Дене тәрбиесі қасиеттерін дамытуға арналған қимыл-қозғалыс ойындары



ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І БӨЛІМ. ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ҚАСИЕТТЕРІН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ҚИМЫЛ.ҚОЗҒАЛЫС ОЙЫНДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.1. Дене тәрбиесі дамуының тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2. Дене тәрбиесі қасиеттерін дамыту тәсілдері мен әдістерін қолданудың маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
ІІ БӨЛІМ. ҚИМЫЛ . ҚОЗҒАЛЫС ОЙЫНДАРЫ ЖӘНЕ СПОРТ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ӨЗДЕРІНЕ ТӘН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... ... ... ... ... ... ..15
2.1. Балаларда дене тәрбиесін қалыптастырудағы әдістемесі ... ... ... ... ... ... ...15
2.2. Қимыл . қозғалыстарға үйретудің физиологиялық заңдылықтары ... ... ..18
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
Ойын барысында бала мақсатқа жету үшін бар зейінін соған аударады. Ол ойын ережелеріне бағына отырып , қимыл – қозғалыс әрекеттерін арттыра түседі. Мысалы, сол үшін «Волк во рву» ойыны,балалар ұзындықта секіруді үйренгенде ғана, ойнатылады.
Қимыл – қозғалыс өзіндік спецификасы бар: ол балалардан белгілі бір белгілерге жылдам реакцияларын және ойын барысында өзгеріп отыратын жайттарға тез бейімделуді қажет етеді.
Ойын барысындағы әр түрлі ситуациялық жағдайлар қозғалыстар бағыттарының өзгеруіне, бұлшықеттеріне жүктеме түсуіне әкеледі. Мысалы, «Ловишки» ойында әрбір бала жүргізушінің әрекеттерін бақылайды. Жүргізуші жақындай бергенде, бала қарама –қарсы жаққа жүгіріп, жылдамдығын арттырады. Ол өзін қорғанышта екенін сезгенде жылдамдығын азайтады, ал жүргізуші қайта жақындаса, қайта жылдамдығын арттырып қашады.
Барлық қимыл – қозғалыс ойыны белгілі бір белгілер бар, яғни сол белгілер арқылы бір қимыл –қозғалысын өзгертеді.
Мұндай белсенді қимыл әрекет балаларда жүйке жүйесін жаттықтырды және қозу мен тежелу процесстерін бір қалыпта ұстай білуге, және де байқағыштықты, ойлау қабілетін, кеңістік бағдарлай білуге және тығырықтардан шыға білуге, батылдыққа, шапшаңдыққа үйретеді.
Сонымен қатар, төзімділікті дамыту үшін, жаттығуларды демалыстың қатаң мөлшерленген және алдын ала жоспарланып қойылатын интервалдарымен орындауды қарастырады. Аталған жағдайда демалыстың енжар болмауы өте маңызды. Демалыс ретінде жүруді, тыныс Алу жаттығуларын қолдану мақсатқа лайықты болып табылады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Қимыл қозғалыстарға үйрету. // Мектептегі дене шынықтыру №5 2010 жыл
2. Е.Қ. Уанбаев «Дене мәдениеті және спорттың теориясы мен әдістемесі» оқу құралы. Өскемен С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Баспасы 2006
3.Мұқышова М, Валеология. Денсаулық және өмірлік дағдылар.Алматы, № 3, 2009 – 6 б.
4.Дене тәрбиесі. Б Болатбек. Алматы: Атамұра,2004. 112 б.
5.Дене тәрбиесі. М. Тұрыскелдина. Алматы: Атамұра,2003. 112 б.
6.Қазақ энциклопедиясы. Алматы: Рауан, 2005.680 б.
7. Е.Сағындықов. Қазақтың ұлттық ойындары. - Алматы «Рауан»,1991.
8.С.Тайжанов, С.І.Қасымбекова. Қазақтың ұлттық ойындары.–Алматы, 2004
9. Э.Тлеуов, Ұ.Елшібаев.Валеология, дене тәрбиесі спорт –Алматы, № 3,
2002. – 41б.

Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ҚАСИЕТТЕРІН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫС ОЙЫНДАРЫ

ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І БӨЛІМ. ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ҚАСИЕТТЕРІН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫС ОЙЫНДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.1. Дене тәрбиесі дамуының тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2. Дене тәрбиесі қасиеттерін дамыту тәсілдері мен әдістерін қолданудың маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
ІІ БӨЛІМ. ҚИМЫЛ - ҚОЗҒАЛЫС ОЙЫНДАРЫ ЖӘНЕ СПОРТ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ӨЗДЕРІНЕ ТӘН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... ... ... ... ... .. ... 15
2.1. Балаларда дене тәрбиесін қалыптастырудағы әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ..15
2.2. Қимыл - қозғалыстарға үйретудің физиологиялық заңдылықтары ... ... ..18
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..27

КІРІСПЕ

Ойын барысында бала мақсатқа жету үшін бар зейінін соған аударады. Ол ойын ережелеріне бағына отырып , қимыл - қозғалыс әрекеттерін арттыра түседі. Мысалы, сол үшін Волк во рву ойыны,балалар ұзындықта секіруді үйренгенде ғана, ойнатылады.
Қимыл - қозғалыс өзіндік спецификасы бар: ол балалардан белгілі бір белгілерге жылдам реакцияларын және ойын барысында өзгеріп отыратын жайттарға тез бейімделуді қажет етеді.
Ойын барысындағы әр түрлі ситуациялық жағдайлар қозғалыстар бағыттарының өзгеруіне, бұлшықеттеріне жүктеме түсуіне әкеледі. Мысалы, Ловишки ойында әрбір бала жүргізушінің әрекеттерін бақылайды. Жүргізуші жақындай бергенде, бала қарама - қарсы жаққа жүгіріп, жылдамдығын арттырады. Ол өзін қорғанышта екенін сезгенде жылдамдығын азайтады, ал жүргізуші қайта жақындаса, қайта жылдамдығын арттырып қашады.
Барлық қимыл - қозғалыс ойыны белгілі бір белгілер бар, яғни сол белгілер арқылы бір қимыл - қозғалысын өзгертеді.
Мұндай белсенді қимыл әрекет балаларда жүйке жүйесін жаттықтырды және қозу мен тежелу процесстерін бір қалыпта ұстай білуге, және де байқағыштықты, ойлау қабілетін, кеңістік бағдарлай білуге және тығырықтардан шыға білуге, батылдыққа, шапшаңдыққа үйретеді.
Сонымен қатар, төзімділікті дамыту үшін, жаттығуларды демалыстың қатаң мөлшерленген және алдын ала жоспарланып қойылатын интервалдарымен орындауды қарастырады. Аталған жағдайда демалыстың енжар ​​болмауы өте маңызды. Демалыс ретінде жүруді, тыныс Алу жаттығуларын қолдану мақсатқа лайықты болып табылады.

І БӨЛІМ. ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ СПОРТ ТАРИХЫ
1.1. Дене тәрбиесі дамуының тарихы

Дене тәрбиесі дамуының тарихи тәжірибесі және адамның дене дамуын зерттеудің эксперименталды әдістері, дене қызметінің ой қызиетіне қатысын айқындау дене тәрбиесінен білім берудің өскелең ұрпаққа қатысты мақсаты мен мәнін айқындауда көптеген ғасырлар бойы жол берілген қараңғылық пен негіздікті жоюға көмектесті.
Дене тәрбиесінен білім берудің даму тарихындағы ғылыми кезең өзге тарихи кезеңдерден басқаша. Ең басты айырмашылықтары:
1) ақиқатты тексеріп, айқындау үшін сан алуан әдістерді қолдану;
2) тәрбиелеу мен үйретуде тұлғаның құқықтарын мойындау.
