмен 1938 жылы қосылады. Негізінен Қажымұқан Мұңайтпасұлы бес рет үйленген деседі. Қажымұқанның алғашқы жұбайының есімі -- Бәтима (Надежда Николаевна Чепковская). Өз белінен тараған алғашқы ұрпағы -- Халиолла. Халиолла Мұқанұлы Ұлы Отан соғысының алдындағы жылдары Шәпен деген қызға үйленеді. Халиолладан бес бала тарайды. Оның үшеуі -- ұл, екеуі -- қыз. Бірінші ұлы Шабдардан сегіз бала тараған. Екінші баласы Жанайдардан он бала өрбіген. Үшінші ұлы -- Әлке. Қыздары -- Фариза және Роза. Бәтимадан соң Қажекең екінші рет Омбы жерінде Ырысты атты әйелге үйленді. Бұл әйелінен үш ұл, үш қыз көреді. Қыздарының аты -- София, Рәшида Әзия. Бұл үшеуі Омбыда Халиолланың қолында тұрған. Ал ұлдары -- Тұрлыбек, Бақтыбек, Құлымбет. Кенже ұлы Құлымбет те солардың қолында тұрған. Оның алдындағы екі ұлы дүниеден ерте қайтқан көрінеді. София 1924 жылы, Әзия 1930 жылы, Рашида 1933 жылы, ал Құлымбет 1938 жылы туылған. Ортаншы қызы Әзиядан Қажекең өмірінің соңына дейін хат-хабар алып тұрыпты. 1938 жылы Қажымұқанның екінші әйелі Ырысты қайтыс болып, Қажекең үшінші рет Мінәйіммен 1938 жылы әмеңгерлік жолмен қосылады. 1939 жылы балалары Айдархан өмірге келеді. Өзге балаларынан гөрі Қажекеңнің әкелік тәрбиесін көп көрген осы Айдархан болған. Айдарханнан Сәуле, Ысалы, Нұрлан, Перизат, Ләззат, Арман, Шаттық тарайды. Қажымұқанның ешкімге толық мәлім емес төртінші әйелінің ұлты татар болса керек. Есімі белгісіз. Онымен Ресейде жүргенде үйленіпті. Одан жалғыз бір ұл бала туған, есімі -- Мұхтар. Әйелі өмірден ерте өткен сынды, өйткені Қажекеңнің туыстарының ешқайсысымен араласа алмапты. Қажымұқанның соңғы рет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық спорт пен ойындардың теориялық және педагогикалық негіздері
Ұлттық спорт түрлеріндегі оқу-зерттеу және ғылыми зерттеу жұмыстары
Мектеп оқушыларына қазақ тілі сабағындағы ұлттық ойындарды тиімді қолданудың әдіс-тәсілдері
Казақ спорт және туризм академиясы
Қазақ халқының ұлттық қозғалыс ойындары арқылы оқушылардың патриотизмін қалыптастыру
Ұлттық спорт түрлерінің ерекшелігі
Конкурстың қазылар алқасы
Қазақтың спорт журналистикасының көш басында ұстазымыз
Дене тәрбиесі жүйесінің қағидалары
Қазақ ұлттық спорт ойындары негізінде дене тәрбиесі тиімділігін арттыру
Пәндер