«Қазақстан барысы» жарысының елімізде өткізудің Қазақстандағы маңызы



ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І БӨЛІМ. «ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ» ЖАРЫСЫНЫҢ ЕЛІМІЗДЕ ӨТКІЗУДІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МАҢЫЗЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.1. Жоба тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2. Жобаның мақсаты мен міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.3. «Қазақстан барысы» ұлттың рухы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.4. Жеңіс жолында ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
ІІ БӨЛІМ. ҚАЗАҚ КҮРЕСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
2.1. Қазақ күресінің тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.2. Қазіргі қазақ күресі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
2.3. Қазақ күресінің болашағы бүгінгі «жас барыстар» ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
«Қазақстан Барысы» жобасы тұңғыш рет Қызылорда облысында тұсауын кесті. Сыр өңірінде бастау алған дода кейіннен барша ел көз тіккен бүкілхалықтық турнирге айналды.
«Қазақстан Барысы» жай ғана спорттық мереке емес. Ұлттық рухымызды асқақтатып, төл спортымызды төрге шығарған жоба. Салт-дәстүр мен ұлттық ұстынымызды жоғалтпауға үндейтін, идеологиялық маңызы жоғары спорттық дода.
Бүгінге дейін Қазақ күресінің әртүрлі тармақтарынан біреуі ғана сақталған. Республикалық және халықаралық сайыстар қазақ күресінің сол түрі бойынша өткізіледі. Жобаның ең негізгі міндеті - ұлттық күрестің дамуына ықпал етіп, қазақ күресін еліміздегі танымал спорт түрлерінің қатарына қосу. Төл күресімізді дамыту жолындағы инфрақұрылымды жақсартып, қазақ күресін спорттық ғылымның бір саласы ретінде зерттеуге жол ашу және ұлттық спортымызды жазғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізу де бұл жобаның ең басты міндеттерінің бірі.
Қазақ күресін бүгінде әлемнің көптеген елдері танып білді. Қазақ күресінен өткізілетін жарыстар республикалық дәрежеден асып, Азия және Әлем біріншіліктері деңгейінде өткізіле бастады.
ХХ ғасырдың бас кезіне дейін балуандар салмақ дәрежесіне немесе жас ерекшеліктеріне қарай күрескен. Ол уақытта «итжығыс», «бас аттау» сияқты тәртіптер болған.
Садық Мұстафаев: «Бұл турнир өз жалғасын табуға тиісті. Өйткені, қазақ күресін біз емес, ата бабаларымыз ойлап тапты. Бұл мұраны біз жоғалтпай, көздің қарашығындай сақтауға міндеттіміз! Біздің жоғалтуға құқымыз жоқ».
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Ахметжан Қ.С. Батырлардың жауынгерлік жекпе-жегінің әскери, моральдық-психологиялық және ғұрыптық аспектілері // Қазақ білім академиясының баяндамалары / Доклады Казахской академии образования. — Астана, 2011. № 1 — 70–80 бб.
2. Бабалар сөзі: Жүз томдық. — Астана: «Фолиант», 2010. Т.59: Тарихи жырлар.
3. Қазақ халық әдебиеті: Көп томдық / Қаз ССР Ғылым академиясының М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты. — Алматы: Жазушы, 1989. — Т. 4: Ертегілер.
3. Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. 1 том: біртұтастығы және ерекшелігі. -Алматы: «Арыс» баспасы, 2005;
4. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. 1 том: А-Д. — Алматы: DPS, 2011;
5. Тәнекеев М. Қажымұқан Мұңайтпасов (Тарихи очерк). Алматы: Қазақ мемлекет баспасы, 1963;
6. Құрманбаева С.К. «Ұлттық ойындардың бүгіні мен келешегі», «Алматы» 2004 жыл, 209 б.
7. Несіпбаев Б.К. «Ұлт мәдениеті мен өнері», «Білім» 2003 жыл, 198 б.
8. Атабаев А.С. «Ұлттық ойындар- халық мұрасы», «Кітап» 2006 жыл, 275 б.
9. Наурызбаев Ж. «Ұлттық мектептің ұлы мұраты», «Алматы» 1995 жыл,98б.