XVI жүзжылдықта дене тәрбиесі педагогика мен спортқа қатысты ғылыми ақиқатты жасау кезіңінде, осы шыңдықты іздеп табуға бел байлаған батыл ойшылдар, данышпан тұлғалар пайда болды. Бүгінгі білім биігінен қарағанда, олардың тәжірибелері оймен тану дәрежесінде болғанымен, адамға жоғарыдан берілетін терең, жұмбақ сырлы даналығы да жоқ емес.
Бұл ойшылдар мен ғалымдардың өзара тек олардың ішкі көңіл-күйлеріне ғана бағынған. Олар бір елден бір елге өз білімін, пәлсапалық ойларын, ғылыми ізденіс тәжірибелерін арақалап өте берген. Өмірі табиғи өліммен аяқталғандары сирек. Көптеген данышпан тұлғалардың есімдері, көрген азаптары мен еңбектері Помпонацийден Джордано бруноға дейін философия тарихынан, медицинадан және әдебиеттерде жазылған шығармаларда қалған.
Үш ойшыл Бэкон, Декарт және Спиноза ақиқаттармен зерттеулердің объективті әдістері жинағынан тұратын ғылым құрған. Бұл ғылымның әсері Исаак Ньютон мен Джон Локктың дүние тануында айқын із қалдырған. Тәрбие және дене тәрбиесінен білім беру саласында Джон Локк есімі ерекше маңызды.
Джон Локк 1632 жылдың Урингтон қаласында туылған. 14 жасқа дейін әкесінің тәрбиесінде болады. Классиккалық білімді Вестминстерская коллегиясында алды. Бұл жерде ол өз дене дамуына көп уақыт бөлді: доп, крокет ойнап, жұгірумен, ескек есумен айналысты. 1652 жылы Локк Оксфорд университетіне оқуға түсті. Бірақ 1683 жылы саяси себептер салдарынан университетті бітірмей, ол өз елінен кетіп, Голландияға қоныс аударуға мәжбүр болады.
1690 жылы ол Балаларды тәрбиелеу жөнінідегі ойлар деген педагогикалық шығармаласын басып шығарды. Мұнда ол тәрбиеленушінің жеке ерекшеліктерін зерттеп, білім беруді баланың қабілеттері және бейімділіктеріне орай бағыштау қажет деген негізгі ойын білдірді. Локктың пікірінше, жеке беімділіктер ойын кезінде айқынырақ ашылады және оны не мазалайтынын білу үшін, локк тәрбие процесінде кездойсоқтық пн өзімбілермендіктің болмауы тиіс, тәрбиенің барлық шаралары негізделуі керек деген пікір білдіреді.
Тәжірибе және бақылау кезінде Локк өте пайдалы кеңестер берді: балалр қыста да өте жылы киінбеуі керек, бас киімсіз, жаяу көп жүру, күнделікті мұздай сумен жуыну пайдалы.
Жан-Жак Руссо айтқан педаггикалық ойлар өз нәтижесін берді: Германияда филанторпиндер мектептері ашылды, онда тәрбиелеу жүйесі еі алдымен тәрбиеленушіге мейіріммен қарауға негізделген. Мұнда алғашқы мектеп Дессау қаласында 1774 жылдың 24 желтоқсанында ашылған.
Дене жаттығуларын оқыту Г. У. Фитқа тапсырылған еді. Ал ол Гутс- Мутспен бірге неміс гимнастикасының негізін қалаған.
Г. У. Фит 1763 жылдың 8 қаңтарында Гооксилде, Евердің Ангальт-Церь қожалығында туылған. Ол княздік жоғары мектебіне ұстаз болып 1786 жылы ьтағайындалған. 1799 жылы Дессаудағы барлық мектептердің директоры болды.
Өзінің гимнастикалық еңбектерінде Фит оқушылардың дене тәрбиесінен білім алуына зор мән беріп, жаттығулардың пайдасы мен әсерін негіздеген. Дене жатттығулардың мақсаты,- дейді Фит, -барлық қимылдарды жасау және адам ағзасындағы оның жетілуіне қызмет ететін күштерді іске қосу, сөйтіп өз денесін қалыптастыруға жұмылдыру.
Гутс-Мутс Фитпен тығыз бірлесе отырып, Шнепфенталь мектебі жағдайында неміс гимнастикасының негізін қалады.
Бәрінен бұрын- деп жазады Гутс-Мутс,- дене жаттығуларымен жоғары білім мекемелерінде, әсіресе біздің университеттерде танысыу тиіс. Себебі, оларды бітірген дінбасылары қала мен ауылдарға оқытушы ретінде жіберіледі. Басқа барлық қоғамдық топтарға гимнастика аса қажет, өйткені олардың денесі ең алдымен мемлекетке қызмет етуі керек. Бұл әсіресе жауынгерлерге қатысты. Жасөспірімдердің ептілігі мен шынығуын дамыту менің ұлттық тәрбие жоспарымның ең маңызды бөлігін құрайды.
Өз жүесінде Гутс-Мутс дене жаттығуларының білім берудегі мәнін арттыру үшін оларды топтаудың тектік әдісіне сүйенген. Бұл топтау мынадай ретте келеді:
1. Секірулер: бір орыннан (екпінсіз), жүгіріп келіп (10қадам).
2. Жүру мен жүгіру: гимнастикалық алым (минутына 50 адым); еселенген адым (10 адым); жүгіру жылдам адым (минутына 150 адым); жүгіру - жылдам, созылмалы, жыландап, тізбектеп, ұлулап, бұрыстылармен, өрге қарай (тауға).
3. Лақтыру: тастарды және тас шарларды лақтыру, тастарды төменнен құлаштап лақтыру; дискі, найза лақтыру.
4. Күрес: қарсыласты күрес орнынан ығыстыру; оны жерден көтеру; құлаштап жерге тастау ( осыған сәйкес, күрестің үш түрі ерекшеленген: жартылай шайқас, жеңіл шайқас, толық шайқас). Күрделі шайқас барлық үлгілерді біртұтас жиынтыққа біріктіру.
5. Өрмелеу: кедір-бұдыр сырықта, ағашта, жұмыр бөренеде, жіп сатыда, қанатта.
6. Тепе-теңдіктегі жаттығулар: бір аяқта және аяқ ұштарында тұру; жатқан ағашпен, жіңішке тақтай және қанат бойымен жылжу; ағаш аяқта жүру; конькиде жүгіру; параллель брустарда және әткеншекте жаттығу.
Бұған қоса жүру және жүзу жаттығулары.
П. Г. Клиас өзінің гимнастикасы бойынша- Гимнастиканың бастапқы негіздері немесе турнен өнері атты тұңғыш шығармасы басып шығарды. Кейінірек Клиасс гимнастикасы бойынша бірнеше кітап жазған, олар Франция, Англия, Швейцария елдерінде басып шығарылған.
Жүру, жүгіру, секіру, өрмелеу, күресу, жүзу жаттығуларынан басқа, Клиасс өзінің сабақ беру жүйесіне жаңа: үшбұрышты трапеция үстіндегі жаттығулар; қиғаш тартылған параллель қанаттардағы, жіп сатыдағы сияқты жаттығулар енгізді.
Клиас қолданылатын дене жаттығуларының шеңберін кеңейтті де, соның арқасында гимнастикалық білім тарату саласындағы оқытушы қызметінің аясын кеңейтті. 1807 жылдан бастап дене жаттығулары барлық корольдік кадет корпустарына, теңіз және артиллерия оқу орындарына, азаматтық мектептерге енгізілді.
Ал 1827жылдың басынан бастап дене жаттығуларымен 7 ден 15жасқа дейінгі ұлдардың барлығы айналысуы міндеттелді. 1813 жылы Нахтегаль дат үкіметінің алдында 1799 жылы-1830 жылдары аралығында гимнастиканың даму жағлайы жөнінде есеп берді. Есеп беру Даниядағы гимнастиканың 1799-1830 ж.ж. енгізілу сәтінен ілгерілуі деген тақырыппен жарық көрді.
Нахтегаль мынандай еңбектерін басып шығарды: Гимнастика әдістемесі мен лекцияларға алғыссөз, Халықтық және қалалық мектептерге арналған гимнастика оқулығы.
Германияда дене жаттығулары насихаттауд, осы жаттығулардың ұлттық ерекшеліктерін көрсетуде үлкен ықпал жасаған Фридрих Людвиг Ян болды.
Гимнастика дамуындағы Л. Янның ұлтшылдық ойлары осы нәннін теориялық негіздерін жасаудағы оның еңбегін еш кемітпейді. Ян әдісі бойынша жаттығулар бүкіл германияда таралды.
Неміс университетінде олар кенінен таралды. 1817 жылы көктемінде Ян дене жаттығуларының ұлттық рөлі жөнінде өзінің 21лекциясын оқыды. Дәл осы жылы Киль және Иен неміс университеттері дирекциялары оған құрметті доктор атағын берді.
Ян параллель брустарда жасалатын жаттығуларды мынадай жолмен жүйелейді:
а) тіреуіштегі жаттығулар;
б) сермеу жаттығулары;
в) ілініп тұрудағы жаттығулар;
г) өз денесін брустардан асыра тастау жаттығулары; көлденен сырықта жасалаиын жаттығуларды ол 6 топқа бөлді;
1) ілініп тұрудағы жаттығулар,
2) тіреуіштегі жаттығулар,
3) сырыққа сермеу;
4) сырықта отырған және жатқан қалыпта жасалатын жаттығулар;
5) күрделі жаттығулар;
6) сырықта айнала асыра тастаумен немесе аударылып түсумен орындалатын жаттығулар. Көлденең сырық үшін Ян 335-тей жаттығу ойлап тапқан. Немістік мектеп гимнастикасының негізін қалаушылардың бірі- Адольф Шписс.
Шписс жасөспірім шағында Оффенбах қаласындағы жекеменшік тәрбие мекемесінде оқыған. Сол кезде ол Гутс-Мутс және Янның дене жаттығулары жүйелерімен алғаш танысты. Шписс енгізген негізгі жаңалықтар оның Гимнастика жөніндегі ілім.
Еркін жаттығулардағы гимнастика;
Жалпы жаттығулардағы гимнастика;
Мектептерге арналған гимнастиканы үйрету құралы ретіндегі гимнастика бойынша кітап деген іргелі еңбектерінде сипатталған. Оларда ол өзінің негізгі ойын көрсеткен: мектептерде қолданылатын дене жаттығулары балалар денесінің дамуы ерекшеліктерін, жынысын және жасын ескеруі қажет. Аталмыш еңбектерде баяндалған оқытушы Шпис әдісі ұлдар үшін де , қыздар үшін де жаттығуларды олардың жасына қарай білуді қарастырады.
Бұл жерде Шписс дене жаттығуларын топтастырғанда барынша қарапайым етіп, мектеп талабына бейімдеген: алтыдан он жасқа дейін және оннан он алты жасқа дейінгілерге арналған жаттығуларды сипаттаған. Алтыдан он жасқа дейінгі балаларға төмендегідей оқу материалдары ұсынылған:
- реттік (саптық) және еркін жаттығулар; тепе теңдіктегі жаттығулар;
- тереңге секіру, сырықпен және текеден секірулер;
- тіреуіште және ілініп тұрып жасалатын жаттығулар;
- ауыр салмақты жылжыту, көтеру және тасу түріндегі жаттығулар: күрес, лақтырулар, жүзу және ойындар.
Оннан он алты жасқа дейінгі балаларға қиынырақ жаттығулар ұсынылған: саптық және еркін жаттығулардың күрделілеу формалары: билер, тепе-теңдіктегі жаттығулар, гантельдермен секіру, паралель брустарда, бөренеде және перекладинада орындалатын жаттығулар, ат және текеден секіру, сырықпен секірулер, нысанаға лақтыру, т.б.
Шписс нағыз эмпирик еді. Ол балалардың ойы мен денелерінің жетілуіне әсер ету үшін неғұрлым көп дағдыларды, тәжірибелерді жан-жақты игеру қажет деп есептеді.
Сондықтан жалпылама түсініктерді ө бетімен игеруге, жаттығуларды таңдаудың жалпы прициптерін, игеру әдістерін, орындау тәсілдерін тануға аз көңіл бөлді.
Дене тәрбиесін оқыту тарихының ғылыми кезеңінде орын алған тағы бір құбылыс-дене жаттығуларының швед әдісі немесе швед гимнастикасы еді. Оның негізін қалаушы-Генрих Линг(1776-1839ж. ж ).
Тәуелсіз, өткір мінезді бозбала Генрих Линг Вексода гимназияны тәмамдаған соң, бүкіл елді аралап Еуропаның көптеген қалаларында болды: Упсада, Стокгольмде бір көрініп, Берлин немесе Копенгагеннен бір шығып, 1797 жылдың 21 желтоқсанында Линг дін ілімі кандидаты дәрежесіне емтихан тапсырып, Стокгольмде үй оқытушысы болғаны белгілі; көп ұзамай ұстаздықты қойып Германия және Данияда саяхаттады; Франция мен Англияға да барды. Осы дүние кезу арасында ол әскери қызмет те атқарды.
Линг құрастырған швед гимнастикасы былай ерекшеленеді:
1) педагогикалық гимнастика (субъективті-белсенді);
2) әскери гимнастика (субъективті-пассив);
дәрігерлік (объективті-пассив);
3) дәрігерлік (объективті-белсенді).
Линг жүйесі бойынша дене жаттығулары сабақтары құрылымының қазіргі заманғыларға өте жақын екені П. Ф. Лесгафтың шығармасының мәтінінен көрінеді. Мысал үшін өзім қатысқан бір сабақты суреттеп берейін.
Бұл сабақты Яков әулиенің халақ мектебіне Зманн ханым жүргізді. 32 оқушы қыз болды.
Сабақ 45 минутқа созылды. Тек еркін қимылдарда және жүруде олар бірге жаттықты, ал барлық басқа жаттығуларда олар 6-9 оқушыдан 4 топқа бөлінді,-деп жазады Лесгафт.
1888 жылы П. Ф. Лесгафт өзінің Мектеп жасындағы балаларға дене тәрбиесі білімін беру бойынша құрал атты іргелі еңбегінің бірінші бөлімін, 1901 жылы екінші бөлімін жарыққа шығарды.
Лесгафт құрған бүкіл дене жаттығулар жүйесі балалармен жұмыс істегенде гимнастикалық мәселелермен қатар дене тәрбиесі білімін берудің маңызды мәселелерімен шешіп отыруды көздейді. Ол мұндай мәселелер өзіндік білім беру бағыты бар арнайы дене жаттығуларын үйрету жолымен шешіле алатынын меңзейді. Оқушының рухани өсуі, денесінің жетілуі факторлары ретінде дене жаттығулары шартты түрде былайша бөлінеді:
1) қарапайым жаттығулар;
2) күрделі жаттығулар;
3) үйлесімді жаттығулар;
4) жүйелі, кешенді жаттығулар.
П. Ф. Лесгафтың мектеп жасындағы балаларға дене тәрбиесінен білім беру бойынша құрал атты классикалық еңбегі - ғасырдың 60-жылдарындағы дене тәрбиесі мен білім беру ғылымының дамуында негізін қалаушы болып табылады.

1.2. Дене тәрбиесі қасиеттерін дамыту тәсілдері мен әдістерін қолданудың маңызы

Дене қасиеттерін тәрбиелеу тәсілдері мен әдістерін қолдануға дәстүрлі түрде келу, атап айтар болсақ сабақта дене қасиеттерінің мәдениеті жөніндегі типтік бағдарламаларды қолдану балалар организмінің функционалдық мүмкіндіктерін арттыру және негізгі қимыл-қозғалыс қасиеттерін тиімді дамыту үшін жеткілікті бола бермейді.
Осыған орай кіші жастағы мектеп оқушыларының дене қасиеттерін тәрбиелеу жөніндегі жаңа тиімді әдістемелерді жасап шығару және оқытудың тәсілдері мен әдістерінің оқушылардың дене шынықтыру сабақтарына деген қызығушылығын арттыруға, оларда оңды эмоциялық фон жасауға, сабақта қимыл-қозғалыс әрекетін белсенді етуге, қимыл-қозғалыс қасиеттерінің кешенді дамуына ықпал етуге, септігін тигізуге мүмкіндік беретін үйлесімін іздестіру мәселесі өзекті болып қалуда.
Төменгі сыныптарда төзімділікті дамытқан кездегі міндеттердің бірі дене қасиеттерін дамытудың міндетті бағдарламаларында меңгеру үшін қарастырылған, қимыл-қозғалыс әрекетінің әр түрлерінің негізінде жалпы аэробтық төзімділікті үнемі арттыру үшін жағдай жасаудан тұрады.
Балалармен шұғылданған кездегі бір сарындылық Пен шаблондылық мектеп оқушыларының жылдам қажып, болдыруына алып келеді. Сабақтарды одан да алуан түрлірек етіп құру, оларды жаңа да тартымды, балаларда оңды эмоциялар тудыратын қимылдармен толықтыру қажеттігі туындайды.
Төзімділікті дамыту өзіне жүгіру жаттығуларынан өзге дене шынықтыру бойынша мектеп бағдарламасымен қарастырылған өзге де тәсілдерді енгізуі тиіс; жаттығулар олардың шұғылданушылардың барлық бұлшық ЕТ топтарына әсерін ескере отырып іріктеп алынуға тиіс; бұлшық ет қызметіне кезекпе кезек қолдардың, аяқтардың және дененің бұлшық еттері қатыстырыла алатындай етіп, барлық жаттығуларды белгілі бір реттілікпен орындаған жөн.
Кіші жастағы мектеп оқушыларында төзімділікті дамытқан кезде алуан түрлі тәсілдер қолданылады: еркін қарқынмен жүру, қозғалу бағытын өзгерте отырып жүру, жылдам қарқынмен жүру, қиындатылған жағдайларда жүру, жеңілдетілген жағдайларда жүру.
Сонымен бірге әр түрлі ырғақта жүгіру қолданылады: баяу ырғақпен жүгіру, жүрумен үйлестіре отырып баяу жүгіру, қозғалыс бағытын өзгерте отырып жүгіру, орналастырылған заттар арасында жыланша ирелеңдеп жүгіру, үдей отырып жүгіру, үздіксіз ұзақ жүгіру.
Дене қасиеттерінің даярлығының төзімділік секілді құрамдас бөлігін дамыту үшін Энергия ресурстарын көп шығындаумен, қимылдарды жиі қайталаумен, ойын ережелерімен алдын ала белгіленген ұзаққа созылатын үздіксіз әрекетпен байланысты болып келетін ойындарды іріктеп алған мақсатқа лайықты, ақылға сыйымды болып келеді.
Организмдегі аэробтық процестерді жетілдіру үшін келесідей қозғалмалы ойындарды қолдану ұсынылады: Қарапайым салки, Құтқара отырып ойналатын салки, Қояндарды аулаушы, Тоннель, бұл ойындарда балаларға уақыт бойынша бес минутқа жуық жүгіре отырып, кең кеңістік бойынша қозғалу мүмкіндігі беріледі.
Күш түсірудің қарқындылығын арттыру үшін бірнеше жүргізушіні тағайындауға болады.
Төзімділікті төменгі мектеп жасында дамытуды дене қасиеттерін тәрбиелеу процесіне ұтымсыз қарау деп есептейтін авторлар, солай бола тұрса да, егер төзімділікті бастауыш сыныптарда дамытатын болсақ, мұны абайлап, адекватты әдістерді қолдана отырып жасау керектігін атап көрсетеді.
Мектеп оқушыларында төзімділікті дамытудың ең кең қолданылатын әдісі - бірқалыпты әдіс. Ол бірқалыпты жылдамдықпен жасалатын жұмыстың үздіксіз, ұзақ режимімен сипатталады. Бұл кезде жаттығулар максималды қарқындылықпен орындала алады. Төзімділікті дамытудың аталған
әдісін қолдана отырып, жаттығуды орындаудың уақыты мен қарқындылығын дәл мөлшерлеп отыру қажет - оқу жылының басында бұл параметрлер азырақ, оқу жылының соңында - арта түседі.
Айнымалы әдіс қозғалу жылдамдығын өзгерту арқылы, үздіксіз жаттығу барысында күш түсуді біртіндеп өзгертумен сипатталады. Төзімділікті дамытудың бұл әдісі төменгі мектеп жасындағы балалардың күш түсуді кезектестіру барысымен әуестеніп, белгіленген қашықтықты жүріп өтуді жеңілірек көтеретіндігімен ыңғайлы болып келеді.
Айналма жаттығу әдісі алуан түрлі бұлшық ЕТ топтарына және функциялық жүйелерге әсер ететін жаттығулардың орындалуын қарастырады. әсіресе аталған әдіс спорт залында өткізілетін сабақтар кезінде ыңғайлы.
Жаттығуларды жарысу түрінде орындаумен сипатталатын жарысу әдісі дене шынықтыру сабақтарындағы мотивациялық рольді орындайды.
Төзімділікті дамытудың ойындық әдісі баланың эмоциялық фоны жоғары деңгейде болып, бала өзінің организмінің шаршағандығы туралы ойларға көңіл бұрмаған кезінде дене жаттығуларын орындау балаға жеңіл түсетіндігімен тиімді болып келеді.
Жалпы төзімділіктің негізгі құрамдас бөліктері болып жұмысты энергетикалық қамтамасыз ету факторлары, функционалдық және биохимиялық экономизация, жеке бас-психикалық факторлар, сонымен бірге шұғылданушылардың жасы табылады.
Төзімділікті дамытуға бағытталған жүйелі сабақтар барысында организмнің жүрек-қан тамыры және тыныс алу жүйелерінің көрсеткіштерінің оңды қозғалыстары белгіленеді.
Төзімділікті дамытқан кезде циклдық жаттығулар ең кеңінен қолданылады. Бұл кезде ұсынылатын күш салуларға келесідей талаптарды ұстанған жөн: қол жетерлігі; жүйелілігі; біртіндеп жүргізілуі.
Төменгі мектеп жасындағы балаларда төзімділікті дамытудың тиімді әдістері болып: ойын және жарыс әдістері, сонымен қатар айнымалы әдістің алуан түрлі варианттары табылады.
Төзімділікті дамыту кезіндегі тәсілдер болып: қозғалмалы және спорттық ойындар, ұзақтығы әртүрлі және қарқындылығы мөлшерленіп отыратын жүгіру, шаңғы тебу табылады.
Жоғарыда тізіп көрсетілгендердің барлығы, дене шынықтыру сабақтарында алуан түрлі тәсілдер мен әдістерді анық жоспарлауды ескере отырып, төзімділікті төменгі мектеп жасынан бастап-ақ дамытудың маңыздылығын көрсетіп отыр. Сондықтан да біздің жұмысымыздың мақсаты дене шынықтыру сабақтарында 2-4 сынып оқушыларында төзімділікті
дамытудың тиімді әдістемесін жасап шығару болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің міндеттері
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесін дамытудың маңызы
Ұлттық ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі дене қасиеттерін қалыптастыру
Денсаулық сақтау технологияларының мақсаты мен оқу-үрдісіндегі маңызы туралы
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің ғылыми-теориялық негіздері
Дене тәрбиесі теориясының пәні
Дене тәрбиесінде ұлттық ойындарды пайдаланудың педагогикалық негіздері
Дене шынықтыру жүйесінің негіздері
Мектеп жасына дейінгі жастағы балалардың дене тәрбиесін ұйымдастыру жолдары
Дене шынықтыру құралдары
Пәндер