Қазіргі компьютерлік технологияларды меңгеру жаттықтырушының кәсіби қызметіндегі қажетті компоненті



ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І БӨЛІМ. ҚАЗІРГІ КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ МЕҢГЕРУ ЖАТТЫҚТЫРУШЫНЫҢ КӘСІБИ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ҚАЖЕТТІ КОМПОНЕНТІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1. Дене тәрбиесінің мақсаты мен міндеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2. Дене тәрбиесінің мазмұны, міндеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.3. Дене шынықтыру мен спортты басқарудың адам тұлғасындағы даму негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
ІІ БӨЛІМ. АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ САБАҚТА ҚОЛДАНУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.1. Білім беру жүйесін ақпараттандырудың бағыты ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.2. Білім берудегі жаңа технологияларды қолданудың маңыздылығы ... ... 20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
Қазіргі білім беру жүйесі ақпараттық технологиялар мен компьютерлік коммуникацияларды белсенді қолдануда. Әсіресе қашықтан оқыту жүйесі жедел қарқынмен дамуда, бұған бірнеше факторлар, ең бастысы – білім беру мекемелерінің қуатты компьютер техникасымен қамтылуы, оқу пәндерінің барлық бағыттыры бойынша электрондық оқулықтар құрылуы және Интернеттің дамуы мысал бола алады.
Оқытудың әр сатысында компьютерлік тесттер арқылы оқушыны жекелей бақылауды, графикалық бейнелеу, мәтіндері түрінде, мультимедиалық, бейне және дыбыс бөлімдерінің бағдарламасы бойынша алатын жаңалықтарды іске асыруға көп көмегін тигізеді. Электрондық оқулықтарды қарапайым оқулықтарға қарағанда пайдалану ыңғайлы және оларда өзін – өзі тексеру жүйесі бар. Осы электрондық оқулықтың артықшылығы болып табылады. Сондықтан, өзін – өзі тексеру жүйесі оқушы мен оқытушының арасындағы байланысын алмастырады.
Электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.
Оқыту үрдісінде оқыту әдістерін тиімді пайдалану, білім беру жүйесін тұтастай жаңа оқыту технологиясын енгізу оқыту процесінде толыққанды дамуына мүмкіндік жасайды. Оқыту процесінде компьютерге негізделген жеке әдістемелер оқу мақсаттары мен жағдайларына байланысты тиімді қолданылуы қажет.
ПАЙДЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы. 2007 ж.
2. Еркебаева Г.Ғ.Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру жүйесінің міндеттеру, бағыттары мен мазмұны. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. Шымкент, 2011. – Б.6-9.
3. Смирнова С.А. Педагогика: теории, системы, технологии. –М., 2006.
4. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. – М., 1989.
5. Халықова К.З., Абдулкәрімова Г.А. Педагогикалық информатика /білім беруді ақпараттандыру. –Алматы, 2007.
6. Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан халқына жолдауы. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан».
7. Б.Б. Аккуланова «Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білім беру деңгейін көтеру».
8. Н.Исабек «Компьютерлік технологиясы пайдаланудың оңтайлы өлшемдері

Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗІРГІ КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ МЕҢГЕРУ ЖАТТЫҚТЫРУШЫНЫҢ КӘСІБИ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ҚАЖЕТТІ КОМПОНЕНТІ

ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І БӨЛІМ. ҚАЗІРГІ КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ МЕҢГЕРУ ЖАТТЫҚТЫРУШЫНЫҢ КӘСІБИ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ҚАЖЕТТІ КОМПОНЕНТІ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1. Дене тәрбиесінің мақсаты мен міндеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2. Дене тәрбиесінің мазмұны, міндеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.3. Дене шынықтыру мен спортты басқарудың адам тұлғасындағы даму негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
ІІ БӨЛІМ. АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ САБАҚТА ҚОЛДАНУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.1. Білім беру жүйесін ақпараттандырудың бағыты ... ... ... ... ... ... ... . ..13
2.2. Білім берудегі жаңа технологияларды қолданудың маңыздылығы ... ... 20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..25

КІРІСПЕ

Қазіргі білім беру жүйесі ақпараттық технологиялар мен компьютерлік коммуникацияларды белсенді қолдануда. Әсіресе қашықтан оқыту жүйесі жедел қарқынмен дамуда, бұған бірнеше факторлар, ең бастысы - білім беру мекемелерінің қуатты компьютер техникасымен қамтылуы, оқу пәндерінің барлық бағыттыры бойынша электрондық оқулықтар құрылуы және Интернеттің дамуы мысал бола алады.
Оқытудың әр сатысында компьютерлік тесттер арқылы оқушыны жекелей бақылауды, графикалық бейнелеу, мәтіндері түрінде, мультимедиалық, бейне және дыбыс бөлімдерінің бағдарламасы бойынша алатын жаңалықтарды іске асыруға көп көмегін тигізеді. Электрондық оқулықтарды қарапайым оқулықтарға қарағанда пайдалану ыңғайлы және оларда өзін - өзі тексеру жүйесі бар. Осы электрондық оқулықтың артықшылығы болып табылады. Сондықтан, өзін - өзі тексеру жүйесі оқушы мен оқытушының арасындағы байланысын алмастырады.
Электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.
Оқыту үрдісінде оқыту әдістерін тиімді пайдалану, білім беру жүйесін тұтастай жаңа оқыту технологиясын енгізу оқыту процесінде толыққанды дамуына мүмкіндік жасайды. Оқыту процесінде компьютерге негізделген жеке әдістемелер оқу мақсаттары мен жағдайларына байланысты тиімді қолданылуы қажет.

І БӨЛІМ. ҚАЗІРГІ КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ МЕҢГЕРУ ЖАТТЫҚТЫРУШЫНЫҢ КӘСІБИ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ҚАЖЕТТІ КОМПОНЕНТІ
1.1. Дене тәрбиесінің мақсаты мен міндеті

Дене мәдениеті - дене табиғатын тәрбиелеудің нәтижесі. Бұл адамдардың дене дамуын қалыптастырып он пайдаланудағы материалдық және рухани байлық.
Спорт дегеніміз - түрлі жақтан арнайы мамандандырылған және адамдағы істерде жарысу арқылы өз мүмкіндіктерін жоғарғы дәрежеде көрсете білуге жан дүнисін дайындауды дене тәрбиесі ойындарында жоғары нәтижеге же туге мүмкіндік жасайтын материалдық, әрі рухани байлық.
Атап айтқанда, біріншіден, спорт қоғамның тәрбиелеуші, дайындаушы рөлін атқарады. Екіншіден, спорт материалда, өндірістік қажеттіліктермен тікелей байланысты емес. Үшіншіден, спорт күрделі арнайы дайындықсыз болуы мүмкін емес. Төртіншіден, жоғарғы көрсеткіштер сайыс түрінде ғана салыстыылып, ерекшеленеді. Спорт қызметі жарыстар үстінде ғана анықталады. бұл балалар спортына да қатысты.