10. http://www.info-tses.kz/red/article.php?article=45674

Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ ЖАРЫСЫНЫҢ ЕЛІМІЗДЕ ӨТКІЗУДІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МАҢЫЗЫ

ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ ЖАРЫСЫНЫҢ ЕЛІМІЗДЕ ӨТКІЗУДІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МАҢЫЗЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 4
1.1. Жоба тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2. Жобаның мақсаты мен міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.3. Қазақстан барысы ұлттың рухы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
1.4. Жеңіс жолында ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
ІІ БӨЛІМ. ҚАЗАҚ КҮРЕСІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
2.1. Қазақ күресінің тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.2. Қазіргі қазақ күресі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
2.3. Қазақ күресінің болашағы бүгінгі жас барыстар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 25
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..28

КІРІСПЕ

Қазақстан Барысы жобасы тұңғыш рет Қызылорда облысында тұсауын кесті. Сыр өңірінде бастау алған дода кейіннен барша ел көз тіккен бүкілхалықтық турнирге айналды.
Қазақстан Барысы жай ғана спорттық мереке емес. Ұлттық рухымызды асқақтатып, төл спортымызды төрге шығарған жоба. Салт-дәстүр мен ұлттық ұстынымызды жоғалтпауға үндейтін, идеологиялық маңызы жоғары спорттық дода.
Бүгінге дейін Қазақ күресінің әртүрлі тармақтарынан біреуі ғана сақталған. Республикалық және халықаралық сайыстар қазақ күресінің сол түрі бойынша өткізіледі. Жобаның ең негізгі міндеті - ұлттық күрестің дамуына ықпал етіп, қазақ күресін еліміздегі танымал спорт түрлерінің қатарына қосу. Төл күресімізді дамыту жолындағы инфрақұрылымды жақсартып, қазақ күресін спорттық ғылымның бір саласы ретінде зерттеуге жол ашу және ұлттық спортымызды жазғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізу де бұл жобаның ең басты міндеттерінің бірі.
Қазақ күресін бүгінде әлемнің көптеген елдері танып білді. Қазақ күресінен өткізілетін жарыстар республикалық дәрежеден асып, Азия және Әлем біріншіліктері деңгейінде өткізіле бастады.
ХХ ғасырдың бас кезіне дейін балуандар салмақ дәрежесіне немесе жас ерекшеліктеріне қарай күрескен. Ол уақытта итжығыс, бас аттау сияқты тәртіптер болған.
Садық Мұстафаев: Бұл турнир өз жалғасын табуға тиісті. Өйткені, қазақ күресін біз емес, ата бабаларымыз ойлап тапты. Бұл мұраны біз жоғалтпай, көздің қарашығындай сақтауға міндеттіміз! Біздің жоғалтуға құқымыз жоқ.

І БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ ЖАРЫСЫНЫҢ ЕЛІМІЗДЕ ӨТКІЗУДІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МАҢЫЗЫ
1.1. Жоба тарихы

Жекпе-жек түрлеріне деген сүйіспеншілік қазақ халқының қанында бар. Ақсақалдар қауымы қазақ күресінің мәртебесін биік қойып, біздің заманымызға аман жетуіне себепкер болды. Ақын мен жыраулар жырына өзек болған, поэмалар мен эпостардың көркін келтірген нар тұлғалы балуандар өз жерінің даңқын арттырып, атағын аспандатты. Заман да, адам да өзгереді. Өмірлік құндылықтар да басқа арнаға бағыт бұрар. Бірақ, ұлттық дәстүр өзгермек емес. Қазақ халқының ұлттық спорты - қазақ күресі де ғасырдан ғасырға аман жетіп, ұлттық дәстүрдің бір тармағы ретінде сақталып келеді.
Міне, сондықтан да, Қазақстан Барысы жобасы халықтық сипат алып, жанкүйерлердің ықыласына ие болды.
Қазақстан Барысы жобасы тұңғыш рет Қызылорда облысында тұсауын кесті. Сыр өңірінде бастау алған дода кейіннен барша ел көз тіккен бүкілхалықтық турнирге айналды.
Енді турнирдің басталу тарихына сәл көз жүгіртіп көрелік. Бәрі де КТК телеарнасының директоры, Қазақстан Барысы жобасы идеясының авторы Арман Шораевтың Моңғолияға сапарынан басталды. Моңғол жерінде ұлттық күрестен өткен ірі турнирді тамашалау үшін он мыңдаған адамдар жиналып, бәсеке өте жоғары дәрежеде өтті. Сол кезде моңғолдардың төл күресін төрге шығарып, ғаламат шоу жасай білгеніне тамсанған ол осындай жобаны өз жерімізде, Қазақстанда өткізу туралы оймен елге оралады. Осылайша, төл күресіміз бен ұлттық дәстүр ұштасатын ірі жобаны қолға алады.
