Ұлттық спорт түрлеріндегі ойын жаттығуларының маңызы
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І БӨЛІМ. ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНДЕГІ ОЙЫН ЖАТТЫҒУЛАРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1. Ұлттық спорт пен ойын жаттығуларының теориялық негізі ... ... ... ... ... ...4
1.2. Ұлттық спорт пен ойын жаттығуларының педагогикалық негізі ... ... ... ..12
ІІ БӨЛІМ. ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ СПОРТТЫҚ ОЙЫН САБАҚТАРЫНДА ҚОЛДАНУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.1. Дене тәрбиесіндегі қазақтың ұлттық ойындарының орны ... ... ... ... ... ... .17
2.2. Ғалымдардың қазақтың ұлттық қозғалыс ойындарын жіктеуі ... ... ... ... ..23
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28

Ойын жаттығулары, ойындардың ерекшеліктеріне байланысты орындалатын өзгерістері мен тәсілдері өзгеріп отыратын қимыл-қозғалыстар. Ойын жаттығулары адамдардың жас ерекшеліктеріне байланысты оңай игере алатындай қарапайым, түсінікті болуға тиісті. Жаттығуларлар жылдамдықты арттыруға, күшті қажет ететін ойындарда бұлшық еттердің мықтылығын, ал төзімділік қажет жағдайда шыдамдылықты арттыратын т.б. жаттығулар жасалады.
Қазақ халқының ұлттық ойыны болып табылатын қазақ күресі, ат спорты, тоғызқұмалақ, саятшылық түрлері қазір ұлттық ойын түрлерінен халықаралық жарыстар өтетін спорт түрлеріне айналды.
Енді осы ұлттық ойындардың спорт түрлеріне айналуына қандай алғышарттардың әсер ететіндігін қарастырамыз. Жалпы қандай да болмасын халық арасында таралған ойынның спорт түріне айналуы үшін төмендегідей жағдайлардың болуы қажет. Оларға:
- Спорттық ойын түрінің бекітілген ережесінің болуы;
- Мемлекеттік дәрежедегі спорттық мекеменің сол спорт түрін танып, жарыс күнтізбесіне енгізуі;
- Спорт түрін дамытуға арналған қоғамдар немесе федерацияның болуы.
Қазіргі замандағы ең үлкен және өзінің дүниежүзілік елдер арасында маңыздылығымен ерекшеленетін спорттық жарыстар қатарына Жазғы және Қысқы Олимпиадалық ойындар енеді. Осы олимпиадалық жарыстарды ойындар деп атау оның тарихының көнелігін көрсете отырып, олимпиада ойындары бағдарламасына енген спорт түрлерінің барлығының кезінде белгілі бір халықтың арасында болған ұлттық ойын түрі екендігін көруге болады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1.Мұқышова М, Валеология. Денсаулық және өмірлік дағдылар.Алматы, № 3,
2009 – 6 б.
2.Дене тәрбиесі. Б Болатбек. Алматы: Атамұра,2004. 112 б.
3.Дене тәрбиесі. М. Тұрыскелдина. Алматы: Атамұра,2003. 112 б.
4.Қазақ энциклопедиясы. Алматы: Рауан, 2005.680 б.
5. Е.Сағындықов. Қазақтың ұлттық ойындары. - Алматы «Рауан»,1991.
6.С.Тайжанов, С.І.Қасымбекова. Қазақтың ұлттық ойындары.–Алматы, 2004
7. Э.Тлеуов, Ұ.Елшібаев.Валеология, дене тәрбиесі спорт –Алматы, № 3,
2002. – 41б.

ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНДЕГІ ОЙЫН ЖАТТЫҒУЛАРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І БӨЛІМ. ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНДЕГІ ОЙЫН ЖАТТЫҒУЛАРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1. Ұлттық спорт пен ойын жаттығуларының теориялық негізі ... ... ... ... ... ...4
1.2. Ұлттық спорт пен ойын жаттығуларының педагогикалық негізі ... ... ... ..12
ІІ БӨЛІМ. ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ СПОРТТЫҚ ОЙЫН САБАҚТАРЫНДА ҚОЛДАНУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
2.1. Дене тәрбиесіндегі қазақтың ұлттық ойындарының орны ... ... ... ... ... ... .17
2.2. Ғалымдардың қазақтың ұлттық қозғалыс ойындарын жіктеуі ... ... ... ... ..23
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..28
КІРІСПЕ
Ойын жаттығулары, ойындардың ерекшеліктеріне байланысты орындалатын өзгерістері мен тәсілдері өзгеріп отыратын қимыл-қозғалыстар. Ойын жаттығулары адамдардың жас ерекшеліктеріне байланысты оңай игере алатындай қарапайым, түсінікті болуға тиісті. Жаттығуларлар жылдамдықты арттыруға, күшті қажет ететін ойындарда бұлшық еттердің мықтылығын, ал төзімділік қажет жағдайда шыдамдылықты арттыратын т.б. жаттығулар жасалады.
Қазақ халқының ұлттық ойыны болып табылатын қазақ күресі, ат спорты, тоғызқұмалақ, саятшылық түрлері қазір ұлттық ойын түрлерінен халықаралық жарыстар өтетін спорт түрлеріне айналды.
Енді осы ұлттық ойындардың спорт түрлеріне айналуына қандай алғышарттардың әсер ететіндігін қарастырамыз. Жалпы қандай да болмасын халық арасында таралған ойынның спорт түріне айналуы үшін төмендегідей жағдайлардың болуы қажет. Оларға:
Спорттық ойын түрінің бекітілген ережесінің болуы;
Мемлекеттік дәрежедегі спорттық мекеменің сол спорт түрін танып, жарыс күнтізбесіне енгізуі;
Спорт түрін дамытуға арналған қоғамдар немесе федерацияның болуы.
Қазіргі замандағы ең үлкен және өзінің дүниежүзілік елдер арасында маңыздылығымен ерекшеленетін спорттық жарыстар қатарына Жазғы және Қысқы Олимпиадалық ойындар енеді. Осы олимпиадалық жарыстарды ойындар деп атау оның тарихының көнелігін көрсете отырып, олимпиада ойындары бағдарламасына енген спорт түрлерінің барлығының кезінде белгілі бір халықтың арасында болған ұлттық ойын түрі екендігін көруге болады.
І БӨЛІМ. ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНДЕГІ ОЙЫН ЖАТТЫҒУЛАРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ
1.1. Ұлттық спорт пен ойын жаттығуларының теориялық негізі
Болашақ ұрпақ тәрбиелеуде оның ішінде дене тәрбиесі бағытында өзінің қолайлы тәрбие құралдардың бірі екендігін дәлелдеп келе жатқан ұлттық ойындар мен ұлттық спорт түрлері қазіргі егемен Қазақстан халқы үшін атқарылып жатқан істердің ішінде өзінің пайдалы жақтарымен көрінуде. Ұлттық ойындар мен спорт халықтың тарихи қалыптасқан салт-дәстүрлерін жеткізуші ретінде, ұлттық тілді дамытуда қажеттілігі, барлық жастағы адамдардың денесін шынықтыру істеріндегі пайдалылығы, салауатты өмір сүруді насихаттауы, спортшылар дайындау жағынан маңыздылығымен ерекшеленеді.
Қазақстан өзінің егемендігін алысымен тарих толқынында жоғалтқан, саяси- идеология салдарынан дамуына кедергілер келтірілген ұлттық мәдени мұраларымызды қайтару, қалпына келтіру жұмыстарын қолға алды.
Мемлекеттік Мәдени мұра бағдарламасы қабылданып, дер кезінде шет елдердегі, және отанымыздағы көптеген мәдени туындылар анықталынып, ел тарихына өлшеусіз пайдалы істер асырылуда.
Қазіргі ХХІ ғасырда жер бетіндегі адамдар денсаулығының нашарлауы, ауыру түрлерінің көбеюі, қоршаған табиғаттың ластануы күрделі проблема болуда. Осы келеңсіз жағдайларды болдырмау, алдын алу үшін көптеген дәрі-дәрмектер түрлері жасалынып, денсаулықты сақтаудың жолдары қарастырылуда. Осы шаралардың ішінде дене тәрбиесі арқылы денсаулықты сақтау, шынықтыруды ұлттық ойындар мен спортты қолдау арқылы іске асыру өзінің тиімділігімен ерекшеленуде.