Спортта түбегейлі түсідіетін белгілер балалар спортында табылады. Он рнайы дайындықпен жас ерекшеліктері ескерілген мектептен тыс жұмыс ретінде қабылдаймыз. Жасөспірімдер спортты дегеніміз-тек осы жас кезеңін қамтамасыз етеді.
Мектеп спорты жас ерекшелігіне қарай балалар спортсмен сабақтас. Алайда балалар спорты мектепте және мектептен тыс ұйымдастырылса, мектеп спорты тек мектептерде ғана ұйымдастырылады. Спорттың сан алуан белгілері түрлі жарыстық ойындар, мен гимнастикадан және туризм де де кездеседі.
Дене мәдениеті педагогика тұрғысынан алып қарағанда дене тәрбиесі дене мәдениетінің негізгі саласы болып табылатыны жоғарыда айтылады. Педагогіка адамның саяси-әлеуметтік құқықты эстетикалық жағынан қоғамға лайықты болуына жауап беретін мүмкіндіктердің дамуына бағытталған мақсатты тәрбие деп. атайды. Дене тәрбиесі - адамның физиолгиялық жағынан дамуын қалыптастыратын педагогикалық жүйе. Дене тәрбиесінің міндеті адамның дене мәдениетінің өіне лайықты мазмұнын меңгеруі.
Дене тәрбиесінің мақсаты: қоғамдық талап пен оған қызмет көрсету үшін халықтық дене дамытуындағы күткен нәтижесін білдіреді. Күтілген нәтиже қоғам дамуының заңдылықтарымен тығыз байланысты. Бұл мақсат қоғада құрап, оның байлығын қорғайтын әлеуметтік талаптарына сәйкестендіріледі. Дене тәрбиесінің мақсаты жан-дүниесі рухани бай, ар-ожданы таза, Отанды қорғауда ұзақ жылдар шығармашылық еңбек етуге жарамды адамдардың физикалық дамуын қалыптастыру болып табылады. Бұл мақсат еліміздегі әр адам ның қоғамдық талап пен жеке қызығушылықтарына байланысты.
Дене тәрбиесінің міндеттері: алға қойған мақсаттың шарттарына, сәйкес орындарға қол жеткізге мүмкіншіліктер туғызу. Дене тәрбиесі жұмысында шешілуге тиіс міндеттер үш топқа бөлінеді: сауықтыру, тәрбиелік және білім беру міндеттері.
Тәрбиелік міндеттер адамның жеке басының Жан-жақты дамуына рухани және дене қуатының бірлігін береді. Дене тәрбиесі бүтіндей педагогикалық салака болабола тура өзінің ар найы заңдылықтарымен тәрбиенің жалпы міндеттерін атқара алады.
Білім беру міндеттері осы саладағы арнайы білімді меңгеріп,осы қимыл арқылы жүйелі білімді, дене жаттығуларын өзгертіп, оны өмірде түрлі айла-тәсілдер арқылы өз бетінше қолдануды айтамыз.

1.2. Дене тәрбиесінің мазмұны, міндеті

Жеке адамды Жан-жақты дамытуда дене тәрбиесінің маңызы өте зор. Оқушыларға арналған дене тәрбиесінің бағдарламасында көрсетілген бастр міндеттерге сүйеніп, дене тәрбиесінің кейбір мәселелерін қарастырайық.
Барлық оқушылардың сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып қолайлы жағдайлар жасау қажет. Әрбір мектепте, кәсіптік - техникалық училище де, барлық оқу-тәрбие мекемелерінде жабдықтармен және құралдармен жақсы жарақталған спорт залдары мен алаңдары болуы тиіс. Оқушыларға дене тәрбиесін беру үшін спорт ұйымдары мен клубтардың, кәсіпорындар мен мекемелердің базасы кеңінен пайдаланады.
Мектепте дене тәрбиесін ұйымдастыру негізгі формаларына дене шынықтыру сабақтары, сыныптан тыс және мектептен жаппай спорт жұмыстары жатады. Сабақ-дене тәрбиесін ұйымдастырудың негізгі формасы. Дене шынықтыру сабақтары мемлекеттік оқу бағдарламасына сәйкес жүргізіледі. Онда жаттығулардың тізімдері, түрлері, сонымен бірге сабақта теориялық білімді меңгерудің мазмұны берілген. Дене тәрбиесі сабақтарында оқушылардың қозғалу белсенділігін ақыл-ой іс-әрекетіне сәйкес жүзеге асырудың негізгі педагогикалық талаптары қарастырылған.
Дене тәрбиесіндегі маңызды құралдардың бірі - табиғат факторлары. Күн көз, ауа, суға шомылу, душ қабылдау сауықтыру жұмысы кезеңінде пайдалану өте тиімді болады.
Қазақ халқы мателиалдық мұраларға қоса мәдени қазыналарға да аса бай халықтардың бірі. Сондай қомақты дүниелер қатарына ұлт ойындары да жатады. Ұлт ойындары халықтың әлеуметтік экономикалық жағдайларына үйлесімді жасалғандай әсер береді. Қазақтың ұлттық ойындары: көкпар, күрес, теңге алу, қыз қуу т.б. спорттық сипатпен бірге үлкен тәрбиелік маңызға да ие болады.
Дене тәрбиесінің негізгі құралдары мен әдістерінің бірі ретінде көп қозғалысты ойындар сауықтыру және тәрбие, білім беру міндеттерін тиімді шешуге мүмкіндік ашады. Ойын барысында балалардың қозғалыс ширақтығы бүкіл организмде жігерлі жадай туғызады, алмасу процестерін күшейтеді, өмірлік тонустарын арттырады. Спорттық ойындар нышандары бар ойындар балалар қимыл-қозғалыс ойындарын өз бетінше ұйымдастыра білетін кезде жүргізіледі. Спорттық ойындар нышандары бар қимыл-қозғалыс ойындарына қарағанда балалардан жинақылықты, ұйымшылдықты, бақылағыштықты, айқын, қолайлы қимыл техникасын ұшқыр қимыл сезімін көбірек талап етюді. Мысалы, "Ақ серек, көк серек", "Соқыр теке" шындап келгенде ұлт ойындары ауыз әдебиетінің бір саласы. Олай болса, ұлан - байтақ қазақ даласына ауызекі тарай келіп, ол түрленіп, өзгеріп отырған. Ұлттық ойындар көбінесе, логикалық ойлау мен матеметикалық, философиялық ойлауды дамытуға негізделген. Солардың төресі "Тоғыз құмалақ". Оймен келетін ойындарды сөз еткенде шахмат, дойбы қазақтар мекендеген кезде торік заманынан белгілі екенін көсететін деректер де бар.
Сабақта, ертеңгіліктерде, сыныптан тыс шараларда, кештерде пайдаланылатын халық ойындары оқушы зердесіне бұрын қабылданған, бірақ ұмыт болған білімнің жаңғыруына және соны мен бірге бұл білімдердің нақты әрекеттерімен бекітіліп, олардың практикалық өмір сәттерінде қоданылуына жағдапй жасайды.