Армен Төлегенұлы көп созуды жөн көрмей, Алматы қаласында сол кездегі Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған Мадияр Алдаоңғаровпен кездесіп, осындай ірі турнирді елімізде өткізу туралы ұсынысын айтады. Мадияр Алдиярұлы болса, Арман Төлегенұлын Қызылорда облысында қонақ болып,сол жақта облыс әкімімен мәселенің ақ-қарасын анықтап алуға шақырады. Кездесу Аралдағы қала күнін тойлауға арналған мереке барысында ұйымдастырылады. Идея тыңдаушылар тарапынан қолдауға ие болып, әркім өз ойын білдіре бастайды. Сол кезде Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Ырзақұл Нұртаев қазақ күресінен Азия федерациясының басшысы қызметін атқаратын. Ол бұл жобаны қос қолдап қолдайтынын айтқан соң, іс алға жүре бастады. Содан соң, Қызылорда облыстық спорт бөлімінің басшысы Садық Мұстафаев та қатарға қосылды. Мінеки, ұлт қамын ойлайтын азаматтар жиналған соң, идея идея күйінде қалмай, жобаға айналып, өз нәтижесін бере бастады.
- Сол кезде мені шақырып алып, КТК арнасының директоры ұсынған жоба, ал облыс әкімі қолдап отыр деді. Әрине, мен қатты қуандым. Бұл мен ғана емес, бүкіл халық аңсап отырған жоба ғой. Дереу Арманмен кездесіп, танысып, жобаның болашағын талқылауға кірістік. Моңғолиядағы турнирден де асып түсетін жоба болуы керек деген мақсат қойдық. Себебі, біздің өзіміздің ұлттық күресіміз бар, ата бабалардан қалған өз дәстүріміз, өз идеологиямыз бар емес пе?!
Бұл турнирді ұйымдастыруға ұйытқы болған азаматтардың бірі Садық Мұстафаевтың сөзі.
Кездесуден соң Қызылордаға оралған облыстық спорт басқармасының басшысы өз командасымен тізе қосып, жасөспірімдер, жастар және ересектер арасындағы турнирдің Қызылорда облысында өткізілу тәртібін құра бастайды. Жобаны республика көлемінде өткізу үшін, алдымен облыс деңгейінде бір сынап алу керек еді. Сондықтан да, облыстық турнирдің маңызы ерекше болды. Қызылорда облысының әкімі жүлде қорына қазынадан 100 мың АҚШ долларын бөлді. Бұл облыс деңгейіндегі турнир үшін тым көп ашқа еді. Іріктеу сындары ауыл-аймақта басталды. Іріктеуден өткендері ауданда сыналды. Ең соңғы облыстық кезең орталық стадионда қалың жанкүйердің көз алдында өткізілді. Мұның бәрі 2,5-3 ай көлеміндегі уақытты қажет етті.
- Біз көктемде бастадық. Жаңақорған, Шиелі аудандары Оңтүстік Қазақстанға жақын. Сол себепті, аталған аймақтарға көктем ерте келеді. Ал, Қызылорда қаласынан бастап, Тереңөзек, Жалағаш, Қармақшы аудандары батысқа жақын болғандықтан, сәл суығырақ. Сол себепті, бар өңірге көктемнің келуін күтіп, сайыс күнтізбесін жылдың осы мезгіліне жоспарлап түздік. Іріктеу аяқталған соң, облыс үздіктері анықталатын додаға құрметті қонақтарды шақырдық, - деп еске алады Садық Шоңсұрынұлы.
Қызылордадағы турнирдің финалдық бәсекесін тамашалауға Арман Шораев пен КТК телеарнасының түсіру тобы аттанды. Құрметті қонақтардың қатарында Қазақ күресі Федерациясының Президенті Серік Төкеев, сол кездегі спорт және туризм Министрлігі спорт комитетінің басшысы Елсияр Қанағатовтар болды. Турнирдің ұйымдастырылу деңгейі қонақтарды шынымен тамсандырған еді. Жеңімпаз балуан сыйлыққа автокөлік және ақшалай сыйлық алды. Жеңімпаз ғана емес, қатысушы балуандар да құралақан қалған жоқ.
Сайыс аяқталған соң, келесі күні келелі жиын өтті. Қазақ күресінің жанашылары бас қосқан құрылтайда турнирді өткізу туралы идея жан-жақты талқыланып, құрметті қонақтар мен қызығушылық танытқан басқа да тараптар бір шешімге келді. Дәл сол күні 2011 жылы алғаш рет жалауы желбіреген Қазақстан Барысы турнирін өткізу тәртібі жоспарланды.