Осы маңызды жұмыстарды іске асыру жолында Қазақстан мемлекеті тарапынан көптеген шаралар іске асуда. Қазақстан халқының салауатты өмір салтын қалыптастыру, денсаулығын сақтау жолында дене тәрбиесінің маңызы туралы Қазақстан -2030 Стратегиялық жоспарында, Қ.Р. Білім беру салаларында балалар мен жастарды дене тәрбиесі арқылы тәрбиелеу Концепциясында, Қ.Р. Дене шынықтыру және спорт Заңында, Қазақстан Республикасы туризм және спорт Министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарында, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында, республика халқын дене тәрбиесі және спорт арқылы салауатты өмір салтына тәрбиелеу, денсаулықтарын шынықтыру шаралары көрсетілген және осы құжаттарда ұлттық спорт түрлеріне де маңызды орын бөлінген.
Дүние жүзін мекендеген халықтардың ұлттық ойындарының белгілі бір мақсаты мен әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан өзіндік ерекшеліктер болады. Сондықтан да халық арасында қалыптасқан ойындар туралы деректер және құжаттар ғылыми тұрғыдан зерттеу мен талдауды қажет етеді.
Дәстүрлі ұлттық ойындардың тарихы, ел арасында тарауы, қоғамдағы рөлі, ұрпақты тәрбиелеудегі қажеттілігі сияқты тақырыптар төңірегінде отандық және шет ел ғалымдары көптеген ізденістер жасаған.
Дене тәрбиесі адамның денсаулығы мықты, күшті болуы үшін қолданылады, осыған орай Қазақ халқының қазақ болып аталуы да мықты, берік, жойқын, ауыспайтын деген мағананы білдіретіндігі туралы Сібір халықтары сөздерінде, Шайбанинамеде - қазақ өте қадірлі сөз, мықты, күшті, шабытты көрсетеді. Европа тілінде ондай ұғымды рыцарь деп атайды. Демек, қазақ сөзінің түбірі қаз - тұру, тік тұру, мықты, берік тұруды білдіреді. Кішкене балалар жүруге ұмтылып аяғын тәй-тәй басып келе жатқанда қазақтар қаз, қаз, қаз тұр деп тікесінен тік тұрғызады. Қаз -ға қосып айтылыатын "ақ сөзі - күшейтілген жалғау. Тоң-Алып (Афрасиабтың) қызының аты да жойқын күшті алып болуы үшін Қаз деп атағандығы туралы Махмуд Қашқари айтқан - деп жазады ғұлама ғалым Ә. Марғұлан.
Жоғарыдағы мысалдарды келтіре отырып, біз қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде адамдар денсаулығына және оның мықты, күшті болуына үлкен талап қойғандығын көреміз. Мұндай үлкен дәрежеде мән беру және оны іске асыру үшін халық арасында арнайы жаттығулар мен ойындар жүйесінің қалыптасуы қажет болды, яғни ұлттық ойындар мен арнайы жаттығулар осы талаптарды іске асырушы жүйе болып саналды. Сондықтан қазақ халқының арасында дене тәрбиесіне бағытталған арнайы жүйе болған деп айтуға толық дәлел бар.
Дене тәрбиесінде ұтымды тәрбие құралдардың бірі ретінде қолданылып келе жатқан ұлттық ойындар мен спорт түрлері қазіргі Егемен Қазақстан жағдайында өзінің жаңаша даму сатысына көтеріліп және өзінің бұқаралық спортты дамытуда негізгі күш екендігін дәлелдеп келеді.
Қазақстан халқы арасында ұлттық ойындар және спортпен шұғылдануға деген ынта күннен-күнге артып келе жатқандығын анкеталық сұрақ-жауап қорытындысы көрсетіп отыр. Сұрақ-жауапқа қатысқан адамдардың 80% ұлттық ойындармен, спортпен шұғылданудың пайдалы екендігін атап өтеді.
Оған себеп қазіргі кезде ұлттық ойындар арқылы дене тәрбиесімен шұғылдануға, халықтың тарихи қалыптасқан салт-дәстүрлерін білуге деген ұмтылысы, салауатты өмір сүруге бейімделуге деген дұрыс көзқарастың халық арасында артуымен түсіндіруге болады.
