Жарысқа қатысудың әдіс-тәсілдерін жетілдіру ерекшеліктері
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І БӨЛІМ. ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУДЫҢ ӘДІС.ТӘСІЛДЕРІН ЖЕТІЛДІРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.1. Спорттағы бағдарлау мен іріктеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2. Спорттық жаттықтырудың негізгі ұғымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.3. Спорттық жаттығулардың қағидалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.4. Спорт жаттықтыруларының әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
ІІ БӨЛІМ. ЖАРЫС ЖАТТЫҒУЛАРЫН ОРЫНДАУДЫ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ МЕҢГЕРУ ҮРДІСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.1. Функционалды дайындық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.2. Техникалық және тактикалық дайындық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.3. Спорттық жаттықтыру үрдісін жоспарлау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.4. Спорттық жаттықтыру кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.5. Жаттықтыру үрдісін жоспарлау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
2.6. Балалардың спорт дайындығының ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28

КІРІСПЕ
Қазіргі уақытта спортсменнің жарыс алдыңдағы дайындығының мазмұны мен сипаты түбірімен өзгерген. Жарысты сәтті өткізу үшін физикалық және тактикалық дайындықтың жоғары деңгейде болуы жеткілікті емес. Қозғалыс, сенсомоторлы дағдылармен қоса интеллектуалды дағдылар және топтық әрекет дағдыларының маңыздылығы артуда.
Сондықтан жарыс алдындағы дайындықта әр түрлі психикалық процесстер мен қалыптар үлкен мәнге ие болуда. Сондай – ақ психихологиялық факторлар мен жарысқа қатысу үшін спортсменді психологиялық дайындаудың рөлі өсуде. Мұндай дайындықтың әдіс – тәсілдері өңдеу – спорт психологиясының негізгі қызметінің бірі. Бұл қызметті жүзеге асыру үшін мыналарды іске асыру қажет:
а жарыс жағдайында психика қызметінің заңдылықтарын зерттеу және жарыстық әрекеттің тұрақтылығы мен сенімділігін арттыратын әдістерді өндеу;
б жарыс алдындағы және жарыс жағдайында пайда болатын психикалық қалыпты зерттеу;
в психопрофилактиканы дамыту, спортсменді шынықтырудың психо-логиялық жолдарын, әдістерін және тәсілдерін қалыптастыру және психологиялық жарақатқа төзімділігін арттыру.
Спорт түрлері алуан, бірақ оның бәрі спорттық жарыстарда және жүйелік жаттығуларда қатысуды талап етеді. Спорттық жаттығулардың тиімді әдістерін өңдеу үшін біріншіден, спорттық әрекетке тән заңдылықтар мен ерекшеліктерді, екіншіден, осы әрекеттің субъектісі ретінде спортсмен тұлғасын зерттеу керек. Басқа ғылымдар сияқты спорт психологиясы спорттық әрекеттің маңызды жақтарына талдау береді және көптеген мәселелерін шешуге көмектеседі.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Ашмарин Б.А. Теория и методика физического вспитания / Под.ред. Б.М. Ашмарина. – М. 1990. -234с
2. Аулик И.В. Как определить тренированного спортсмена / И.В.Аулик. – М.:ФиС, 1977
3. Бернштейн Н.А. Физическая подготовка спортсменов.- М.: 1988-331с.
4. Вайцеховский С.М. Книга тренера / С.М. Вайцеховский. – М.: ФиС,1971. -312 с.
5. Годик Н.А. Контроль тренировочных и соревновательных нагрузок / Н.А.Годик. –М.: ФиС, 1980 -136 с.
6. Гужаловского А.А. Основы теории и методики физической культуры / Под общей ред.проф. А.А. Гужаловкского. – М.: ФиС, 1986.
7. Дүйсембин Қ. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы /Қ Дүйсембин,З Алиакбарова. –Алматы,2003.
8. Платонов В.Н. Подготовка квалифицированных спортсменов.- М.: Физкультура и спорт, 1986.-20с., ил.
