Ұлттық спортты оқыту, үйрету әдістемелері



ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І БӨЛІМ. ҰЛТТЫҚ СПОРТТЫ ОҚЫТУ, ҮЙРЕТУ ӘДІСТЕМЕЛЕРІ ... .4
1.1. Сабақ жүйесінде ұлттық ойындарды оқыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2. Дене тәрбиесі мен спорттағы ұлттықтың даму заңдылықтары ... ... ... ... ...6
1.3. Дене тәрбиесі сабағында оқытудың интербелсенді тәсілдерін қолдана отырып оқушыларды тәрбиелеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
ІІ БӨЛІМ. ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.1. «Көкпар» ойыны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.2. «Аударыспақ» ойыны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
Қазіргі Қазақстан жері көне мәдениет ортасы екендігін археологиялық қазбалар, ауызша және жазба деректер, тастағы белгілер, тарихи зерттеулер дәлелдеп отыр.
Ұлттық ойындар мен спорт түрлері де қазақ халқының сан-салалы мәдениетінің бір түрі ретінде даму тарихы өте ерте уақыттан бастау алатындығын көруге болады.
Қазіргі кезде қолданылатын спорт мектептеріндегі бағдарламалар Кеңес Одағы кезінде Бүкілодақтық дене шынықтыру ғылыми-зерттеу институты 1983 –1985 жылдары әзірлеген бағдарламалар мен әдістемелер бойынша жұмыс істейді. «Қазақстан өзінің ғылыми базасын құрмай, бүгінде заманауи ғылыми әдістемелерсіз қалып отыр. Сол себепті республиканың спорт мектептерінде спорт түрлерінен бірыңғай оқу бағдарламаларын енгізу мүмкін болмай отыр, ал ол спорт резерві мен халықаралық дәрежедегі спортшыларды даярлаудың жүйелі жолын қамтамасыз етуге кедергі келтіріп отыр» деп атап көрсетеді ҚР туризм және спорт министрлігінің Стратегиялық Жоспарында .
Олимпиадалық және әлемдік деңгейде жетекші орын алатын спорттық державалар Германия, АҚШ, т.б. мемлекеттер бұқаралық спортты дамытуға бөлінетін қаражаттың жалпы мөлшері 40-50 пайызға дейін екендігін ескерсек, бізде де үлкен спортты дамыту үшін алдымен бұқаралық спортқа үлкен көңіл бөлу қажет екендігі айқын.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі ұлттық спортты дамытуға арналған мемлекет тарапынан жасалған қолдауларды атай келіп, ең алдымен, «Дене шынықтыру және спорт Заңының» қабылдануының маңызды құжат болғандығын атап өтеміз. Осы Заңның аясында спорт мектептерінде ұлттық спорт түрлері бойынша топтар ашылып, мектептерде аптасына 3 сағаттық дене шынықтыру сабақтары өткізіле бастады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Ахметжан Қ.С. Батырлардың жауынгерлік жекпе-жегінің әскери, моральдық-психологиялық және ғұрыптық аспектілері // Қазақ білім академиясының баяндамалары / Доклады Казахской академии образования. — Астана, 2011. № 1 — 70–80 бб.
2. Бабалар сөзі: Жүз томдық. — Астана: «Фолиант», 2010. Т.59: Тарихи жырлар.
3. Қазақ халық әдебиеті: Көп томдық / Қаз ССР Ғылым академиясының М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты. — Алматы: Жазушы, 1989. — Т. 4: Ертегілер.
3. Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. 1 том: біртұтастығы және ерекшелігі. -Алматы: «Арыс» баспасы, 2005;
4. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. 1 том: А-Д. — Алматы: DPS, 2011;
5. Тәнекеев М. Қажымұқан Мұңайтпасов (Тарихи очерк). Алматы: Қазақ мемлекет баспасы, 1963;
6. Құрманбаева С.К. «Ұлттық ойындардың бүгіні мен келешегі», «Алматы» 2004 жыл, 209 б.
7. Несіпбаев Б.К. «Ұлт мәдениеті мен өнері», «Білім» 2003 жыл, 198 б.
8. Атабаев А.С. «Ұлттық ойындар- халық мұрасы», «Кітап» 2006 жыл, 275 б.
9. Наурызбаев Ж. «Ұлттық мектептің ұлы мұраты», «Алматы» 1995 жыл,98б.
http://www.info-tses.kz/red/article.php?article=45674

Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
ұлттық спортты оқыту, үйрету әдістемелері
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
і бөлім. ұлттық спортты оқыту, үйрету әдістемелері ... .4
1.1. Сабақ жүйесінде ұлттық ойындарды оқыту ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 4
1.2. Дене тәрбиесі мен спорттағы ұлттықтың даму заңдылықтары ... ... ... ... ...6
1.3. Дене тәрбиесі сабағында оқытудың интербелсенді тәсілдерін қолдана отырып оқушыларды тәрбиелеу ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
ІІ БӨЛІМ. ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.1. Көкпар ойыны ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.2. Аударыспақ ойыны ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..26
КІРІСПЕ
Қазіргі Қазақстан жері көне мәдениет ортасы екендігін археологиялық қазбалар, ауызша және жазба деректер, тастағы белгілер, тарихи зерттеулер дәлелдеп отыр.
Ұлттық ойындар мен спорт түрлері де қазақ халқының сан-салалы мәдениетінің бір түрі ретінде даму тарихы өте ерте уақыттан бастау алатындығын көруге болады.
Қазіргі кезде қолданылатын спорт мектептеріндегі бағдарламалар Кеңес Одағы кезінде Бүкілодақтық дене шынықтыру ғылыми-зерттеу институты 1983 - 1985 жылдары әзірлеген бағдарламалар мен әдістемелер бойынша жұмыс істейді. Қазақстан өзінің ғылыми базасын құрмай, бүгінде заманауи ғылыми әдістемелерсіз қалып отыр. Сол себепті республиканың спорт мектептерінде спорт түрлерінен бірыңғай оқу бағдарламаларын енгізу мүмкін болмай отыр, ал ол спорт резерві мен халықаралық дәрежедегі спортшыларды даярлаудың жүйелі жолын қамтамасыз етуге кедергі келтіріп отыр деп атап көрсетеді ҚР туризм және спорт министрлігінің Стратегиялық Жоспарында .
Олимпиадалық және әлемдік деңгейде жетекші орын алатын спорттық державалар Германия, АҚШ, т.б. мемлекеттер бұқаралық спортты дамытуға бөлінетін қаражаттың жалпы мөлшері 40-50 пайызға дейін екендігін ескерсек, бізде де үлкен спортты дамыту үшін алдымен бұқаралық спортқа үлкен көңіл бөлу қажет екендігі айқын.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі ұлттық спортты дамытуға арналған мемлекет тарапынан жасалған қолдауларды атай келіп, ең алдымен, Дене шынықтыру және спорт Заңының қабылдануының маңызды құжат болғандығын атап өтеміз. Осы Заңның аясында спорт мектептерінде ұлттық спорт түрлері бойынша топтар ашылып, мектептерде аптасына 3 сағаттық дене шынықтыру сабақтары өткізіле бастады.

і бөлім. ұлттық спортты оқыту, үйрету әдістемелері
1.1. Сабақ жүйесінде ұлттық ойындарды оқыту
Ұлттық рухани бейне - күрделі құбылыс. Оның құралып қалыптасуына әр түрлі сипатты халықтық құбылыстар қатысады. Бірқатар құбылыстар кешені ұлттық рухани бейнесімен байланысты. Олардың қатарына ұлттық мүдде, сана-сезім, сезім, мәдениетін, тілін, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін жатқызуға болады. Сондай-ақ, дене тәрбиесі мен спорт ұлттың рухани бейнесімен тығыз байланысты. Өйткені, олар ұлттық тұрмыстың элементтерінің бірі болып табылады.
Осы заманғы ұлттық проблемалар бойынша, Отандық және ТМД елдерінің ғалымдары бірқатар еңбектер жариялады.
Осыған қарамастан, ұлттық табиғатты әлеуметтік-философиялық және педагогикалық зерттеудің шеңберін кеңейту қажеттілігі сезіледі. Бұл аталған құбылысты түсінушілікте алақұлылықтың болуынан туып отыр.
Дене тәрбиесімен спорт саласындағы ұлттық тәрбиені, осы жолдарды жазып отырған, автордың әр кезде жарияланған кейбір еңбектерін қоспағанда тіпті аз зерттелді десе болады.
Күрделі қоғамдық феномендер ретінде дене тәрбиесі мен спорт өз ішінде қоғамда жасалған жүріс-тұрыс нормаларын, ал бұлар адамдардың өмір тіршілігінде белгіленіп, олардың дағдыларына, олардың тұрмыс - салтының, ұлттық өмірдің құрамдас бөлігіне айналады. Ұлттық өмірі дене тәрбиесі мен спорт саласындағы ұлттық тәрбиені анықтай береді.
Демек, ұлттық тәрбиені және ол қоғамдық өмірдің басқа құбылыстарымен қатынасын әрдайым даму жағдайында, нақты жағдайлармен, күллі қоғамның, жеке ұлттың, кемелдену деңгейімен, олардың өмірлері мен өзара қарым-қатынастарының басқа жақтарымен тығыз байланыста болуы керек.
Ұлттық тәрбиенің табиғаты әрі күрделі, әрі қарама-қайшылыққа толы. Адамдардың туыстық сезімге барынша жақын екендігі қашаннан белгілі. Мұның өзі ұлттыққа байыппен келуді, оны әрбір халықтың, әрбір ұлттың нақты жағдайларына сәйкес қарастыруды талап етеді.
Неміс ғалымы В.Зигер былай деп жазды: Дене тәрбиесін қоғамдық құбылыс, мәдениет пен тұрмыс салтының құрамдас бөлігі, адамдардың нақты тарихи әлеуметтік топтарының тәрбиесі ретінде айтқанда, біз тәнді (денені) жетілдірудің әлеуметтік-мәдени жағдайларының, сонымен қатар белгілі бір жеке адамның тарихи тұрғыдан әлеуметтік қалыптасуының жиынтығын айтамыз. Жалпы адамзаттық және әлеуметтік дамудың тарихи формасы болған ұлт сонымен бірге халықтың ұлттық ерекше спецификалық белгілерін алып жүруші де болған, ол жеке адамның тарихи құралуының (қалыптасуының) негізі болып та қызмет етеді. Жеке адамның тәрбиесін қалыптастыруға бағытталған дене тәрбиесі мен спорт өз ішіне көптеген құбылыстарды алып, ұлт өмірінің құрамдас бөлігі болып кіреді.
Ұлтттық өмірі дене тәрбиесі мен спорттың айырмашылық белгілерін, олардың имандылық негіздерін, педагогикалық процестің ерекшеліктерін белгілеп береді.
Дене тәрбиесі мен спорттағы ұлттық тәрбие өзара байланысты процестердің тұтас бір жүйесін ұсынады, оның басты компоненттері (сыңарлары) жалпы адамдық, әлеуметтік, ұлттық өзгелік болып табылады. Күллі адам атаулының дүниені бейнелеу заңдары ұқсас, әрбір жекелеген жағдайда ұлттық тәрбие жалпы адамзаттық қана емес, ұлттық өзгеше (спецификалық) тәрбиені де іске асырушы ретінде, көрініс береді.
Ұлттық тәрбиеде жалпы адамдық белгілердің болуы ұлттық тәрбие ұғымын мазмұны жағынан кең әрі терең ете түседі.
Ұлттық тәрбиенің құрамындағы жалпы адамзаттық қоғам қызметінің нақты саласындағы өзара әрекеттесудің, өзара кірігудің нәтижесі болып табылады. Сондықтан, дене тәрбиесі мен спорттағы ұлттықты қоғамдық қатынастардың күллі жиынтығынан оқшау алып қарастыруға болмайды.
Ұлттық өзгешелікті құрайтын элементтер алуан түрлі. Кейбір ғалымдар атап көрсеткендей, өзгеше белгілері болмайтын үлкенді-кішілі ұлттар болмайды. Сондай-ақ, бір-бірінен ерекшеленбейтін жүйесі жоқ дене тәрбиесі де болмайды.
Мұнымен қатар шығу тегіне қарамастан барлық адамдардың шындықты бейнелеу заңдары да, ұқсас екендіктері де белгілі. А.Г.Агаевтың айтқан пікірі дұрыс, ол халықтар аз аралас-құралас болғанына қарамастан, өздерінің ғылыми танымында бірдей дерлік нәтижелерге қол жеткізеді деп жазған еді. Бұл айтылғанға дене тәрбиесінің кейбір құралдары айқын айғақ бола алады.
Дене шынықтыру жаттығулары мен арнаулы заттар (құралдар) немесе ойындар үшін бейімделген құралдар жасаған (жаратқан) дүние жүзінің көптеген халықтары көптеген жағдайларда бірдей дерлік қорытындыға, оларды жас ұрпақтың дене тәрбиесі мақсаты үшін пайдалану заңдылықтарында қайран қаларлықтай ұқсас нәтижелерге жеткен. Белгілі ғалым М.С.Жүнісовтың атап көрсеткендей әрбір жекелеген жағдайда ұлттық тәрбие тек жалпы адамдық қана емес, ұлттық-өзгеше тәрбие түрінде де көрініс береді.
Ұлттық тәрбиенің сипаты ерекшелігі сол, ол ұлттық-өзгеше тәрбиеге қарағанда мазмұны жөнінен әрқашанда байқалады. Сондықтан ұлттық тәрбие алуан түрлі, көп элементті құбылыстардан тұрады және ол әр түрлі көрініс береді. Сондай-ақ оның шығу тектері де, даму бағыттары да әр қилы.
Қарастырып отырған мәселеге келетін болсақ, алуан түрлі аса ірі халықаралық ғылыми конгрестер мен симпозиумдерде антик дәуірінен бері дене тәрбиесінде жалпы адамзаттық белгілер бар деген қағида әлденеше рет атап өтілді.

1.2. Дене тәрбиесі мен спорттағы ұлттықтың даму заңдылықтары

Дене тәрбиесі мен спорттағы ұлттықтың өз даму заңдылықтары бар, ол ұлттық өмірдің көптеген жақтарын орынды қозғайды. Бұл жайында кей-кейде аяу және алыс шет ел ғалымдары да жазып жүр. Солардың бірі, мәселен, ұлттық тәрбиеге мынадай түсінік береді: Дене мәдениетінің ұлттық ерекшеліктері ұлттық нақты өмір жағдайларында тарихи қалыптасқан дене шынықтыру жаттығуларының, ойындарының, спорттық өзіндік бір формаларын, өзіндік бір ережелері мен дене қызметін ұйымдастыру тәсілдерін, оған деген дәстүрлі қатынастарын (бұл қатынастарды ұлттық тұрмыс салты мен психикалық құрылым ерекшеліктері көрініс береді) білдіреді. Мұндағы интернационалдық белгілер ұлттық мәдениеттердің өзара әрекетінің, өзара кірігуінің нәтижесі болып табылады.
Бұл айтылған пікірден шығатын қорытынды, дене тәрбиесімен спорттағы ұлттық тәрбиені мүлде оқшау құбылыс ретінде қарастыруға болмайды, өйткені ол өз ішіне мынадай құбылыстар тобын олар белгілі бір ұлттың барлық адамдарына тән құбылыстарды алады.
Осы заманғы дене тәрбиесі мен спортта ұлттық тәрбие интернационалдық тәрбиесіз толық мағынасында өмір сүруі мүмкін емес. өзара бір-бірін байыту, өзара ықпал ету олардың даму бағыты мен сипатын анықтайды.
Алайда нақты өмірде ұлттық форма мен мазмұнның көрінуі субъективтік факторлармен араласып кетеді. Мұның өзі бұл процестің дамуына мақсатты түрде ықпал ету мүмкіндіктерін туғызады. Бұл айтылғанның жарқын мысалы ретінде дене тәрбиесінде сабақ жүргізудің кейбір осы заманғы тенденцияларын айтуға болады. Мұндай сабақ оқыту кезінде ұлттық элементтері толық пайдаланылады.
Сонымен дене тәрбиесі мен спортта ұлттық тәрбие ұлттық тіршілік ерекшеліктерінен туады, онда ежелгі дүниенің қазыналары да болады. Тарихи көзқарас тұрғысынан алғанда, онда таза ұлттық нәрселер қанша, басқа халықтардан ауысқаны қанша, бұл жайтты түсіндіру көп қиындық келтіреді. өйткені, басқалардан алынған дүниелердің өзі тұрмысымызға өзіміздікіндей болып сіңісіп кеткен. Мәселен, көкпар, қыз қуу, аударыспақ, күміс алу, тоғыз құмалақ, жарға жарыс сияқты ұлттық ойындарға қазақтың немесе Орта Азия халықтарының, бізге іргелес шығыс елдерінің қосқаны қанша, әлбетте, анықтау қиын. Қиын болатын себебі, ежелден бұл халықтар ауылы аралас, қойы қоралас өмір сүріп келеді, олардың арасында ежелгі замандардан бері келе жатқан этномәдени байланыстар бар. Алайда, қазіргі ұрпаққа тарихи тамырлардан гөрі, оларда осы заманғы дене тәрбиесінің мазмұнын байытатын қаншалықты озық құндылықтар бар. Міне, оларды осы мәселе қызықтырады.
Дене тәрбиесі және спорт үйлесімді жан-жақты адам тәрбиелеуге бағытталған. Бұл міндетті шешуге ұлттық, халықаралық, интернационалдық тәрбиенінің күллі әдістерімен құралдары бағытталғн. Нақ осында, дене тәрбиесі мен спорт саласында жүзеге асырылған терең процестің мән-мағынасы жатыр.
Кейбір ғалымдардың осы заманғы халықтардың мәдениетініі ұлттық формаларының әр алуандығы, мәдени өзара байытудың дене шынықтыру саласында байытудың елеулі алғы шарттарының бірі болып қызмет етеді. Өйткені, жекелеген халықтардың спорт пен дене тәрбиесі дүние жүзінің басқа халықтарының спорт, дене тәрбиесі жүйесімен өзара әрекеттесу үстінде дамиды деген пайымдауы мүлде дұрыс.
Дене тәрбиесі мен спорт саласында өзара байыту, өзара әрекеттесу осы заманғы қоғамның объективтік процестерімен құбылыстарын бейнелейді. Алайда, олардың мазмұны мен формасы нақты өмірде олардың көрінуі мен арақатынасы, адамдардың тұрмыс салттары мен тенденцияларына сәйкес келмейтін элементтерімен жиі көбірек шатысып кеткен.
Ұлттық тәрбиедегі күллі құндылықтар мен озық атаулының бәрі өзінің рухы бойынша басқа халықтарға сөзсіз жақын. Бұл озық атаулының бәрін тек ұлттық деп қана емес, интернационалдық деп те түсінуіміз керек. Бұл жерде мына бір маңызды тарихты ескерту қажет. Әдетте интернационалдық атаулы ұлттық арқылы көрініс береді.
Бұл тұжырым дене тәрбиесінің жекелеген ұлттық формалары мен құралдарының даму мысалы арқылы қуатталып отыр, бұл жағдайда ұлттық атаулы өзінің тарту күшінің арқасында интернационалдық элементтерге қолайлы жағдай туғызып отыр.
Егер шын жағдай нақ осындай болса, онда сөз етіп отырған қағидамыз профессор Н.Д.Жандилдиннің пікірімен үндеседі. А.И.Арнольдов жоғарыда айтылғандардың төңірегінде қызықты әрі дау туғызатын пікір айтады. Ұлттық дегеніміз ұлттықтың өзгеше формада көрінуі, интернационалдық ұлттың өмір сүрі кезеңінде ұлттық формада көріне алмайды. Осыған байланысты профессор Т.Сәрсенбаевтың ескертуін толық орынды деп санаймыз. Ал А.И.Арнольдовтың пікірі бұл құбылыстың табиғатын толық ашып бермейді, өйткені, ұлттық атаулыдағының бәрі интернационалдық болмайды, дейді.
Осы заманғы ұлттық форманың дамуында көптеген интернационалдық болғанына бұл атау сол қалпында қала береді. Мұны дене шынықтыру мәдениеті мен спорттың ұлттық формасына қатысты деп айтуға болады. Егер, оларда ұлттық өзгеше, ұлттық айрықша белгілер болса, онда олар спорттың классикалық түрлері деңгейінде дене шынықтыру мен дене тәрбиесінің интернационалдық көлемінде таратылған болар еді.
Дене тәрбиесінің ұлттық жүйесінде, спорт пен дене шынықтырудың мәдениетінің ұлттық формаларында жалпы маңыздылыққа ие нәрселер бар. Сондықтан да, көптеген халықтарға олар әрі түсінікті, әрі қолайлы. Осының нәтижесінде олармен интернационалдық нәрселер оп-оңай кіріге алады.
Алайда, ұлттық және интернационалдық нәрселердің өзара әрекеттерінің қарқыны ең алдымен қоғам өмірінің тарихи жағдайларына байланысты.
Бірқатар ғалымдар бұл құбылыстардың салыстырмалы түрде екенін ескере отырып, тарихтың әрбір жаңа кезеңінде ұлттық және интернационалдық нәрселер жаңа бірлік ұсына алады деген тұжырымға жүгінеді.
Қазақстандағы спорт пен дене тәрбиесі мысалдары арқылы ұлттық дамудың бұл сияқты процестерін айқын әрі түсінікті түрде ашып көрсетуге болады. ХІХ ғасырдың аяқ шені мен ХХ ғасырдың бас кезінде ұлттық тәрбие өз мазмұнына ең алдымен ұлттық-өзгеше, ал интернационалдықтан - негізінен халықаралық жарыстар ережелерінің жекелеген элементтерін соның өзінде, тек ат спорты түрлерін алады.
ХІХ ғасырдың 90-жылдары ұлттық тәрбие спорт пен дене тәрбиесінің туыстас ұлттық формаларынан қана емес, көптеген интернационалдық, халықаралық құралдар мен дене тәрбиесінің формаларынан, олимпиялық ойындарды қоса алғанда ойында ме,н спорт түрлерінен осы құнды, озық көптеген нәрселерді алды.
Ұлттық тек тарихи нәрселерді қана емес, осы заманғы қоғамдық өмірдің кең әрі терең процестерін қамтиды. Біздің заманымыздың ғалымдары өз еңбектерінде бұл мәселе жайында жан-жақты жазған, бұлардың қатарына Р.Абудлатилов, М.С.Жүнісов, А.С.Смирнов, М.А.Морозов, Т.С.Сәрсенбаев сияқты ғалымдарды жатқызуға болады.

1.3. Дене тәрбиесі сабағында оқытудың интербелсенді тәсілдерін қолдана отырып оқушыларды тәрбиелеу

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан - 2030 атты халыққа жолдауында:Оқушыларды Қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкаппарлық, тектілік, білімділік, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек дегені мәлім. Осындай алға қойылып отырған міндеттерді жүзеге асыруға дұрыс ұйымдастырылған дене тәрбиесі мен спорт шешуші рөл атқарады.
Дене тәрбиесі-адам денесінің оның қимыл қозғалысының сапасын арттыруға арналған тәрбиенің бір түрі.Осы арқылы адамның педагогикалық, қоғамдық, табиғатты тану сияқты рухани қажеттіліктері өседі.ХІХ, ХХ ғасырларда өмір сүрген қазақтың ұлы ағартушылары- А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Е.Букин, М.Бабажанов, А.Байтұрсынов, С. Мұқанов өздерінің шығармаларында жас ұрпақтың дене тәрбиесіне ерекше көңіл бөлді, адамның дене бітімінің дамуына, халықтың сана-сезімінің көтерілуіне ықпал жасайтындығын жазды.
Дене тәрбиесі-тәрбие жүйесінің негізгі бір саласы, баланың денсаулығын нығайтып, күш-жігерін, ақыл - ойын арттырады.Мұғалімнің немесе жаттықтырушының басшылығымен күнсайын дене шынықтырумен айналысып жүрген жасөспірім тек қана денсаулығын жетілдіріп қоймайды. Сонымен қатар адамгершілік рухта тәрбиеленеді. Мұғалім күнделікті сабақтарда да оқушылардың спортқа қызығушылығын арттыруды жолға қойып, балаларға дұрыс бағыт бағдар көрсетіп отыруы тиіс. Еліміздің келешегі, осы жастарымыздың қолында.Осы жас ұрпақтың дене тәрбиесінен жалпы білімінің болуы, олардың ой-өрісін жан-жақты дамытумен бірге, кездескен қиыншылықтардың қандайын болса да жеңіп шығуға дағдыландырады,коллективте қатаң тәртіп сақтау ережелерін орындау дағдысына тәрбиелейді.
Білім беру саласын ізгілендірудің басты бағыттарының бірі-белсенді оқыту түрлері мен әдістерін жетілдіру.Дене тәрбиесі сабақтарында оқушыларды өзара белсенді болуға үйрету,сабақты жақсы меңгеріп алуы үшін тиімді әдістердің бірі.Ол үшін мұғалім оқушылардан берілген қандай да болса тапсырманы табандылық пен орындауды,өздігінен жұмыс істей білуді, ұйымшылдық пен белсенділікті талап етеді.Жеңіл атлетика,дала жарысы, спорт ойындары,суда жүзу,ұлттық ойындар,гимнастика сияқты спорт түрлерін тек қана практика жүзінде үйренгенімен қоймай,бұл ойындардың ережесі туралы өзбетінше ізденіп, пайда болу тарихына үңіліп, Дүниежүзілік және Қазақстандық спорт қозғалысынан хабардар болу сияқты тапсырмаларды орындап, сабақтан тыс кезде сайыс сабақ, Дөңгелек үстел, Дене тәрбиесінің тарихы апталығы, Көңілді старттар, Тоғызқұмалақ - үш күндігі, Былғары доп сияқты іс-шараларды өздері ұйымдастырып өткізе алады. Мұғалім олардың жұмыстарын орындауын бақылаушы және кеңесші болады. Оқушылардың Дене тәрбиесі-адамды қалыптастыратын пән атты тақырыпта сайыс түрінде ұйымдастырған дөңгелек үстелдің жоспары төмендегідей болды:
Сынып үш топқа бөлініп,әр топ өзіне топ басшысын тағайындайды.Топқа ат қойылып, төсбелгі жасайды.Әр топ өзінің ұраны мен бастап, топ мүшелерін таныстырады.
Сайыс ережесі:
А.Сәлемдесу, таныстыру
Ә.Берілген тақырыпта баяндама қорғау
Б. Бәйге сұрақтары
В.Гимнастикалық жаттығу немесе аэробика көрсету
Г. Тұлғаны танып біл!
Д. Жас төреші
Ж.Қабырға газеттері мен ұранды сөздерді бағалау
Қ.Қорытынды.
Топтарға сайыс ережесін алдын ала беріп қояды.Баяндама дайындау керек тақырыптардың тізімі мұғаліммен бірігіп жасалынып қояды.Топтар ішінен тақырыпты таңдап алып,дайындала бастайды. Мысалы: Қазақтың ұлттық спорт ойындары, Үстел теннисінің ережесі, Баскетболдың тарихы, Бадментон - қызықты ойын, Азиада және Қазақстан Қазақ даласының батыры т.с көптеген тақырыптарды ұсынуға болады. Бәйге сұрақтары үш топқа түрлендіріліп қойылды.
Мысалы:
1. Қазақ даласының батыры деген құрметті атақ алған қазақтың даңқты чемпионы кім?
2. Қазақстанның дене тәрбиесінің Жоғары кеңесі қашан құрылды?
3. Ең алғаш Бүкілқазақстандық спартакиада қай қалада,қашан өткізілді?
4. Волейбол сөзінің мағынасы?
5. Қазақстанда ең алғаш ашылған дене тәрбиесі техникумы?
6. Тұңғыш рет Спорт шебері атағын алған боксшымыз?
7. ҚР Дене тәрбиесі және спорт туралызаң қашан қабылданды?
8. Қазақтың ұлттық спорт ойын түрлері қайсылар?
9. Дүниежүзілік олимпиада ойындары қай кезден басталды?
10. .Тоғызқұмалақ ойынында құмалақтың саны? т.б
Гимнастика немесе аэробиканы музыканың сүйемелдеуімен орындайды. Тұлғаны танып білдеген турда Дүниежүзілік және Қазақстандық даңқты чемпиондардың суреттерін нөмірлеп көрсетпей қояды .Бір оқушы нөмір таңдап, сол нөмірдегі суретті топ мүшелеріне алып барады. Топ болып суреттегі тұлға туралы әңгіме дайындап, бірін-бірі жалғастыра отырып баяндайды. Мұнда Серік Қонақбаев, Бекзат Саттарханов,Дәулет Тұрлыханов, Илья Ильин, Бақыт Сәрсекбаев, Әлия Юсупова, Пеле, Марадонна т.б суреттерін қоюға болады.
Жас төреші ойынында үлестірме карталарда спорт ойындарының аттары беріледі. Мысалы: Баскетбол, волейбол, футбол, теннис, тоғызқұмалақ, қол добы т.б. Топ басшылары таңдап алып,қай спорт ойыны кездессе соның төрешісі қалай болатынын, есебін қалай жазатынын баяндайды. Қабырға газеттері мен ұранды сөздерді топтар тобының аты мен байланысты жасайды. Қорытындыда әрбір кезеңде қойылған ұпайлар қосылып, жеңімпаз топ анықталады.
Қорытынды бағалау парағы:
рс А Ә Б В Г Д Ж Қ
І топ
ІІ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоғары білікті спортшыларды жаттықтыру барысының инновациялық технологиялары
Ұлттық спорт пен ойындардың теориялық және педагогикалық негіздері
Дене тәрбиесін жүзеге асыру
Оқу-тәрбие процесінде балалардың жас ерекшеліктері және оны есепке алу
Қазақ ұлттық спорт ойындары негізінде дене тәрбиесі тиімділігін арттыру
ҚР дене тәрбиесі мен спорттың дамуын жоспарлау
Сыныптан тыс жұмыстарда жасөспірімдердің салауатты өмір салтын қалыптастыру негіздері
Оқу-тәрбие процесінде оқушылардың жас ерекшелігін ескерудің маңызын анықтау
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ
Болашақ дене мәдениеті мамандарының дене мәдениетін кәсіби қалыптастырудағы мәні
Пәндер