Қазақстан өзінің Егемендігін алысымен тарих толқынында жоғалтқан, саяси-идеология салдарынан дамуына кедергілер келтірілген ұлттық мәдени мұраларымызды қайтару, қалпына келтіру жұмыстарын қолға алуда. Осы жұмыстар аясына ұлттық ойындар мен спорт түрлері де кіреді.
Кеңестік дәуірдегі педагогикалық ғылым сол кездегі идеологиялық бағытты іске асырушы ретінде кіші, ұсақ халықтардың тарихы мен мәдениетін, әсіресе, халықтық дене тәрбиесін жас ұрпақ тәрбиесінде қолдануды шеттетуі болғандығын байқауға болады.
Ұлттық ойындар мен спорттың тарихын Кеңестік уақытта зерттеген ғалым М.Таникеев ...халықтық педагогика ұлттар арасында рухани байлықты сақтаушы ғана емес, ол әр кезде халқын сүюге, еңбек етуге, шындыққа жетуге шақырады деп, тәрбие жұмыстарындағы маңызды құрал екендігін көрсетеді.
Ғалым зерттеуші Б. Досқараев Историко - педагогические основы становление и развития системы физической культуры в Казахстане атты докторлық диссертациясында ...К сожалению, многие из физических упражнений древности оказались забытыми или им уделяется недостаточно внимания в наши дни деп қорытынды жасай келіп, ұлттық ойындар мен спорт түрлерін кеңінен насихаттауды қолға алу керектігін көрсетеді.
Кеңестік уақытта ұлттық тәрбие түрлері балабақшалардан бастап, мектептер мен жоғары оқу орындарының оқу тәрбие-бағдарламасынан орынсыз қысқартылды. Осының салдарынан көптеген ұлттық тәрбие түрлері ұмыт болды, тіпті көптеген ұлттар мен ұлыстар жойылып кетті.
Қазіргі заманда жер бетіндегі адамдар денсаулығының нашарлауы, қоршаған табиғаттың ластануы барлық елдерді алаңдатуда. Осы келеңсіз жағдайларды болдырмау, алдын алу мақсатында көптеген дәрі-дәрмектер түрлері жасалынып, денсаулықты сақтаудың әртүрлі жолдары қарастырылуда. Осы шаралардың ішінде денсаулықты дене тәрбиесі арқылы шынықтыру, әсіресе, ұлттық ойындарды қолдау арқылы іске асыру өзінің тиімділігімен ерекшеленуде.
Қазақтың ұлттық ойындары туралы көптеген деректер өз елімізде және шет елдерде зерттеліп ғылыми айналысқа енген жоқ. Тәрбие тұрғысынан ұлттық ойындар мен спорт өскелең ұрпақтың денесін шынықтырып, еңбекке баулуда қолайлы құрал екендігі ғасырлар бойы дәлелденіп келе жатса да, білім беру мен спорт саласында қолданылуы әлі де жеткіліксіз болып отыр.
Қазақстан бүгінгі күнге дейінгі ұлттық ойындар мен спорт түрлеріне арналып жүргізілген ғылыми зерттеулер төмендегідей бағыттарды қамтығандықтарын көруге болады. Оларға:
- ұлттық ойындар мен спорт түрлерінің даму тарихы;
- ұлттық ойындарды спорттық оқу - жаттығу жұмыстарында қолдану;
- ұлттық ойындарды патриоттық тәрбие жұмыстарында қолдану;
- ұлттық ойындарды балалардың, оқушылардың, студент жастардың дене шынықтыруында қолдану.
Мамандандырылған 13.00.04 - Дене тәрбиесi, спорттық жаттығулар, сауықтыру және бейiмдеу дене тәрбиесi теориясы мен әдiстемесi бағытындағы мамандандырылған ғылыми диссертациялық кеңесте барлығы 121 педагогика ғылымдарының кандидаты атағын алу үшін қорғалған диссертациялардың ішінде 10 жұмыс ұлттық ойындар мен спортқа арналған, оның ішінде 5-і қазақ тілінде, ал 17 барлық қорғалған докторлық диссертацияның ішінде М.Таникеевтің Теория и практика взаймовлияния национальных и интернациональных факторов в развитии физического развития и спорта в Казахстане және Б. Досқараевтың Историко - педагогические основы становление и развития системы физической культуры в Казахстане атты еңбектері бар. Қазақ тілінде докторлық дәрежеде қорғалған еңбектер жоқ.