- Бүкіл қазақ халқы өте тартысты жекпе-жектерге толы болған ғажайып турнирдің куәсі болды, - дейді Садық Мұстафаев. - Жанкүйерге рух сыйлап, қазақ күресінің мерейін асырған турнир өтті. Бүгінге дейін ақсақалдар алғыс айтып, батасын беруде. Біздің облысымызға іссапарға келген Елбасы аймақтағы спорттық нысандармен таныса жүріп, Қазақстан Барысы жобасын жоғары деңгейде ұйымдастырғанымыз үшін алғысын білдірді. Тоқтап қалмай, турнирдің өрісін арттыра беріңдер деген тілегін де жеткізді. Ұлт Көшбасшысының бұл сөзі бізді одан әрі рухтандырды. Біз Қазақстан Барысының алғашқы маусымын өткізер кезде, ішімнен Елбасымыз турнирді көрсе екен деп тілек білдірген едік. Кейін естідім, расында Нұрсұлтан Әбішұлы турнирді тамашалапты. Сол кезде дереу Арманға (Арман Шораев - ред) телефон соғып, қуанышыммен бөлістім. Елбасының сөзін жеткізген соң, бір бірімізді құттықтап, қуанып қалдық.
Ең бастысы,жоба бірден халықтың, жанкүйердің жүрегіне жол татты. Турнир халықтық жобаға айналды. Жоба туралы елдің пікірі турнир басталмай тұрып бой көтеріп, бәсекелер аяқталған соң да біткен жоқ. Халықтың 8 сағат бойы тапжылмастан белдесулерді тамашалағанынан қарап, жанкүйердің ұлттық спортқа, ұлттық жобаға сусап жүргенін байқауға болады. Тіпті, турнирді көрген шетелдіктердің де қарасы көп болды...
- Бізге алғысын жаудырып қоңырау шалған жат жұрттағы қандастарымыздың санында есеп болмады. Телефон нөмірімізді қайдан алғанын білмедім, - деп Садық ағай бір күліп алды. - Айтпақшы, олар біздің жобаның екінші маусымына арнайы келді. Финалдық бәсекелер басталмай тұрып, біз Қытайдан, Германиядан арнайы келген қонақтарды қабылдадық.
Жыл сайын біз турнирдің басталуын асыға күтеміз. Тезірек жыл өтіп, жаңа маусымға дайындық басталса екен деп тілеп жүретініміз де рас. Осының бәріне көз жүгірте отырып, мен идея авторы Арман Шораевқа тағы да алғысымды білдіремін. Мен басында оған: Егер, шын ниетіңмен кіріссең, бәрі де сәтімен болады деп айтқан едім. Тап солай болды да. Бізге қолдау білдірген жандарға көп рахмет! Ешқандай артық әңгіме айтпастан, бізге қол ұшын созуға дайын екендіктерін білдіріп, қаншама азамат келіп жатыр. Олар әлі де келеді. Мұндай идея әркімнің де басында жүрген шығар. Бірақ, оны іс жүзінде орындауға ешкімнің батылы жете бермеген. Ал, Арман болса, бірден тәуекел етіп, кірісіп кетті. Мен барлық жан-тәнімен спортты қолдайтын біраз жанды білемін. Қарапайым спортшы да болдым. Дене шынықтыру институтында жаттықтырушы, мұғалім де атандым. Мектеп интернатта бапкер қызметін атқардым. Қызылорда өңірінің спортын қолға алғаныма, бұйырса, 8 жыл толады. Осы уақыт аралығында қазақ спортына қол ұшын созған талай жанды көрдім. Алла еңбегінің жемісін көруге жазсын. Турнирдің идеологиялық маңызын Жас қазақ газетінің бас редакторы Срайыл Смайыл қолға алды. Бұл жігіттің турнирді дамытуға қосқан еңбегі өлшеусіз Біздің ұйымдастыру комитетінің атынан мен барлық азаматтарға алғыс айтамын.
Қазақстан Барысы жобасына тек Қазақстан спортшылары ғана қатыса алады. Шетелдіктер турнирге қатыстырылмайды. Алайда, ұйымдастырушылар болашақта Қазақстан Барысының жеңімпазын Олимпиада ойындарын жеңіп алған чемпионмен шендестіреміз деп мақсат ойды. Бұл уақыттың еншісіндегі мәселе. Ең бастысы оларда халықтың қолдауы бар!
Қазақстан Барысы жай ғана спорттық мереке емес. Ұлттық рухымызды асқақтатып, төл спортымызды төрге шығарған жоба. Салт-дәстүр мен ұлттық ұстынымызды жоғалтпауға үндейтін, идеологиялық маңызы жоғары спорттық дода.
Садық Мұстафаев: Бұл турнир өз жалғасын табуға тиісті. Өйткені, қазақ күресін біз емес, ата бабаларымыз ойлап тапты. Бұл мұраны біз жоғалтпай, көздің қарашығындай сақтауға міндеттіміз! Біздің жоғалтуға құқымыз жоқ.

1.2. Жобаның мақсаты мен міндеттері

Жобаның міндеті:
Бүгінге дейін Қазақ күресінің әртүрлі тармақтарынан біреуі ғана сақталған. Республикалық және халықаралық сайыстар қазақ күресінің сол түрі бойынша өткізіледі. Жобаның ең негізгі міндеті - ұлттық күрестің дамуына ықпал етіп, қазақ күресін еліміздегі танымал спорт түрлерінің қатарына қосу. Төл күресімізді дамыту жолындағы инфрақұрылымды жақсартып, қазақ күресін спорттық ғылымның бір саласы ретінде зерттеуге жол ашу және ұлттық спортымызды жазғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізу де бұл жобаның ең басты міндеттерінің бірі.
Жобаның мақсаттары:
- Қазақстан Республиксының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың "Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу, Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері" аталатын жолдауында қойылған талаптарды орындау
- ұлттық күресті дамыту арқылы, елдегі салауатты өмір салтын насихаттау;
- Жастарды ұлттық спортпен шұғылдануға шақыру арқылы, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру;
- Қазақстан халықтарының достығын нығайту;
- Ұлттық спортты бүкілхалықтық сипатта насихаттау;
Жобаның орындалу тәртібі:
"Қазақстан Барысы" турнирі 4 кезеңге созылады
1 кезең. Алғашқы кезеңде қатысушылар санына шектеу қойылмайды. Еліміздің әрбір ауылындағы талапкер балуандар бұл айналымда бақ сынай алады.
2 кезең. Екінші кезеңде бірінші айналымда жеңімпаз атанған балуандар аудан көлеміндегі іріктеу сынынан өтеді.
3 кезең. Облыстық кезеңдер Қазақстанның әрбір облысы мен республикалық маңызы бар екі қалада өтеді. Бұл кезеңде әрбір облысқа қарасты аудандардан 4 балуаннан қатысады. Әр облыстан жеңіп шыққан 2 балуан мен Алматы және Астана қалаларында жеңімпаз атанған балуандар финалдық кезеңге жолдама алады.
Кезеңдер арасында бүкілреспубликалық жиындар мен жобаның финалына қатысқан үздік балуандардың шеберлік сабағы өткізіледі.
4 кезең. Қазақстан Барысы жобасының жеңімпазын анықтайтын финалдық сын Астана қаласындағы "Сарыарқа" велотрегінде өтеді.
Биыл турнирдің финалдық кезеңі 30 маусым күні Астана қаласының 15 жылдық мерейтойымен орайластырылып өтеді.

1.3. Қазақстан барысы ұлттың рухы
Күрес десе, ішкен асын жерге қоятын қазақ осындай сайыстарға сусаса керек, Дәулет спорт кешенінде ине шаншар жер болмады. Ығы-жығы халық. Біздің білгеніміздей, жұрт кең-байтақ қазақ жерінің әр аймағынан жиналыпты. Ұйымдастырушылардың құлағына алтын сырға: көрермен үлкен стадионды да толтырғандай. Сәл кешігіп келген адамдар жамбас қояр жер іздеп, кезіп жүрді. Ең ғажабы сол, залды лықа толтырған халық доданың соңына дейін шыдап, төртте басталғаннан тырп етпей, түн ауғанша тарқамады. Темір тұлпарлыларды айтпағанның өзінде, тіпті көлігі жоқ былайғы жұрттың өзі сыртта қараңғылықтың үстемдік құрып, қалалық автобустардың әлдеқашан жүрісін тоқтатқанын елемегендей...
Осынау ғаламат жобаның дүниеге келуіне коммерциялық телеарнаның басшысы Арман Шораев мұрындық болыпты. Ал Қазақстан барысы жарысын Қызылорда облысының әкімдігі ұйымдастырған. Оны Туризм және спорт министрлігі қолдаған көрінеді. Осы орайда сайыс кезінде жүргізуші Қызылорда облысының әкімі Болатбек Қуандықовтың қомақты қаржы бөлгізгендігін атап өтті.
Ауру-сырқаудан аман, қол-аяғы балғадай, бойында бұла күші бұлқынған ұлт қана ұлы міндеттерді іске асырып, ұлы мұраттарға жетуге, жаһандағы өзге жұрттармен қатаң бәсекеде жеңімпаз шығып, ілгері озуға қабілетті. Осыны білдіре келе, М.Әшімбаевтың бұл жарыстың да бұқаралық спорттың жаппай белең алуына, яғни халқымыздың шынығып, шымыр болуға ұмтылуына серпін береріне сенім білдірді.
Мәулен Әшімбаев қазақша күресті ұлттық дәстүрдің жәдігері ретінде бағалады. Қазақ халқының бойында бар жақсы қасиеттердің бәрін осы қазақша күрестен табуға болады! - деп сабақтады ойын ол. - Мысалға айтар болсақ, бір-біріне құрметпен қарау, әділдік, бірін-бірі алдамау, аяқтан шалмау - осының бәрі қазақша күреске тән дүниелер. Демек, осы қазақ күресін дамыту арқылы өзіміздің ұлттық құндылықтарымызды насихаттап, дәріптеп, ары қарай дамыта аламыз.
Қазақстан барысының алғашқы айналымында бақ сынаған білекті 56 жігіт (тегеурінді төрт балуанды ұйымдастырушылар екінші айналымға күресусіз жіберуді жөн көріпті) өз қарсыласын жеребе арқылы анықтады. Олардың әрқайсысы аты аталғанда, төрешілерге жақындап, арнайы үстелде жатқан теңгелердің арасынан біреуін таңдауға тиіс болды. Әр теңгенің артында нөмір жазылған екен. Осылайша, балуандар өздері көтерген тиындардың артындағы нөмірлердің рет саны бойынша өз қарсыластарының кім екендігін білді. Бәрі әділ, бәрі ашық деп бағалады ұйымдастырушылар.
Нәтижесінде, келесі айналымға шығу мүмкіндігіне жерлестердің өзара таласуына тура келген жайт та болды. Мәселен, Шығыс Қазақстан үкілеп қосқан Қуаныш Салықбаев пен Мұхит Тұрсынов бірінші айналымда-ақ бір-біріне қарсы жолықты. Бұл жерде жерлес балуандардың салмағындағы айырмашылық көзге ұрып тұрды: Батыр деген лақап ат алған біріншісінің салмағы 124 келі 400 грамм болса, екіншісінің салмағы небары 82 келі 900 грамм тартады екен. Оның үстіне Бақты кеденінің қызметкері болып табылатын Қуаныш Салықбаевтың қазақ күресінен 2010 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы, Қазақстанның бірнеше дүркін түйе балуаны екендігі жарияланды. Әйткенмен, қырық жастағы қарсыласынан 17 жас кіші Мұхит Тұрсынов Жас жалын атағын тек жасына бола алмағандығын күрес барысында айғақтады. Түйе балуан белдесуге бабы келіспей келген бе, сылбыр күрескені үшін бірден қатаң ескерту алды. Ал бір орнында қатып қалмай, қарсыласының біресе оңынан, біресе солынан табылған Мұхит бас-аяғы екі минуттың ішінде екі бүк ұпай еншілеп кетті. Тәжірибелі бәсекелесіне бес минут бойы алдыртпаған, айла-амал жасатпаған ол ақыры 3 бүк ұпайымен келесі айналымға шыққан. Егер қазақ күресінен 2010 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері болып табылатын бұл жас балуанның кейінгі тағдырына тоқталсақ, екінші айналымда оның жолы тағы да ауыр салмақты балуанмен - 130 келілік Айдос Каңлыбаевпен түйісті. Алып Көксу барысы арықша келген қарсыласын белден қапсырып, бастан асыра атпаққа әлденеше рет талаптанды, бірақ Жас жалын тас кенедей жабысып, аяқпен орап, әдіс жасатқызбайды. Мұхит өзі де Айдосты талай тобықтан қағып құлатпаққа ниет қылған. Бірақ самбо күресінен жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері оның бұл шабуылын шыбын шаққан құрлы көрмеді.