Дене тәрбиесін ұйымдастыру формаларына дене шынықтыру, жаппай спорт жұмыс тары жатады. Дене тәрбиесі ұйымдастырудың негізгі формасы. Дене тәрбиесі мемлекетаралық бағдарламаға сәікес жүргізіледі. Онда жаттғулардың тізімдері, түрлері,соны мен бірге дене жаттығулардың мазмұны берілген. Денн тәрбиесі бағдарламасына сәйкес спорттар: футбол, баскетбол, волейбол, тенис пайдаланылады. Жаттықтыру бірнеше топтарға бөлінеді: күн тәртібі ішінде физкульт-сәттер, кіріспе гимнастика, жаттығу арасында тынығу, туристік жорықтар, спорт жарыстары және т.б.
Жарысты жоспарлау негіінген спрорт және дене тәрбиелеу жүйесінің мақсатына сәйкес болуы керек. Олар: республикалық, облыстық, қалалық немесе дене шынықтыру коллективтердің арасында болуы керек.
Халықаралық Сопорт Федерециялары МОК олимпиядалық ойындарды өткізу барысында оның спорттық, техникалық жағынан басшылық жасаувды әр спорт түрі бойынша Халықаралық Спорт Федерациясына жүктейді. Мәселен, хоккей, футбол, жеңіл атлетика, суға жүзу т.с.с. Олимпияда конгресс 1984 жылы Парижде бірінші рет өтіп, онда осы заманғы олимпиядалық ойындардың теориялық негізі қаланып, Халықаралық Олипиядалық Комитет (МОК) құрылды. Конгреске Халықаралақ Спорт Федерацияларының өкілдері қатысып, олимпиядалық ойындарды өткізу жөніндегі аса маңызды мәселелерді шешеді. Қысқы олимпиядалық ойындар жазғы олимпиядалық ойындар өтетін жылдың қысында өтеді. Ол 1924 жылдан басталды. Жазғы олимпиядалық ойындар 15 күн, ал қысқы олимпиядалық ойындар 10-12 күн ішінде өтуге тиіс. Олимпияданың өту орнын МОК белгілейді. Олимпияданың өту уақытын олимпияда өтетін елдің ұйымдастыру комитеті белгілейді. Оны МОК бекітеді. Олимпияда ойындарының жарыстары олимпияда өткізу міндеті жүктелген қаладағы стадиондарда немесе қала маңындағы спорт құрылыстарында өтеді. Кәсіптік спортпен шұғылданатындар олимпиядаға қатыстьырылмайды. Әр елдің спортшысы өз елінің жалауы астында ғана жарысқа шыға алады.олимпиядаға бір спорт түрін жақсы имеңгерген спортшы қатыса алады.
Олимпияда Хартиясына сәйкес олимпияданы өткізу жауапкершілігі белгілі бір елге емес, қалаға жүктелдеді. Олимпиядалық ойындардыды өткізуге тілек білдірген қаланың жоғары әкімшілігі өз ұсынысын сол елдегі Ұлттық Олимпиядалық Комитетке бекіттіріп, МОК-ке жолдайды. Сонымен бірге қаланың кандидатурасын сол елдің үкіметі толық жақтауы тиіс. МОК олимпиядалық ойындар өтуден 6 жыл бұрын оны өткізетін қаланы бекітеді. Олимпиядалық ойындарды өткізуге тілек білдірген қала МОК-тың сессиясында дауысқа түседі. Егер қалалардың ешқайсысы белгілі мөлшерде қажетті дауысқа ілігше алмаса, онда ең аз дауысқа ие болған қала алынып тасталынып, дауы беру рәсімі қайта жүргізіледі. Олимпиядалық ойындар өткізу міндеті жүктелген қала МОК-тың бекіткен жоспары бойынша олимпиядаға әзірлік жоспарын бастайды. Оны сол қала ұсынылған елдің Ұлттық Олимпиядалық Комитеті тікелей бақылауға алып, іс жүзіне асырады.
Кезеңмен үйрету, оның ішінде өзарабайланысты қозғалыс қимылын меңгеру ісі ұзақ уақытты алады. Қимылды игерудің белгілі бір деңгеймен сипатталатын әрбір кезеңі төмендегілермен түсіндіріледі: орындай алмайтын дәрежеден оларды толық меңгеруге дейін. Нәтижесінде, үйретудің әрбір кезеңі өз белгілеріне ие болады, соған сәйкес жеке міндеттер қоюға және тиріс ті құралдарды, әдістерді және жаттығуды ұйымдастыру түрін іріктеп алуға тура келеді.
Үйрету кезеңін қозғалыс дағдысыныің фазасымен араластыруға болмайды. Фазалар бұл қозғалыс дағдыларының қалыптасуының биологиялық заңдылықтарының шартты бейнеленуі. Кезеңдер-педагогикалық және психофизиологилық заңдылықтарды бейнелейтін педагогикалық істің шартты түрде бөлінуі.
Үйрету құрылымын өзкріссіз болады деп қарастыруға болмайды. Бұл үйретудің жалпы заңдылықтарын бейнелейтін кезеңдер бөліктерінің арасындағы типтік қатынастар ғана. Мұндай қатынастар үйретудің нақты міндеттеріне байланысты өзгеруі мүмкін. Егер қозғалыс қимылдарын орындаудың үлгі есебінде бекітілген түрін жеткізу педагогикалық тұрғыдан қажетсіз болса, онда кезеңдердің кезектесуі де өзгереді. Ал проблемалық оқыту қолданылған жағдайда оқытушы мұғаліммен қажетті хабарларды алмай-ақ дене жаттығуларын орындау ретімен өзінің білімі мен қозғалыс тәжірибесін жинақтай отырып қойылған міндеттерді шешеді (осындаоқытудың алғашқы екі кезеңі орындарын алмастырады). Кезеңдердің ұзақтығы әр түрлі болуы мүмкін: оқушының дайындық деңгейін, қимыл күрделілігіне, үйретудің ақырғы міндеттеріне және т.б. байланысты. Мысалы, спорттық секциядағы жаттығуға қарағанда, мектептегі сабақтардың уақыты қысқа болады, оның ішіндн ең үлкен айырмашылық үйретудің соңғы кезеңінде болады (спортшы жылдар бойы қозғалыс қимылын жетілдіреді).
Алғашқы кезеңдегі дайындық уақыты аз, ал соңғы кездегі оқыту кезеңі болады (қимылды бастапқы таныстыру бірнеше минутқа созылуы мүмкін, ал жетілдіру бірнеше сабақтар бойына созылады). Қозғалыс қимылына үйретуде тұтас процесін осындац кезеңдерге бөлу шарт. Олардың шекарасын да бөлуге болады (бүгін бір кезең аяқталды делік, ал келесі сабақта басқасы басталады). Бөлу шартты және қажетті: әрбір кезеңнің ерекшеліктерін білме, дағдыны қалыптастыратын қозғалыс қимылдарына үйретудің барлық ретін түсіну мүмкін емес.
Үйрету құрылымы-бұл жеке қимылға үйрету кезеңі, бірақ сабақтың мазмұнын құрайтын қимылға үйрету кезеңі емес екендігін ұмытпаған жөн. Нәтижесінде, қозғалыс қимылдар сабағы-үйрету құрылымына қанша рет жоспарлаған болса,мұғалім әрбір сабақта үйрету құрылымының көмегіне сонша рет сүйенеді. Үйретудің бірінші кезеңі бір құрылымдарға қолданылса, басқалар үшін соңғы кезеңі қолданылады. Кез-келген қимылға, тіпті қарапайым қимылға үйреткенде де тиісті дағдылары қалыптастыру қажеттілігі туындайды.
Туристік жорықтар, экскурсиялар мен саяхаттар оқушыларға жан-жақты дене тәрбиесін берудің және оларды сауықтырудың маңызды буындарының бірі болып табылады. Қазіргі кезде мекткп туризміне басшылық етудің арнайы бағдарламасы болғандықтан, мектеп мұғалімдері күнделікті туризм саласындағы жұмысында пайдалану үшін үлгі бағдарламасының төмендегідей нұсқасын қсынып отырмыз.
Жорықтар мен саяхаттарда, экскурсиялар мен экспедицияларда оқушылар отанымыздың қуаты мен әсемдігін тереңірек түсінеді, еліміздің өткендегі тарихымен және байлығымен, қол жеткен табыстарымен, ғылымы және мәдениетімен, соғыс және еңбек ардагерлерімен танысуға мүмкіндік алады.

1.3. Дене шынықтыру мен спортты басқарудың адам тұлғасындағы даму негіздері

Адам тұлғасының даму негіздері мектепке дейін және төменгі сыныптарда оқып жүрген жас мезгілдеріне сәйкес жалғасады. Сонымен қатар тұлғаның жан-жақты дамуы биологиялық заңдылықтарға да байланысты. Ең маңызды заңдылықтардың біріне тоқталатын болсақ, ол адамның организмінің өсіп дамуы табиғи ортаға байланысы бар екендігін атағанымыз орынды болады.
Дене мәдениеті дегеніміз жалпы мәдениеттің бір бөлігі екендігін атай отырып, қоғамның адам тұлғасының дамуына бағытталған арнайы әдістемелер мен тәсілдердің, мақсатты түрде тиімді пайдаланудың бірлігі деп. ұғынуға болады. Дене мәдениетінің даму дәрежесі қоғамның әлеуметтік және экономикалық дамуының деңгейіне байланысты.
Дене мәдениетінің негіздері дегеніміз дене дайындығын, осы салака қатысты білімді қамтамасыз ете отырып, әрбір адам баласының болашақта денесінің жан-жақты даму негізінде спорт пен дене тәрбиесіне терең шұғылданумен бірге өмір белсенділігін арттыру деп. түсінеміз. Дене мәдениетінің негіздері мектеб жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалармен өткізілетін дене тәрбие сабақтарында қалыптасуға тиісті.сондықтан да бала-бақшалардың және орта мектептердің бағдарламаларында дене тәрбиесі сабақтарыміндетті түрде жетісіне екі рет өткізілуге тиісті екендігі атап көрсетілген. Олай болатын себебі осы жас кездерінде, жалпы дене тәрбиесінің негіздері қаланумен бірге адам бойындағы физикалық қасиеттердің қалыптасатындығын ескер туге тиістіміз. Демен орта мектеб інде, сонымен бірге бала-бақшаларда өткізілетін дене тәрбиесінің маңызы орасан зор екендігін көре отырып болашақта адам тұлғасының қалыптасуының ең бір бастр негіздерінің бірі деп. атағанымыз жөн.
Дене тәрбиесі жөніндегі білім дегеніміз қозғалыстарға үйретудің негізгі мазмұнын құрай отырып,адамның өз қозғалыстарын басқарудағы орынды тәсілдерді мегеру жүйесін жасайды, сол арқылы іскерліктің, дағдылардың және соларменбайланысты білімдердің өмірге қажет қозғалтқыш қорын меңгереді.
Дене дайындығы дегеніміз белгілі бір іс-әрекетке байланыстымақсатты орындауға бағытталған дене тәрбиесінің мамандандырылған процесі. Ол жалпы және арнайы дене дайындығын танып білуге көмектеседі. Сонымен бірге дене дайындығы еңбекке әзірленудің, қажет десеңіз әскери қымет етуге дайындаудың бөлінбес құнрамы болыптабылады.
Дене пішінінің дайындығы дегеніміз белгілі бір қызметке дене жағынан әзір болудың хал-жағдайы, яғни қолжеткен жұмыс Істру қабілетін тұтастырған дене дайындылығының нәтижесі мақсатты қызметтің әсерлілігін арттыруға мүмкіндік беретін, жадай жасап ұйымдасқан қолданбалы қозғалитқыштың іскерліктер мен дағдылар деп. түсінгеніміз жөн болады.

ІІ БӨЛІМ. АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ САБАҚТА ҚОЛДАНУ
2.1. Білім беру жүйесін ақпараттандырудың бағыты

Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Келешек қоғамымыздың мүшелері - жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.
Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен ХХІ ғасыр - ақпараттандыру ғасыры деп аталды. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі - қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру - экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты рөл мектепке жүктеледі.
Адамзаттың қолы жеткен ең үлкен табыстарының бірі - осы ақпарат. Бірақ оны шектен тыс ашық қолдана берсе, жастар санасын улайтын да нәрсеге айналып кетуі мүмкін.
Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет деп, Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. Қазақстан Республикасының білім беруді 2020 жылға дейін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында оқу үдерісінде ақпараттық-қатынастық технологияларды кеңінен пайдалану жалпы білім беруді дамытудың басты бағдарының бірі делінген.
Әлемдік білім алу кеңістігінде интеграциялық үрдістердің тереңдеп, кең қанат жайған жағдайында ақапараттық технологияларды меңгеру өзекті екені сөзсіз. Осы кезеңде біліктілігі жоғары дәрежеде дамыған, білімі жағынан бәсекеге түсе алатын, өзін халықаралық еңбек жәрмеңкесінде еркін сезініп, жүре алатын мамандар дайындау мәселесі Қазақстан оқу орындарының ең маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.
Сапалы білім беру қазіргі уақытта, білім алушылардың жұмысын ұйымдастыруда жаңа әдістер мен технологияларды кеңінен пайдалануды, білім беруді ақпараттандыруды талап етеді.Ақпараттық-коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене шынықтыру және спорт мамандары кәсіби қызметіндегі дене мәдениетінің рөлі
Жоғары білікті спортшыларды жаттықтыру барысының инновациялық технологиялары
Дене мәдениеті оқытушысының педагогикалық шеберлігін жетілдіру негіздері
Дене шынықтыру және спорт педагогикасы – педаогикалық білімдер саласы және жалпы мәселелері
Дене шынықтыру және спорт педагогикасы
Педагогика. Дәрістер
ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ САПАСЫН БАҚЫЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Әлеуметтік - педагогикалық қызметтің кәсіби қызметінің бағыттары
Болашақ дене мәдениеті мамандарының дене мәдениетін кәсіби қалыптастырудағы мәні
Дене тәрбиесі сабағынан ашық сабақ өткізу
Пәндер