9. Зациорский М.Я. Физические качества спорстмена / М.Я. Зациорский.- М.,1980. -200с
10. Ә.К. Әбділлаев Дене мәдениетінің ілімі және әдістемесі Түркістан, Тұран баспаханасы, 2007ж.-263б

ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІН ЖЕТІЛДІРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І БӨЛІМ. ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІН ЖЕТІЛДІРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.1. Спорттағы бағдарлау мен іріктеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2. Спорттық жаттықтырудың негізгі ұғымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.3. Спорттық жаттығулардың қағидалары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.4. Спорт жаттықтыруларының әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
ІІ БӨЛІМ. ЖАРЫС ЖАТТЫҒУЛАРЫН ОРЫНДАУДЫ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ МЕҢГЕРУ ҮРДІСІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.1. Функционалды дайындық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.2. Техникалық және тактикалық дайындық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.3. Спорттық жаттықтыру үрдісін жоспарлау ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .17
2.4. Спорттық жаттықтыру кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
2.5. Жаттықтыру үрдісін жоспарлау ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
2.6. Балалардың спорт дайындығының ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 24
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..28
КІРІСПЕ
Қазіргі уақытта спортсменнің жарыс алдыңдағы дайындығының мазмұны мен сипаты түбірімен өзгерген. Жарысты сәтті өткізу үшін физикалық және тактикалық дайындықтың жоғары деңгейде болуы жеткілікті емес. Қозғалыс, сенсомоторлы дағдылармен қоса интеллектуалды дағдылар және топтық әрекет дағдыларының маңыздылығы артуда.
Сондықтан жарыс алдындағы дайындықта әр түрлі психикалық процесстер мен қалыптар үлкен мәнге ие болуда. Сондай - ақ психихологиялық факторлар мен жарысқа қатысу үшін спортсменді психологиялық дайындаудың рөлі өсуде. Мұндай дайындықтың әдіс - тәсілдері өңдеу - спорт психологиясының негізгі қызметінің бірі. Бұл қызметті жүзеге асыру үшін мыналарды іске асыру қажет:
а жарыс жағдайында психика қызметінің заңдылықтарын зерттеу және жарыстық әрекеттің тұрақтылығы мен сенімділігін арттыратын әдістерді өндеу;
б жарыс алдындағы және жарыс жағдайында пайда болатын психикалық қалыпты зерттеу;
в психопрофилактиканы дамыту, спортсменді шынықтырудың психо-логиялық жолдарын, әдістерін және тәсілдерін қалыптастыру және психологиялық жарақатқа төзімділігін арттыру.
Спорт түрлері алуан, бірақ оның бәрі спорттық жарыстарда және жүйелік жаттығуларда қатысуды талап етеді. Спорттық жаттығулардың тиімді әдістерін өңдеу үшін біріншіден, спорттық әрекетке тән заңдылықтар мен ерекшеліктерді, екіншіден, осы әрекеттің субъектісі ретінде спортсмен тұлғасын зерттеу керек. Басқа ғылымдар сияқты спорт психологиясы спорттық әрекеттің маңызды жақтарына талдау береді және көптеген мәселелерін шешуге көмектеседі.
І БӨЛІМ. ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІН ЖЕТІЛДІРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1. Спорттағы бағдарлау мен іріктеу
Дене тәрбиесі мұғаліміне спорт дайындықтарының негізгі сипаттамасын, оның оқушылардың дене тәрбиесі жүйесіндегі орнын білуі, спорттық бағдарлау мен іріктеуге белсене қатысуы қажет. Спорт дайындықтары бірнеше бағыттарға бөлінеді.
1.Әрбір спорт түріне дарынды балаларды қызықтырып, тарта білу.
2.Спорттық жаттықтыру үрдісін ұйымдастыру.
3. Жарысқа қатысу.