Қос балуан негізгі минутта итжығыс түскендіктен, төрешілер қосымша 3 минут берді. Ереже бойынша бұл кезде олар бір-бірінің белбеуінен ұстап, қоян-қолтық күресуге тиіс, қайсысының бірінші болып, қолы босап кетсе, яки тізесі кілемге тисе, болмаса аяғы кілем шетінен шығып кетсе, сол - жеңілген. Мұны жүзеге асыру жұлқынып тұрған Жас жалынға қиынға түспеді. Мұхит Тұрсынов үшінші айналымда Мұғалжар қыраны атанған ақтөбелік Нұрсұлтан Иманғазинді - 95 келілік, дзюдодан былтырғы халықаралық турнирдің жеңімпазының жауырынын жер иіскетіп, таза жеңіске жеткенде, шығысқазақстандық жанкүйерлер үмітін үкілеп, алақандарын ысқылай бастаған. Бірақ төртінші айналымда Жас жалынның жолын... жарақат кесті. Бұл жолғы оның қарсыласы - кейін ақтық сынға шыққан 110 келілік Шалқар Жоламанов болды. Күрес кезінде етпетінен құлаған Мұхиттың қолы Шалқардың жағасында қалып қойып, қайырылып қалды. Содан боз кілемге дереу дәрігер шақырылған. Алайда артынша Шыңғыс Тұрсыновтың жолын қуған туған шәкірті Мұхит жарысты жалғастырудан бас тартты. Егер жарақатынан құлан-таза айықса, жігері жасымаса, Жас жалынның алда жеңіс биіктерінен көрінері сөзсіз. Ол Қажымұқанның туғанына 140 жыл толуына орайластырылған халықаралық турнирдің шешуші сынында өзбек балуаны Нуриддин Гасмановты таза ұтып, жеңімпаз атанғанда жұрт бір сүйсініп еді.
1.4. Жеңіс жолында

Ұлан салғаннан нағыз жеңімпазға лайық мінез-құлық көрсетіп, тегеурін танытты. Садық Мұстафаев шәкіртінің маңдайына Қазақстан барысы сайыстарын ашу жазыпты. Төреші жеребе тарту рәсімі аяқталған соң, алғашқы жұп ретінде боз кілемге қарағандылық Ерсін Мұхамеджановты және қызылордалық Ұлан Рысқұлды шақырған болатын. Содан жүргізуші Ерсіннің салмағы 135 келі екендігін, 1988 жылы дүние есігін ашқандығын, қазақ күресінен Қазақстан чемпионатында биыл 2-орын алғандығын, Қарағанды облысының түйе балуаны екендігін айтып, таныстырып жатқаны сол еді, сайыс аяқталып қалды! Әлденеге алаңдап, белдесуге әлі қарай қоймаған көрермендер жапа-тармағай, не боп қалды?! деп, боз кілемге үңілген. Сөйтсе, Ұлан ендігі қарсыласының жауырынын жерге тигізіпті. Күрес небары 25 секундқа созылған! Ал бұл кезде оның ақтық айқастағы қарсыласы бірден кейінгі айналымға дайындалып, бұлшық еттерін шынықтырып жатқан-тын.
Сыр қыранына екінші айналымды да ашуға тура келді. Бұл жолы да оған тағы қарағандылық балуан қарсы кездесті. Қазақ күресінен, сондай-ақ самбодан Қазақстан чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы, 90 келілік Бекзат Ахметбеков те оған қарсы қауқар қыла алмады.
Ұланның алдағы басты қарсыласы - Әулиеата арланы бұл айналымда Асаудың арынын ауыздықтады. Салмағы 135 келі, бойы 193 сантиметр болатын жамбылдық Бейбіт Ыстыбаев алдынан шыққан 82 келілік, бойы 170 см Асқат Амановты ұйпалап тастады. Рас, 2010 жылғы Қазақстан Кубогында 3-орын иеленген, 2011 жылғы қазақ күресінен Б.Жаңбырбаев атындағы халықаралық турнирдің қола жүлдегері атанған маңғыстаулық балуан да жай Асау атанбағандығын дәлелдеп бақты. Кейін жеңіс тұғырына көтерілген балуанның біріне жол бергені Асқаттың жігерін құм етпесе керек-ті.
Үшінші айналым бірінен соң бірі келген белдесулерден біраз шаршай бастаған балуандардың жүйкесіне біраз салмақ түсірді. Оның үстіне жақындай түскен қомақты жүлденің ауыртпалығы да иықтан басқандай. Бұл сайыстың да ізашары болу бақыты Сыр қыранының басына қонды. Осылайша, бірінші жекпе-жекте Қызылорданың үміті Солтүстік Қазақстанның баптап қосқан балуанымен күресті. Көк бөрі Айбек Қырықбаевтың салмағы 84 жарым келі ғана екен. Бірақ Солтүстік Қазақстанның түйе балуаны, облыс чемпионы, Ішкі істер қызметкері көрінеді. Қос бәсекелес бірінің қарымын бірі танып, біраз барлаумен жүрді. Дегенмен белгіленген уақыт ортасына таяғанда Ұлан Рысқұл қапысын тауып, өзінен екі есеге жуық жеңіл Айбекті жамбасқа салып, атып кеп жіберген. Төрешілер оның қанжығасына жартылай жеңіс жазды. Сыр қыранына келесі айналымға аяқ басу үшін осы да жететін еді, бірақ бұған қанағаттанып қалмаған Ұлан қимылына қарқын қосып, ақыры тәжірибелі қарсыласын боз кілемге шалқасынан түсірді. Көз ілеспес жылдамдықпен жасалған мұндай әрекетке Көк бөрі дайын болмағанға ұқсайды.
Осы үшінші айналымда Бейбіт Ыстыбаевқа да салмағы екі еседей аз - 78 келілік Бақтыбай Қисықов бәсекелес атанған. Ақтөбе батыры лақап аты бар бұл балуан бұған дейінгі қарсыластарын еркін ұтып келген еді. Мәселен, Бақтыбай ақмолалық Леонид Станеевті бар-жоғы елу секундтың ішінде жалпасынан түсіріп, таза жеңіп, жұрт қошеметіне бөленген болатын. Алайда қазақ күресінен 2008, 2010 жылдардағы әлем чемпионына бұл жолы дәл сондай даңқты Әулиеата арланына беруге тура келді. Бейбіт Бақтыбайды 2 минут 66 секундта таза жеңді.
Төртінші айналымда да жігер туын биік ұстап, қалған 8 балуанның ішінен боз кілемге бірінші болып, Ұлан Рысқұл шақырылды. Ол бұл жолы саспай шықты, өзіне толық сенімді көрінген бізге. Оған сыралғы қарсылас тап болды. Қызылордалық Руслан Әбдіразақовты да, Ұланды да бапкер Садық Мұстафаев жаттықтырады. Бойы екі метр, салмағы тура бір центнер Руслан күрес түгілі, кураштан және Шығыс жекпе-жек түрлерінен Азия ойындарының күміс жүлдегері, 2009 жылы дзюдодан Қазақстан чемпионы, 2010 жылғы ерлер арасындағы дзюдодан Қазақстанның қола жүлдегері. Бірақ Сыр қыраны Сыр барысымен боз кілемде талай ұшырасқан, сондықтан оның мықты жақтары мен осал тұстарын бес саусақтай білетінге ұқсайды. Мұны белдесу нәтижесі паш етті: айқас басталғанына 43 секунд өткенде Ұлан Русланнан айласын асырып кетіп, ендігі таза жеңісін тойлап жатты.
Ал Бейбіт Ыстыбаевқа бұл айналымда айбатты қарсылас - 2010 жылғы қазақ күресінен әлем чемпионы, 125 келілік Айбек Нұғманов жолықты. Бір мезет, тіпті Шығыс барысы шеберлік сынасуда Бейбітке қарағанда басымдыққа иедей көрінген-тін. Бірақ Әулиеата арланы әбжілдік танытты. Сөйтіп, бәсекелесінің шабуылын өз пайдасына жаратып кетті: асыра лақтырмақ болып, өзін көтере берген шығысқазақстандық балуанды салмағымен езіп, артына құлатты. Төрешілер таза жеңіс берді.
Жартылай финалда алдымен боз кілемге көтерілген Ұлан Рысқұл шығысқазақстандық Шалқар Жоламановпен, ал артынша Бейбіт Ыстыбаев астаналық Арман Әбеуовпен кездесті. Қазақстан барысы жарысына қатысқан спортшылардың ішіндегі жасы үлкендердің бірі (32-де), 2010 жылғы қазақ күресінен әлем чемпионы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ күресінің болашағы бүгінгі жас барыстар
Сыныптан тыс дене шынықтыру туралы ақпарат
Еркін күресте болатын жарақаттар
Салауатты өмір салтын спорт жаттығуларымен шұғылдануға көп мөлшерде уақыт бөле отырып, спортшы ізбасарлардың спортқа бейімділігін анықтаудың жаңа жолын ұсыну
Жеңіл атлетика туралы
Оқушыларының дене тәрбиесі
Сыныптан тыс дене шынықтыру
Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесін жүйесінің сипаттама беру
Салықтар және салық жүйесі. Қазақстандағы шетел инвестициясын пайдалану саясаты
СЕКІРУ ӘДІСТЕРІН ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУ
Пәндер