Ұлттық ойындар мен спорттың тарихы оның дене тәрбиесіндегі атқаратын рөлі, ойындардың адамдардың достық қарым-қатынастарына жағымды әсері туралы Кеңес Одағында көптеген зерттеулер жүргізген М.Таникеев Игры в народной педагогике физического воспитания выполняет важную роль при освоении тех сфер воспитания где существующие профессиональные дисциплины не нашли себя деп ұлттық ойындардың сол кездегі қолданысы жағдайын анық көрсетеді.
М. Тәнекеев ұлттық спорт түрлерінің даму тарихын әлем халықтарының және олимпиадалық ойындардың даму барысымен байланыстыра отырып, адамзат тарихындағы ұлттық ойындардың халықтардың тұрмыс-тіршілігімен тығыз байланыста болғандығын тарихи тұрғыдан негіздеп көрсетеді. Ол өз зерттеулерінде тоғыз құмалақ, түйе жарыс, қыз қуу, көкпар, күміс алу, жаяу жарыс, жамбы ату, тағы да басқа ойындардың жастар арасындағы тәрбиелік рөлімен қоса, халықтар арасындағы достық қарым-қатынасты дамытуда атқаратын орны туралы да тұжырымдар жасайды.
Б.Доскараевтың педагогика ғылымдарының докторы дәрежесін алу үшін қорғаған Историко-педагогические основы становления и развития системы физической культуры в Казахстане атты еңбегінде Қазақстан жеріндегі ерте дәуірден бастап, қазіргі Қазақстанның Егеменді ел болған кезең аралығындағы дене тәрбиесінің даму тарихын зерттей келе, ұлттық спорттың дамуына байланысты қазіргі Қазақстан территориясында әр тарихи кезеңдерде өмір сүрген Гүндер, Сақтар, Құшандықтар, Түркілер сияқты үлкен бірлестіктер кезіндегі дене тәрбиесінің ерекшеліктеріне тоқтай келе, қазіргі кездегі ұлттық ойындар мен спорт түрлері туралы Қазақстан Егеменді ел болғаннан соң ұлттық спорт пен ойындарға деген құлшыныс арта түсті, студенттердің 70% ұлттық спорт түрлерімен шұғылданғысы келетіндіктерін көрсетті деп атап өтеді.
Көрнекті орыс ғалымы, географ, тарихшы А.И. Левшиннің қазақтар туралы жазған монографиясы Описание киргиз-казачьи или киргиз-кайсацких орд и степей деп аталады. Левшин қазақтар арасында өтетін ат жарыс, теңге алу, қыз қуу, балуан күресіне тоқталып, қазақ балаларының жастайынан қимыл-әрекет дағдысына қалыптасып еңбек ететіндігін айта келіп, ол қазақтардың шыдамды, мықты болып өсетінін суреттей келе: Халықтың өмірі үнемі мал бағумен, табиғатпен, таза ауада тіршілік етумен өмір өткізуі олардың дене бітімінің зор, күшті болып өсуіне себепкер болған. Сондықтан да олар ыстыққа, суыққа төзімді, көп жасайды, бас ауруы дегендер сирек кездеседі. Олардың көзі қырағы болып келеді. Алыстағы көрінген малдың түсін айнытпай дәл ажыратады. Атқа мініп жүруді балалары жастайынан үйренген. Олар үшін атқа шабу гимнастикалық жаттығудың бір түрі сияқты болып кеткен, - деп жазады.
Қазақ халқының өмірі жайында көптеген материалдар жинаған орыс ғалымдарының бірі И.С. Паллас өз зерттеулерінде қазақ халқының тыныс-тіршілігін бақылай келе ұлттық ойындарға сипаттама беріп, қазақ қоғамындағы аңға шығу мен аңшылықты суреттейді.
Ана тілін меңгерген адамның ұзақ мерзімге тіл ортасынан кету кезінде ұмытылу дәрежесін ойынмен салыстырғанда, ойынның адам жадында ұзақ әрі өзгеріссіз сақталатындағын көруге болады. Бұл жағдайдан төмендегідей қорытынды шығаруға болады, яғни адамның есінде қалу, жатталу дәрежесі ойын қимылы арқылы қосымша берілетін болса, ол соғұрлым ұзақ мерізімге созылып адам жадында көп сақталады.
Қазақтың ұлттық ойындарына мән беріп, оны жинақтап, топтап жарыққа шығарған ғалымы А. Диваев өзінің Игры киргизских детей атты еңбегінде автор тарихта алғаш рет қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырады: бірінші кішкентай балалар ойыны, екінші ересек балалар ойыны, үшінші жігіттер ойыны.
Қазақтың ұлттық ойындарының дамуы қазақ халқының жүріп өткен тарихи жолымен тығыз байланыста екендігі белгілі. Осы кезеңдерде біздің тарихымыз қазіргі зерттеулер бойынша кемінде бес мың жылды қамтиды деп жазады тарихшы Бейімбет Ирмуханов.
Қазақ даласында жыл сайын өткізілетін жәрмеңкелер орыс көпестері мен қазақ халқы арасындағы сауда қатынасын ғана дамытып қоймай, мәдени бағыттардың араласуына, осы жағдай ұлттық ойындар бойынша жарыс сайыстарының көптеп өткізілуіне себепкер болды.
Келесі қазақтардың ұлттық ойындарына тоқталған орыстың ғалымы А. Алекторовтың жазған О рождении и воспитании детей киргизов, о правилах и власти родителей еңбегін атауға болады.
Бұл ізденісінде ғалым көшпенді қазақтардың өмір сүру салтындағы баланың дүниеге келген сәтінен өсуінде ұлттық ойын мен қимыл-қозғалыс әрекетінің алатын орны мен дене мүшесінің қалыптасып дамуындағы халық ойындарының қажетті жақтарын ашады.
Абай Құнанбаев халық ойындарының балаларға беретін тәрбиелік мәнін жоғары бағалап халық дәстүрі мен салтын құрметтеп, ойы мен іс-әрекетін қалыптастыруда атқаратын қызметін жоғары бағалайды.
Ш. Уәлиханов халықтың салт-дәстүрлері мен діні, наным-сенімдерін зерттей отырып, қазақ мәдениетін өзбек, қырғыз, түрікмен, қарақалпақтардың өмір сүру әдісімен байланысты қарастырып, олардың бір-біріне тигізетін әсерін жан-жақты сөз еткен. Ол қай халықтың болмасын жалғыз өзіне ғана тән салт-дәстүрінің болмайтынын, шаруашылық кәсібі мен мәдени тұрмыс-тіршілігі аралас елдердің бір-біріне тигізер әсерінің сөзсіз болатынын дәлелдеген.
Этнограф М. Гуннер мен М. Рахимгуловтың Краткий сборник казахских народно-национальных видов спорта атты еңбектерінде социализмнің жетістіктері арқасында ұлттық мәдениет оның ішінде ұлттық ойындардың дамуына жол ашылды, қазіргі мәдени жетістіктердің барлығы ұлттық формада болғанымен, мазмұны социалистік болуы керек дей келе, қазақтың ұлттық ойындарын төмендегідей топтарға бөледі: 1-і жалпы ойындар, 2-і қарсыласу мен күресу сипатындағы ойындар, 3-і ашық алаңқайдағы ойындар, 4-і қыс мезгіліндегі ойындар, 5-ші демалыс ойындары, 6-ы ат үстіндегі ойындар, 7-і аттракциондық-көрініс ойындары деп бөледі. Осы еңбекте қазақ күресі, ат спорты, тоғызқұмалақ сияқты ойындарды өткізу ережелері берілген.
Қазақтың Тоғызқұмалақ ойынының суреті мен ойнау тәртібін қағаз бетіне түсірген этнограф Н. Пантусов өз еңбегінде бұл ойын өте көне және кім ойлап тапқаны белгісіз. Ол қазақтың үш ордасының барлығына тегіс тараған деп жазады.
Қазақтың ұлттық спорт пен ойындар түрлерін ғылыми тұрғыда зерттеу ХХ ғасырдың отызыншы жылдарынан кейін қолға алына бастады.
Дене тәрбиесі мен спорт саласына жергілікті ұлт өкілдерін тарту, мамандар даярлау мәселесінде 1930 жылдары ғалымдардың ұсынған теріс көзқарастары үлкен кедергі келтірді. Мысалы, ленинградттық ғалымдар Д.Ещен, А.Пустоваловтың Национальный вопрос в физкультурном движении атты еңбектерінде былай деп көрсетілген: О неспособности казахов заниматься спортом и достич высоких спортивных результатов из-за врожденной неполноценности их конституции дей келе теория коротких рычагов деген атпен белгілі қорытынды жасап, наука чужда и недоступна казахам деп тұжырымдайды.
Кеңес дәуірі жылдарында қазақтың ұлттық дәстүрлі халық ойындары күн тәртібіндегі өзекті мәселе болмағанына қарамастан, Қазақстан ғалымдарының бір тобы тақырып төңірегінде үлкен жұмыстар атқарды, ғылыми еңбектер жазды. Сол кезеңде дәстүрлі ұлттық ойындарды зерттеген авторлар қатарына М. Рахимгулов, М. Гуннер, М. Тәнекеев, Б. Төтенаев, М. Болғамбаев, Ә. Бүркітбаев, тағы да басқа ғалымдарды атауға болады.
1.2. Ұлттық спорт пен ойын жаттығуларының педагогикалық негізі
Халықтардың ғасырлар бойы ұрпақ тәрбиелеуде жинақтаған бай тәжірибесін халықтық педагогика деп атайды. Педагогикалық- энциклопедиялық сөздікте: Халық педагогикасы дегеніміз - ұлттар мен ұлыстардың әлденеше ғасырларға созылған ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттық әдет ғұрыптары мен дәстүрлерінің, мәдени ойлау процесінің эмпиристикалық негіздегі озық үлгілерінің жиынтығы. Халық педагогикасының негізгі түйіні - еңбек тәрбиесі және өндірістік білім, дағды, шеберліктерді жас ұрпақтың бойына дарытып, адамгершілік, имандылық рухында тәрбие беру деген анықтама берілген.
Осыған қосарымыз адамгершілік, имандылық деген сөздің алдына елін- жерін сүйетін патриот адамды тәрбиелеу деген сөзді енгізу қажет деп білеміз.
Қазақ халқының өзіне тән мәдени, рухани, әдеби дәстүрі, тарихы көптеген мыңжылдық уақыт аралығында қалыптасты. Шығыс мәдениетінде өзіндік үлкен орны бар Ұлы Даланы мекендеген түркі тектес халықтар бір тілде сөйлеп, әлем мәдениетінің қалыптасуына теңдесі жоқ үлес қосты.
Педагогика халықтың ұрпақ тәрбиелеудегі жинақтаған тағлымдарын ғылыми жүйеге келтіріп зерттейтін, оны өмірде қолданудың әдістемелік тәсілдерін теориялық және тәжірибелік тұрғыдан негіздейтін сала болып табылады.
Халықтық педагогиканың бір саласы-этнопедагогика. Ғылымда этностардың өмір сүру ұзақтығын 1200-1500 жыл деп мөлшерлейді. Тарих сахнасында этностардың бір-бірімен қосылып араласуы салдарынан бір этностардың жоғалуы кейбірінің жаңадан пайда болулары туралы мысалдар көптеп кездеседі. Бірақ бұл мерзім экономикалық, әлеуметтік, географиялық жағдайларға байланысты бірде ұзақ, бірде қысқа болуы мүмкін.
Қазақ халқының өзіне тән мәдени, рухани, әдеби дәстүрі тарихы көптеген мыңжылдық уақыт аралығында қалыптасты.
Шығыс мәдениетінде өзіндік үлкен орны бар Ұлы Даланы мекендеген түркі тектес халықтар бір тілде сөйлеп, әлем мәдениетінің қалыптасуына теңдесі жоқ үлес қосты.
Дене тәрбиесіне арналған жаттығулардың ішінде ең маңыздысы халық ойындары болып табылады. Ойындардың пайда болуын дене тәрбиесі тарихы алғашқы қауымдық құрылыс дәуірінен бастау алып, оның адамдар тұрмыс - тіршілігінде негізгі бір маңызды орны болғандығын дәлелдейді.
Қазақтың халықтық педагогикасының дамуын ғалым п.ғ.д., профессор С. Қалиев шартты түрде төмендегідей кезеңдерге бөледі:
бірінші дәуір: б.д.д. тас, қола замандары. Алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі тәрбие;
екінші дәуір: б.д.д. VII - III ғ.ғ. б.д.v ғ. дейін. Сақтар мен гундердің жауынгерлік тәрбиесі;
үшінші дәуір: VI-IX г.г. аралығы. Ұлы түрік қағанаты кезіндегі тәлім-тәрбие;
төртінші дәуір Х-ХV ғ.ғ. аралығы. Араб-шығыс мәдениеті, орта ғасыр ойшыл-дарының тәлімгерлік ой-пікірлері;
бесінші дәуір ХV-ХVIII ғ.ғ. аралығы. Қазақ хандығы кезіндегі ұлттық-тәлім. тәрбие көріністеріжыраулар поэзиясын-дағы тәлімдік ойлар;
алтыншы дәуір ХVIII ғ.-дан xx ғ.ғ. 20-ж. дейін. Қазақстанның рессейге қосылу кезіндегі ұлт -азаттық козғалысы мен ағартушылық - демократиялық бағыттағы тәлім-тәрбие;
жетінші дәуір 1920-1990 жж. Аралығы. Кеңестік дәуірдегі ғылыми педагогиканың қалыптасуы;
сегізінші дәуір 1991 ж. кейінгі егеменді ел. Тәуелсіз Қазақстандағы ұлттық тәлім-тәрбиенің өркен жаюы.
Жоғарыда айтқанымыздай, халықтық педагогиканың негізгі бір саласы дене тәрбиесі болып табылады, осы дене тәрбиесі педагогикасының көне бастауы ұлттық ойындардан бастау алады да, бала тәрбиесінен бастап, ел қорғауға қажетті адамдар тәрбиелеуге дейінгі маңызды жұмыстар осы халықтық дене тәрбиесі педагогикасының тәжірибелерінде жинақталған.
Педагогикалық теорияда ойындар түрлері, оның ішінде ұлттық ойындар баланың ақыл-ойының және денесінің дамуына қажетті негізгі қызмет түрі ретінде қарастырылады. Ойын балаға қажетті қозғалыс пен эмоциялық серпілісті қанағаттандыратын іс-әрекеттер туындатып, бала психикасының дамуына себепші болады.
Осы ғасырлар бойы жинақталған бай халықтық дене тәрбиесі, оның ішінде ұлттық ойындар тәжірибесі Қазақстан Егеменді ел болғанға дейінгі уақытта жүйелі түрде зерттеліп, этнопедагогиканың маңызды бір саласы ретінде танылмады. Дене тәрбиесіне байланысты жинақталған мол тәжірибелер мектепке дейінгі мекемелерде, орта мектеп, орта және жоғары оқу орындарында негізгі пәндердің бірі ретінде қарастырылып оқытылмады.
Кеңестік дәуірдің алғашқы жылдарында 1918 жылы Ташкент қаласында өткізілген Түркістан аймағының халыққа білім беру сьезінің маңызы үлкен болды. Осы сьезде халықтың жаппай сауатсыздығын жою мақсатында мұғалімдер даярлау, мектептер ашу мәселелері көтерілді. 1921 жылы Қазақ Орталық Атқару Комитеті жасы 16 мен 51 аралығындағы білімі бар адамдарды сауатсыздықты жою мәселесіне жұмылдыруға шақыру жұмыстары қолға алынды. 1921 жылы Түркістан аймағында төрт институт ашылды. 1921 жылдары 2410 бастауыш және орта мектептер болды, бірақ осы мектептердің көпшілігі 1922 жылдан бастап жабыла бастады. 1925 жылы өткізілген 5-ші Жалпықырғыздық сьездегі Халық ағарту комитетінің мәліметі бойынша осы кезеңдерде халық ағарту саласында айтарлықтай жетістіктер болмағандығын атай келе, оқыту тілі бойынша орыс тілінде -1183, қазақ тілінде-649, өзбек тілінде-33, неміс тілінде-24 болды деп деректер келтіреді К.Кунантаева [2006].
1924 жылдан бастап мектептерге дене шынықтыру сабағы енгізіле бастайды, бірақ мамандардың жетіспеуі салдарынан дене шынықтыру сабақтары өткізілмеді. Осы кезеңдерде Халық ағарту ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz