Күрес тәсілдерін оқыту әдістемесі



ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І БӨЛІМ. КҮРЕСТІҢ ҰЛТТЫҚ ТҮРІ «ҚАЗАҚША КҮРЕС» ... ... ... ... ... .4
1.1. Күрестің даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2. Қазақ күресінің дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.3. Қазақ күрестің осы спорт түрінен мамандар дайындаудағы оқу пәні ретінде қалыптасу кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
ІІ БӨЛІМ. КҮРЕС ТӘСІЛДЕРІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ... ... ... ... ... ... .12
2.1. Күрес әдісінің негізгі ұғымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.2. Қазақ күресін үйретудің жаңа әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
2.3. Қазақ күресінің техникасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
Қазақстанда қазақ күресінің кең танымалдығы осы ұлттық спорт түрін сауықтыру мақсатында жаппай айналысуды дамыту үшін маңызды етеді. Қозғалу белсендігінің танымал түрлерін қолдану, көпшіліктің шұғылдануы үшін көптеген секциялар құру, әсіресе, адамның қозғалу белсендігі техникалық ілгерілеу, ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың даму мен білім беру жүйесі салдарынан әлсіреген қазіргі таңда өзектілігі зор. Гиподинамия қарқынды өсуі мен дене дамуы кезеңінде, яғни балалық және жасөспірімдік шақта адам денсаулығына айқын кері әсер етеді. Ағзаның тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің, нерв жүйесінің, тіреуіш-қозғалу аппаратының және т.б. қалыптасуы мен дамуы үдерісінде жинақталған кері құбылыстар мен бұзылулар гиподинамияның әсерінен болашақ ұрпақтың, яғни тұқым қуалауда көрініс тауып, адамның барлық кейінгі ғұмырында денсаулықтың нашарлауына жол береді [Я.С. Вайнбаум, 1993; А.А. Виру, 1991; Ө.Е. Бектұрғанов және т.б., 2006 және т.б.].
Қазақ күресінің кең танылуы, түрлі қолданбалы дағдыларды қалыптастырудағы білімдік тиімділігі, дене шынықтыруға енгізілуі, ерік-күші мен басқа да психологиялық сапаларын тәрбиелеу, денсаулықты нығайту тәсілінің сауықтыру тиімділігі мен жастардың дене тәрбиесі көп жағдайда осы күрес түрінің орта мектептегі дене шынықтыру пәні бойынша оқу және сыныптан тыс сабақтар бағдарламасына енгізілуіне ықпал етеді.
Казіргі жасөспірімдер мен жастардың ұлттық ойындарға қызығушылықтарын ескере отырып, орта мектептер мен колледждерде дене тәрбиесіне және сыныптан тыс қосымша сабақ кезінде тек бағдарламадағы жаттығуларды ғана емес, ұлттық спорт түрлері мен ойындарын оқу жоспарына енгізуге болады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Бектурганов О.Е., Донбаев А.Б., Камбаров Н.К., Агадилов А.Е. Техника, применяемая на соревнованиях по борьбе казах-курес // Ұлттық спорт пен ойындардың бүгінгісі мен болашағы: респ.ғыл.тәжір.конф.мат. (20-21 мамыр 2010 ж.). – Алматы: ҚазСТА, 2010. – 220-224 бб.
2. Донбаев А.Б., Саутов Р.Т. Национальные виды спорта в системе физического воспитания молодежи Казахстана // Ұлттық спорт пен ойындардың бүгінгісі мен болашағы: респ.ғыл.тәжір.конф.мат. (20-21 мамыр 2010 ж.). – Алматы: ҚазСТА, 2010. – 95-98 бб.
3. Курманалиев А.Т., Донбаев А.Б. Гигиенические требования к профилактике травматизма в зале борьбы // Вестник физической культуры. – 2010. – №2. – С. 80-82.
4. Дөңбаев Ә.Б. Қазақтың ұлттық жарыстары мен ойындары дене тәрбиесі мен спортты танымал етудің құралы ретінде // Дене тәрбиесі және еліміздің бәсекелестік мүмкіндігі: халық.ғылыми практ.конф.матер. (14-16 қазан 2010 ж.). – Алматы, 2010. – 204-206 бб.
5. Дөңбаев Ә.Б. Қазақ күресі жарысында алысу әдәстерін талдау // Дене тәрбиесі және еліміздің бәсекелестік мүмкіндігі: халық.ғылыми практ.конф.матер. (14-16 қазан 2010 ж.). – Алматы, 2010. – 207-209 бб.

Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
күрес тәсілдерін оқыту әдістемесі

ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І БӨЛІМ. КҮРЕСТІҢ ҰЛТТЫҚ ТҮРІ ҚАЗАҚША КҮРЕС ... ... ... ... ... .4
1.1. Күрестің даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2. Қазақ күресінің дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.3. Қазақ күрестің осы спорт түрінен мамандар дайындаудағы оқу пәні ретінде қалыптасу кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
іі бөлім. күрес тәсілдерін оқыту әдістемесі ... ... ... ... ... ... . 12
2.1. Күрес әдісінің негізгі ұғымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2.2. Қазақ күресін үйретудің жаңа әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
2.3. Қазақ күресінің техникасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..27

КІРІСПЕ

Қазақстанда қазақ күресінің кең танымалдығы осы ұлттық спорт түрін сауықтыру мақсатында жаппай айналысуды дамыту үшін маңызды етеді. Қозғалу белсендігінің танымал түрлерін қолдану, көпшіліктің шұғылдануы үшін көптеген секциялар құру, әсіресе, адамның қозғалу белсендігі техникалық ілгерілеу, ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың даму мен білім беру жүйесі салдарынан әлсіреген қазіргі таңда өзектілігі зор. Гиподинамия қарқынды өсуі мен дене дамуы кезеңінде, яғни балалық және жасөспірімдік шақта адам денсаулығына айқын кері әсер етеді. Ағзаның тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің, нерв жүйесінің, тіреуіш-қозғалу аппаратының және т.б. қалыптасуы мен дамуы үдерісінде жинақталған кері құбылыстар мен бұзылулар гиподинамияның әсерінен болашақ ұрпақтың, яғни тұқым қуалауда көрініс тауып, адамның барлық кейінгі ғұмырында денсаулықтың нашарлауына жол береді [Я.С. Вайнбаум, 1993; А.А. Виру, 1991; Ө.Е. Бектұрғанов және т.б., 2006 және т.б.].
Қазақ күресінің кең танылуы, түрлі қолданбалы дағдыларды қалыптастырудағы білімдік тиімділігі, дене шынықтыруға енгізілуі, ерік-күші мен басқа да психологиялық сапаларын тәрбиелеу, денсаулықты нығайту тәсілінің сауықтыру тиімділігі мен жастардың дене тәрбиесі көп жағдайда осы күрес түрінің орта мектептегі дене шынықтыру пәні бойынша оқу және сыныптан тыс сабақтар бағдарламасына енгізілуіне ықпал етеді.
Казіргі жасөспірімдер мен жастардың ұлттық ойындарға қызығушылықтарын ескере отырып, орта мектептер мен колледждерде дене тәрбиесіне және сыныптан тыс қосымша сабақ кезінде тек бағдарламадағы жаттығуларды ғана емес, ұлттық спорт түрлері мен ойындарын оқу жоспарына енгізуге болады.

І БӨЛІМ. КҮРЕСТІҢ ҰЛТТЫҚ ТҮРІ ҚАЗАҚША КҮРЕС
1.1. Күрестің даму тарихы

Күрестің ұлттық түрі қазақ күресінің даму тарихы қазақ халқының тамыры тереңнен тартылатын тарихымен тұтасып жатыр. Түрлі бас қосулар мен мереке тойлар спорттың осы түрінің сайысынсыз өткен емес. Күші басым түсіп, жеңіске жеткен балуандар халықтың төбесіне тұтар құрметті адамына айналған. Қазақтың ұлы батыры Қажымұқан есімі қазақ халқының тарихына ғана еніп қойған жоқ, сонымен бірге спортшылардың әлемдік элитасының қатарына кірді.
Қазақша күрес бойынша бірінші ірі жарыс 1938 жылы ауыл шаруашылығы аймақтары арасындағы спартакиада аясында өткен. Сол сәттен бастап жарыс дәстүрлі түрде республика қалаларында тұрақты өткізіліп келеді. Ірі Халықаралық турнирлер 1952 және 1975 жылдары Азия аймағы спортшыларының қатысуымен өткізілді. Ұлттық күрестің дамуы Қазақстан егемендік алғаннан кейін жаңа серпін алды. 1991 жылдан бастап республикалық чемпионаттар мен біріншіліктер жыл сайын өткізілетін болды.
2004 жылы Қазақтардың Берлиндегі Бүкіләлемдік Құрылтайында конференция болып, сонда Қазақша күрес күресі бойынша халықаралық федерация ұйымдастырылды. Федерацияның президенті -- Түкиев Серік Адамұлы.
2005 жылы Ресейде (Алтай өлкесі) Қазақша күрес күресі бойынша І Азия Чемпионаты өтті. 2005 жылы қарашада Астанада ҚР Президентінің жүлдесіне Қазақша күрес күресі бойынша ірі халықаралық турнир болды. Оған әлемнің 25 елінен 100-ден аса спортшы қатысты. Олардың қатарында Германия, Түркия, Голландия,Франция және басқалары бар. Биылғы жылдың шілдесінде Монғолияда Қазақша күрес күресі бойынша ІІ Азия Чемпионаты өтті.
2011 жылы тамызда қазақша күрестен Қазақстан біріншілігі болып өтті.
Бұл ойын адамның денесін ширатып, бұлшық еттерді қатайтады, төзімділікке, батылдылыққа, ептілікке, керек кезінде тез ойланып, әдіс таба білуге машықтандырады. Қазақша күрес күш жетілдіретін спорт. Сонымен қатар ол қорғанудың ұлттық өнері (Самбо). Қазақша күресте адам өзін еркін ұстап, өз бойындағы күшін, әдісін түгел пайдалана алады, мұнда шалу, жата тастау, арқалай тастау, қол байлап күресу, салмақпен басу, тіресу, ашадан алу, аяқтың басымен іліп тастау, жамбасқа алып иіре лақтыру, белінен қысып, тірсектен шалу сияқты әдістердің бәрін де қолдануға болады. Палуандар кілем үстінде; арнаулы жазық жерде, тегістегі қар үстінде белдесіп күресе береді. Ойынның ережесі бойынша қимыл үстінде адамға зақым келтіре күш жұмсауға, дөрекілік жасауға болмайды. Күрес бір жақтың талассыз жығылуымен және жауырыны жерге тигізілуімен аяқталады.
Күресетін палуандар жаңадан енгізілген ереже бойынша жасына қарай 3 топқа, салмағына қарай 8 категорияға бөлінеді. Күрес мерзімі ересектер үшін 10 минут, жас өспірімдер үшін 5 минут. Кейде жығылған адамды басып жатып, жауырынын жерге тигізу шарт емес. Бұл күрестің басты шарты -- күшін, әдісін асырып, талассыз жығу. Кейде жыққан адам жығылған адамның басынан аттап күш алу деген байырғы жеңіс белгісі жасалады. Қазақша күрес аудандың, облыстық, республикалық спартакиадалардың программаларына кіргізілген, спорттық командалары бар ресми түрде жұрт таныган өнер.
Спорттың бұл түрі - қай халықта да бар деуге болады. Олардың бәрі де бұл спорттың түрін жан-тәнімен сүйіп ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа, оны байытып жаңғырта келіп, бүгінгі күнге жеткізіп отыр. Әр халықта да өзіндік арнамен дамыған ұлттық күрес өнері бар.
Қазақша күрес өнерін сөз еткенде алдымен ауызға ілінетін мына бір есімді - Қажымұқанды білеміз. Кезінде әлемді аузына қаратқан аты аңызға айналған қазақтың сол алып ұлының өзі де алаш халқының төл өнерімен сусындап содан үйренері хақ. Ендеше бүгінгі өркенді өнеріміздің Қажымұқандарының да тұсауларын алаш қазақша күресі кесті. Өйткені қазақша күрес бүгінгі әлемдік ареналардағы күрес түрлерінің қай-қайсысына болмасын жақын да ұқсас.
Қазақ палуандарының қай-қайсысы болмасын ауылда ә дегеннен шаңдақта күресіп, күрес әліппесін қазақша күреспен ашқаны айқын.
Күрес әліппесі. Осыған орай тағы да бір шындық атойлап алдымыздан шығады. Болашақ әлем чемпиондары осы күрес әліппесін енді-енді парақтап ашып ауылда жүруі әбден мүмкін. Бірақ олардың өздігінен үйреніп талпынуы мүлде жеткіліксіз. Бұл қиындықтан құтылудың бір жолы - күрес өнерін үйренем деген жастарға таңдау курстары ашылып, өз пайдасын тигізеді. Сондықтан бұл таңдау курсы арқылы жастар күрес әлеміне жол ашылары сөзсіз.
Күрес - екі адамның белгілі бір уақыт аралығында белдесіп күш сынасуын күрес деп атайды. Күресте дайындығы мол, күшті әрі епті балуан жеңіске жетеді.
Күрес денені шынықтырады. Ол адамның қимыл - қозғалысын жетілдіреді. Күрестің бірнеше түрі бар.
Қазақ күресінің әдіс - тәсілдері.
а) Әдісті қолданушы қарсыласының оң жеңінен ұстап, оң қолмен белбеуден ұстап, жамбас әдісін қолданып құлату
б) Жеңнен омыраудан ұстап иықтан асыра тастау.
в) Желкеден жеңнен ұстап қырқа әдісін қолданып құлату.
г) Жеңнен, жағадан ұстап шалу әдісін қолданып құлату.
д) Жаға, жеңнен ұстап іштен шалып құлату әдісін қолдану.
е) Жеңнен белбеуден ұстап жаңға тастау әдісін қолдану.
1.2. Қазақ күресінің дамуы

Қазақша күрес әлемдегі ең тарихы терең спорт түрлерінің бірі ғой. Қазақтың ешбір ұлы тойы мен мерейлі мерекесі онсыз өтпеген. Сонау ықылым замандардан бері қазақ білекті азаматтарына қара күштің киесі дарыған жан деп қана қарамай, үлт қуаттылығын, ел қүдыретін танытар өнер иесі деп қадір тұтқан. Алайда осы өнеріміз күні кешеге дейін Қазақстан аумағынан аса алмады.
Кеңес тұсында да ол кеудесінен басылып тұрды. Бұл ретте оның ашылмай тұрған тағы бір тынысы бардай сезілетін. Содан еліміз егемендік алып, ел еңсесін көтере бастаған тұста, Штаттағы ұлттық командалар дирекциясын басқарып тұрған маған қазақ күресінің басы-қасында жүрген ағаларымыз қолқа салды. Осы күрестің қыр-сырын білетін Бауыржан Жаналин, Марат Жақитов, Диқанбай Биткөзов, Бақытжан Жаңбырбаев секілді ағаларымыз: Өзің қазақша күресті жақсы білесің, сосын барлық күрес түрлерін басқарып отырсың.
Демек, осы ұлттық спорт түрін жаңа биік деңгейге шығару қолыңнан келеді.
Елде экономика өрледі емес пе, енді рух та көтерілсін! деп ой тастады. Өзімді де осы ой мазалап жүрген болатын, сөйтіп, төлтума спортымызды тар шеңбер мен шекарадан асырып, әлемдік деңгейде шарықтатуға тэуекел жасап, бел будық. Бұл жолда, ең алдымен, оны сырттан таңылған, кірме ұғымдардан аршып алу қалсет еді. Ол кезде Кеңес тұсынан қазақ күресінде бір балл, екі балл деген сияқты орысша бағалау терминдері, сосын еркін күрестен алына салынған айла-тәсіл атаулары араласып жүрген, олардан арылу керек болды. Содан төрешілік бұйрықтарды, әдіс-айла атауларын, күрес тәсілдерін қайтадан қазақшалауға кірістік.
Мәселен, бір балл, екі балл дегеннің орнына қазақи қалыппен жамбас, бүк сияқты баға айту керектігін белгіледік. Анау жапондар мысалға, өз күрестерінде - дзюдода иппон, кока, юка деп бекіткен, орысың да, ағылшының да әрқайсысы өз тіліне тартпай, тілін бұрап, осылай жапонша атайды. Бізде де солай болуға тиіс. Мысалға, жапондар хаджиме! дейді, қазақша күресте біз баста! дедік. Сосын оларда -- иппон, ал бізде - таза жеңіс. Оның сыртында, біз тоқта!, жартылай жеңіс сияқты көптеген бұйрықтарды бекіттік. Қиын ештеңесі жоқ, қазір мұны бәрі үйреніп алды.
Күрестің ұлттық түрі қазақ күрестің даму тарихы қазақ халқының тамыры тереңнен тартылатын тарихымен тұтасып жатыр.
Түрлі бас қосулар мен мереке тойлар спорттың осы түрінің сайысынсыз өткен емес. Күші басым түсіп, жеңіске жеткен балуандар халықтың төбесіне тұтар құрметті адамына айналған. Қазақтың ұлы батыры Қажымұқан есімі қазақ халқының тарихына ғана еніп қойған жоқ, сонымен бірге спортшылардың әлемдік элитасының қатарына кірді.
Қазақ күресі бойынша бірінші ірі жарыс 1938 жылы ауыл шаруашылығы аймақтары арасындағы спартакиада аясында өткен. Сол сәттен бастап жарыс дәстүрлі түрде республика қалаларында тұрақты өткізіліп келеді.
Ірі Халықаралық турнирлер 1952 және 1975 жылдары Азия аймағы спортшыларының қатысуымен өткізілді. Ұлттық күрестің дамуы Қазақстан егемендік алғаннан кейін жаңа серпін алды. 1991 жылдан бастап республикалық чемпионаттар мен біріншіліктер жыл сайын өткізілетін болды.
2004 жылы Қазақтардың Берлиндегі Бүкіләлемдік Құрылтайында конференция болып, сонда Қазақ күресі бойынша халықаралық федерация ұйымдастырылды. Федерацияның президенті - Төкеев Серік Адамұлы.
2005 жылы Ресейде (Алтай өлкесі) Қазақ күресі бойынша І Азия Чемпионаты өтті. 2005 жылы қарашада Астанада ҚР Президентінің жүлдесіне Қазақ күресі күресі бойынша ірі халықаралық турнир болды. Оған әлемнің 25 елінен 100-дене аса спортшы қатысты. Олардың қатарында Германия, Түркия, Голландия, Франция және басқалары бар.
2006 жылы Алматы қаласында қазақ күресінен 1-ші әлем біріншілігі өткізілді, оған 36 мемлекеттің балуандары қатысты. Бұл жарыста Қазақстанның 4 балуаны әлем чемпионы атанды, атап айтсақ Бауыжан Тәліп, Мәди Құрымбаев,Бақтыбай Қисықов,Бейбіт Ыстыбаев.
2008 жылы Ресейдің Орск қаласында 2-ші әлем біріншілігі өткізілді, оған 42 мемлекеттің балуандары қатысып, Қазақстанның 4 балуаны алтын,2-і күміс медальмен оралды.
2010жылы Елордамыз Астана төрінде 3-ші әлем біріншілігі туын желбіретті, 46 мемлекеттен 300-ден астам балуандар қатысты. Қазақ балуандары бұл бәсекеде намысты қолдан бермей 5 алтын 1 күміс 1қола медаль иеленіп командалық есепте бірінші орынды алды.
2011 жылы 20-шы тамызда Қазақ барысы жүлдесі өткізілді,оған әр обылыстан 4 балуаннан , барлығы 64 балуан қатысып бас жүлдені сарапқа салды. Бұл сайыста 1-ші орынды Қызылордалық балуан Рысқұл Ұлан иеленіп 150 000 АҚШ долларын алды ,2-ші орынды Жамбыл обылысының балуаны Ыстыбаев Бейбіт иеленіп жүлдеге 30 000 АҚШ долларын алса, 3-ші орын Шығыс Қазақстандық Жоламанов Шалқарға бұйырды, тиісінше 10 000 АҚШ долларын алды.
2012 жылдың 15 қыркүйегіне Қазақ барысы жүлдесі сарапқа салынбақшы жалпы жүлде қоры 320 000 АҚШ долларын құрайды, мұндай үлкен сый тағайындау арқылы бүкіл әлемге қазақ күресін насихаттау.
1.3. Қазақ күрестің осы спорт түрінен мамандар дайындаудағы оқу пәні ретінде қалыптасу кезеңдері

1928 жылға дейін қазақ күресінің бірыңғай ережесі болған жоқ. Жарысқа түсетіндердің салмағыда ескерілмеді. Сондықтан палуандар жарысына көбінесе ірі, салмағы жоғары батырлар қатысады. Біріктіретін ереже болмағандықтан жарыс жергілікті жерде қабылдыңған немесе келсім шартқа сәйкестірілген ереже бойынша өткізіледі. Осы жылы қазақ күресіне тән бүкіл әдіс, тәсілдерін қамтыған бірыңғай ереже жарияланды [М. Болғамбаев, 1985].
М.Т. Тәнекеев [1973] бұл, 1928 жыл, өзін түрлі спорттық оқиғалармен танытқан деп жазған. Ұлттық спорт және классикалық спорт түрлерінен көптеген жарыстар өткізілген. Соған байланысты, Республикалық дене шынықтырудың жоғары кеңесі қазақ күресінің спорттық жарыстарына бірыңғай ереже бекітті.
XX ғасырдың 20-жылдарына дейiн қазақ күресте салмақ дәрежесi мен жас мөлшерiне қарай бөлу болмаған. Салмақ дәрежесiне және жас мөлшерiне қарай бөлiнiп күресу осы кезенде ене бастады деп жеткізеді Е. Әлімханов [2008].
Қүрес ережелері ел арасында ауызша тарап, оның негізгі шарттарын балуандар талассыз мойындаған, бірақ арасында бар айырмашылықтарын алдын ала өзара келісім бойынша белгілеп қабылдаған.
Қазақ халқының әр аймақта күресу тәртіптерінің айырмашылығын алысу киімінен де белгілеуге болады. Мысалы, зертеушілер [Қ.Р. Байдосов, 1987; Е. Әлімханов, 1996 және т.б.] қазіргі еркін күреске ұқсас кеуде жалаңаш белбеусіз күресу түрін, шапан киіп белбеу буынып күресу түрін, белбеуді жалаңаш кеудеге буынып күресу түрін, күртеше киіп күресу түрін және жалаң аяқ отырып (төрттағанда) күресу түрлеріне бөледі.
Қазақ күресінің даму кезеңдері бойынша кеңес дәуіріне тарихи жорыққа аттанатын болсақ, бұл күрес түрінен 1928 ж. [Е. Әлімханов, 2008] және 1936 ж. [Б.М. Доскараев, 2009] бірінші және үшінші Бүкілқазақстандық спартакиадаларында жарыстар өтті, ал 1938 жылы бірінші республикалық колхозшылар спартакиадасында жарыстар өтті [М. Болғамбаев, 1980 және т.б.].
Сайып келгенде, кеңестік Қазақстанда спорттық күрестің барлық халықаралық және олимпиадалық түрлері қазақ күресінен гөрі бірнеше он жылдыққа кешігіп, дами бастады (1 кесте).
Грек-рим (кәсіби француз) күресінің тек бір өкілі ғана 20, 30 және 40-шы жылдарда Қазақстан және Орта Азияның аумағында күшін, өз өнерін белсенді түрде көрсетті, ол Қажымұқан Мұңайтпасов. Бірақ, ең алдымен, қазақ күресі өкілі болғандықтан төрттағандық күрессіз, қарсыласының жауырнын тігізіп бірінші лақтырғанға дейін үстасуларға шыққан, грек-рим күресінен секцияларын ашпаған.

1кесте - Әлемде және Қазақстанда спорттық күрестің дамуы

Күрестің түрі
Әлемде дамуы
Олимпиадалық ойындарының бағдарламасында
Қазақстанда дамуы
грек-рим күресі (француз, классикалық күресі)
19 ғасырдың 90-шы жылдарында Францияда қатты дамыды және Европада таралды Ресейді қоса
Бірінші Олимпиададан 1896 ж. бастап
1940 ж. басы,
Федерацияның негізі 1946 ж. қаланған
еркін күресі
1904 ж. бастап АҚШ, Европада 20-30 жж.

1904 ж. бастап
1950 ж. басы,
Федерацияның негізі 1955 ж. қаланған
самбо
КСРО-да 1938 ж. мемлекеттік тұрғыда танылды, А.А. Харлампиев 1949 ж қолайлы спорттық нысанға айналдырды, 1966 ж. бастап күрестің халықаралық түрі болып есептеледі

енгізілмеген
1950 ж. басы
Федерацияның негізі 1955 ж. қаланған
дзюдо
1882-1884 жж. Жапон.,
1920-1933 жж. Кеңестік Ресей аумағында дамуы, бірақ тыйым салынды, дүниежүзілік бірінші біріншілік 1956 ж. өтті, КСРО-да 60 жылдары қайтадан дамыды
1959 ж. бастап,
XVIII жазғы Олимпиадалық ойындар 1964 ж. (Токио қ., Жапон.)
1960 ж. басы

Грек-рим күресінің халықаралық ережелері 1896 жылы қабылданып бірінші Олимпиядалық ойындарынан бастап бағдарламасына қірген. Ол грек-рим (франциялық) қүресі Европада қәсіптік қүрескерлердің өнерлерімен кең тарғандықтан болған. Бірақ, салмақ бойынша бөліп күресу 1906 жылдан басталған, сонда 1911 жылына дейін тек қана үш салмаққа бөліңген [Г.С. Туманян, 2006 және т.б.].
Балалық шағынан қазақтың ұлттық күресінен жекпе-жектерге жие қатысқан, ал 1904 ж. Петербургте И. Лебедев мектебіне қабылданған, онда 2 жыл оқыған Қажымұқан Мұңайтпасов кәсіби француз күресінің жарқын өкілі болып табылады. Ресей мен Европада өткізілген француз күресінен бірнеше кәсіби біріншілікті, сонымен қатар АҚШ-та еркін күрестен біріншілікте ұтты. 1927 жылы (Қазақ АКСР ОАК) оған спортқа сіңірген еңбегі үшін Қазақ халқының батыры құрметті атағын берді.
1970 жылы Қазақтың дене тәрбиелеу мәдениеті институтында алғашқы рет қазақ күресі мамандығы енгізілді, соған байланысты көптеген әдістемелік жұмыстар, қазақ күресі техникасы мен әдісінің жіктемесі, тәсілдерін үйрету әдістемесі, қазақ күресінен мамандар дайындау жөніндегі оқу құралдары, оқулықтар мен бағдарламалар шығарылды.
1971 жылы ҚазССР Спорткомитетінің қаулысы бойынша Қазақ ССР-нің спорт шебері атағы енгізіліп, қазақ күресі бойынша төсбелгі мен куәлік қоса тапсырылатын болады.
Қазақстандағы ұлттық спорт түрлерінің даму мәселелері ҚР-ның 1999 жылғы Дене шынықтыру және спорт туралы Заңында (2 б. 10 т.) Қазақстандағы халықтық ойындар мен ұлттық спорт түрлерін дамыту мәселелері ашылған.
90-шы жылдары жарыстардың ережелерін және киім нысанын жетілдіруге көп көңіл бөлінді, қазақ күресіне арналған киім нысанын спорттық күрестің басқа түрлерімен айырбастауға жол беруге болмайтыны атап өтілді.
Б.Жаңалин жасаған қазақ күрес жарыстарының ережесін 1993 жылы ҚР Туризм, дене тәрбиесі және спорт министрлігі бекітті. Киім нысаны жеңі қысқа кеудешеге өзгертілді, ал 1997 жылы нысандық киім мен жарыстардың ережелерін жетілдіру қорытындылары бойынша Е. Әлімханов кандидаттық диссертациясын қорғады.
Қазақстандағы ұлттық спорт түрлерін қаржыландыру мәселелері дене шынықтыру және спорттың белсенді түрлерімен шұғылдануға, салауатты өмір салтына, қозғалыс белсенділігі мен бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру шараларына республика тұрғындарын кеңінен тарту мен жұмылдыру тәсілі ретінде Қазақстан Республикасының 2007-2011 жылдарға арналған дене шынықтыру және спортты дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы бойынша қарастырылады.
Қазақстан жастарының осы спорт түрімен шұғылдануға деген құлшынысы қазақ күресінің едәуір дами түсуіне, спортшылар шеберлігінің қалыптасуына, жастардың қазақ күресімен бұқаралық сипатта шұғылдануына, халықаралық және олимпиадалық спорт күресі бойынша жоғары жетістіктерге жетуіне ықпал етеді.
Қазіргі кезде қазақ күресінің жеткен деңгейі - бірнеше елде тұрақты түрде дамып келе жатқан халықаралық спорт түрі болғандықтан, жүйелі түрде халықаралық жарыстар, континенттік және әлемдік жарыстарды ұйымдастыру мен өткізу талап етіледі. 2005 жылы Ресейде және 2006 жылы Моңғолияда қазақ күрес бойынша Азияның І және ІІ чемпионаттары өткізілді. 2007 жылы Азияның ІІІ чемпионатында Қазақстанда өткізілген (Сәтбаев қаласы) Моңғолияның, Қытайдың. Өзбекстанның, Тәжікстанның, Қырғызстанның, Түркіменстан, Ресей мен Қазақстан командалары қатысты. 2009 жылы қазақ күресі бойынша Қызылдорда қаласында (Қазақстан) өткен Азияның V чемпионатында бірінішілік үшін әлемнің 10 шақты елінен келген қазақ күресінің дәстүрлі қатысушылары - атап өткен командаларымен қоса Иран және Сирия командалары күш сынасты. Қазақ күресі бойынша әлем чемпионаттарында қатысқан командалардың саны тіптен көп. 2006 жылы Алматы қаласында өткен қазақ күресі бойынша біріншілікте әлемнің 42 спортшысы шайқасты. 2008 жылдың қарашасында Орскіде (Ресей) қазақтың ұлттық күресі бойынша ІІ әлем біріншілігі болып өтті, оған әлемнің 20 елінен ең мықты палуандар қатысты. 2010 жылдың қазанында Астана қаласында қазақ күресінен ІІІ әлем біріншілігі өтті (30-дан астам елінен палуандар қатысты).
Қазақ күрес бойынша жарыстардың ережелері күресті түргеп тұрып жүргізуге ғана мүмкіндік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ күресінің оқу пәні ретінде дамуы
Семинар сабақтарын өткізу формалары
СПОРТТЫҚ КҮРЕС БӨЛІМІНДЕ ҰЖЫМДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ОҚЫТУШЫ- ЖАТТЫҚТЫРУШЫНЫҢ РӨЛІ
Қазақ күрес спорт түрінің қалыптасу тарихы
Еркін күрес бойынша тактикалық дайындық әдістері
КҮШТЕР САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ КӘСІПТІК ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ ДАЯРЛАУДЫ ЖЕТІЛДІРУ КҮРЕСТІҢ РӨЛІ
Аяқпен жасайтын әдіс
Дидактикадағы оқыту технологиясының мәнің мен мазмұны
Дидактикадағы оқыту технологиясын, әдістері олардың бір-бірімен байланысы
Қазақ тілі әдістемесінің қалыптасу кезеңдері
Пәндер