Оқушылар спортқа жан-тәнімен берлуі қажет. Егер оқушы спорт түрін жақсы таңдай білсе және онымен бар ықылысымен айналысса, онда ол сөзсіз жоғары көрсеткіштерге қол жеткізеді.
Жаттығушылардың спорт секцияларында тұрақтамауы, оқу-тәрбие жұмысына кері әсерін тигізеді. Сондықтан оқушылардың спорт түрін таңдауына дене тәрбиесі мұғалімі мен жаттықтырушы бағыт сілтеп отыруы, бірігіп жұмыс істеуі қажет.
Спорттағы бағдарлау және іріктеу кезінде спорт түрінің талаптарына, баланың өз басының ерекшеліктеріне,қабілеттілігіне көңіл аударған жөн. Қабілеттілік-баланың өзі таңдап алған спорт түрінің қимыл, әрекеттерін тез және нәтижелі меңгере алуы және сол әрекеттердің оған ұнауы.
Спорттағы дарындылық дегеніміз-бала қабілеттілігінің, оның анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерімен үйлесуі. Сол арқылы спорт әрекеттерінің нәтижелі орындалуы. Баланың қабілеттілігін, қызығушылығын, ұмтылысын, спорт түрімен шұғылданғысы келуін ескеріп, сол спорт түріне бағыттау шараларын спорттағы бағдарлау дейміз. Оны бірнеше түрге бөлуге болады.
1.Үгіт, насихат, спорт түрлерінен мағлұматтар беру. Мектепте сабақ кезінде мұғалімнің баяндаулары, спорт туралы қабырға газеттері,стендтері,көрмелер,радио, теледидардан берілетін хабарлар, әдеби кітаптар оқу,спорт жарыстарын көру т.б.
2. Спорт туралы кеңес, әңгіме. Мектептің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі оқушымен ол жақсы көретін спорт түрі туралы әңгімелеседі, сұрақтарына жауап береді.
3.Оқушылардың спорт түрлеріне қабілеттілігін анықтау.
4. Оқушыларды қабілеттілігіне байланысты нәтижелі айналысуға болатын спорт түріне бағыттау.
Оқушының дарындылығын, спорттық көрсеткіштерін ескеріп нақтылы спорт түріне спорттық іріктеу дейміз. Спорттық көрсеткіштер: спорт түрлері жаттығуларының техникасын жақсы меңгере білуі,дене қуаты дайындығын сынақ жаттығуларынан жақсы көрсеткіштер көрсетуі, сол спорт түріне қажет дене қуаты қасиеттернің даму деңгейі т.с.с.
Жаттықтырушы дарынды балаларды іріктеп алып, оларды жоғарғы жетістіктерге жеткізуді жауапкершілігіне алады. Спорттағы іріктеу бірінші және екінші іріктеу деген екі кезеңге бөлінеді. Бірінші іріктеу-келешек спортшымен танысу,оны жан-жақты зерттеу. Ол мынандай әр түрлі іріктеу түрлерінен тұрады.
1. Қозғалыс қасиеттерін әр түрлі сынақтар арқылы бағалау.
2. Дене құрылысы ерешеліктерін көру,бағалау.
3. Психо-физиологиялық тексерулер (сұрақ қою әдісі)
4. Ата-аналарымен танысу.
Екінші іріктеу кезеніңде жас спортшының қабілеттілігі және бастапқы мамандану кезіндегі кемшіліктері анықталады. Іріктеу кезінде баланың морфологиялық ерекшеліктеріне назар аударған жөн (ағзаның құрылысы және дене мүшелері).
Спорт түрлері адамның морфологиясына әр түрлі талаптар қояды. Мысалы, найза, граната, диск лақтырушылардың ұзын бойлы, ауыр салмақты болуымен бірге, айналу амплитудасы мен ұшу жылдамдығы үшін қолдарының да ұзын болуы шарт. Жеңіл атлетикамен айналысушылардың аяқтарының ұзын болуы қажет т.с.с.
Жоғары спорттық көрсеткіштерге жету үшін суға жүзу спорт түрлеріндегі баланың алақаны мен табанының жалпақтығының өзінің бірталай әсері бар екен.
Баланың денесінің, дене мүшелерінің өсуін, келешекте қандай болуын болжап, бағдарлаудың да көп маңызы бар. Мысалы, баланың бойы 8-9 жас кезінде жанындағы балалардан биік болса, ол 18-19 жасқа дейін солай мүмкіндігі әлдеқайда көп.
Спорт түрін таңдау себептері. Ұл балаларда спорт арқылы дене қасиетін дамытуға,өзіне сенімділікке, мықты,күшті болуға ұмтылушылық байқалады. Қыз балалар әдемі қимыл мен мүсін сұлулығын жасауға ұмтылады. Балалардың спорт түрін таңдауына жалпылама үгіт, насихат көп әсер етеді. Сонымен қатар, ата-аналары да баласының қай спортқа бейім екендігін байқап, сол спорт түріне жазылуға ақыл кеңестерін бергені жөн. Жаттықтырушылар іріктеу мен бағдарлау кезінде көптеген, әр түрлі амалдар қолданады:
1. Жарыс. Бұл амал ресми және әртүрлі бәсеке түрінде өткізіледі.
2. Жаттықтыру. Спортшының қабілеттілігін жаттықтыру сабақтары кезінде бағалау.
3. Бақылау сынақтары.Жаттықтыру кезінде қолданылатын негізгі жаттығу түрлерінен сынақтар алу.
4. Адам ағзасын зерттеу. Баланың қабілеттілігін әр түрлі аппараттар арқылы тексеру.
1.2. Спорттық жаттықтырудың негізгі ұғымдары
Спорттық жаттықтыру дегеніміз қозғалыс ептілгі мен дағдысын қалыптастыруда,арнайы білім беруде, дене қуатын, психологиясын дамыту барысында жоғарғы спорттық көрсеткіштерге жетуге бағытталған дене тәрбиесінің арнайы педагогикалық үйрету және тәрбиелеу процесі.
Спорттық жаттықтырудың әсерін, нәтижесін,спортшы дайындығының деңгейін анықтағанда дайындалғандық, жаттыққандық және спорттық қалып деген ұғымдар қолданылады.
Жаттыққандық - дегеніміз - жүйелі дене тәрбиесі жаттығуларын жасау арқылы спортшы ағзасының берілген жаттықтырудың жүктемесіне қалыптасуы және оның жұмыс қабілеттілігі деңгейінің жоғарылауы.
Дайындалғандық - спортшының дене қуаты қасиеттерінің техникалық шеберлігінің,тактикалық және психологиялық дайындық деңгейлерінің жоғарғы деңгейге жетуі.
Дайындалғандық термині осы аталған дайындық жақтарының кез - келгеніне жеке арналуы мүмкін.
Спорттық қалып,спорттық бап - спортшының белгілі бір циклде спорттық жоғарғы нәтижелер көрсетуге дайын күйі.
Спорттық жаттықтыру амалдары.
Дене мәдениеті жүйесінің арнайы саласы болғандықтан спорт жаттықтыруларында өзіндік амалдар қолданылады. Ол амалдардың көлемі мен құрамы спорттық жаттықтыру міндеттеріне байланысты болады. Жаттықтырулардың негізгі амалдары дене тәрбиесі жаттығулары үш топқа бөлінеді:
I. Жарыс жаттығулары.
II. Арнайы дайындық жаттығулары.
III. Жалпы дайындық жаттығулары.
I. Жарыс кезінде орындалатын негізгі жаттығуларды жарыс жаттығулары дейміз. Барлық жарыс жаттығулары жарыс ережесіне сәйкес орындалуы керек.
II. Арнайы дайындық жаттығулары спортшыларды жарыс жаттығуларына дайындау үшін қолданылады. Ол 5 топқа бөлінеді:
1. Жақындататын жаттығулар - негізгі жаттығуларды меңгеруді жеңілдететін қимыл, әрекеттер.
2. Дайындық жаттығулары -негізгі жаттығуларды меңгеруге қажет дене қуаты қасиеттерін (күш,жылдамдық,төзімділік) дамытатын жаттығулар.
3. Жарыс жаттығуларының бір бөлшегі түрінде орындалатын жаттығулар. Мысалы, гимнастардың орындайтын жаттығуларының бөлшектері, жеңіл атлеттердің жүгіру қашықтықтарының бөлімдері.
4. Бейнелеу жаттығулары - жарыс жаттығуларын кеңістікте бейнелеу түрінде орындалатын жаттығулар (коньки жүгірушінің дөңгелекті конькимен жүгіруі)
5. Басқа спорт түрлерінің жаттығулары (акробатикадағы сальто жасауды, суға секірушінің қолдануы және т.б.)
III. Жалпы дайындық жаттығулары спорт жаттығуларына көп ұқсамайды, спортшының қимыл,қозғалыс қорын көбейтуге, жалпы жаттыққандығын жоғарлатуға арналады. Дайындық кезеңдеріне байланысты жалпы дайындық және арнайы дайындық жаттығуларының көлемі өзгеріп отырады.
1.3. Спорттық жаттығулардың қағидалары
Спорт жаттығуларының өзіндік ерекшелігі, өзіне тән қағидалаларын тудырады.
Саналық қағидалары- спортшының санасында жоғарғы спорттық шеберлікке жету мақсатын қалыптастыру.
Біртіндеушілік қағидалары- жүктемені жоғарғы деңгейге дейін біртіндеп өсіру.
Даралық қағидалары- спортшының талантына, жеке басы мүмкіндігіне, өзіндік жаттығу техникасын орындау ерекшелігіне байланысты жаттықтыру әдістемесінің өзгеруі.
Жүйелік қағидасы (немесе жаттықтыру процесінің үзіліссіздігі).
Спортшының ағзасын жаттықтырып, жақсы спорттық жетістіктерге жету үшін, спорттық жаттықтыру үрдісі бір жылға және көптеген жылдарға арналып құрастырлады.
Ғалымдар мен жаттықтырушылар кейінгі кездері жоғарғы дәрежелі спортшылардың жаттықтыру әдістемесіне көп көңіл бөлуде. Сонда жыл сайын жоғарғы дәрежелі спортшылардың жаттықтыру әдістемесі өзгеретіндігі, сол арқылы да олар өте жоғарғы көрсеткіштер көрсететіні анықталады.
Қазіргі әдістер аздаған өзгерістермен спорт саласында 20 жылдай қолданылып келеді. Осы әдіс өзінің мүмкіндіктерін пайдаланып болды деп айтуға болады.
Өйткені оның негізгі компоненті берілген уақыт негізгі үлкен жаттықтыру көлемі өз шегіне жетті. Сондықтан біз қазір ескі әдістің өзгеріп, жаңа әдістің пайда болу кезеңінде тұрмыз.
Спортшының өзінің энергиясын, күшін, керек уақытта жинақтап, бір мақсатқа пайдалануы үшін психологиялық дайындыққа көп көңіл аудару тиіс.
Циклдік қағидасы. Жүйелік және біртіндеушілік қағидалары жаттықтыру циклдерін құрғанда айқын білінеді.
Циклдік дегеніміз - белгілі бір уақыт ішіндегі жаттықтыру үрдісі бөлімдерінің аяқталған жиынтығы. Әрбір келесі циклде жаттықтыру кезіндегі жүктеме өсіп отырады. Циклдер: микроциклдер (апталық), мезоциклдер (айлық) және макроциклдер (жылдық) деп бөлінеді. Дене қуаты жүктемелері әр түрлі көлемде толқын түрінде өтеді.
Кіші толқындар- микроциклдегі жүктеме қозғалысының толқын түрінде өзгеру сипаты.
Орта толқындар- мезоцикл көлеміндегі жүктеме қозғалысының өзгеру сипаты.
Үлкен толқындар- макроцикл кезеңдеріндегі жүктеме қозғалыстарының өзгеру сипаты.
Жалпы және арнайы дайындықтардың бірігу қағидасы.
Спорт жаттықтыруының негізгі міндеті ағзасын жан-жақты дамыту болып табылады. Бұл процесс жалпы және арнайы дайындықтың өзара байланысуы арқылы орындалады.
Жалпы дайындық кезінде жоғарғы спорт көрсеткіштерін өсіруіне қажет түрлі дене қуаты қасиеттері дамытылады, кең көлемде қимыл, қозғалыс шеберлігі мен дағдылары игеріледі.
Арнайы дайындық кезеңінде таңдап алған спорт түріне керек дене қуаты қасиеттері дамытылады, қимыл шеберлігі жетілдіріледі.
Спортшылардың жалпы және арнайы дене қуаты дайындығы кезеңдерінде байланысты өзгертіліп отырылады.
Дайындық кезеңінде жалпы және арнайы дайындық көлемінің пайыздық арақатынасы 60-40 %, жарыс кезеңінде 20,30-80,70%, өтпелі кезеңде 80-20% болып өзгереді.
Бұл спорт түрлеріне, спортшылар квалификациясына байланысты. Жоғарғы дәрежелі спортшыларға арнайы дайындық көлемі бөлек беріледі.
1.4. Спорт жаттықтыруларының әдістері
Спорт жаттықтырулары дене тәрбиесі жүйесінің бір бөлігі болғандықтан оның барлық әдістеріне үйретудің әдістемелері қолданылады.
Негізінде спорт жаттығуларына дене қуаты қаситтерін, қозғалыс шеберлігін жоғарғы дәрежеде дамытуға бағытталған қатаң шектелген жаттығу әдістері қолданылады.
Олар : бір қалыпты орындау, қайталау, аралық орындау әдістері.
1. Ұзақ уақытта орындалатын бірқалыпты қайталау мен ауыспалы қайталау әдістерін циклдік спорт түрлерімен жаттығатын спортшыларды дайындауда қолданған жөн. Ол әдістер ұзақтығын, толассыздығымен және бірқалыптылығымен білінеді (төзімділік қасиетін дамытады).
2. Ауыспалы жаттығу әдістері-жаттығуды орындау қарқыны тез өзгеретін спорт ойындарында көп қолданылады.
3. Аралық қайталау және үдемелі жаттығу әдістері тынығу аралығының уақытын қысқарту және жүктемені көбейту арқылы ағзаның функционалдық мүмкіндіктерін дамытады.
Қозғалыс тәсілін жетілдіру үшін көрнекі көрсету және сөз қолдану әдістері жаттықтыру сабақтарында кең көлемде пайдаланылады.
Спорт жаттықтыруларында қазіргі кезде босаңсыту әдісі де өте көп қолданылады. Ол жоғары қарқындағы үлкен жүктемелерден кейін ағзаны тез қалпына келтіруге көмектеседі (монша,массаж, фармакологиялық дәрі-дәрмектер, музыка,гипноз,аутогендік жаттықтырулар т.б.).
Спорт жаттықтыруларының негізгі бөлімдері.
Спорт жаттықтырулары - дене қуаты дайындығы, техникалық, тактикалық, психологиялық және теориялық дайындықтар деген бөлімдерден құралады.
Дене қуаты дайындығы.
Спорттық жаттықтырудағы дене қуаты дайындығы спортшының ағзасының мүшелері мен жүйелерін нығайтуға, олардың қызметтік мүмкіншіліктерін жоғарлатуға , дене қуаты қасиеттерін дамытуға бағытталған.
Дене қуаты дайындығы жалпы және арнайы деп бөлінеді.
Арнайы дене қуаты дайындығы алдыңғы және негізгі арнайы дайындық деген екі бөлімге бөлінеді. Алдыңғы арнайы дайындық бөлімі негізгі бөлімге фундамент ретінде қаланса, негізгі бөлімі спорт түріне бағыттылған қимыл дайындығын кең мөлшерде қамтамасыз етуге қолданылады.
Жаттықтыру үрдісінің үлкен циклінде алдымен жалпы дене қуаты дайындығы жүргізіледі. Оның үстіне арнайы дайындық фундамент ретінде қаланады да, оның негізінде жоғарғы деңгейдегі қимыл-әрекеті, қасиеті дамытылады. Осы дайындықтар баспалдақ, саты ретінде орындалады. Төменгі саты неғұрлым мықты болса, келесі саты соғұрлым биік болады, келесі қозғалыс қасиеттерін де, сондайлық биік деңгейде дамытуға қол жеткізуге болады. Осы үш сатылы дайындық үрдісі шаңғышылардың, ескекшілердің, конькимен жүгірушілердің, велосипедшілердің, суда жүзушілердің жаттықтырулар циклдерінде анық көрінеді.
Ұзақ мерзімге төзімділікті керек ететін циклдік спорт түрлерінің жылдық жаттықтыруында осындай үш сатылық дайындық міндетті түрде орындалуы қажет. Дене қуаты дайындығы дене қуаты қасиеттерін дамыту арқылы орындалады.
ІІ БӨЛІМ. ЖАРЫС ЖАТТЫҒУЛАРЫН ОРЫНДАУДЫ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ МЕҢГЕРУ ҮРДІСІ
2.1. Функционалды дайындық
Жаттықтырушы технико-тактикалық біліктердің іске асуын қамтамасыздандыратын функционалды қасиеттердің тізімін толығымен білуі керек.
Функционалды көрсеткіштердің моделді матрицасы тек қана бағыттаушы ориентир ретінде қолданыла алады. Белгілі кестеде берілген функционалды көрсеткіштер, түрлі дәрежеде ми және физикалық әрекеттер жасау кезінде пайдаланады және де спорттық жаттығу кезінде түрлі дәрежеде жүктеледі.
Сенсомоторлық қасиеттер блогында пайдаланылатын терминдерді дифференциялау және белгіленген қабілеттер қолдану бірізділігін анықтау керек.
А) Координациялау-алдын ала бағдармаланған жағдайдағы өзара келісілген қимылдарға қабілеттілік (бастапқы кезенде игеріледі.)
Б) Жағдайды сенсомоторика- ақпаратты обьективті қабылдау және өзгеріп отыратын жағдайда оған адекватты координациялық қимылдарды ұйымдастыру қабілеттілігі (ептілік қасиетін анықтайды және координациялық дағдыларды игерген соң қаралады.) Алайда ептіліктің екі түрін ажырата білу керек.
1. Дене (Н.А.Бернштейн-кеуделік) негізінде, ол спорттық гимнастикада, акробатика және спорттық күресте қолданылады.
2. Заттық ептілік көркем гимнастикада, спорттық ойындарда және жекпе- жекте қолданылады.
В) Психомоторика- психо-стрессорлық жағдайда қимыл-қозғалыс білік пен дағдыларды (ептілік) іске асыру қабілеттілігі (психостресстерсіз, жағдайлы сенсомоториканың ауқымын игергеннен кейін үйретіледі.)
2.2. Техникалық және тактикалық дайындық
Техникалық дайындық дегеніміз - жарыс жаттығуларын орындауды жоғары деңгейде меңгеру үрдісі. Оның негізгі міндеті- спорт түріндегі негізгі қозғалысты шеберлікпен меңгеруге, дағдылану. Әрбір спорт түрлерінде жаттығу техникасы әр түрлі болып келеді. Мысалы: гимнастика, конькимен мәнерлеп сырғанау спорт түрлерінде жақсы техника қозғалыс әдемілігі және нақытылығымен бағаланады.
Төзімділікті керек ететін спорт түрлерінде техниканы жетілдіру қимыл, қозғалысты тиімді экономиялы түрде орындауға байланысты. Мысалы, жүгіру техникасын дұрыс, экономиялық орындауы. Зерттеулер нәтижесінде спортшының жүгіру қарқыны, адым ұзындығы және физиологиялық көрсеткіші оттегіні қолдану мүмкіншілігімен байланысты екені анықталған. Марафонды қашықтықтарға жүгірушінің дұрыс оттегі қолдануы жүгіру қарқыны 16 кмсағат, адым ұзындығы 150 см болғанда ғана тиімді болатыны ғылыми түрде дәлелденген. Осындай байланыс суға жүзу, конькимен, шаңғымен жүгіру спорттарында да кездеседі. Әрбір спорт түрлерінде жаттығуларды орындаған кезде эталондық орындау керек деген көзқарас қалыптасқан. Ол ең жақсы спортшының өз спорт түрінде негізгі жаттығуды орындауы. Ол кітапта жазылған, суретте, кино түсірулерде көрсетілген жаттығуды орындау түрі, техникасы жаттығуды үйренуге негіз болуы керек. Ал спортшыдан дәл осындай орындау керек деп талап еткен дұрыс болмайды. Спортшы сол көрсетілген жаттығуды орындау техникасын негізге алып, өз ерешеліктерін ескеріп жаттығуды орындау керек. Ол ерекшеліктер: дене құрылысы, дене қуаты дайындығы, физиологиялық,психикалық және т.б. қасиеттер.
Техникалық дайындық кезінде спортшылар мынандай талаптарды орындау керек:
1. Техника нәтижелілігі.
2. Тиімділігі
3. Тұрақтылығы
4. Бейімділігі
5. Экономиялығы
Тактикалық дайындық дегеніміз - жарыс кезіндегі жеңіске жету үшін пайдаланылатын әдіс, амалдарды, айла тәсілдерді қолдана білу өнері.
Тактикалық дайындық екі кезеңнен тұрады:
а) спорттық күресті жүргізу жолдарын өз мүмкіншілігіне, қарысластарының ерекшеліктеріне,жарыс жағдайларына байланысты жоспарлау.
ә) осы жоспарды спортшының жарыстағы мүмкіншілігіне байланысты амалдар мен жолдар арқылы іске асыру.
Тактикалық дайындықты дұрыс асыру үшін төмендегідей міндеттерді орындау керек.
1. Қазіргі кездегі өзі айналысып спорт түрінің тактикалық тәсілдер негізін оқу, үйрену,тиімді пайдалана білу.
2. Мықты спортшылардың тактикалық тәжірибесімен танысу.
3. Өтетін жарыстың ережелерін, шарттарын, қарсыластырының мүмкіншіліктерін зерттеу. (уақыты,жарыс өткізілетін орын т.б.)
4. Жарыстың тактикалық жоспарын жасау.
5. Тактикалық тәсілдерді,оларды орындау жолдарын тәжірибе жүзінде меңгеру.
6. Қарсыласына психологиялық басымдылық көрсете алу шеберлігін қалыптастыру, оны ыңғайсыз жағдайда жарысуға мәжбүр ету.
7. Өткен жарысты талдау, тиімді тактикалық әрекеттерді жетілдіру.
Тактикалық дайындық кезінде мынадай әр түрлі жолдар қолданылады: алдын ала жасалған тактикалық жоспарды жаттықтыру сабақтарында,жарыс жағдайына ұқсас жағдайларды қайталау,арнайы кітаптар оқу,әңгіме өткізу, бейне жазумен түсірілген жарыстарды көру, оны жан-жақты талдау. Спортшыға жарыс кезінде, жарыс жаттығуларын орындау кезінде кездесетін психологиялық қиындықтарды жеңуге тәрбиелейтін педагогикалық үрдісті психологиялық дайындық дейміз.
Психологиялық дайындық процесі екі бөлімнен тұрады:
1. Жалпы психологиялық дайындық. Ол спортшыны спортпен жүйелі түрде айналысуға, қиыншылықтарды жеңуге, еңбек ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz